Жұмбақтар: Әбен Дүйсеков


Есек те емес, ат та емес,
Екеуіне жат та емес.


Түймесін бассаң,
Сәулесін шашқан.


Көк аланы көгенде көрдім.
Көгеннен қиып,
Жегенде көрдім.


Ғажап екен кіп-кішкентай сәнді үйі,
Ішінде ұйқтап жатыр балқып әлдиі.


Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе.


Жүреді мұхиттарда,
Балық деме.
Жаны бар,
Сияқты бір алып кеме.


Жарық қылып қос тоғайдың етегін,
Қос шырақ тұр,
Айтшы, ол не екенін?


Денесі суық,
Айнадай тұнық.
Су боп ағады,
Тұрса күн жылып.


Көл үстінде мың бұралып аунаған,
Ол не нәрсе айдаһардан аумаған?


Көзіңе көрінбейді,
Қолыңа ілінбейді.
Бірақ та құлағыңа
Ұдайы күбірлейді.


Шөлде құмды белуардан кешіп бір,
Марал мүйіз бір өсімдік өсіп тұр.


Жел болған соң жетегі,
Сайды мекен етеді.


Күндіз ешкім таппайды,
Түнде бірақ жатпайды.


Су ішіне өрмек құрдым,
Ала жаздай ермек қылдым.


Бала біткен біледі:
Имек, сүйір иегі,
Айдын мұзда жалтылдап,
Жүргенді көп сүйеді.


Жерде жүрер жөні жоқ,
Судан басқа жолы жоқ.


Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.


Керемет бір жануар бұл шынымен,
Қара жерді қопарар тұмсығымен.


Қайқы тұмсық, темір табан арғымақ.
Мініп алар қар үстінде әркім-ақ.


Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,
Жүру үшін біреу келіп сүйрейді.


Бір-бірімен қорап-үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.


«Естіртпе, – деп, – ине-жіптің күңкілін».
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек