Жұмбақтар: Музыкалық аспап
Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген.
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген.
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.
Үрлесең бұлбұл.
Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан, Сылдырап әр буыны үнін қосқан. Он адам жолдас болып еңбек етсе, Аралап он екі үйге қонақ болған.
Ағаш , темір, қағаз, желім, Бұлардың басын қосқан көрдім жерін, Шырқырап неше түрлі ән салады, Ішіне толтырып ап барлық жемін.
Жансыздан боз шыққан боз арғымақ, Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ Ер ерттеп екі айылын тартып алып , Қамшыласа кетеді зулап-зулап, Мініп ап боз жорғаны күйге салдық. Он жігіт жол бойында қызмет етеді, Құбылтып неше түрлі әнге салып.
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, Азнаса көмейінде мал жылайды. Құйрығын қара жерге тіреп алып, Келеді баяғының әнін салып.
Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған.
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ, Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ. Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан, Қояды оны бұрап-бұрап. Бар екен маңдайында жалғыз көзі, Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Қос желі, үш жерінен қазығы бар, Құбылған қоңыр желден азығы бар. Желіні сабалайды дыңылдатып, Байғұстың соншама не жазығы бар.
Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ, Мойыны жануардың бунақ-бунақ, Айылын екі жерден мықтап тартып, Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап.
Бір отау сырты әсем, екі баулы, Он батыр босағада болған даулы. Ішінде қыз бен жігіт толған екен, Бәрі ақын көрінеді жез таңдайлы.
Келеді мына жатқан күймелі бай, Омырауы сары алтыннан түймелі бай. Екі шал, жеті жігіт ән салады, Затының кім екенін білмедім-ай.
Бойы бір тұтам, Сақалы қырық тұтам. Аузы ордай, Мұрны құрдай.
Қалдырмай емге етін, Қақтаған күн бетін Астында төмпештің, Атқарар міндетін.
Аузы оймақтай, Ерні етектей.
Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор, Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор. Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты, Оқыса үйренеді оқыған қол.
Денесі бар, аузы жоқ, Көмейінен сөйлейді, Бұл не деген тамаша. Өлең тартқан кернейі.
Мұрнында бар инесі, Бетінде бар түймесі. Аузын ашса сөйлейді, Табыңыздар не осы?
Қапасқа бір тотыны қойған байлап, Отырар қысы-жазы соны жайлап. Қасына тыңдаушылар жақын барса, Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап, Өзіне әр түрлі құс келіп тұрар, Сырты шұбар әдемі келген сұлу, Әңгіме күні-түні мәжіліс құру, Қаз мойын көмекейі сақылдайды, Жиын той көңілденген қызық-қызу.
Бір шұқып тұмсығымен амандасып, Айналып ахуалын көріп тұрар. Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап, Күйіне бар денесін толықтырар.
Жоқтан бар ғып сайратқан, Тыңдаған жан жай тапқан. Таңғажайып бір нәрсе, Үйдің ішін жайнатқан.
Жоқтан бар ғып сайратқан, Жылы тартып жайнатқан. Тұла бойы тұл жұмбақ, Елу үш құлын байлатқан.