Жұмбақтар: Жұмбақ өлеңдер


Жалғанда бір нәрсенің үш аузы бар,
Екі аузы тар, бір аузы адам жұтар.
Көз салып айналама қарап тұрсам,
Халайық адамзаттың бәрін де бар?


Адамға қызмет етіп тұр диірмен,
Тұрады ылғи зарлап бір бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік жіптері бар,
Тез тауып айтшы,кәне,кім иірген?


Дүниеде бір ғажайып қатқан сері,
Өзініңтоғай дейді жатқан жері.
Жануар ардан өлмей,аштан өлген,
Жігіттіңмұны тапқан кемеңгері?


Бар екен бір айдаһар білесіңбе,
Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.


Бір нәрсе дүниені шыр айналған,
Ит мінген,есек өңгерген,түйе айдаған.
Артында жетектеген ешкісі бар,
Еш адам мұны тауыпбіле алмаған.


Дүниеде бір кісі бар қалмақ бетті,
Болса да қалмақ бетті әділетті.
Алдыңа тапқыш болсаңсала айтайын,
Көріпті қатын алмай қырық перзентті.


Дүниеде бір жәндік бар үйретілген,
Мойнында жібекарқан сүйретілген.
Алдыңа тапқыш болсаңсала айтайын,
Қолға алсаңкөп жұмысты сол бітірген.


Алыстан көзді тартқан сұр тегене,
Кейде орта, кейде толы бір тегене.
Алдыңа ақын болсаң, сала айтайын,
Тауып көр, тапқыш болсаң,бұл немене?


Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ,
Басына қыстырғаны шиден таяқ.
Жалаңаш қойып тұтас өзге жерін,
Беліне ораныпты аямай-ақ.


Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,
Ол екеуін біледі дүние жүзі.
Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз,
Білінбейді жүргенде басқан ізі?


Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Барлық адам сүйсінер келбетіне.
Айдындағы сипамақ болсаңжүзін,
Бата түсер тереңге тербетіле.


Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанымен ізі жалғыз,
Сағатына талай жер қарыштайды.


Жұмбақтан шеше алсаңыз сөз бастайын,
Жаралған бір мақұлық-үлкен жайын.
Өзі обыр, басы жетеу, қолы он екі,
Отыздан саусағы бар қол бас сайын.


Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Отыздан әрбірінде бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.


Қысырақ жоғалады жазкетіп жырақ,
Көп жүрдім іздеп оны елден сұрап.
Тұр екен дарияның ортасында,
Жете алмай үйге қайттым босқа бірақ.


Бір көлге жиырма төре қонар үйрек,
Әр бірі айналдырсаң қалар сиреп.
Ішінде жалғыз туған біреуі бар,
Тұрады соның бәрін жалғыз билеп.


Бір дария ағып жатыр тартқан сымдай,
Ішінде бір асыл бар жалғыз қылдай.
Бәріне жиылған жан бірдей керек,
Жұмбақты осы сізге айтсам қалай.


Көше-көше ауылыкөше болар,
Ойынсыз-күлкісіз ел мешеу болар.
Ақын болсаң,сөзіме жауап берші,
Тоқсан иттің емшегі нешеу болар?


Әуеде алтын қазық жылыстаған,
Береді құдай қашан бейіс саған?
Ақын болсаң алдыңа сала айтайын
Мұхаммедтің сүйегін кім ұстаған?


Ерте оқимыз намазды,кеш оқимыз,
Әр күнде бұл намазды бес оқимыз.
Ақын болсаң жұмбағым шешіп берші,
Он екі айда намазды неше оқимыз?


Меккеде бір ағаш бұтақтары,
Үстінде отыз,отыз жапырақтары.
Жапырақтың асты ақтан,үсті шұбар,
Қыздардың мұны білмес ақымақтары.


Айт дегенде айтамын ақбар да ақбар,
Ақбар да ақбар ішінде алпыс қаз бар.
Он екі үйрек, қырық сегіз қазы бар-ды,
Ақын болсаң, құдаша, мұны тап та ал.


Ақырзаман болғанда ұрадыжел,
Мыңқарабас саулыққа бір қозы тел.
Мыңқарабас саулықты жалғыз еміп,
Қозы неге маңырайды, пәруадігер?


Айт дегенде айтамын айда болар,
Таңалдында Шолпан пайда болар.
Ақын болсаң жұмбағымды шешіп берші,
Ақ меруерт шыққан жері қайда болар?


Әуелден біреу жалғыз, біреу егіз,
Көзі жоқ көкіректе әслі сегіз.
Еш адам бұл жұмбақты тапқан емес,
Егер тапса ақылы бұл адамның ұшан-теңіз.


Отыз қой, бес жорғаменен түстім жолға,
Бір қылыш жалаңдаған алып қолға,
Қырық нарға қазына артып тара қойсаң,
Патшамыз не берер ет бізге сонда.


Басында бәйтеректің төрт бұтақ бар,
Төрт бұтақ бүрлесе егер көп бұтақтар.
Шешіп бер, ақын досым, жұмбағымды,
Төрт бұтақта қанша жапырақ бар?


Тізілген қалыңтаяқ бір озбайды,
Жел соқса нар түйедей ол озбайды.
Мойнынан арқан тағып, байлап қойсам,
Неліктен адамзатша сөз қозғайды.


Бір көл бар,жер де емес,көкте емес,
Ішіне ит түссе де адам емес.
Телміріп сырлы көлге қарай қалсам,
Жалт қарады бір адам өзім өңдес.


Қараңғыдан жарыққа кез келтірген,
Өңірге өмір гүлін өзі өндірген.
Шиден шырақ болғанда матор жалын,
Ғылым мен дүниені безендірген.


Бар екен бір өсімдік аты бүрлен,
Осыны баптап бағар сырын білген.
Етін жеп, қу сүйегін шаққым келді,
Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген.


Мен түсімде,құдаша суға түстім,
Алтын ерлі боз атты міне түстім.
Оң қолыма қаршыға қона түсті,
Меруерт моншақ алдына тола түсті.


Басында үш ұясы тағы да бар.
Үш бұтақ иесіне тұрар жылап,
Шынымен бізге қиын болады деп,
Егерде үстімізге кетсе құлап.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек