тіл - білімі - тілдің - тілдік - сөз - сөйлеу - тілі











                       «Жалпы тіл білімі» пәні бойынша

                     5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі»,
                        5B021000 «Шетел филологиясы»
                           мамандықтарына арналған





                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


























                                 СЕМЕЙ, 2013









Мазмұны


1. Дәрістер
2.  Тәжірбиелік  сабақтар
3. Студенттердің өздік жұмысы
4. Әдебиеттер



















































1. ДӘРІСТЕР
                                    1-дәріс
 Ф.де Соссюраның ілімі және  20  ғасыр  лингвистикасы.  Тіл,  тіл  жүйесіне,
тілдік қатынасқа шектеу.
 Ф.де Соссюр және ХХ ғасыр лингвистикасы.
1. ХХ-ғасырдың 1-жартысында жүйелік-құрылымдық тіл  білімінің  пайда  болуы.
2. Ф.де Соссюр тіл мен сөйлеудің қарама-қарсылығы туралы.
3. Синтагматика мен парадигматиканың ерекшеліктері.
4.  Ф.де  Соссюр  тілдің  таңбалық  сипаты  туралы.   5.   Ф.де   Соссюр   –
структурализмнің негізін салушы.
      Фердинанд  де  Соссюр  - Швейцария  тіл  ғалымы, Париж,  кейін  Женева
 университеттерінің   профессоры.  Жоғары  білімді  Лейпциг  университетінен
алған.  Оны    әдетте,  тіл  білімінде   социологиялық   мектептің   негізін
салушы  деп санайды.  Бірақ оның  ғылыми  мұраларын бір ғана ағым, бір  ғана
 мектеп  я көзқарас  шеңберінде  қарауға  болмайды. Оның   теориялық   өрісі
өте кең,  әрі   жан-жақты.   Ол   өзінің   еңбектері   арқылы   тіл   ғылымы
дамуының   жаңа  дәуірін ашқан, қазіргі  заман   тіл  білімі   дамуының   ең
басты  проблемаларын  айқындап, оған    бағыт-бағдар   сілтеген,   жан-жақты
ойланылған  біртұтас   жүйелі   лингвистикалық   концепция   жасаған   адам.
Ғалымның    көптеген    теориялық    тұхырымдары     бірсыпыра     елдердегі
лингвистикалық  ой-пікірлер   дамуына  күні-бүгінге   дейін   күшті   әсерін
тигізуде.
      Ғалымның  тіл  біліміне  қосқан  үлесін,  көтерген   проблемалары  мен
өзіндік   концепцияларын   танытатын   еңбегі-«Жалпы  лингвистикалық   курс»
деген еңбегі. Бұл  еңбек  ғалым  қайтыс  болғаннан кейін  1916-жылы  басылып
 шықты.
      Кітап   көп   ұзамай-ақ    Еуропа    халықтарының    бірнеше    тіліне
аударылып, тіл білімінде үлкен   қозғалыс  ,  қызу   айтыс   туғызды.  Мұнда
көтерілген  жеке   проблемалар   жөніндегі   пікірталастары   күні   бүгінге
дейін  саябырлаған  жоқ.
   1977-жылы  ғалымның  еңбектері  «Труды  по языкознанию» деген   атпен  2-
рет  орыс  тілінде  жарияланды.
  Фердинаид   де  Соссюрдың  атын  бүкіл  дүниежүзіне  жайған,   лингвистика
әлемінде оны  даңққа бөлеген  бұл  еңбегі   кіріспеден   және  бес  бөлімнен
құралған.  Оның   1-бөлімі  «Жалпы  принциптер   »,   2-бөлімі   «Синхрондық
лингвистика», 3-бөлімі «  Диахрондық  лингвистика»,  4-бөлімі  «Географиялық
лингвистика»,5-бөлімі   «Ретроспективтік   лингвистика    мәселелері»    деп
аталады. Әр бөлім өз ішінен  бірнеше тарауларға бөлінеді.




Фердинанд де Соссюр швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева
университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен
алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің
негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір
ғана мектеп, я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі
өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа
дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын
айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі
лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық
тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні
бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.

Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен
өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген
кітабы. Бұл еңбек Ф. де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып
шықты.

Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс
тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда
көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін
саябырлаған жоқ.

1973 жылы профессор А.А.Холодовичтің редакциясы мен Ф.де Соссюр еңбектері
"Труды по языкознанию" деген атпен 2 рет орыс тілінде жарияланды.

Ф. де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны
даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден және бес
бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі "Жалпы принциптер'', 2-бөлімі "Синхрондық
лингвистика", 3-бөлімі "Диахрондық лингвистика", 4-бөлімі «Географиялық
лингвистика", 5-бөлімі "Ритроспективтік лингвистика мәселелері" деп
аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.

Ф. де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның
принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің
жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906-1912 жылдар
арасында ол бағытынан қол үзген.

Ф. де Соссюр көтерген және өз көзқарасын баяндаған проблемалар көп,
солардың бастыларына төмендегілерді жатқызуға болады.

Лингвистиканың объектісі. Даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан
тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне
объект бола алады дейді. Тіл білімінің міндеті - таңбалар жүйесі болып
есептелетін тілді "өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу", оның ішкі
құрылымын, жүйесін айқындау дегенді айтады. Ф. де Соссюрдің "тілді өзі мен
өзін және өзі үшін зерттеу” деген тұжырымы кейінгі замандағы кейбір
ғалымдардың бір жақты кетуіне, тілді айналадағы дүниеден біржола бөліп
алып, тек "өзі мен өзін ғана зерттеумен" әуестенулеріне себепші болды.

Ф. де Соссюр тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын
қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау қерек, бұл екі құбылыстың
тілдік механизмді айқындауда мәні ерекше дәл, зерттеу ісінде бүтіннен
бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады.

"Тіл білімі, - дейді Ф. де Соссюр, - тілді таңбалар жүйесі ретінде
зерттейтіндіктен, ол - семиотикалық ілім, қоғам өмірінде қолданылатын
таңбаларды зерттейтін әлеуметтік психологияның бір саласы болмақ". Бұл
саладаға Ф.де Соссюр қосқан жаңалық - лингвистиканы тілдің таңбалық
жүйесін, ішкі құрылымын, грамматикалық жүйесін зерттейтін ілім деп
жариялауында.

Тіл - қоғамдық құбылыс. Тілдің қоғамдық сипаты, әлеуметтік мәні туралы Ф.де
Соссюрге дейін де талай айтылған, бірақ Ф. де Соссюр оны жаңаша, өзінше
түсіндіреді. Ол тілдің қоғамдық құбылыс екенін мойындап қана қоймайды, оны
өзінің бүкіл концепциясына негіз, өзек етеді, барлығын содан таратады.
Тілдің өзіндік сипатын сөз еткенде Ф.де Соссюр: қызметі жағынан алғанда тіл
коммуникативтік те, экспрессивтік те қызмет атқарады, бұл екеунің ең
маңыздысы - алғашқысы, тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. Тілдің
сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейтін дербес ғылым болу керек, ол
- сыртқы лингвистика деп аталуы керек дейді.

• Тіл - таңбалар жүйесі. Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек
философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп
анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф.де Соссюрден басталады.
Ф.де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады,
бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы
екеуінің бірлігі таңба деп аталады дегенді айтады.

Ф. де Соссюр "Тіл - идеяны білдіретін таңбалар жүйесі" дейді, оны өмірде
қолданылатын басқа әр алуан таңбалармен қатар қоюға, жазумен, мылқауларға
арналған әліппемен, символикалық әдет-ғұрыптарымен, әдептілік,
сыпайгершілік формалармен, әскери сигналдармен, тағы басқалармен
салыстыруға болады.

Таңба өзі білдіретін идеямен емін-еркін және шартты қатынаста болады. Емін-
еркін болатын себебі таңбаланушы таңбалаушының мәнін ашып бере алмайды
дейді.

Ф. де Соссюр көтерген төртінші проблема "Тіл және сөйлеу мәселесі". Ол тіл
мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі
бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл
- қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты
таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді.

Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен бөліп қараудың ғылыми мәні зор, бірақ бұл
екеуін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Сол сияқты, сөйлеудегінің бәрі таза
индивидуалдық деу де асырып айтқандық. Әрбір сөйлеуші индивидум қоғамдық
тілдегі бар материалдарды ғана пайдаланады. Мұндағы даралық сол
материалдарды іріктеп, ерекшелеп алудан, лайықты жерге орналастырудан
көрінеді.

Ф. де Соссюр қарастырған тағы бір проблема - ішкі лингвистика мен сыртқы
лингвистика. Ф.де Соссюр сырткы лингвистика тілді қоғам тарихы мәдениет
тарихы, саясат, әдебиет, географиялық мекен-жай, диалектілік жіктермен т.б.
байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы
жағдайлармен байланыста қарайды. Сыртқы лингвистика тіл жүйесінің, ішкі
механизмін түсіндіре алмайды, оған қатынасы жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің
құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тең ішкі мәселелерін, өзіндік
ішкі заңдылықтарын зерттейді дейді.

Тілдің өзіндік құрылымына тең ішкі мәселелермен қатар оған күшті әсерін,
ықпалын тигізетін сыртқы құбылыстардың да болатыны даусыз. Тіл білімі үшін
тілдің өзіндік құрылымын, ішкі жүйесін зерттеу қандай қажет болса, тілге
әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы жәйттерді зерттеу, білу де сондай қажет.
Өйткені тілдің ішкі құрылымындағы көптеген құбылыстардың кейде одан сыртқы,
яғни экстралингвистикалық жәйттердің әсерінен болып жататындығы талассыз.

Ф. де Соссюр тілдің жүйесі жөніндегі проблеманы да ерекше сөз етеді. Ол:
тіл - барлық элементтері бірігіп бір бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік
таңбалар - сол жүйенің құрамды элементтері. Жүйе элементтерін оларды біріне-
бірін қарсы қойып қарау арқылы айқындауға болады. Сол арқылы тілдік таң-
балардың маңызы мен ролі танылады. Тілдік таңбалар, яғни жүйе элементтері
өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Бір-бірімен қарым-қатынасы
арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. Тілдің
өзіндік құрылымы бар жүйелі объект екені Ф. де Соссюрге дейін де сөз
болған. Ол туралы В.Гумбольдт та біраз пікір айтқан. Бірақ Ф.де Соссюрдің
олардан ерекшелігі ол тіл жүйесі проблемасын лингвистиканың ең өзекті
объектісі деп санады, оны өзінің басқа бірсыпыра концепциясының тууына
негіз етті. Бұл саладағы оның ең бір жағымды да маңызды ісі - тілдің
қазіргі күйін, оның жүйесінің қазіргі функциясын жан-жақты және терең
зерттеуді талап етуі болды. Қазіргі тіл білімінде тілдік жүйе, тілдік
құрылым деген меселелер ең елеулі проблемалар қатарында қаралып жүр.

Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе - зерттеудің синхрондық
және диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық
лингвистика деп екіге бөледі.

Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-
біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің
ішкі механизмі дейтініміз - тілдік жүйе. Тілдік жүйенің сырын ашу тек
синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді. Сондықтан синхрондық лингвистика
диахрондық лингвистикадан маңыздырақ. Ол - тілдің бөлшегі, бір дәуірдегі
күйі туралы теория. Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір-
бірімен логикалық, психологиялық қарым-қатынастарын талдайды.

Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама /синхрония/ және тарихи
(диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды. Синхрония тілдік
жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы
жоқ, бөлек-бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды. Тіл
ғалымдарының басым көпшілігі Ф. де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының
мәнін елемегендік деп санайды.

Ф. де Соссюр қойған және өзінше шешкен бұл мәселелердің қай-қайсысы да XX
ғасыр тіл білімі дамуының талап-мүдделеріне толық сай келді. Бұлар күні
бүгінге дейін тіл білімінің өзекті мәселелері ретінде қаралып келеді.

Тіл ғылымы тарихында тіл білімінің ілгері дамуына дәл Ф. де
Соссюрдей ықпал жасаған ғалым аз. Дегенмен, оның концепцияларының бәрі
бірдей мінсіз де емес, еңбектерінде қайшылықтар да, қате тұжырымдар да бар.


Тілдің әлеуметтік мәні кеңес тіл білімінде "тіл және қоғам" деген атаумен
1930-жылдың бас кезінен бастап кең қойылып келеді. Тілдің қоғаммен
байланысын жан-жақты талдаған кеңес ғалымдары Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов,
М.Н.Петерсон, Л.П.Якубинский, В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, Н.Я.Мар, т.б.

Тілдің қоғаммен байланысы дейтін мәселе қазіргі кездегі тіл білімінің де
маңызды объектісі. Бұл салада атқарылған істер де аз емес. Онда бүкіл
дүниежүзілік тіл білімінің үлесі бар.

Структуралық лингвистика. XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген
лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі -
структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи
тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып
қалыптасты.

Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің
ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі - XX ғасыр ғылымы дамуында пайда
болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғалымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы
бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы
олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектің
құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердін ара қатынасын, бір-бірімен
байланысын, бір-біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.

Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану,
әдебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этнография сияқты
бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне-бірі тәуелді
элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан
зерттеу талабы күшейді. Бұл тіл біліміне де әсер етті. Сонымен бірге, жалпы
ғылымның, оның жаңа түрлері - кибернетиканың, математикалық логиканың
дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану
талабының өсуі, тілдің практикалық кызметінің бірден-бірге күрделене түсуі
структурализм бағытының тууына себепші болады.

Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес.
XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл
туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге
аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп
оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылыс
қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың
байланысында қандай заңдылықтары бар? деген тәріздес сұрақтарға тұжырымды
жауап болмады.

Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт,
Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер
өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф.де Соссюрдің еңбегіне
сүйенеді.

Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага
(Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп
(Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм
мектептерін бі-ріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:

1.) структурализм мектептердің барлығы да тілді ішкі элементтері бір-
бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды. Тіл
білімінің міндеті - тілдің құрылымын, структурасын зерттеу дейді. Бұл
бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан;

2) жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті
қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе,
структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта
қарайтын нтеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін
зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді;

3) үш мектептің үнідеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелуінілік
және олардың бір-бірімен


































Бақылау сұрақтары:
1. Фердинаид   де  Соссюрдың  іліміне көзқарасыңыз қандай?
2. Синтагматика дегеніміз не?
3. Фердинаид   де  Соссюрдың  «Труды по языкознанию» еңбегінде қандай
мәселелер көтерілген?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т.   Жалпы  тіл  білімі.  Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б.    Жалпы  тіл  білімі .  Алматы,  2000.
3. Хасенов. Ә.  Тіл  білімі.  Алматы, 1996.
4. Общее  языкознание. Внутренняя   структура  языка. М,1972.




2- ДӘРІС
  Тіл ерекше таңбалық жүйе.Тілдік таңбалар қасиеті.
      Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты
таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі
негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу.
Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның
белгілері: I)еріктілік, 2) шартгылық..
Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба  мен  сол  таңба  арқылы  белгіленген
заттың  немесе  үғымның  арасында  ешқандай  табиғи   байланыстың   жоқтығы.
Сондықтан бір зат әр  түрлі  тілдерде  әр  түрлі  аталады.  Тілдің  таңбалық
теориялары. Семиотика - хабарды  сақтап  басқаға  жеткізе  алатын  әр  түрлі
танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым  дегеніміз-бүтін  нәрсенің  элементтерінің   арасындағы   қатынастар
схемасы.Тіл  бүтіннің  әр  тектес   элементтердің   ара   қатынасынан   және
бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер  дыбыс,   морфема,  сөз,
сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі.  Морфема  -
ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің  грамматикалық,  лексикалық  мағынасы
бар тілдік бірлік. Сөз - болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың  қасиеттерін
атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты  ойды
білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
      Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір  тектес  элементтердің  бірлігі.
Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің  жиынтығы  деуге
болады.  Тіл  құрылымының  жеке  салаларының  жүйелері  бір-бірімен   қарым-
қатынасында,  өзара  байланысында  тілдің  жалпы  жүйесін  құрайды.   Тілдің
жүйелік сипаты тіл  білімінің  барлық  саласында  көрінеді.  Мысалы  дауысты
дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
      Тіл білімі тілдің белгілі бір  дәуірдегі  қалпын  және  оның  өзгеруін
зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония -  тіл  дамуындағы  өзгеріссіз
кезең, диохрония-тіл  жүйесіннің  тарихи  дамуын  зерттейтін  тіл  білімінің
қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып  қарастырылады.
Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан  да,
оны зерттегенде оған тілдің  қазіргі  қалпы  тұрғысынан  қарау  жеткіліксіз.
Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан  да  қарай  қажет.  Демек,
тілді  зерттеуде  ғалымдардың,  біріншіден  оны  кұрастырушы   элементтердің
байланысы  тұрғысынан,  екішіден,  олардың  шығуы,  тарихи  дамуы,   өзгеруі
тұрғысынан қарастырған жөн.





               4-дәріс Тіл, тілдік іскерлік.Сөйлеу.
      Тіл, тілдік іскерлік және сөйлеу   туралы мәселе жалпы  тіл  білімінің
ғана емес,  сонымен  қатар  филасофиямен  логиканың  және  психалогияның  ең
күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.  Мәселенің  күрделілігі  ойлаудың
табиғаты  мен  тілдің  табиғатының  өте-мөте  күрделі  болуымен  байланысты.
Дыбыстық  тілде,  абстракті  ойлауда  –  адамға  тән  құбылыстар.  Бұл   екі
құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік,  әрі
биологиялық жақтарымен сипатталады, осы  екуін  бірдей  қамтиды.  Біріншіден
тіл де ойлау да – адам миының туындысы, соның  жемісі,  екіншіден,  тіл  де,
ойлау да – әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі  қоғамдық  құбылыс  болып
саналады. Тіл де, ойлау да әлеуметтік және индивидуальды-биологиялық  жақтар
ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен  ойлаудың  жалпы
ерекшелігі көрінеді.Ойлау мен сөйлеу әр түрлі генетикалық  тамырларда  дамып
жетілуіне қарамастан.  (П.П.Блонский  бұл  пікірге  қарс  шығады),  бұл  екі
күрделі   процесс   бірлікте   болатынын   көптеген   ғалымдар   мойындайды.
Л.С.Выготскийдің  сөзімен  айтқанда,   «в   известном   пункте   обе   линии
пересекаются,  после  чего   мышление   становится   речевым,   а   речь   –
интеллектуальной».
      Сөз бен ойлаудың жалпыламалық сипатқа ие  болуы  Л.С.Выготский  айтқан
бұл екі процестің қиысу  нүктесі  болып  табылады.  Яғни,  олау  мен  сөйлеу
бірлікте дамып отырады. Бұл бірлік тілсіз сөйлеу  мүмкін  емес  екендігінен,
ойдың  дамуынан  тілдің  шын  мәнінде  әсерінен  көрінеді  .  Мұндай   әсер,
біріншіден, адамдар қарым-қатынас (сөз, сөйлеу) барысынды  ойлау  әрекетінің
нәтижесі (түсінік, пікір, ой қорытындысы) бұл индивидтің басынан  екіншісіне
көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл ой актісінің  барысында  қоршаған  ортадағы
шындықты дұрыс тануға алғышарт жасайды. Екіншіден, адам  өзінің  субъективті
пікірін  тіл  арқылы  объективтендіруге  қабілетті  болады.  Үшіншіден,   ең
бастысы адам қоғамдық  ортамен  өзара  қатынасқа  түсу  нәтижесінде  сырттай
сөйлеу біртіндеп іштей  сөйлеудің  қалыптасына  өз  әсерін  тигізеді.  Іштей
сөйлеу ойдың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сөйлеу мен  ойлауды  бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу, сөз  біздің  саналық  болмысымыздың  формасы
қарым-қатынас  шеңберін  кеңейте  түседі.  Өзара  қарым-қатынас   процесінде
адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты таниды. Демек,  сөйлеу
адамдардың өзіндік сана сезімінің дамуының маңызды факторы  болып  табылады.
Олай  болса,  баланың  тіл  мәдениетінің  қалыптасу  нәтижесінде   ойлауының
дамуына мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәнінің маңызы ерекше.

      Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі сөз бен ұғымның бірлігі түрінде лексикалық
единицада  нақтылана  түседі.   Ұғым   дегеніміз   мәнді   белгілердің   бір
жақтылығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың,  саналардың  тұтас  бір
тобы туралы жалпылнған білім. Ұғым –  ойдың  бірлігі.  Тіл  единицасы  болып
келетін сөз ойлаудың  бір  формасы  ұғыммен  тығыз  байланысты.  Ойлау  ұғым
негізінде жүзеге асса, ал ұғым сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен  білдіріледі.
Сондықтан  ойлау  сөз,  сөйлем  арқылы  жарық  көреді.  Ойлау   мен   сөйлеу
әрекеттері бір  тұтас,  бөлінбейтін  ойлау-сөйлеу  әрекетін  түзейді.  Міне,
сондықтан тіл әрекеті игерілген тіл материалдарына емес,  ойлауға  сүйенеді.
«Чтобы практически владеть русским языком или  каким-либо  языком,  надо  по
этому не опираться на языковые знания, а мыслить  на  используемом  языком».
Бұдан  шығатын  қорытынды,  қазақ  тілі  сабақтарында  ана  тілінде  ойлауға
қалыптастырғанды ғана оқушы санасында сөздік  қоры  моайып,  тілі  ұшталады.
Сөзді іс жүзінде пайдалану үшін оның мағынасын білу жеткіліксіз.  Айналадағы
заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды  дұрыс
тану үшін адам санасында ұғымдар пайда болу тиіс. Адамға  тіл  материалдарын
игеруге көмектесетін, әр түрлі ұғымдардың  бір-бірінен  айырмашылықтары  мен
ұқсас белгілерін  анықтайтын  ұғымдар  логикалық  ойлау  операциялар  жүйесі
нәтижесінде жасалынады.     Ұғым сөзбен беріледі дедік. Мәселен «зат  есім»,
«есімдік», «көмекші сөздер»  жіне  т.б.  сөздерді  алайық.  Оқушы  әр  түрлі
тілдік категорияларды бір топқа бөлу үшін мәні жоқ белгілерге көңіл  бөлмеуі
(абстракциялау) қажет. Түрлі  тілдік  категориялардың  елеусіз  белгілерінен
дерексіздендіру  (абстракциялау)  негізінде  олардың   елеулі   белгілерінің
ұқсастығын  таба  білу  жалпылаудың  жоғары  формаларының  көрсеткіші  болып
табылады.  Абстракциялау  негізінде  жалпылау  процесі  адамның  қабылдайтын
сөзді, сөйлемді, мәтінді жүйелі  талдауды  қажет  ететін  аса  қиын  ақыл-ой
жұмысын білдіреді. Біріншіден, мұғалім белгілі бір ұғымды даяр күйінде  бере
алмайды.  Ұғым  –  баланың  жеке  іс-әрекетінің   нәтижесі.   Оның   бірнеше
материалдарды  талдау  –  олардың  әрқайсысындағы  өзіне  белгілі,   негізгі
белгілерді ерекшелеу және оларды басқа  мәнсіз  белгілерден  дерексіздендіру
негізінде (жалпылау бойынша) жүргізілетін  жеке  ой  еңбегінің  қорытындысы.
Екіншіден, әрбір  ұғым  сөзбен  берілетін  болғандықтан  оның  мән-мағынасын
толық түсінбейінше бір  топқа  біріктіре  де,  дерексіздендіре  де  алмайды.
Мәселен  оқушы  «бастауыш»,   «сөйлем»   ұғымдарының   анықтамаларын   айтып
бергенімен,  жаңа  жағдайларда  пайдалана  алмай,  берілген  ұғымды   мүлдем
меңгермегендігін байқауға болады. «Көрпе»,  «ана»  сөздерін  дұрыс  түсініп,
қатесіз сөйлем түзуі мүмкін. Алайда  «Жер-Ана  ақ  көрпесін  жамылып  алған»
деген сөйлемдегі «жер-ана»,  «ақ  көрпесін»  деген  сөздерді  түсінуіне  көп
еңбектенуге тура келеді.     Қоғам  мүшелерінің  өз  ара  пікір  алысуы  тіл
арқылы іске асады. Адам  өз  ойын  басқаларға  тіл  арқылы  айтып  не  жазып
жеткізеді. Таңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.  Ойдың  жарыққа
шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалдарға  негізделуі,  сөздер
мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы  шарт.  «тіл  дегеніміз  –
ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы  тіл  арқылы,  тілдегі  сөздер
мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек,  тіл  –  пікіп  алу  құралы,  ойлаудың
қарауы, ойды  білдіру  құралы.  Ойлау  мен  тіл  бір-бірімен  өз  ара  тығыз
байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге бір мезгілде шығып  қалыптасты  және
оның  дамуымен  бірге  дамып   келеді.Диалектикалық  материализм  материяның
алғашқы, сана мен рухтың екінші  туынды  екендігін  көрсетеді.  Ойлау  мидың
материалдық физиологиялық процестерімен тығыз байланыста  бола  отырып,  тек
тілдің  негізінде  және  тілдің  көмегімен  іске  асады.  Осымен  байланысты
диалектикалық метериализм тілден  тыс  ойлау  мүмкін  емес,  тіл  мен  ойлау
өздерінің шығуы жағынан да бір-бірінен бөлінбейді деп тұжырымдайды.

      Ойлау мен  тілдің  өз  ара  тығыз  байланыстылығы  туралы  мәселелерге
келетін  болсақ,  олардың  ішінде  әлі  де  болса  толық  шешімін  тапппаған
мәселелердің немесе талас мәселелердің  бар  екенін  мойындамасқа  болмайды.
Бұлардың қатарына, мысалы,  тіл  мен  ойлаудың  байланысың  нақтылы  формасы
(мыалы  форма  болып,  ал  ойлау  оның  мазмұны  болып  табыла  ма?)  туралы
жақтарыңың және осылармен байланысты мағыналық  жақтарының  ойлауға  қатысты
туралы мәселе, логикалық және  грамматикалық  категориялардың  қарым-қатысы,
сөздің мағынасы мен ұғымның ара қатысы туралы  мәселе  және  т.б.  мәселелер
енді. Аталған мәселелрдің барлығы да  күн  тәртібіне  қойылып  та,  баспасөз
бетінде талқыланып  та  жүр.  Тілге  (оның  материалдық  қабығына),  бірінші
жағынан,  қабылдау  (восприятие)   мен   елестің   (представление)   сезіну,
көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылануды  да  және  айрықша
назар аударуды қажет етеді.
      Ойлауды екі түрлі аспектіде қарауға болады: зерттеушілер  ойлауды  сөз
еткенде, біріншіден,  оны  ұғым,  байымдау  формаларында  болатын  абстракті
мазмұн, абстракті процестер түрінде  қарайды  да,  екіншіден,  қабылдау  мен
елестердің образы түрінде қарайды да,  екіншіден,  қабылдау  мен  елестердің
олбразы түрінде болатын сезім-образдардың  осы  аталған  екі  түрлі  жағының
тілге қатысы бірдей деп  есептейді.  Олардың  пікірінше,  тіл  қабылдау  мен
елестің  образдарымен   тікелей   байланыста   болады,   сөз   ұғымды   ғана
білдірмейді, сонымен бірге елесті де білдіреді, ойлау мен  тілдің  тарихында
ойлаудың тек қабылдау мен елестің образы түрінде өмір сүрген  дәуірі  болды,
тіл  тек  соларды  ғана  білдірген.  Бұл  көзқарас,  әсіресе,  Леби-Брюльдің
«Алғашқы ойлау» («Первобытное мышление») деген кітабында және Н.  Я  Маррдың
еңбектерінде орын тепкен.


      Сонымен, еңбектің пайда болуымен байланысты ойлау пайда болды және  ол
ойлау жалпылауыш және абстракті сипатта болды. Бұл  айтылғандардан,  алғашқы
адамның шындықты танып білуінде шындық  болмыстың  сәулеленуінің  көрнекілік
образды және тікелей тәсілінің ешбір қатысы болмады  деген  түсінік  тумасқа
тиісті. Сезім арқылы  танып  білу  процесінің  ең  бір  негізгі  көзі  болып
саналады.Түйсіктер, сондай-ақ қабылдау мен  елестердің  образдары  дүниедегі
заттардың, құбылыстардың және оларды  сапа  қисиеттерінің  сезім  мүшелеріне
тікелей әсер етуінің нәтижесінде пайда  болады.  Ал  жалпылаушы  және  ойлау
сыртқы дүниенің сезім мүшелері арқылы  бізге  жететін  деректеріне,  әсеріне
сүйенгенімен, оның ұғым, байымдау  және  т.б.  түрде  болатын  нәтижелерінің
өздері сәулелендіретін  обьективті  шындыққа  қатысы  жанама  түрде  болады.
Әрбір ұғым заттар мен құбылыстардың және т.б түрде  бүтіндей  тобын  олардың
жалпы және басты  қасиеттерінде  бейнелей  отырады  да,  сол  топтағы  әрбір
затқа, құбылысқа және т.б  тән  индивидуальды  қасиеттерден  дерексізденеді.
Әрбір ұғым нақытылы заттардан,  құбалыстардын  тыс  өмір  сүрмейтін  жалпыны
бейнелейді.  Сонымен,  шындық  болмыстың   бейнеленуінің   жалпылаушы   және
абстракті  формаларының  бейнелеудің  сезім  арқылы   болатын   формаларынан
айырмашылығы сол, олар  обьективті  шындықтың  заттары,  құбылыстарымен  т.б
тікелей  байланысты  емес  дегенді,  әрине   білдірмейді.   Абстракті   және
жалпылаушы  ойлаудың  мазмұны,  сайып  келгенде,   шындықтың   бейнеленуінің
нәтижесі болып табылады да, оның обьективті шындықпен байланысы  материалдық
тілдік формалар арқылы іске асады. Демек, абстракті  жалпылаушы  ойдың  іске
асуы үшін оның материалдық тілдік жамылғышқа енуі, тілдік  формамен  айтылуы
шарт.Тілдің шығуы мен абстракті, жалпылаушы ойлаудың шығуы туралы  мәселелер
өз ара тығыз байланысты. Мұны И.П. Павловтың  екінші  сигнал  жүйесі  туралы
ілімі дәлелдей түседі.  Ол  екінші  сигнал  жүйесі  адамның  пайда  болуымен
байланысты туды  және  осымен  байланысты  жалпылаушы  ойлау  да  (обощенное
мыщление) пайда болды дейді. «тегінде  айналадағы  дүниеге  барып  тірілетін
біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз егер біз үшін  шындық  өмірдің  бірінші
сигналдары болып табылатын болса, онда тілдің  өзі  сөйлеу  органдарынан  ми
қабығына баратын ең алдымен кинестезикалық тітіркенулер,  екінші  сигналдар,
сигналдардың  сигналы  болып  есептеледі.олар  шындық  өмірден  дерексіздену
болып табылады және жалпылауға мүмкіндік береді; ал  мұның  өзі  бізге  ғана
тән, адам ойлауын, ең жоғарғы ойлауды жасайды».
      Сөз мағынасы ұғыммен ғана байланысты емес, сонымен бірге зат,  құбылыс
т.б. туралы елеспен де (представление) байланысты болатын дейтін пікір  бар.
Белгілі бір сөзбен байланысты тиісті бір зат жайында адамда  елестің  образы
пайда болуы мүмкін. Бірақ мұның өзі нақтылы  заттың  образы  түрінде  болады
да, ол аөзді айтқанда, сөйлеуш немесе тыңдаушы  адамдардың  әрқайсысында  әр
түрлі заттардың (олардың  бір  текке  жатуы  мүмкін)  образы  пайда  болады.
Елестің көрнекірік образының  ұғымынан  айырмашылығы  сол,  ол  бір  адамнан
екінші адамға тікелей тіл (сөз) арқылы беріле алмайды. Демек,  сезім  арқылы
болатын көрнекілік  образ  сөздер  және  сөйлемидермен  берілетін  абстракті
мазмұн арқылы пайда болады. Басқаша айтқанда, елестің образы  тікелей  емес,
жанама түрде, тілдегі сөзбен,  сөйлеммен  айтылатынабстракті  ойлау  мазмұны
арқылы беріледі.

         5-дәріс  Тіл, сөйлеу мен ойлау.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың кез келген саласында өзі үшін  де,  елі  үшін  де
өскелең экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік  жағдайында  өмір  сүріп,
жұмыс істей білетін  білікті,  қабілетті,  ізденгіш  азаматтар  қажет  екені
белгілі.  Оның  үстіне  қазіргі  нарықтық  экономикаға  бет  алған   кезеңде
мамандық атаулының барлығы болжағыштықты, бейімділікті, ерекше ой  қызметін,
мол шығармашылық қабілетті, өзін қоршаған түрлі  жағдайларға  тез  икемделіп
қана қоймай, оларды  керекті  бағытына  ақылдылықпен  бұра  білу   ептілігін
қажет  етеді.      Қоғамның  ойлы  да   дарынды  адамдарға  деген  зәрулігін
қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру  жүйесінің  алдына  жас  жеткіншекті
ақыл-парасатты,  соның  негізінде  кездескен  қиыншылықтан  тез  жол  табуға
қабілетті тұлға  қалыптастыру  міндетін  қойып  отыр.  А.Байтұрсынов:  «Бала
оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек.  Бала  оқытуын  жақсы  білетін
деген адам әуелі балаларға үйрететін  нәрселерін  өзі  жақсы  білуге  керек,
екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын  танитын адам боларға  керек.
Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы  қалай
кіретін  жолын  білерге  керек,»   –  деп,  ұстазға  жас  жеткіншекті   дене
тәрбиесімен бірге интеллектуалдық  жақтан  да  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін
меңгеруді  талап  етеді.  Балалардың  таным  процестерін  дамытуда  мектепте
жүргізілетін «Қазақ тілі» мен  «Ана  тілі»  пәндерінің  үлесі  мол.      Тіл
атериалдарын небір тиімді  әдістермен  меңгертуге  талпынғанмен,  егер  бала
қабылданатын материалдарды ой  елегінен  өткізіп,  өзіндік  ой  қорытындысын
жасай алмаса, оның бойында тіл ұшқырлығы, ой  мен  іс-әрекеттегі  жүйелілік,
қиял  мен  сезімнің  ұшқырлығы  ерік-жігердің  күштілігі   сияқты   қабілет-
қасиеттерді дамыту мүмкін емес.   Баланы жастайынын  ақыл-ой  өнеріне  қалай
баулу  керек?  Оның  жолдары,  әдіс-тәсілдері,   мазмұны   қандай?   Қазіргі
педагогикалық өзекті мәселелерінің  бірі  –  осы.     Ойлау   -  адам  таным
процестерінің ішіндегі ең күрделі процестің бірі екенін  айтқан  болатынбыз.
Кісі ойлау нәтижесінде сезім мүшелері арқылы  алынған  мағлұматтарды  өңдеп,
қоршаған  ортадағы,  қоғамдағы,  тілдегі  өзіне  таныс  емес  заңдылықтарды,
олардың арасындағы орын алып отырған байланыстарды танып  біледі,  түсінеді.
Ойлау процесі қалай жүзеге асады?  Орыстың  ұлы  психологі  Л.С.Выготскийдің
айтуынша, адам сырттай сөйлеудің әсерінен қалыптасқан  іштей  сөйлеу  арқылы
ойлау процесі жүзеге асатынын  айтқан  болатын.  Дәлірек  айтқанда,  сырттай
сөйлеу  эгоцентрлік  сөйлеуге,  бұл  іштей  сөйлеуге,  ал  ойлау  осы  іштей
сөйлеудің нәтижесінде өрбиді.     Ойлау  мен  тілдің  органикалық  байланысы
арқасында ойлау арқылы  адамдар  өздері  тікелей  қабылдай  алмайтын,  көзге
ілігер формасы жоқ,  ал  тіптен  сезімдік  қабылдауға  көнбейтін  құбылыстар
арқасындағы байланыстарды аша  алады.    Дүниедегі  заттар  мен  құбылыстар,
сонымен бірге, тіл біліміндегі заңдылықтар ешуақытта жеке дара  кездеспейді.
Олар бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  алайда  осы  байланыс,  қарым-
қатынастың барлығы бірдей адам санасында сәулелене  бермейді.  Егер  адамның
қабылдауы тіл заңдылықтарын жеке-жеке ғана қабылдайтын болса,  ойлауда  кісі
олардың  арасындағы  қатынас,  байланыстарды  танып  білуі   қажет.   Ақиқат
дүниедегі  объективті  түрде  дұрыс  сәулелендіретін  ой  ғана  дұрыс  болып
шығады.  Ондай  ойды  диалектикалық  ой   деп  атайды.   Ойлау  әрқашан  бір
мәселені  шешуге  бағытталады.  Мәселені  шеше  отырып,  адам  бір   нәрсені
білгісі, сырын ашып, түсінгісі келеді. Мұндай қажеттілік көбінесе  адам  бір
жаңа заңдылықтармен, түсініксіз жайттармен кездескенде туады.       Ойлаудың
басталуына жол ашатын не дегенде? «Сұрақ» деп жауап беруге болады.  Өйткені,
ол ақыл-ойды белгісіз мәселені шешуге бағыттайды. Детерминді, яғни,  адамның
белгісізді білгісі келу қажеттілігінен  ой  процесі  пайда  болады.    Ойлау
құбылыстар мен заңдылықтар  арасындағы  тікелей  қабылдауға  бола  қоймайтын
байланыстарды,  тәуелділіктерді  ашуға  бағытталғандықтан,   оларды   талдай
іздегенде, яғни адам белсене істеген ақыл-ой әрекетінде аңғарылады.  Шешілуі
тиіс міндет әрқашан да сөзбен, сұрақпен  беріледі.  Сондықтан  адам  әрқашан
өзі нені білмейтіндігін, нені тауып, ашып анықтауға  тиісті  екенін  біледі.
Осындай саналы міндет ойлауға ақыл-ойға  қонымды,  айқын  мақсатқа  бағдарлы
сипат береді.    Ойлаудың проблемалы сипаты  балаларды  оқыту  практикасында
енді-енді  ескерле  бастады.  Оқытушы  балалардың   алдына   міндет   қояды.
Оқушылардың дұрыс жауап іздеуі, ұқсас және әр  түрлі  шешім  табуы,  қажетті
фактілерді талдап, өзіндік қорытындыға келуі тиіс. Кейде  олар  алға  қойған
міндетті өз беттерінше анықтауы керек. Мұндай  жағдайда  оқу  әрекеті  айқын
проблемалық  сипатқа  енеді.   Ойлау  мен  сөйлеу   әр   түрлі   генетикалық
тамырларда  дамып  жетілуіне  қарамастан.  (П.П.Блонский  бұл  пікірге  қарс
шығады), бұл  екі  күрделі  процесс  бірлікте  болатынын  көптеген  ғалымдар
мойындайды. Л.С.Выготскийдің  сөзімен  айтқанда,  «в  известном  пункте  обе
линии пересекаются,  после  чего  мышление  становится  речевым,  а  речь  –
интеллектуальной».      Сөз  бен  ойлаудың  жалпыламалық  сипатқа  ие  болуы
Л.С.Выготский айтқан бұл екі процестің қиысу нүктесі болып  табылады.  Яғни,
олау мен сөйлеу бірлікте дамып отырады.  Бұл  бірлік  тілсіз  сөйлеу  мүмкін
емес екендігінен, ойдың дамуынан тілдің  шын  мәнінде  әсерінен  көрінеді  .
Мұндай әсер,  біріншіден,  адамдар  қарым-қатынас  (сөз,  сөйлеу)  барысынды
ойлау әрекетінің нәтижесі (түсінік, пікір, ой  қорытындысы)  бұл  индивидтің
басынан екіншісіне көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл ой  актісінің  барысында
қоршаған ортадағы шындықты дұрыс тануға алғышарт  жасайды.  Екіншіден,  адам
өзінің субъективті пікірін тіл арқылы  объективтендіруге  қабілетті  болады.
Үшіншіден,  ең  бастысы  адам  қоғамдық   ортамен   өзара   қатынасқа   түсу
нәтижесінде сырттай сөйлеу біртіндеп іштей сөйлеудің қалыптасына  өз  әсерін
тигізеді. Іштей сөйлеу ойдың  дамуына  ықпал  етеді.  Сондықтан  сөйлеу  мен
ойлауды бір-бірінен бөліп  қарауға  болмайды.  Сөйлеу,  сөз  біздің  саналық
болмысымыздың формасы қарым-қатынас шеңберін кеңейте  түседі.  Өзара  қарым-
қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін  де  терең  әрі  жан-жақты
таниды. Демек, сөйлеу адамдардың өзіндік  сана  сезімінің  дамуының  маңызды
факторы болып табылады.  Олай  болса,  баланың  тіл  мәдениетінің  қалыптасу
нәтижесінде ойлауының  дамуына  мектепте  жүргізілетін  қазақ  тілі  пәнінің
маңызы ерекше.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі сөз бен  ұғымның  бірлігі  түрінде
лексикалық единицада нақтылана түседі. Ұғым дегеніміз мәнді белгілердің  бір
жақтылығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың,  саналардың  тұтас  бір
тобы туралы жалпылнған білім. Ұғым –  ойдың  бірлігі.  Тіл  единицасы  болып
келетін сөз ойлаудың  бір  формасы  ұғыммен  тығыз  байланысты.  Ойлау  ұғым
негізінде жүзеге асса, ал ұғым сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен  білдіріледі.
Сондықтан  ойлау  сөз,  сөйлем  арқылы  жарық  көреді.  Ойлау   мен   сөйлеу
әрекеттері бір  тұтас,  бөлінбейтін  ойлау-сөйлеу  әрекетін  түзейді.  Міне,
сондықтан тіл әрекеті игерілген тіл материалдарына емес,  ойлауға  сүйенеді.
«Чтобы практически владеть русским языком или  каким-либо  языком,  надо  по
этому не опираться на языковые знания, а мыслить  на  используемом  языком».
Бұдан  шығатын  қорытынды,  қазақ  тілі  сабақтарында  ана  тілінде  ойлауға
қалыптастырғанды ғана оқушы санасында сөздік  қоры  моайып,  тілі  ұшталады.
Сөзді іс жүзінде пайдалану үшін оның мағынасын білу жеткіліксіз.  Айналадағы
заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды  дұрыс
тану үшін адам санасында ұғымдар пайда болу тиіс. Адамға  тіл  материалдарын
игеруге көмектесетін, әр түрлі ұғымдардың  бір-бірінен  айырмашылықтары  мен
ұқсас белгілерін  анықтайтын  ұғымдар  логикалық  ойлау  операциялар  жүйесі
нәтижесінде жасалынады.     Ұғым сөзбен беріледі дедік. Мәселен «зат  есім»,
«есімдік», «көмекші сөздер»  жіне  т.б.  сөздерді  алайық.  Оқушы  әр  түрлі
тілдік категорияларды бір топқа бөлу үшін мәні жоқ белгілерге көңіл  бөлмеуі
(абстракциялау) қажет. Түрлі  тілдік  категориялардың  елеусіз  белгілерінен
дерексіздендіру  (абстракциялау)  негізінде  олардың   елеулі   белгілерінің
ұқсастығын  таба  білу  жалпылаудың  жоғары  формаларының  көрсеткіші  болып
табылады.  Абстракциялау  негізінде  жалпылау  процесі  адамның  қабылдайтын
сөзді, сөйлемді, мәтінді жүйелі  талдауды  қажет  ететін  аса  қиын  ақыл-ой
жұмысын білдіреді. Біріншіден, мұғалім белгілі бір ұғымды даяр күйінде  бере
алмайды.  Ұғым  –  баланың  жеке  іс-әрекетінің   нәтижесі.   Оның   бірнеше
материалдарды  талдау  –  олардың  әрқайсысындағы  өзіне  белгілі,   негізгі
белгілерді ерекшелеу және оларды басқа  мәнсіз  белгілерден  дерексіздендіру
негізінде (жалпылау бойынша) жүргізілетін  жеке  ой  еңбегінің  қорытындысы.
Екіншіден, әрбір  ұғым  сөзбен  берілетін  болғандықтан  оның  мән-мағынасын
толық түсінбейінше бір  топқа  біріктіре  де,  дерексіздендіре  де  алмайды.
Мәселен  оқушы  «бастауыш»,   «сөйлем»   ұғымдарының   анықтамаларын   айтып
бергенімен,  жаңа  жағдайларда  пайдалана  алмай,  берілген  ұғымды   мүлдем
меңгермегендігін байқауға болады. «Көрпе»,  «ана»  сөздерін  дұрыс  түсініп,
қатесіз сөйлем түзуі мүмкін. Алайда  «Жер-Ана  ақ  көрпесін  жамылып  алған»
деген сөйлемдегі «жер-ана»,  «ақ  көрпесін»  деген  сөздерді  түсінуіне  көп
еңбектенуге тура келеді.    Ұғым – жалпыланған білім. Ал білімід  тәжірибеде
пайдалана білу дегенді,  негізінде,  екі  түрлі  мағынада  түсінуге  болады.
Біріншісі,   оқушының    сабақтан   алған   білімін   келесі    сабақтардағы
тапсырмаларды  шешуге  қолдана  алу,   екіншісі,   оқушылардың   қалыптасқан
ұғымдарды әр түрлі жаттығуларды (сөйлем  құрау,  мазмұндама,  шығарма  т.б.)
пайдалана алу, ал білімді тәжірибеде қолдану –  ұғымдардың  оқушы  санасында
қалыптасуының негізгі шарты.


6 – дәріс     ТІЛ  МЕН ҚОҒАМ
Тіл және қоғам. Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда
болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі
шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең
түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы
функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге
қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады.
Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін
байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің
қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді,
жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына,
мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер,
арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми
терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби
сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі.
Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер.
Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық
немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын
сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты
қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік
жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен
қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді.
Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар
тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың
бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект
деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды.
Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы
мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде
молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің
варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар,
америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік
африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер –
жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің
айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын
сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы)
диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер – деген аймақтың ішіндегі
сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект
аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының
зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын
болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше
екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі
деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық
көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас
қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік
және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту
мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп
есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің
алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс
тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс
тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың
санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен
ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық.
Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм)
мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық
мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан,
мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы
туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы
барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын
социолингвистика ғылымы айналысады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
2. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
3. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.

                                  7 – дәріс
    Тақырыбы:    Әлеуметтік макролингвистика.Әлеуметтік өзгерістердің тіл
                               тарихына әсері

Қазіргі заман  әлеуметтік  лингвистиканың  негізін  салушы  американ  ғалымы
Уильям Лабов әлеуметтік  лингвистика  "  Әлеуметтік  контекстідегі  тілді  "
зерттейтін ғылым деген  анықтама  береді.  Бұны  былай  түсіндіруге  болады:
әлеуметтік лингвисттер тілге емес, тілді  халықтар  қалай  қолданады,  соған
назар аударады.Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілсіз қоғам жоқ, қоғамсыз  тіл  жоқ.
Сондықтан қоғам алғашқы даму кезеңінен бастап лингвистерді тіл мен  қоғамның
байланыс мәселелері қызықтырады.Кез келген тіл  сол  қоғам  арқылы  табылған
білімді жинақтау, сақтау  құралы  болып  есептеледі.  Қоғамдағы  әлеуметтік,
экономикалық,  мәдени  өзгешіліктер  тілдің  әр  түрлі  қабаттарына   әсерін
тигізбей қоймайды.Әдеби  өнделген  кез  келген  тіл  формасы,  оның  қолдану
формалары  қарым  –  қатынас  сферасына  үлкен   әсер   етеді,   сол   тілде
сөйлеушілердің  мәдени  деңгейінің  өсуіне   себеп   болады,   диалектикалық
айырмашылықтардың жойылуына әкеп соғады. Тілде пайда болған жаңа сөздер  мен
сөз тіркестері, сөздердің жаңа мағынасы адамдарға қоршаған ортаны  тереңірек
сезінуге, өз ойын нақты білдіруге көмек береді.Сондықтан  тіл  мен  қоғамның
бір- бірімен тығыз байланысу проблемасы әр  түрлі  лингвистикалық  бағытттың
және лингвистердің  қызығын  туғызады.Қызығушылық  деңгейі  әр  түрлі  уақыт
кезеңдерде біркелкі болмайды.  Тек  теориялық  тіл  білімі  пайда  болғаннан
кейін ғана ғалымдар бұл  мәселеге  көбірек  көңіл  бөле  бастады.Әлеуметттік
лингвистика әдістері мен тәсілдері актив және  пассив  әдістер  болып  екіге
бөлінеді. Актив әдістерге тест, сауалнама, интервью жатады.
Сауалнама  -   зерттеу  міндеттері  мен  мақсаттарына  байланысты  сауалдар.
Оларға респондит ауызша не жазбаша жауап беруі керек. Сауалнама  3  бөлімнен
тұрады:
А) кіріспе бөлім –  сұрақтар  мақсатын  түсіндіру  және  анонимдік  деңгейін
көрсету
Б)  негізгі  бөлім  –  нөмірленген  сұрақтар  тізіміВ)  қорытынды  бөлім   –
респонденттер туралы демографиялық - әлеуметтік мәселелер, олардың ойы  және
тілектері.
Сауалнамаға қойылтын талаптар:шындықққа сәйкестілік, валидтілік,нақтылық
   Интервью – зерттеуші мен информанттың тікелей қатынасында қолданылады.
1) Әлеуметтік  лингвистикалық  мәлімет  алу  үшін  эксперимент  жүргізушінің
информанттардың белсенді сөйлеу әрекетін туғызу  мақсатымен  коммуникативтік
процеске  араласуына  жағдай  жасауымен  байланысты.  Эксперимент  жүргізуші
тестілеуде:- орынды өзі таңдайды
-   информанттарды   жынысына,   жасына,    мамандығына,   біліміне    қарай
топтастырады
-  тақырып  сұрақтарынсұрыптайды  Актив    әдістердің  кемшілігі   уақытттың
үнемделмеуі мен керекті құралдардың көптігі жатады
2) Пассив әдіс:- жазбаша құралдар арқылы тексерумен байланысты
- почта арқылы сауалнама сұрақтарады жіберіліп сұрыпталады
Бұл әдістің  артықшылығы – уақыт үнемдеу және информанттардың үлкен  топтары
қамтылады; кемшілігі- информантттардың тікелей қатынастың болмауы
Әлеуметтік лингвистика сипаты  көп  векторлы:мемлекеттегі  тілдік  жағдаятты
байланыстыра зерттеу,ұлттық тілдердің өмір сүру формаларын зерттеу,әр  түрлі
әлеуметтік топ  өкілдерінің  жас,  этникалық  ерекшеліктеріне,  мамандығына,
біліміне қарай белгілі бір тілді қолдануын зерттеу,
мемлекеттік және ресми тілдер проблемасын, орта  және  жоғары  білім  беруде
қолданылуы  және  т.б.  мәселелерді  талдау,морфологиялық  және  генетикалық
классификацияға  қосымша  әлем  тілдері  функцияналды  классификация  арқылы
талдау.  «Тіл  және  ұлт»  мәселесін  әлеуметттік  лингвистика  ұлттық   тіл
категориясымен байланыстыра зерттейді. Әлеуметтік лингвистиканың ең  маңызды
ұғымдарының бірі – тілдік жағдаят, бір тілдің  немесе  бір  территориялық  -
әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі  бір  аймақ,  болмаса
саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру  формасының  жиынтығы.Әлеуметтік
лингвистика  ұғымдарының  қатарына  тілдік  қауымдастық,   тілдік   жағдаят,
әлеуметтік –  коммуникативті  жүйе,  билингвизм,  диглоссия,  тілдік  саясат
жатады. Сонымен қатар кеғйбір ұғымдар жалпы тіл білімнің  басқа  салаларынан
енген тілдік норма, сөйлеу әрекеті, тілдік  акт,  тілдік  қарым  –  қатынас,
тіпті  әлеуметтанудан,   әлеуметтік   психологиядан,   қоғамның   әлеуметтік
құрылысы, әлеуметтік статус, әлеуметтік рөль, әлеу меттік фактор жатады.

8- дәріс     Тілдік құбылыстардың әлеуметтік байланыстары

      ХІХғ. 2-жартысындағы  тіл  білімінің  басқа  ғылымдар  жетістіктерімен
байланысы.  А.Шлейхердің  натуралистік  бағытының  қайнар  көзі.   А.Шлейхер
концепциясының  жетістіктері  мен  қателіктері.  А.Шлейхердін   "Родословное
древо"   еңбегі.   А.Шлейхардің   типологиялык   топтастыруы.    Ф.И.Буслаев
еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері. Г.Штейнталь концепциясы.
XIX ғасырдын  2-жартысындағы  компаративистиканың  қалыптасуы.  Тілді  басқа
ғылымдар жетісітігімен байланыстыра  зерттеу  -XIX  ғасырдың  2-жаргысындағы
тіл  білімі  дамуының  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі.  Август   Шлейхердің
натуралистік концепциясы және оның  компаративистикадағы  көрінісі.  Логика-
грамматикалық   бағыт   (К.Беккер,   Ф.И.Буслаев).    Психологиялық    бағыт
(Г.Штейнталь және А.А.Потебня). Жас грамматикалық  мектеп  жөне  оның  тілді
зерттеу принциптері.
      Бақылау сұрақтары:
1. А.Шлейхердің типологиялық топтастыруын талдаңыз.
2. Ф.И.Буслаев еңбектерінде жалпы тіл білімі мәселелері қалай көтерілді?
3. Жас грамматикалық мектептің зерттеу принциптерін атаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т.   Жалпы  тіл  білімі.  Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б.    Жалпы  тіл  білімі .  Алматы,  2000.
3. Хасенов. Ә.  Тіл  білімі.  Алматы, 1996.
4. Общее  языкознание. Внутренняя   структура  языка. М,1972


  9- дәріс    ТІЛ ЖӘНЕ ТАНЫМ. Когнитивті лингвистика.

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы  -  бүкіл  тіл
жүйесіндегі   тарихи   өзгерістер.   Диахрондық   лингвистика.   Сипаттамалы
лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын  зерттеу,  яғни  белгілі  бір
уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі  ретінде  зерттеу.
Синхрондық лингвистика.Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ,  универсалды
мәселелерді зерттейтін тіл  білімінің  бір  саласы.  Жеке  тіл  білімі-жеке,
нақты, туыстас тілдер  тобын  зерттейді.  Туыстас  тілдер  тобын  тюркология
(түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман  тілдер)
т.с.с.  зерттейді.Ғылым  атаулы  екіге   бөлінеді:   қоғамдық   (әлеуметтік)
ғылымдар және  жаратылыстану  ғылымдары.Тіл  білімі  қоғамдық   (әлеуметтік)
ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі  қоғамдық  және  жаратылыстану
ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара  байланыста  болады.Тіл  білімі  және
филология. Филология грек тілінен  аударғанда  «сөзді  сүю»  деген  мағынаны
береді.  Тіл  білімі   -   тарих,   археология,   этнография,   әдебиеттану,
психология, педагогика, логика, философиямен   байланысты.Тіл  білімінің  әр
түрлі ғылым салаларымен байланысынан  туындайтын  түрлері:  социолингвистика
(әлеуметтік      лингвистика)       этнолингвистика,       психолингвистика,
лингвостатистикалық,   лингвистикалық   философия,   логикалық   грамматика,
қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география,  когнитивтік  лингвистика,
лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.Тіл қоғамдық құбылыс.  Қоғамсыз
тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.Тілдің қызметтері: қарым-қатынас  құралы
болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі –  экспрессивті,  адамның
көңіл-күйді білдіруі  –  эмоционалды,  таным  құралы  болуы  -   когнитивті,
белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы -  номинативті және т.б.
Тілдік  таңбалар:  фонема,  морфема,  сөз  тіркесі,  сөйлем.Тілдік  таңбаның
белгілері: 1)  еріктілік,  2)  шарттылық.Еріктілік,  шарттылық  дегеніміз  –
таңба мен сол  таңба  арқылы  белгіленген  заттың  немесе  ұғымның  арасында
ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы.  Семиотика  -  хабарды  сақтап  басқаға
жеткізе  алатын  әр  түрлі  таңбалық  жүйелердің   құрылысы   мен   қызметін
зерттейтін ғылыми пән.Құрылым  дегеніміз  -  бүтін  нәрсенің  элементтерінің
арасындағы қатынастар  схемасы.Тіл  бүтіннің  әр  тектес  элементтердің  ара
қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер  дыбыс,
морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема  -   тілдің  ең  кішкене  дыбыстық
бірлігі. Морфема – ары қарай  бөлшектеуге  келмейтін  тілдің  грамматикалық,
лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын,  заттарын,
олардың қасиетерін  атайтын  негізгі  құрылыстық-семантикалық  тіл  бірлігі.
Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл  бірлігі.  Жүйе
дегеніміз   -   өзара   байланысты   бір   тектес   элементтердің   бірлігі.
Лингвистиканың ғылыми нысаны- тіл, бірақ бұл тұжырымдама бізге  толық  емес.
Ертедегі гректер тіл деп оның адамның ойы мен сезімінің  тек  жазбаша  түрде
берілуі деп айтқан. Тіл туралы ілімді олар грамматика деп атаған (грек  сөзі
 «grammatike» - тіл құрылымы туралы ғылым, грекше «gramma» -грекше  жазылған
әріп) және оны философияға қатысты қоршаған орта  туралы  жалпы  білімдердің
бір  бөлігі  ретінде  санаған.  Ғылымның   коммуникативті   (   латын   сөзі
«comulatio» - ұлғаю, қорлану деген мағынаны білдіреді) сипаты бар. Ол  нысан
туралы  алынған  білімдерімізді   жинақтап,  білімімізді  атқарады.  Қазіргі
заманда  біздің  тіл  туралы  біліміміз  Де  Соссюр  кезіндегінен   бірталай
айырмашылығы бар.  Біз  нысандардың  заттық  және  функционалды  қасиеттерін
қарастыруымыз керек. Заттық дегеніміз нысанның, ағзаның  және  құбылыстардың
табиғи туа біткен қасиеті. Олар  ішкі  қасиеттер  болып  есептеледі,  мысалы
адамның заттық қасиеттері –  оның  ішкі  құрылысы  арқылы  анықталады  (дене
құрылымы, жүйке жүйесі, қан айналымы, зат алмасу).
      Функционалды қасиеттері (латын  сөзі  «funktio»-  рөл,  қарым-қатынас)
сыртқы  басқа   адамдармен   қарағанда   қасиеттерді   сипаттайды.   Мысалы,
мұғалімнің  оқушыға  қатысы,  айдаушының  көлікке,  ректордың  университетке
қатысы.     Осы заттар мен құбылыстарға , тілге де  тән  қасиеттерді  есепке
ала отырып тіл туралы  ғылымыд  екі  негізгі  бағытқа  бөлуге  болады:  ішкі
лингвистика және сыртқы лингвистика.
      Когнитивті лингвистика ( латынша «сognosure» -тану) ой мен тілдің  ара
қатынасын,  адамның  танымдық  әрекетінің  құбылыстары   мен   нәтижелерінің
сөйлеуде және тілде  қалай  байқалатынын  зерттейді.Когнитивті  лингвистика-
бұл  1970  жылдың  ІІ  жартысында  пайда  болып,  әсіресе  Еуропа  елдерінде
лингвистикалық зерттеулердің басты бағыттарының бірі болды. Бұл  зертттеудің
түрі АҚШ-та пайда болғандықтан, оны көбіне сол елде «когнитивті  грамматика»
деп атады. Когнитивті лингвистиканың пайда болуы – бұл жалпы  методологиялық
құбылыстардың  орнынан  ауысуымен  тікелей  байланысты,  бұл   лингвистикада
1950жылдың  аяғна  таяу  кездерге   келіп   тірелді.   Бұл   фундаментальдық
қозғалысының басты  бөліктері  Хомсконың  жасаған  генеративті  грамматикасы
болды.  Негізгі  түсінігі  «түпкілік  құрылым»   (   глубинная   структура),
грамматиканың тез дамуы, лингвистикалық  прагматиканың  пайда  болуы,  мәтін
теориясының  және  қазіргі  грамматикалық   теорияның   пайда   болуы.   Осы
зерттеулердің басталу негізіне  тілдік  фактілреді   түсіндіру  ойы  кіреді,
сонымен қоса егер  генеративті  тұжырымдамада  түсіндіру  мағынасында  ,  ең
бірінші адамның тілдің заңдылықты біл қабілетін  ашу  бағытында  бастауыштар
ұсынылса,  басқа  түсіндірмелі  бағдарламаларда  тілдік  фактілер  де  соның
бөлікшесі  бола  алады.   Мысалы,   егер  тілдік  прагматика  үшін   осындай
фактілер   ретінде    адамның    әлеуметтік    контексттік     іс-әрекеттері
(түсіндірмелік құрылымдар ретінде – іс-әрекеттің  мақсаты, шарттары  болса),
онда  когнитивтік  лингвистикада  үлгілік  құрылымдар  ретінде   когнитивтік
құрылымдар  және  адамның   танымдық   құбылыстары:   фрейм   (   М.Минский,
лингвистикалық тапшылықтар, бұл түсінікті жалғастырушы Ч.Филлмором),  жүзеге
асырылған  когнитивтік  үлгі  (идеализированная  когнитивная  модлеь)   (Дж.
Лакофф) немесе ментальдік кеңістік ( Ж. Фоконье);
      Тілдік пайда болуларға байланысты когнитивтік  қолайлылықтарына  мысал
келтіре   кетсек.   1970   жылдың   бастапқы    кезеңдерінде,    когнитивтік
лингвистиканың пайда  болуының  бастапқы  кездерінде  ,  американ  лингвисті
У.Чейф өзінік толық жұмыстары баспаға шықты.Оның ішінде  ағылшын  сөздерінің
айтылу интонациясы, сөздердің орналасу заңдылықтары, сонымен  қатар  олармен
тығыз байланысты  грамматикалық  категориялар  анықтамалары,  адамның  естік
қабілет құрылымы және адамның мәліметті қабылдай  алу  қабілетінің  танымдық
процестері   туралы   да   айтылды.   Сонымен,   ағылшын   тілінде   хабарлы
сөйлемдердегі қойылатын интонация, яғни кез  келген  бір  жағдайды  хабарлай
айтылу, бұның орнына Чейф бойынша, мезгілдік  пысықтауышқа  байланысты,  осы
айтылып тұрған, хабарлай  айтылған  жағдайдың  қайсы  түпкі  жалтан  алынған
мәлімет екенін, когнитивтік күштің қаншалықты қолданылу керектігін –  кейбір
мәліметтердің белсенділігі қаншалықты екеенін анықтауға бағытталған.
 1. Бәрінен бұрын, когнитивтік лингвистика көп жылдар бойы  дамып,  тіл  мен
ғылым, адам  туралы  ғылым  арасындағы  қиын  жағдайлардыұстап  келе  жатыр.
Тілдік құрылымдық қасиеті  психологиялық  механизмдерге  тікелей  баланысты.
Бірақ та, соған қарамастан, лингвистер  мен  психологтар  арасында  көптеген
қиыншылықтар кездседі: бұл ек гуманитарлық ғылымдар,  бірінші,  лингвистика-
пәндердің « семиотикалық ретін» құрайды, ал психология - өзіне «физикалық  »
циклді  құрайды.   Когнитивті  лингвистика,  дәлірек  айтқанда  қарама-қарсы
ретте құрылған: бұл лингвистикалық шындық көмегімен психологиялық  болжамдар
арқылы түсіндірілген. Болжамдар психологияға  тәуелді  болуы  мүмкін  немесе
лингвист арқылы да  құрылуы  мүмкін.Бірақ  олар  лингвистикалық  фактілерді,
критерийлерді түсіндіру үшін құрылады.
2. Когнитивті лингвистиканың екінші бастауы болып  лингвистикалық  семантика
табылады. Негізінде, когнитивті  лингвистиканы   «сверхглубинная  семантика»
деп анықтап, семантикалық ойлардың қарапайым дамуы  деп  қараструға  болады.
Лингвистикалық  семантика  мен  когнитивті   грамматикаға   негізгі   жолдар
американ лингвистері  Л.Талми  и  Р.Лангакер  (Лэнекер)  жұмыстарында  толық
берілген. Мысалы, Талми канцептуалдық  супер  категориялрдың  бірнеше  ретін
қарастырған,  оларға  әртүрлі  грамматикалық  құрылымдар  жатқызуға  болады.
Мысалы, мынадай жұптарда ойдық қарым-қатынасты сипаттау үшін: (4)а. Доп  көк
шөпте домалады.   б.Доп көк шөпте  домалауды  жалғастырды.   (5)а.Ол  онымен
сыпайы       б.Ол  онымен  тура  (6)а. Оған  театрға  баруға   тура   келді.
б.Оған  театрға  баруға  мүмкіндік  болды.  әмбебап  сызбалардың  басқа   да
көптеген түсініктемелері болды, ол «күш  динамикасы»  деп  аталды:  бұл  жұп
сөйлемдерде  бір  жағдайдың  әртүрлі  айтылу   жолдары   берілген,   олардың
бөліктері болып,  агонист-  айтылған  жағдайдың  сақталуына  қатысты.  Нақты
жағдайлар физикалық (4),  психологиялық  (5)  әлеуметтік(6)  ара  байланысқа
жатуы мүмкінжәне көптеген  әртүрлі  тілдік  құралдармен  сипатталуы  мүмкін.
Талмидің  айтуы   бойынша,   динамикалық   күштің   когнитивтік-семантикалық
категориясы  дәстүрлі  грамматикалық  категорияларды  жалпылауға   мүмкіндік
береді.
3. Когнитивтік лингвистиканың тағы бір, тарихи бастауы бар: оның құрылу
кезеңі ( 2-3 жыл кейінірек) когнитивтік ғылымның (ағыл.cognitive science)
пайда болуымен қатар келеді, оны когнитология немесе когитология деп те
атай береді. Когнитивтік ғылымның зерттеу пәні болып  адамның білімінің
құрылымы және орналасуы, ал ол инженерлік пәннің дамуы нәтижесінде, яғни
жасанды интелектің дамуы нәтижесінде пайда болды.       1960-1970 жылдары
жасанды интелектіде түсінік пайда болды.Ол бойынша, үлгіленуімен жасанды
интелектайналысатын адамның интелектуалдық процесі «адамның әмбебап  ойлау
заңымен » басында айтылғандай еш байланысы жоқ екені анықталды: көртеген
интелектуалдық тапсырмалар адамның білімімен шешіледі.  Когнитивтік ғылымда
1970 жылдың өзінде білімді көрсетуші тілдер және оларды қолдану принциптері
(концептуалдық қорытынды ережежесі) дайындалып шығарылды.
        1970   жылдар   жасанды   интелектіде   А.Ньюэл   және   Г.Саймонның
«мәліметтерді символдық қайта құру» семантикалық парадигмасы  жоғары  орынды
алды.  Ал   Массачусетск   технологиялық   институттағы   жасанды   интелект
лабороториясының  директоры  П.Уинстон  айтуы  бойынша,  машинаны  қарапайым
тілді үйретуге тырысу, жаңа бір интеллект жасап  шығарумен  бірдей.  Осындай
ғылым барысында  когнитивтік лингвистика пайда болды.
      Осы когнитивтік лингвистиканың пайда болу және  даму  барысында,  орын
алған  лингвистикалық  типология  және  этнолингвистика   .   Бұлар   тілдің
құрылымын жақсы  түсінуге  мүмкіндік  береді.    Когнитивтік  лингвистиканың
құрылу  кезеңдері  мынадай  жағдайда.  1975  жылы  «когнитивтік  грамматика»
термині ең алғаш   Дж.Лакофф  және  Г.Томпсонның  «Представляем  когнитивную
грамматику» атты мақалаларында берілді.  1985  жылы  когнитивтік  грамматика
үлкен көлемде, бірақ ескірген кезеңінде көрсетілді.  Сол  уақытта  Ж.Фоконье
«Ментальные    пространства»    кітабы,    дәстүрлі    лексико-грамматикалық
проблемаларды  көрсетті.   1987   жылы   Р.Лангакердің   «Басты   когнитивті
грамматиканың» бірінші томы басып шығарылды,  екіншісі  –  1991жылы   шықты.
Кейін  М.Джонсонның Ойланудағы дене (ағыл. The Body in  the  Mind).  Сонымен
қатар,  Р.Джэкендоффтың  монографиясына  бастау  болған  және  оның   кітабы
«Таным және есептеуіш ойлау» шықты.1995 жылы «Тіл  және  ақыл»  деген  жинақ
аудармасы шықты. 1990  жылдан  бастап,  «Когнитивті  лингвистика  »  журналы
шығарылады.      Когнитивті  лингвистика  алғашқы  кезеңдерде  тек  танымдық
құрылымдар мен шыққан  болжамдарды  ғана  байланыстырған  болса,  дами  келе
өзінің негізгі пәнін, өзінің  ішкі  құрылымын  және  категориялық  аппаратын
таба бастады. Қазіргі уақыттар когнитивті лингвистиканың  өз  ішінде  келесі
бөлімдерді алып көрсетуге болады.
1.  Өндіріс  процестерін  және  қарапайым  тілді  түсінуді  зерттеу.  Тарихи
жағынан  алғанда  бұл  анағұрлы  ескі  бөлім,  бұл  компьютерлік   үлгілерді
құрастырушы  мамандардың  қатысуымен  құрылған  бөлім.  Бұл   ймақта  өзінің
үлесін  қосқан  лингвистердің  ішіндегілерінің   бірі   У.Чейф.   Ол   естің
категориялары мен белсенділігін зерттеген.
2.  Тілдік  категорияның  принциптерін  зерттеу.  Бұл  бағытта   көп   жұмыс
жасағандар Дж.Лакофф, Элеонора Роштың ойын жалғастырушы.
3. Түсіну құрылымының түрлерін және олардың  тілдік  ұқсастықтарын  зерттеу.
Бұл жұмыстар жасанды интеллект  бағытында  басталды.  (Р.Абельсон,  Р.Шенко,
М.Минский –фрейм және  сценарий сиқты категориялардың авторлары).
4. Когнитивті-семантикалық суперкатегорияны  зерттеу  ,  бәрінене  бұрын  Л.
Талми есімімен байланысты.  Тарихи жағынан алғанда,  когнитивті  лингвистика
Н.Хомскийдің  альтернативтік  генеративизмі  ретінде  беріледі.   Когнитивті
лингвистиканың  негізгі   орталықтары   болып   Беркли   мен   Сан-Диегодағы
Калифорния университеті  сонымен  қатар,  Нью-Йорк  штатындағы   Буффалодағы
когнитивтік  ғылым  орталығы  Университеті  табылады.  Еуропада  ,  әсіресе,
Голландия мен Германияда  когнитивті лингвистика жақсы  дамыған.  Жыл  сайын
халықаралық конференциялар өткізіліп отырады.



                                 11 – дәріс

                Тақырыбы:      ТІЛ  МЕН ЭТНОС.ЭТНОЛИНГВИСТИКА
Этнолингвистика терминінің көп тараған анықтамасын О.С. Ахманова берген:
«Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения между
языком и народом и функионировании и развитии языка
Этнос (ұлыс – халық – ұлт) тіліне байланысты  лингвистикалық теорияның
негіздерін салған 18 ғ. 2 жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысында өмір сүрген
В.Гумбольдт. Ол әрбір жеке тіл – ұлттың тілдік санасында қалыптасқан
нәтижесі, сол себепті тілдің қызметі қандай деген мәселеге, оның ішкі
өмірінің  қалай дамығанын, ұлттың рухани  күшін, оның өзіндік ерекшелігін
түсінбейінше жауап беру мүмкін емес дейді. Тіл мен рухани күштер бір-
бірінен бөлек, бір-біріне жалғассыз дамымайды, олар бірлесіп зияткерлік
қабілеттерінің  біртұтас қызмет әрекетін тудырады [2,67].
В.Гумбольдтың тілдік формалар  арқылы  тілдің семантикалық өзгешелігін
білдіретін оның (тілдің) ішкі формасы туралы ілімі этнолингвистиканың
қалыптасуына да өте маңызды болды. Проф.М.М.Копыленко В.Гумбольдт іліміне
сүйене отырып, әлем тілдерін зерттеу дегеніміз олардың дыбыстық көрінісін
ғана емес, этнолингвистикасын зерттеу деп тұжырымдайды [3,9].
Әлемдік тіл білімінде В.Гумбольдт ілімі кейін Бодуэн де Куртенэ,   А.А.
Потебня, Ф. де Соссюр, А.Вежбицкая т.б. зерттеулерінде ары қарай дамытылды.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика мәселелері проф. М.М.Копыленко, акад.
Ә.Қайдар, проф. Е.Жампейісов зерттеулерінен басталып, кейін М.Манкеева,
Ә.Ахметов, С.Сәтенова, А.Жылқыбаева, Р.Шойбеков, Б.Уызбаева, Қ.Аронов,
А.Мұқатаеваның, М.Абдрахманованың жеке салаларға байланысты еңбектерінде
кеңейтілді.
Қазақ тіл білімінде  этнолингвистика ғылымымен алғаш айналысқан ғалымдардың
бірі акад. Ә.Қайдар этносты, этнос болмысын тек оның тілі арқылы  толық
түсінуге болатынын, этнос өміріндегі  «мол деректер мен мағлұматтарды тіл
ғана  бойына сыйғызып», ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетінін, тіл этностың өзін
танып-білудің қайнар бұлағы екенін айтады. Сол себепті ғалым тіл феноменін
«тіл әлемі» деп қолдануды ұсынады. Осыған орай Ә.Қайдар этнолингвистика
дегенге мынадай анықтама берді: «Этнолингвистика этнос болмысын оның тілі
арқылы танып білу мақсатынан туындаған лингвистиканың  (тіл білімі) жаңа да
дербес саласы» [4,5-11]. Ә.Қайдар этнос жайын тілдің лексика-семантикалық
қорын байытатын, «небір құнды дерек-мағлұматтармен толықтырылып, мазмұн-
тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің көздері»
ретінде алты этнолингвистикалық арнаны көрсетеді. Олар: баламалар, тұрақты
теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиет
үлгілері. Халықтық спорт және ойын атауларын білдіретін тіл бірліктеріне
осы арналардың  бәрі дерлік қатысты деуге  болады.
Акад. Ә.Қайдар «тіл әлемін» «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп үш салаға бөліп
қарайды, оларды іштей  30 үлкен макротопқа, ал макротоптарды өз ішінен 200-
дей микротопқа бөліп көрсетеді [4,19]. Біздіңше, ұлттық спорт, ойын
атаулары осы үш саланың үшеуіне де қатысты. Себебі ұлттық спорт, ойын-
сауық, олардың атауларының қалыптасуы нақты қоғамдық - әлеуметтік өмір
жағдайында жүзеге асады. Спорт, сауық ойындарымен шұғылданушылар, оларды
ұйымдастырушылар адамдардың өздері және олар табиғи кеңістікте (дала, алаң)
ойналады. Ұлттық спорт, сауықтың бір түрі – аңшылықтың негізгі нысаны
табиғи тағы аңдар мен құстар екені белгілі.Ә.Қайдардың  пікірінше, қыран
құстар «Хайуанаттар дүниесінің», «Құстар»деп аталатын тармағына жатады.
Бірақ қыран құстар жайындағы этнографиялық мәліметтер «Кәсіпшілік» деген
тармақтың «Аңшылық», «Саяткерлік» бөлімшесінде берілуге тиіс» [4,71].
Қазақ  этнолингвистикасын зерттеуде  Ә.Қайдар ұстанған тағы бір принцип –
зерттеу объектілерін өзара байланыс-қатынастылығына қарай жүйелі түрде
топтастыра зерттеу [4,17-б]. Біз зерттеу нысаны етіп алып отырған халықтық
спорт, ойын атаулары өз ішінде бірыңғай емес. Оларды жиын-тойларда, ашық
алаңдарда, үй ішінде ойналатын ойындар деп бөлуіміз, аңшылыққа, саятшылыққа
қатысты атауларды өз алдына жеке қарастыруымыз зерттеу нысандарын
топтастырудың осы принципіне  негізделген. Қазақ тіліндегі спорттық ойын
атауларының  бәрі жеке бір макротоптың құрамына кірсе, ал олардың іштей
бөлінетін түрлері ондағы микротоптарды құрайды.Этностың шынайы бейнесі,
болмысы туралы тілдік деректер, мағлұматтар оның тіл әлемінде сақталып, сол
арқылы болашақ ұрпаққа жеткізіліп отырады. Бұдан тілдің кумулятивтік
қызметі туралы мәселе туындайды.«Кумулятивизм (от лат. cumuiatio
увеличение, скопление) – методологическая установка философии науки,
согласно которой развития знания происходит путем постепенного добавления
новых положений к накопленной сумме истинных знаний». Ә.Қайдар тілдің
кумулятивтік  қызметін оның коммуникативтік және эстетикалық қызметтерімен
бірге үшінші қызметінің бірі ретінде қарастырады [4,18-21].Осы тұрғыдан
қарағанда халықтық спорт, ойын-сауыққа, оның түрлеріне қатысты атаулар, сөз
тіркесі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б – бәрі осы салаға байланысты
ғасырлар бойы қалыптасқан  сөздік қордың ауқымды бөлігін құрайды. Бұл
атаулардың бірқатары шығу төркіні жағынан көне түркі дәуірімен ұштасып
жатқанымен, негізінде қазақтың халық болып даму дәуірінде қалыптасқан
тарихи сөздер болып табылады [5,125-127]. Мысалы, аңшылыққа байланысты:
саятшылық, құсбегі, қызылшы, қызылдату, қағушы, шоршы, қансонар,
келтесонар, жым, қайыру, қоңыр аң, апан; бүркіттің жасына қарай: қантүбіт,
тастүлек, тірнек, көктүбіт, мұзбалақ, қандыбалақ т.б. бөлінуі; аң аулау
құралдары: тұзақ, тор, аран, аусар, атқы, қалжуыр, қамба, шарға т.б., аң
аулау тәсілдері: індету, құлату, қаумалау т.б., ат спортына байланысты:
аламан бәйге, ошақ бәйге, айдау ат, құнан жарыс, жорға жарыс, көкпар, ат
омыраулату, аударыспақ, қызқуу, күміс алу т.б.,  күрес түрлері: қазақша
күрес, тауық күрес, ырғақ, ұстау, шалу, ілу т.б  ашық даладағы ойындар:
соқыртеке, қызылту, ақсерек-көксерек, бестас, асық, үштабан, құмар,
алакүшік, ақсүйек, әйгөлек, алтыбақан, әткеншек, арқан тарту, қашпадоп
т.б.; үй ішінде ойналатын ойындар: белбеу тастау, ұшты-ұшты, білектесу,
көрші, тоғызқұмалақ, дойбы, санамақ, инем тап т.б.; спорт, ойын түрлеріне
байланысты салт-жоралғы атаулар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар т.б. - бәрі бұрыннан келе жатқан, халықтық сипат алған тіл
бірліктері болып табылады. Бұл сияқты атаулар халықтық спорт, ойын түрлерін
бірнеше ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші тіл құралдары қызметін
атқарады.
Ұлттық спорт, ойын-сауық атауларынан халықтың салт-санасы мен
дүниетанымындағы түсінігін, өзіндік ерекшелігін көруге болады.Дүниеде аң
ауламайтын, құс салмайтын халық жоқ деуге болады. Бірақ әр халықтың аңшылық
дәстүрі өзіне ғана тән, өз дүниетанымына, түсінігіне сай қалыптасады.
Мысалы, тұрақты тіркеске айналған «қанжығаға байлау» жасы кіші аңшының
олжасын жасы үлкенге сыйлайтын, жасы үлкеннің қанжығасына олжа байлау
салтына байланысты айтылады. Ал оның негізі қазақ халқының жасы үлкенді
сыйлау, құрметтеу әдетінде жатқаны белгілі. «Үйірімен үш тоғыз» қазақтың
аңшылық дәстүрінде ежелден сақталған «олжа көбейсін», «олжалы бол» деген
тілекті білдіріп тұр. Қазақ халқында ежелгі салт бойынша, сегіз қырлы, бір
сырлы жігіттің бағы жанып, арманы орындалуы үшін,  «жеті қазына» қажет
деген түсінік қалыптасқан. Этнографиялық деректерде олар былайша таралады:
1) жүйрік ат, 2)қыран бүркіт, 3) құмай тазы, 4) берен мылтық, 5) өткір
кездік, 6) ау – жылым, 7) қандыауыз қақпан. Қазақта жеті қазынаның бұдан
басқа да нұсқалары бар. Солардың ішінде жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы
міндетті түрде  қайталанып отырады, қалғандары садақ (мылтық орнына), сұлу
әйел, ілім-біліммен ауыстырылып, түрлі нұсқада өзгеріп отырады. «Жеті
қазынаның  бірі - ит» деп, қазақта итті басқалардан бөліп айтады [4,47-
48].Этнолингвистика этнос мәдениетімен тікелей байланысты. Этнос мәдениеті
дегеніміз – белгілі бір этнос (ұлт, халық, тайпа) мәдениетінің дамуын және
оның қоғамдық - әлеуметтік заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Ә.Қайдардың пікірінше, «этнос мәдениеті әрбір этносқа тән табиғи,
әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан құбылыс. Өмір-тіршілік салты, ортақ
тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т.б. осының бәрін біз этнос
мәдениетінен таба аламыз. Ал соның бәрін танып білудің ең басты құралы -
тіл екендігін  мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды» [4,13].Қазақтың
спорт, ойын-сауық ойындарының атаулары қазақ халқының этностық мәдениетіне
кіретін көп саланың бірі болып табылады. Осы саладағы қазақ этносына тән
материалдық, рухани құндылықтарды ондағы атауларды, яғни тілдік құралдарды
зерттегенде ғана танып білуге болады.Спорттық, ойын-сауық атауларының
танымдық сипаты  этнографиямен де байланысты. Этнос тілі этнолингвистика
мен этнографияның екеуіне де ортақ, бірақ оны екеуінің зерттеу тәсілі
бірдей емес [4,17]. Мысалы, қазақтың аңшылық дәстүрін, оған байланысты
негізгі нысандарын - аңшы құстар мен аңшы иттерін, аулау құралдары мен
аулау тәсілдерін, олардың аталуын этнографтар этнос мәдениетінің көрінісі
ретінде қарастырады. Ал этнолингвистер осы нысандарды және оларға  қатысты
ұғым, түсініктерді психикалық, этникалық тұрғыда олардың тілде қалай
көрініс табатынын зерттейді. «Этнос болмысына қатысты тіл фактілерін
этнографияға қарағанда  этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең
пайдаланады, олар тілдегі мән-мағынасын  жан-жақты да терең түсіндіруге
тырысады»
Сөйтіп, этнос тілі  этномәдениет  пен  этнографияның, этнолингвистиканың
үшеуіне де ортақ нысан болып табылады, олардың әрқайсысы этнос тілін
әртүрлі деңгейде, мақсатта қарастыра отырып, оның танымдық өрісін, сипатын
түсінуге мүмкіндік береді.

ДӘРІС-12   ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТИПОЛОГИЯ

      Лингвистикалық типология— бір – бірімен тегі мен өзара әсері  арасында
байланысы  жоқ  әр   түрлі   тілдердің   жалпы   заңдылықтары   түсіндіретін
лингвистика бөлімі. Лингвистикалық типология тілдердің тек ұқсастықтары  мен
айырмашылықтарының фактілерін анықтап және  жіктеп  қана  қоймай,  сондай-ақ
оларды    түсіндіріп,    оның    тапсырмалаларын    теориялық    лингвистика
тапсырмаларымен жақындастырады. Лингвистикалық теория  сияқты  типология  да
әмбебаптылықты , яғни барлық немесе көпшілік тілдермен  салыстырғанда  дұрыс
болжамдалған дәлелдерді іздеумен айналысады. Типология «экзотикалық»  немесе
аз зерттелген, мысалы, Оңтүстік – Шығыс Азияда, Африкада,  Океанияда  немесе
Америкадағы  үндістерде  таралған  тілдерге  ерекше  қызығушылық  білдіреді,
дегенмен неғұрлым кеңінен таралған, жақсы зерттелген тілдердің құралдары  да
типологиялық зерттеулердің пәні бола алады. (Типология,  әсіресе,  тілдердің
қолданылу мақсаттары мен жағдайларының бақыланған ерекшеліктерінің  шектерін
түсіндіретін  функционалдық  бағыттағы  лингвистикалық  теориялармен   тығыз
байланысты.)
      Лингвистикалық типология тарихы:  Типология  өзінің  дамуының  алғашқы
сатысында қандай тілдерді және қандай  негізде  «неғұрлым  примитивті»  және
«неғұрлым дамыған» тілдерге жатқызуға  болады  деген  сұраққа  жауап  табуға
тырысты. Жуық арада бастапқы сілтеменің: тілдің типологиялық сипаты  бойынша
оның  «дамығандығы»  немесе   «примитивтілігін»   анықтау   дұрыс   еместігі
анықталды. Тіпті әр түрлі тілдер бір типке жатуы  мүмкін  (мысалы,  ағылшын,
қытай – керемет дамыған және әдебиеті бай және Қытайдың солтүстігіндегі  цин
халқының жазбасыз тілі тең дәрежедегі  тұйықталған  тілге  жатады),  туыстық
және  шамамен  бірдей  жасалған  тілдер  әр   түрлі   типке   жатуы   мүмкін
(синтетикалық  славяндық  орыс  немесе  серб  немесе  аналитикалық   болгар,
тұйықтаушы ағылшын және флективті неміс тілдері). Сондай –  ақ  бір  тіл  өз
дамуында типін  бірнеше  рет  ауыстыруы  мүмкін:  мысалы,   француз  тілінің
тарихы тұйықтаушы ерте үнді- еуропалық, флективті кейінгі үнді  –  еуропалық
және латын, аналитикалық орта француз және  толық  тұйықтаушы  жаңа  сөйлесу
француз тілі деп бөлінеді. Осы ашылулар нәтижесінде  лингвисттер  20-шы  жүз
жылдықтың  ортасына  дейін,  типология  қайта  жаңарған  кезде,  типологияға
таңырқыды. Бүгінгі күнгі типология тілдердің жеке  элементтерімен  емес,  ал
тілдердің фонологиялық (дыбыстар жүйесімен) және  грамматикалық  жүйелерімен
жұмыс істейді. 2.1. Объект, пән, әдістері:Объект – барлық  тілдер:  ағылшын,
жақын туыстық.Төменгі шегі –2, жоғарғы – шексіз. Тілдердің  мақсаты  бірдей.
Әдіс – мазмұнды-бағытталған. Ана тілдерді салыстырғанда құндылығы, әр  түрлі
формалары, ұқсамайтын формалары бар.  Пән  түсінігі  барлық  тілдерде  ортақ
процестер.  Типтік  анализ  пәні  –  салыстырмалы  тілдердегі  ұқсас  мазмұн
өрнегінің  тілдік   формасы,   яғни   құрылымдық   ерекшеліктерін   зерттеу.
Типологиялық  анализді  дыбыс  (фонетикалық  және  фонологиялық   типология)
деңгейінде, сөз (морфологиялық типология), сөйлем  (синтаксистік  типология)
және синтаксистік құрылымдар (мәтін немесе дискурс  типологиясы)  деңгейінде
жүргізуге болады.
2.2.  Лингвистикалық типология бөлімдері: 1) Жалпы   типология  Салыстырмалы
тілдердің ортақ белгілері.  Салыстыру  анализінде  адам  тілінің  қасиеттері
туралы беріледі, таңбалық жүйе сияқты жалпы және  бүтіндей.  Тілдік  әлемнің
тілдік  типтерге  жіктелуі  2)  Таксономиялық   –   жіктеу,   осы   ғылымның
түсініктілік аспектісінің жасалуы: Жеке тіл типі. Тілдегі  тип  ,тілдік  тип
,әмбебаптық,изоморфизм  и  аморфизм,тіл  =  эталон.3)  Жеке  типология.   Әр
түрлілік:деңгейлік типология (жүйедегі тип) ,ареалдық (ареал –  географиялық
таралу аймағы)
Зерттеу объектісі: Ұзақ уақыт аралығында бір ареал ішінде  тығыз  байланыста
болған тіл. Мұндай тілдер тілдік одақтар құрады. Өзара тілдер –  тіл  аралық
конвергенция. Неғұрлым зерттелгендері: Балкандық тілдік одақ  (грек,  румын,
албан, болгар) –  зерттелуші   (контрастивтік  типология)  және  ана  тілдің
типологиясы.    2.3.     Фонологиялық    типология.Компаративистика     үшін
фонологиялық типологияның ерекше  үлкен  мәні  бар.  Фонологиялық  типология
әлем  тілдерінің  қандай  әр  түрлі   болғанымен   барлық   адамдар   сөйлеу
аппаратының бірдей құрылымына ие деген  сілтемесінен  шығады.   Фонологиялық
типологияда бинарлы  оппозиция  туралы  түсінік  өте  маңызды.  Типологиялық
критерий  тіл  реконструкциясымен   байланысты   гипотезаларды   тексергенде
маңыздылардың  бірі  болып  табылады.  бүгінгі  күні  тілдің  бір   де   бір
реконструкцияланатын фонетикалық жүйесі  типологиялық  тексерусіз  қабылдана
алмайды.   Барлық   типологиялық    инварианттар    ашылған,    суреттелген,
түсіндірілген деп айтуға болмайды.
2.4.  Грамматикалық  (морфологиялық)  типология.  Қазіргі  уақытта  неғұрлым
жақсы  зерттелгені  тілдердің  морфологиялық  типологиясы.   Оның   негізіне
морфемдерді (морфемика) біріктіру әдісі кіреді. Екі  дәстүрлік  типологиялық
шама бар. А) Грамматикалық  мәндерді  өрнектеу  типі  немесе  локус.  Дәстүр
бойынша  аналитикалық  және  синтетикалық  типтер  ажыратылады.  Аналитизмде
грамматикалық  мәндер   жеке   қызмет   көрсетуші   сөздермен   өрнектеледі;
грамматикалық морфемдердің локусы — жеке синтаксистік  позиция.  Синтетизмде
грамматикалық мәндер сөз формасының  құрамындағы  аффикстермен  өрнектеледі,
яғни лексикалық  түбірі  бар  бір  фонетикалық  сөзді  құру;   грамматикалық
морфемдердің   локусы   —   лексикалық   түбірде.   Грамматикалық   мәндерді
аналитикалық өрнектеу нәтижесінде сөздер морфемдердің аз санынан (ең  азы  –
біреуден), ал синтетикалықта – бірнешеуден тұрады. Синтетизмнің  ең  жоғарғы
дәрежесі полиситетизм  деп  аталады.  Бұл  құбылыс  сөздерінің  морфем  саны
типологиялық  орташадан  көп  болатын  тілдерді  сипаттайды.  Синтетизм  мен
полисинтетизм  арасындағы  айырмашылық  –  дәреже,  нақты  шегі  жоқ.   Жеке
фонетикалық сөзі бар деген анықтама  да  мәселе  тудырады.  Мысалы,  француз
тілінде  өздік  есімдіктер  дәстүрлі  түрде  жеке  сөздер  болып   саналады.
Дегенмен, олар етістік  болғанда  клитиктер  немесе  тіпті  аффикстер  болып
табылады және полисинтетикалық тілдерде есімдіктік аффикстерден айыру  қиын.
Б) Морфологиялық  құрылымның  типі  Грамматикалық  мәндерді  өрнектеу  типін
морфологиялық   құрылым   типімен   шатастырмау   керек.   Дәстүрлі    түрде
морфологиялық құрылымды  үш  типке  бөледі:Тұйықтаушы   —  морфемдер  бір  –
бірінен максималды  ажыратылған;  агглютинативті  —  морфемдер  семантикалық
және формальды түрде бір – бірінен  ажыратылады,  бірақ  сөздерге  бірігеді;
флективті (фузионды) — морфемдер арасындағы семантикалық та,  формальдық  та
шекаралары  нашар   ажыратылады.2.5.    Субъективтік-объективтік   типология
.Етістіктік актанттарды кодтау стратегиясы. Етістік пен зат есім  арасындағы
қатынас  бойынша  тілдер  төмендегідей   бөлінеді:Активті   тілдер   —   зат
есімдердің «активті»  және  «активті  емес»,  етістіктердің  «активті»  және
«стативті»  деп  бөлінуі,  сын  есімдер  болмайды:  қазіргі  қытай,  үнді  –
еуропалық және т.б.  тілдер.Номинативті  тілдер  —  номинатив  (зат  есімнің
негізгі септігі) ауыспалы және ауыспалы емес етістіктер субъектісіне  сәйкес
келеді және ауыспалы етістік объектісіне сәйкес аккузативке қарама  –  қарсы
— қазіргі үнді  - еуропалық, семиттік және т.б. тілдер  Эргативті  тілдер  —
абсолютив  (зат  есімнің   негізгі   септігі)   ауыспалы   емес   етістіктің
субъектісіне  және  ауыспалының  объектісіне  сәйкес  келеді  және  ауыспалы
етістіктің субъектісіне сәйкес келетін эргативке қарама – қарсы —  солтүстік
кавказ тілдері,  баск, реликттер, құбылыстар грузин тілінде де бар.Сондай  –
ақ бірнеше аз таралған типтері де бар.  Тәжірибе  жүзінде  әр  тіл  берілген
қатаң жіктеуден ауытқиды. Атап айтқанда,  үнді  –  еуропалық  және  семиттік
тілдер қатарында ( мысалы, ағылшында)  номинатив  пен  аккузатив  арасындағы
морфологиялық айырмашылық  жойылған, сондықтан синтаксистік  рөл  тұрғысынан
берілген   септіктер    шартты    түрде    бөлінеді.    2.6.    Синтаксистік
типология.Синтаксистік  тип  бойынша  тілдерді  жіктеу   сөйлемнің   негізгі
мүшелерінің семантикалық және формальды құрылымдарының  негізгі  белгілеріне
байланысты жүргізіледі. Номинативтік типтегі тілдерде сөйлем  бастауыш  (іс-
әрекет субъектісі) пен толықтауыш (іс-әрекет объектісі) арасындағы қарама  –
қайшылыққа негізделеді. Номинативті тілдерде  ауыспалы  және  ауыспалы  емес
етістіктер, зат есімнің атау  және   табыс  септіктері,  тура  және  қосымша
толықтауыштар  ажыратылады.  Етістіктің   жіктелуінде   өздік   аффикстердің
субъект-объектті қатары қолданылады. Бұл типке үнді –  еуропалық,  семиттік,
дравидий, фин, түрік,  монғол,  жапон,  корей  және  қытай  тілдері  жатады.
Эргативті типтегі тілдерде сөйлем  субъект пен объект  емес,   агентив  (іс-
әрекетті  тудырушы)  және  фактитив  (іс-әрекетті  тасымалдаушы)  арасындағы
қарама – қайшылықтан құрылады. Бұл типтегі тілдерде  эргативті  и  абсолютті
конструкция ажыратылады. Тура толықтауышы бар сөйлемде  бастауыш  эргативтік
септікте,  толықтауыш  –  абсолюттіде.  Толықтауышы  жоқ  сөйлемде  бастауыш
абсолютті  септікте  тұрады.  Ауыспалы  емес  әрекетте   бастауыш   ауыспалы
әрекеттегі объектпен  формасы  бойынша  (абсолютті  септік)  сәйкес  келеді.
Эргативті формадағы зат есім ауыспалы әрекеттің субъектісімен қатар  қосымша
объект (көбінесе, әрекет құралы) бола алады.


 ДӘРІС-13 ТІЛДЕРДІ СИПАТТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІТӘСІЛДЕРІ

            Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп  есептелінеді.  Дүние
жүзіндегі тілдердің  санын  дәлме-дәл  көрсетудің  қиындығы  мынада:  кейбір
елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген.  Осылай
болғандықтан, олардың ішінен қайсылары дербес тілдер екендігін  қазірде  дөп
басып айту мүмкін бола бермейді.  Демек,  дүние  жүзі  тілдерінің  дәл  саны
олардың күллісі түгел қамтылып, жан-жақты зерттелінгенде ғана,  айқындалмақ.
Дүние жүзі тілдерінің ішінде тайпа тілдері  де  (мысалы,  Африкадағы  кейбір
тілдер, Америка индеецтерінің тілдері және т. б.),  халық  тілдері  де,  ұлт
тілдері де бар. Дүние  жүзі  тілдерінің  ішінен  орыс  тілі,  ағылшын  тілі,
француз тілі, қытай тілі, араб  тілі  және  испан  тілі  халықаралық  тілдер
болып  саналады.  Бұл  тілдерде  халықаралық  ұйымдардың,  мысалы,  Біріккен
Ұлттар Ұйымының, Бейбітшілікті қорғау комитетінің және  т.  б.  материалдары
жарияланып  отырады.  Орыс  тілі  халықаралық  тіл  болумен  бірге,   біздің
еліміздегі халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын  ұлт  аралық  тілі
болып  та  табылады.   Тілдерді  салыстырмалы-тарихи   тұрғыдан   зерттеудің
барысында 19 ғасырдың басында салыстырмалы-тарихи тіл  білімі  пайда  болды.
Лингвистер 19 ғасырға дейін де әр түрлі тілдердің белгілі  бір  ұқсастығына,
бірлігіне  назар  аударды,  бірақ  олар  сәйкестілік  пен   айырмашылықтарды
айқындаудың жолдарын, салыстыра зерттеудің тәсілдері  мен  мақсатын  көрсете
алмады. Кейбір тілдердің арасындағы ұқсастық  пен  бірліктің  растала  беруі
және көптеген материалдармен дәлелденуі бұл құбылыстың  тегіннен-тегін  емес
екенін аңғартады да, лингвистер ондай тілдердің шығу тегінің  бір  екендігін
айқындай бастайды. Әр түрлі тілдерді зерттеудің  барысында  олардың  өз  ара
ортақ белгілері  лексика  саласынан  ғана  емес,  сонымен  бірге  грамматика
саласынан  да  табылып,  айқындала  береді.  Ақырында,   зерттеу   жұмыстары
ағылшын, грек, неміс және т.  б.  тілдердің  неғұрлым  ертеректегі  қалпына,
ерекшеліктеріне үңілген сайын, олардың ортақ белгілері  мен  бір  тектестігі
солғұрлым  анық  айқын  солғұрлым  мол  аңғарылатындығын  көрсетті.   Осыдан
тілдердің  бір  тектестігін  айқындаудың,  оларды  салыстыра   және   тарихи
тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі келіп туды.  Орайынша,  тілдерді  зерттеудің
салыстырмалы-тарихи  методы  да  осылай  пайда  болды.  Бұл  метод   туыстас
тілдердегі   материалдарды   өз   ара   бір-бірімен   салыстыра    зерттеуге
негізделгендіктен салыстырмалы деп аталады да, тілдегі құбылыстарды  олардың
өзгеруі, тарихи дамуы  тұрғысынан  қарастыратындықтан  тарихи  деп  аталады.
       Әр түрлі тілдердің өз ара бір-бірімен туыстастығы, туыстас  тілдердің
топтары  дүние  жүзіндегі  тілдерді   тарихи   және   салыстыра   зерттеудің
нәтижесінде, салыстырмалы-тарихи методты пайдалана  білудің  арқасында  ғана
айқындалды. Атап айтқанда, роман  тілдері,  герман  тілдері,  иран  тілдері,
түркі тілдері, финугор тілдері деп топтастыру және дүние жүзіндегі басқа  да
тілдерді әр түрлі топтарға бөліп  жіктеу  салыстыра  зерттеудің  нәтижесінде
ғана іске асты.         Туыстас  тілдер  тобының   немесе  семьяның  құралып
дамуының көптеген замандар бойына созылған ұзақ тарихы бар. Ең  алғашқы  тіл
бірлігінен, негіз тілден болашақ дербес тілдер біртіндеп бөліне бастайды.
         Бүтіндей алғанда, негіз тілден туыстас диалектілер тобының  бөлініп
шығу процесі өте күрделі және әр қилы болады. Болашақ дербес туыстас  тілдер
тобының  біртіндеп  бөлініп  шығуы  және  құралып   жасалуы   негіз   тілдің
диалектілерімен  сөйлеген  тайпалардың  тарихымен,   кейінірек   халықтардың
тарихымен байланысты болды.
         Салыстырмалы-тарихи әдіс  туыстас  тілдердің  деректерін  салыстыра
келіп, ол тілдердегі ортақ, бір тектес элементтерді,  ондай  бірліктің  шығу
негізін және ортақ формалар  мен  грамматикалық  категориялардың  ары  қарай
дамуы мен өзгеру  ерекшеліктерін  айқындауды  көздейді.  Сонымен,  тілдердің
генеалогиялық (шығу тегі) бірлігі,  генеалогиялық  байланысты  салыстырмалы-
тарихи методтың қарастыратын негізгі объектісі болып саналады...
            1. Ең алдымен салыстырмалы-тарихи метод  тілдердің  адам  баласы
тілінің шығу процесінен бастап түрлі-түрлі болу фактісіне, яғни  сол  кездің
өзінде  әр  түрлі  тілдердің  өзіне  сай  әр   түрлі   сөздік   құрамы   мен
грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді. Демек, салыстырмалы-
тарихи метод ең  алғаш  жасалынған  көптеген  тілдерде  белгілі  зат  немесе
құбылыс әр  түрлі  лексикалық  атаулармен  (сөздермен)  аталғанын,  біркелкі
грамматикалық  категориялардың  түрлі-түрлі  формаға  ие  болып,  әр   түрлі
грамматикалық  тәсілдермен  берілгенін  негіз  етіп,  соған  сүйенеді.  Адам
баласы тілінің пайда болу барысында әрбір жеке тілде оның өзіне тән  сөздері
мен грамматикалық формалары  жасалған.  Дыбыс  тіркестері  (сөздер)  мен  ол
арқылы белгіленетін  заттың  арасында  барлық  тілдер  үшін  ортақ  ешқандай
байланыс болмайды. Әрбір тілде дыбыс  тіркесі  (сөз)  белгілі  затқа  немесе
құбылысқа атау ретінде бекітіледі, бірақ бұл  дыбыс  тіркесі  ол  заттың  не
құбылыстың жаратылысын да, қасиеті мен  сапасын  да  көрсете  алмайды,  оның
олармен ешқандай етене байланысы  жоқ.  Егер  мұндай  байланыс  болса,  онда
дүние жүзіндегі сан алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс  бір  ғана
дыбыстық комплекспен аталып, ешқандай  лексикалық  айырмашылық  та  болмаған
болар еді. Мысалы, үй деген сөз бен ол арқылы белгіленетін  заттың  арасында
ешқандай табиғи байланыс жоқ. Міне,  сондықтан  да  ол  (баспана)  әр  түрлі
тілдерді түрлі-түрлі дыбыстық  комплекспен  (сөзбен)  мысалы,  орыс  тілінде
дом, неміс  тілінде  Наис  деп  аталады.  Зат  пен  оның  атауының  (сөздің)
арасындағы байланысты тарихи байланыс, соның  өзінде  шартты  байланыс  қана
деп түсінген мақұл.
          2. Тілдердің туыстас тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен,  олардың
лексикасында мағыналар жағынан біркелкі  немесе  өз  ара  ұқсас,  дыбысталуы
жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөзердің болуы шарт.  Мұндайда  туыстас
тілдердің лексикасындағы  сөздердің  барлығы  бірдей  емес,  олардың  сөздік
қорындағы байырғы төл сөздер еске алынады.         Мысалы,  қазақ  тіліндегі
ауыр, өзбек тіліндегі оғыр, қырғыз тіліндегі оор, тува,  хақас  тілдеріндегі
аар, түркімен тіліндегі агыр, алтай тіліндегі уур, башқұрт  тіліндегі  ауыр,
татар тіліндегі авыр, деген  сөздердің  мағына  жағынан  бірдей,  дыбысталуы
жағынан ұқсас болып келуі бұл сөздердің бір бұлақтан (негізден)  шыққандығын
көрсетеді.
           Сонымен, салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас  тілдерінің  арасындағы
дыбыс сәйкестілігін есепке  алады.   Сонымен,  тілдерді  салыстырмалы-тарихи
тұрғыдан зерттеу  өзінің  алдына,  негізінен  алғанда,  мынадай  міндеттерді
қояды: 1) негіз тілден  бастап,  туыстас  тілдердегі  ортақ  категориялардың
даму заңдылықтарын ашып айқындау; 2) бұл дамудың ортақ, жалпы  бағытын  таба
білу; 3) негіз тілдің түпкі құрылымының туыстас тілдердің  арықарай  дамуына
тигізетін әсерінің сипатын белгілеу;  4)  тілдің  белгілі  бір  элементтерін
тұрақты, басқа бір элементтерінің  өзгеріске  бейімділігінің  себептері  мен
жайларын айқындау; 5) әр түрлі  туыстас  тілдердегі  өзгерістердің  біркелкі
болмауының себептерін белгілеп айқындау


ДӘРІС-14
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Салыстырмалы    тарихи тіл білімі және тілдегі шылаулар туралы ілім.
      Еуропалық тіл білімі   дамуының  жаңа  дәуірі   тілді  дамып,  өзгеріп
отыратын  тарихи  құбылыс  деп  танудан,  тілдер  өзара  туыстас,  төркіндес
болады деп біліп, сол  заңдылықтарды  ашуға,  зерттеуге  салыстырмалы-тарихи
әдісті  қолданудан  басталады.Тіл  туралы  ғылым  тарихында  үлкен  бетбұрыс
болған бұл жайт 19-ғасырдың алғашқы онжылдығында   орныға  бастайды.  Әрине,
жаңа әдістің қалыптасуы–ежелгі заманнан басталатын  лингвистикалық  ой-пікір
дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18ғасырдың   соңғы  жартысымен  19-ғасырдың
алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу  әдісінің
 қажеттігін айқын көрсетті.
      19-ғасырдың бас кезінде әр елде   салыстырмалы-тарихи  әдіс  негізінде
жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жылы  неміс  ғалымы  Франц  Бопптың
санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы,  герман
тілдеріндегі етістіктердің  жіктелу  жүйесімен  салыстыра  зерттеген  еңбегі
шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлелденді.
      Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын  ұстанған
басқа  да  ғалымдар  болды.Олар   салыстырмалы-тарихи   әдіспен   үндіеурола
семьясына жататын тілдерді жекелеп  те,  топтап  зерттей  отырып  ,  олардың
арасындағы  бірлік  пен  өзгешеліктерін,  бір-біріне  жақындық   дәрежелерін
айқындады.
      Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар  аударған
мәселесі-  үндіеуропа  семьясына  жататын  тілдердің   шыққан  төркіні,   ол
төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды.

Бақылау сұрақтары:
1. Еуропалық тіл білімінің дамуы неден басталды?
2. Салыстырмалы-тарихи әдіс негізіндегі оқулықтар қай кезде жарық көрді?
3. Салыстырмалы-тархи тіл білімінің негізін салушылар кім?
4. 1816 жылы жарық көрген Ф.Бопптың жайлы не айта аласыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т.   Жалпы  тіл  білімі.  Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б.    Жалпы  тіл  білімі .  Алматы,  2000.
3. Хасенов. Ә.  Тіл  білімі.  Алматы, 1996
.
ДӘРІС-15
  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ
Бүгінгі таңда тіл мәселесі неліктен күн тәртібінен түспей отыр? Себебі
біздің елде кеңестік дәуірде қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты қоғам
өмірінің сан түрлі салаларында мемлекеттік тіл атқаруға тиісті қызметтердің
көпшілігін ресми тіл атқарып келгені белгілі. Қазақ тілі еліміздің
мемлекеттік тілі ретінде жарияланғаннан кейін Тәуелсіздік жылдарында оның
қолданыс аясы бұрынғыдан едәуір кеңейді. Алайда тілдің барлық мәселесі
шешімін тапты деп айта алмаймыз.
Қол жеткізілген азды-көпті жетістіктермен қатар шешімін таппаған
мәселелерді айқындап, оларды шешу жолында жүйелі жұмыстар жүргізуіміз
керек. Егер қоғамда тіл мәселесі болмаса, оған қоғам, билік тарапынан көп
көңіл бөлініп, мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, БАҚ-тарда
күнде сөз болып, ел зиялылары мәселе көтеріп, түрлі жиындарда толассыз
талқылаулар жүріп жатпас еді ғой. Мемлекет қаржысы мен тілдерді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы сол айқындалған мәселелерді шешуге нақты
бағытталуы тиіс. Тіл мәселесімен тікелей айналысатын түрлі құрылымдар мен
қоғамдық ұйымдардың жұмыстары дұрыс үйлестіріліп, олардың іс-әрекеттері
жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырылмаса, нәтижеге қол жеткізілмейді. Тіл
мәселесі қай қоғамда да сабырлы да салиқалы, тілдік қақтығыстарға жол
бермейтін, елдегі тілдік жағдаяттың барлық қырлары ескеріле отырып сауатты
түрде жүргізілетін тіл саясаты арқылы шешімін табуға тиіс. Осыған бәріміз
де мүдделіміз.
Тілдің шешімін таппаған мәселелері: ономастика, терминология, әліпби, сөз
мәдениеті, тілдерді оқыту мен үйрету, аударма, тіл саясатын жүргізудегі
тілдік жоспарлаумен, тілдік заңнаманы жетілдірумен, тілдердің қолданысын
қамтамасыз етумен байланысты әлі нақты шешімін таппаған мәселелер бар.
Алайда осылардың ішіндегі ең басты, жұртшылық айрықша назар аударып отырған
мәселе ол - қазақ тілінің заңмен белгіленген мәртебесіне сәйкес қоғам
өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылып, мемлекеттік тілге жүктелетін
тиісті қызметтерді әлі де толық атқара алмай отырғандығы. Мемлекеттік тіл
ғылым мен білім, ел басқару мен заң шығару, қорғаныс пен ішкі істер, қаржы
мен экономика, бизнес пен халыққа қызмет көрсету және басқа да қоғам
өмірінің көптеген салаларында кеңінен қолданылатын дәрежеге жетсе, онда
жоғарыда аталған, қалған мәселелердің барлығы да соған сәйкес өз шешімін
табады. Айталық, «Үкімет сағаты» мен Үкіметте өтетін көптеген жиындарда
министрлер мен әкімдер баяндамалары мен хабарламаларын қазақша жасап,
есептерін қазақша беріп жатса, министрлердің аппарат мәжілістері мен алқа
мәжілістері мемлекеттік тілде өтетін болса, барлық облыс әкімдері жиындарын
қазақ тілінде жүргізіп, ісқағаздарын қазақшаға толық көшірсе, мемлекеттік
органдардан еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілде қалаған ақпаратын ала
алатын болса, онда мемлекеттік тілдің ел басқару саласындағы қолданысы
орнығып, осы саладағы мәселелері шешімін тапқан болар еді. Сол сияқты
заңдар қазақ тілінде дайындалып, депутаттар оларды қазақша талқылап,
Парламент отырыстары қазақша өтіп жатса, онда тілдің заң шығару саласындағы
қолданысы қалыптасады. Ал ғылыми монографиялары мен мақалаларын,
диссертацияларын, оқулықтары мен оқу құралдарын қазақ тілінде жазатын,
түрлі ғылыми жиындардағы баяндамаларын қазақша жасайтын, дәрістерін қазақша
оқитын ғалымдар қауымы қалыптасса, қазақ тілінің түрлі ғылым салаларындағы
қолданысы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар салалық терминология да
жасалып, жоғары және арнаулы оқу орындары мен мектептердегі мемлекеттік
тілдің көптеген мәселелері шешімін табар еді.
      Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор: «Бүгінде ғылымы мен
технологиясы дамымаған елдің замана көшіне ілесіп, алдыңғы қатарлы
мемлекеттер қатарынан орын алуы мүмкін емес екендігін дәлелдеп жату артық
болар. Кез келген саланың дамуы - сол саланы зерттейтін ғылымының дамуына
тікелей тәуелді. Қай салада мықты ғылыми мектептер қалыптасып, ірі ғалымдар
мен жоғары білікті мамандар шоғыры өсіп шығып және өз саласын сондай нағыз
кәсіби мамандар басқарса, сол өздері терең маманданған салада солар қызмет
етсе, онда ол саланың дамымауы мүмкін емес. Бұл экономикаға да, физика мен
математикаға да, биотехнология мен ғарыштануға да, тіл білімі мен
әдебиеттануға да бірдей қатысты мәселе деп білемін. Сондықтан тіл білімінің
көптеген салалары бойынша зерттеулер жүргізіп, ұзақ жылдар бойы бүкіл
елімізге ғылыми кадрлар дайындап келген ғылыми мекеме ретінде тілдің қандай
мәселесі болса да, біздің институт, лингвист ғалымдар одан шет қала
алмайды. Тілді зерттейтін ғылыми ұжым болғандықтан, біздің басты міндетіміз
- отандық тіл білімін ғылым ретінде дамытып, ұлт тілінің түрлі мәселелерін
шешуге бағытталған, негізінен, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу,
ғылыми кадрлар дайындау. Институттың негізгі міндеті мен атқарып отырған
қызметі осындай болған соң, мемлекеттік тілдің мәселелерін шешудегі оның
рөлі де айрықша, жауапкершілігі де зор деуге негіз бар ғой деп ойлаймын.
Арғы тарихына тоқталмай-ақ, беріден бастағанның өзінде бастауында
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар тұрған қазақ тіл
білімі бір ғасырлық даму жолы бар ғылым саласы. Ал А.Байтұрсынұлы атындағы
біздің институт - осы қазақ тіл білімінің қара шаңырағы. Қазақ академиялық
тіл білімінің қалыптасуы мен дамуын Тіл білімі институтынан бөліп қарауға
болмайды. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында еңбек етіп жатқан
белгілі лингвист ғалымдардың, біздің әріптестеріміздің бәрінің демесек те,
көпшілігінің осы институтқа қатысы бар. Бірқатары еңбек жолын осында бастап
қызмет істеген болса, енді бірқатары әр жылдары біздің институттың
аспиранттары мен ізденушілері болған. Институт жанындағы диссертациялық
кеңесте қорғағандар мен біздің институт ғалымдары ғылыми жетекші, кеңесші
болып, олар тәрбиелеген ғылыми мамандар көптеп саналады. Республика
жұртшылығының, жоғары мектептің бүгінгі лингвистикалық сұранысын өтеп
отырған академиялық үлкен сөздіктер мен ғылыми монографиялардың көпшілігі,
оқулықтардың бірқатары - осы институт ғалымдарының еңбектері. Қазір
институтта Ұлттық ғылым академиясының 3 академигі, 23 ғылым докторы, 22
ғылым кандидаты, барлығы 87 адам еңбек етеді. Олардың 3-уі - ҚР Мемлекеттік
сыйлығының, 6-уы - Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, 2-уі - М. Әуезов
атындағы Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары.
Бұрын бұл институтта қазақ тіл білімінің Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев,
М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов сынды ең көрнекті өкілдері еңбек етсе,
бүгінде олардан кейінгі буын өкілдері Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Т.Жанұзақ,
О.Нақысбеков, Е.Жанпейісов, Б.Әбілқасымов, Ө.Айтбайұлы, А.Жұбанов,
С.Бизақов, Ә.Жүнісбек, Б.Қалиұлы, К.Хұсайын, Н.Уәли, Ж.Манкеева,
З.Базарбаева сынды елге танымал белгілі тілші ғалымдар бастаған ғылыми
қауым еңбек етіп жатыр. Жетекші ғалымдардың жасы ұлғайып бара жатқаны
болмаса, Қазақстанда тіл білімі бойынша, дәл осындай ғылыми әлеуеті бар,
өзіндік дәстүрі қалыптасқан, танымал жетекші ғалымдар еңбек ететін ғылыми
ұжым әзірге қалыптаса қойған жоқ десем артық айтқандық болмас деп ойлаймын.
Институт қызметкерлері мақалаларын шетел басылымдарында жариялап тұрады.
Мәселен, биылғы жылы қызметкерлеріміз Грекияда, Түркияда, Өзбекстанда,
Қырғызстанда, Татарстанда өткізілетін халықаралық конференцияларға қатысуды
жоспарлап отыр. Былтыр өз тарапымыздан бірлескен конференциялар, ортақ
ғылыми басылымдар жасау мақсатында Үрімшідегі ҚХР Шыңжаң қоғамдық-ғылыми
академиясы мен Пекиндегі Орталық ұлттар университеті ұжымымен, басшылығымен
кездесіп, өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас жасау туралы келісімшартқа
қол қойдық. Осындай кездесулерді біз Үрімшідегі тіл комитеті мен Пекиндегі
ұлттар баспасы басшылығымен де өткіздік. Өткен жылы жасасқан
келісімдерімізге сәйкес Қытайдағы Ұлттар баспасы біздің институт шығарған
«Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігін» осы жылы басып шығаруды
жоспарлап, ал Пекиндегі Орталық ұлттар университеті 10 күнге дәріс оқуға
шақырып отыр. Біздің аталған сапарымыз іскерлік жағдайда өте сәтті өтті.
Қысқа мерзімдік бір ғана сапарда ҚХР-дың аталған төрт мекемесімен байланыс
орнатып қайттық. Біздің жасасқан келісімдеріміз қағаз жүзінде қалып қоймай,
нақты істер арқылы жалғасын тауып жатыр деуге негіз бар. Сондай-ақ біз
институтта Германияның Юстус Либиг атындағы Гиссен университетінің белгілі
ғалымдарымен, әлеуметтік лингвистикамен айналысатын Индиана университетінің
профессоры америкалық ғалым У.Фиерманмен кездесу өткізіп, пікір алмастық.
Юстус Либиг атындағы Гиссен университеті қараша айында Тәуелсіздік
кезеңіндегі қазақ тілінің дамуына арналған конференция өткізуді жоспарлап,
оған бізді арнайы шақырып отыр. Қатысып баяндама жасауға келісімізді
бердік. Түркиядағы «Түрк Дили Құрымы» қоғамының ұйымдастыруымен 2010 жылдың
маусымында Баку қаласында өткен түркі терминологиясының мәселелеріне
арналған халықаралық форумға қатысып баяндама жасап, қор Президентімен
бірлескен ғылыми шаралар мен жобалар бойынша жұмыс істеу мәселелерін
талқыладық. Жас ғалымдарды шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өткізу де өте
маңызды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Халықаралық «Болашақ»
бағдарламасы бойынша институттың бір кіші ғылыми қызметкерін Түркияның
Ыстамбұл қаласындағы Мармара университетіне ғылыми тәжірибе жинақтауға және
тағылымдамадан өтуге 10 ай мерзімге жібердік. Бұдан өзге де біздің
ғалымдардың ТМД мен өзге де алыс шетелдердегі ғалымдармен ғылыми
байланыстары қалыптасқан. Алдағы уақытта да осындай халықаралық
байланыстарымызды нығайта береміз деген ойдамыз». Яғни осындай зерттеу
орындары барда еліміздегі жалпы тіл білімінің  одан әрі дами түсетіндігі
сөзсіз.
1. Қазақ жалпы тіл білімі – жалпы түркітанудың құрамдас бөлігі және қазақ
тіл білімі туралы ілім.
2. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтың жалпы лингвистикалық ілімдері.
3. Қазақ графикасы мәселелері.
Қазақ    жалпы   тіл   білімі   -   жалпы   түркітанудың   құрамдас   бөлігі
(Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, С.Е.Малов.  П.М.Мелиоранский,  В.В.Катаринский,
А.Құрышжанов және т.б.) және казақ тіл білімі  туралы  ілім  (А.Байтүрсынов,
Қ.Жұбанов,  І.Кеңесбаев,  С.Аманжолов,  Ы.Маманов,  Н.Сауранбаев,  Ғ.Мүсаев,
МБалақаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова  жөне  т.б.)-А.Байтүрсынов,  Қ.Жұбановтың
жалпы лингвистикалық ілімдері, Қазақ  графикасы  мәселелері:  А.Байтүрыснов,
Қ.Жұбанов, А.С.Аманжолов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедов  және  т.б.  Қазақ   тілі
туыстық  белгілері  жағынан  да,  типологиялық  белгілері жағынан  да  түркі
  тілдерімен   бірлікте.   Оның   қалыптасу,   даму   тарихы   жалпы   түркі
тілдерінің  тарихымен  тығыз  байланысты.   Осы  себептен   де   қазақ   тіл
білімі   түркологияның    бір   саласы   болып   есептеледі.   Түркологияның
табыстарына,  жетістіктеріне қазақ   тіл   білімі   де   ортақ  ,   ол   сол
табыстарға   сүйенеді,   соны   басшылыққа   алады.   Сондықтан   түркология
тарихын  білмейінше, қазақ  тіл  білімінің  тарихын  білу  мүмкін  емес.

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ  жалпы тіл біліміне үлес қосқандардан кімді атай аласыз?
2. А.Байтұрсынұлы еңбектері жайлы не білесіз?
3. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жай-күйі қандай дәрежеде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қордабаев . Т.   Жалпы  тіл  білімі.  Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б.    Жалпы  тіл  білімі .  Алматы,  2000.
3. Хасенов. Ә.  Тіл  білімі.  Алматы, 1996.
4. Общее  языкознание. Внутренняя   структура  языка. М,1972.

2. ТӘЖІРБИЕЛІК САҒАТТАР

|                                            |       |сабақтар                                                         |
|Тәжірбиелік                                 |       |                                                                 |
|Тақырып-1                                   |1      |                                                                 |
|Ф.де Соссюраның ілімі және 20 ғасыр         |       |                                                                 |
|лингвистикасы.Тіл тіл жүйесіне, тілдік      |       |                                                                 |
|қатынасқа шектеу.                           |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|Тақырып 2.                                  |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тіл ерекше таңбалық жүйе.. Тілдік таңбалар  |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|қасиеті. Тіл жүйесіндегі деңгейі мен қабаты.|       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|Тақырып 3.                                  |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тіл мен ойлау.                              |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|Тақырып 4.                                  |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тілдік қатынастар.                          |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|Тақырып 5.                                  |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Психолингвистика.                           |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|Тақырып 6,7                                 |2      |                                                                 |
|                                            |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика.     |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание.                          |
|                                            |       |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тақырып 8.                                  |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тіл және этнос.Этнолингвистика.             |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |                                                                 |
|Тақырып 9.                                  |1      |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|Тілдік қатынастар.Адам және оның тілі.      |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|                                            |       |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|                                            |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |1      |                                                                 |
|Тақырып 10                                  |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|Лингвистикалық типология.                   |       |Хасенов А. Тіл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
| Тақырып-11                                 |1      |                                                                 |
|Тілдерді сипаттау және зерттеу әдістері     |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |2      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тақырып 12,13                               |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|Лингвистикалық зерттеулердің әдістері.      |       |Хасенов А. Тшл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Тақырып 14                                  |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|Қазіргі лингвистикадағы негізгі бағыттар.   |       |Хасенов А. Тшл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание. Методы лингв.            |
|                                            |       |исследований.                                                    |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
|                                            |       |                                                                 |
| Тақырып 15.                                |1      |Аханов Қ. Жалпы тіл білімі                                       |
|Қазақстандағы жалпы тіл білімі.             |       |Балақаев М. ж.т.б.  Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы       |
|                                            |       |Хасенов А. Тшл білімі. Алматы.1996                               |
|                                            |       |Серебренникова Б.А. Общее языкоззнание                           |


   3.1.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК   ЖҰМЫС  ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
1.Тілдік жүйедегі қатыныстар: иерархиялық, синтагмалық, парадигматикалық.
Тіл жүйесіндег деңгей мен қабат
2.Диахронды әлеуметтік лингвистика.

3.В. фон Гумбльдт идеяларының дамуы. Л. Вайсгербер интерпретациясындағы
“тіл және халық ” проблемасы. Э. Сепир – Б. Уорфтың болжам теориясы

4.рделі пәндер: паралингвистика, аударматану, әлеуметтік лингвистика,
этномәдениеттану

5 .ілдің өмір сүру формалары.
6 .“Мәніс- мәтін” үлгісінің теориялық және қолтаңбалы мағынасы.
7. Микросоциолингвистика. Индивидтің тілдік бағыты. Тілдік этикет.
Билингвизмдегі кодтардың ауысуы.
8.нологиялық, типология : константты, көптонды және монотонды тілдер.
9. Лексикалық функциялар: семантикалық параметриялар мен эквивалентті
ауыстырулар. “Мәніс- мәтін” үлгісінің теориялық және қолтаңбалы мағынасы.
10. Құрылымдық әдістер: дистрибутивті, валенттілікті. Компонентті талдау.

11.Коммуникативтік, когнитивтік, контрастық, перлокутивті лингвистика.

3.2.СТУДЕНТТІҢ   ОҚЫТУШЫМЕН  ӨЗДІК  ЖҰМЫСЫ
1.Қостілділік мәселелері
2.Ұлттық тіл – тарихи-әлеуметтік категория
3.Психолингвистика, нейролингвистика ғылымдарының
жетістіктерін талқылау.
4.Тілдің шығуы туралы діни-аңыз әңгімелерден материалдар
жинақтап, талқылау.
5.    Тілдің таңбалық сипаты. Қазақ графикасы қандай әліпбиге көшу керек?
Мерзімді баспасөз материалдарын талқылау.
6.Ф. де Соссюрьдің «Жалпы тіл біліміне» талқылау.
7. Тілдің әлеуметтік  саралануы
8.Тіл болмысының түрлері
9.Қазіргі жазудың принциптері.
10.Жазудың шығуы мен даму кезеңдері.
11.Дүниежүзі тілдерінің генеалогиялық топтастырылуы
12.Дүниежүзі тілдерінің типологиялық топтастырылуы

4.ӘДЕБИЕТТЕР

 Негізгі әдебиеттер
1. Аханов.К.   Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы,1973;  1994.
2. Қордабаев . Т.   Жалпы  тіл  білімі  .  Алматы, 1999.
3. Қалиев .Б.    Жалпы  тіл  білімі .  Алматы,  2000.
4. Хасенов. Ә.  Тіл  білімі  .  Алматы, 1996.
5. Общее  языкознание . Внутренняя   структура  языка. М,1972
6. Бенвенист . Э.    Общая    лингвистика . М  ,  1974.
7. Соссюр  Ф. де  Труды  по  языкознанию. М, 1977.
 Қосымша әдебиеттер Дополнительная литература Алматы,1997.
1. Аманжолов. А.С.   Қазақша-орысша  лингвистикалық  терминдер.
2. Сулейменова  Э.Д.,  Н.Ж. Шаймерденова  «Тіл   білімі   сөздігі»   Алматы,
1998.
3. Березин.  Ф.М.  «Очерки  по  языкознанию  в  Росий.  Москва,1968.
4. Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языка. М., 1955г.
5. Гумбольдт В. Фон Избранные труды по языказнанию. М., 1984г.
6. Сепир Э. Избарнные труды по языкознанию и культурологии. М., 1993г.
7. Бюллер К. Теория языка. М., 1992г.
8. Леотьев А.А. Психолингвистика. М., 1967г.













Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек