Жұмбақтар: Қабдікәрім Ыдырысов


Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.


Қысы-жазы өзгермес,
Көрсең де күні-түнімен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.


Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен,
Озамын атты кісіден.


«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.


Ол жұмса көзін,
Ұйқтаймын өзім.


Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші.


Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.


Адымым менің атандай,
Басқан ізім бармақтай.


Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім.


Оймақтай ғана көлмін,
Сен де пайдамды көрдің.


Алысқа бармайды,
Соңымнан қалмайды.
Жапса бұлт көзін,
Таба алмай қаламын өзін.


Желбіреймін той күні,
Желбіреймін Май күні.
Құрметтімін жұртқа мен
Болса-дағы қай күні.


Ұшамын тойда қалықтап,
Қолың жетсе, алып бақ.
Қызыл-жасыл түсім бар,
Соңымнан, кәне ұшыңдар!


Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң, ғажайып
Соңында із қалады.


Дарияның ортасында екі жайын
Бірі кетсе бірі дайын.


Ауаға шықса ауырады,
Су ішінде сауығады.


Иесі алуан өнердің
Қолындамын шебердің.
Қисықты ұрып түзетем,
Шегені ұрып біз етем.


Жұмыссыз жоқ бір күнім,
Бұраң бел, сүйрік...


Үлпілдеген аппағым,
Өзім күтіп баптадым.
Күзде сыймай қапшыққа,
Айла-амал таппадым.


Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.


Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Қыс келсе, жұртты жылытып,
Үйді-үйге барамын.


Жұмыр темір өңеші бар,
Қырлы-қырлы денесі бар.
Түтіні жоқ, жылы – үйің,
Айтыңдар, бұл –қай бұйым?


Көк жалынын ойнатады,
Үндемей ас қайнатады.


Иектеп еденді,
Иреңдеп келеді.
Шаң менен тозаңды
Қылғыта береді.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек