Жұмбақтар: Нұрхан Жанаев


Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау – үй емес.
Бір орнында тұрғаны,
Не болады бұл, кәне?


Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті, не керек.
Қызықтырар көргенді,
Мұның аты...


Ыстық құйсаң, суымас,
Суық құйсаң, жылымас.
Бір құрал бар ыңғайлы,
Тұрмысыңа тым жайлы.


Ешкімде жоқ шатағы,
Жаздай тыныш жатады.
Қыста берер жылуын
Бұрқыратып шылымын.


Шыр көбелек биі бар
Су үстінде үйі бар.


Көктем, жазда басына
Сары қалпақ киеді.
Күзге қарай қалпағы
Қалқып ұшып жүреді.


Түрлі-түсті тағалар
Көкте ілулі, қарап ал.


Аспанда бос кеспегім күңгірлейді,
Шешуін, сәл ойланса, кім білмейді.


Жұмсаң – жұдырық,
Ашсаң – алақан.
Ыстықта, жауында
Серігің, балақан.


Қыс болса, құрып өрмегін,
Салады небір өрнегін.


Суда сайрандайды,
Құрғақта қайраңдайды.


Барсаң, аппақ боласың,
Бармасаң, сатпақ боласың.


Басында әйбат үкісі,
Үстінде сары күпісі.
Күзетеді көл бойын
Қалғып-мүлгіп бір кісі.


Жазда жасанады,
Қыста томсарады.


Ақ шатырлы бір қала
Суда жүзіп жүр дара.


Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.


Жесең, ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.


Көктемде келіп, күзде кетеді,
Жаздай бауда әндетеді.


Алдына барсаң, күлдіреді.
Кескін-кейпіңді бүлдіреді.


Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп, марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек