Жұмбақтар: Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар


Сәбиге сәнді үй,
Әжеге ән-күй.


Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де,
Сәбилер біледі.


Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы.


Мамығы бар,
Құс емес.
Жазығы бар,
Тыс емес.


Ерні жырық —
Кішкене сырық.


Зыр қағады дөңгелеп,
Бас жағында қалпағы.
Белінде өспей әңгелек,
Басылмайды тарпаңы.


Әжемнің қалпақты таяғы,
Қолына алса жүгірер,
Шорланып белі бүгілер.


Шыр көбелек айналып,
Жүгіреді бір тынбай.
Беліне жіп байланып,
Шөмеле үйер құртымдай.


Әжем бұрымын,
Қазыққа кереді.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен переді.


Сұлап жатқан діңгегі бар,
Қатар тізген ілгегі бар.


Қос ілгекті орындық
Атқа мініп алады,
Адам оны орын ғып,
Емін-еркін шабады.


Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тігеді,
Атқа, асау тай үшін.


Жүргек атқа кісенді,
Салып едім, үзе алмай,
Қос аяқтап күшенді.


Байласаң бұйда мұртына,
Жын толтырған ұртына.
Асау көніп жетекке,
Жуасиды кілт тына.


Оны қақса сәйгүлік,
Таста жүрер асыр сап,
Ол жоқта жай жүріп,
Баса алмайды тосырқап.


Өзі сырық,
Басқан жері құдық.


Ұзын өзен,
Суы жоқ.


Мөлдіреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.


Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзімді — өзім мен мына,
Көре аламын ап-айқын.


Өзі тұрғанымен мелшиіп,
Жап-жалтыр жүзіне,
Кетеді ел сыйып.


Үскінің көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзеді,
Теп-тегіс түзенді.


Танауында арқаны,
Бір батып, бір шығып,
Алға қарай тартады.


Көзіне шуда тағады,
Бөлекті құрап,
Ұшы жылмаң қағады.


Шылбырын сүйрейді,
Жыртықты түйрейді.


Гүлдері бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киім киер оңтайлы.


Сегіз тарам қайыстан,
Өрімі бар бұзау тіс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.


Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседі бөп-бөлек.


Жалғыз аяқ, тілік ерін.
Тұмсығында найзасы бар.
Киімдерді тігіп керім,
Адамға көп пайдасы бар.


Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бір сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тік ұстап тұрар тақтайын.


Адамдардың киімін,
Ұстап тұрар иығым.


Кішкене тегештей,
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың беріші,
Ішінде шөл дәрісі.


Екі басы дөңгелек,
Екі ұшы сүйір,
Қиғанға үйір.


Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар көп апай.


Саусаққа киіп ем тобатай,
Инені жүгірттім оп-оңай.


Інді көп-ақ қазады,
Өзі шыға қашады.


Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін.


Артық кемді теңестірер,
Дәнді де өзі жемес бірер.


Өзі өтпейді,
Ал, өтпесті өткізеді.


Бір қора дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.


Жаңалықты
Үн-түнсіз таратады,
Барша жұртты
Бір өзіне қаратады.


Қашық жердің сәлемін,
Тез-ақ алып келемін.


Ұшып түсер күн бітсе,
Жоғалады жыл бітсе.


Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.


Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі,
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.


Таспадай қағазға тізіп,
Жазатын әріптері
Шұрық тесік,
Нүкте мен сызық.


Сырты құдды алмұрт,
Қояды іліп төбеге,
Оған құмар бар жұрт,
Ол сонда немене?


Бассаң түймесін,
Шашады сәулесін.


Тысы жылтыр,
Іші жарқыл.


Терезенің тесігі,
Таза ауаның есігі.
Көгілдір түсі бар,
Тас балқытар күші бар.


Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің.
Өз көзіммен көремін.




Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек