Жұмбақтар: Жақан Смақов


Алыстан көрдім көк белді,
Жарқырап жатқан көп көлді.
Жақындап едім жоқ болды.


Киіміммен суға түстім,
Бірақ әлі құрғақ үстім.


Теңізді шайқайды.
Егісті жайпайды.


Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады.


Ақ боз атым арынды,
Ақ көбікке малынды.
Тұяқпен тас атқылап,
Таудан түсті шапқылап.


Қақпаны тарс-тұрс жабады,
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы.


Аязда да қатпайды,
Шофер ағам мақтайды.


Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.


Күн күледі,
Жер түледі.


Қатпаршақты сақтадым,
Қатарлап ішін ақтардым,
Қарыннан май таппадым.


Аузынан шығып тозаңы,
Көкке мойнын созады.


Тас дейін десең, тас емес,
Онсыз асың ас емес.


Ол келсе, орман шулайды,
Толқып, теңіз тулайды.
Қуса, өзін қуады,
Ешкім оны қумайды.


От жақпай қазан қайнайды.


Аяғыңнан алады,
Көтеріп ерге салады.


Жолақ-жолақ, ала
Ат көрдің бе, бала?


Тасқа шығар көк,
Бірақ тамыры жоқ.


Ол күнді күзетеді.
Күн оны түзетеді.


Дауылға да теңселмейді,
Иілместен өлсем дейді.


Жазда жалғыз таңы ағарды,
Қыста киімінің бәрі ағарды.


Аспаннан жұлдыз түсті,
Жерге күндіз түсті.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек