сот - сараптама - жүргізу - қылмыстық - өзге - сондай - сарапшы


 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
             К.ШӘКӘРІМ  атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


                         ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ


                             «ЗАҢТАНУ»КАФЕДРАСЫ






                             ҚР СОТ САРАПТАМАСЫ
                              Пәнінен ДӘРІСТЕР




                                 Аға оқутышы
                                           УСЕРБАЕВ МУСА УСЕРБАЕВИЧ




                                СЕМЕЙ, 2013ж




                                Ж алпы бөлім


   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ МЕН ЖҮРГІЗУДІҢ
                  ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
    1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
    1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
    1.3 Сот сараптамасының обьектілері
    1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер


    2 Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу
    2.1  Сот-сарапшылық  зерттеу  әдістері  мен  әдістемелерінің  түсінігі,
   оларды қалыптастыру
    2.2 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
    2.3 Сот-срапшылық технология түсінігі.Комьютерлік технология құралдарын
   сот сарапшылық зерттеулерде пайдалану
    2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу
    2.5 Сот сараптамасының даму бағыты
    2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу


    3 Сот сарапшысы
    3.1 Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында  сот  сраптамасын
жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
    3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
    3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері


    4 Қылмыстық процесте сот  сараптамасын тағайындау, жүргізуді
ұйымдастыру, зерттеу
    4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері
    4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
    4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары
    4.4 Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу


    5 Қылмыстық іс бойынша сарапшы қорытындысын бағалаудың іс жүргізу
аспектілері
    5.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысы –
жалпы сипаттамасы
    5.2 Қылмыстық процесті жүргізу органның сарапшы қорытындысын бағалауы
    5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы
қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалаудың ерекшеліктері
    5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау
салдарлары
    5.5 Сарапшыдан жауап алу
    5.6 Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәге сарапшы
қорытындысын көрсету


    6 Қазақстан Республикасының азаматтық және әкімшілік ісіндегі арнаулы
білім беру институты
    6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану
    6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы
    6.3 Әкімшілік процесте арнаулы білімдерді пайдалану


    7  Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру
    7.1  Сот сараптамасының мәселелері
    7.2 Сот сараптамасының принциптері
    7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары
    7.4 Сот-сраптама қызметін кадрлық қамтамассыз ету
    7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-
тезхникалық және қаржылық қамтамассыз ету
    7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық


                                Ерекше бөлім
                    СОТ САРАПТАМАЛАРЫНЫҢ КЕЙ БІР ТҮРЛЕРІ


    8 Сараптама түрлері: құжаттар, портреттік, бейнефонографиялық,
фототехникалық сараптамалар
    8.1 Құжаттардың сот сараптамасы
    8.2 Сот портреттік сараптама
    8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама
    8.4 Сот фототехникалық сараптама


    9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері
    9.1 Сот трассологиялық сараптама
    9.2 Сот баллистикалық сараптама


    10 Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
    10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер  материалдарын
сот сарапшылық зерттеу
    10.2 Мұнай өнімдері  мен  жанар-жағармай  материалдарын  сот-сарапшылық
зерттеу
    10.3 Металдар мен қорытпаларды сот сарапшылық зерттеу
    10.4 Топырақты сот сарапшылық зерттеу
    10.5  Талшықтық  материалдар  мен  олардан  жасалған  бұйымдарды   сот-
сараптамалық зерттеу
    10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу


    11 Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
    11.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайаттарын сот сарапшылық зерттеу
    11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу
    11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу


    12 Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары
    12.1 Сот экономикалық сараптама
    12.2 Сот тауартану сараптамасы
    12.3 Сот құрылыс сараптамасы
    12.4 Сот жарылыс-техникалық сараптама


    13  Сот технологиялық  және өрт-техникалық, жарылыс техникалық
сараптама жасау
    13.1 Сот технологиялық сараптама
    13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
    13.3 Сот жарылыс техникалық сараптама


    14  Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың  және биологиялық
сот сараптамасы
    14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың  сот сараптамасы
    14.2 Сот сарапшылық биологиялық сараптамасы


    15 Адамның психикалық  күйі  мен  психофизиологиялық  процестердің  сот
сараптамасы
    15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу
    15.2 Сот-сарапшылық психоолгиялық-криминалистік зерттеу
    15.3 Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу
    15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу


    1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
    1.1 Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
    1.2 Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
    1.3 Сот сараптамасының обьектілері
    1.4 Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер
    1.1 Сот сараптамасы түсінігі және негізгі сипаттамасы
    «Сараптама» деген  сөз  латынның  «expertus»  сөзімен  байланысты,  бұл
«тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы  айтсақ,
қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды  шешу
үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.
    Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды  шешу
үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми  білім-білік
негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл  осылайша
«сот сараптамасы» ұғымы ҚР  «Сот  сараптамасы  туралы»  Заңының  1-  бабында
белгіленген.
    Сот сараптамасы  қылмыстық  сот  ісін  жүргізудегі  арнаулы  білімдерді
пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша  сотқа  дейінгі
іс  жүргізу  барысында  және  оның  сот  қарауында  барлық  ғылыми  танымның
құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын  ала
тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
    Сараптаманың  негізгі  сипаттарын  анықтай  отырып,  сараптама  арнаулы
ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін  қылмыстық  істі  тергеу  немесе  сот
қаулысы барысында иуындайтын проблемалық танымдық  ситуациясын  жеңу  нысаны
болып табылатындығын білу керек.
    Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы  ретінде  оны  тағайындау
мен жүршізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.
    Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа  дәлелдерін  алу,  қылмыстық  істің
жаңа мән-жайларын анықтау юолып табылады.
    Шарттарынмыналар жатады:
      1)  Арнаулы  ғылыми  білім  негізінде  зерттеу  жүргізу.  Сараптамаға
         қатысты «арнаулы ғылыми білім»  терминін  пайдалануға  баса  назар
         аудару керек;
      2) Сараптаманы  арнайы  іс  жүргізудің  тұлғасы,  қылмыстық  процеске
         қатысушы  өзге  адамдардан   оны   айрықшалайтын   құқықтары   мен
         міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;
      3) Заңмен реттелген сот сараптамасының іс жүргізу  нысаны,  оған  оны
         тағайындау, жүргізу,  зерттеу  нәтижелерін  ресімдеу  және  оларды
         бағалау,  сондай-ақ  сараптамаға  қатысушылардың   құқықтары   мен
         міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін  белгілеудің  іс
         жүргізу нысаны іс бойынша  дәлелдеме  болып  табылатын  сарапшының
         қорытындысы болады;
      4) Зерттеудің белгілі  бір  теориялық  принциптері  мен  тәжірибесіне
         сүйенетін бағалау мен  фактілерді  түсіндіру  негізінде  тұжырымды
         зерттеу нітижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі
         фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы  тұжырым,
         ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері
         негізінде   жүргізген   объектілерде   анықталған   белгілер   мен
         байланысты  жиынтықты  бағалау  жолымен  белгіленеді.   Сарапшының
         тұжырымы  фактілерді  өзгеше  түсіндірудің,  дауласудың  принципті
         мүмкіндіктеріне  жол  бере  отырып,  сол  арқылы   пікір   ретінде
         қалыптасады.
    Аталған мақсат пен шарттар  сараптаманы  қылмыстық  процестегі  арнаулы
білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.


    1.2 Сот сараптамсының тақырыбы мен міндеттері


    Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр тұүрлі  жолдары
бар.  Әр  авторлар  сарптаманың  тақырыбын  анықтауға  жататын   мән-жайлар,
сарпшылық міндеттер, сараптама объектілері ретінде анықталады.
    Әдебиеттерде  нақты  сараптама  тақырыбы  мен  тектік  (түр)   тақырыбы
түсінігі ажыратылады.
    Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы  сарапшының
құзыреті, осы тектік сараптаманың  мүмкіндіктерін  анықтайды.  Қылмыстық  іс
бойынша  тағайындалатын  нақты  сараптаманың  тақырыбы   сарапшының   алдына
қойылған  сұрақтардың  ауқымымен  анықталады.  Ол   сараптаманы   тағайындау
кезінде  қажетті  ғылыми   құзыреттілікке   сәйкес   сарапшының   таңдауымен
себептеледі.
    Сарапшылық  білім  саласының  сипаттамасы  ретіндегі  сот   сараптамасы
тақырыбының ұғымы тиісті сарапшылық  міндеттерді  анқтау  мен  жүргізу  үшін
негіз болып табылады.
    Сарапшылық міндет – сарапшының  алдына  қойылған  сұрақтағы  тапсырманы
сарапшының  қабылдауы.  Гносеологиялық  тұрғыдан  қарағанда  ол  оның  түпкі
мақсаты (ізделінетін факт) мен  оған  жетудің  шарттарын,  яғни  сараптаманы
тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.
    Сараптаманың міндеттері ұғымы көбіне сарапшыға қойылған  сұрақ  ұғымына
ұқсас.  Белгілі  мағынада  міндет  ол  белгілі  бір   үлгідегі   сұрақтардың
мағынасын ғылыми қорытып түсіндіру деген сөз.
    Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасының  қажеттігіне  және
сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістемелеріне  сәйкес  сот  сараптама
тақырыбы  мазмұнын  қорытындылап  тарататын  нақты   деректерді   анықтаудың
мүмкіндіктері.
    А.И. Винберг пен Н.Т. Малаховский ұсынған диагностикалық,  жіктеушілік,
теңдестірушілік,  ситуациялық   деңгейлер   міндеттерінен   бөліп   шығаруға
әкелетін  сарапшылық  міндеттерді  жіктеудің  «деңгейлік»амалы   кең   түрде
танымал болды.
    Диагнистикалық  сарапшылық зерттеудің мақсаты  объектілерді  танып-білу
болып табылады.  Олар  объектінің  табиғатын,  оның  қасиеттері  мен  күйін,
белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы  өзгертулердің  себептерін  және  олардың
қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған.
    Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің  мақсаты  объектілердің  белгілі  бір
кластарға,  соның  ішінде  стандартталғандарға  қатыстылығын  анықтау  болып
табылады.   Осы   міндеттердің   мысалдары   ретінде    биологиялық    текті
объектілердің,   лактыбояу   материалдарының,   есірткілердің   жіктелушілік
қатыстылығын анықтауды айтуға болады.
    Теңдестірушілік   сарапшылық   зерттеудің    мақсаты    жекелей-белгілі
оюъектілердің  тепе-теңдігін  немесе   материалдық   белгілену   көріністері
бойынша  олардың  шығу  көздерін  анықтау  болып  табылады.  Теңдестірушілік
міндеттерді  шешу  екі  кезеңде  жүзеге  асырылады:  1-теңдестірілген   және
теңдестіруші объектілерді жалпы (топтық) белгілердің сәйкес келуін  анықтау,
2-дараланатын  объектілердің  сәйкес  келетін  жеке  белгілерінің   жиынтығы
бойынша жекелей-белгілі объектілрдің тепе-теңдігін анықтау.
    Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды  анықтау
болып табылады, олардың  негізінде  қылмыстық  іс  ауқымындағы  жалпы  оқиға
механизміне  қайта  құру  жүргізіледі.  Ситуалогиялық  міндеттерге,  мысалы,
нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау,  суық
қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.
    Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып,  көптеген  авторлар  жіктеу
деңгейлері  мен  негіздері  тізбесінің  өз  нұсқаларын  ұсынады.  Бұл  тәсіл
сарапшылық  таным  деңгейі  туралы  көзқарас  пен  сарапшылық   технологияға
бағдарланған.
    Н.Т. Малаховская диагностикалық,  жіктеушілік,  теңдестірушілік  жіһәне
ситуалогиялық деңгейлер туралы айта отырып,  «бұл  –  сарапшылық  зерттеудің
негізгі әдістерінің деңгейлері... олардың негізінде жеке әдістер және  нақты
сараптамаларды  зерттеудің  әдістемелері  әзірленеді,  басқаша  болса,  олар
методологиялық деңгейлер болып табылады» деп шынайы көрсеткен.


     1.3 Сот сараптамасының объектісі


    Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері  қылмыстық  іс  жүргізу
заңымен  белгіленген  ақпараттың  заттандырылған  көздері  –  қылмыстық   іс
материалдары болып табылады.  Әдебиеттеде  сот  сараптамасының  объектілері,
көбінде,  сарапшылық  зерттеуді  қажет  ететін  іс  мін-жайының  материалдық
жеткізгіштері  ретінде,  я  болмаса,  арнаулы  білімдерді  пайдалану  арқылы
алынатын  фактілер  мен  уақиғалар,  фактілік  деректердің  көздері   туралы
ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.
    Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар  ғана  емес,  егер  олар  жөнінде
ақпараи  заттандырылған  көрініс  тапса,  онда,  сонымен  бірге   әр   түрлі
процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.
    Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және  тікелей
объектілер ұғымы деп ажыратылады.
    Заттық объект – сараптаманың  белгілі  бір  класы,  тегі,  түр  аясында
зерттелетін қасиетерінің  ортақтылығымен  бірлескен  ақпараттың  материалдық
жеткізгіштерінің  жиынтығы.  Заттық  объекті  ұғымы   сараптамалардың   жеке
кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.
    Сараптаманың  нақты  объектісі  нақты  сарапшылық  зерттеудің   өзіндік
ерекшелігін көрсететін дара және қайталанбас объекті деп аталады.
    Зерттеудің  тікелей  объектісі,  ол  ақпаратиың  сол  бір   материалдық
жеткізгіші  сараптаманың  әр  түрлерінің  объектілері  болуы   мүмкіндігіинг
ерекшеленеді. Сондықтан да,  объектіні  зерттеуге  ұшырайтын  сол  жақтарын,
қасиеттерін анықтаған орынды болмақ. Мысалы, нақты құжатты  зерттеу  кезінде
тікелей  объектілер  ретінде  құжаттағы  қолжазбаны  орындаған   жазк   (сот
жазутану  сараптамасының  объектіс)  және  мөр  бедері   (құжаттардың   сот-
техникалық сараптамасы) болуы мүмкін.
    Объектілер іс жүргізу нысаны бойынша дифференциаланады  (ҚІЖК-нің  248-
бабы  1-б.).   Осы  белгілер   бойынша   олар   былайша   бөлінеді:   заттай
дәлелдемелер; құжаттар; көзі тірі адамдар (бұл  жағдайда  адамның  денесімен
қатар, психикалық, психологиялық, физиолоогиялық және  басқа  да  процестері
зерттелуі  мүмкін);  сарапшылық   зерттеу   үшін   үлгілер;   қылмыстық   іс
материалдарында көрінген сараптама затына жататынмәліметтер; белгілі бір  іс
жүргізу мәртебесі жоқ объектілер (яғни, қылмыстық істі  заттай  дәлелдемелер
ретінде немесе моральдық-этикалық түсініктер (мәйіттер) бойынша, я  болмаса,
оларға заттай дәлелдемелер режимін (ғимараттар, үй-жайлар) қолданудың  нақты
мүмкін еместігі бойынша.
    Сарапшы оның қарамағына  ұсынылатын  материалдарды  зерттеу  нәтижелері
бойынша қорытынды беретіндіктен,  қылмыстық  іс  бойынша  дәлелдеме  ретінде
сарапшылық зерттеу мен сарапшы  қорытындысының  сапасы,  көбінде,  сараптама
тағайындаған органның объектілерімен болатын іс-әрекет ережелерін  дәл  және
ұқыпты орындауымен анықталады. Тиісті талаптар заңда баяндалған.
    Атап айтқанда, процесті  жүршізуші  аталған  орган  сарапшылық  зерттеу
объектілерінің сенімділігі мен  оларға  жол  беретіндігіне  кепілдік  береді
(ҚІЖК-нің 248-бабы 2-б.).
    Сарапшылық зерттеуге арналған іс  материалдарының  сенімділік  кепілін,
сондай-ақ   оларды   зақымдауды   немесе   олардың   қасиеттерін   өзгертуді
болдырмауды  қамтамасыз  ету  үшін  сарапшылық  зерттеу  объектілері,   егер
олардың көлемң мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшығы буып-түйілген  және
мөрмен  бекітілген   күйінде   беріледі.   Басқа   жағдайларда   сараптаманы
тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге  жеткізуді,
оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу  үшін  қажетті  шараларды
қамтамасыз етуге тиіс (ҚІЖК-нің 248-бабы 3-б.).
    Сарапшылық  объектілерін  басқаша  пайдалану  ҚІЖК-де  және  ҚР  Әділет
министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121,  ҚР  Бас  прокуратурасының  1998
жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598,  ҚР
ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс  министрлігінің
1998  жылғы  28  желтоқсандағы   №111   бекітілген   бұйрығымен   бекітілген
«Соттардың, прокуратура, алды  ала  тергеу,  анықтау  және  сот  сараптамасы
органдарының қылмыстық,  азаматтық  істер  және  әкімшілік  құқық  бұзушылық
туралы  істер  бойынша  заттай  дәлелдемелерді,  құжаттарды  алудың,  есепке
алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы»  Нұсқаулықта  көзделген
өаттай  дәлелдемелерді  алудың,  іске  қоса  тіркеудің,  сақтау  ме   жоюдың
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


     4.  Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі


    Сот сараптымы объектілерінің ішінде  сарапшылық  зерттеу  үшін  үлгілер
үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың  іс
жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.
    Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері;  2)  ұқсас
заттар  (заттай  ділелдемелердің  орнын  ауыстырғаштар),  соңғылармен  жалпы
тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы  зерттеуге  арналған  үлгілер.  Заң
әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған  үлгілер  жөнінде
айтылады. Бұл дәл  осындай  объектілердің  сарапшылық  зерттеулерде  көбірек
кездесетінімен түсіндіріледі.
    ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:
      1) қан, ұрық,  шаш,  қиып  алынған  тырнақ,  дененің  сыртқы  бетінің
         микроскопиялық қорытындылары;
      2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;
      3) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;
      4) қолжазба  мәтін,  бұйымдар,  адамның  дағдысын  бейнелейтін  басқа
         материалдар;
      5) дауыс фонограммасы;
      6) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;
      7) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.
    Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.
    Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер  пада болуы
және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін  көшіреді,  үлгілердің
үш түрі болуы мүмкін:
       - экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған  оқтар,
         гильзалар);
       - еркін үлгілер, тергеліп  жатқан  уақиғадан  тыс  байланысты  пайда
         болуы (жазу, дауыс фонограммасы);
       - шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты  орындалған,
         бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;
       - табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда  болғандар  (қан,
         шаш үлгілері).
    Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне  байланысты,  сот-
тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.
    Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.
    Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі
адамның,  мәйіттің,  жануардың,  заттың,  нәрсенің,  егер  олардың   кейінде
сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса,  қасиеттерін  бейнелейтін  үлгілерді
алуға құқылы.
    Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы  болады,  онда,
атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді  алуы
тиісті адам; қандай үлгілер және қашан  алу керек; үлгілерді  алу  үшін  кім
және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді  алу  үшін  кімге  және  қашан  алу
керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.
    Қылмыстық процесті жүргізуші органның үлгілер алуының тәртібі мынадай:
    Қылмыстық процесті жүргізушы  орган  адамды  өзіне  шақырып  немесе  ол
тұрған жерге келіп, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер  алу  туралы  қаулы  мен
қолхат ала отырып  таныстырылады,  оған  және  аталған  тергеу  іс-әрекетіне
қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіреді,
қажетті  іс-әрекеттерді  жеке  өзі  немесе  маманның  қатысуымен  жүргізеді,
үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.
    Егер  үлгілерді  алу  үшін  дәрігерді  немесе  басқа  маманды  тартудың
қажеттілігі бар болса, онда  процесті  жүргізуші  орган  сарапшылақ  зерттеу
үшін үлгілер алуға тиісті адамды, сондай-ақ тиісті  тапсырмасы  бар  қаулыны
дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу  іс-әрекетерінің
басқа қатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.
    Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан  алу  қажеттігі  туған  кезде,
процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға  немесе  басқа  маманға  тиісті
қаулыны жібереді.
    Зертту жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген  және  мөрмен
бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса  тігіледі.  Процесті  жүргізуші
орган  сарапшының  ұсынған  үлгілерін  қарап,  содан  кейін  оларды   заттай
дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қоса тігіледі.
    Сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу  кезінде  жеке  адамның  құқықтарын
қорғаудың мәні зор. Осыған орай,  сарапшылық  зерттеу  үшін  үлгілер  алудың
әдістері мен ғылыми-техникалық  құралдары  аламның  өмірі  мен  денсаулығына
қауіпсіз болуға тиіс.  Жанға  қатты  батыра  жасалатын  күрделі  медициналық
рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам,  ал
егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалық ауру  болса  –  оныі
заңды өкілінің, қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана  жол
беріледі.


        2 Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу
    2.1  Сот-сарапшылық  зерттеу  әдістері  мен  әдістемелерінің  түсінігі,
оларды қалыптастыру
    2.2 Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
    2.3 Сот-срапшылық технология түсінігі.Комьютерлік технология құралдарын
сот сарапшылық зерттеулерде пайдалану
    2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу
    2.5 Сот сараптамасының даму бағыты
    2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу


     2.1 Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі,
                            оларды қалыптастыру.
    Срапшылық зерттеу  –  күрделі  шығармашылық  процесс,  онда  ғылым  мен
техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді  зерттеу  әдістемелерін  меңгеру,
срапшының білік – дағдысы іске асырылады.
    Сот сараптамасының  әрбір  тегі  мен  түрлеріне  тән  белгілер  зерттеу
әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.
    Сот – срапшылық зерттеу әдісі – бұл срапшының алдына  қойылған  сұрақты
шешу үшін деректерді алудың логикалық және  аспапты  операциялар  (тәсілдер,
амалдар) жүйесі.
    Сот – сарапшылық зерттеу әдістемесі – сраптамалардың белгілі бір  тегі,
түрі тақырыбына  жататын  нақты  деректерді  анықтау  үшін  сот  сараптамасы
обьектілерін оқып  –  зерттеу  кезінде  қолданылатын  әдістемелер  (амалдар,
техникалық құралдар) жүйесі.
    Сот – сарапшылық зерттеудің әдістемесі  сарапшылық  міндеттерді  шешуге
бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сраптаманың тақырыбы  мен
обьектілерінің ерекшеліктерімен есептеледі.
    Сот сараптамасында  пайдаланылатын  әдістер,  көбінде,  жаратылыс  және
техникалық ғылымдардан алынған және сраптаманың міндеттерімен  обьетілерінің
өзіндік ерекшелігіне  сәйкес  түрлендірілген.Олар  іске  асыру  нысандары  –
амалдар,  техникалық  жабдықтар  бойынша  жалпы  ғылыми  әдістерінен  елеулі
айырмашылығы болады.
    Срапшылық зерттеу дәлелдеудің  элементі  болғандықтан,  тиісті  әдістер
ҚІЖК – нің 129- бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, олар:
        1. заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен  принциптеріне
           қарама – қайшы келмейтін;
        2. ғылыми орныққан;
        3. қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;
        4. қауіпсіз болуы керек.
    Сот  –  сарапшылық  зерттеу  әдістерін  қолданудың   нәтижелері  барлық
процеске қатысушылар үшін анық және көрнекті болуы керек.
    Сараптама тағайындау  процесінде  сраптамалардың  әр  түрлі  кластарын,
тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін  ескерген  маңызды,  ол
үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктері жөнінде  алдын  ала  кеңестер   өткізу
керек.
    Сот сараптамасының  жаңа  әдістермен  баюы  бірнеше  нұсқаны  көздейді.
Заттай  дәлелдемелерді  зерттеу  кезінде  сот  ісін  жүргізуден  тыс   басқа
ғылымдарда ұқсастығы  бар  проблемалық  жағдайлар  жиі  пайда  болғандықтан,
сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу  үшін  әзірленген  әдісре
кеңінен енгізіледі.
    Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы
әдістерді тек түрін өзгерте  және  оларды  толықтыра  пайдалануға  мүмкіндік
беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді  енгізудің  екінші  жолы
да қолданыс табады. Мұнда  әдістің  модификациясы  құрылады.  Мысал  ретінде
биологиялық обьектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі  негізінде
жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді  келтіруге
болады.
    Аталған  екі  әдістен  басқа,   заттай   дәлелдемелерді   криминалистік
зерттеуге  әдейі арналған әдістердің  әзірлеме  нұсқалары  бар.Криминалистік
сраптама  әдістерін  медицинада,  антропология  мен  өзге  де  ғылыми  білім
салаларында пайдалану мысалдары бар.


    2.2 Сот – срапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
    Сот – срапшылық зерттеу әдістерін  ғылыми  практикалық  қызмет  ретінде
жіктеу әр түрлі – ортақтық  дәрежесі  мен  олардың  дәреже  сатысы,  әдістер
алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты,  зерттеу  обьектісіне  әсер
ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.
    Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже  сатысы  бойынша  әдістер  былайша
бөлінеді:
    1. Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логика)
    2. Жалпы әдістер: бақылау,  салыстыру,  сипаттау,  өлшеу,  эксперимент,
       модельдеу және т.б.
    3. Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде
       өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы  әдістері
       санатына ұқсас. Жеке ғылыми  әдістерді  қолданудың  аясы  бір  текті
       немесе пайдаланылатын сипаты бойынша  бір  –  біріне  жақын  бірнеше
       білімдердің  сараптамасы  болып  табылады.  Мұндайға  фотографиялық,
       физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады.
    4. Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген обьектіні зерттеу  үшін
       әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондық – люминесцентті, диффузиялық
       – көшірме әдістерді келтіруге болады.
    Обьектілердің зерттелетін белгілеріндегі бейнеленіп алынатын ақпараттың
сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау,  физикалық,
химиялық және обьектілердің басқа қасиеттерін талдау әдістері деп бөлінеді.
    Обьектілерге әсекр етудің  дәрежесінен шыққанда, бұзылмайтын  әдістерге
бөлінеді,  оларға  обьектіге  әсер  етпейтін  және  сынама  дайындықты  іске
асыруды қажет етпейтін әдістер жатады.
    Сот – сарапшылық  зерттеу  әдістемелері  де  жіктеледі.Мысалы,  орталық
дәрежесі бойынша типтік және нақты әдістеме болып бөлінеді.
    Типтік срапшылық  әдістеме  -   типтік  срапшылық  міндеттерді  щещудің
жинақтап қорытылған тәжірибесінің  көрінісі.  Белгілі  бір  жағдайларда  бұл
әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолднауы мүмкін.
    Нақты немесе жеке әдістеме –  типтік  әдістемені  бейімдеу,  өзгертудің
нәтижесі немесе   сарапшылық  міндетті  шешуге  шығармашылық  түрде  келудің
жемісі болып табылатын нақты сарапшылық міндетті шешудің тәсілі.
    Нақты әдістеме сарапшының қызметі  нәтижесі  ретінде  мына  жағдайларда
пайда болуы мүмкін:
         -  сарапшының  практикада  немесе  сараптама  процесінде  жүргізген
           эксперименті   нәтижесінде   жаңадан,   алғашқы   рет   туындаған
           сарапшылық  міндетті  шешу  үшін  өзінің  жеке  тәжірибесін  іске
           асыруда;
         -  сарапшының  шығармашылық  тәсіл  көрсетуі:  стандартты   аспапты
           жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше  ерекше  амалмен
           толықтыруда;
         - әр түрлі ғылымдардың деретері мен әдістерін синтездеу арқылы  осы
           зерттеу үшін  құрылған  сарапшылық  әдістеме  негізінде  міндетті
           толық көлемде шешуде.
    Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген,  мақұлдап  –  қорытылған,
сарапшылық әдістеме типтік  мәртебе  алу  үшін,  ол  мақұлдану  және  ендіру
сатыларынан өтуі керек. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала  ғылыми  сынаққа
берілуі, оны  сот  сараптамасы  органының  ғылыми  -  әдістемелік  кеңесінің
бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу  мен  тіркеуден
өтуі керек.


    2.3 Сот  –  сарапшылық  технология  түсінігі.  Компьютерлік  технология
құралдарын сот – сарапшылық зерттеулерде пайдалану.
    Қазіргі  уақытта  сот  –  срапшылық  технологиялар  сот  –   сарапшылық
мекемелердегі сарапшылық зерттеуді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейінің  моделі
болып табылады.
    Технология   белгіленген   жүйелікте   тиісті   кеңістік   –   уақыттық
интервалдарда  және  таңдалған  мақсатқа  жету  үшін  белгілі  бір   техника
негізінде іске асырылантын әр түрлі  операциялар  мен  дағдылардың  жиынтығы
бон ұсынылады. Технологияның аталған белгілері тек технологияның  элеметтері
боп  ұсынылатын  әдістер  мен  әдістемелеріне  оның   айырмашылығын   айтуға
мүмкіндік береді.
    Сарапшылық технология түсінігін М.Я. Сегай мен В.К.  Стринжей  енгізді.
Олар: «Сарапшылық технологияны»
         - мемлекеттік сот –  сарапшылық  мекемелердегі  сот  сараптамаларын
           жүргізуді ұтымды және тиімді ұйымдастырудың ережелері,  тәсілдері
           мен амалдарының жиынтығы;
         - технологиялық  сұлбаларды,  процестер  мен  карталарды  сипаттау;
           аталған   ережелерді,    тәсілдерді,    амалдарды,    биологиялық
           сұлбаларды,  процестер  мен  карталарды   әрі   қарай   жетілдіру
           жөніндегі жалпы және жеке ережелерді әзірлеу болып табылады.
    Жалпы сарапшылық технологияны құрудың  элементтері  нақты  профиль  мен
рангтағы сот – сарапшылық мекемелерінің типтік сұлбасын әзірлеу,  сарапшылық
өндірісті  жүзеге  асырудың  деңгейлерін  анықтау,  сарапшылық    өндірістің
барлық деңгейі мен операциялық сұлбалары үшін қызмет  субьектілерін  анықтау
болып табылады.
    Жеке сарапшылық технологияларды  әзірлеуге  мамандар  мен  қызметкерлер
құрамын  пайдаланудың  технологиялық  сұлбаларын,  сондай-   ақ    құрал   –
жабдықтарды  орналастыруды,  сарапшылық  міндеттерді  шешудің  негізгі  және
қосалқы операциялық сұлбаларын әзірлеуді,  нақты  сараптамаларды  жүргізудің
технологиялық карталарын әзірлеуді құру кіреді.
    Қазіргі уақытта сарапшылық технологиялардың элементтері  сот  сараптама
органдарының қызметіне табысты енгізілуде, оның  мысалы  ретінде,  обьетілік
принцип бойынша,  сол  сияқты  әдістемелік  прицип  бойынша   құрылғанг  көп
мақсатты сарапшы – кешенін құру болып табылады.
    Қазіргі  заманғы  компьютерлік  технология  құралдарын  кеңінен  ендіру
бүтіндей осы сот – сраптама қызметіне де қатысты.
    Қазіргі уақытта  Қазақстан  Республикасы  сот  сараптмасы  органдарының
пратикасында сот сараптмасына компьютерлік  технологияларды  ендірудің  мына
бағыттары іске асырылып жатыр:
        1. Компьютерлік құралдарды аспаптық  зерттеулер  барысында  алынатын
           эксперименттік деректерді жинау мен өңдеуді  автоматтандыру  үшін
           пайдалану;
        2.  Бейнелерді  талдау  жүйелерін  пайдалану  Соның  ішінде,   олар:
           жазутану    баллистикалық    дактилоскопиялық,    габитологиялық,
           құжаттардың срт – техникалық  сараптама аумағындағы  зерттеулерді
           жүргізуге мүмкіндік береді;
        3.  Нақты   сараптама   обьектілері   бойынша   деректер   қор   мен
           автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйелерін жасақтау;
        4. Сарапшылық міндеттерді шешу ретінде, сондай-  ақ  дайындығы  үшін
           бағдарламалық құралдарды әзірлеу;
        5. Сот сараптамаларын тағайындау  туралы  қаулыны  құруға  мүмкіндік
           беретін компьютерлік бағдарламалар.
    Сарапшының автоматтандырылған жұмыс орнын қаматамасыз ету құрылымына:
         - тиісті деректер базасы;
         -  сараптаманың  белгілі  тегі  мен  түрінің  міндеттерін   шешудің
           математикалық модельдерді,  алгоритмдері  мен  автоматтандырылған
           бағдарламалары;
         - автоматтандырылған жасақтау, жазбалар,  редакциялау  мен  мәтінді
           сыртқы құрылғыға шығару жүйелері жатады.
         - Автоматтандырылған жасақтау, жазбалар,  редакциялау  мен  мәтінді
           сыртқы құрылғыға шығару жүйелелерін қолдану сарапшылық  қорытынды
           мәтіндерін   ресімдеуге   қызмет   етеді.   Негізінде,    сарапшы
           қорытындысынң  мәтінін   жасақтау   бағдарламаны   пайдаланушының
           сұхбаты процесінде жүзеге асырылады.


    2.4 Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу.
    Сот сараптамаларын жіктеу  оларды  тағайындау,  жүргізу,  сондай  –  ақ
сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рөл  атқаратын  фактор  болып
табылады.
    Сот  сараптамаларын   жіктеу   туралы   мәліметтерді   білу   сараптама
тағайындаған органға сот  сараптамасы  органын  дұрыс  анықтауға  ,сондай  –
сарапшының  ғылыми құзыреттілігін  бағалауға мүмкіндік береді.
    Сондай – ақ сот – сараптама қызметі ұйымында сараптамаларды  жіктеу  де
маңызды  рөл  атқарады.  Сараптамалардың  нақ  бөлініп   алынған   кластары,
тектері,  түрлері  сот  сараптамасы   органдарының   құрылымын,   сарапшылық
кадрлардың  дайындығын  ұйымдастыру  мен  біліктілігін  жетілдіруді,  сот  –
сараптама қызметінің даму келешегінің бағытын анықтайды.
    Мақсаттық бағытына  байланысты,  сот  сараптамаларын  жіктеу  әр  түрлі
негіздемелер бойынша  жүргізілуі мүмкін.
    Қылмыстық сот ісін  жүргізу  үшін  де,  сондай  –  ақ  сот  сараптамасы
органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де  сараптамаларды  зерттеу  тақырыбы
бойынша жіктеу басты рөл атқарады.
    Сараптаманың әр түрлерін және сол сияқты  сарапшының  құзыретін  айырып
көрсетудің  критериі  сарапшылық  зерттеулердің  тақырыбы,  яғни   сараптама
жүргізу арқылы анықталуға жататын мән – жайлар болып табылады.
    Бұл аспектіде тақырып жинақтап қорыту  түрінде,  сараптама  обьетісінің
қатысының  жақтары  ретінде  түсіндіріледі,  олар  іс  үшін  мәні  бар  және
білімнің  тиісінше  саласы  аясына  кіретін   сұрақтарды   шешу   мақсатында
сараптаманың осы саласының құралдарымен зерттеледі және танылады.
    Сот сараптамасы туралы ғылымда қабылданған жіктеуге сәйкес  барлық  сот
сараптамалар тақырыбы бойынша кластарға, тектерге, түрге,  түр  тармақтарына
бөлінеді.
    Осы  жүйенің  ең  ірі  элементтері  кластар  болып  табылады,   кластар
тектерге, сараптамалар тектеріне олардың түрлері, түрлерге – түр  тармақтары
кіреді.
    Сараптамалар класы  сот  сараптамаларының  теориялық  және  әдістемелік
негіздерін  қалыптастырудың   көзі   болатын   білімдердің   ортақтылығыменг
біріктірілетін сарапшылық зерттеулерді құрайды.
    Сараптамалар тегі  –  Ортақ  тақырыбы,  обьектісі,  сарапшылық  зерттеу
әдістемесі  мен  сот  сараптамасы  туралы  ғылымның  тиісті  саласы  бойынша
бөлініп алынатын белгілі бір кластағы сараптамалардың көп түрлілігі.
    Сараптама түрі  –  обьекті  тегі,  әдістемелер,  міндеттер  үшін  жалпы
тақырыптың өзіндік ерекшелігімен сипатталатын сараптама тегінің элементі.
    Сараптаманың түр тармағы – сараптама  түрінің  тақырыбына  тән  өзіндік
топтық міндеттерімен жен зерттеу әдісінің кешенімен ерекшеленетін  сараптама
түрлілігі.
    Қазақстан   Республикасы   Әділет   министрлігінң    сот    сараптамасы
органдарында    жүргізілетін     сараптамаларды     ескергенде,     мынадай:
криминалистік,   медициналық   және   психофизиологиялық;    инженерлік    –
техникалық;   инженерлік   –   көліктік;   инженерлік    –    технологиялық;
экономикалық; өнертану кластарын қарастыратын сараптамаларды жіктеу  қолайлы
болып табылады.


    2.5 Сот сараптамасының даму бағыты.
    Сот сараптамаларының орнығуы мен  дамуының  заңдылықтары  жалпы  теория
аумағындағы, сондай – ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне  сәйкес
өтетін білімнің даму процестеріне негізделеді.
    Сарапшылық практиканың негізі болып  табылатын  ғылыми  білімнің  дамуы
үшін сарапшылық  білімнің  дифференциациясы  мен  интеграциясы  және  ғылыми
танымдағы субьектілік – обьектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.
    Дифференциация мен интеграция факторларының  әрекетін  сот  сараптамасы
саласындағы білім дамуының талдау  және  синтетикалық  үрдістері  анықтайды.
Олардың әрекеттерінің бағыттары «зат  +  обьект  -  әдіс»  танымдық  жүйенің
барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу  үрдісін,
обьектілер туралы білімдерді  нақтылауды,  олардың  байланысы  мен  қарым  –
қатынастарын көрсетеді.
    Сот   сараптамасындағы   білім   дифференциациясының   базалық   нысаны
обьектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, обьектілердің  жақтары  мен
қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады.
    Дифференциация соңынан обьект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның
нақтылануы,  сарапшылық  зерттеу  аясына  таным  құралдарын  тарту   болады.
Дифференциация   процестері    білімдердің    қорытындылауы,    кешенділігі,
нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.
    Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда  болуы  кезіндегі  дифференциация
туындауының мысалы сот компьютерлік – техникалық  сараптаманың  дамуы  болып
табылады.
    Қазіргі уақытта сараптаманың мынандай түрлері бар:
   1.  Аппараттық  –  компьютерлік  сараптама,  оның  тақырыбы  компьютерлік
      жүйенің  техникалық  құралдарын  зерттеу  кезінде  анықталатын   нақты
      деректер болып табылады.
   2.  Бағдарламалық  –  компьютерлік  сараптама,  оның  тақырыбы  зерттеуге
      ұсынылған  компьютерлік  жүйенің   программалық   жасауын   құру   мен
      пайдаланудың заңдылықтары болып табылады.
   3. СКТЭ – нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық – компьютерлік сараптама,
      оның  тақырыбына   «компьютерлік   жүйедегі   ақпараттық   процестерді
      ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған
      ақпаратты іздеу, табу, талдау және бағалау» барысында нақты деректерді
      анықтау кіреді.
   4. Компьютерлік – желілік сараптама, оның тақырыбы  іс  бойынша  шындықты
      анықтау   үщін   тергеушінің   тапсырмасы   бойынша    желілік    және
      телекоммуникациялық технологияларды  пайдалануға  байланысты  фактілер
      мен жағдайларды зерттеуді қамтиды.
   5. Телематематикалық сараптама, «оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық  іс
      бойынша қандай да бір факті немесе оқиға туралы ақпараттың материалдық
      жеткізгіштері  ретіндегі  телекоммуникация  мен   жылжымалы   байланыс
      құралдарын  зерттеу  кезінде  арнаулы   танымдар   қолдану   негізінде
      анықталатын нақты деректер болып табылады».
    осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу  және  даму  процестері  кейбір
ерекшеліктерге ие болады.Мысалы, сот  –сарапшылық  бөлуде  артықшылық  рөлді
обьекті емес, іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір  мән  –  жайлардың
сарапшылық  таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын,  соңында  талданатын
оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады.
    Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот  сараптама
тектерінің  шегінде  өзіндік  дербес   деңгейіндегі   мына   түрлерін:   сот
психологиялық – криминалистік;  сот  инженерлік  –  психофизиологиялық;  сот
психологиялық – филиологиялық сараптамаларды  қалыптастыру  мен  бөлу  болып
табылады..


    2.6 Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
    Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК –нің 249,  250,  255  -  баптары)  және
Қазақстан Республикасының «Сот сраптамасы туралы» Заңы  (Заңның  8  -  бабы)
сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:
         - қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық)
         - пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты  бойынша  (біртекті  және
           кешенді)
         - жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша)
         - жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және қайталама).
    Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (ҚІЖК – нің 249 –  бабы  1-
б).
    Комиссиялық сараптаманың мынандай айрықша белгілері бар:
         - оны бір мамандықтық екіден кем емес сарапшылары  жүргізеді.  Егер
           сарапшылар комиссиясына екіден көп   адамды  енгізсе  ол  жөнінде
           ҚІЖК – де көрсетіледі (ҚІЖК – нің 249 – бабы 3-б);
         - оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады;
         - сараптаманы  жүргізу  әрбір  сарапшының   толық  көлемде  зерттеу
           жүргізуді және тұжырымдарды шығару  мен  қорытынды  беру  кезінде
           шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.
    Біртекті  сараптама  оны   жүргізу   процесінде   арнацулы   білімдерді
пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.
    Кешенде сараптаманың  ерекшелігі іс үшін  мәні  бар  бір  мән  –  жайды
анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі  мамандықтағы  сарапшылары
негізінде зерттеу үшін, демек,  әр  түрлі  мамандықтағы  сарапшыларды  тарту
қажеттілігі болып табылады.
    Кешенді сараптамаға тән белгілер:
    1. өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;
    2. сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың  жүргізген
       зерттеулері негізінде қорытынды беру.
    Кешенді  сараптама,  көбінде,  сарапшылардың  алдына  қойылған  негізгі
міндеттерді   шешу   үшін   қажетті   аралық   міндеттерді   шешу   кезінде,
сараптамалардың бірнеше кластарының теориялық  және  әдістемелік  ережелерін
қолданумен қамтамасыз етілетін  жаңа  интеграциялық  міндеттерді  шешу  үшін
жүргізіледі.
    Кешенді   зерттеу   дегеніміз,   біртекті   комиссиялық   немесе   жеке
сараптамалар  шеңберінде  бір  обьектіні  зерттеу   үшін   әдістер   кешенін
пайдалану болып табылады.
    Қосымша  сараптама   тек   негізгі   сараптама   жүргізілгеннен   кейін
тағайындалады.   Қосымша   сараптаманы   жүргізудің   негіздемесі    сарапшы
қорытындысынң жеткілікті түрде айқын немесе толық  болмағаны,  сондай  –  ақ
осының алдындағы зерттеумен  байланысты  қосымша  мәселелер  туындауы  болып
табылады.Қосымша сараптама  тек  екінші  емес,  сонымен  бірге  үшінші  және
солайша ретпен кете беруі мүмкін.
    Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда   жоқ,  бірақ  жүргізілген
зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.
    Қайталама сараптама сарапшының  алдыңғы  қорытындысы  жеткілікті  түрде
негізді  болмағанда  не  оның  дұрыстығы  күмәнді  болған   не   сараптаманы
тағайындау  мен  жүргізудің  іс  жүргізу  нормалары  елеулі  түрде  бұзылған
жағдайларда дәл осы обьектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу  үшін
тағайындалады.
    Қайталама  сараптама  тағайындалған  кезде  сарапшының   алдына   бұрын
қолданылған зерттеу әдістерінің  ғылыми  негізділігі  туралы  сұрақ  қойылуы
мүмкін.
    Қайталама сараптама  тағайындаудың  бір  даулы  негіздерінің  бірі  оны
жүргізу кезінде болған іс  жүргізудің  елелі  бұзушылықтарын  анықтау  болып
табылады.


    3 Сот сарапшысы
    3.1 Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында  сот  сраптамасын
жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
    3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
    3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
        3.1 Сот сарапшысының түсінігі. Қазақстан Республикасында сот
               сараптамасын жүргізу  тапсырылуы мүмкін адамдар


      Сарапшы – ол белгілі бір білім саласындағы хабардар  адам.  “Сарапшы“
терминінің бірнеше мағынасы бар:
    1) сот  сараптамасын  жүргізу  үшін  тартылатын  хабардар  адам  (  сот
сарапшысы), 2) сот сараптамасы органдарындағы штаттық лауазым,  3)  қоғамдық
өмірдің  әр  саласында  туындайтын  мәселелер   бойынша  консультация   және
сарапшылық бағалау үшін шақыртылатын адам.
      Қылмыстық жүргізу мағынасында сөз ұғымның бірінші  аспектісі  жөнінде
болып отыр. “Сот сараптамасы туралы”  Қазақстан  Республикасы  Заңының  1  –
бабының мазмұнында, сот сарапшысы қылмыстық процесті жүргізуші адам   немесе
оның талабы  бойынша  сот  сараптамасы  органның  басшысы  сот  сараптамасын
жүргізуді тапсырған, істің нәтижесінде мүдделі емес арнаулы  ғылыми білім  –
білігі бар адам болып табылады.
      Сараптаманы  жүргізу  тапсырылуы  мүмкін  адамға  қойылатын  талаптар
Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңының 10 – бабы  1  –
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сараптама жүргізу:
   1) сот сараптамасы органының қызметкерлеріне;
   2) лицензия негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
   3) аталған  Заңының талаптарына сәйкес  бір  жолғы  рұқсат  бойынша  өзге
      адамдарға тапсырылуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының  “ Сот сараптамасы туралы “  Заңының  10  –
бабы  2  –  тармағына  сәйкес  сот  сарапшысының  жоғары  білімі  және   сот
сараптамасының  белгілі бір түрі саласында арнаулы білімі болуы керек.
      Сот сараптамасы органның қызметкерлері болып табылатын және  лицензия
негізінде сот –  сараптама  қызметін  жүзеге  асырушы  адамдар  белгілі  бір
сараптама түрін жүргізу құқығына біліктілік  куәлігі  болуы  және  Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің комиссиясында  аттестациядан өтуі тиіс.
      Заңның 10 – бабы 3 – тармағына сәйкес сот сараптамасын:
   1) Заңмен белгіленген тәртіпте іс - әрекетке қабілеті шектеулі және іс  -
      әрекетке қабілетсіз деп танылған;
   2) Бұрын сотталған;
   3) Сот – сараптама қызметімен  байланысты  лауазымнан  келеңсіз  себептер
      бойынша жұмыстан босатылған адамдарға тапсыруға болмайды;
    Сот сараптамасын жүргізуді тапсыру  мүмкіндігін  болдырмайтын  өзге  де
жағдаяттар   іс жүргізу заңымен көзделген және  сарапшыға  қарсылық  білдіру
негізінде  болады.
    Сот сарапшысы біліктілігін алған және  Қазақстан  Республикасы   Әділет
министрлігі комиссиясында  аттестациядан  өткен,  сот  сараптамасы  органның
қызметкердері болып табылатын,  сондай – ақ сот  сараптама қызметін   жүзеге
асыру құқығына  лицензия алған  адамдар  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің
1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің
1999 жылғы  15  мамырдағы  №   57865  қаулысымен  енгізілген  өзгертулерімен
бекітілген   “Сот   сарапшыларының    Мемлекеттік    тізілімін    жүргізудің
Ережелеріне” сәйкес заңның 18 – бабы негізінде құрылатын Сот  сарапшыларының
Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
    Хабардар адам нақты қылмыстық іс бойынша мына шарттар болғанда  сарапшы
болады:  1)  Сараптама  тағайындау  туралы  қылмыстық   процесті   жүргізуші
органның  (адамның) қаулысының шығуы; 2) Сот сараптамасы органынан  тыс  сот
сараптамасын  жүргізу  кезінде  –  қылмыстық  процесті  жүргізуші   органның
(адамның)   сараптаманы   жүргізуді   тапсыруы,    сарапшының   іс   жүргізу
мәртебесінен туындайтын құқықтары мен міндеттерін  оған  түсіндіруі,  оларды
орындамаудың  жауапкершілігі  туралы  ескертулері  мен  оның  бұл  жөніндегі
қолхаты; 3) Сотр сараптама органның сот сараптаманы жүргізуі кезінде –  оның
басшысының сараптаманы жүргізу туралы тапсырмасы.


    3.2 Сот сарапшысына қарсылық білдіру
    Процеске қатысушылар ішінен сарапшы  ауыстыруға жатқызылады,  сондықтан
да қарсылық  білдіру  туралы  (  өзіне  -  өзі  қарсылық  білдіру)  өтінішін
қанағаттандыру арқылы іске қатысушыдан шеттелуі мүмкін.
    Сарапшының іс қорытындысына тікелей немесе жанама мүдделігінің  жоқтығы
іс мән – жайларын жан –  жақты,  толық,  объективті  зерттеуге  жол  береді.
Соған байланысты осы аталған мүдделіктер болған кезде қылмыстық  іс  жүргізу
заңнамасы сарапшыға қарсылық білдіруді көздейді.
    Сарапшының тікелей жеке мүдделілігі деге,німіз – ол  нақты  іс  бойынша
сараптама  жүргізуге  байланысты  оған  материалдық  немесе  өзге  де  пайда
беретін  немесе  берілуі  мүмкін  мүдделілік.  Сарапшының  жанама  мүдделігі
дегеніміз, ол  сараптама  жүргізу  нәтижесінде  сарапшының  өзі  емес,  оның
туысқандарының не өзге де онымен байланысты бар адамдардың мүдделілігі.
    ҚІЖК – нің 90 – бабы 1 – бөлігі мен 96 – бабына  сәйкес,  мына   мән  –
жайлардың кез келгені болған кезде:
    1)  егер  ол  аталған  іс  бойынша   жәбірленуші,  азаматтық  талапкер,
азаматтық жауапкер,  куә  ретінде  шақыртылса  не  шақырылуы  мүмкін  болса;
істі  жүргізуде  куәгер,   сот  отырысының  хатшысы,  анықтаушы,   тергеуші,
прокурор,  судья,  қорғаушы,   айыпталушының  заңды  өкілі,  жәбірленушінің,
азаматтық  талапкердің  немесе  азаматтық  жауапкердің  өкілі   ретінде   іс
жүргізуге қатысса. Қарсылық білдіру үшін аталған  негіздер  маман  мен  өзге
процеске   қатысушылардың   іс   жүргізу   функцияларының   қиылысуына   жол
берілмеуіне байланысты:
    - Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық  жауапкердің  немесе
олардың  өкілдерінің,  айыпталушының  немесе  оның  заңды  өкілінің   туысы,
прокурордың, судьяның, қорғаушының, тергеушінің  немесе  анықтаушының  туысы
болса; егер маман жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі  деп  санауға
негіз беретін  өзге де мән – жайлар болса. Санамаланған  мән – жайлар  істің
қорытындысына  жеке мүдделі еместігі талаптарымен байланысты.
    2)  егер ол анықтаушыға, тергеушіге,  прокурорға,  судьяға,  сезіктіге,
айыпталушыға,  олардың  қорғаушыларына,  заңды  өкілдеріне,   жәбірленушіге,
азаматтық талапкерге, азаматтық  жауапкерге  немесе  олардың  өкілдеріне  не
маманға  қызметтік немесе өзге де байланысты болса немесе болып  отырса.   “
Өзге байланыс “  деген терминді материалдық байланыс,  бақылауға  алыну  деп
түсіну керек.  Материалдық байланыс  туралы  тұжырым  жасау  үшін  процестің
басқа қатысушылары жағынан сарапшыға материалдық қолдау  кездейсоқ   сипатта
емес, жүйелі түрде болуы керек.
    3) егер ол  оның  нәтижесі  қылмыстық  іс  бойынша   іс  қозғау  немесе
қылмыстық ізге түсуді бастау үшін  негіз  болған  ревизия  немесе  басқа  да
тексеру әрекеттерін жүргізсе.  Тексеру әрекеттеріне нәтижесі қылмыстық  істі
қозғауға негіз болған кез келген ведомстволық, инспекциялық тексеру  жатады;

   4) егер оның құзыретті  еместігі  байқалса,  яғни  арнаулы  ғылыми  білім
      негізінде   қойылған    сұрақтарды    шешуде    кәсіби    дайындығының
      жеткіліксіздігі болған кезде  сарапшыға қарсылық білдіріледі.
    Сарапшыға  қарсылық  білдіру  туралы    мәселені   қылмыстық   процесті
жүргізуші орган шешеді. Егер сарапшыға қарсылық  білдіру  туралы  мәселе  ол
сараптама жүргізгеннен кейін шешілсе, онда оның алдында  берген  қорытындысы
ҚІЖК – нің 116 – бабы 1 – бөлігі 3 – тармағына  сәйкес заңды күшін жояды.


    3.3 Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері


    Сарапшының жалғыз іс жүргізу  функциясы  қорытынды  беру  үшін  арнаулы
ғылыми білім негізінде дәлелдемелерді зерттеу болып табылады.
    Сарапшының:
         - қылмыстық  істің  сараптама  жүргізуге  қатысты   материалдарымен
           танысуға.
         - өзіне қорытынды беру үшін  қажетті  қосымша  материалдарды  беру,
           сондай – ақ істің нақты   мән  –  жайлары  жөнінде  сұрақтар  мен
           деректерді нақтылау туралы  өтініш  білдіруге  құқылы.  Сараптама
           тағайындау туралы қаулымен  танысу,  сонымен  бірге  оны  жүргізу
           кезінде қосымша материалдар беру туралы өтініш білдіруге болады..


         - Қылмыстық процесті жүргізуші  органның   рұқсатымен  тергеу  және
           басқа  іс  жүргізу  әрекеттерін  жүргізуге  қатысуға  және   оған
           қатысушыларға  сараптама тақырыбына қатысты сұрақтар  қоюға;  өзі
           қатысқан  тергеу  немесе   өзге  де  іс   жүргізу   әрекеттерінің
           хаттамасымен,  сондай  –  ақ  тиісті  бөлігінде   сот  отырысының
           хаттамасымен танысуға және  өзінің әрекеті мен жауаптарының толық
           және  дұрыс  көрсетілуіне  қатысты  хаттамаға  енгізуге   жататын
           ескертулер жасауға құқылы;
         - Сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша іс үшін маңызы
           бар және  өз бастамасымен анықталған, егер бұл анықталған  мән  –
           жайлар оның арнаулы ғылыми білімі ауқымына  жататын  болса,  өзге
           мән – жайларды көрсетуге құқылы.
         - Қорытындыны және  айғақтарын  өзінің  ана  тілінде  немесе  еркін
           меңгерген тілде беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
         - өзінің арнаулы білімдер шегінен асып кететін  мәселелер  бойынша,
           сондай – ақ  егер оған берілген материалдар  қорытынды беру  үшін
           жеткіліксіз болса, қорытынды беруден бас тартуға;
         - қылмыстық процесті жүргізуші органның  сараптама жүргізу  кезінде
           өз құқығына нұқсан келтірген әрекетіне шағым жасауға;
    - егер  жұмысты қызметтік тапсырма ретінде орындаса, жұмыс орны бойынша
жалақы;
    - егер орындалған жұмыс оның лауазымдық  міндеттер  ауқымына  кірмейтін
және жұмыс уақытынан  тыс  кезде  орындалған  болса,  ҚР  Үкімет  белгілеген
ставкілер  шегінде  республикалық  бюджет  қаражаты  есебінен  сыйақы  алуға
құқылы
      Сарапшының:
    -өз бетінше қорытынды беруге арналған материалдар жинауға  құқығы  жоқ,
өйткені бұл жағдайда ол  өзінің  іс  жүргізу  функцияларының  шегінен  шығып
кетеді, ал бұл дәлелдемелерге жол беру принципін бұзуға әкеп соқтырады;
    -егер оған сараптама тағайындаған  органның  арнаулы  рұқсаты  болмаса,
объектілерді толық немесе ішінара  жоюға  не  олардың  сыртқы  түрін  немесе
негізгі қасиеттерін  өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер  жүргізуге  құқығы
жоқ.
         Сарапшы:
    -қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті.
Сарапшының келмеуінің дәлелді себептері ҚІЖК – нің 158 – бабы 2 –  бөлігінде
белгіленген;
    -жүргізілген зерттеулермен берілген  қорытындыға  байланысты  мәселелер
бойынша жауап беруге міндетті. Сарапшыдан жауап  алу ережесі ҚІЖК – нің  253
– бабында баяндалған;Тергеу әреке,ттерін жүргізу кезінде  және  сот  отырысы
уақытында тәртіп сақтауға міндетті;
    -сараптама жүргізуге байланысты  өзіне  белгілі  болған  істің  жағдайы
туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді жарияламауға міндетті.
      Сарапшы сот сараптамасы органның қызметкері болғандықтан,  қызметінің
тегіне орай, құқықтарымен міндеттерімен танысқан және  оған  көрінеу  жалған
қорытынды  бергені  үшін  қылмыстық  жауапқа   тартылатындығы   туралы   деп
саналады.


    4  Қылмыстық   процесте   сот    сараптамасын   тағайындау,   жүргізуді
ұйымдастыру, зерттеу
    4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері
    4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
    4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары
    4.4 Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу


    4.1 Сараптама тағайындаудың негіздері.
    Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор,
сот  тағайындауы  мүмкін.  Тергеуші  сараптаманы   қылмыстық   істі   қозғау
сатысында және  алдын  ала  тергеу  жүргізу  кезінде  тағайындайды.  Анықтау
органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі  қозғау  сатысында  және  алдын
ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу  кезінде,
қылмыстық істі қозғау  туралы  мәселені  шешу  үшін  оның  нәтижелері  қажет
болған  жағдайда  прокурор  тағайындауға  құқылы.  Сараптама   тағайындаудың
негізі нақты және заңды деп бөлінеді.
    Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс  жүргізу  барысында,
бір жағынан, қылмыстық процесті  жүргізуші  органның  қарамағындағы  бар  іс
бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің  мән-жайларын  арнаулы  ғылыми
білім  негізінде  анықтау  қажеттілігін  сипаттайтын  проблемалық   танымдық
ситуациялардың туындауы болып табылады.
    Сараптаманы  тағайындаудың  заңды  негізі  арнаулы  ғылыми   білімдерді
пайдаланумен мәселелерді  шешудің  қажеттілігі  расталатын  іс  материалдары
болып табылады.
    Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама  істі
қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау  немесе  алдын  ала
тергеу сатысында тағайындалады.
    Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық
зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады.
    Кешенді сараптама іс  бойынша  бір  мән-жайды  анықтау  үшін  әр  түрлі
сарапшылық  мамандықтардың  негізінде  зерттеулер  жүргізу  қажет   болғанда
тағайындалады.
    Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған,
сондай-ақ  осының  алдындағы   зерттеумен   байланысты   туындаған   қосымша
мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады.
     Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы  қорытындысы  жеткілікті  түрде
негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама  тағайындау
мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде  бұзылған  жағдайларда  дәл
сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.


    4.2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
    Сот сараптамасы органының сот сараптамасын  жүргізуі.  Сот  сараптамасы
органы басшысының өкілеттігі.
    Қазақстан Республикасында  сот  сараптамасын  сот  сараптама  органдары
немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері  болып  табылмайтын  адамдар
жүргізе алады. Олардың толық тізбесі «Сот  сараптамасы  туралы»  заңының  4-
бабында көрсетілген:
   1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы
      және оның аймақтық бөлімшелері;
   2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медецинасы
      орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
   3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен  қылмыстық  қудалау  функциясы
      жүктелген  мемлекеттік  органдар  бөлімшелерінен   басқа,   Қазақстан
      республикасының заңнамасына  сәйкес  функцияларына  сот  сараптамасын
      жүргізу   жатқызылған   мемлекеттік   органдардың    мамандандырылған
      бөлімшелері жатады.
    Сот  сараптамасы  органының  басшысы  дегеніміз   -   Сот   сараптамасы
орталығының  директоры,  Сот  медецинасы  орталығының   директоры,   олардың
орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің  басшылары,  сондай-
ақ   Қазақстан   Республикасының   заңнамасына   сәйкес   функциясына    сот
сараптамасын жүргізу жатқызылған  мемлекеттік  органдардың  мамандандырылған
бөлімшелерінің басшылары болып табылады. Сот сараптамасы  органының  басшысы
сараптаманы тағайындау туралы қаулы мен ұсынылған материалдарды,  егер  олар
тиісінше ресімделмеген  және  бұл  сараптама  жүргізуге  мүмкіндік  бермесе,
сондай-ақ  егер  сараптама  жүргізу   осы   сот   сараптамасы   органдарымен
көзделмеген  немесе  ол  тиісті  мамандар  мен   құрал-жабдықтары   болмаса,
себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.
    Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау  кезінде  сот  сараптамасы
органының басшысы:
             -   сараптаманы   жүргізуді   сарапшыға   немесе    сарапшылар
               комиссиясына тапсырады;
             - сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына
               бақылау жасайды;
             -  сарапшы  тәуелсіздігінің  принциптерін  бұзбай,  сарапшылық
               зерттеудің толықтығы мен сапасына, сараптама  объектілерінің
               сақталуына бақылау жасайды;
             - сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды
               құрал-жабдықтармен, аспаптармен,  материалдармен  қамтамасыз
               етеді.
    Сараптама жүргізудің мерзімі алдағы  зерттеулердің  қиындық  дәрежесіне
қарай   ведомстволық   нормативтік   актілер   талаптарын   ескере    отырып
белгіленеді.
    Сарапшының қорытындысы екі данада жасалады.  Бірінші  данасы  сараптама
тағайындаған  органға  жіберіледі,  екіншісі  –  сот  сараптамасы  органының
мұрағатында сақталады. Сарапшының қорытындысына  сот  сараптамасы  органының
басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға  жолданған  ілеспехат  қоса
тіркеледі, онда сараптаманы шығару  күні,  оны  жүргізудің  құны,  қорытынды
мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады.


    4.3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
    Сарапшылық зерттеу  –  сарапшының  сараптамаға  ұсынылған  объектілерді
зерттеу процесі. Ол жеке  міндеттердің  сипаты  бойынша  ажыратылатын,  бір-
бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:
             - дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда);
             - сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;
             - салыстырмалы зерттеу сатылары;
             - зерттеу нәтижелерін бағалау және  сарапшының  қорытындыларын
               тұжырымдау сатылары.
    Сарапшылық зерттеудің дайындық сатысы  –  сот  сараптамасын  жүргізудің
бірінші сатысы,  оның  мазмұны  сараптама  жүргізу  үшін  негіз  болатын  іс
жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудің технологиясын  анықтау
үшін  сарапшыға  ұсынылған  материалдармен  танысу,   сондай-ақ   сарапшылық
болжамдар көтеру,  зерттеу  бағдарламасын  жасау  және  қажетті  техникалық,
аспаптық, ақпараттық базаны дайындау болып табылады.
    Бөлек сарапшылық  зерттеу  сот  сараптамасы  объектілірінің  белгілерін
бөлек оқып-зерттеуден тұрады. Осы  сатысының  барысында  сот  сараптамасының
әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері  анықталады.
Мұнда   дәлелдемелерді,   содан   кейін,   қажет    болғанда    салыстырмалы
материалдарды  оқып  зерттеу  қарастырылады.   Зерттеу   нәтижесінде   әрбір
объектіні жекелендіретін, оның  мәнін,  сапалық  және  сандық  сипаттамасын,
тиісті белгілерде көрінетін объекті  қасиеттерінің  пайда  болуын  анықтауға
мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асырылады.
    Салыстырмалы зерттеу объектілердің анықталған белгілерінің сәйкес келуі
немесе айырмашылығы  анықталатын  саты  болып  табылады.  Ол  салыстырылатын
объектілер  белгілерінің   сәйкес   келуі   мен   айырмашылығын   анықтаумен
аяқталады. Салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен құралады:
    -объектілердің айырмашылығын  немесе  олардың  бір  топқа  қатыстылығын
анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;
    -объектілердің жеке белгілерін салыстыру.
    Сарапшының зерттеу нәтижелерін  бағалау  және  қорытындысын  тұжырымдау
сатысы болады, өйткені  сарапшы  зерттеуді  объектілер  белгілерінің  сәйкес
келу немесе айырмашылық  фактілерін  атап  көрсетумен  аяқтамауы  керек.  Ол
алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге  міндетті.  Осы  сатыда  сарапшы
өзінің  ішкі  сенімі  негізінде   анықталған   белгілерді   бағалайды   және
қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту  әдістері,
ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу  кеңінен  пайдаланылады.  Саты
сарапшылық зерттеу барысы мен  нәтижелерін  бейнелейтін  іс  жүргізу  құжаты
ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.


       4.4 Сарапшылық зерртеу нәтижелерін ресімдеу.
    Сарапшының қорытындысы – іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің
нәтижелері баяндалады, қойылған  сұрақтардың  біреуіне  болса  да  жауап  өз
мәнісі  бойынша  беріледі  немесе  тұжырымның  біреуі  болса  да  сарапшының
бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы өз атынан жазбаша қорытынды жасап,  оның
өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама  тағайындаған  органға
жібереді.
    Сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу  және
тұжырым.
    Сарапшы  қорытындысының  кіріспе  бөлімінде  мыналар  көрсетілуі  тиіс:
сараптама  атауы,  оның  нөмірі,  материалдар  келіп  түскен  және  қорытыны
жасалған күні; сараптама тағайындаған  адам;  сараптама  жүргізудің  негізі;
зерттеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен  объектілер
орамасының  түрі;  сарпашының  алдына  қойылған  мәселелер:  сарапшы  туралы
мәліметтер – тегі, аты,  әкесінің  аты,  білімі,  мамандығы,  ғылыми  атағы,
лауазымы;  көрінеу  жалған  қорытынды  бергені  үшін  қылмыстық  жауаптылығы
туралы өзінге ескертілгені  туралы  сарапшының  қол  қоюымен  куәландырылған
белгі.
    Зерттеу  бөлімінде  сараптама  объектілерінің   жай-күйі,   қабылданған
зерттеу  сұлбасы,  пайдаланған  зерттеу  әдістері  мен   оларды   қолданудың
техникалық  шарттары  туралы,  сарапшы  жүргізген   эксперимент   нәтижелері
туралы, зерттеу барысында пайдаланылған  нормативтік  құқықтық  актілер  мен
анықтамалық   әдебиеттер   туралы,   жүргізілген   зерттеудің    нәтижелерін
сарапшылық бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.
    Тұжырымда қойылған сұрақтарға сарапшының  жауаптары  баяндалады,  Әрбір
сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе  себептерін  көрсете  отырып
оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.


    5 Қылмыстық іс бойынша сарапшы қорытындысын бағалаудың іс жүргізу
аспектілері
    5.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысы –
жалпы сипаттамасы
    5.2 Қылмыстық процесті жүргізу органның сарапшы қорытындысын бағалауы
    5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы
қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалаудың ерекшеліктері
    5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау
салдарлары
    5.5 Сарапшыдан жауап алу
    5.6 Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәге сарапшы
қорытындысын көрсету
    1.
    5.2 Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы
    Сарапшының қорытындысын анықтаушы, анықтау органы, тергеуші,  прокурор,
судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және  объективті  қараудың  жиынтығына
негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша, заң  мен  ар  ожданың  басшылыққа
алып,  дәлелдемелерді  бағалаудың   жалпы   ережелері   бойынша   бағалайды.
Қылмыстық іс бойьшша дәлелдеме ретіндегі сарапшы корытыңдысын  бағалауға  іс
бойынша оның қатыстылык, жол берушілік, сенімділік және дәледемелік  маңызын
анықтау кіреді.
    Жол берушілік - ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды
көздері  тұрғысынан,  соңдай-ақ  қылмыстық  іс  жүргізу  заңында   көзделген
тәртіпте, осыңдай көздерде болатын  нақты  деректерді  алудын  тәсідері  мен
бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
    Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:
    1) дәлелдемелерді алуға  бағытталған  іс  жүргізу  әрекеттерін  жасауға
кұкықты тиісті субъект;
дәледдеме мазмұнынан құралған ... нақты деректердің тиісті көзі;
 дәледдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу  әрекеті;
    4) дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу  әрекетін   өткізудің
тиісті тәртібі .
    Сарапшы қорытындысының сенімділігін,  яғни  оның  шындыққа  сәйкестігін
анықтау оны бағалаудың ең қиын кезеңі  болып  табылады,  өйткені  оның  анық
формальды критерийлері болмайды.
      Сарапшы қорытындысының сенімділігін бағалау екі амалда жүргізіледі:
    - сарапшы қорытыңдысының негізділігін бағалау, оның барысында ол  басқа
дәлелдемелерден бөлек алынып, жеке зерттеледі;
    -   сарапшы   қорытындысының   дұрыстығын,   оны   іс   бойынша    өзге
дәлелдемелермен салыстыру және  басқа  дәлелдемелермен  сәйкестігін  анықтау
арқылы бағалау.
      Сарапшы  қорытындысын  бағалаудың  соңғы  кезеңі  оның   дәлелдемелік
маңызын                анықтау                болып                табылады.
                                                                     Сарапшы
қорытындысының дәледдемелік  маңызы  сарапшының  анықтаған  мән-жайлары   іс
бойынша дәледдеу тақырыбына  кіретіндігіне  көп  байланысты  (КІЖК-нің  117-
бабы).        Тікелей  дәлелдеме  болып   табылатын   сарапшы   қорытындысы,
негізінде, іс бойынша аса маңызды болады. Мысал ретінде  есірткілерге,  суық
және атыс қаруға жүргізілген сараптама нәтижелерін келтіруге болады.
    Жанама   дәлелдеме   болып   табылатын   сарапшышар   қорытын-дыларының
дәлелдемелік маңызы бірқатар факторларға байла-нысты және іс  бойынша  нақты
ситуациямен анықталады. Олар іс жүргізу шешімінің негізіне  тек  істің  өзге
мән-жайларымен, ондағы тізбектің бірі ретіңде жиынтықта қойылуы мүмкін.


    5.3 Сарапшы тұжырымының мазмұны мен     нысанына    байланысты  сарапшы
қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері
    Сарапшылар қорытындысын бағалаудың  ерекшеліктері  көбінде  жүргізілген
сараптама  түрлерімен,   сарапшылық   қорытыңдының   мазмұнымен,   сондай-ақ
тұжырымдардың логикалық нысанымен анықталады, сондықтан да  тектік  (топтық)
қатыстылық туралы тұжырымдардан, сондай-ақ ықтималды, шартты  және  баламалы
нысандағы тұжырымдардан тұратын қосымша және қайталама сараптама  жүргізудің
нәтижелері бойынша қорытындыларды бағалаудың  жағдайын  қарастырған  лайықты
болады.
     Қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қоры тындыны бағалау
тек  бастапқы  сараптама  қорытындысымен  жиынтықта,  ал  қосымша  сараптама
жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындьшы  бағалау  -  негізгі  қорытыңдымен
жиынтықта  жүргізіледі.   Бұл   жағдайда   бағалау   элементі   қорытынды-ны
салыстырмалы талдау болып табылады.
    Бастапқы жөне қайталама сараптамаларда қайшылықтардың болуы кезінде сот
бір қорытындының екіншіден артықшылығын дәлелдеу  немесе  қайшылықтарды  жою
үшін жаңа сарапта-ма тағайындауы керек.
    Тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдарда бағалау кезінде  олардың
дәлелдемелік күші объекті жатқызылған кластың  таралушылық  дәрежесіне  кері
пропорционалды. Осы  таралушылық  туралы  білу  сарапшы  қорытындысын  дұрыс
бағалаудың қажетті шарты болып табылады.
    Сарапшының  қорытыңдыда  болжамды   тұжырымдар   келтіруі,   негізінде,
қылмыстық  процесті  жүргізуші  органның   (адамның)   қарауына   сарапшылық
болжамдарды шешудің нұсқаларын ұсыну  болып  табылатындығына  келіскен  жөн.
Осыған  байланысты  аталған  тұжырымдар  іс  бойынша  іс  жүргізу  шешімінің
негізіне қойылмайды.
    Алайда, сарапшы хабарлаған фактілер іс бойынша дәлелде-
мелердің жалпы  жүйесіне  қосылатындықтан,  тергеушінің  (соттың)  ықтималды
нысандағы тұжырымдары  бар  сарапшы  қорытындысын  дәлелдемелік  мақсаттарда
пайдалану мүмкіндігі бар.


    Актінің  зерттеу  бөліміңде  баяндалған  сарапшының  анықтаған   аралық
фактілердің дәлелдемелік маңызын сарапшылық түсіндіру  жөнінде  сөз    болып
отыр. Бұл шешім сарапшылық зерттеудің ақпараттык және  дәледемелік  жақтарын
айыруға мүмкіңдік береді.      Фактінің мүмкіндігі  туралы  тұжырым  тек  ол
расталмаған  нысанда  тұжырымдалғанда  ғана,  дәлелдемелік  маңызы   болады.
Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым көбінде тек  ақпараттық  рөлді  атқарады.

    Сарапшы  өзара  бірін-бірі  шығаратын  екі  не  одан  да  көп   нұсқаны
келтіретін баламалы тұжырымды  бағалаудың  ерекшелігі,  олардың  жиынтығыңда
дәлелдемені бағалай отырып, қылмыстық процесті жүргізуші  адам  тексерілетін
нұсқалардың санын шектеп, біреуін тандап алуы мүмкін.
    Шартты  тұжырымдар  сарапшы  келтірген  шарттың  шынайылығы  сарапшылық
зерттеу шегінен басқа іс материаддарымен расталған кезде  дәлелдеме  ретінде
пайдаланылуы мүмкін.


    5.4 Қылмыстық процесті жүргізуші  органның сарапшы қорытындысын бағалау
 салдарлары
     Сарапшы  корытындысъш  бағалай  отырып,  оны  тағайындаған  орган  оны
дәлелсіз елемеуге, онын іс бойынша басқа материалдарға қатысты  дәлелдемелік
маңызын  көтермелеп  бағалауға,  дәледеме  ретінде  сыни  пайдаланбауға  жол
бермеуі керек.  Сарапшы  қорытындысын  бағалау  жиынтығы  бойынша  қылмыстық
процесті жүргізуші орган мына төмендегі шешімдердің бірін қабылауы мүмкін:
қорытындыны толық және негізделген, ал ондағы нақты  деректерді  іс  бойынша
сенімді және манызы бар деп тануы;
қорытыңдыны жеткілікті анык және толық емес деп тануы;
қорытыңды негізделмеген немесе оның  дұрыстығы  күмән  келтіреді  деп  тануы
мүмкін.
    Сарапшы қорытыңдысын бағалау нәтижелері, оның  іс  бойынша  іс  жүргізу
барысында   немесе   іс   бойынша   түпкілікті   шешім   қабылдау    сәтіңде
берілгендігіне байланысты айыптау    қорытындысында  ,  іс  бойынша  қаулыда
(істі тоқтату туралы, сарапшыдан жауап алу,  қосымша  (қайталама)  сараптама
тағайындау туралы) немесе үкімде  көрініс  табу  керек.  Сонымен  қатар,  іс
жүргізу  құжаттарында  сарапшылық  қорытындылардың  мәнісін   және   олардың
негізінде тиісті мән-жайлар туралы өз  тұжырымын  дәл  қайта  жаңғырту  және
дұрыс баяндау керек..
    Айыптау  қорытындысында  немесе  үкімде  айыпталушының   (сотталушының)
кінәлі екендігі сарапшының қорытындысымен расталады деген сілтеме  түріндегі
қорытындыларды пайдалану практикасы дұрыс болып табылмайды.
     Сарапшыньң қорытындысын бағалау  нәтижесі  оң  болған  кезде  ол  жаңа
дәлелдемелерді  алу  және  бар  дәлелдемелерді   тексеру   үшін,   сол   бір
дәлелденген мән-жайларды тану, қылмыстық іс бойынша  әрі  қарай  іс  жүргізу
барысын анықтау үшін дәледдемеде пайдаланылуы мүмкін.
    Сарапшы  қорытындысымен  келіспеу  себептері  айыптау   қорытыңдысында,
қаулыда, сот үкімінде баяндалады. Мұнда қылмыстық процесті  жүргізуші  орган
қорытындыны толық немесе тұжырымның бір (бірнеше) бөлігін қабылдамайды..
    Заң әдебиеттерінде қайталама сараптама жүргізу кезінде сарапшының бұрын
берілген қорытындысына баға берудің мүмкіңдігі туралы мәселе тақыланьп  жүр.
Оған жауап беру кезінде тек сотпен жүзеге  асырылатьш  сарапшы  қорытындысын
іс  жүргізуіне  бағалау   және   арнаулы   ғылыми   білімдерді   пайдалануға
негізделген   арнаулы   бағалау   айырмашылығьшан   шығып    отыру    керек.
Айтылғанды   ескергенде,   сот   сараптамасын        жүргізудің   мәселелері
жөніндегі  ведомстволық  нормативтік  құкықтық   актілерге   бастапқы   және
кайталама сараптама қорытындысындағы  айырмашылықтардың  себептерін  бағалау
талабы кіреді.  Сарапшының  қай  қорытындысына  (бастапқы  немесе  кайталама
сараптамалар нәтижелері бойынша) артықшылықты беру керектігі  жайлы  мәселе,
отандық заңнамада  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға  берілген.  Мұнда
бағалаудың басталу сәтінде  қайталама  сараптама  қорытындыларының  бастапқы
сараптама қорытындысымен салыстырғанда, қандай да бір артықшылығы жоқ.


    5.5   Сарапшыдан жауап алу
    Қорытынды бергеңнен кейін,  осы  қорытындыньң  мәні  бойынша  қылмыстық
процесті жүргізуші органның сарапшыдан жауап алу  күқығы  КІЖК-нің  253,355-
баптарында көзделген.ҚІЖК-нщ 253-бабына сәйкес егер  сарапшының  қорытындысы
жеткілікті  түрде  .анық  болмаса,   қосымша   зерттеулер    жүргізу   талап
етілмейтіңдей  олкылықтары  болса  немесе  сарапшы  қолданған  әдістер   мен
терминдерді нактылау  қажет болса,  сарапшыдан  аталған  мән-жайлар  бойынша
жауап алынады.Сарапшыдан жауап алу хаттама толтыру арқылы ресімделеді.
            Сарапшыдан   жауап   алу   тек   оның   берген   қорытындысының
түсініктемесі, толықтыруы мен  нақтылауы  болғандықтан,  са-рапшы  қорытынды
ұсынғанға дейін жауап алуға жол берілмейді.
           Іс  бойынша  сотқа  дейінгі  іс  жүргізу  барысында  немесе  сот
отырысында  істі  алдын  ала  тындау  барысында  шығарылған  қаулы   бойынша
сараптама жүргізген сарапшыдан жауап алу-дың кейбір ерекшеліктері болады.
          Сотта сарапшыдан жауап алуға байланысты  сарапшыны  шақырту  және
оның сотта болу тәртібін қараған жөн.
         Сарапшыны шақыру туралы мәселе  басты  сот  талкылауын  тағайындау
кезіңде немесе басты сотталқылауында тікелей соттың өз бастамасы бойынша  не
процеске қатысушылардың өтініші бойынша шешіледі. Аталғандардың негізі ҚІЖК-
нің 302-бабы 2-бөлігі 4), 6) тармақтары болып табылады.
          Сарапшыны  сотқа  шақыру  тек  қажетті  жағдайларда  ғана  жүзеге
асырылуы тиіс. Жалпы танылған пікір бойынша ондайлар мыналар болуы мүмкін:
қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшы қорытыңдысының аса манызы;
соттың сарапшы қорытыңдысымен немесе оның корытынды берудің мүмкін  еместігі
туралы   хабарламасымен   келіспеуі,   сондай-ақ   сарапшы    корытындысының
дұрыстығына күмәні;
сарапшы қорытыңдысының жеткілікті түрде анық немесе толық еместігі;
сараптама жүргізу арқылы қосымша туындаған сұрақтарды шешу мүмкіндігі;
бір   сұрақтар   бойынша    сараптама    жүргізген    сарапшылар    арасыңда
келіспеушіліктің  немесе  комиссиялық  (соның  ішінде   кешенді)   сараптама
жүргізген сарапшылар комиссиясы мүшелері арасындағы келіспеушіліктің болуы;
  аддын  ала  тергеуде  жүргізілген  сараптама  қорытындыларымен  айыпталушы
немесе жәбірленушінің келіспеуі және олардьщ сотта сараптама жургізу  туралы
дәлелді өтініші.
         Сарапшыдан жауап алу кезінде  соттың  реттеушілік  рөлінің  маңызы
бар,  өйткені  жауап  алу   сарапшылық   қорытындының   объективтілігі   мен
негізділігін анықтауға ықпалын тигізе ме, жоқ әдде сарапшының жеке басы  мен
кәсіби  дәрежесінің  беделін  түсіру  актісіне  айналама,  соған  байланысты
болады.
          Сарапшы қорытыңдысын  зерттеу  барысы  сот  отырысы  хаттамасыңда
көрсетіледі.


    5.6  Сезіктіге,  айьштадушыға,   жәбірленушіге   және   куәга   сарапшы
қорытындысын  көрсету
          Сарапшының қорытындысын, оның қорытынды берудің  мүмкін  еместігі
туралы хабарламасын, сондай-ақ сарапшыдан  жауап  алу  хаттамасын  сараптама
жасалған сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге,  сондай-ақ  куәға  көрсету,
олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі болып табылады.
        Алдын ала тергеу аяқтағанға дейін сараптама материалдары мен танысу
талабы  сараптама  жүргізілген  жоғарыда  санамаланған  іске  қатысушылардың
өтініші бойынша дер кезінде іс  жүргізу  әрекеттерін  өткізу  қажеттілігімен
байланысты.
             КДЖК-нің 254-бабына  сәйкес,  сарапшының  қорытындысымен  және
өзге де материалдармен танысқан сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә:
       -сарапшыдан бас тартуға
       -сарапшы қорытындысының мәні бойынша түсінік беруге;
       -сарапшы қорытындысына дәлелді қарсылықтарын мәлімдеуге;
       -жаңа, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау  туралы  өтініш
беруге құқылы.
    Мұндай өтінішті қанағаттандырған немесе қабылдамаған жағдайда  тергеуші
тиісті қаулы шығарады, оны өтініш біддірген адамнан қолхат алып хабарлайды.
           ҚІЖК-нің 244-бабы  2-бөлігінің  мазмұныңца  аталған  құқықтарға,
сонымен қатар, егер оның психикалық  жағдайы  мүмкіндік  берсе,  медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адам  да
ие.
            Сарапшы қорытындысы және одан жауап алу  хаттамасымен  жоғарыда
аталған адамдарды таныстыру туралы хаттама  жазылып,  оңда  олардың  жасаған
мәлімдемелері мен қарсылықтары көрсетіледі.
            Егер сараптама адамды айыпталушы ретінде іске тартқанға  немесе
оны  сезікті  не  жәбірленуші  деп  танығанға  дейін  жүргізілген  жағдайда,
сарашының қорытындысы ғана емес (қорытынды берудің  мүмкін  еместігі  туралы
хабарлама,  сарапшыдан  жауап  алу  хаттамасы),  сонымен   бірге   сараптама
тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі.


    6 Қазақстан Республикасының азаматтық және әкімшілік ісіндегі арнаулы
білім беру институты
    6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану
    6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы
    6.3 Әкімшілік процесте арнаулы білімдерді пайдалану


    6.1 Азаматтық процесске арнаулы білімдерді пайдалану
    Азаматтық   процесте   арнаулы   білімдерді   пайдалану   сот   қызметі
негіздерінің  елеулі  бөлігін  құрайды.   Арнаулы   білімдерді   пайдалануға
негізделген әдістер, амалдар  мен  дәлелдемелермен  жұмыс  істеу  құралдары,
оларды шебер және дұрыс қолдану кезінде, дәлелдемелерді жинау, зерттеу  және
бағалау процесінде соттың мүмкіндіктерін  едәуір  кеңейтеді,  азаматтық  сот
ісін жүргізудегі дәлелдеудің сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.
    Азаматтық  сот  ісін   жүргізудегі   арнаулы   білімдерді   пайдалануды
реттемелейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ғылыми негізделген  жүйені  және
мызғымас іс жүргізу институтын құрайды.
    Азаматтық сот ісін жүргізудегі арнаулы  білім  институты  өзінің  нақты
мазмұнымен соттың дәлелдемелік қызметімен байланысқан, яғни арнаулы  білімді
проблемалар тұрғысынан, оларды азаматтық сот ісін жүргізудегі  мақсаты  және
пайдалану нысандарымен  байланысты  оқып  –  зерттеу  кезінде  азаматтық  іс
жүргізу қызметінің негізгі мазмұнын құрайтын дәлелдеу құрылымындағы  арнаулы
білімнің орнымен байланыстыру керек. Тиісті мәселелер  дәлелдеу  теориясының
элементі болады.
    Азаматтық сот ісін жүргізудегі дәлелдеудің басты ерекшеліктерінің  бірі
оның міндеттерін тараптарға жүктеу болады, ол азаматтық жүргізу  заңында  өз
көрінісін тапты.
    Азаматтық процестегі дәлелдеу тақырыбы мән – жайлардың жиынтығы болады,
оларды анықтау азаматтық істі дұрыс шешу үшін қажет. Істі  дұрыс  шешу  үшін
маңызы  бар  мән  –  жайлар  іске  қатысушы  тараптардың,  басқа  адамдардың
талаптары мен қарсылықтары негізінде, қолдануға жататын материалдық және  іс
жүргізу құқығы нормаларын  ескере  отырып  сот  анықтайды.  Бұл  іс  бойынша
дәлелдеу тақырыбын сот анықтайды деген сөз.
    Құқықтық аспектіде дәлелдеу – азаматтық істі шешу үшін маңызы бар мән –
жайлар  туралы  шын  білім  алуға  бағытталған,  заңмен  өкілеттік  берілген
субъектілердің  белгіленген  іс  жүргізу  нысанында  жүріп  жатқан  қызметі.
Азаматтық процестің негізгі мазмұнын құрай отырып, дәлелдеу  қандай  да  бір
көлемде ондағы қатысушы әрбір адамның қызметіне енеді.
    Қазақстан  Республикасының  азаматтық  іс  жүргізу  заңындағы  бүтіндей
арнаулы білім институтын сипаттай отырып, алдымен, ол заңының  басты  идеясы
- өз іс - әрекеттерін  жауапкершілікпен  ұштастырумен  құқықты  сот  қорғауы
кезінде   тараптардың   еркіндегі   мен   белсенділігінің    іске    асыруға
бағытталғанын айта кету керек.


    6.2 Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы
    Азаматтық процестегі арнаулы білімді пайдаланудың ең білікті нысаны сот
сараптамасы  болып  табылады,   ол   дербес   құқықтық   институттан,   яғни
сараптаманы  тағайындау,  жүргізу,  сарапшы  қорытындысын  алу  мен  бағалау
бойынша қатынасты реттемелейтін азаматтық іс жүргізу құқықтары  нормаларының
жиынтығынан тұрады.
    Сараптама тағайындаудың нақты негіздері істі қарау  кезінде  туындайтын
мәселелер  бойынша  қорытынды  беру  мақсатында  арнаулы   ғылыми   білімдер
негізінде  зерттеу  жүргізу  қажеттілігі  болып  табылады.  Арнаулы   ғылыми
білімдерді меңгеруден басқа сарапшыға қойылатын өзге талаптар  АІЖК-нің  91-
бабы  4-бөлігінде  және  «Сот   сараптамасы   туралы»   Заңының   10-бабында
белгіленген.
    Сараптама тараптың өтініші бойынша сондай – ақ соттың бастамасы бойынша
да тағайындалуы мүмкін.
    Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы  тікелей  сот  талқылауы
сатысында,  сондай-ақ  өзге  сатыларда  жүргізілуі  мүмкін.  Осы   белгілері
бойынша сараптама тағайындаудың мына төмендегі іс жүргізу  нысандарын  бөліп
көрсетуге болады:
    Сараптаманы жүргізу дәлелдемелерді  қамтамасыз  ету  тәсілдерінің  бірі
болып табылады. Оны дәлелдемелерді  қамтамасыз  ету  тәртібімен  тағайындау,
егер соңынан сараптама жүргізу мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді  деп
қауіптенуге негізі бар жағдайда болуы мүмкін.
    Аталған  мән-жайлар  сараптама  объектілерінің,   олардың   уақыт   өте
қасиеттерінің өзгеруіне, жойылуына немесе зерттеу үшін  қол  жетпейтіндігіне
байланысты.
    Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібінің сараптама тағайындаудың  заңды
негіздері мүдделі  адамның  мәлімдемесі  болып  табылады,  онда:  қамтамасыз
етілуге қажетті  дәлелдемелер,  растау  үшін  осы  дәлелдемелер  қажет  мән-
жайлар; өтініш беру үшін қамтамасыз ету туралы  өтініш  жасауға  итермелеген
себептер;  қамтамасыз  етілетін  дәлелдемелер   қажет   болып   отырған   іс
көрсетілуге тиіс.
    Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен  сараптама  тағайындау  туралы
өтінішті беру осы іс-әрекеттер үшін заңда көзделген жалпы  ережелер  бойынша
жүргізіледі.
    Қылмыстық процеске  қарағанда,  азаматтық  процесте  алдын  ала  тергеу
сатылары болмайды, сот талқылауына дейін іс жүргізу әрекеттері тек  шектеулі
деңгейде және тек сотта істі кейін қарау  үшін  жағдайлар  жасау  мақсатында
ғана  жүргізіледі.  Азаматтық  іс  жүргізу   заңы   сот   отырысында   бұрын
жүргізілген іс жүргізу әрекеттерін міндетті түрде қайталауды талап  етпейді.
Іс  жүргізу  әрекеттері,  соның  ішінде  бастапқы   сараптама   оларды   сот
талқылауында қайталамас  үшін  сотқа  дейінгі  сатыларда  жүргізіледі.  Егер
сараптама алдында жүргізілсе,  сот  талқылауында  қайталама  немесе  қосымша
сараптама тағайындалуы мүмкін, ал қылмыстық процесте сот  талқысы  барысында
жүргізіліп  отырған  сараптама  оның  бұрын  алдын  ала   тергеу   сатысында
жүргізілген жүргізілмегендігіне қарамастан бастапқы болып есептеледі.
    Сараптама жүргізу кезінде тікелей сотта сарапшы сотқа шақыртылады, онда
оған сараптама  тағайындау  туралы  ұйғарым  тапсырылады.  Сот  талқылауының
дайындық сатысында төрағалық  етуші  іске  қатысушы  адамдарға  кім  сарапшы
екендігін жария  етеді  және  олардың  сарапшыға  қарсылық  білдіру  құқығын
түсіндіреді.
    Қорытындының толық немесе  анық  еместігін  жою  мақсатында  сарапшыдан
жауап  алуынуы  мүмкін,  сондықтан  да  жауап  алуды  жүргізу  мен   қосымша
сараптама  тағайындау  негіздерінің  арасын  айырудың   критерийін   қосымша
зерттеулер жүргізу қажеттіліг болады. Егер қорытындының  толық  немесе  анық
еместігіне байланысты мәселелерді анықтау үшін  қосымша  зерттеулер  жүргізу
қажет етілмесе,  олар  сарапшыдан  жауап  алу  арқылы  анықталады  да,  оның
материалдары сарапшы қорытындысымен бірге дәлелдемелердің  бірыңғай  бөлігін
құрай отырып, іске қоса тіркеледі.


    6.3 Әкімшілік процеске арнаулы білімдерді пайдалану
    Әкімшілік процестегі арнаулы білім институты, негізінде, қылмыстық және
азаматтық іс жүргізу заңына ұқсас, бірақ қысқартылған түрде берілген.
    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның  кодексінде  көзделген  арнаулы
білімдерді  пайдаланудың  нысандарын  істерді  қарау  және  әкімшілік   жаза
қолдану, сараптама  тағайындау,  маманды  тарту,  аудармашыны  тарту  құқығы
берілген органдар пайдаланады.
    Әдебиеттерде көрсетілгендей, әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істер
бойынша сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің  ауқымы  біршама  кең,  бұл
әкімшілік құқық бұзушылық  құрамының  көп  қырлығымен  себептелген.  Мысалы,
қоршаған ортаны қорғау аясындағы немесе халықтың  денсаулығы  мен  игілігіне
қол сұғушылық туралы құқық  бұзушылық  істерді  қарау  кезінде  экологиялық,
топырақтану, биологиялық сараптамалар; автожол қозғалысы  аумағындағы  құқық
бұзушылық істерді қарау кезінде ЖКО-мен ҚК сараптамасы және сот  медициналық
сараптама; кәсіпкерлік қызмет  аумағындағы  құқық  бұзушылық  істерді  қарау
кезінде сот тауартану сараптамасы;  өз  бетінше  жер  телімін  алу,  межелік
белгілерді жою, өз  бетінше  құрылыс  салу  мен  тұрғын  жайды  пайдаланудың
ережелерін  бұзу  туралы  істерді  қарау  жөнінде  сот  құрылыс  сараптамасы
тағаындалады. Жалған немесе қасақана банкроттық, банкроттық  кезінде  заңсыз
іс-әрекеттер туралы істерді қарау кезінде сот экономикалық сараптамалар,  ал
бухгалтерлік  есеп  жүргізу  мен  бухгалтерлік  есепті  ұсынудың  ережелерін
өрескел  бұзу  туралы  істерді  қарау  кезінде  сот  бухгалтерлік  сараптама
тағайындалуы мүмкін.
    Әкімшілік процестегі сараптама қамтамасыз ету тәртібімен тағайындалады.
Дәлелдемелерді  қамтамасыз  ету  туралы  арызда  қамтамасыз   етілуі   қажет
дәлелдемелер; растау үшін бұл дәлелдемелерді қажет ететін  мән-жайлар;  арыз
берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер,  сондай-
ақ  бұл  дәлелдемелерді  қажет  етіп  отырған  іс  көрсетілуіге  тиіс.  Арыз
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа, органға  беріледі.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істі  жүргізіп  жатқан  судья,  орган
сараптама тағайындау туралы  ұйғарым  шығарады,  онда  мыналар  көрсетіледі:
судьяның, лауазымды адамның  аты-жөні,  соттың,  органның  атауы;  сараптама
тағайындалған ауқыты, орны; сараптама тағайындаудың негізі; сарапшының  аты-
жөні немесе сараптама жүргізуге тиіс сараптама органының  атауы;  сарапшының
алдына  қойылған  мәселелер;  сарапшының  қарауына  ұсынылатын   материалдың
тізбесі.
    Жалпы, сарапшының қорытындысы әкімшілік құқық  бұзушылық  туралы  істер
бойынша дәлелдемелер қатарына жатады. Оның  қорытындысы  судья,  орган  үшін
міндетті болып табылмайды.


    7  Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру
    7.1  Қазақстан  Республикасының  заңнамасындағы  сот-сраптама  қызметін
ұйымдастыру мәселелері
    7.2 Сот сараптамасының принциптері
    7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары
    7.4 Сот-сраптама қызметін кадрлық қамтамассыз ету
    7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-
тезхникалық және қаржылық қамтамассыз ету
    7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық


    7.1 Қазақстан  Республикасының  заңнамасындағы  сот-сараптама  қызметін
ұйымдастыру мәселелері
    Қазақстан Республикасында құкықтық  мемлекет  құру  азаматтық  қоғамның
барлық аясын реттейтін жаңа  заңнамаларды  қалыптастьруды  көздейді.  Осыған
байланысты, іс жүргізу институты және сот-сараптама  қызметі  ретіндегі  сот
сараптамасының  қызмет  етуі  мен  дамуының   нормативтік   негізі   жаңадан
жасалуда.
    Қазақстан  Республикасындағы   сот-сараптама   қызметін   ұйымдастыруды
реттемелейтін негізгі заңнамалық  акт  «Сот  сараптамасы  туралы»  Қазақстан
Республикасының Заңы және оны орындау  үшін  қабылданған  нормативтік  заңға
тәуелді құқықтық актілер болып табылады.
    Аталған Заңды қабылдау өзекті мәселе болды, өйткені сот  сараптамасының
қажеттілігінің өсуі бүтіндей сот-сараптама  қызметін  заңнамалық  қамтамасыз
етуді жетілдіруді талап етті.
    Сот-сараптама қызметін құқықтық реттемелеу проблемасының ерекше  маңызы
болды, өйткені Заңды қабылдау кезінде Республикада  оны  сот  сараптамасының
мемлекеттік органдары, мамандандырылған  ведомстволық  қызметтер,  сондай-ақ
өзге де заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырып отырды.
    Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»  Заңын  қабылдау,  соған
сәйкес  сот-сараптама  қызметі  лицензияланушы  қатарына   жатқызылды,   бұл
белгілі   бір   дәрежеде   сот-сараптама   қызметіне   мемлекеттік   бақылау
проблемасын жоюға ықпалын тигізді.
    Қылмыстық қудалау органдарынан сот  сараптамасын  жүргізу  функцияларын
ала отырып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай  сарапшылық
жүйесіне беруді көздейтін, Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Қазақстан
Республикасының құқықтық органдар жүйесін одан әрі реформалау  туралы»  1997
жылғы 22 сәуірдегі  Жарлығын  іске  асыру  сот  сараптамасын  жүргізуді  бір
ведомство аясына  шоғырландыруға  мүмкіндік  берді,  сөйтіп  алдында  болған
тиісті органдардың ең елеулі кемшіліктерін:
    — қылмыстық  істі  тергеумен  байланысты  мемлекеттік  органдарға  сот-
сарапшылық бөлімшелердің ведомстволық бағыныштылығын;
    —  кейінде  әр  түрлі  ведомстволарға  жатқызылатын  сот   сараптамасын
жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен бөлімшелердің бытыраңқылығын,  олардың
өзара, соңдай-ақ құқық қорғау органдарымен қажетті үйлесімінің болмауын;
    — сот сараптамасын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен бөлімшелердің,
әр  түрлі  ведомстволар  қызметіндегі   кадр   және   материалдық-техникалық
ресурстарды бөлу мен рационалды пайдалануға әкелмейтін параллелизмді жойды.
    Сот-сараптама қызметінің деңгейін одан әрі көтерудің  кепілі  процестің
субъектісі  ретіндегі  сарапшының  тәуелсіздігін,  сарапшылық  зерттеулердің
ұйымдастырушылық  және   әдістемелік   біркелкілігін,   сот   сараптамаларын
жүргізуді  жүзеге  асыратын  адамдардың  кәсіби  біліктілігі  мен  қызметіне
бақылауды, сот-сараптама  қызметінің  қаржы,  әлеуметтік  және  материалдық-
техникалық қамтамасыз ету  деңгейін  тұрақтандыру  мен  көтеруді  қамтамасыз
ететін бірынғай нормативтік құқықтық акт болып табылады.
    Айтылғандарға байланысты Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз,  білікті
және объективті сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және  қаржылық
негіздерін белгілейтін Қазақстан Республикасының  «Сот  сараптамасы  туралы»
Заңы қабылданды.
    Жоғарыда   атағандай,   тәуелсіз,   білікті   және    объективті    сот
сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық негіздері  Қазақстан
Республикасының «Сот сараптамасы туралы»  Заңымен  белгіленетіндіктен,  сот-
сараптама қызметін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелерін  оның  ережелерінен
шыға отырып талдау керек.


    7.2 Сот сараптамасының принциптері
    Сот сараптамасының принциптері — ол азаматтық, әкімшілік және қылмыстық
сот  ісін  жүргізудегі  сот   сараптамасының   мәніне,   мақсаттарына   және
міндеттеріне коғамның заң шығарушы  және  құқық,  колдану  органдары  атынан
тұжырымдамалық көзқарасын көрсететін негіз қалауының бастауы.
    Сот  сараптамасы   мына   принииптерге   негізделеді:   заңдылық;   сот
сарапшысының  іс  жүргізу   тәуелсіздігі;   сот   сараптамасы   органдарының
тәуелсіздігі; зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми  негізділігі;
кұзыреттілігі, жан-жақтылығы,  толық  және  объективтілігі;  кәсіби  этиканы
сақтауы (Заңның 3-бабы).
    Заңдылық - бұл  құқықтың  барлық  салаларының  қалған  принциптері  мен
ережелерін анықтайтын, тегіс қамтитын сипаты бар құқық принципі.
    Сот сараптамасына қатысты заңдылық принципін  сақтау  сот  сараптамасын
ұйымдастыру  мен   жүргізудің   мәселелерін   белгілейтін   қатаң   құқықтық
реттемелігін және  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  нормаларын  барлық
лауазымды адамдар мен онда қатысатын өзге де адамдардың сақтауын көздейді.
    Сот  сарапшысының  іс  жүргізу  тәуелсіздігінің  талабы,  ол  сараптама
жүргізуді  жүзеге  асыратын  сарапшы  дәлелдемелерді  өз   бетінше   зерттеу
функциясын  орындаушы  іс  жүргізу  тұлғасы  болып  табылатындығы   фактісін
көрсетеді. Сот сарапшысы жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене  отырып,
өз атынан қорытынды береді. Мұнда  сарапшы  қорытындысының  мазмұнына  ықпал
ету мақсатымен оған  сот  сараптама  органдарының  басшысы,  қылмыстық  істі
жүргізуші органдар, өзге адамдар тарапынан әсер  етуге  жол  берілмейді,  ал
бұған заң кепілдік береді (ҚІЖК-нің 12-тарауы және 245-бабы 3-бөлігі,  АІЖК-
нің 93-бабы 8-бөлігі, ҚК-нің 340, 347, 354-баптары).
    Сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігі  принципін  сақтау  қылмыстық
қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік  органдар  бөлімшелерінің  сараптама
жүргізу   мүмкіндіктерін   болдырмайтын   Қазақстан   Республикасының   «Сот
сараптамасы туралы» Заңының 4-бабы 3)  тармақшасында  нормативтік  түрде  іс
жүзіне асырылды.
    Зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігі  принципін
сақтау, ол сарапшылық зерттеу барысында  ғылымилығы  мен  сенімділігі  күмән
тудырмайтын  құралдар  мен  әдістерді  ғана  пайдалану  дегенді   білдіреді.
Сарапшы қолданған әдістемені оның ғылыми  зерттеу  тұрғысынан  бағалау  үшін
мыналарды  анықтау  керек:  сараптаманың  осы  түрінің   әзірленген   ғылыми
негіздері  бар  ма;  сарапшы  қандай  ғылыми   ережелерді   пайдаланды;   ол
зерттеудің ең жаңа және тиімді әдістері мен құралдарын қолданды ма.  Қазіргі
уақытта   сарапшылық   зерттеу   әдістемелеріне   жол   берушілікті   оларды
төлқұжаттандыру және Мемлекеттік сарапшылық әдістемелер  тізілімін  жасақтау
жолымен анықтау туралы мәселе шешілуде.
    Құзыреттілік принципін сақтау тек қажетті арнаулы  ғылыми  білімі  бар,
Заңның  10-бабы  2-тармағы  және  11-бабы  6)  тармақшасымен  олардың  болуы
расталған адамның  сот  сараптама  жүргізуін  талап  етеді.  Қажетті  ғылыми
құзыреттің болмауы іс жүргізудегі  сарапшыға  қарсылық  білдіру  ушін  негіз
болады.
    Сарапшылық  зертеудің   жан-жақтылығы   мен   толықтығы   өзара   тығыз
байланысқан.  Зерттеудің  жан-жақтылық  принципі   мына   аспектілерде:   а)
сарапшылық  зерттеу  үшін  алғашқы  мәліметтерді  қалыптастыру  кезінде;  б)
зерттеу  процесіндегі  сарапшылық  болжамдарды  қалыптастыру   мен   тексеру
кезінде және в)  зерттеу  белгілері  мен  нәтижелерін  анықтау  мен  бағалау
кезінде қарастырылуы керек. Зерттеуге  кіріскен  сарапшыда  зерттеу  жүргізу
және қорытынды беру үшін қажетті жан-жақты деректер болуы керек.
    Объективтілік принципінің мазмұны екі аспектіде  қаралауы  керек  -  а)
нақты зерттеулер жүргізу кезінде сарапшы  тарапынан  қорытьнды  беруде  яғни
белгілі бір шешімді қабылдау  үрдісінде  зерттеу  деректеріне  негізделмеген
субъективизмге жол  бермеушілік;  б)  аласыздық  —  сарапшының  белгілі  бір
тұжырымдағы қандай да бір мүдделігінің болмауы.
    Объективтілік  принципін  іске  асыру  механизмі  Заңмен  (4-баптың  3-
тармақшасы),  сондай-ақ  сарапшыға  қарсылық  білдіру  туралы   іс   жүргізу
нормаларымен де көзделген.
    Сарапшының кәсіби этикасын сақтау принципін іске  асыру  дегеніміз,  ол
оның кәсіби қызмет аясында, соңдай-ақ тұрмыста да  адамгершілік  мінез-құлық
нормалар жүйесіне бағыну қажеттілігін  білдіреді.  Сот  сарапшысының  кәсіби
этикасының негізгі элементтері:  объективтілік;  принциптік  тұрақтылық  пен
бөтен  әсер  етуге  иілмеушілік;  сараптама  тақырыбына  жататын   мәселелер
бойынша  өзіндік  пайымдауы;  зерттеу  нәтижелерін  жан-жақты,  толық   және
объективтік  жиынтықта  оқып-зертгеуге  негізделген   ішкі   сенім   бойынша
анықталған белгілерді бағалауы; өз-өзіне  сыни  тұрғыдан  қарауы;  кызметтік
құпияны қатаң сақтауы; сараптамаға қатысушылардың  ар-ожданы  мен  абыройына
нұқсан  келтірмейтін  әдістер  мен  құралдарды  жұмыста   пайдалануы   болып
табылады. Кәсіби  этиканы  сақтау  барлық  ситуа-цияларда  сот  сарапшысының
жоғары әлеуметтік мәртебесіне сәйкестілігі деп түсіндіріледі.


    7.3 Сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық нысандары
    Сот-сараптама қызметі  процеске  қатысушы  болып  табылатын  адамдардың
құкықтары мен заңіды мүдделерін қамтамасыз  ету  мақсатында  арнаулы  ғылыми
білім құралдарымен сот сараптамасын ұйымдастыру мен  жүргізу  жөніндегі  іс-
қызмет ретінде Занның 1-бабында белгіленген.
    Сот-сараптама кызметінің мазмұны сарапшының  сот  сараптамасын  жүргізу
жөніндегі тікелей қызметінен кеңірек ұғылады және  сонымен  бірге  оған  сот
сараптама органдарының қызметін  ұйымдастыру,  сот  сараптамасы  саласындағы
ғылыми зерттеулер, сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз  ету;  сот
сарапшыларының кәсіби дайындығы мен  біліктілігін  арттыру  (Заңның  5-бабы)
кіреді. Проблеманы бұлайша шешу сот-сараптама жүйесінің сапалы жұмыс  істеуі
үшін білікті мамандарды пайдалану қажет етілетін  сарапшылық  қызметті  жан-
жақты қамтамасыз ету деңгейін көтереді.
    Қазақстан Республикасы заңнамасымен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру
функциялары  жүктелген  мемлекеттік   мекемелер   мен   олардың   құрылымдық
бөлімшелері сот сараптамасының органдары болып табылады.
    Қазақстан  Рсспубликасындағы  сот  сараптама   органдарының   жүйесінің
құрылымы Заңның 4-бабында белгіленген және оған:
    1)  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің   Сот   сараптамасы
орталығы және оның аймақтык бөлімшелері;
    2)  Қазақстан  Республикасы   Денсаулық   сақтау   министрлігінің   Сот
медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
    3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық  қудалау  функциясы
жүктелген   мемлекеттік    органдар    бөлімшелерінен    басқа,    Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес  міндеттеріне  сот  сараптамасын  жүргізу
жататын мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.
    3) тармақшада көрсетілген сот сараптама  органдарының  тізбесі  қазіргі
уақытта  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  ұйымдарындағы  сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сарап-ама жүргізу  аясымен  шектеледі.  Тиісті  құқық
Қазақстан   Республикасының   «Қазақстан   Республикасындағы    азаматгардың
денсаулығын қорғау туралы» Заңның 72-бабында және «Денсаулық  сақтау  жүйесі
туралы» Заңның 40-бабында берілген.
    Қазақстан  Республикасы  сот  сараптамасының  базалық   органдары   Сот
сараптамасы орталығы және Сот медицинасы  орталығы  -  тұрған  орындарындағы
атқару биліктері құрылымына бағынышты емес  тәуелсіз  мемлекеттік  мекемелер
болып табылады. Олар филиал құқығындағы аймақтық  бөлімшелері  бар  бірыңғай
ұйымды құрайды. Сот сараптамасы  органдарына  басшылық  аймақтық  бөлімшелер
бастықтарының  Орталық  директорларына   тура   бағыну   тәртібімен   жүзеге
асырылады.


    7.4 Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз ету
    Заңның 1-бабына сәйкес сот сарапшысы —  сот,  тергеуші,  анықтаушы  сот
сараптамасын жүргізуді тапсырған іске мүдделі  емес  арнаулы  ғылыми  білімі
бар адам.
    Заңның 1-бабында аталғаннан басқа  сот  сараптамасын  жүргізуді  адамға
тапсыру мүмкіндігі үшін ол бірқатар талаптарды қанағаттандыру керек.  Осыған
мәселелерге байланысты сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз етуге  «Сот
сарапшысы» тарауы арналған.
    Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес сараптама жүргізу:
    1) сот сараптамасы органының қызметкерлеріне;
    2) лицензия негізівде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
    3)  заңның  талаптарына  сәйкес  бір  жолғы  тәртіпте  өзге   адамдарға
тапсырылуы мүмкін.
    Сот сараптамасын жүргізу мына адамдарға:
    - заң белгілеген тәртіпте әрекетке қабілетсіз деп танылған;
    - бұрын сотталған;
    - сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға байланысты келеңсіз  себептерге
бойынша қызметтен босатылған адамдарға тапсырылмайды.
    Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының  10-бабы  2-
тармағына сәйкес сот  сарапшысының  жоғарғы  білімі  және  белгілі  бір  сот
сараптамасы түрі саласынан арнаулы ғылыми білімдері болуы тиіс.
    Сот-сараптама қызметін кадрлық қамтамасыз  етудің  өзіндік  ерекшелігі,
онда  ғылыми-зерттеу,  ғылыми-әдістемелік  және  ғылыми-практикалық  қызмет,
негізінде, сол бір адамдармен жүзеге асыратындығымен байланысты.
    Сот сарапшысының біліктілік куәлігін алған және Қазақстан  Республикасы
Әділет министрлігінің комиссиясында  аттестациядан  өткен,  сот  сараптамасы
органының қызметкерлері болып табылатын адамдар, Тізілімде жеке  тұлғалардың
тізімі, оның ішіне сот сарапшысы туралы мына мәліметтер кіреді:  тегі,  аты,
әкесінің аты;  білімі,  ғылыми  дәрежесі  мен  атағы;  сарапшылық  мамандығы
(мамандықтары),  біліктілік  куәліктің  нөмірі  мен  берілген   күні;   сот-
сараптама қызметін жүзеге асырудың лицензия нөмірі мен  берілген  күні  (сот
сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар үшін);  сот
сарапшысының жұмыс орны және оның атқаратын  лауазымы;  сарапшылық  мамандық
(мамандықтар) бойынша сот сарапшысының жұмыс өтілі.
    Заңның 11,12-баптарында жинақталған түрде сот ісін  жүргізуге  қатысушы
сарапшының іс жүргізу міндетгері мен құқықтары,  сондай-ақ  оның  сарапшылық
функцияларды  орындамау  немесе  тиісінше  орындамау   үшін   жауапкершілігі
белгіленген.
    Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы  туралы»  Заңының  13-бабына
сәйкес   өзінің   міндеттерін   орындамау    немесе    тиісінше    орындамау
жауапкершілікке әкеп соқтырады.  Бұзушылықтың  сипатына  қарай  әр  түрлі  -
тәртіптік, материалдық, әкімшілік  немесе  қылмыстық  жауапкершілік  түрлері
туралы сөз болып отыр.
    Сарапшылық  қорытындының  объективтілігі  мен  дұрыстығына  кепіл  болу
мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сарапшыға көрінеу жалған  қорытынды
берудің  қылмыстық  жауапкершілігі  көзделген,  ол  жөнінде  оған  сараптама
тапсыру кезінде ескертіледі.
    Сарапшының  моральдық  және  этикалық  нормаларға  сиыспайтын  қылықтар
жасаған, сондай-ақ ондағы бар сарапшылық мамандық бойынша сұрақтарды  шешуде
сарапшы  құзыретінің  болмауы  байқалған   жағдайда,   оны   сот   сарапшысы
біліктілігінен айыру мүмкін.
    Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы  соңдай-ақ
қызметтік міндеттеріне ұқыпсыз қарағаны үшін тәртіптік жауапка тартылады.
    Сот  ісін  жүргізудегі  сарапшылар   қорытындыларының   елеулі   рөліне
байланысты Заңның 14-бабында  көзделген  сарапшының  тәуелсіздігі  мен  оның
қорытындысының  дұрыстығын  құкықтық  қорғауды  қамтамасыз   ету   жөніндегі
шаралар маңызды болып табылады.
    Сот сарапшысының тәуелсіздігі:
    — заңда көзделген жағдайларда сарапшыға  қарсылық  білдіруді  көздейтін
сот сараптамасын тағайындау тәртібімен;
    —  процеске  қатысушылар  мен  өзге  де  адамдар  тарапынан  сарапшылық
зерттеуді жүргізуге және сарапшылық қорытындыны дайындауға араласуына  тыйым
салумен кепілдік беріледі.
    Сарапшы қорытындысының дұрыстығы:
    — сарапшылар комиссиясының қатысуын көздейтін комиссиялық және кешенді;
қорытындының толық және анық  еместігін  жоюға  мүмкіндік  беретін  қосымша;
сарапшы қорытындысындағы күмәнді шешетін қайталама сараптамалардың  түрлерін
тағайындау мүмкіндігімен;
    — заңда көзделген сот сарапшыларын таңдау жүйесін,  кәсіби  дайындығын,
біліктілігін арттыруды жасаумен;
             — сарапшының өз құкықтары мен міндеттерін орындамағаны  немесе
тиісінше  орындамағаны  үшін   жеке   басының   жауапкершілігімен   кепілдік
беріледі.
    Сарапшының тәуелсіздігі  мен  оның  қорытындысының  дұрыстығы,  сонымен
бірге  Республиканың  қылмыстық  және  қылмыстық   іс   жүргізу   заңдарымен
қамтамасыз етіледі.


    7.5 Сот-сараптама қызметін ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, материалдық-
техникалық және қаржылық қамтамасыз ету
    Сот сараптамасы органдарының жұмыс істеуінің негізгі бағыттарының  бірі
арнаулы білімдерді пайдалану  аясындағы  ғылыми  және  әдістемелік  жұмыстар
болып табылады. Сондықтан да  сот  сараптамасы  органдары  ғылыми-өндірістік
бірлестік принципі бойынша ұйымдастырылған және  өзара  тәуелді  және  өзара
себептелген күйде болатын  ғылыми-зерттеу,  ғылыми-өндірістік  және  ғылыми-
әдістемелік қызмет  түрлерімен  бірігеді.  Өндірістік  қызметтің  тиімділігі
ғылыми әзірлемелердің болуы мен оларды іске асырудан көрінетін оның  тікелей
ғылыми қамтамасыз етуіне байланысты. Ғылыми-әдістемелік және  ғылыми-зерттеу
жұмыстарының байланысы сарапшылық кадрларды дайындау процесінің тікелей  сот
сараптамасы органдары  базасында  жүзеге  асырылумен  себептелген  және  сот
сарапта-масының  осы  немесе  өзге  саласынын  жай-күйі   туралы   ақпаратты
оқитындарға беруді ғана емес, сонымен қатар оларға дағды-біліктерді, соңдай-
ақ зерттеу жұмысының нақты  әдістемелерін  меңгеруді  талап  етеді.  Сонымен
бірге ғылыми зерттеулер бір мезгілде  жаңадан  келген  қызметкерлерді  оқыту
құралының және оқытылатын құрамның жоғары кәсіби  деңгейін  көтерудің  рөлін
атқарады.
    Сот сараптамасы органдары: сот сараптамасының. құқықтық және  теориялық
сипаттағы және арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарын  жетілдіруге;
сот сараптамасының әдістемелерін жетілдіруге  бағытталған  ғылыми-қолдаңбалы
сипатындағы;  сарапшылар  мен  құқық  қорғау   органдарына   арналған   оқу-
әдістемелік құралдарды дайындауға бағытталған  ғылыми-әдістемелік  сипаттағы
ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыруда.
    Ғылыми әзірлемелерді жүргізу  мен  олардын  нәтижелерін  іске  асырудың
ұйымдастырушылық нысаны  республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  ғылыми
зерттеу бағадарламалары болып табылады. Сот сараптамасы органдары  соңдай-ақ
заңды  тұлғалардың  тапсырысы  бойынша  да  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік
әзірлемелерді жүзеге асыруы мүмкін.  Бұл  жағдайда  жұмыстарды  қаржыландыру
шарттар негізінде тапсырыс  берушінің  қаражаты  есебінен  жүзеге  асырылады
(Заңның 20-бабы).
    Сот   сараптамасының   институты   нормативтік   реттеу,    субъектілер
(сарапшылар),  техникалық  құралдар,   теориялық   құрылымдар,   зертеулерді
жүргізудің әдістері мен әдістемелері,  ұйымдастырушылық  іс-шаралар  кіретін
әр текті  элементтердің  күрделі  жүйесін  құрайды.  Арнайы  ұйымдастырылған
ақпараттық қамтамасыз етусіз мұндай  жүйенің  қалыпты  жұмыс  істеуі  мүмкін
болмайды.Сот-сараптама қызметінің өзіндік ерекшелігіне орай, оны  ақпараттық
қамтамасыз ету сот  сараптама  органдарының  шешуге  тура  келетін  әр  қилы
міндеттеріне барабар болуы керек.  Аталған  тәсіл  тұрғысынан  сот-сараптама
қызметін  ақпараттық  қамтамасыз   етуден   талдау   (сарапшылық),   ғылыми,
әдістемелік және басқару құрамдастарын бөліп шығаруға болады.
    Сот сараптама органдарының өмір сүру мерзімі ішінде  олар  анықтамалық-
ақпарат  қорларын  мақсатты  түрде  құрып,  пайдаланып   келеді:   натуралық
коллекциялар,  каталогтар,  әр   түрлі   объектілер   бойынша   нормативтік-
техникалық құжаттамалар, бұларсыз сараптаманы, ғылыми  зерттеулерді  жүргізу
және сарапшыларды оқыту мүмкін емес.
    Сот сараптамаларын қаржыландыру көздері туралы мәселе Заңның 22-бабымен
реттеледі.  Заңмен  сот  сараптамаларға  төлем   жүргізудің   дифференциалды
нысандары  белгіленген,  бұл  сот  сараптамаларын  мемлекеттік  қаржыландыру
көлемінің азаюымен және бастамашылық пен тараптар есебінен сот  сараптамасын
жүргізуді көздейтін іс жүргізу нормаларын енгізумен байланысты болып отыр.
    Сот сараптамасы органдарындағы сарапшылық зерттеулерді  қаржыландырудың
шарттары сот ісін жүргізу нысандары мен іс  санаттарына  байланысты  болады.
Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру:
    1) қылмыстык істер және әкімшілік құкық бүзушылық туралы істер  бойынша
- қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы
заңнамада   көзделген   жағдайларды   қоспағанда,    республикалық    бюджет
қаражатынан;
    2) азаматтық істер бойынша — қайталама сараптама жүргізілген, соңдай-ақ
азаматтық іс  жүргізу  заннамасында  көзделген  соттың  дәлелді  ұйғарымымен
расталған негіздер болған жағдайларды қоспағанда, тараптар  есебінен  жүзеге
асырылады.
    Сот сараптамасы органы алған сомалар сарапшылардың еңбегіне  ақы  төлеу
бөлігінде  республикалық  бюджетке,  сараптама  жүргізуге   байланысты   сот
сараптамасы  органына  келтірілген   шығындарды   өтеу   бөлігінде   -   сот
сарапшыларының кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыруға,  сондай-ақ  сот-
сараптама  қызметін  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуді   жетілдіруге
аталған органдардың шоттарына құйылады.


    7.6 Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
    Сот-сараптама қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігі
мен   негізгі   нысандары   «Сот   сараптамасы    саласындағы    халықаралық
ынтымақтастық» деген 6-тарауда белгіленген.
    Сот сараптамасы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес
шет мемлекеттердің сот-сараптама қызме-ін жүзеге асыратын органдарымен  және
қызметтерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми  және  әдістемелік
ақпараттар  алмасу,  сот  сарапшыларын   дайындау   мақсатында   халықаралық
байланыстар орнатуға құқылы.
    Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біраз жақын шет
елдермен, соның  ішінде  Армения,  Грузия,  Беларусь  Республикаларымен  сот
сараптамасы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді,  ғылыми  және
әдістемелік  ақпаратпен  алмасуды,  сот  сарапшыларын  кәсіби  дайындау  мен
біліктіліктерін   көтеруді   көздейтін   ынтымақтастық   туралы    бір-қатар
келісімдерге қол қойды.
    Қазақстан  Республикасымен  тиісті  халықаралық  келісімі   бар   шетел
мемлекетінің  мемлекеттік  органының  тапсыруы  бойынша   сот   сараптамасын
Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын  сарапшы  (сарапшылар)
жүргізе алады. Егер халықаралық келісіммен  өзгеше  көзделмеген  болса,  бұл
жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
    Қылмыстық,  азаматгық  немесе  әкімшілік  процесті  жүргізуші  органның
(адамның) Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген  тәртіппен  шет
мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы мамандарын тартуға құқығы бар.
    Сот  сараптамасын  тағайындаған  органның  (адамның)  келісімімен  іске
асырылатын шет мемлекеттің сот сарапшысын  тарту  құқығына  сот  сараптамасы
органының басшысы ие болады.
    Шет мемлекет  сот  сарапшысының  қатысуымен  сот  сараптамасын  жүргізу
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  іс  жүргізу,  азаматтық  іс   жүргізу
заңнамаларына немесе  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңнамаға  сәйкес
жүзеге асырылады.
    1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық,  отбасылық,  және  қылмыстық  істер
бойынша құқықтық көмек және құкықтық қатынастар туралы Конвенсияға  қатысушы
болып табылатын шетел мемлекетінің мемлекеттік  органының  тапсыруы  бойынша
сот сараптамасын жүргізу кезінде сарапшыға қатысты: күштеп әкелуге,  ақшалай
айыппұл  салуға,  сондай-ақ  көрсетпелер   беруден   бас   тартқаны   немесе
жалтарғаны үшін және көрінеу жалған  қорытынды  бергені  не  көрінеу  жалған
қорытындысы  үшін  қыл-мыстық  жауапқа  тартуға  жол   берілмейді.   Аталған
адамдарды  осы  аталған  елдердің   аумағында   қылмыстық   және   әкімшілік
жауапкершілікке  тартуға,  тұтқындауға  және  мемлекеттік  шекараны  өткенге
дейінгі іс-әрекеттері үшін жазаға тартуға, жауапқа  тартуға,  талқылау  мәні
болып табылатын  қылмыстық  іс  бойынша  сарапшы  ретінде  қорытындысы  үшін
жазаға тартуға болмайды.


    8 Сараптама түрлері: құжаттар, портреттік, бейнефонографиялық,
фототехникалық сараптамалар
    8.1 Құжаттардың сот сараптамасы
    8.2 Сот портреттік сараптама
    8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама
    8.4 Сот фототехникалық сараптама


    8.1 Құжаттардың сот сараптамасы
    Сот   жазутану   сараптамасының   тақырыбы:   жазуды   іске   асырудағы
орындаушының жеке ұқсастығын;  жазуды  іске  асырудағы  орындаушының  кейбір
әлеуметтік-биологиялық  сараптамаларын(жынысын,  жасын  және  т.б.);  жазуды
іске асырудағы орындаушының психофизиологиялық күйін  анықтаумен  байланысты
іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың обьектлері жазуды іске  асыру,  (қолжазбалар  мен  олардың
фрагменттері, қысқаша жазулар - әріптік, цифрлік, қолтаңбалар), жазуды  іске
асыруды  орындаудың  жағдаяттары  туралы  деректер  салыстырмалы   зерттеуге
арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де  іс  материалдары
болып табылады.
    Сот  жазутану  сараптамасын  тағайындауда   материалдарды   дайындаудың
ерекшеліктері.  Еркін үлгілер  –  ұсынылған  орындаушының  іспен  байланысты
емес орындаған қолжазбасы, ол бойынша осы  істі  қозғағанға  дейін  сраптама
тағайындалады. Оған хат жазу  материалдарындағы  мәтіндер  мен  қолтаңбалар,
өмірбаян,   анкеталар,   күнделіктер,    бухгалтерлік    құжаттар    жатады.
Экспериментті  үлгілер  зерттелетін   құжаттың   жобаланған   орындаушысымен
орындалады және тергеушінің(соттың) қатысуымен хаттама  толтырылып,  сонымен
бірге үлгілерді алудың жағдайы белгілене отырып алынады.
    Экспериментті   үлгілерді  алу  барысында  орындаушыға  әдеттегі   жазу
жағдайы  қамтамасыз  етіледі.  Мәтін  бірқалыпты  қарқында  3-4  рет   айтып
жаздырылады. Егер орындаушы өзінің жазуын өзгертуге тырысса,  онда  оның  өз
жазуына өзгерістер енгізуін ұмыттыру үшін, ұзақ уақытқа үзіліс жасап  немесе
айтып жаздыру қарқынын тездеткен лайық. Экспериментті үлгілерді алу  кезінде
зерттелетін  мәтінді  көшіріп  жазуға  рұқсат  берілмейді,  өйткені   мұндай
жағдайда мәтін  немесе  қолтаңба  еліктеумен,  жазуды  өзгертумен  орындалуы
мүмкін.
    Шартты-еркін   салыстырмалы   үлгілерге   оған   өз   қолымен    жазған
түсініктемелер,  жауап  алу  хаттамалары  мен  беттестіру,   өтініштер   мен
басқалары жатады. Онда, сараптамаға  әдеттегі  жағдайларда  оындалған  үлкен
және орташа  көлемдегі  мәтіндерді  жіберген  кезде,  еркі  үлгілер  ретінде
мазмұны бойынша әртүрлі 5-6 қолжазбаларды ұсынған жеткілікті.  Экспериментті
үлгілердің саны 12 парақтан кем болмауы тиіс.
    Қолтаңбаларды    зерттеу    әдістемесімен    өзгешелігі    салыстырмалы
материалдарды  дайындаумен  ерекшелінеді.   Салыстырмалы   үлгілер   ретінде
мыналар ұсынылады:
    - зерттелетін  құжаттағы  жазуды  орындаған  адамның  қолтаңбалары   мен
      жазбаларының еркін үлгілері;
    - жазуды орындаған деп  жобаланған  адамның  қолтаңбалары  мен  жазуының
      еркін үлгілері;
    -   зерттелетін   қолтаңбаларды   орындаған   адамның    қолтаңбаларының
      экспериментті үлгілері;
    - зерттелетін қолтаңбаларды орындаған  адамның  3-5  парақтағы  аты-жөні
      жазылып көрсетілген жазуының экспериментті үлгілері;
    - жазуды орындаған деп жобаланған адамның 5-7 жазбадан 3-5 парақтағы аты-
      жөні жазылып көрсетілген жазушының экспериментті үлгілері.
    Құжаттарды   сот-техникалық   зерттеу.   Сот-техникалық    сараптаманың
тақырыбы: құжатты дайындаудың тәсілін; құжат мазмұнын  өзгерту  фактісі  мен
тәсілін; құжат деректемелерінің  аз  көрінетін  және  көрінбейтін  мазмұнын;
құжаттың бастапқы түрін; құжатты  дайындаудың  уақытын;  құжатты  дайындауға
қолданылған құралдар мен материалдардың табиғаты  мен  тепе-теңдігін  немесе
құжат  мазмұнына  өзгертулер  енгізуді;  құжаттың  техникалық   орындаушысын
анықтау  мен  байланысты  іс  жағдаяттарын  арнайы  ғылыми  білім  негізінде
анықтау болыптабылады.
    Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу  заңына  сәйкес  «құжат»
лат. тілінен documentum – дәлелдеме, куәлік деген мағынаны білдіреді.
    Сараптама обьектлері: құжаттар,  құжаттарды  дайындауға  пайдаланылатын
техникалық  құралдар  және  материалдар,  өзгертулер   енізу,   құжаттардағы
фототүсірілімдері, мәтіндер қолтаңбалар және т.б.
    Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының ғылыми-әдістемелік  негіздері
құжатты  қалыптастырумен  оны  өзгертудің   заңдылықтарының   тақырыбы   бар
сарапшылық  білім  саласын  құрайды.  Зерттеу  әдістемесіне   криминалистік,
физикалық, химиялық, техникалық, математикалық және т.б. әдістері кіреді.
    Құжаттардың сот – техникалық сараптамасын тағайындау үшін материалдарды
дайындаудың  ерекшеліктері.  Құжаттарды  қарау  кезінде  пинцетті  пайдалану
талап  етіледі.  Құжттарды  айналдыра  сызуға,  белгілеуге,   астын   сызуға
болмайды. Ескірген немесе зақымдалған құжаттар жабысқақ  лентамен  қоршалған
екі шынының арасына салынады. Құжаттарды жеке конверттерде сақтау керек.
    Құжаттарды сақтау және тасымалдау кезінде олар ылғалдылықтан, жылу және
жарық әсерінен қорғалған болуы керек. Жоғарғы температура  әсіріне  ұшыраған
құьжаттарды  папирос  қағазының  жабылған  мақта   ұяшасына,   содан   кейін
қорапшаға  орналастыру  қажет.  Жазу  аспаптары  горизанталь   күйде,   жазу
бөліктерін зақымдамайтындай  буып-түйіледі.
    Сот  –автортану  зерттеуі.  Сот-автортану  зерттеуі  көбінде  азаматтық
істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ адам мен  азаматтың  конституциялық  және
өзге де құқықтары  мен  бостандықтарына  қарсы,  мемлекеттің  конституциялық
құрылымының  негіздері  мен  қауіпсіздіне  қарсы,  меншікке  қарсы   басқару
тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
    Сот-автортану сараптамасының тақырыбы:
    - мәтін авторын
       - сөйлеу  хабарының  қалыптасу  жағдайын  анықтаумен  байланысты  іс
   жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптама  обьектлері   жазбаша   сөйлемдердің   әртүрлі   стильдерінде
(қолжазба, машинамен жазылған, құжаттардың поиграфтық және өзге де  тәсілмен
орындалған мәтіндер) орындалған,  салыстырмалы  зерттеуге  арналған  үлгілер
және сараптама тақырыбына жататын өзге де материалдар болып табылады.
    Сот-автортану  зерттеуінің  тікелей  обьектлері   мәтіннің   құрылымдық
ерекшеліктері,  автордың   тілдік   және   интеллектуалдық   білік-дағдылары
қасиеттері көрінеттін мәтіннің тілдік  және  мағыналық-түсінік  құрамдарының
сипаттамасы болып табылады.
    Сот-автортану  сараптамасының  ғылыми-әдістемелік   негіздері   жазбаша
сөйлемнің  дербестігін,  динамикалық  тұрақтылығын,  түрлілігін   анықтайтын
заңдылықтар  тақырыбы  бар  сарапшылық  білім   саласын   құрайды.   Зерттеу
әдістемесіне криминалистік,  лингвистикалық,  психологиялық,  социологиялық,
математикалық және өзге де әдістер кіреді.
    Сот – автортану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды  дайындаудың
ерекшеліктері.  Сот-автортану   сараптамасын   тағайындау   туралы   қаулыда
сараптама  тақырыбына  жататын  мына  мәліметтер   көрсетіледі:   жобаланған
автордың  жеке  басы  туралы(жынысы,  жасы,  білімі,  кәсібі,  ұлты,  тілі):
зерттелетін мәтіні бар құжат туралы (ол жіберілген аймақ, жасалған  жағдайы,
жасалды деп жобаланған уақыты) болуы тиіс.
    Мәтіннің байланыстылығы мен мән-мағынасы және оның  көлемі  500  сөзден
кем болмаса, оның авторы туралы сұрақты шешу мүмкін болады.
    Жазбаша сөйлеу еркін үлгілерінің саны 10-15 құжат болып ұсынылуы керек.
Сонымен бірге, үлгілер  ретінде  өзге  де  стилде  жазылған  мәтіндер  алыну
керек. Экспирементті үлгілердің жалпы саны 25 парақтан кем болмауы тиіс.


    8.2 Сот портреттік сараптама
    Сот-сарапшылық габитологиялық зерттеу көбінде азаматтық істерді жүргізу
кезінде, сондай-ақ жеке адамға, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық  тіртіпте,
халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар  жөніндегі  қылмыстық
істер бойынша жүргізіледі.
    Сот-портреттік  сараптаманың  тақырыбы:  сыртқы  пішіннің   обьективтік
көрінісі негізінде адамның жекелеген ұқсастығын;  адамның  сыртқы  пішінінің
обьективтік  көрінісі  негізінде  оның  жынысын,  жасын,  нәсілдік-этникалық
қатыстылғын  анықтаумен  байланысты  іс  жағдаяттарын  арнайы  ғылыми  білім
негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптама обьектлері фотосуреттер, көзі тірі адамдар  және  мәйіттердің
басқа  да   бейнелері(портреттері,   өлгенде   алынған   масклері,   гипстік
жапсырылымдар,   рентген   түсірілімдері,    бейнежазбалар    және    т.б.),
салыстырмалы үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге  де  материалдар
болып табылады.
    Сот-портреттік сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері адамның сыртқы
пішінінің қалыптасуы мен өзгеру заңдылықтары бар  сарапшылық  білім  саласын
құрайды.  Портреттік  сараптама  әдістемесіне   криминалистік,   техникалық,
математикалық және өзге де әдістер кіреді.
    Сот портреттік сараптаманы тағайындау  үшін  материалдарды  дайындаудың
ерекшеліктері.  Сараптаманы  тағайындау  туралы  қаулыда:  адам   бейнесінің
дайындалу  уақыты,  бейнеленген  адамның  туған  жылы,  туыстарымен   сыртқы
ұқсастығы, егізінің болуы, жарақат алуға, аурулық салдарынан немесе өзге  де
жағдаяттарға  байланысты  сыртқы  белгілерінің  өзгеру   туралы   мәліметтер
көрсетілуі талап етіледі.
    Салыстырмалы  материалдар  ретінде   ұсынылатын   бейнелерге   мынандай
талаптар қойылады:
    -  адам  зерттелетін  суреттегідей,  не  болмаса  соған  жақын  ракурста
      бейнеленуі керек;
    - бейнелер мүмкіндігінше бір уақыттағы мезгілге сәйкес болуы керек;
    - фотосуреттер қанағаттанарлық сапада болуы, ретуштары болмауы тиіс.
    Егер адамды фотоға түсіруге мүмкіндік болса,  онда  танымдық  түсірілім
және  зерттеуге  жататын  бейнені  белгілеу  кезінде  сондай   оның   болған
жағдайындағы түсірілім жүргізіледі.
    Сондай-ақ,  танылмаған  мәйіттерді  анықтау  үшін  түсірілім  әр  түрлі
ракурстарда жүргізілуге тиіс.


     8.3 Сот бейнефонографиялық сараптама
    Сот-сарапшылық бейнефонографиялық зерттеу көбінде  адам  мен  азаматтың
конституциялық  және  өзге   де   құқықтары   мен   бостандықтарына   қарсы,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, мемлекеттің  конституциялық
құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы,  қауіпсіздік
пен қоғамдық тәртіпке  қарсы,  халықтың  денсаулығына  және  адамгершілігіне
қарсы,  мемлекеттік  қызмет  мүдделеріне  қарсы,  басқару  тәртібіне   қарсы
қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
    Сот-бейнефонографиялық   сараптаманың   тақырыбы:    түсініксіз    және
бұрмаланған  фонограммалардың   мазмұнын;   фонограмма   негізінде   адамның
жекелігін  ұқсастыруды;  ауызша  сөйлеу  жазбасы  бойынша   адамның   кейбір
физикалық қасиеттері мен әлеуметтік-биологиялық  сипаттарын;  адамның  сөзін
белгілеу сәтіндегі  оның  психофизиологиялық  күйін;  фонограмманы  дайындау
кезінде пайдаланған  дыбыс  жазу  құрылғыларының  қасиеттерін;  фонограмманы
белгілеу шарттарын  анықтаумен  байланысты  іс  жағдаяттарын  арнайы  ғылыми
білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың    обьектлері   фонограммалар,   дыбыс   жазу   құралдары,
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және  сараптама  тақырыбына  жататын
өзге де іс материалдар болып табылады.
    Бейнефонографиялық зерттеудің негізгі  тікелей  обьектісі  –  магниттік
таспадағы электромагниттік сигнал-бейнелер  ретінде  белгіленген  адам  сөзі
мен дауысының қасиеттері.
    Сот-бейнефонографиялық   сараптаманың   ғылыми-әдістемелік    негіздері
фонограммалардың қалыптасу және өзгеру заңдылықтар тақырыбы  бар  сарапшылық
білім  саласын  құрайды.  Сот-бейнефонографиялық  сараптаманың  әдістемесіне
криминалистика,  акустика,  перцептивтік  талдау,  лингвистика,  психология,
әлеуметтік лингвистика, матемматика және өзге де әдістер кіреді.
    Бейнефонографиялық   сараптаманы    тағайындау    үшін    материалдарды
дайындаудың  ерекшеліктері.  Сот  сараптамасын  тағайындау  туралы   қаулыда
зерттеу  обьектісін  барынша  нақтылау  керек.  Мұнда   сарапшылық   зерттеу
обьектлерінің мына  белгілеулері:  кассета  марксі  және  зерттеуге  қажетті
жазбасы бар жағы,  жазба  стенограммасы  қоса  берілген  мәтін  фрагментінің
зерттеуге жататын шекарасы ұсынылады.
    Салыстырмалы материал 3 негізгі талап –  түсініктілік,  дауыстың  дұрыс
шығуы, табиғилыққа сай болу керек.
    Түсініктілік – қайта  өндірілетін  ауызекі  сөйлеудің  мағынасын  дұрыс
қабылдап түсіну. Мұнда жазу сапасымен  болған  түсініксіздікті,  нақты  адам
сөзінің жекеленген белгілері болып табылатын баяндау  мәнерімен  себептелген
түсініксіздікті шатастыруға болмайды.
    Дауыстың дұрыс  шығуы  –  бұл  жазбаны  қатты  құлақ  тігіп  естімей-ақ
түсінікті болатын ауызекі сөйлеудің қайта өндірілетін  магниттік  жазбасының
деңгейі.
    Табиғилығы – мұнда адам өзіне тән мәнермен  сөйлейді,  ал  бұл  ауызекі
сөйлеудің  магниттік  фонаграммасын  мәтіннің  мағынасын   қабылдап   түсіну
тұрғысынан  бағалауға,  сонымен  бірге  тембрі  мен  интонациясын  анықтауға
мүмкіндік береді.


         8.4 Сот фототехникалық сараптама
          Сот- сарапшылық фототехникалық зерттеу  көбінде  азаматтық  істер
бойынша іс жүргізу кезінде, сондай-ақ адамның жеке  басына  қарсы,  қоғамдық
қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тәртіпке  қарсы,  халықтың   денсаулығына   және
адамгершілігіне қарсы, сот әділдігіне қарсы  қылмыстар  жөніндегі  қылмыстық
істер бойынша жүргізіледі.
          Сот-фототехникалық сараптаманың тақырыбы: фотосуреттерді дайындау
кезінде  пайдаланылған  құрал-жабдықтар  мен  материаларды;  бейнелеулердегі
фотографиялық белгілеу мен фотоматериалдарды өңдеу шарттарын;  фотографиялық
тәсілмен  жасалған  жергілікті  жерлер,  үй-жайлар,  заттар  бейнелеулерінің
мөлшерлері  мен  өзара  орналасуын  анықтаумен  байланысты  іс  жағдаяттарын
арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
            Сараптаманың  обьектлері   фотографиялық   түсілімдер,   оларды
   дайындау  үшін  қолданылатын   техникалық   құралдар   мен   материалдар,
   салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына  жататын
   өзге де материалдар болып табылады.
            Фототехникалық сараптаманың  негізгі  обьектлері  Фотографиялық
   түсілімдер болып табылады. Фототехникадағы  зерттеу  обьектісі  ретіндегі
   Фотографиялық түсірілімге фотоқағаз бен мөлдір материалдарда  дайындалған
   фотографиялық бейнелеулер кіреді.
              Фотографиялық  түсілімдерді  5  топқа  бөлуге   болады:   жай
   фототүсірілімдер,      цифрлік      фототүсірілімдер,      микрофильмдер,
   рентгенограммалар және басқалар.
              Жай фототүсірілімдер – бұл жай көзбен қабылданатын  және  жай
   құралдар мен процестерді пайдалану арқылы алынатын бейнелеулер.
               Цифрлік бейнелеулердің қылмыстық процесте екі түрі бар:
   1. арнайы қағазда не жай жазу қағазында басылған
   2. магниттік не сол  секілді  жеткізгіште(диск,  дискета)  жасырын  түрде
      белгіленген.
              Микрофильмдер – фотографиялық жолмен  алынған  және  ортақтық
мазмұнымен біріктірілген бір немесе одан да көп  микробейнелеулер  түріндегі
ақпаратты жеткізгіштер ретінде белгіленеді.
              Рентгенограммалар – бүл  рентген  сәулелерінің  жарық  сезгіш
материалдарына әсер ету нәтижесінде алынған бейнелеулер.  Бұл  топқа  өтпелі
сәулеленудің басқа да түрлерінің әсер етуі  кезінде  алынатын  бейнелеулерді
жатқызуға болады.
              Фотографиялық түсірілімдердің басқа  да  түрлеріне  спектрдің
көрінбейтін аймағында  жандандырылған  арнайы  фотоматериалдағы  бейнелеулер
жатқызылады.
    Сот   фототехникалық    сараптаманың    ғылыми-әдістемелік    негіздері
фотографиялық  бейнелеулердің  заңдылықтарын   қалыптастыру   тақырыбы   бар
сарапшылық  білім   саласын   құрайды.   Сот   фототехникалық   сараптаманың
әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық,  техникалық,  математикалық
және өзге де әдістер кіреді.
    Сот   фототехникалық   сараптаманы   тағайындау   үшін    материалдарды
дайындаудың  ерекшеліктері.  Сот  сараптамасын  тағайындау  туралы   қаулыда
зерттеу обьектлерін толықтай және дәл сипаттау талап етіледі. Сонымен  қатар
 сараптама тағайындайтын адам түсіру үшін пайдаланылған  аппаратура,  түсіру
жағдайы мен фотоматериалдарды өңдеу туралы ақпаратты білген болса, ол  жайлы
тиісті қаулыда көрсетуі тиіс.
             Диагностикалық сипаттағы міндеттерді шешу мақсатында сараптама
тағайындалған  кезде,  сұрақтар  қойылған  обьектлер  ұсынылады.   Зерттеуге
ұсынылған барлық обьектлер сыртқы  әсерден  қорғалып,  тиісінше  буып-түйілу
керек.


    9 Трассологиялық, баллистикалық сараптама жасаудың аспектілері
    9.1 Сот трассологиялық сараптама
    9.2 Сот баллистикалық сараптама


    9.1 Сот трасологиялық сараптама
    Сот – сарапшылық  трасологиялық  зерттеу  қылмыстық  істердің  әр  қилы
санаттары  бойынша,  сонымен  бірге  жеке  адамға  қарсы,  меншікке   қарсы,
қооғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық  тәртіпке  қарсы,  халықтың  денсаулығына
және  адамгершілікке  қарсы  қылмыстар  жөніндегі  қылмыстық  істер  бойынша
жүргізіледі.
    Сот трасологиялық сараптаманың тақырыбы:  із –  кескіндері  бойынша  әр
түрлі оьбъектілерді жекелей тендестіруді; заттар  бөліктерінің  бір  бүтінге
қатыстылығын; із – кескіндердің пайда болу шарттарын  анықтаумен  байланысты
іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың  объектілері  іздер   мен   олардың   модельдері,   заттай
дәлелдемелер, оқиға орнының заттық ахуалы, салыстырмалы  зерттеуге  арналған
үлгілер және сараптама тақырыбына жататын  өзге  де  іс  материалдары  болып
табылады.
    Трасологиялық  сараптаманың  объектілері  ретіндегі  іздер   дегеніміз:
қылмыс  оқиғасымен  байланысты  әрекеттер  мен  түйісу  нәтижесінде  болған,
сыртқы құрылым белгілерінің және өзге де  тұрақты  кеңістік  шекаралары  бар
объектілерді қасиеттерінің материалдық көріністері.  Іздерге:
    а) зерттеу аясына кіретін объектілердің өзара әрекет ету фактісі;
    б) өзара әрекет ету нысаны ( механикалық, химиялық, биологиялық);
    в) әсер ету бағыты мен күші, із түйісуінің механизмі мен шарты;
    г) із қалдыруда көрінетін оъектілердің  қасиеттері  белгіленеді,  мұнда
объектілердің сыртқы құрылымын анықтайтын қасиеттердің аса маңызы бар.
    Трасологиялық сараптамада әр  түрлі  негіздер  бойынша  іздерді  жіктеу
пайдаланылады, сараптаманы жүргізуге материалдарды  дайындау  үшін  іздердің
шығу тегі бойынша:
    - бүтіндей адам денесі мен оның жеке бөліктері қасиеттерінің  белгілерін
      көрсететін гомеоскопиялық іздерді;
    - саймандар мен механизмдер қасиетін көрсететін механоскопиялық іздерді;
    - жануарлар іздерін дифференциялау тиімді.
    Гомеоскопиялық іздер – адам қолдары іздеріне  (дактилоскопиялық),  адам
аяқтары іздеріне, адам басының  терілері  іздеріне,  адам  тістері  іздеріне
сараптама жүргізу  кезінде,  механогомикалық  іздер  –  киімнің  механикалық
зақымдануына, бөліктер бойынша бүтінді анықтауға сараптама жүргізу  кезінде,
механоскопиялық іздер  –  бұзу  аспаптары  іздері  мен  құрал  –  саймандар,
құлыптар, пломбылар, суық қаруға; жаппай  өндірілетін  бұйымдарға  сараптама
жүргізу кезінде зерттеледі.
    Сот трасологиялық сараптаманың түрлеріне суық қаруды  сот  –  срапшылық
зерттеу жатады.Затты суық қаруға жатқызу туралы сұрақты  шешу  үшін  сарапшы
оның белгілі бір суық қару түріне  жатқызуға  болатын  белгілер  жиынтығының
бар/жоқ  екендігін  анықтайды.  Сот  трасологиялық  сараптама   әдістемесіне
криминалистік, физикалық, химиялық, математикалық, техникалық және  өзге  де
әдістер кіреді.
    Дактилоскопиялық  сараптама  тағайындау  кезіеде  салыстырмалы  үлгілер
ретінде  тиісті  нормативтік  талаптарға  сәйкес  алынған   дактилоскопиялық
карталар ұсынылады. Сезіктілердің қол із –  таңбаларымен  бірге,  күнделікті
өмірдегі іс - әрекет барысында заттарға қолы тиюі мүмкін адамдардың  да  қол
із – таңбалары ұсынылады.
    Аяқ іздерін салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер ретінде  сезіктінің
(айыпталушының) жалаңаяқ із – таңбалары, осы адамдардың жалаңаяқтарының 2  –
3 көшірме бедері, аяқкиім, шұлықтар (нәскейлер), 2  -3  экспериментті  түрде
алынған із жолдары, олрды алу  үшін  тексеретін  адам  баспа  бояуының  жұқа
қабаты жағылған қағаз лентаның үстімен жүргізеді.
    Тіс  бедерлерінің  эқспериментті  салыстырмалы  үлгілеріне   тістердің,
жақтардың модель – көшірмелері немесе  маманның  көмегімен  алынған  олардың
бедерлері жатады.
    Пломбаларға  сараптама  жүргізуге   арналған   материалдарды   дайындау
жағдайында  сараптама  сол  адамның   бекіткен   3-5   ұқсас   экспериментті
пломбалары жіберіледі.


          9.2 Сот баллистикалық сараптама
       Сот – сарапшылық баллистикалық  зерттеу көбінде адамның жеке  басына
   қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың  қауіпсіздігіне  қарсы,  конституциялық
   құрылыс негіздері мен  мемлекет  қауіпсіздігіне  қарсы,  меншікке  қарсы,
   қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы,  халықтың  денсаулығына
   және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне  қарсы  қылмыстар  жөніндегі
   қылмыстық  істер  бойынша,  сондай  –   ақ   әскери   қылмыстар   бойынша
   жүргізіледі.
       Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы:
    - заттарды атыс қаруына, оқ – дәрігерлерге жатқызу фактісін;
    - атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) және  қарудың  атуға
      жарамдылығын;
    - атыс қаруы данасының дайындау тәсілін немесе оның күйінің өзгеруін;
    - атыс қаруы данасының, оқ – дәрілердің түрі, моделі, маркісі, калибрін;
    - атыс қаруы мен оқ – дәрілердің шығу көзін;
    - атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс  жағдаяттарын
      арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
       Сараптаманың объектілері:
    - бүтіндей атыс қаруы және оның жеке бөліктері;
    - оқ – дәрілер – оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар,  тығындар,  төсемдер,
      капсюльдер және басқалары;
    - газды қару;
    - қару мен оқ – дәрілерді қайтаратын заттар – атылған снарядтар  (оқтар,
      бытыра,  кәртеш),  гильзалар,  тығындар,   төсемдер,   сондай   –   ақ
      жәбірленушінің киімдеріндегі  зақымдар  және  оқиға  орнындағы  заттар
      (тесіп өту жерлері, рикошет іздері);
    -  атыс  қаруы   мен   патрондар   жарақтары   құрауыштарын   дайындауға
      пайдаланылған құрал – саймандар;
    - сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
       Сот баллистикалық сараптама объектілерінің әр алуандығын ескергенде,
   ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін:
    - атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы;
    - оқ – дәрілер сараптамасы;
    - газды қару сараптамасы;
    - атылыс іздері мен жағдаяттары.
     «Атыс қаруы» деген түсінікке мынадай белгілер кіреді:
    - жалпы – шабуыл жасауға немесе белсенді қорғануға (қорғанысқа) және
      нысанына бұзу арқылы оны зақымға ұшыратуға немесе дене жарақатын (егер
      нысаны тірі организм болса) салуға арналған қару;
    - арнайы:
    а) дәрі газдары энергиясын немесе басқа жарылыс заттарын снарядқа
лақтыруға пайдалану;
    б)снарядқа қозғалыс бағытын беруге зарналған ұғымның болуы;
    в)зарядтың от шығаруына арналған құрылғының болуы;
    г) снарядтың жеткілікті зақымдау әрекеті;
    д) бір атылыстан көп атуды қамтамасыз ететін объектінің конструкциясы
мен мықтылығының болуы;
        -  факультативтік – жабу механизмдері мен от шығару зарядының,
қаруды ыңғайлы ұстауды және көздеуді қамтамасыз ететін құрылғыларының
болуы.
    Атылыстың негізгі іздері  –  ол  снарядтан  пайда  болған  зақымдаулар.
Кедергіге еніп келкен снарядтан пайда болған зақымдар өтпелі зақымдар  болып
табылады.Олар тесіп өткен және соқыр  зақымдар  болуы  мүмкін.  Тесіп  өткен
зақымдар снарядтың кедергіден өтіп кетуінен пайда  болады.  Ол  кірген  және
шығып  кеткен  тесіктері   бар  арна  түрінде  болады.  Оқ  кедергіде  қалып
қалғанда, соқыр зақымдар  пайда  болады.  Олар  бір  кіру  тесігі  бар  арна
ретінде болады. Соқыр арнаның соныңда снаряд тұрады.
    Жеке  қорғану  құралдары  ретінде  тітіркендіргіш  әрекеттегі  уландыру
заттары(ТӘУЗ) мен лакриматорлық  эффектісі  бар  табиғи  қосылыстар  кеңінен
тарады. ТӘУЗ – ді пайдалану үшін аэрозольді баллондар қол  қаруына  арналған
патрондар кеңінен тарады, оларды «газды тапаншалар мен револьверлер» деп  те
атайды.
    Тапаншалармен қатар, өзін - өзі қорғау үшін газды және  сигнал  беретін
патрондармен   атуға   арналған   әр    тү.рлі    модельдегі    револьверлер
пайдаланылады. Газды патрондардың мақсаты – кристалды белменді  заттың  атуы
кезінде 3 – метрге дейінгі қашықтыққа  лақтыру.  өзінің  біршама  арзандығы,
құрылымының қарапайымдылығғы, қолданудың көптігі мен тиімділігі жағынан  кең
қолданатын, өзінің  құрамында  ТӘУЗ  –  і  бар  аэрозольді  баллондар  болып
табылады.
    Сот баллистикалық сараптаманың ғылыми -  әдістемелік  негіздері  атылыс
процесі және оқ –  дәрі  қарауыштары  мен  кедергілерде  іздердің  қалыптасу
заңдылықтары  бар  сарапшылық  білім   саласын   құрайды.сот   баллистикалық
сараптамасы әдістемесіне криминалистік, баллистикалық, физикалық,  химиялық,
математикалық, техникалық және өзге де әдістер кіреді.
    Егер қауіпсіздік үшін тасымалдау кезінде қарудың оғы  алып  тасталынса,
онда ондағы патрондардың  саны  мен  орналасуын  бұлжытпай  сипаттау  керек.
Сарапшының алдына атылыстың өздігінен болу мүмкіндігі туралы сұрақты  қойған
кезде қаруды бөлшектеу рұқсат етілмейді.
    Хаттамада  қару  және  қолға  түсіру  мен  сақтаудың  жағдайлары  толық
сипатталуы керек.


    10 Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
    10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер  материалдарын
сот сарапшылық зерттеу
    10.2 Мұнай өнімдері  мен  жанар-жағармай  материалдарын  сот-сарапшылық
зерттеу
    10.3 Металдар мен қорытпаларды сот сарапшылық зерттеу
    10.4 Топырақты сот сарапшылық зерттеу
    10.5  Талшықтық  материалдар  мен  олардан  жасалған  бұйымдарды   сот-
сараптамалық зерттеу
    10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу


    10.1 Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын
сот-сарапшылық зерттеу
    Сараптаманың   объектілері:   Үсті   боялған   заттар    мен    полимер
материалдардан  жасалған  бұйымдар,  лакты  бояу  материалдары  көлемі   мен
олардың құрамдас құрауыштары, түйіспелі өзара әрекет ету іздері бар  боялған
заттардың  нақты  жиынтықтары,  полимер  материалдарын  дайындауға  арналған
шикізат пен  құрал-жабдық,  салыстырмалы  зерттеуге  арналған  үлгілер  және
сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
    Лакты бояу материалдары,  жабындары  және  полимер  материалдарына  сот
сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері:
    Заттай дәлелдемелерді қараған кезде мына талаптарды сақтаған жөн:
         - Заттай  дәлелдемелер  –  оқиға  орнынан  алынған  бояу,  полимер
           кесектері, олардың бөліну шекараларын бұзбай отырып,  бір  қағаз
           пакетке жиналады;
         - Нақты заттың (мыс.,көлік құралы) боялуының толық  жүйесі  туралы
           ақпаратты алу үшін  жабындардың  салыстырмалы  үлгілерін  алуда,
           олардың бөліктерін төменгі қабаттарына дейін кесе отырып жүргізу
           керек;
         - ЛБЖ, ПМ іздері бар заттарды алғанда, ескі  іздерін  сақтап  және
           қылмыс оқиғасына байланысты емес жаңа іздер  пайда  болмайтындай
           алу керек;
         - Боялған  заттар  лактыбояу  жабындарының  зақымданған  жерлерін,
           сондай-ақ киімді  немесе  бояу  іздері  бар  басқа  объектілерді
           қосымша  механикалық  әсер   етуден,   қандай   да   бір   бөтен
           бөлшектердің түсуінен сақтаған жөн; киімде  немесе  басқа  затта
           бояудың микробөлшектері көрінбеуі мүмкін, сондықтан да,  олармен
           барлық жұмыстар таза ақ қағазда жүргізіледі, оған  сол  заттарды
           буып-түйіп, сараптамаға жібереді.
         - Бояу  жұғындылары  бар  жеткізгіш-заттарды,  лактыбояу  жабындар
           қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға  жолдаған  кезде
           әрбір затты тығыз  ақ  ақағазға  немесе  полиэтилен  пленкасының
           қиындысына жақсы жауып буып-түю қажет;
         -   Кабельді   өнеркәсіптің   бөліктерге   бөлінген    бұйымдарына
           сәйкестендірушілік зерттеу  жүргізу  үшін,  егер  бөлудің  жалпы
           жолағы  болмаған  жағдайда,  онда  ізделініп  отырған   бүтіннің
           шекараларын анықтайтын  мәліметтерді  ұсыну  керек  (оның  саны,
           пайда  болу   жағдайлары,   пайдалану   және   бөліктерге   бөлу
           ерекшеліктері);
         - Көлік құралын қайта бояу фактісін  анықтау  үшін  әр  бөлшектері
           жабындарынан үлгілер таңдап алу талап  етіледі,  оның  негізгісі
           автомобиль қорбы болып табылады. Нөмірін қайта жасау  жағдайында
           бөлшектің ішкі бөліктерінен де үлгілерді алу жүргізіледі.


     2. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық
        зерттеу
    Сараптаманың  объектілері  –  заттардағы  мұнай  өнімдері  мен  олардың
іздері; жанар-жағармай мұнай материалдары  мен  олардың  заттардағы  іздері;
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер  мен  сараптама  тақырыбына  жататын
өзге де іс материалдары.
    Мұнай  өнімдері  мен  жанар-жағармай  материалдарына  сот  сараптамасын
тағайындау   үшін   материалдары   дайындаудың   ерекшеліктері.    Сараптама
тағайындау туралы қаулыда істің мән-жайы, сондай-ақ:
         -  Зерттелетін  объектілердің  шығу  тегі,   сақталу   жағдайлары,
           тасымалдануы, пайдаланылуы, объектілерді табу және алу тәсілдері
           жөнінде;
         - Қолдан жасалған композициялар технологиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ-де
           іздері табылған заттың қасиеттері туралы ақпарат ұсынылуы керек.
    МӨ мен ЖЖМ объектілерін  сарапшылық  зерттеуге  дайындаған  кезде  мына
төмендегі талаптар сақталу керек:
         - Зерттеу объектілері ұқыпты жабылып ұсынылады,  өйткені  көптеген
           сұйық МӨ  (бензин,  керосин,  еріткіш)  құрамында  тез  буланғыш
           компоненттері болады;
         - МӨ мен ЖЖМ қасиеттерінің өзгеруін болдырмау  үшін  оларды  алуды
           және сарапшылық зерттеуге ұсынуды қысқа  мерзімде  өткізу  керек
           және үлгілерді зерттеуге  жібергенге  дейін  оларды  салқын  әрі
           қараңғы жерде сақтаған жөн;
         - Ыдыс габариттерінің едәуір үлкен болуына байланысты МӨ-ның нақты
           көлемдерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шығарылған көлемді МӨ-
           нің сұйық үлгілері ұқыпты  жабылған  құрғақ  шыны  ыдысқа  құйып
           алынады;
         - Қоймалжың МӨ  мен  ЖЖМ  үлгілерін  (май,  пластик  майлар)  шыны
           ыдысқа,  ал  қатты  МӨ  мен  ЖЖМ-ні  таза   полиэтиден   пакетке
           орналастыру керек;
         - Қағаз пакеттер, сіріңке қораптары, ағаштан,  картоннан,  матадан
           жасалған орама материалдар МӨ-ні  буып-түюге  жарамсыз,  өйткені
           сұйық және қоймалжың МӨ саңылауы материалдарға сіңіп кетеді;
         - Жеткізгіш-заттардағы МӨ мен ЖЖМ іздерін табу және  зерттеу  үшін
           сол заттарды және ондағы МӨ мен ЖЖМ жұғындылары іздерін сақтауды
           қамтамасыз ете отырып ұсынған мақсатқа лайықты;


    10.3 Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу
    Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
           -     жеткізгіш-заттардағы     металдар     мен     қорытпалардың
             микробөлшектерінің болу/болмауы;
           - жалпы қабылданған металтану жіктеуіне сәйкес  металдың  белгілі
             бір түрге қатыстылығы;
           - металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың  бұзылу  сипаты
             мен себептері, нақты сипаттамалары;
           - металдар  мен  қорытпалардан  жасалған  объектілердің  бірыңғай
             тектік (топтық) қатыстылығы;
           - металдар мен қорытпалардың бірыңғай шығу көзіне (массасы, тобы,
             қорытылуы) қатыстылығы;
           - металдардан жасалған объектілердің өзара түйіспелі  әрекет  ету
             фактісі анықталуы мүмкін.
    Сараптаманың  объектілері  –  негізгі  металл  болатын  (болат,  шойын)
қорытпалардан жасалған  бұйымдар,  түсті  металдар  бұйымдары  және  олардың
қорытпалары (мыс, алюминий, қорғасын,  мырыш),  шикізат,  металл  сынықтары,
асыл металдардан жасалған (алтын, күміс,  платина)  бұйымдар  мен  жабындар,
жеткізгіш-заттардағы  металдану  іздері,  салыстырмалы  зерттеуге   арналған
үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
    Металдар   мен   қорытпаларға   сот   сараптамасын   тағайындау    үшін
материалдарды  дайындаудың  ерекшеліктері.   Сараптама   тағайындау   туралы
қаулыда сарапшылық зерттеу барысында заттай  дәлелдемелердің  жойылу  немесе
зақымдану мүмкіндігін ескерткен жөн. Объектілердің  сыртқы  түрі,  құрылымы,
химиялық құрамының  өзгеруі  мүмкін  жағдаяттарды  толықтай  баяндау  қажет.
Заттай дәлелдемелер сараптамаға сол табылған түрде, бөлек  пакеттерге  буып-
түйіліп ұсынылады.
    Объектілерді  сертификациялаған  өнімге  немесе   белгілі   дайындаушы-
зауыттың  өніміне  жатқызу  туралы  сұрақтарды  шешу  қажеттілігі   туғанда,
тиісінше, сапа сертификаты мен осы кәсіпорын өнімінің үлгілерін ұсыну  талап
етіледі.
    Объектілердің өндіріс технологиясы туралы сұрақтарды шешу  үшін  тиісті
үлгілер мен технологиялық құжаттамаларды ұсыну керек.


    10.4 Топырақты сот-сарапшылық зерттеу
    Сараптама  объектілеріне   -   әртүрлі   қалыптасқан   жергілікті   жер
орындарының топырақтары, жеткізгіш-заттардағы (көлік құралы, киімдегі,  кісі
өлтіру құралындағы) топырақ текті заттардың  жұғындылары,  белгілі  бір  жер
орнынан алынған топырақтың салыстырмалы  және  бақылау  үлгілері,  үлгілерді
алудың сызба-жоспары, сондай-ақ сараптама  тақырыбына  жататын  өзге  де  іс
материалдары жатады.
    Салыстырмалы үлгілерге табиғи, жаратылыс шектерінде бөлінген немесе іс-
жағдаяттарына  байланысты  белгіленген  шектерде  жер  орны  көлемі  шегінде
алынған топырақ үлгілері жатады, ал бақылау үлгілеріне  оқиға  орны  ретінде
белгіленген жер  орны  шектеріне  тікелей  жақын  алынған  топырақ  үлгілері
жатады.
    Сот топырақтану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды  дайындаудың
ерекшеліктері:Сараптама  тағайындау   туралы   қаулыда   жер   орнына   (улы
химикаттармен  өңдеу,  белгілі  дәнді-дақылдарды   себу,   қылмыстық   оқиға
кезіндегі метеорологиялық ахуал),  сондай-ақ  жеткізгіш-заттарға  (аяқкиімді
қию мерзімі, оны тазалау, жуу) қатысты мәліметтерді келтіру керек.
    Топырақ  жұғындылары  тікелей  жеткізгіш-заттарда  (киімде,  аяқкиімде,
қылмыс құралдарында) ұсынылады, мұнда заттай дәлелдемелер орамасы жеткізгіш-
заттардағы жұғындылар шоғырының сақталуын қамтамасыз етуі керек.
    Топырақ үлгілері жер бетінен жеткізгіш-заттың топыраққа жобаланған еніп
кету  деңгейіндегі  тереңдіктен  алынады  және   қылмыс   жасалу   сәтіндегі
метеорологиялық ахуал ескеріледі. Бір үлгінің салмағы 50-100 г болуы  керек.
Үлгілер ылғал болған жағдайда, оларды бөлме температурасында кептіріп  алған
жөн.
    Салыстырмалы үлгілер зерттелетін жер  орны  топырағының  ерекшеліктерін
оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін көлемде ( негізінде, 5 үлгіден кем  болмауы
керек) алынады. Әрбір нақты үлгіні алу орны сызба-жоспарда белгіленуі тиіс.


    10.5 Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-
сарапшылық зерттеу
    Талшықтық материалдар мен олардан  жасалған  бұйымдарды  сот-сарапшылық
зерттеу нәтижесінде мына жағдаяттар анықталуы мүмкін:
    -  жеткізгіш-заттарда  табылған  тоқыма  талшықтары  микробөлшектерінің
орналасқан жері және оның зерттелетін оқиға ситуациясына сәйкестілігі;
    - тоқыма талшықтары микробөлшектерінің,  жіп  қиындыларының,  мата  мен
басқа да талшықтық текті объектілердің  нақты  және  ортақ  тектік  (топтық)
қатыстылығы;
    -  тоқымы  талшықтары  микроіздерінің  басқа  микроіздерімен   жиынтығы
бойынша (майлау, металл бұйымдары ЛБЖ бөлшектері), сондай-ақ қандай  да  бір
зат беттеріндегі із-көріністер бойынша кісі  өлтіру  құралымен  (пышақ  т.б)
немесе  көлік  құралымен  киім  құрамдарының  өзара  түйіспелі  әрекет   ету
фактісі;
    - бөліктері бойынша бүтін (матаның нақты  қиындысы,  киім  заты),  жеке
заттар бойынша (белбеудің курткаға қатыстылығы) киім құрамы;
    - материалдардың  (талшық,  жіп,  бояғыш  зат)  жиынтығы  бойынша  киім
заттарын теңдестіру.
    Сараптама объектілеріне – талшықтар, олардан жасалған  бұйымдар  (киім,
тұрмыстық  заттар,  арнайы  мақсаттағы  заттар),  талшықтық   материалдардың
(талшық  құрайтын  полимерлер,  бояғыш,  тоқыма-қосалқы   заттар)   химиялық
құрамының элементтері; салыстырмалы зерттеуге  арналған  үлгілер,  сараптама
тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.
    Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарға  сот  сраптамасын
тағайындау   үшін   материалдарды   дайындаудың   ерекшеліктері?   Сараптама
тағайындау туралы қаулыда:
    - қылмыстың жасалу уақыты;
    - қылмыстың жасалу орны, соның ішінде материалдық ортаның сипаттамасы;
    - қозғалыс бағытын, кедергілерден өту, сол  кезде  қандай  да  бір  іс-
әрекеттер жасалуын көрсете отырып, қылмыс жасалуының тәсілі мен механизмі;
    - іс-әрекетті жасау сәтіндегі метеорологиялық ахуалы;
    - жәбірленуші мен сезіктінің (айыпталушының) киімін алу уақыты;
    - қылмыс жасалған сәттен сараптамаға жібергенге дейін  жәбірленуші  мен
сезіктінің киімінің жағдайы туралы мәліметтер көрсетілуі керек.
    Сарапшыға:
    - қылмыс жасалғанға дейін қатынаста болған адамдарға қатысты;
    -  қылмыстық  оқиғадан  кейін  пайдаланған,  тазаланған,  жуылған  киім
заттарына қатысты;
    - киімдердің толық емес құрамының;
    - түсі және құрамы бойынша бір текті киім заттарының;
    - киім заттары мен ақ  матадан  істелген  бұйымдардың  өзара  түйіспелі
әрекет ету фактісі туралы сұрақты қоюдың қажеті жоқ.
    Заттай  дәлелдемелермен  бірге   сараптама   жүргізу   үшін   мына   іс
материалдарын:  оқиға  орнын  қарау  хаттамаларын  және  сарапшылық  зерттеу
объектілерін табу, белгілеу және алу жөніндегі деректері  бар  сызбаны,  алу
уақыты,  талшықтардан  пайда  болған  микроіздердің  сыртқы  белгілері   мен
орналасу  жері  туралы,  жеткізгіш-заттардың  өздерінің  қасиеттері   туралы
деректер көрсетілген  заттай  дәлелдемелерді  қарау  мен  алу  хаттамаларын;
объектілердің шығу тегі, пайдалануы, сақталуы туралы ақпараты бар жауап  алу
хаттамалары; сот-медициналық сараптама қорытындысын ұсыну қажет.


    10.6 Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу
    Спиртқұрамдас сұйықтықтарды (бұдан әрі –  СҚС)  сот-сарапшылық  зерттеу
нәтижесінде:
    - қолданыстағы жіктеушілікке сәйкес көлемдегі немесе іздердегі  СҚС-нің
белгілі бір түр мен сортқа қатыстылығы;
    - СҚС сапасының Мемстандартқа  немесе  медиктік-биологиялық  талаптарға
сәйкестілігі;
    - СҚС-ні дайындау тәсілі;
    - СҚС-нің ортақ тектік, топтық қатыстылығы;
    - СҚС-нің дайындалу (өндіріс) орны, тәсілі бойынша шығу көзі;
    - тексерілетін оқиғаға байланысты  бөліктерге  бөлінген  СҚС-нің  нақты
көлемінің ортақ шығу көзі;
    - әртүрлі қондырғылар мен  құрылымдардың  спирттік  сусындарды  өңдеуге
арналған аппараттарға қатыстылығын анықталуы мүмкін.
    Сараптаманың объектілері - СҚС әр түрлерінің нақты жекелей белгілі  бір
көлемдері,  соның  ішінде  өзге  текті  сұйықтықтармен  қоспада;   өндірісте
(зауытта) дайындалған СҚС  (спирттер,  арақ,  коньяктар,  шараптар);  жалған
жасалған өнім; қолдан дайындалған СҚС (самогон, чача,  тұнбалар);  әр  түрлі
жеткізгіш-заттардағы  СҚС  іздері;  спирттік  ішімдіктерді   дайындау   үшін
пайдаланылатын құрылғылар, құрылымдар, аппараттар; өндірістік  технологиялық
процестер және СҚС дайындауға арналған  аппараттар;  салыстырмалы  зерттеуге
арналған үлгілер; сараптама тақырыбына қатысты өзге де іс материалдары.
    Объектілерді дайындау кезінде мына талаптар сақталуы керек:
    - Мемлекеттік стандарт  нормаларына  сәйкестілігін  анықтау  мақсатында
зауыттық  тәсілмен  дайындалған  объектілер,  белгілі  бір  дайындаушы-зауыт
өнімінің қатыстылығы толық көлемде алынуы керек;
    - шөлмек тығыны және тауар қағазы алынған сәттегі түрде сақталуы тиіс;
    - егер зерттеу объектісі үлкен көлемдегі СҚС болса,  әрбір  ыдыстан  әр
деңгейде сынамалар  алу  жүзеге  асырылады,  өйткені  сынамалар  сұйықтықтың
барлық көлемінің қасиетін көрсету керек;
    - біраттас  СҚС-ның  өнімдері  көп  көлемде  болған  кезде,  сарапшылық
зерттеуге арналған үлгілер осы үлгілердің кескін-келбетін қамтамасыз  ететін
көлемде: бір жәшіктен 3 шөлмектен кем емес, әрбір құтыдан  (бөшке,  канистр)
орталанған сынамадан ұсынылады;
    - үлгілер таза құрғақ жақсы жабылған ыдысқа (ашыту сатысындағы  СҚС-дан
басқа) алынады;
    -  жеткізгіш-заттағы  СҚС  іздері  полимер  пленкамен   бөлек   буылып,
зерттеуге осы затпен бірге ұсынылады;
    - агрегаттың пайдалануын анықтау мақсатында зерттеу жүргізу үшін,  оның
барлық бөліктерін ұсыну қажет;
    - СҚС өндірісі технологиялық процесін зерттеу кезінде тиісті техникалық
құжаттаманы ұсыну талап етіледі.


    11 Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
    11.1 Жол-көлік оқиғасы жағдайаттарын сот сарапшылық зерттеу
    11.2 Сот сарапшылық көлік-трассолдогиялық зерттеу
    11.3 Көлік құралдарын сот-сарапшылық зерттеу



    11.1 Жол-көлік оқиғасы жағдаяттарын сот-сарапшылық зерттеу

    ЖКО   жағдаяттарын.сот-сарапшылық   зерттеу   нәтижесінде:    жол-көлік
ситуациясында қалыптасқан ЖКО-ға катысушылар әрекетгерінің  Жолда  жүру  мен
КҚ  пайдалану  ережелерінің  техникалық  талаптарына   сөйкестілігі;   нақты
қалыптаскан  жағдайды  ескергевде  оқиға  механизмі;   жүргізушінің   ЖКО-ны
болдырмауға техникалық мүмкіндігінің болуы (болмауы) анықталуы мүмкін.
    Сараптама тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) мына төмендегі  негізгі
алғашкы мәліметгер көрсетілуі керек:
    Жолдың жүріс белігінің жағдайы (оның ені, жабын түрі, көлбеуліктің болу
мен  шамасы);  .  КҚ-ның  түрі  мен  техникалық  жағдайы,  оның  жүгі;  жаяу
жүргіншінін  қозғалыс  жылдамдығы  мен  бағыты,  жолдың  жүріс  бөлігі  және
жүргізушінің көру аумағы бойынша  оның  басып  кету  орнына  дейінгі  жүрген
кашықтығы; КҚ-ның қозғалыс жылдамдығы мен бағыты немесе оның  тежелу  ізінің
мөлшері; көлік құралы тежелу ізінін  басталуынан  оның  қай  белігімен  және
қандай қашықтыкта жәбірленушіні басып кетті; жолдың бұрылыс  радиусы,  оқиға
орнының координаттары (басып кету, кақтығыс); шыны  калдыктарының,  шашылған
батпақтың орны; жүргізушінің орнынан жолдың көрінуі  доен  шолуы;  жүргізуші
кедергіні аддын ала қашан көруі және білуі мүмкін еді (егер,  тергеу  немесе
сот бүл сәтті анықтаған болса).
    ЖКО  жағдаяттарына  сот   сараптамасын   тағайындау   туралы   Қаулымен
(үйғарыммен) бірге сарапшының қарамағына:
    — ЖКО орнын қарау хаттамасы;
    — ЖКО-ның ауқымды сызбасы;
    — КҚ-ның техникалык жағдайын қарау мен тексеру хаттамасы;
    — егер жүргізілсе, тергеу экспериментінің хаттамасы;
    — куөлардан және ЖКО-ға қатысушылардан жауап алу хаттамасы ұсынылады.
    ЖКО орнын қарау хаттамасында жол  төсемінің  сипаты  мен  түрі  туралы,
жолдың жүріс бөлігі мен жол жағасының ені  мен  жағдайы,  кюветтердің  болу-
болмауы, көтерілу бұрышынын немесе тік еңістің шамасы  мен  бұрылыс  радиусы
туралы; жолдың  ескерту  белгілерінің  болу-болмауы  мен  қозғалысты  реттеу
тәсілі, тежелу ізінің орны, оның ұзындығы мен сипаты (деңгелектің  сырғанауы
немесе тежелінген тербелісі), басып кету нуктесі,  соктығысу  орны,  олардың
жол элементтері мен  басқа  қозғалмайтын  бағдарға  катысы;  қан  іздерінің,
тежегіш  сұйыктығының,  майлардың,  соңдай-ак  шыны  сынықтары  мен   КҚ-дан
бөлініп калған бөлшектердің болу-болмауы; заттай дәледдемелер табылған  және
алынған кездегі жағдаяттар туралы; соклығысқа  дейінгі,  соктығыс  кезіндегі
және соқтығыстан кейінгі автомобиль қозғалысының бағыты;
    Жол жағдайы заттарында пайда болған зақымдардың сипаты, нысаны, мөлшері
туралы; жургізушінін кабинасынан жол  төсемінің  керінуі  туралы  мәліметтер
болуы керек.
    ЖКО  орнын  карау  хаттамасына   сот   фотографиясы   ережесі   бойынша
(бағдарлык,  шолушылық,  тораптық,  белшектік)  оқиға   орнында   түсірілген
фототүсірілімдер қоса беріледі.
    ЖКО сызбасында: жол элементтері мен жол жағдайы заттарына  (жылжымайтын
бағдарлар) қатысты КҚ-ның нақты орналасу орны, тежеу іздерінің және өзге  де
іздер мен заттай дәлелдемелердің мөлшері мен  орны;  жәбірленуші  мен  кәлік
құралының орны, жолды сипаттайтын деректер, негізінде,  жол  төсемінің  түрі
(бетон, асфальт, тас төселген) және оның күйі  (құрғак,  дымқыл,  ластанған,
кектайғақ, кар басқан); жол ақауларының болу және орналасқан орны;  көтерілу
немесе еңіс бұрышының шамасы, бұрылыс радиусын дәл көрсетілген жол  профилі;
журіс белігінің, жол жағасының, кюветтердің ені және жолдың сыртқы  айналысы
сипаттамасы, шолуды, көрінуді шектейтін затгардың болу-болмауы және  олардың
дәл орналасқан орны; жол белгілерінің орналасуы көрсетілуі талап етіледі.





    11.2 Сот-сарапшылық көлік-трасологиялык зерттеу

    Сот-сарапшылык көлік-трасологиялык зертгеу нәтижесінде ЖКО процесіндегі
іздердің пайда болу механизміне,  сондай-ақ  көрсетілген  оқиғаның  механизм
элементтеріне қатысты жағдаяттар аныкталуы мүмкін.
    Зерттеу объектілері КҚжәне олардың  бөлшектері,  ЖКО-ға  катысушылардың
киімі мен аяқкиімі,  сондай-ак  сараптама  тақырыбына  жататын  өзге  де  іс
материалдары болып табылады.
    Сараптаманьң шешілуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың аукымы:
    1.Қандай көліктің турі, типімен, КҚ моделімен, оның кандай бөліктерімен
іздер қалдырылды?
    2. Іздер шинаның қавдай моделімен қалдырылған? Бұл  шина  қандай  кәлік
құралдарына койылуы мүмқін?
    3.   Оқиға  орнын   қарау   кезінде   алынған   шыны   сынықтары   фара
шашыраткышының қавдай типіне жатады? Осы фара  шашыраткыштары  қандай  КҚ-ға
орнатылуы мүмкін?
    4. Із қалдырған КК қай бағытта козғалып бара жатқан?
    5.  Қақтығыс сәтінде КҚ тұрған ба немесе қозғалып бара жатқан ба?
    6.  КҚ  бір-біріне  қатысты  және  жол  элементтеріне  қатысты  олардың
бастапқы туйісу сәтінде қалай орналасқан?
    7. Қай орын КК, қақтығысу орны болып табылады?
    8. Осы объектіде КҚ іздері бар ма?
    9. Іздер КҚ-ның  кдктығысу,  басып  кету,  аударылу  нәтижесінде  пайда
болған ба? Іздердің пайда болу механизмі және реті кандай?
    10. Іздер осы КҚ-мен қалдырылған ба?
    11. Осы зат нақты КҚ-ның бөлігі болып табыла ма?
    12. Объектідегі іздер зерттеуге ұсынылған шинамен қалдырылған ба?
    ЖКО жағдаяттарын толық және жан-жакты зерттеу мақсатында  кешенді  сот-
медициналык және трасологиялык  сараптамалар  тағайындалуы  мүмкін.  Олардың
шешуіне мына төмендегі сұрақтар қойылуы мүмкін:
    1.  Көлік құралы және жәбірленушінің денесіндегі закымдарға, оның киімі
мен аяккиіміндегі іздер мен зақымдарға қара-ғавда,  колік  құралы  мен  жаяу
жүргіншінін өзара орналасуы қаңдай?
    2. Жәбірленушінің  киімі  мен  аяккиіміне  зерттеу  жүргізуден  алынған
деректерді қарап, бірінші  сұрақты  шешуді  ескергенде,  жаяу  жүргінші  бір
орнында түрған немесе қозғальга  бара  жатқандығын  анықтау,  егер  қозғалып
бара жаткан болса,  оңда  көлік  кұралының  қозғалыс  бағытына  қатысты  қай
бағытта қозғалып бара жатқан?
    3.  ЖКО   сәтінде   КҚ   рулінде   кім   отырған   (КҚ-ның   кұрылымдық
ерекшеліктерін,  оның  салонындағы  іздерді,  КҚ  зақымдарын,  КҚ  салонында
болған адащардың дене жарақаттарын  және  олардың  киімі  мен  аяқкиіміндегі
іздерді еекергенде)?
    Көлік-трасологиялык         сараптаманы         тағайындау         үшін
материалдардыдайындаудың ерекшеліктері. Негізгі талаптар ЖКО  жағдаяттарының
сот сараптамасында баяндалғанмен шамамен үқсас.
    Жол-көлік окиғасында пайда  болған  қираулар,  сынықтар  мен  жаншылған
жерлерді сипаттау кезінде олардьщ  мөлшері,  дәл  орналасқан  жері  мен  жол
бетінен биіктігі көрсетілуі керек. КҚ-дағы басқа да  іздер  мен  закымдарды,
сондай-ақ осы  зақымдарды  анықтаудың  тәсілін  (қарау,  бөлшектеу  кезіңде,
эксперимент жасау жолымен) көрсеткен жөн.
    Кешенді сот-медициналык және трасологиялық сараптама тағайындау кезівде
езге  де  материалдармен  бірге,  сарапшынын  қарамағына  ЖКО   сәтінде   КҚ
салонында болған адамдардың киімі мен аяккиімін үсыну керек.


    11.3 Көлік кұралдарын сот-сарапшылық зерттеу
    КҚ сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
    - КҚ-ның техникалық жағдайы;
    - КҚ-дағы техникалық акзулардың пайда болу себептері мен уақыты (ЖКО-ға
дейін, сол сәтте немесе кейін);
    - ЖКО басталу сәтіне дейін КҚ ақаулығын табу мүмкіндігі, сондай-ақ оның
ЖКО дамуына әсері анықталуы мүмкін.
    Сараптаманың  объектілері  бүтіндей  КҚ,   оньщжүйелері,   агрегаттары,
тораптары, бөлшектері, олардың  беліктері,  сондай-ак  сараптама  такырыбына
жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
    Сараптаманың шешуіне қойыпуы мүмкін сүрактардың ауқымы:
    1. Автомобильдің тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы, жүріс бөлігі, электр
жарығы жүйесі ақаулығынын, пайда болу себебі кандай?
    2.  ЖКО-ға қатысты кай сәтте осы бөлшектің (тораптың) бұзылуы болды?
    3.  Жүргізуші немесе КҚ-ның техникалық  жағдайына  жауапты  адам  КҚ-ны
пайдалану  алдында  оның  қандай  да  бір  жүйелерінің,  агрегаттарының   не
бөлшектерінің ақаулығын біле алған ба?
    4.  Анықталған ақаулык қозғалыстың режимін (тежегіш жүйесінің тиімділік
әрекетінің төмевдеуі,  КҚ-ны  ездігінен  бір  жақка  қарай  алып  кету  және
кейінде аударылуы) бүзды ма?
    5. Анықталған ақаулық болған ЖКО-мен себегтгік байланыста ма?
    6. Оқиға кезінде автомобильдің сынған электршамы жанып тұрды ма?
    7. Электршамның сынуы сәтінде автомобиль  фарының  қай  жарығы  (алысқа
түсетіні не жақынға түсетіні) жанып түрды?
    Көлік қуралдарына  сараптама  жүргізу  үшіи  материалдарды  дайыңдаудың
ерекшеліктері. КҚ  сарапшыға  жеткізілуі,  не  болмаса  өзгертілмеген  күйде
орнында   сақталуы   керек.   Сараптаманы   жүргізуді   бастамастан    бұрын
механизмдерді  реттеуге,  тораптар  мен  бөлшектерді  ауыстыруға,  май   мен
тежегіш  сүйыктығын  құюға,  сондай-ақ  өзге   де   жөндеу-қалпына   келтіру
жұмыстарын  жүргізуге  рұқсат  етілмейді.  Зерттеуге   жеке   тораптар   мен
бөлшектер, олардың бөліктері барлық бекіту  және  косу  бөлшектерімен  бірге
үсынылады.  Ондағы  бар  іздзр  мен  ақаулар  механикалық   әсер   ету   мен
ылғалдылықтан сақталуы керек.
    КҚ-ны қарау хаттамасында алынатын тораптын сыртқы түрі  мен  күйі,  оны
шығарып алудың жағдайы сипатталады. КҚ-дағы тораптың күйі суретке  түсіріліп
алынады.  Зерттеуге  берілетін  КҚ-ның  тежегіш  жүйесі,  рульдік  басқаруы,
трансмиссиясы, жүріс бөлігі толық тиеп әкелінеді.


    12 Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары
    12.1 Сот экономикалық сараптама
    12.2 Сот тауартану сараптамасы
    12.3 Сот құрылыс сараптамасы
    12.4 Сот жарылыс-техникалық сараптама


    12.2 Сот тауартану сараптамасы
    Сот-сарапшылық тауартану  зерттеуі  көбінде  азаматтық  істер  бойынша,
сондай-ақ жеке адамға қарсы, экономикалық қызмет аясындағы  меншікке  қарсы,
халықтардың  денсаулығына  және  адамгершілікке  қарсы  қылмыстар  жөніндегі
қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ көлік қылмыстары кезінде жүргізіледі.
    Сараптаманың объектілері:
    — материалдық активтер: жылжымалы мүлік (тауар-материалдық құндылықтар,
көлік құралдары, өндіріс қаражаты,  малдар);  жылжымайтын  мүлік  (жер,  жер
қойнауы, жер учаскелері;
    өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілері,  әкімшілік  ғимараттар
мен  үй-жайлар,  арнайы  мақсаттағы  объектілер,  инженерлік   инфрақұрылым,
аяқталмаған құрылыс;
             материалдық емес активтер: жұмыс, қызмет көрсету, шығармашылық
 және интеллектуалды қызметтің объектендірілген нәтижелері;
              өнеркәсіптік  меншіктің  тіркелетін  объектілері  (өнертабыс,
патенттер,  лицензиялар,  пайдалы  модельдер,  өнеркәсіптік  үлгілер,  тауар
белгілері, қызмет көрсету және шығу орны таңбалары);
    өнеркәсіптік  меншіктің  тіркелмейтін  объектілері  (гудвилл,  ноу-хау,
ғылыми  есептер  мен  монографиялар,   конструкторлық   және   технологиялық
құжаттамалар,  ма-кеттер,  модельдер  және  тәжірибе   үлгілері,   пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелер);
    Сот-тауартану сараптамасының міндеттері мен  объектілерінің  түрлілігін
ескергенде, ол былайша жіктеледі:
    — азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық зерттеу;
    — азык-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу;
    — сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі;
    — контрафактік тауарларды сот-сарапшылық зерттеу.
    - Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сот-сарапшылық
    зерттеу
    Сараптаманың объектілері  жеңіл  өнеркәсіп  тауарлары  (аяқкиім,  киім,
тоқыма тауарлары), галантерея және  зергерлік  бұйымдар,  гигиена  тауарлары
(парфюмерия және косметика), мәдени-тұрмыстық  тауарлар  (музыка  аспаптары,
спорт  тауарлары);  шаруашылық   мақсаттағы   тауарлар   (жиһаз,   ыдыс-аяқ,
тұрмыстық техника, тұрмыстық химия) және сараптама тақы-рыбына жататын  өзге
де іс материалдары болып табылады.
    Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
    1. Бұйымдардың атауы қандай?
    2. Бұйым қандай шикізат түрінен жасалған?
    3. Бұйымды дайындауға қолданылған шикізат (материал) сапалы ма?
    4. Осы тауардын сапасы қандай стандарттармен белгіленеді?
    5. Тауардың атауы мен сипаттамалары заттаңбада көрсетілген  таңбалаулар
мен ен-таңбаларға сәйкес пе? Сәйкессіздігі неде? т.б.
     - Азық-түлік тауарларын сот-сарапшылық зерттеу
    Сараптаманың объектілері ет-сүт, балық, бакалея, жеміс-жидек тауарлары,
дәмдік  және  астық-ұн  тауарлары,  тамақтық  концентраттар  және  сараптама
тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.
    Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы осының алдындағы
аталған сұрақтарға ұқсас.
    -  Сот-сарапшылық автотауартану зерттеуі
    Сараптаманың объектілері көлік құралдары, оның агрегаттары,  тораптары,
бөлшектері және  қосалқы  бөлшектері,  көлік  құралдарын  жөндеуге  арналған
материалдар, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс  материалдары
болып табылады.
    Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
    1. ЖКО нәтижесінде КҚ-да болған зақымдарды қалпына келтіру үшін қажетті
шығынның құны қандай?
    2. Автомобильді жөндеудің калькуляциясында көрсетілген жөндеу жұмыстары
мен  бөлшектерді  бағалау  мен  бағалар  КҚ  жөндеу  сәтіндегі  бағалар  мен
бағалауға сәйкес пе? Калькуляцияда көрсетілген барлық жұмыстар  КҚ-ны  қайта
қалпына келтіру үшін қажет пе?
    3. КҚ-ның тозу пайызы қандай?
    4. Қайта қалпына келтіру сомасы КҚ-ның қалдық құнынан артық па?
    Қазіргі  уақытта  бейне  және  аудио  өнімге  қатысты  зерттеу  кешенді
сараптама шеңберінде жүргізіледі.
    Сараптаманың объектілері:
    - тауар орамасы  және  тауар  жөнінде  ақпарат  жеткізгіштері:  шығарма
жазбасы жеткізгішін  ресімдеу  құралы  ретіндегі  футляр  мен  қосымша  бет;
дизайн  құралының  бейнелеулері;  құкық  иесінің  құқын  қорғау  элементтері
(авторлық  және  (немесе)  аралас  құқықтарды  қорғау  таңбалары,   фирманың
логотипі бар голографиялық жапсырмалар, тауар таңбасы ).
    - ақпарат жеткізгіштері (аудио-, бейне кассеталар мен компакт-дискілер)
және олардың құрамдастары: аудио-, бейне кассеталардың корабы мен  магниттік
таспасы;  компакт-дискілердің  үстіңгі  беттері  (үстіңгі  бетінің  мөлшері,
профильдері);
    - жеткізгіштегі шығарма жазбалары: негізгі параметрлері (форматы, түсті
теледидар жүйесі, жазба режимі);
    —  шығарылған  дубликаттардың  лицензиялық  өнімі  жазбасын   данасынан
дайындау үшін қолданылған техникалық  құралдар:  аралық  жазатын  аппаратура
(аудио-,   бейнемагнитофондар,   плеерлер)   және   оның    құрал-жабдықтары
(кассеталар, компакт-дискілер);
    — зерттеуге ұсынылған аудио көзбен көру шығармаларына  арналған  ілеспе
құжаттама:


    12.3 Сот құрылыс сараптамасы
    Сот-сарапшылық   құрылыс   зерттеуі   көбінде   меншікке   қарсы   және
экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар жөніндегі қылмыстық, істер  бойынша,
соңдай-ақ азаматтық істің кен ауқымында іс жүргізу кезінде жүргізіледі.
    Сараптаманың объектілері:
    - ғимараттар мен үй-жайлар;
    - даулы үй иелікке БТИ-дің техникалық паспорты;
    -  құрылыс-монтаж  және  құрылыс-жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  белгілі
тәртіппен бекітілген жоба-смета құжаттамасы;
    - күрделі құрылыс туралы қолданыстағы заңнамаға  сәйкес  құрылыс-монтаж
және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарттар;
    - құрылыс учаскелеріне инженерлік-топологиялық зерттеу қорытындылары;
    -  қолданыстағы  ҚНмЕ-ге  сәйкес  құрылыс-монтаж  және   құрылыс-жөндеу
жұмыстарын жүргізуге тапсырыс беруші  жағынан  (құрылыс  соғушы)  техникалық
қадағалау материалдары;
    - құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жобалары;
    - объектіні соғуға және жобалауға жер учаскелерін бөлу  туралы  актілер
мен   шешімдер,   жоба-смета   құжаттамаларын    әзірлеуге    сәулет-жобалау
тапсырмасы;
    - орындалған жұмыстарды қабылдап алудың бақылау өлшеу актілері, құрылыс-
монтаж   және   құрылыс-жөндеу   жұмыстарында   сапасыз   дайындалған   және
қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарын зерттеу;
    — орындалған құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу жұмыстарына  ақы  төлеу
жүктелімдері;
    — зерттелетін объектідегі құрылыс-монтаж және құрылыс-жөндеу  жұмыстары
кезінде  болған  бақытсыз  жағдайлар  мен  техникалық   себептерді   зерттеу
актілері;
    — арнайы ведомстволық тергеу актілері болып табылады.
    Сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қабылдап алу  сынақтары,  құрал-
жабдықтарды техникалық қарау актілері, құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  кезінде
өнделетін шикізат туралы мәліметтер және сараптама тақырыбына  жататын  өзге
де іс материалдары ұсынылады.
      Сот  құрылыс  сараптамасын  тағайындау  туралы  қаулыда  (ұйғарымда),
шешілетін міндеттерге орай, қосымша  мәліметтер  көрсетілуі  қажет.  Мысалы,
жылжымайтын  мүліктің,  құрылыс-монтаж  немесе  құрылыс-жөндеу  жұмыстарының
құнын анықтау кезінде  кай  кезеңге  бағалауды  жүргізу  керектігін  көрсету
керек. Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін  бөлуге  байланысты  сұрақтарды
шешу кезінде бөлуді қандай үлесте жүргізу керектігін көрсету қажет.
    Сот  құрылыс  сараптамасының  негізгі  объектілері  жылжымайтын   мүлік
объектілері  болып  табылады.  Сарапшылық  зерттеу  жүргізу  үшін  объектіні
қарау, тексеру өлшеулері мен қажетті өлшемдерді  орындау,  ал  қажет  болған
жағдайда, құрылыс материалдары мен конструкциялар үлгісін алу қажет.  Осыған
байланысты,   сот   құрылыс   сараптамасын   тағайындау   кезінде   міндетті
талаптардың  бірі  сараптама   тағайындаған   органға   жүктелетін   зерттеу
объектісін қарауды ұйымдастыру болып табылады.
    Сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу  объектісінің  орналасу
орнына жеткізуді, ал қажетті жағдайда тараптар мен  сот  өкілінің  қатысуын,
зерттеу өткізуге қажетті кедергісіз рұқсат пен  жағдайларды  қамтамасыз  ету
керек.
    Орындалған  жұмыс  мәселелеріне  қатысты  сот  құрылыс   сараптамаларын
жүргізуде сараптама тағайындаған адам объектіні қарау кезінде осы  құрылысты
жүргізген құрылыс ұйымы өкілінін қатысуын қамтамасыз ету керек.


    12.4 Сот жарылыс - техникалық сараптама
    Сот  сарапшылық  жарылыс  -  техникалық  көбінде  жеке  адамға   қарсы,
мемлекеттің  конституциялық  құрылымы  мен  қауіпсіздігіне  қарсы,  қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық  істер
бойынша, сондай ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.
    Сараптаманың объектілері: жарылыс  әрекеті  бар  (миналар,  гранаталар,
бомбалар) штаттық оқ  дәрілер  және  қолдан  жасалған  жарылғыш  құрылғылар,
негізінде , өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі  бойыша  инженерлік
миналар мен қол гранаталары; жарылғыш  заттар  (әскери,  өндірістік  не  жан
жақты мақсаттағы) мен  дәрі,  жару  құралдары;  жарылыс  өнімдері  мен  оның
әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.
    Сот жарылыс - техникалық сараптаманың түр тармақтары былай бөлінеді:
    ➢ Жарылыс жүйелерін зерттеу;
    ➢ Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері  мен  инженерлік
      оқ дәрілерді зерттеу;
    ➢ Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;
    ➢ Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.
    Сот жарылыс -  техникалық  сараптаманың  ғылыми  әдістемелік  негіздері
жарылғыш  құрылғылар  мен  жарылғыш   заттарды,   сондай   ақ   жарылыстарды
әзірлеумен   және   пайдаланумен   байланысты    технологиялық    процесстер
заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.
    Сот  жарылыс  -  техникалық  сараптаманы  жүргізу  үшін   материалдарды
дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама  жүргізу  үшін  ұсынылатын  материалдар
істің мән жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын  сұрақтардың
сипатымен анықталады.
    Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық  және  инженерлік  оқ
дәрілерді жолдағанда сарапшыға: қарау және  табу  сәтінде  оларды  пайдалану
үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің  өзі;  оларды  табудың  мән
жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген  тергеу
әрекеттері   хаттамасының   көшірмелері;    сезіктіден    табылған    заттай
дәлелдемелердің    сұлбалары,     суреттері,     есептеулері,     техникалық
сипаттамалары;  сезіктінің  дайындаған  ЖҚ,  ЖЗ,  ЖҚ,   ИҚ,   ПҚ   макеттері
ұсынылады.
    Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы  материалдарды  жолдау  кезінде
оқиға орнын қарау  хаттамасының  көшірмесі;  хаттаманың  қосымшалары;  оқиға
орнынан  алынған  объектілер;   сот   медициналық   сараптама   қорытындысы;
жарылысты не оның зардаптарын бақылаған адамдардан  жауап  алу  хаттамалары;
жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.
    13  Сот технологиялық  және өрт-техникалық, жарылыс техникалық
сараптама жасау
    13.1 Сот технологиялық сараптама
    13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
    13.3 Сот жарылыс техникалық сараптама
    13.1 Сот технологиялық сараптама
    Сот-сарапшылықтехнологиялықзерттеуі көбінде  азаматтық  істер  бойынша,
сондай-ақ экономикалық қызмет аясындағы меншікке  карсы,  коммерциялық  және
өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы кылмыстар  жөніндегі  қылмыстық
істер бойынша жүргізіледі.
    Сот технологиялық сараптаманың такырыбы қандай да бір  әнімді  дайындау
технологиясымен байланысты іс жағдаяттарын  арнайы  ғылыми  білім  негізінде
анықтау болып табылады.
    Сараптаманың объектілері:
материалдар (шикізат);
жартылай өнімдер;
бұйымдар (кеңінен тұтыну және өндірістік-техникалық мақсаттағы);
өндіріс қалдықтары;
дайын өнім (жартылай өнім) үлгілері;
технологиялык процесте пайдаланылатын механизмдер мен құрылымдар;
технологиялық құжаттамалар (өндірістің технологиялық сызбасы,  технологиялық
есептеулер,  жолсапар  карталары,  гра-фиктер),  дайын  әнімге   нормативтік
құжаттама (ГОСТ, ТУ,  ОСТ)  және  өзге  де  кұжаттамалар  (ілеспе  құжаттар,
сертификаттар, шарттар);
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
    - сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
    Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрактардың ауқымы:
    1.     Зерттеуге ұсынылған материалдардың (шикізаттың),
бұйымдардың табиғаты және олардың мақсаты қандай?
Бұйымдардың дайындалу тәсілі, мақсаты, қолдану аумағы қандай?
Өнімнің (бұйымның)  сапасы  ілеспе  құжаттарда  (сертифи-катта)  керсетілген
талаптарға, нормативтік талаптарға немесе шарт талаптарына сай ма?
Өнімнің нашар  сапасы,  оның  ақаулары  сақтау  және  тасы-мадцау  шарттарын
бұзудың салдары болып табылмай ма?
Өнімді (бұйымды) өндірудіңтехнологиялық режимдерінен ауытқу болған ба,  егер
болса,  олар  өнімнің  (бұйымның)  жарам-сыз  болған  ақауларымен   себептік
байланыста ма?
Осы өнімнің шығу  көзі  каңдай  (дайындаушы-кәсіпорын,  технологиялық  жолы,
нақты механизмі)?
Объектілердің технологиялық күйі қандай?
Нормативтік ережелерге  қатысты  объект  калай  жұмыс  істеу  керек  (объект
монтаждау және орнату талаптарына сай ма)?
Объектінің функционалды касиеттерінің бұзылу себебі неде?


    13.2 Сот өрт-техникалық сараптама
    Өрт  жағдаяттарын  сот-сарапшылық  зерттеу  көбінде   азаматтық   істер
бойынша, сондай-ақ жеке адамға қарсы,  мемлекеттің  конституциялық  кұрылымы
мен қауіпсіздігіне қарсы, экономи-калық  кызмет  аясындағы  меншікке  қарсы,
қоғамдык  қауіпсіздік  пен  қоғамдық   тәртіпке   қарсы   кылмыстар,   көлік
қылмыстары жәніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
    Сот өрт-техникалык сараптаманың тақырыбы:
жанудың пайда болу және ерістеу себептерін;
ерттің өрістеу механизмін;
өрттің пайда болуына себебін тигізетін  жағдайларды  анық-таумен  байланысты
іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманын объектілері:
әрт орны;
жоғары температура әсеріне ұшыраған ғимараттар мен  үй-жайлардың  құрылымдык
элементтері;
ерт орнында табылған заттар, материалдар, бұйымдар, жылу құрал-жабдыктары;
электржылытқыш аспаптары, электр сымдары;
жану және тез тұтанғыш сұйықтық іздерінің болуы тура-лы  болжам  жасалынатын
әр түрлі жеткізгіш-заттар;
балку іздері бар электр сымдары мен кабельдердің үзінді-лері;
апаттық режим белгілері бар электр қорғау кұралдары, электр коммутаторлар;
салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;
    — сараптама тақырыбына жататын езге де іс материалдары.
Сот   әрт-техникалық   сараптаманың   ғылыми-әдістемелік   негіздері    жану
процесінің пайда болуы мен өрістеуінің  зандылықтары  бар  сарапшылық  білім
саласын   құрайды.   Зерттеу   әдістемесіне    криминалистік,    техникалық,
математикалык және өзге де әдістер кіреді.
    Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сұрақтардың ауқымы:
Өрт ошағы кайда орналасқан?
Нақты орын өрт ошағы болып табыла ма?
Жанудың таралу жолы қандай?
Осы электр қорғау аппараттары кандай тоқта іске қосылуға есептелген?
Сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар объектінің электр жабдығын  артық
жүктелуден, қысқа тұйықталу ток-тарынан қорғап  қалуы  мүмкін  бе  еді  және
олар ө рттің пайда болуымен себептік байланыста болуы мүмкін бе?
Орттін  басталу  сәтінде  кернеу  тұрақтандырғышы  қандай  техникалық  күйде
болған және розеткіге қосылған күйде қалған тұрақтандырғыш  акдулығы  өрттің
себебі болуы мумкін бе?
Электр жабдығының күйі өрттің пайда болуымен себептік байланыста болған ба?
Өрт жағдайында жанып жаткан объектінің электр  қондырғылары  кернеулі  токта
болған ба?
Үсынылған заттай дәлелдемелерде апатты  жұмыс  режимінің  белгілері  бар  ма
(балку, токтын артық жүктелу іздері, қысқа
    тұйықталу)?


    3. Сот жарылыс техникалық сараптама.


    Сот сарапшылық жарылыстехникалық көбінде жеке адамға қарсы, мемлекеттің
конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық  қауіпсіздік  пен
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша,  сондай
ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.
    Сот жарылыстехникалық сараптаманың тақырыбы:
    ➢ Жарылғыш құрылғлардың (оқ дәрі қолдан жасалған жарылғыш  құрылғылар),
      жарылғыш заттар мен жару құралдарының  топтық  қатыстылығы  мен  шығу
      көзін;
    ➢  Жарылысты  дайындау   мен   жүргізуді   анықтаумен   байланысты   іс
      жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың объектілері: жарылыс  әрекеті  бар  (миналар,  гранаталар,
бомбалар) штаттық оқ  дәрілер  және  қолдан  жасалған  жарылғыш  құрылғылар,
негізінде , өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі  бойыша  инженерлік
миналар мен қол гранаталары; жарылғыш  заттар  (әскери,  өндірістік  не  жан
жақты мақсаттағы) мен  дәрі,  жару  құралдары;  жарылыс  өнімдері  мен  оның
әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.
    Сот жарылыстехникалық сараптаманың түр тармақтары былай бөлінеді:
    ➢ Жарылыс жүйелерін зерттеу;
    ➢ Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері  мен  инженерлік
      оқ дәрілерді зерттеу;
    ➢ Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;
    ➢ Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.
    Сот  жарылыстехникалық  сараптаманың   ғылыми   әдістемелік   негіздері
жарылғыш  құрылғылар  мен  жарылғыш   заттарды,   сондай   ақ   жарылыстарды
әзірлеумен   және   пайдаланумен   байланысты    технологиялық    процесстер
заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.
    Сот   жарылыстехникалық   сараптаманы   жүргізу   үшін    материалдарды
дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама  жүргізу  үшін  ұсынылатын  материалдар
істің мән жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын  сұрақтардың
сипатымен анықталады.
    Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық  және  инженерлік  оқ
дәрілерді жолдағанда сарапшыға: қарау және  табу  сәтінде  оларды  пайдалану
үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің  өзі;  оларды  табудың  мән
жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген  тергеу
әрекеттері   хаттамасының   көшірмелері;    сезіктіден    табылған    заттай
дәлелдемелердің    сұлбалары,     суреттері,     есептеулері,     техникалық
сипаттамалары;  сезіктінің  дайындаған  ЖҚ,  ЖЗ,  ЖҚ,   ИҚ,   ПҚ   макеттері
ұсынылады.
    Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы  материалдарды  жолдау  кезінде
оқиға орнын қарау  хаттамасының  көшірмесі;  хаттаманың  қосымшалары;  оқиға
орнынан  алынған  объектілер;   сот   медициналық   сараптама   қорытындысы;
жарылысты не оның зардаптарын бақылаған адамдардан  жауап  алу  хаттамалары;
жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.


    14  Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың  және биологиялық
сот сараптамасы
    14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың  сот сараптамасы
    14.2 Сот сарапшылық биологиялық сараптамасы


    14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы.
    Есірткілер, психотроптық заттар  мен  прекурсорлардың  сот  сараптамасы
Қазақстан  Республикасының  зағнамасын  бұзумен  жүзеге  асырылатын  олардың
заңсыз  айналымы  –  есірткі  құрамдас  өсімдіктерді   өсіру,   жинау   және
дайындаумен байланысты, есірткелер, психотроптық заттар  мен  прекурсорларды
өндіру,   дайындау,   қайта   қндіру,   ішке    енгізу,    сыртқа    шығару,
транзиттеу,тасымалдау,  жіберу,  сатып  алу,  сақтау,  бөліп   беру,   сату,
пайдаланумен байланысты қызмет түрімен байланысты  қылмыстық  істер  бойынша
және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жүргізіледі.
    Есірткелер, психотроптық заттар  мен  прекурсорлардың  сот  сараптамасы
тақырыбы:
    Есірткілерге не прекурсорларға жатқызылған белгісіз заттың жаратылысын;
    Оны есірткілер, психотроптық  заттар  мен  прекурсорлардың  блгілі  бір
түріне жатқызылуын;
    Салыстырылатын объектілердің көрсетілген жаратылысын  бірыңғай  шикізат
шығу көзі, бірыңғай  дайындалу  технологиясы,  бірыңғай  сақталу  жағдайлары
бойынша бірыңғай массаға, көлемге және  бірыңғай  шығу  көзіне  қатыстылығын
анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде  анықтау
болып табылады.
    Сараптаманың объектілері: есірткілер  (сора,  көкнәр  және  басқалардың
немесе  олардың  бөліктерінің   бүтіндей   есірткі   құрамдас   өсімдіктері,
өсімдіктерді қайта өңдеу өнімдерін ); қолдан  дайындалып  алынатын  жартылай
синтетикалық  және  синтетикалық   есірткілер   мен   психотроптық   заттар;
құрамында есірткі не психотроптық заттары  бар  зауытта  дайындалған  немесе
дәріхана әзірленген дәрілік құралдар; есірткілер мен  психотроптық  заттарға
ұқсас заттар; прекурсорлар;  дайындау,  бөліп  салу,  қолдану,  сақтау  және
тасымалдау кезінде пайдаланатын  түрлі  жеткізгіш  заттардағы  есірткілердің
немесе  психотроптық  микрожұғындылары;  есірткілерді  дайындауға   арналған
аспаптар мен құрал жабдықтар; есірткі құрамдас өсімдіктер өсетін  орындардың
тексерілетін  аумақтары;   оқиға   орнының   заттық   жағдайы;   есірткілер,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың шикізат көзі туралы ақпараты бар  іс
материалдары, олардың сақталу  орны,  дайындалу  технологиясы,  оқиға  орнын
өарау,  заттай  дәлелдемелерді  алу   хаттамалары,   сондай   ақ   сараптама
тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.


    14.2 Сот сарапшылық биологиялық сот сараптамасы.


    15 Адамның психикалық  күйі  мен  психофизиологиялық  процестердің  сот
сараптамасы
    15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу
    15.2 Сот-сарапшылық психоолгиялық-криминалистік зерттеу
    15.3 Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу
    15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу


    15.2  Сот-сарапшылык психологиялық-криминалистік зерттеу
    Сот-сарапшылық  психологиялық-криминалистік  зерттеу  көбінде  халықтың
денсаулығы мен адамгершілікке қарсы,  сондай-ақ  сот  әділдігі  мен  жазаны
орындау  тәртібіне  қарсы  қыл-мыстар  жөніндегі  қылмыстық  істер  бойынша
жүргізіледі.
    Сот психологиялық-криминалистік сараптаманың тақырыбы:
    адамның  физиологиялық,  психоэмоционадцы,  интеллектуалды  ерік  күйін
өзгерту мақсатында әр түрлі құралдармен оған әсер ету фактісін;
    адамның белгілі бір іс-әрекет жасау сәтіңдегі оның  психо  эмоционалды,
интеллектуалды-ерік күйі жағдайын;
    заттарды  қатаддық   пен   зорлық-зомбылыкқа   табынуды   насихаттайтын
порнографиялык  (эротикалық)  қатарына  қатыстылығы   фактісін   анықтаумен
байланысты іс жағдаяттарын арнайы  ғылыми  білім  негізінде  анықтау  болып
табылады.
    Сот  психологиялык-криминалистік  сараптаманың   объектілері:   адамның
өзінін не болмаса оған қатысты қандай да бір іс-әрекеттердің жасалу  сәтінде
оның психоэмоиионалды, интел-лектуалды ерік күйін көрсететін  ақпараттын  әр
түрлі   техникалық   құралдарын,   сондай-акадамның   физиологиялық,   психо
эмоционалды,   интеллектуалды   ерік   күйін   өзгертуі   мүмкін   ақпаратты
пайдаланумен  берілген  бейнелеулері  бар  заттар;  салыстырмалы   зерттеуге
арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
    Сот    психологияльщ-криминалистік    сараптаманы    тағайындау    үшін
материалдарды  дайындаудьщ  ерекшеліктері.  Егер  сарапшының  алдына   нақты
адамның күйі, оның күйінің өзгеруі,  мінез-қүлқы  туралы  сұрақтар  қойылса,
онда   шартты-ерікті   үлгілер   -   оның    шартты-ерікті    мінез-құлқының
бейнежазбасын: тергелетін іспен  байланысты  емес  адамның  оқиғалар  туралы
әңгімесін;  оның  істі  тергеуге  қатыспаған  адаммен  (психолог,   медицина
қызметшілері, туыстары) әңгімесін үсыну қажет.
    Зерттеу  объектілері  ретіндегі  акпараттың  техникалық  жеткізгіштерін
ұсыну кезінде:
сараптама тағайындаған  адам  керсетілген  заттармен  барлық  болатын  айла-
шарғыларды  болдырмауға  шаралар  қолдану  керек  («Play»  бейне   өндіретін
аппаратура командасынан басқа, кандай да  бір  өзге  режимде  бейнекассетаны
көруге; зерттелетін объектілердің форматына сәйкес емес  аппартураны  жазуды
қайта әндіруге пайдалануға);
ақпараттың техникалық жеткізгіштері жеке пакеттерге осы  ақпараттың  мазмұны
туралы жазбалармен бірге буып-түйілуі керек;
сараптаматағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) не бол-маса ілеспе  хаттарда:
ақпаратты қайта  өндірудің  ерекше  режимдерін  сақтау  қажеттелігі  туралы;
жазба монтажының болу-бол-мауы туралы; ұсынылған жазба түпнұсқа  не  көшірме
болып табылатындығы туралы мәліметтер көрсетілуі керек;
объектілерді  қандай  да  бір  механикалық  әсер  етуге,  сондай-ақ   оларды
поштамен жіберуге тыйым салынады (тек меха-никалық және өзге де  зақымдардан
сақтайтын материалдарға буып-түйілу қажет);
ақпараттың  техникалық  жеткізгіштерін  магнитсізденуден  сақтайтын  шаралар
қолдану  қажет  (статикалық  электр,   магнит-тік   өріс   көздеріне   жақын
орналастырмау);
ақпаратты қайта өндіруге арнайы аппаратура қажет болса, оңда  оны  сараптама
тағайындаған адам ұсыну керек;
ілеспе құжаттамада ақпаратты белгілеу сәтінен сараптама тағайындалған  сәтке
дейінгі материалдардың қозғалысының барлық кезеңдері көрсетілуі керек.


     15.3  Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу
    Сот-сарапшылық    инженерлік-психофизиологиялық    зерттеу    жол-кәлік
оқиғалары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша жүргізіледі.
    Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық сарап-таманың такьірыбы:
         тікелей ЖКО  алдындағы  және  ЖКО-ны  жасау  сәттегі  ситуациядағы
жүргізуші  қызметінің  ерекшеліктерін  (ЖКО-мен  себептік   байланысы   бар
жүргізушінің міндеттері, себептері, әрекеттері мен операциялары,  соңдай-ақ
олардың жалпы психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкестілігі);
          зерттеу жүргізу сәтіңдегі жүргізушінің кезбен көріп кабылдау  мен
реакциясының жекелеген ерекшеліктерін;
              ЖКО-ға   қатысы   бар    жүргізушінің    кәсіби    қызметінің
ерекшеліктерін;
    ЖКО-ның  орын  алуына  себепші  болуы  мүмкін  психологиялық  сипаттағы
құбылыстарды  анықтаумен байланысты  іс  жағдаяттарын  арнайы  ғылыми  білім
негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың  объектілері:  жүргізушінің  жеке  басы,  оның   автокелік
кұралын  басқарудағы  психикалық  іс-қызметі,  ЖКО-мен  себептік  байланыста
болуы  мүмкін  жүргізушінің  психика-лық   күйі,   процестері,   қасиеттері,
функциялары; ЖКО орны; ЖКО  алдындағы  және  сол  сәттегі  жүргізушінің  іс-
қызмет жағ-дайлары; ЖКО жағдаяттары туралы психологиялық сипаттағы  ақпараты
бар материалдар; сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
    Сот-сарапшыдық   инженерлік-психофизиологиялык   сараптаманың   гылыми-
әдістемелік  негіздері:  жол-көлік   ситуациясында   жүргізушіде   көрінетін
психофизиологиялық  ерекшелік-терінің  заңдылықтары  бар  сарапшылық   білім
саласын құрайды. Зерттеу  әдістемесіне  криминалистік,  психологиялық,  тех-
никалық және өзге де әдістер кіреді.
    Сараптаманың  шешуіне  қойылуы  мүмкін  сүрактардың  ауқымы   жүргізуші
психикасының үш аясымен белгіленеді:
    1. ақпаратты қабылдау, назар аудару,  қайта  өндеу,  сақтау  және  оған
реакция аудару процестерінің ерекшеліктері;
      2. жүргізушінің психикалық күйінің ерекшеліктері;
      3. жүргізушінің жеке басының мінез-құлықтары және олар:
    Сот   инженерлік-психофизиологияльщ   сарапташны    тағайын-дау    үшін
материаддарды дайындаудын  ерекшеліктері.  ЖКО  туралы  істер  бойынша  сот-
сарапшылық     инженерлік-психофизио-логиялық     зерттеу     автотехникалық
сараптамадан соң  және  са-рапшы  осы  көлік  кұралының  жүргізушісі  ЖКО-ны
болдырмауға техникалык мүмкіңдігі болғаны туралы тұжырымға келген  жағ-дайда
тағайындалған жөн.  Сарапшылар  ЖКО  сәтінде  жүргізушінің  реакция  уақытын
немесе психикалық күйін үзілді-кесілді түрде белгілеуге құқығы жоқ.  Сондай-
ақ  жүргізушінін  есінен  тануы,  мас,  есірткілік   улану   күйінде,   ауру
жағдайында  көлік  жүргізуге  байланысты  ЖКО  туралы  қылмыстық  істі  сот-
сарапшылык  психофизиологиялык  зерттеуге  жібермеген   жөн,   өйткені   бұл
жағдаяттар өзге сарап-тамалар түрлерінің күзыретіне жатады.


    15.4  Сот психологиялық-филологиялық зерттеу
    Сот психологиялық-филологиялық зерттеу кебінде жиі адам  мен  азаматтың
конституциялық  және  өзге   де   құкықтары   мен   бостаңдыктарына   қарсы,
бейбітшілік    пен    адамзаттың    қауіпсіз-дігіне    қарсы,    мемлекеттің
конституциялык құрылымының  негіздері  мен  қауіпсіздігіне  қарсы,  қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың  денсаулығына  және  адам-
гершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар туралы  қылмыстық  істер
бойынша,  сондай-ак  ар-ождан,  абырой,  іскер-лік  беделін  қорғау   туралы
азаматтық істер бойынша жүргізіледі.
     Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың тякырыбы:
*  синтаксистік  кұрылымдардың,  фразеологиялық  сөз  жасам-дардың,   ауызша
немесе жазбаша  сөйлем  жеке  сөздерінің  жал-пы  бағыттылығын,  мағыналық,
идеялық мазмұнын;
* ауызша не  жазбаша  сәйлем  авторының  жеке  ұстанымын  жеткізуінің  жалпы
түсініктілігі, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарының оның мазмұнын  түсіну
біржақтылығы;
* жазбаша не ауызша сөйлеуде норматив емес лексика сөйлемдерінің,  соңдай-ак
нақты  адамның  беделін  түсіруі  неме-се  тіл  тигізуі  мүмкін   әзге   де
сөйлемдердің болуын;
* жазбаша немесе адамның (адамдардың) кеңіл-күйі, ерік  аясына  әсер  етудің
психологиялық аспектісін;
* адамның (адамдардың) күйіне,  пікіріне,  пайымдауына,  мінез-кұлқына  әсер
етуге қабілетті ақпаратты баяндау стилін, мәнерін анықтаумен байланысты  іс
жағдаяттарын арнайы ғылы-ми білім негізінде анықтау болып табылады.
    Сараптаманың объектілері: әр түрлі техникалық кұралдар арқылы  автордың
кандай  да  бір  шындықтың  нақты  фактісіне  субъективтік  карым-қатынасын
көрсететін ақпараты бар ауыз-ша және жазбаша  сөйлеу,  сондай-ақ  сараптама
тақырыбына жататын өзге де іс материаддары.
    Сот  психологиялық-филологиялық   сараптаманың   тікелей   объектілері:
полиграфия құралдары кітап, кітапша арқылы бей-неленген  мәтіндер;  БАҚ-тағы
жариялымдар (талдау  шолулары,  мақалалар,  қысқа  жазбалар);  нақты  адамға
немесе бір топ адам-ға хат, үнқағаз, плакаттар түрінде орындалған  үндеулер;
аудио-бейне шеберханалар, мемлекеттік,  коммерциялық  теледидар  арналарында
кәсіби  немесе  әуесқойлық  аудио-,  бейнетүсірі-лімдер  жолымен  орындалған
аудио-, бейнежазбалар; дербес компьютерлер жадында,  дискеттерде  сақталған,
сондай-ақ «Ин-тернет» жүйесі беттерінде ұсынылған  мәтіндік  файддар,  олар-
дың басып шығарылғандары; ауызша немесе жазбаша  тіл  құрал-дары  —  хаттар,
сәз  сөйлеу,  аудио-,  бейнежазбалармен  орындал-ған   нақты   адамға   жеке
хабарлама; нақгы даулы ситуацияда  та-раптардың  қарсылығын  тудыратын  жеке
сәйлем құрылымдары немесе сездері; сараптама тақырыбына жататын өзге  де  іс
мате-риалдары..





Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек