Жұмбақтар: Логикалық


Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?


2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?


Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.


Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?


Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?


Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?


Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада?


Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?


Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?


Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.


3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?


Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады?


А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00-ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен барып келген ұшақтың А қаласынан Б қаласына баруы немесе Б қаласынан А қаласына қайтуы қанша сағат?


Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма?


Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?


100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек