ата - мұғалім - жауап - тәрбие - баланың - отырып - мінез














                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                           «Әсер ету психологиясы»
            мамандық үшін 5В010300 - «Педагогика және психология»



                        ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


















                                    Семей
                                    2014
                                   Мазмұны


    1. Глоссарий
    2. Дәріс
    3. Практикалық және зертханалық сабақтар
    4. Курстық жұмысы (жоба)
    5. Білімалушылардың өздік жұмыстары




















































































1 ГЛОССАРИЙ
Агрессия-белгілі  бір  мақсатқа  жету  құралы  және  басқалардың  шабуылынан
қорғанумен сипатталады.
Адаптация-орта біртіндеп бейімделу.
Зейін-баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын  көрсететін
құбылыс.
Дағды-сансыз қайталау нәтижесінде ол  автоматтандырылған  әрекетке  айналып,
оңай,шапшаң, дәл орындалып отырады.
Ерік-әрекет жасауды қажетсіну.
Жас       дағдарысы-онтогенездердің       психологиялық       өзгерістерімен
сипатталатын,уақыты жөнінен ұзақ емесерекше кезеңдері.
Әдет-әрект жасауды қажетсіну.
Госпитализм - жабық типтегі балалар  мекемелерінде  пайда  болатын  құбылыс.
үлкендермен қаоым қатынастың  аздылығынан   балалардың  дамып  жетілуі  күрт
қала бастайды. Іс әрекет (амал) белгілі мақсатқа қол  жеткізуге  бағытталған
іс  әрекеттің  біршама  аяқталған  элементі  .ол  ішкі  және  сыртқы   болып
ажыратылады.
Іс әрекет қызмет - қоршаған  болмысқа  ықпал  етумен  сипатталатын  белсенді
қарым қатынас.
Диалогиялық сойлеу - әңімелесуші адамның  қолдап  отырған  сөзі  екі  немесе
бірнеше адамның арасындағы  сөйлеу  бұлсөйлеу  өтіп  жатқан  жағыдаймен  тым
жоғарғы дәрежеде байланысты  сондықтан  бұл  сөздің  жағдайға  байланыстылғы
жөнінде айтылып жүреді.
Дидактика-оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.
Қашықтық талдауыштары (анализаторлары)  -  рецепторлары  зат  іс  әрекетінің
тікелей  ықпалдарына   шалынатын   талдауыштар   .бұған   есту   және   көру
талдауыштары  жатады. Тәртіптілік адамның жеке басының дағдысы үнемі  тәртіп
сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.
Мектепке дейінгі  шақ-психикалық  даму  сатысы,  үштен  жетіге  дейінгі  жас
аралығына сәйкес келеді.
Рухани  қажеттілік  -  тек  адамға  ғана  тән   мәдени   қажеттілік   мәдени
қажеттіліктерде   адамның   белсенді   іс-әрекетінің    адамзат    мәдениеті
жемістеріне байланыстылық көрінеді  .әр  түрлі  экономикалық  және  қоғамдық
құрылыста осы құрылысқа тән  мінез-құлықты  игеру  мен  тәрбиеге  байланысты
адам әр түрлі мәдени қажеттілікке йе болады.
Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы  ортаның  жағдайларына  организмнің  өмір
сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. бұған тамақ ішу  қажеттілігі  дем  алу
қажеттілігі жылыну қажеттілігі т.б. жатады.
Күнделікті  ұғымдар  -  арнаулі  үйретусіз,  өмір   тәжірибесі   нәтижесінде
меңгерілген, ғылымға дейінгі ұғымдар.
Нышандар - қабілеттіліктер  дамуының  тәбиғи  жағдайлары  түрінде  көрінетін
организмнің іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері  (нерв
жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т б).
Есте сақтау - болмыстағы  заттардің  немесе  құбылыстардың  бейнелерін  есте
берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі.  Есте  сақтау  үнемі  таңдамалы
келеді:  біздің  сезім  мүшелерімізге    тигізгендердің  бәрі  бірдей   есте
сақтала бермейді.
Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі
Белгі - болмыстың өзге  элементінің  баламасы  ретінде  көрінетін  оның  кез
келген элементі. белгілі адамның  психикалық  іс-әрекеттің  тәсілі,  бұл  не
қоғамдағы орган, не әлеуметтік  құрал  .әлеуметтік  құралдың  белгісі  болып
тіл, жазу, есептеу, сурет, салу саналады.
Ойын іс-әрекет(қызметі) -  негізінен  үлкендердің  іс-әрекеттері  мен  қарым
қатынастарын ерекше түрде елестетумен  сипатталатын  мектеп  жасына  дейінгі
балалар  іс  әрекетінің  басты  түрі.  Мотивтер  иерархиясы  (сатысы)  мінез
құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. мәні  төмен  түрткі  күштер  мәні  жоғары
түрткі күштерге бағынады.
Бейнелеу іс әрекеті - сурет салудың, жапсырудың  құраудың  т.б.  жалпы  аты.
Бейнелеу  іс-әрекетінің  жемісі/  ерекше  формада  көрсетілген   объективтік
болмыстың көрнекі бейнелері.
Былдыр сөз-негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз,  түсініксіз  сөйлеу
бала тілі  дамуының алғашқы кезеңі.
Жеке дара  даму  -  өмір  мен  іс  әрекет  процесінде  әрбір  адамның  дамуы
(онтогенез).
Инстинкт- мінез құлықтың  адам  дүниеге   келгенде  бітетін  фомасы  белгілі
ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс әрекет жасау қабілеті.
Ақыл ой сезімдері - ойлау іс-әрекетінен туатын сезімдер  (таң  қалу  әуестік
сенімділік және шүбалану сезімдері).
Ынта - мотивтер түрі, адамның қажеттілігінің көріну формасы.
Интероривация - сыртқы іс әрекеттен заттардың  бейнелері  және  олар  туралы
ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс әрекетке көшу процесі.
Инфантилизм -дамудың  тоқырауы.  сәбилік  шаққа  тән  дене  және  психикалық
кейіптің белгілерін сақтау .
Қыңырлық - ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға  тырысудан
көрінетін жағымсыз қылық .қыңырлық  баланы  тәрбиелеудің  немесе  оның  ауру
күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.
Сөздың байланыс функциясы - араласу  функциясы  әңгімелесіп  отырған  адамға
тура не жанама әсер ету .
Шаттану комплексі - баланың ішкі  жан  дүниесінің  жағымды  жауабыу.  ересек
адамды  коргенде  оның  дауысын  естікенде  бала  күлімсіреп  дыбыс   шығара
бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының  қозғалыс
ырғақтары өзгереді шаттану комплексі баланың алғашқы әлеуметтік  жауабы  деп
санау қабылданған.
Қабылдаудың  тұрақтылығы  -қабылдау  шарттары  өзгергендегі  зат  бейнесінің
біршама тұрақтылығы .
Жуықтасу  талдауыштары-рецепторлары  заттардың  тікелей  әсеріне   шалынатын
талдауыштар .мысалы ,тері талдауышы анализаторы.
Тиянақталған сөйлеу-әрбір сөздің немесе сөйлемнің  дәл  анықталған,  мазмұны
жағынан  аяқталған сөйлеу .
Темперамент-нерв  жүйесінің  тума  қасиеттерінен  туындайтын  адамның   жеке
өзгешіліктері.
Тест-белгілі  бір  жағдайды  қатаң  сақтай  отырып,   балаларға   ұсынылатын
тапсырмалар жүйесі.
Синтез-бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау,  топтау  бүтін
қарау.
Сензитивтік кезеңдер - организмнің қоршаған ортаға өте жоғары  сезімталдығын
көрсететін кезеңдер.
Психикалық даму факторлары -  бұл  индивидтің  өмірлік  іс-әрекетін  қажетті
түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
Психика - өмір дамуының  белгілі  бір  сатысында  пайда  болатын  ұйымдасқан
материяның қасиеті.
Үнсіз сөйлеу - сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.
Ұғымталдық - сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.
Эмоциялық дүниенің дамуы - үштен жеті аптаға дейінгі баланың жандану кешені






2 ДӘРІСТЕР
      №1 Әсер ету психологиясына кіріспе
      Сұрақтары. Әсер ету психологиясы пәні, мазмұны және  міндеттері  Басқа
да психология салаларымен байланысы. Әсер ету психологиясы пәнінің рөлі


      №2 Тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі
      Сұрақтары. Тұлға және қоршаған орта Әлеуметтік  орта  әсері.  Тәрбиеші
педагогтардың білімін жетілдіру жүйесі, жолдары.
      Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін  сезіну,
жеке  басына  қойылатын  талаптарды  орындауға  дағдыланну  және   теориялық
мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
      Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті
Ежелгі Греция, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Рим  философтары  Демокрит,  Аристотель,
Сократ,  Марк  Фабии  Квинтилиан  т.б.  еңбектері  мен  идеяларында  көрініс
табады.
      Тәрбиешілердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар
шығыс философы Әбу-Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл  аударылған
мәселелерінің бірі болған. Ол тәрбиелеуші  бойында  шыншылдық,  шәкірттеріне
де, өзіне де талап қоя алушылық,  ықыластылық,  қаталдық,  күш-  жігер  және
педагогикалық такт сияқты қасиеттердің  сақталуын  қажет  деп  санаған.  Әл-
Фараби ұстаздық мінез құлық нормасы қалай  болуы  жайлы  былай  дкп  жазады:
«... ол тым қатал да болмауы тиіс,  тым  ырыққа  да  жығылы  бармеуі  керек,
өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы  қояды,  ал  тым  ырыққа
көне беру – ұстаздың  қадірін  кетіреді.  Оның  берген  тәлімі  мен  ғылымға
шәкіртті селқос қарайтын болады».
      Тәрбиеші   тұлғасының   маңыздылығын   анықтай   келе    К.Д.Ушинский:
«Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін  ықпалы  оқулықтармен  де,  жақсы
әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау  жүйесімен
де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»,-деп атап өткен.
      Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей  талап  қояды:
педагог-тәрбиеші  әріптестеріне  мейірімді,  жылы  шырайлы,  ықыласты  болуы
керек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың  әдебін,  дауыс  сарынын,  жылы
үнін   игеpyi  керек,  әріптестерінің  табысына  қызғанышпен,   күншілдікпен
қарауға  құқы  жок,  әріптестерімен  өз   тәжірибесін   бөлісуге   міндетті,
әріптестерінен үйренуге ұялмауы  керек,  әрәптестеріне  жоғарыдан  менсінбей
қарауға құқы жоқ,  әрәптестерінің  ар-намысын,  атақ-даңқын  сақтауы  керек,
балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі  керек,  6ipaқ  оны  ешкімге
шашпауы тиіс.
      Педагог қызметінің ерекшелігі оның  балаларды  белгілі  бір  тәртіптің
ережелеріне үйрету ғана емес, сонымен қатар  өзінің  бүкіл  рухани  дүниесі,
педагогикалық қызметінің  шеберлігі арқылы нағыз адамдық өмір сүрудің  үлгі-
өнегесін  көрсету,  сондай-ақ  жас   буынды   қоғам   тұрмысының   қарапайым
ережелеріне үйрету де қажетті іс.
      М.И. Калинин айтқандай, кез  келген  адам  тәрбиелеуші  бола  алмайды.
Бұдан педагогикалық  дарынды  адамдарды  тәрбиелеп,  қалыптастыру  қажеттігі
шығады. Ал бұл жұмысты  ойдағыдай  іске  асыру  үшін,  студентерді  мектепке
дейінгі педагог мамандығын  жан-  тәнімен  сүюге,  балалардың  психологиялық
ерекшеліктерін айырып, соларға сәйкес жұмыс  істеуге  үйреті  қажет.  Мұнсыз
бүгінгі талапқа сәйкес келетін тәрбиеші  даярлап шығаруға болмайды.
      Ғұлама  педагогтар  мен  жаңашыл  педагогтардың  айтқан   тағылымдарын
саралай келе қазіргі білімдарлық технологияда мектепке  дейінгі  тәрбиешінің
педагогикалық шеберлік бейнесін анықтауға болады:мектепке дейінгі  тәрбиелеу
мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі; балалардың  оқу-тәрбие
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра бiлyi және баланың ic-әреке тән  дұрыс  бағалай
білуі;  тәжірибелік  білім-білік  дағдыларды  калыптастыра   білуі;   кәсіби
біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;  балалармен  дұрыс  қарым-қатынас
орнықтыра біліуі; ата-аналармен тіл  табыса  білyi;  сөйлеу  мәдениеттілігі;
өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы; балалардың  қызығушылығын  туғыза
біліyi; балалардың  өздігінен  дербес  ерекет  ету  дағдыларын  қалыптастыра
білуі;   жеке-дара   окытудың   әдіс-тәсілдерін   пайдалана    алуы;    жана
технологияларды  пайдалана   білуі;   қaзipгi   іс-тәжірибелерді   пайдалана
білуі;білім 6epyдегi дамыту  бағыттарын  айқындай  бiлуi;  мінез-құлық  және
пайымдау мүмкіндіктері; педагогикалық талаптарды орындай  білуі;  шыдамдылық
және  төзімділік;  табан  астындағы  тосын  ic-әрекетке  әдіс-тәсіл  қолдана
білуі;  кез   келген   жағдайда   қарым-қатынас   жасай   алуы;   балалардың
қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
      Сонымен  қатар  қазіргі  білімдарлық  технологияда  мектепке   дейінгі
балабақша тәрбиешінің міндеттері де  анықталып  отыр:тәрбиеші  болатын  адам
өзінің  мінезін,   жүріс-тұрысын   дұрыстап,   балалар   ic-әрекетін   дұрыс
ұйымдастыра білуі керек, арнаулы білім, білік пен іскерлік-дағдыны  меңгеpyi
керек, жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті  жерде  қатал  талап  қоя  алатын
болуы, тәрбиешінің әp6ip қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-
тәрбие берерліктей болуы тиіс.
      Тәрбиешінің жеке басының үлгісі -  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  ең  әсерлі
әдістерінің 6ipi, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан  еліктейді.  Сол
себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұкыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді,  ойлы,
әдемі, салмақты келіп,  асықпай,  байыппен  сөйлеуі  керек.  Бала  еліктегіш
болғандықтан жақсыны да, жаманды да тез кабылдайды.
      Тәрбиеші қызметтің маңызды ерекшелігі оның тәртіп пен  принциптіліктің
нормаларын жас ұрпақты тәрбиелеу және оларға білім  беру  процесінде  тиімді
қолдана білуінде. Ертедегі  педагогтардың  «Мұғалімге  қатаң  болған  жақсы,
мейірімді болған  одан  да  жақсы,  әділ  болған  тіпті  жақсы»-деулері  өте
орынды. Тәрбиешінің рухани қасиеттерінің  ішінде  ең  негізгі  орын  алатыны
оның педагогикалық білімінің көлемділігі  мен  тереңдігі  болып  есертеледі.
Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың адамзат  ойының  дамуында  бұдан  бұрын
болып көрмеген қарқынмен алға басуы  тәрбиешіден  жан-жақты  білімділік  пен
жоғары мәдениеттілігі талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда  тәрбиеші
қазіргі балабақша алдында тұрған  өте  күрделі  міндеттерді  ойдағыдай  шеше
алмайды.
      Тәрбиеші  ұстаздың  қоғамда  орны  маңызы  зор.  Олай  болатын  себебі
тәрбиеші ұстаздың еңбегі  жауапты  әрі  күрделі,  өйткені  ол  жас  ұрпақтың
болашақ тағдыры үшін, өзін жауапты сезінеді. Оның тәртібі  білімі,  қоғамнан
алатын орны, адамгершілігі.  Белсенділігі,  іскерлігі  үшін  күресетін  оның
түрлеріне жол тауып, жан дүниесінің таза қоғам үшін жан тәнмен  еңбек  етуге
құштарлығын оятатын білімге  деген  ішкі  қажеттігін  оята   отырып,  баланы
білімге ұмтылдырып, талаптандыратын тәрбиеші –  ұстаз.  Оны  осы  қасиеттері
үшін « адам жанының  инжинері»   деп  Сухомлинский  айтқан.  Қоғам  тәрбиеші
ұстазға жас ұрпақты сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеуді,  дүниеге
көзқарастын дамытып қалыптастыруда сенім артады.  Мұндай  орасан  зор  сенім
тәрбиеші ұстаздарға қоғам алдында ұлы жауапкершілік жүктейді.
      Мектепке дейінгі мекемеде өз өмірінің алғашқы 6 жыл бойы  болады.  Сол
кезде  ол үшін тәрбиеші сөзсіз өнеге, әрі бедел  болып  табылады.  Сондықтан
да педагогтың өз басына қойылатын талаптар өте  жоғары.  Тәрбиешінің  балаға
ықпалы күнделікті өмірде, оқу сағатарында, бірлескен еңбек әрекетінде  қарым
– қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір  баланың  мұқият  зерттеп,  оның  өзіндік
ерешеліктерін  білуге   балалардың   бәріне   бірдей   объективті   қарауға,
педагогикалық әдептілікті көрсетуге  балалардың  мінез  –  құлқы  мен  іс  -
әрекет  нәтижелерімен  әділ  бағалауға,   дер   кезінде   көмек   көрсетуге,
отбасындағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда ғана  педагог  баланың
жеке басына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Тәрбиеші қызметінің  ойдағыдай
болу сөзсіз шарты оның  балаларға  деген  ақылға  қонымды,  талапкершілікпен
ұштасқан сүйіспеншілігі болып табылады.
      Тәрбиеші қызметінің табысты болуы, оның  тәрбие  жұмысының  мақсаттары
мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты.
      Қазақтың алғаш қоғам қайраткері, әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды
жұмыс кезінде қоғамдық ортада тәрбиелеу үшін балабақшалар ұйымдастыруға  зор
мән берген Нәзипа Құлжанова,  тәрбиешінің  ұстаздық  бейнесін  педагогикалық
кәсіби мамандықтың негізі саналатын  адамгершілік  қасиеті  жоғары  санаған.
Бұл жағынан алғанда Нәзипа Құлжанова бала тәрбиешісіне  жеке  тұлға  ретінде
өте жоғары талап қоя білді. Н.Құлжанова: «тәрбиеші  бүгінгі  заман  талабына
сай өзінің педагогтық мамандықтың  кілтін  шебер  ұстаған,  жан-жақты  терең
білімді,  сегіз  қырлы  бір  сырлы  ашық  жанды,  жайдары  жүретін,  ажарлы,
қайратты, инновацияшыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін  тексере  білетін,
кекшіл емес,  тапқыр  еңбекқор  болу  керек  және  белсенділігі  өте  жоғары
дамыған болу қажет». Қарым-қатынас кезінде  әр  баланың  жан  дүниесін  сезе
білетін кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс  деп
жазды. Н.Құлжанованың ойынша, мектеп жасына дейінгі баланы оқытып  тәрбиелеу
ісінде тәрбиеші ата-анадан кейінгі  үлгі  боларлық  негізгі  тұлға.  Сәбилер
үшін  балабақшада  басты   кейіпкер.   Мектеп   жасына   дейінгі   балаларда
еліктегіштік қабілет өте жоғары болғандықтан, олар өз тәрбиешісіне  ұқсағысы
келеді де,  сөйлеген  сөзін,  істеген  ісін,  әрекетін,  айналасындағылармен
қарым-қатынасын түгелдей қайталап айнытпай салады.
      Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Бақытқа жеу жайында»  еңбегінде:
«өмірді  басқару  өнерінің  ізгілігі,  адамдардың  ізгіліктеріне  байланысты
әрекеттерді қолдану өнері және жеке дара өнері, бар, сондықтан халықтар  мен
қала  тұрғындарын  тәрбиелеуде  қайырымды  да,  өнерлі  адамдарды  пайдалану
туралы айта келіп, басқарушы  адамдардың  барлығын  ұстаз,  оқытушы  ретінде
бағалайды.
      Алтынсарин: «маған жақсы мұғалім  бәріненде  қымбат,  өйткені  мұғалім
мектептің жүрегі» деп атаған.
      Ахмет Байтұрсынов өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды:
«мұғалім қандай болса, мектеп хәм, сондай  болмақшы.  Яғни  мұғалім  білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы».
      Тәрбиеші деп арнайы дайындағы бар, педагогикалық  іс-әрекетпен  кәсіби
айланысатын  адам.  Оның  негізгі  функциясы:  оқыту,   тәрбиелеу,   дамыту,
қалыптастыру  процестерін  басқару.  Жалпы  тәрбиешінің  кәсіби  даярлығының
теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер жасаған.  Олар:  Амоношвили,
Мухина,  Люблинская,  Баймұратова,  Меңдаяқова,   Сәттімбекова,   Меңжанова,
Жұмабекова және т.б. Болашақ  тәрбиешілерді  даярлау  мәселесін  қарастырып,
кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.


      Модуль 2. Әлеуметтік әсер етудің негізі
      №3 Үдерістер және орта
      Сұрақтары. Қазіргі  қоғамдағы  тәрбиеші-педагог.  Тәрбиеші  педагогтың
рөлі   Тәрбиеші педагогтардың білімін жетілдіру жүйесі, жолдары
      Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін  сезіну,
жеке  басына  қойылатын  талаптарды  орындауға  дағдыланну   және  теориялық
мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
      Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жетілдіру   мәселесі   осы
қоғамдағы адами фактор  мәселесімен  тікелей  байланысты,  себебі  жан-жақты
дамыған, бәсекеге қабілетті жастар  мен  құзіретті  мамандар  ғана  қоғамның
өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың  қарқынды  дамуы  үшін
бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас  мамандар  қажет.
Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда  олардың  ата-аналарымен  қатар
білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері  мен  игі  істерінің
алатын орны зор.
      Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын  баршамыз  білеміз.  Адамдар
қай қоғамдық  формацияда  болмасын  жас  ұрпакқа  өз  тәжірибесін  жеткізіп,
білгендеріне  үйретіп  және  мақсатты,  саналы  түрде   өмір   заңдылықтарын
меңгертуге  талпынған.Адамзат  қоғамының  қай  даму   сатысында     болмасын
мұғалімдік кәсіптің атқаратын  рөліерекше  жоғары  бағаланған.  Мектеп  және
білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне,  қоғам  дамуына  сәйкес
тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
      Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде
қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке  баулу  және
әлеуметтендіру    процесстерін    ұлітастыру     қажеттілігін     аңғарамыз.
Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы  деңгейде
таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог  тұлгасы
қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы  өзінің  бастапқы  мәнін
де жоғалтып алуы мүмкін.
      Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу  үшін  оның  басқа  мамандықтарға
қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен  рөлін  тереңірек
қарастырған жөн.
      Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне
катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз  жұмыс  істейтін  басқа
да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер,  сатушылар
т.с.с. мамандар да адамдармен  тығыз  қарым-қатынаста  болады  ғой.  Педагог
мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен  анықталады.  Педагог
мамандығында жетекші  идея,  негізгі  міндет  -  адам  дамуының  мақсаттарын
түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
      Яғни, педагог өскелең  ұрпақты  қоғамның  болашақ  азаматтары  ретінде
тәрбиелеп, олардың  әлеуметтенуіне  байланысты  жұмыстар  атқарады.  Педагог
қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап  ең  дұрыс
және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға  тырысады.
Сонымен  қатар  педагог  жас  өспірімдердің  дүниетанымдарын,  ұлттық   сана
сезімдерін,  салауатты  өмір  салтына  деген  көзқарастарын  калыптастырады.
Яғни, педагогты баланың  қоғамдық  қатынастарға  бейімделуін,  әлеуметтенуін
басқарушысыретінде  қабылдауға  болады.  ¥лы  орыс   педагогы   К.Д.Ушинский
мұғалім  мамандығын  жоғары  бағалай  отырып:  «Мұғалім  мамандығы   сырттай
қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең  ұлы  істердің  бірі»  -  деген  сөздері
шынайылыққа үйлеседі.
      Адамзат тарихында мұғалім  мамандығының  ең  маңызды  ерекшеліктерінің
бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы.
      Мысалы,  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындарын   бітіруші
түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл  нені
білдіреді?  Бұл  дегеніміз  педагог  мамандығының  қоғам  дамуы   үшін   аса
қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі  егер  бұл  мамандыққа
қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды  даярлау  кажеттілігі
де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі.  Жьл
сайын жоғары оқу орындарында арнайы  даярланған  жоғары  білімді  педагогтар
қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық  еңбекке  кірісіп  жатса
да, мұғалімдер  саны  жетіспейді.  Қазіргі  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің
дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі  мұғалімдерге
деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.
      Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған.Мұғалімнің  іс-әрекеті,
қызметі балалардьң  болашағына  байланысты  болып  келеді.  ¥стаз  еңбегінің
нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс  береді.  Мысалы,  мұғалім  еңбегінің
жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар  өткен  соң,
шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
      Жаңашыл-педагог  Ш.А.  Амонашвили:  «Біз  болашақтың  адамын,  жаңадан
қалыптасқан адамды  бейнелеуге  міндеттіміз.  Биік  адамзаттық,  ортақ  іске
берілгендік,  халық,  мемлекет  алдындағы  өзіміздің  қалтықсыз  парызьмызды
сезіну бізді осындай адам етеді.  Біздің  әрқайсымыз  -  жүздеген  тағдырдың
туындатушымыз,   біздің   шәкіртеріміздің   бақыты   ұста    дүкеніндей    -
кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де,  қатыгездік
те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық  та,  киген  киіміміз  де,  біліміміз  де,
зеректік те, адалдық та, интеллектілік  те,  үйірімділік  те,  өмірга  деген
сүйіспеншілік те өріліп  тұруы  тиіс.  Адамдағы  кісілерге  ұнаған  таңдаулы
қасиет атаулының бәрі тән болуы керек»  -  деп  мұғалімдер  тұлғасын  жоғары
бағалайтыны да осы мамандықтьң адам  өміріндегі  маңыздылығының  бір  дәлелі
деуге болады.
      Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта  болады.  Ұстаздық  қызметтің
тағы  бір  ерекшелігі  -  педагогтардың  әр  шәкіртінің  жүрегіне  жол  таба
білуінде,  әрбір  баланың  бойындағы  қабілетті  дамыту  үшін  жағдай  жасай
алуында. Ең бастысы мұғалім оқушыныңөзін тұлға ретінде сезінуіне  көмектесуі
керек, оның бойында өзін, өмірді,  әлемді  тануға  деген  қажеттілікті  оята
білуі  керек,  әрбір  іс-әрекеті  үшін  өзінің,  жолдастарының,   мектептің,
қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік  қадір-қассиетті  сезінуге
тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы  ең  қымбат  байлық.
Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык  жолында  мұғалімнің  кәсіби  жетістігі  әрбір
оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы  мен  шыдамдылығына,
шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
      Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты.Мұғалім үнемі  балалар  ұжымымен
жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму  және  тәрбиелік  деңгейлері
әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара  білу  оңай  іс
емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл  шеберлікті  дамыту
үшін педагогика  ғылымындағы  А.С.Макаренко  негізін  салып  кеткен  тұлғаны
ұжымда және ұжым   арқылы  тәрбиелеу  теориясын  жақсы  меңгеру  қажет,  Бұл
педагогикалық идея кейінгі көптеген  шығармашыл  педагогтардың  тәжірибесіне
негіз болғаны анық.
      Мұғалім бір күннің өзінде кем дегенде 3 сабақ өтсе,  әр  сыныпта  орта
есеппен 30 баладан болса, 90 оқушымеи тілдесіп  бәріне  бірдей  білім-тәрбие
беруге тырысады. Ал бір апта ішінде мұғалім  қаншама  оқушыға  педагогикалық
ықпал жасайды. Онымен қатар оның жетекшілік атқаратын өз сыныбы  да  болады.
Міне әрбір  осындай  мінез-құлықтары  әртүрлі  оқушылар  ұжымында  барлығына
қолайлы психологиялық ахуал тудыру, ынтымақтастықта жұмыс істете білу  үлкен
шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар мұғалім  үлкен  педагогикалық  ұжымның
мүшесі ретіде оның барлық  құрылымдықбөлшектерімен  үйлесімді  қарым-қатынас
орната алуы керек. Педагог еңбегінің маңыздылығы - осындай ұжымдық  еңбекпен
айналыса  отырып  әр  оқушының  даралыкқ  ерекшеліктерін  дамытып,  тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
      Мұғалімдер  аса  күрделі  процесті  -  оқушы  тұлғасының   қалыптасуын
басқарады.Мұғалім  -   оқушы   өмірінің   іргетасын   қалаушы   және   ғылым
негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ  игілікті
іс болып табылатын  жас  ұрпақты  жан-жақты  тәрбиелеуге  негізделеді,себебі
адам бойындағытәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты  жылы  өтетін
орта мектептен қалыптасады.Орыс  халкының  белгілі  сыншысы,публицисті  В.Г.
Белинский ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін жоғары  бағалай  отырып  былай
дейді: «Тәрбиеші мэртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі  десеңізші:
оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
      Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда  оларды  интеллектуалдық
жағынан  дамытуды,  эмоционалдық,  рухани,  дене   тәрбиелерін   жетілдіруді
көздейді.  Ал  шәкірттің  тұлға  ретінде  қалыптасуын  басқару  өте  күрделі
процесс   екені    балалардың    әрдайым    психологиялык,    физиологиялық,
педагогикалық өзгеріс  үстінде  болатындығына  байланысты.  Мысалы  5  сынып
оқушысы мен 9 сынып окушыларына мұғалім бір  өлшеммен  қарап,  бірдей  талап
қоя алмайды. Бір білім беру  мекемесінің  ішінде  әр  жастағы  балалар  оқу-
танымдық   іс-әрекетпен   шұғылданып   тәрбиеленеді.    Сондықтан    мұғалім
шәкірттердің жас ерекшеліктері мен қатар дара ерекшеліктерін  ескере  отырып
барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені калыптастыруға тырысады.
      Басқа мамандықтарға  қарағанда  мұғалімдік  еңбектің  нәтижесін  өлшеп
отыратын дайын  арнайы  құралдар  болмайды,  оларды  өлшеу  үшін  балалардың
бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі  мұғалім
қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту,  тәрбиелеу  процесінде
пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол  қарым-қатынастар  арқылы
шәкірттің  өзіндік  даралығын  сақтап,  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыруы
қажег.
      Мұғалімдерге  аса  жауапты  іс  жүктелген.  Қазіргі   қоғам   дамуында
мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс  жүктелгенін  саналы  түрде  сезініп,  ол
еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім,  іскерліктерін
жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-
құлқының,  дүниетанымының,  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,   жалпы
олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі  тапсырылған.  Осындай  аса  жауапты
істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі  рөлін  әрқашан
да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде  мұғалім  педагогикалық  іс-
әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның  жұмысында  сәтсіздікке  ұшырататын
көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі  мүмкін.  Осы  ойға  байланысты
А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері  алтынды  бүлдіріп  алса,  оны
қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы  тас  бүлінсе,  онда  ол  жарамсыз
болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар  тастың  өзі,  жаңа  туган
адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен  қылмыс,  немесе  орны  толмас
өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын  біле
отырып жұмыс істеу қажет»- деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында.
      Кейбір мұғалімдердің  кәсіби  біліктіліктерінің  төмендігінен  баланың
балғын  балалық  шағына   дақ   түсірулері   олардың   ата-аналар   алдында,
әріптестері алдынла беделін  төмендетеді,  абыройын  түсіреді  және  олардың
жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады.  Өкінішке  орай  ондай
мұғалімдер   өздерінің   кемшіліктерін   байқамай   сәтсіздік    жағдайларда
оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен  күмәнмсн  қарайды.  Ал  оқушы
қателігі кешірілуі керек, себебі олар  әлі  өз  күштері  мен  мүмкіндіктерін
шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.
      Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы  оның  ішкі  әлеуетін  ашуға
мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың  бойында  адамгсршілік
сезімдсрді оята  алса,  ізгілік  дэнін  сеуіп,  оларды  тереңінен  сусындата
білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани  азығына  айналуы
мүмкін. Француз жазушысы
      Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру -  демек  баяу  өсіп-өну.  Мұғалім
біздің үмітімізді  және  біздің  қогамымыздың  болашагын  —  үйлесімді  жеке
тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға  әлем  мәдениетін  таныстыра  отырып,
шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен.
      Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға
сенім  арта  білу,  байқағыштық,  әділдік,   сабырлық,   шыдамдылық   сияқты
қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың  негізінде  ғана  оның  ерен
еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін.


      №4 Мінез-құлыққа әсер ету. Мінез-құлықтың өзгеруі
      Сұрақтары.  Тәрбиешінің  психологиялық,этикалық  сапалары.   Тәрбиеші-
педагог  тұлғасына  қойылатын  талаптар  жүйесі.  Тәрбиеші  іскерлігі   және
шеберлігі
      Мақсаты: Тәрбиешінің жеке тұлғасын қалыптастыру  және  оған  қойылатын
психологиялық-педагогикалық  талаптармен таныстыру
      Адамзат  тарихында  мұғалім  тұлғасына  қойылатын  талаптар  қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
      Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті
Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим  философтары  Демокрит,  Аристотель,
Сократ,  Марк  Фабий  Квинтилиан  т.б.  еңбектері  мен  идеяларында  көрініс
табады.
      Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы  ойлар
шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл  аударылған
мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім  бойында  шыншылдык,  шәкірттеріне  де,
өзіне  де  талап  қоя  алушылык,  ықыластылық,  қаталдық,   күш-жігер   және
педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын  қажет  деп  санаған.  Әл-
Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы  жайлы  былай  деп  жазады:
«...ол тым қатал да болмауга тиіс,  тым  ырыққа  да  жығыла  бермеуі  керек,
өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы  қояды,  ал  тым  ырыққа
көне беру - ұстаздық  қадірін  кетіреді.  Оның  берген  сабағы  мен  ғылымға
шәкірті селқос қарайтын болады».
      Педагогика  ғылымының  негізін   қалаушы   Я.А.Коменский   (XVII   ғ.)
мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған  еш
нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды  оқыту-тәрбиелеу  барысында  мұғалімдерден
табиғатқа  сәйкестілік  және  дидактикалық  принциптердің  орындалуын  талап
еткен.
      Педагогика   тарихында   мұғалім    тұлғасына    қойылатын    талаптар
А.Дистерверг,  К.А.Гельвеций,  К.Д.Ушинский,  П.Ф.Каптерев,   А.С.Макаренко,
Ы.Алтынсарин,  М.Жұмабаев,   В.А.Сухомлинский   сынды   белгілі   педагогтар
еңбектерінде ерекше қарастырылады  П.Ф.Каптерев  мұғалімдердің  адамгершілік
қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле  отырып,  оқыту  мен  тәрбиелеу
процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу,  тәрбиелей
отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.
      Мұғалім  тұлғасына  қойылатын  талаптардың  өсіп,  күрделеніп   отыруы
нәтижесінде педагогикалық теорияда  профессиографиялық  тұрғыдан  зерттеулер
орын ала бастады.  Осы  бағытта  арнайы  зерттеулермен  айналысқан  ғалымдар
Ф.Н.Гоноболин,  Н.В.Кузьмина,  А.И.Щербаков,   В.А.Сластенин,   Ю.С.Алферов,
Е.И.Антипова т.б. болды.
      В.А. Сластенин  мұғалім  тұлғасына  қойылатын  талаптар  жүйесін  оның
педагогикалық еңбекке кәсіби  даярлғы  ретінде  қарастырады.  Ол  даярлықтың
құрамына  мұғалімнің  психологиялық,физиологиялык,  даярлықтары  мен   қатар
ғылыми-теориялық     және     практикалық     құзіреттілігін      жатқызады.
В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың  паспорты
ретінде   оның   квалификациялық   сипагтамаларын,   яғии    қоғамдық-саяси,
әлеуметтік және  психологиялық-педагогикалық  білімдерінің  көлемдерін  және
ғылыми негізделген  өзара  қатынастарын,  сонымен  қатар  болашақ  мұғалімге
қажетті  педагогикалық,  әдістемелік  іскерліктер  мен   дағдыларды   қамтуы
қажет».  Профессиограмма  -  мұғалімнің,  оқытушының,  сынып   жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
      В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында  ол  педагогикалық
кәсіптің  жалпы  сипатын  және  жеке   мамандығына   байланысты   сипаттарын
қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
      1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бүған ол мұғалімдердің идеялық,
кэсіптік-педогогикалық, танымдық бағытгылығын жатқызады.
      2.  Мұғалімнің   психологиялық-педагогикалық   дайындығына   қойылатын
талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.
      3.  Арнайы  даярлықтың  көлемі   мен   құрамы.   Бұл   тарау   болашақ
мұғалімдердің  шеберлік  деңгейінде  еңбектенуі  үшін  қажет  болатын  жалпы
ғылыми негізде дайындық  көлемі  мен  арнайы  даярлықың  қалыптасатын  нақты
білім, білік және дағдыны біріктіреді.
      4.  Мамандық  бойынша  әдістемелік  жағынан  даярлық  мазмұны.   Бұған
мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке  пән  мұғалімдеріне
қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
      Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда
үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш  үлкен
кешенге бөліп қарастыруға болады:
      - жалпы адамзаттық қасиеттері;
      - кәсіби-педагогикалық касиетгері;
      - арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
      Белгілі педагог И.Е.Синица қоғам мен  педагогикалық  кәсіптің  мұғалім
тұлғасына қоятын жалпы  талаптарын былайша сипатгайды:
      1.Мұғалім деген биік те, абзал атқа лайық  болыңыздар.  Оқушының  жеке
адам  ретінде    калыптасу   жолында   жеке   ұстаздардан   тәлім   алатынын
ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал  қызмет  етулеріңіз,  сіздердің  еңбекке
деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық  батылдықтарыңыз  және  сіздердің
адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден  тәлім  алатындарға  мұра  боп
қалатындай болсын!
      2.Өз оқушыларыңызды сыйлаңыздар. Олардың  ар-намысын  қорғап,  дамытып
отырыңыздар. Оқушылардың бойында ар-намыстың дамуымен қоса  жаксы  касиеттер
өріс алады.  Ар-намысты  сақтаңыздар.  Ар-намысын  сақтай  білмеген  ұустаз,
оқушыларына да тәлім-тәрбие бере алмайды.
      3.   Қажеті   болмаса,   оқушыларға   өз   артықшылықтарыңызды    баса
көрсетпеңіздер. Олар сіздердің мұғалім,  тәлімгер,  үлкен,  тәжірибелі  және
өздеріне қарағанда көп құқыкқа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ  ол  туралы
жиі  ескерте  бергенді  ұнатпайды.  Сіздердің   оқушылармен   өзара   қарым-
қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймын, біракқ  ол
аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.
      4. Оқушылармен қарым-қатынаста тактикаларыңызды олардың  жасы,  рухани
өсуіне байланысты өзгертіп  отырыңыздар.  Оны  жаңа  тактикалық  тәсіл  және
әдістеріңізбен байыта түсіңіздер. Тактикаларыңыз икемді болсын,  көзге  ұрып
тұратындай кернекі болмасын. Тәрбиелеу әдістерінде  де  оқыту  әдістеріндсгі
сияқты  талап  қою  жоғары  дәрежеде  болсын.  Тым   тіке   бетке   айтудан,
ақылгөйліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кесңес, ескерту  әлде  қайда
өтімді. Ең жаксысы— айтқанды оқушылардың өз көзқарасындай қабылдағаны.
      5.  Педагогикалық  көтермелеуді  барынша  кең  пайдаланыңыздар,  бірақ
мақтауға жомарттау, жазалауға сараңырақ болыңыздар. Жазаның әсер  етерліктей
болуын бақылаңыздар. Қас-қабақтарыңызбен, көзқарастарыңызбен,  үнсіз  қимыл-
қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіздер.
      6.  Үн  қатысу,  сөйлесу   мәдениетін   игеріңіздер,   айқайдан   алыс
жүріңіздер.  Айқай  сіздің  ұстаздығыңызды  кемсітеді,  оқушыларға   тигізер
ықпалыңыздың   мүмкіншіліктерін   төмендетеді.   Айқай   күштілікті    емес,
әлсіздікті білдіреді.
      7. Пайдасы шамалы-ау деген  шешімнен  аулак  болыңыздар,  ашу  үстінде
шешім кабылдамаңыздар, өз құкықтарыңызды  ақылменқолдануға,  ал  оқушылардың
ақылға келіп  илігуіне  мүмкіндік  беретін  кейінге  қалдыра  тұру»  әдісіне
жүгініңіз.
      8. Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты, оқушылармен араласа білу  де
біртіндеп келеді. Оқушылармен қарым-қатынас жарасымдылығы  —  тиісті  білім,
іскерлік және тәжірибе  бірлігі.  Пән  айырмашылығына  қарамай  өздеріңіздің
тәжірибелі  әріптестеріңіздің  сабақтарына  барыңыздар,   олардың   оқушылар
алдында өздерін  қалай  ұстайтынын,  қай  уақытта  және  қандай  ескертпелер
жасайтынын,  тәртіп  бұзғанға  қалай  қарайтынын,  тіпті  оқушыларды   қалай
тыңдайтыны,  қалай  отырып,  қалай  тұратынын,  класта  қалай  жүретінін  де
байқаңыздар.
      9. Әрбір оқушының өзіндік келбетін, класта жақсы көрінуге, өрлеп-өсуге
тырысуын қадір  тұтыңдар.  Табыс  адамға  қанат  бітіреді,  сәтсіздік,  оның
үстіне  бірыңғай  сәтсіздік  қажытады.  Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда  ол
қаншалықты бетімен кеткен болса  да,  оқушыны  мақтауға  сылтау  іздеңіздер.
Егер окушының өзі мұндай сылтауға мүмкіндік  бермесе,  оны  өзіңіз  табыңыз.
Орынды мактау - ондаған ескертуден пайдалы.
      10. Тұтас класпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің  әр  оқушымен
жеке тіл табуыңызға  байланысты.  Оқушымен  оңаша  болуға,  мектептен  бірге
қайтуға,  көшеде,  паркте,  стадионда  бейне  ойламаған  жерден  жолыққандай
кездесуге  уақыт  табыңыздар.  Егер  сіз  әдеп  сақтасаңыз,  не  боса  соған
ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз,  онда  сіз  белгілі  бір  оқушымен,  яғни
бүкіл класпен жақындаса түсесіз.
      11. Оқушылардың ата-аналарын қуанышқа  бөлеңіздер.  Өз  оқушыларыңызды
көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата-аналарына көп  шағынсаңыздар,  олар
балаларын  қорғаштайды   немесс   окушылармен   қарым-қатынастарына   көмегі
тимейтін, қайшы шаралар қолданады. Оның  үстіне  басқа  біреудің  әрекетімен
орнаған  тәртіп  тиімсіз   болады.   Оқушылармен   өзара   қарым-қатынас   -
өздеріңіздің төл істерІңіз.
      12.   Реті   келгенде   оқушыларға   өздеріңіз   де   бар   жақсылықты
қабілеттгілігіңізді,  іскерлігіңізді  көп  білетіндігіңізді,   әдеттеріңізді
және т.б. асырмай, жасырмай көрсете біліңіздер.
      13. Өз оқушыларыңыздың сенімін ақтаңыздар. Бұл сенім оқушылармен қарым-
қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан-дүниесіне енер  жол.  Бір  оқушының
сенімін ақтамасаңыз бүкіл класс сенімінен айырылуыңыз мүмкін.
      14. Жылдан-жылға, күннен-күнге, оқушылардың бойына азаматқа тән жоғары
сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті,  оның
мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін  жұмсауға  дайындықты  сіңіре
беріңіздер.
      Қазіргі таңда заман талабына  қарай  мұғалімдік  қызметтегі  адамдарға
талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім  туралы»  заңында
(2007  ж.)  педагогтардың  негізгі  құқықтары  мен  міндеттері   анықталған.
Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог  қызметкердің  мәртебесі
анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен  тәрбие
бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
      50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
      1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру  бағдарламаларын  іске
асыратын басқа да ұйымдарда білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  оқытуға
және  тәрбиелеуге  байланысты  білім  беру  қызметімен  айналысатын  адамдар
педагог қызметкерлерге жатады.
      Мемлекеттік білім беру  ұйымдарының  педагог  қызметкерлері  азаматтық
қызметшілер болып табылады.
      2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін  таниды
және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
      51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
      1.  ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык  немесе  кэсіптік
білімі   бар   адамдар   педагогтық   қызметаен   айналысуға жіберіледі.
      2. Педагог қызметкердің:
      1)  кәсіби  қызметіне  арналған  жағдаймен  қамтамасыз  етіле  отырып,
педагогтік қызметпен айналысуға;
      2) ғылыми-зерттеу,  тәжірибелік-эксперименттік   жұмыспен  айналысуға,
педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
      3) жеке педаготтік қызметке;
      4)  тиісті  білім  беру  деңгейіндегі  мемлекеттік  жалпыға   міндетті
стандарт  талаптары  сақталған  кезде  педагогтік  қызметті   ұйымдастырудың
әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
      5)  білім  беру  ұйымдарын  басқарудың  алқалы  органдарының  жұмысына
қатысуға;
      6) ұзақтығы төрт  айдан  аспайтын,  бес  жылда  кем  дегенде  бір  рет
біліктілігін арттыруға;
      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
      8)  педагоггік  кызметгегі  табыстары  үшін  мемлекеттік   наградалар,
құрметті атақтар, сыйлықтар  мен  атаулы  стипендиялар  түріндегі  моральдық
жэне материалдық көтермеленуге;
      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
      10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
      11) ғылыми қызметпен айналысу үшін  педагогтік  стаж  сақтала  отырып,
шығармашылық демалыс алуға;
      12)  білім  беру  ұйымы  әкімшілігінің   бұйрықтары   мен   өкімдеріне
шағымдануға құқыгы бар.
      3. Педагог қызметкер:
      1)  өзінің  кәсіптік  құзыреті   саласында   тиісті   теориялық   жэне
пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге;
      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
      3)  білім  алушыларды  жоғары  имандылық,  ата-аналарына,   этномәдени
құндылықтарға  құрмет  көрсету  рухында,  қоршаған  дүниеге  ұқыпты  қарауға
тәрбиелеуге;
      4) білім алушылардың өмірлік  дағдыларын,  біліктіліктерін,  өздігінен
жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға;
      5) өзінің кәсіптік шеберлігін,  зияткерлік,  шығармашылық  жэне  жалпы
ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
      6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
      7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
      8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата-аналарының абыройы
мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті.
      Міндеттері  мен  педагогтік  әдеп  нормаларын  бұзғаны  үшін   педагог
қызметкер  Қазақстан  Республикасының   зандарында   және   еңбек   шартында
көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман  мұғалімдеріне
қойылатын  жалпы  талаптарға  кәсіби  кұзіреттілік,  бәсекеге  қабілеттілік,
әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде  дамытуды
жатқызуга болады.


      №5 Ішкі ықпалдың ерекшеліктері. Құрылымға мінез-құлық арқылы әсер ету
      Сұрақтары.   Тәрбиеші-педагог   тұлғасының   моделі.   Педагогқа   тән
қасиеттер:
 - сөйлеу мәдениеті, сөз қоры;
 - шығармашылық, жаңашылдық;
 - педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.
      Мақсаты:   Студенттерді   тәрбиеші-   педагогтың   сөйлеу    мәдениеті
әдениетімен, және тәрбиешіге тән қасиеттермен таныстыру.
      Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай  болатын  себебі  мұғалімнің
еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол  жас  ұрпақтың  болашак  тағдыры
үшін өзің жауапты сезінеді, оның  тәртібі,  білімі,  қоғамнан  алатын  орны,
адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі  үшін  күресеті,  оның  жүрегіне  жол
тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан  тәнімен  еңбек  етуге  күш-
тарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы  білімге
ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім.
      Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінсе
де, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты  білім  береді,  олардың  көзқарасын
қалыптастырады, дүние  танымын  дамытады,  өмірге,  еңбекке,  қоғамға  деген
қатынасын тәрбиелейді.
      Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
 - қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
 - жан-жақты білімдаралық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;
 - педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, физиология,  анатомия,
   мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;
 - оқытатын  пәнін,  соған  байланысты  ғылымдарды,  олардың  жетістіктерін,
   ағымын жақсы білу;
 - оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;
 - жұмысына шығармашылық көзқарас;
 - баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім;
 - педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу білу;
 - педагогтік әдептілікті меңгеру;
 - балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік.
      Мұғалім  мамандығын  өзіндік  ерекшелігі  үнемі  оқуда,  творчестволық
ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін қабілетін  зерттеуге  ат  салысуда
болып табылады.
      Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім  балаларға  өзінің  сезімін
ашық білдіруінде, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді.
      Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік  ол –  творчество,  шығармашылық
еңбек  ететін  маман  болуы  керек.  Творчествосыз  адамның  өзінің   күшін,
қабілетін,  бейімділігін  білу  көкейге  қонбайтын  нәрсе:  онсыз   өзін-өзі
құрметтеушілікті бекіту  ұжымның  моральдық  ықпалына  жеке  адамның  сергек
көзқараспен қарауы мүмкін емес.
      Мұғалім мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық.  Өткені  мұғалім
әр адамның бойына білімнің  жарық  сәулесін  құяды,  өмірді,  өзін  қоршаған
ортаны білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін  оятып,
білуге деген кұштарлығын ұштайды.
      Мұғалім қызметінің табысты  болуы,  оның  оқу  және  тәрбие  жұмысының
мақсаттары мен міндеттерін жете  түсінуіне  байланысты.  Мұғалім  оқушыларға
саналы тәрбие, жан-жақты білім береді,  олардың  көзқарасын  қалыптастырады,
дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі  мен  ынтасын
тәрбиелейді.
      Педагогика-психологиялық   зерттеу   мәліметтеріне   қарағанда   (Ф.Н.
Гоноболин,
      Н.В. Кузьмина,  В.А.  Сластенин,  А.И.  Щербаков  т.б.)  педагогикалық
қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.
      1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға  оқу  материалын  жеткізу
қабілеті, оқушының  білім  дәрежесін,  іскерлігін,  дағдысын  дұрыс  анықтай
білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
      2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына  сәйкестігі.
Ондай мұғалім өз пәнін  ғылым  дамуына  сай  біледі,  өз  бетімен  қарапайым
зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
      3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани  білу.  Қабілетті
мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды.
      4. Сөйлеу немесе экспрессивті қабілеті –  тіл  арқылы  өз  ойын,  ішкі
сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім  үшін  өте  маңызды
қабілет ерекшелігі.
      5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты  тыңдауға,  білімді  қабылдауға
оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу  мен
тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт  беріп,  рухтандыру
ісіне  басшылық  беру,  ата-аналармен  жұмыс  істей   білу,   сынып   ұжымын
оқушыларға педагогикалық  ықпалды  құралға  айналдыру,  мұғалім  өз  жұмысын
ұйывмдастыра білу.
      6. Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс  қарым-қатынас
жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.
      7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің  тиімді
жолдарын іздестіру,  оқу  және  тәрбие  жұмысының  түрлері  мен  әдістерінің
мазмұнын  анықтау,  өз  ісіне  саналық,  жауапкершілікпен  ойлылықпен  қарап
педагогикалық тапқырлық таныту.
      8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз  мамандығына  қатынасы  жоқ  спорт,
оймен  келетін  –   шахмат,   көркем   өнер,   бейнелеу   өнер   туындыларын
білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы  арқылы  өз  дегеніне
жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.


      №3 модуль. Іс-әрекеттің әртүрлі сферасында тұлғаға әсер етуі
      №6 Сендіру арқылы құрылымды өзгерту
      Сұрақтары. Педагогтың  кәсіби  қызметінің  ерекшеліктері.  Тәрбиешінің
педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.
      Мақсаты:  Студенттерде  тәрбиеші   педагогтың   қарым-қатынас   стилін
қалыптастыру.
      Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық  істе  де  таланттар  сирек
кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да  болады.  Алайда  ол  өз
ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
      Педагогикалық  шеберлікті  қалыптастырудың  бірнеше  жолдары  бар.  Ең
алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің  әр  саласынан  хабары  бар,  әр
түрлі жағдайда жол тауып  шыға  алатын,  мектеп  өміріне  байланысты  барлық
мәселені түсініп шеше алатын,  әр  түрлі  сұраққа  жауап  бере  алатын  адам
болуға тиіс.
      Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы  педагогтік
шеберлікті меңгеруге көбіне көп  нәрсе  әсер  етеді.  Бейімділік  балалармен
жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
      Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы  нәрсе  –  балаларға
деген  сүйіспеншілікті,  балалармен  бірге  және  балалар  үшін  еңбектенуге
ұмтылу.
      Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең  басты  құралдардың  бірі.  Егер
мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен  шындыққа  сүйеніп
дәлелдей   білсе,   оқушы   оның   мәдениеттілігін,   қамқорлығын,   сөзінің
әсерлілігін бірден сезе бастайды.
      Тәрбие беру ісіндегі  аса  маңызды  жайттардың  бірі  –  педагогикалық
такты.  Педагогикалық  такты  деп  мұғалім  бойындағы  мақсатқа  сай  жоғары
адамгершілік  сезімді  айтады.  Мұғалім   оқушыларға   педагогикалық   ықпал
жасайды.
      Сонымен, мұғалім  –  шынайы  адамгершіліктің  үлгісі.  Ол  өзінің  ана
тілінің әдеби және ғылыми сөз  байлығын  жете  меңгерген,  өз  ұлтының,  әрі
дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан  сіңірген  зиялы  адам  болуы
керек.
      Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында  –  тәрбиенің  жеке
басы болып  табылады.  Қазіргі  білім  технологиясында  жеке  тұлға  ретінде
мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық,  рухани  мәні,
ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
 - адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
 - өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
 - іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер  қызметінің  жүйесі,  мінез-
   құлық әрекетінің жиынтығы;
 - айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
 - қажеттілік жүйесі;
 - шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
 - сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).
      Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық  сапасының  үш
деңгейін көрсетеді:
      1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.
      2.  Өз  ісіне  сенімді  болу,  қиындықты  жеңудің  әдістемелік  тиімді
жолдарын іздестіре білуі керек.
      3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын
болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.
      Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен  қушының  арасындағы  дұрыс
қарым-қатынастың болуына ерекше  көңіл  бөледі.  “мұғалім  балалармен  істес
болады:  егер  олар  бір  нәрсені  түсінбесе,   онда   мұғалім   шәкірттерді
кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін  өзін-өзі  кіналауы  тиіс.
Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.
      Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау  көбіне  мұғалімге  тікелей
байланысты.  Сондықтан,  ұстаз  ізденіс  үстінде,  оқытудың  жаңа   жолдарын
еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-
қатынас  түрлері  ерекше  орын  алады,  олар  коммуникативтік,   либералдық,
демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.
      Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне  ену,
еркін сөйлесе білуге жол табу.
      Либералдық  стилінде  мұғаліммен   оқушылар   істері   мен   қылықтары
ойластырылмаған,    санасыз    іс-әрекеттерге    душар     болады,     пікір
бостандықтарының  мөлшерсіздігі  сондай,  оқушылар  дөрекі  мінез  көрсетуге
дейін барады.
      Демократиялық стилінде  оқушылар  өз  пікірлерін  ашық  айтуға,  ынта-
жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға  және  қоғамдық  жұмыстарға
белсене  қатынасын  тиянақты  орындайды.  Мұғаліммен  де,  басқа  да   үлкен
адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.
      Шабыттандырушы  стиль  көбіне  интуитивтік   мұғалімдерге   тән.   Бұл
стильдегі  сабақ  беретін  мұғалімдер  оқушылардың   әлеуметтік   күш-қуатын
пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік  қабілетін  ашуға  тырысады.
Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.
      Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен
ерекшеленеді.


      №7 Әсер етуге бағыну және қарсы шығу
      Сұрақтары. Отбасы тәрбиесіне сипаттама. Жаңұя  тәрбиесінің  міндеттері
мен ерекшеліктері
      Мақсаты: Тәрбиеші және отбасы түсінігін қалыптастыру. Отбасы  тәрбиесі
және ерекшеліктерімен таныстыру.
      Отбасы бұл  адамдардың  әлеуметтік-педагогикалық  тәрбие  тобы,  әрбір
мүшенің  өзін-өзі  сақтау,   ұрпақты   жалғастыру   және   өзін-өзі   сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті  қалыптасады.
Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
      Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың  күшімен  нақты
отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
      Отбасының негізгі міндеттері:
 - баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
 - балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
 - өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;
 - баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
      Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
 - өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;
 - балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;
 - балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;
 - талап қоюда жүйелік жасау;
 - өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын
   болу.
      Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі  қызмет
атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген  сәбиді
тәндік  жағынан  дамытуды  қамтамасыз  етіп,  өмір   бойы   рухани   жағынан
жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
      Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол
қоғам мүддесіне қызмет  етуі  тиіс.  Отбасы  ең  алғашқы  тұлғаны  дамытатан
әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін  көптеген
жағдайлар болады.
      Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін  жағдайдың  бірі  –
отбасы  ішілік  және  отбасынан  тысқары  атқарылатын   еңбек.   Отбасындағы
күнделікті тұрмыс  қажеттігін  қамтамасыз  етуден  туындайтын  еңбек  баланы
әлеуметтік  қатынасқа  түсіріп,  оны  ересек  өмірге   тәрбиелейді.   Сондай
еңбектің  барысында  баланың  жауапкершілігі  артып,  еңбек  ету  қажеттігін
түсінетін болады.
      Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар  мына  төмендегі  жайларды
ескеруі тиіс:
 - еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;
 - еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;
 - еңбек етуге құрал-жабдықтарды  дайындап,  жұмыс  жасауға  қолайлы  жағдай
   туғызу;
 - шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру,  көмектесу,  басшылық
   жасау;
 - еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;
 - еңбек әрекетінің  әдіс-тәсілдерін  меңгеру,  балаларға  үйретудің  тиімді
   жолдарын қарастыру;
 - еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;
 - баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе
   пайдаға жаратуға бағыт беру;
 - еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;
 - күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып  баланы  еңбекке
   тәрбиелеу.
      Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы  жинаған  асыл-мұрасы,
үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие  жарық  жұлдыздай
жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына  арнаған,  асыл  жүректе
сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір  халықтың  өзіне  тән  эталондық
адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие  -  әрбір  баланың  жүрегінің
кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен  түсіндіру,  үлгі  көрсету,  жамандықтан
тиым салу, иландыру, кейде қорқыту.
      Қорыта келгенде тәрбие  отбасынан  бастау  алады.  Халық  тіршілігінде
өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге  ана  сүтінен
дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың  негізгі  мақсаты  –  болашақ  ұрпақты
адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына  сіңірген,
өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу


      №8 Іс-әрекеттің әртүрлі сферасында тұлғаға әсер  ету:  дұрыс  шешімнің
құқықтық жүйесі
      Сұрақтары. Отбасы және балабақша.Отбасының балаға  әсері. Балабақшаның
бала тәрбиесі
      Мақсаты: Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  байланысты  орнату.  Ата-
аналармен бірлесе  отырып,баланың  тұлғасын  дамытуға  бірыңғай  білім  беру
кеңістігін қалыптастыру
      Отбасымен бірігіп балардың  өмірін  қорғау,  денсаулығын  сақтау  үшін
қолайлы жағдайжасау.
      Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы  үшін  отбасымен  бірге  эмоционалды
жағдай туғызу, психологиялық жағынан  кедергісіз  жетілуін  қамтамасыз  ету.
Отбасының  тәрбиесін,  әдептерін,  дәстүрлерді   сақтауын   ескере   отырып,
балаларды әлеуметтік ортаға  қарым-қатынас  мәдениетімен  таныстыруға  ықпал
жасау.
      Қай заманда болмасын адамзат  баласының  алдында  тұратын  ұлы  мақсат
мұраттарының  ең  бастысы  -  өзінің   өмірін,   тәжірибесін   жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ  тәрбиесі  келешегін  берік
ететін  басты  фактор  болып  саналады.  Адамзат   қоғамы   даму   тарихында
қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын  дамыту  саласындағы
маңызы мен  тәрбиелік  мүмкіндіктері  жайлы  Я.А.Коменский,  К.Д.  Ушинский,
В.Г.Белинский,         Н.К.Крупская,         А.С.Макаренко,         Н.Н.Хан,
В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов,     Ы.Алтынсарин,     А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов
М.Ә.Құдайқұлов,     А.А.Бейсенбаева,     Қ.К.Жампейісова,     Г.Т.Хайруллин,
В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
      Сондай-ақ   халықтың   қалыптасқан   тәрбие   тәжірибесін   оқу-тәрбие
үдерісінде  пайдалану  туралы   Г.Н.Волков,   Я.И.Ханбиков,   М.Сейфуллаева,
А.Ш.Гашимов,   Т.Г.Тимошина,   С.Қ.Қалиев,   М.Х.Балтабаев,   Қ.Б.Жарықбаев,
Ә.Табылдиев,      С.А.Ұзақбаева,       К.К.Қожахметова,       Ж.Ж.Наурызбай,
Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
      Қоғамымыздың  іргетасын  нығайту  үшін  бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлгілі,
өнегелі  тәрбие  беру  –  қазіргі  білім  беру  және   тәрбиелеудегі   басты
міндеттердің бірі.
      Қазіргі заманда жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру
әлеуметтік құрылымның ең маңызды  міндеттерінің  біріне  айналды.  Қазақстан
Республикасының  2015  жылға   дейінгі   білімді   дамыту   тұжырымдамасында
«Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.  Ол  баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
      Баланы тәрбиелеу, дамыту және  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз  байланыста  болуы.  Бала  тәрбиесі
ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.  Тәрбиенің  ең
алғашқы негізі отбасында қаланып,  балабақшамен  байланыс  арқылы  одан  әрі
жалғасады. «Жаста білген,басқа сіңген  тәлімің,өзің  өлмей  сүйегіңнен  қала
алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына  орныққан,  ана
сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ  шамшырағына
айналып,рухани байлығын кеңейтеді. Оны  туған  жерге,  елге,  халқына  деген
сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу –  аса  жауапты  міндеттердің  бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей  бала  тәрбиелеуде  осындай  міндеттерді
іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Осы  екі  арнада  жүргізілген  тәлім
тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижеліболмақ.
      Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың  бірі  –  айналаны  тану,
сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя  білуге
баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын  алып
әсерлене   білуге   үйрету.   Білімге,   білуге,   құштарлыққа,   әсемдікке,
талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы  болашақ  білім  ордасы  –  мектепке
дайындау.
      Педагог  ғалымдардың   тұжырымдарына   сүйенсек   тұлғаның   қалыптасу
нәтижелілігі ең  алдымен  отбасындағы  өнегеге  байланысты  екенін  білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын  тану  дегеніміз  –  отбасы  мен  мектеп
жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым –  қатынасын  талап  етеді.  Бұл  қарым-
қатынастың жаңашылдығы  «ынтымақтастық»  және  «өзара  қарым-қатынас»  деген
түсініктермен анықталады. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен
оқытудың мемлекеттік стандартында:  ата-аналарды  мектепке  дейінгі  ұйымдар
мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске  тарту  мақсатында  мектепке
дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету  қажеттілігін
ұсынады.
      Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара  қарым-қатынас  барлық
нысандары мен түрлерінің негізгі  мақсаты  балалар,  ата-аналар,  педагогтар
арасында  сенімділік  қатынасты  орнату,  оларды  бір  командаға  біріктіру,
өздерінің  проблемаларымен   бөлісу   және   бірлесіп   шешу   қажеттілігіне
тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың  өзара
сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
      - педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
      - іс-әрекеттің түрлі формалары  (ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне
қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
      - балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
      - қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
      - әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
      І.Педагогикалық-психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.
      Ата-аналарды педагогикалық  үдеріске  тарту  арқылы  бала  тәрбиесінің
мақсат, міндеттерінің түсінуіне,  бала  тәрбиесін  ойдағыдай  іске  асыруына
ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар  кідіріс  те
болдырмау керектігін түсінеді.  Ата-аналардың  педагогикалық  мүмкіндіктерін
анықтайтын жағдайлардың кешені өз  деңгейінде  болу  қажет.  Олар  отбасының
тұрмыстық жағдайы, құрылысы  және  отбасы  мүшелерінің  саны,  психологиялық
жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
      Ата-аналарға  педагогикалық   сауаттылықтарын   жетілдіру   мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткіздім. «Бала тілі - бал» тақырыбында  арнайы  топ
газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан  шыққан  тәтті
сөздерін жазып іліп қойдық. «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс  дәптеріне
ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысты. «Балам өсіп  келеді...»
тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікірсайыста талқыладық
      ІІ. Іс-әрекеттің түрлі формалары
      Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың  маңызды
нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес  ортадағы  қылығын,  оның
басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-
қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы  басқалардан  артта  қалған  жоқ
па,  балабақшада  ол  үйдегідей   емес,   өзін   басқаша   ұстауын   еріксіз
салыстырады. Бәрін мен дұрыс  істеймін  бе,  неге  менде  тәрбиелеудің  өзге
нәтижесі қалыптасқан,  неге  үйрену  керек  деген  рефлекстік  қызмет  «іске
қосылады».
      Жыл бойы жүргізілетін  жұмыс  жоспарын  ата-аналармен  бірлесе  отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен  қатар
ата-аналардың  ұсыныс  –тілектерімен  санаса  отырып  ата-аналарға  арналған
әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар,  ата-аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен
таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
      Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше  қызықты  етіп
өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Шебер  қолдар»  үйірмесі  жұмыс
жасайды. Балаларды қол  өнердің  кейбір  түрлеріне,  кесте  тігуге  үйретсе,
кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға,  киімдер  тігу,
атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
      Мерекелер, балаларды қорғау күні  қарсаңында  «Сүйікті  ойыншықтарым»,
«Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп  ата-аналарымыз  өз  қалаулары
бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етті.
      ІІІ. Балалардың шығармашылық  қиялы  мен  қабілеттерін  дұрыс  бағытта
дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара  ерекшеліктерін  ескере
отырып қалыптастыру  қажет.  Балаларға  арналған  көркем  шығармалар  баланы
шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра  отырып,  оны  көркемдеп  баяндап
баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі  балалар
бейнелеу өнерімен жалпы  топтық  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінен  тыс
уақыттарда шұғылдана алады.  Барлық  білім  салалары  бойынша  іске  асыруға
болады.
      Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы,  есте
сақтау  қабілеттері  түрлі  логикалық,  сенсорлық  ойындар  арқылы   баланың
шығармашылық   қабілеті   дамып,   ақыл-ой   белсенділігі    арта    түседі.
Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске  түсіріп  сөйлеу  шығармашылығын
дамыта  отырып,  театрлық  көрсетулер  ұйымдастыруға  болады.  Ата-аналармен
жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме  жасап  қоямыз.  Ата-
аналармен  біріге  отырып  қуыршақ   театрлары   мен   ертегілерді   бірігіп
сахналаймыз.  «Тыңда   балам,   ертегі»   айдарымен   ұсынылатын   әжелердің
ертегілерін тыңдаймыз.
      Ата-аналармен, балалардың  шығармашылықтарын  шыңдай  түсу  мақсатында
«Жарасымды отбасы» сайысын өткіздім. Онда отбасылар  өз  өнерлерін  көрсету,
қол  өнер   шеберліктерін,   тест   тапсырмаларын   орындау   сияқты   сайыс
кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды.
      IV. Қалыптасу мен дамыту  мәселелері  бойынша  тәжірибе  алмасу.  Ата-
аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік  күні.  Мектеп
жасына дейінгі мекемемен,  оның  дәстүрлерімен,  ережелерімен,  тәрбиелеу  -
оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға,  олармен  қызықтыра  білуге
және  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Ата-аналармен  топтарға  саяхат   жасау,
балабақша жұмысынан үзінді  көрсету  (ұжымдық  жұмыстар,  серуендеуге  жинау
т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі,  олардың  алған  әсерлерін
анықтайды,  туындаған  сұрақтарға  жауап  береді.  Әңгімелерді  жеке   дара,
ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да,  нақты  міндет:  нені  анықтау
қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың  пікірлерін
де тыңдаймыз.
      Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты  –  отбасылық
тәрбиелеудің   тәжірибесімен   бөлісу.   Ата-аналар   алдын-ала    мәлімдеме
дайындайды, немесе  оларды  бірлесіп  те  дайындаймыз.Конференцияның  өзекті
тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты  конференцияға  аудандық
аурухананың  балалар  дәрігері  О.Жұмашевтың  қатысуымен  балабақша   ішілік
конференция  өткіздік.  Бұған  барлық  ата-аналар,  тәрбиешілер,   балабақша
қызметкерлері   қатысты.   Сондай-ақ   мұндай    конференцияларға    балалар
әдебиетінің  жазушыларын,   заңгерді   қатысуымен   өткізіп,   ата-аналармен
пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне  тигізер  пайдасы  туралы
тәжірибелерімен бөлісе алады.
      Конференцияны    мектеп    жасына    дейінгі    мекеме    балаларының,
қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
      V. Әлеуметтік  дамытушы  орта  қалыптастыруға  көмек  көрсету.  Мектеп
жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен  мектеп  жасына
дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара  іс-әрекеті  бірлігінің  педагогикалық
принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға  болады.Тәрбиешілердің,  қоғамдық
ұйымдардың және отбасының ұрпақты  тәрбиелеуде  бірлесіп  қоян-қолтық  жұмыс
істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса  және  бір-біріне
қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
      Дамытушы ортаға
      •Демалыс аймағы;
      • Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
      • Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
      • Ойын аймағы.
      1. Балалардың педагогикалық-психологиялық даму картасы
      Балалардың негізгі құзыреттіліктерінің  қалыптасуындағы  жетістіктерін
бағалау индикаторлары. Тәрбие мен білім берудегі дамытушы  ортаның  деңгейін
анықтаушы индикатор жасаймын
      2. Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару сауалнама,  тест,
интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын
      3.  Тренинг  жұмыстарын  ұйымдастыру   «Бала   тәрбиесіндегі   ата-ана
жауапкершілігі»
      4.Топтық, жеке кеңес беру
      Кеңестер.  Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе
ата-аналар  топтарымен  жүргізіледі.  Топтық  кеңестерге  бірдей  проблемалы
немесе  тәрбиелеуде  бірдей  табыстары  бар  әр  түрлі  топтың  ата-аналарын
шақырамыз.   Ата-аналардың   белгілі   білімдерді,    әдістерді    меңгеруі,
проблемалық мәселелерді  шешуге  көмек  көрсету  кеңестердің  басты  мақсаты
болып табылады. Кейбір жас ата-аналарға  семинар  -  практикумдардың  маңызы
зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты  қалай
оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді  көруге,  оқығаны  туралы
әңгімелеуге,   жазуға   қолын   жаттықтыруға   мүмкіндік   береді.    Топтық
жиналыстарды  талқылауға  2-3  мәселені   ұсынады   бір   сұрақты   тәрбиеші
дайындайды, басқа мәселелер бойынша  ата-аналар  немесе  мамандардың  біреуі
дайындайды. «Балалардың кітапқа  деген  қызығушылығын  қалай  ояту  керек?»,
«Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.
      Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ
жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін  ықпалы  да  нәтижелі
болмақ. Біздің  мақсатымыз  ХХІ  ғасыр  талабына  сай  жаңашыл,  шығармашыл,
мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.


      №9   Тұлғаның   психикалық   денсаулығының    әлеуметтік-психологиялық
негіздері
      Сұрақтары. Тәрбиеші және бала Тәрбиешінің  балаға  әсері
      Мақсаты: Балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық  процестерін
ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
      Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп  келе  жатқан  өрімдей  ұл  —
қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге  құштар  болып  өсуі  —  ең
жоғарғы тілек, ең биік мақсат.  Оның  қуат  алатын  қайнар  бастауы  отбасы.
Отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің   күшімен
салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана  тәрбиесінің  орнын  ешнәрсе  алмастыра
алмайды. Отбасы — өмірге сәби әкеліп,  оны  тәрбиелеп,  қалыптастыруда  және
ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
      Отбасының балаға тәрбие  берушілік  қызметтінің  мақсаты  —  балаланың
жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып,  жарасымды
жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін  отбасындағы  тәрбие
төмендегі міндеттерді шешеді.
      - Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына  қамқорлық  жасау,  тазалықты
қалыптастыру.
      -  еңбексүйгіштікке  баулу,  тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке
құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.
      - Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
      - Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл  міндеттер  жүзеге  асу
үшін бала  дүниеге  келген  күннен  бастап  отбасында,  қоғамдық  орындарда,
мектепте тәлім-тәрбие беріледі.
      «Баланы жастан », «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген  даналық
сөздердің мағынасы өте  терең.  Себебі,  есейіп  кеткен  соң  баланың  теріс
мінезін,  қалыптасқан  қате  көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде
«Балаңыздың тәрбиесін бастамас  бұрын,  өзіңіздің  мінез-құлқыңызды,  өмірге
көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ?» деген сауал туады.
      Ұлы  педагог  А.С.  Макаренко:  «Балалардың  алдында  беделді   болуды
қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге  беріп,  өсіріп  келе
жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік  жасап  тәрбиелейтін  ата-
ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы?  Мұндай  жолмен  келген  адал
баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
      Отбасы — барлығының басы, жан-жақты даумуының  негізі  болатын  тәрбие
институты.  Отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  қарым-қатынас   нәтижесінде,
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің  алғашқы  үлгілері  қалыптасады.
Ал әке мен шеше — баланың алғашқы тәрбиешілері.
      Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
      Бала бақыты — білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп  адам  құралы  сай
ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А. Байтұрсынов.
      Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге   байланысты
ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі  жауапкершілігі  арта  түсуде.
Балаларды оқыту  мен  тәрбиелеуде  отбасының  басым  ролін  мойындай  отырып
бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен  қарым-қатынас  жасауда
түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып,  ата-ананың
қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасаса,  ата-ананың  балабақшаға,
тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
      Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
      * Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
      * Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер
ететінін атап өту;
      * Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде  бірізділік  қағидасын  басшылыққа
алу;
      Ал міндеттері:
      * Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
      * Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық
пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
      Қазіргі  уақытта  жұртшылықтың  балаларды  тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе
түсіп,   тәрбие   жұмысы   еңбек   ұжымының   күнделікті   ісіне    айналуда
тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және  көпшілікпен  бірігіп  жұмыс
істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата-
аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
      Отбасы    тәрбиесіндегі    кездесетін    сәтсіздіктер    ата-аналардың
пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын  жүргізуге  қажетті
тәржірибенің жоқтығынан болады.  Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс  жолын  табу
үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
      Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
      Ол үшін біз  ата-аналармен  жақынырақ  танысып,  отбасының  әлеуметтік
жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі  ролін  анықтау  үшін,  ата-
аналардың  ұсыныс  —  пікірлерін,  ойын  бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,
анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге  жыл  бойғы  жүргізілетін
жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата-
аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы  тәрбиесіне  байланысты
тақырыптарды  өздері  ұсына  алады.  Сонымен  қатар  ата-аналардың   ұсыныс-
пікірлермен санаса отырып ата-аналарға  арналған  әңгімелер  мен  лекциялар,
консультациялар,  сұрақ-жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын  алмасу   жөніндегі
конференциялар, ата-аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс-
тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов «Қай істің болсын өнуіне  үш  түрлі  шарт
бар. Ең алдымен әуелі ниет керек,  одан  соң  күш  керек,  одан  соң  тәртіп
керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.
      Отбасы мен балабақша арасындағы  байланысты  күшейтіп,  бағытты  жұмыс
жүргізу,  ұйымдастырылатын  мерекелік  іс-шараларға,  ата-аналар  және   топ
жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
      * Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
      * Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
      * Ұнайды;
      * Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
      * Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
      * Ата-аналар және басқа да  ересектер  мектепке  оқыту  философиясымен
және оқу жоспарларымен танысады;
      * Ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге,  оқытуға
қатысы бар екендігін сезінеді,
      Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында
төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек;
    ▪ Бір – біріне көңіл бөлу
    ▪ Тыңдау
    ▪ Сыйлау
    ▪ Көзбе – көз қарау
    ▪ Тиімді орынды таңдау
    ▪ әзілді сезіну
    ▪ ұрыс – керістен сақтану сияқты
      Сонымен   қатар   ата-аналарға   тәрбиеші    сөзі    әсерлі,    отбасы
қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
    ▪ Сиқырлы сөздер айту;
    ▪ Баласының жетістігін айту
    ▪ Сенімді болу
    ▪ Көңіл-күйіне қарау
    ▪ Намысына тимеу
    ▪ Материал арқылы сөйлесу (анкета, тест, т.б)
    ▪ Қарапайымдылық
    ▪ Пікірін сыйлау
      Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары
      * Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана  болғысы
келеді;
      * Барлық отбасы  көмекті  қажет  етеді,  көмек  түрі  отбасының  нақты
қажеттіліктеріне байланысты болады;
      * Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру  барысында  ата-ананы,  яғни  отбасын
тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
      * Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз  ролін
жүзеге асыруға ықпал етеді;
      * Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі  жеткенде  ғана,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;
      * Тәрбиеші мен баланың  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру  жолдарын
түсіндіреді;
      * Ата-анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру;
      «Таным» ата-аналар мектебінің жұмысымен танысу
      « Таным» ата-аналар мектебі
      Ата-аналар клубы
      «Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты  жағдайларды
шешуге арналады»
      Тақырыптық кеңес:
      «ата-аналарды   психологиялық-педагогикалық   білім   және    тәжірибе
жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »
      Педагогикалық семинар
      «Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға  тәрбиешілер
де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет»
      Шығармашылық кештер
      «Балабақшаішілік және топішілік болып, озық  қабілетті,  танымал  ата-
аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»
      Топқа ата-аналарды тартудың қажеттілігі
      *  Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
      * балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
      * балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
      * тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту
мүмкіндігі туады
      * ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы
бар екендігін сезінеді
      * ата – аналар балабақшадағы оқыту — тәрбие жоспарларымен танысады
      Ата-анамен жүргізілетін жұмыс
      Жұмыс түрлері :
    ▪ топішілік ата-аналар жиналысы
    ▪ балабақшаішілік ата-аналар жиналысы
    ▪ ата-аналармен жеке кездесу
    ▪ ата-аналар үшін ашық есік күн
    ▪ мерекелік кештерге шақыру
    ▪ ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру
    ▪ отбасылық жарыстарға қатыстыру
      Негізгі міндеттері:
      * тәрбиешінің топ ата-аналармен құрамын зерттеуі
      * ата-аналармен тұрақты байланыс орнату
      * ата-аналар ұжымын құру
      * ата-аналардың педагогикалық  білім  дәрежесі  мен  мәдениетін  үнемі
арттырып отыру
      * үштік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру
      Атқаратын қызметі:
      *   ата-аналарды   топтағы   оқу-тәрбие   процесінің   мазмұны    және
әдістемесімен таныстыру
      * ата-аналармен педагогикалық  және  психологиялық  ағарту  жұмыстарын
ұйымдастыру
      * отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық
кеңес беру
      * ата-аналар белсенділерімен жұмыс  жүргізу  және  әр  түрлі  қоғамдық
ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру
      Ата-аналарға арналған жұмыстар
      Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі »
      Мақсаты:  ата-аналарды  балаларға  жауапкершілікпен,  ұқыпты   қарауға
шақыру.
      Міндеттері:  1.  Балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудегі   ата-ананың
жауапкершілігі
      2. балабақшада ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы ролі
      3. алдағы уақытта  тәрбиеленушілерді  тәрбиелеуде  тәрбиеші  мен  ата-
ананың бірігіп жұмыс жасауы.
      Әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету керекті құралдар:  компьютер,
қағаздар, қаламдар
      Барысы: «Ұстаз — бағбан, бала  —  гүл»  деген  қағида  әр  тәрбиешінің
ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата –  ана  мен  ұстаз  бірігіп  пайдалансақ
балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің  әйтеуір
өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана  мен  ұстазға
да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.
      Бағбан өзінің өсірген  гүлінің  санымен  емес,  сапасымен  мақтанатыны
сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс
      - соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?
      - Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме? 
      1 . «Мен күнмін» ойыны
      Мені балам не  үшін  сыйлау  керек?  Осы  сұрақ  төңірегінде  екі  топ
мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады.  Содан  кейін  әр  топтан  бір
мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері
      - адамгершілік
      - имандылық
      - тәртіпті
      - жақсы  қасиет
      - өтірік  айтпайтын
      - еңбексүйгіш
      - қайырымды
      - қарапайым
      - адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б
      ІІ. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады
      Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:
      - менің жанұям  менің  бақытым
      - мен папммен, мамаммен бақыттымын
      - мен мамамды өте жақсы көремін
      - мен, ше папамды
      - мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын
      «Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау
      ІІІ біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.
      Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді.  Сол  кезеңдердегі
балаларымыздын ойы:
      - мен олардың ұрысқанын қаламаймын,
      - алысқа кеткенін жақсы көремін
      - маған папам көп ұрсады
      - менің істеген ісімді дұрыс емес дейді
      ІҮ. Не себепті көңілі толмайды?
      Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала  да  ынта  ықыласқа  шөлдейді.
Өйткені ата -ананың балаға бар жағдайды  жасаудан  басқа,  мейірімі,  жылуы,
қамқорлығы қажет.
      Ү. Жауапкершілік дегеніміз не?
      Баланың  азамат   болып   қалыптасуына   мұғалім   мен   ата   –   ана
жауапкершілігі.
      Ата – аналар ойы:  Жауапкершілік  дегенімі  өзінің  іс-әрекеті  туралы
біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті  болу  үшін  мұғалім  мен  ата-
анада қандай қасиеттеп болуы керек?
      Тәрбиеші:
      - баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі  бар
      - ата – анаға талап қойылады
      - балаға да талап қойылады
      Ата – ана:
      - мәдениетті
      - жан – жақты
      - уақыт бөле білу керек
      - психологиялық көңіл-күйі
      - дүниетанымы
      - ойлау қабілеті
      - өзін-өзі тәрбиелеу
      - мұғаліммен қарым – қатынаста болуы қажет
      Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала  алады?  Әке  мен  шеше
өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.
      Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.
      Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананыңда, тәрбиеші — ұстаздың  да
атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала  қандай  тәрбие  алса  сол  ізбен  алға
қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
      Ата – ана баласына өз отбасын қадір  тұтудан  бастап,  туған  —  туыс,
Отан,  Қазақстан  деген  ұғымдарды  терең   түсінгені,   құрметтеп   қарауға
тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
      Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ.  Сондықтан  ата-ана  басты
талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие  алуына  қоғамнан  өз  орнын
табуына жағдай жасауына әрбір ата –  ана  педагогикалық  әдіс  —  тәсілдерге
сүйенгені дұрыс.
      Отбасымен бірігіп балардың  өмірін  қорғау,  денсаулығын  сақтау  үшін
қолайлы жағдай жасау.
      Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы  үшін  отбасымен  бірге  эмоционалды
жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
      Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді  сақтауын  ескере  отырып,
балаларды әлеуметтік ортаға  қарым-қатынас  мәдениетімен  таныстыруға  ықпал
жасау. Қай заманда болмасын адамзат баласының  алдында  тұратын  ұлы  мақсат
мұраттарының  ең  бастысы  -  өзінің   өмірін,   тәжірибесін   жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ  тәрбиесі  келешегін  берік
ететін басты фактор болып саналады. Сондай-ақ  халықтың  қалыптасқан  тәрбие
тәжірибесін   оқу-тәрбие    үдерісінде    пайдалану    туралы    Г.Н.Волков,
Я.И.Ханбиков,   М.Сейфуллаева,   А.Ш.Гашимов,   Т.Г.Тимошина,    С.Қ.Қалиев,
М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев,  С.А.Ұзақбаева,  К.К.Қожахметова,
Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
      Қазіргі заманда жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру
әлеуметтік құрылымның ең маңызды  міндеттерінің  біріне  айналды.  Қазақстан
Республикасының  2015  жылға   дейінгі   білімді   дамыту   тұжырымдамасында
«Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.  Ол  баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
      Баланы тәрбиелеу, дамыту және  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
      Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі
құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы  негізі  отбасында  қаланып,   балабақшамен
байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
      «Жаста білген,басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас»,
- деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан,  ана  сүтімен
даритын,  ұлттық  сезім  нышандары,  сөз  өнері  оның  болашақ   шамшырағына
айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
      Оны туған жерге, елге,  халқына  деген  сүйіспеншілікке,  патриоттыққа
тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
      «Жұмыла  көтерген  жүк   жеңіл»дегендей   бала   тәрбиелеуде   осындай
міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
      Осы  екі   арнада   жүргізілген   тәлім   тәрбие   сабақтаса,   ұштаса
жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
      Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың  бірі  –  айналаны  тану,
сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя  білуге
баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын  алып
әсерлене   білуге   үйрету.   Білімге,   білуге,   құштарлыққа,   әсемдікке,
талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы  болашақ  білім  ордасы  –  мектепке
дайындау.
      Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп
жасына дейінгі мекеменің жаңа  қарым  –  қатынасын  талап  етеді.Бұл  қарым-
қатынастың жаңашылдығы  «ынтымақтастық»  және  «өзара  қарым-қатынас»  деген
түсініктермен анықталады.
      Мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  мемлекеттік
стандартында:  ата-аналарды  мектепке   дейінгі   ұйымдар   мен   мектепалды
топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке  дейінгі  ұйымдар
мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
      Ата-аналарды педагогикалық  үдеріске  тарту  арқылы  бала  тәрбиесінің
мақсат, міндеттерінің түсінуіне,  бала  тәрбиесін  ойдағыдай  іске  асыруына
ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар  кідіріс  те
болдырмау керектігін түсінеді.  Ата-аналардың  педагогикалық  мүмкіндіктерін
анықтайтын жағдайлардың кешені өз  деңгейінде  болу  қажет.  Олар  отбасының
тұрмыстық жағдайы, құрылысы  және  отбасы  мүшелерінің  саны,  психологиялық
жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
      Жыл бойы жүргізілетін  жұмыс  жоспарын  ата-аналармен  бірлесе  отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен  қатар
ата-аналардың  ұсыныс  –тілектерімен  санаса  отырып  ата-аналарға  арналған
әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар,  ата-аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен
таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
      Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше  қызықты  етіп
өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Шебер  қолдар»  үйірмесі  жұмыс
жасайды. Балаларды қол  өнердің  кейбір  түрлеріне,  кесте  тігуге  үйретсе,
кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға,  киімдер  тігу,
атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
      Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін  дұрыс  бағытта  дамыту
үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін  ескере  отырып
қалыптастыру қажет.  Балаларға  арналған  көркем  шығармалар  баланы  шынайы
болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны  көркемдеп  баяндап  баланың
сөздік  қорын  молайтып,тілін  байытамыз.Мектеп   жасына   дейінгі   балалар
бейнелеу өнерімен жалпы  топтық  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінен  тыс
уақыттарда   шұғылдана   алады.   Барлық   білім   салалары   бойынша   іске
асыруға болады.
      Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы,  есте
сақтау  қабілеттері  түрлі  логикалық,  сенсорлық  ойындар  арқылы   баланың
шығармашылық   қабілеті   дамып,   ақыл-ой   белсенділігі    арта    түседі.
Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске  түсіріп  сөйлеу  шығармашылығын
дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға  болады.  Жас  ұрпақ  елдің
ертеңі. Сондықтан, балаларға саналы білім, сапалы тәрбие беруге  борыштымыз.
Ол үшін баланы балабақша жасында осы әдеттерге баулу керек. Саналы,  білімді
баланың болашағы жарқын болады.


      №10 Тұрмыстық өмір психологиясы. Жеке өмір психологиясы
      Сұрақтары. Баланың  жас  ерекшелігі.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың
танымдық процесінің  дамуы.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психологиялық
жағдайы
      Мақсаты: Балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық  процестерін
ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
      Мектепке                         дейінгі                         жаста
бала  біршама  тұрақты  жан  дүниесіне  ие  болады,  ал  
      мұның  өзі  әлі  де  болса,  толық қалыптаса  қоймаған,  бұдан  әрі  де
  дамып  жетілуге  қабілеті  бар,  жеке  адам  деп  санауға  бастапқы  негіз
  болады. 
      Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  даму  шарттары  алда  өткен  жас  кез
еңі  шарттарынан  айтарлықтай  өзгеше.  Оған үлкендер  тарапынан  қойылатын 
 талаптар  да  едәуір   арта  түседі.  Қоғамдағы  жалпыға  бірдей  міндетті 
 мінез-           құлық ережелерін,  қоғамдық  мораль  нормаларын  сақтау  -
  өзекті  талапқа  айналады.
        Қоршаған  дүниені  танудың  өскелең  мүмкіндіктері  баланың  ынтасын 
 өзіне  жақын  адамдардың  тор  шеңберімен шығарып,  іс-
әрекетті  өзара  қарым-
қатынас  формалары  мен  байсалды  түрлерін  (оқу,  еңбек)  үлкендер
арасында  болатын алғаш  игере  бастауға  жеткізеді.  Бала  өз  құрдастарыме
н  бірлескен  
      іс-әрекетке  кіріседі,  өз  іс-
әрекеттерін  олармен келісуді  жолдастарының  ықылас,  пікірлерімен
санасуды  үйренеді.  Мектепке  дейінгі  бүкіл  балалық  шақ  бойына балалар 
 іс-
әрекетінде  қабылдау,  ойлау,  есте  сақтау  және  басқа  психикалық  процес
терде  ғана  емес,  сонымен  бірге  өз мінез-
құлқын  ұйымдастыра  білуге  де  жоғары  талаптар  қоятын  өзгерістер  мен  
бетбұрыстар  орын  алады. 
      Осының  бәрі  баланың  жеке  басын  қалыптастырады,  оған  қоса  адамны
ң  жеке  басын  қалыптастырудағы  әрбір  жаңа қадам  шарттардың  ықпалын  өз
гертеді.  Одан  әрі  тәрбиелеу  мүмкіндіктерін  арттырады. 
      Баланың  жеке  басының  дамуының  екі  жағы  бар.  Оның  бірінші  жағы 
 -
  баланың  қоршаған  дүниені  біртіндеп  біліп, өзінің  одан  алатын  орынын
  түсіне  бастауы,  осыдан  мінез-
құлық  мотивтерінің  жаңа  типтері  пайда  болады,  соның әсерінен  бала  бе
лгілі  бір  қылық  көрсетеді.  Екінші  жағы  -
  сезім  мен  еріктің  дамуы.  Олар  осы  мотивтердің ықпалдылығын,  мінез-
құлықтың  тұрақтылығын  және  оның  сыртқы  жағдайлардың  өзгерістеріне  тәу
елділігін қамтамасыз  етеді.
      Мектепке     дейінгі     кезеңде     баланың      сенсорлық      дамуы
қарқынды  келеді.  Бұл  кезеңде  баланың  заттар  мен құбылыстардың  сыртқы 
 қаситеттері  мен  байланыстарын,  кеңістік  пен  уақытты  бағдарлауы  жетіл
еді.
      Заттармен  іс-
әрекетте  бала  барған  сайын  оның  түсін,  түрін,  шамасын,  салмағын,  те
мпературасын,  беткі  қасиеттерін және  т.
б.  дәл  бағалай  бастайды.  Әуенді  қабылдауында  бала  оның  әуенін  қадағ
алауды,  дыбыстардың  қатынасын жоғарылығына  қарап  бөлуді,  ырғақтылықтың 
 түрлерін  аңғаруды  үйренеді.  Сөзді  қабылдауында  ұқсас  дыбыстардың айты
луындағы  аса  нәзік  айырмашылықтарын  айыра  алады.  Балалардың  кезегі  м
ен  оларды  бөлетін  уақыт  аралықтарын ажырата  білуі  едәуір  жете  түседі
.
      Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сенсорлық  дамуының  бір-
бірімен  байланысты  екі  жағы  бар.  Бірішісі,  заттар  мен құбылыстардың  
әр  түрлі
қасиеттер  мен  байланыстары  жөніндегі  түсініктерді  меңгеру.  Екіншісі,  
қоршаған  ортаның толықтай  және  жекелей  қабылдауға  мүмкіндік  беретін  қ
абылдаудың  жаңа  әрекетін  игеру. 
      Заттардың  қасиеттерін  бағдарлаудың  дамуы.  Балалық  шақтың   өзінде 
 балада  заттар  әр  түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің  белгілі  қоры
жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары  үлгінің  орнына  жүреді,  қабылдау
процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
      Мектепке дейінгі  балалық  шақта  бала  өзінің  сенсорлық  тәжірибесін
жинақтау нәтижесі  болып  табылатын  заттық  үлгілерді  қолданудан  көпшілік
қабылдаған  сенсорлық  эталонға   ауысады. Сенсорлық   эталондар дегеніміз —
қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі  жеке  түрлері  жөнінде
адамзатта қалыптасқан    түсініктер. Бұларға    түс,    пішін,     заттардың
шамасы, олардың     кеңістіктегі      орны,      дыбыс      күші,      уақыт
аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады Ересектер балаға сурет  салуға,
құрастыруға көмектескенінде  олар  қалайда  негізгі  пішіндер  мен  түстерді
атайды.
      Баланың  іс-
әрекет  үстінде  пайда  болатын  және  өзіне  қарата  айтылған  сөзі  эгоцен
тирикалық  сөз                                        деп  аталады. Мектепке
дейінгі   жас   кезінде  эгоцентирикалық  сөз  өзгеріп  отырады.  Бұл  айтыл
уға  баланың  не  істеп  жатқанын  ғана емес,  оның  іс  жүзіндегі  алдын  а
ла  ескертуші  және  бағыттаушы  сөздер  пайда  болады.  Мұндай  сөздер  бал
аның  іс жүзіндегі  мінез-
құлқынан  озық  жүретін  бейнелі  ойын  көрсетеді.  5                      –
6  жасқа  жеткенде  эгоцентирикалық  сөз  кеми түседі.  Бала  бұл  кезде  қа
сында  ешкім  болмаса,  көбіне  жұмысын  үндемей  істейді.  Бұл  оның  сөз  
негізіндегі ойлауының  болмайтынын  көрсетпейді.  Эго-
жоспарлаушы  қызметін  атқарады.  Сонымен,  эгоцентрикалық  сөз  баланың сыр
тқы  және  ішкі   сөзінің  арасындағы  баспалдақ  болып  табылады.


      №11 Психотерапия. Психотерапия сендіруші ақпарат ретінде
      Сұрақтары.  Мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   жас   ерекшелігі.
Психологиялық жағдайы
      Мақсаты:   Мектеп   жасына   дейінгі   балалрдың   жас   ерекшелігіне,
психологиялық   жағдайын   тексеруге   байланысты   әдістемелерді   анықтап,
жинақтау.
      Маманның көмегінсіз, өз бетінше баланың мектепке  дайын  екенін  қалай
білу?  Әдетте,  мектепке  түсу  кезінде  психологтар,  қабылдау  комиссиялар
қандай тест және әдістемелер пайдаланады? 
      Сұрақтарды  бақылау  және  оларға  жауап   беру   арқылы,   ата-аналар
«ержеткендік» деңгейін бағалай алады. Сұрақтар  психолог  Джеральдина  Чейни
әзірлеген. 
      Таным дамуының бағасы
      Бала негізгі  ұғымдарды  пайдалана  ма  (мысалы:  оң/сол,  үлкен/кіші,
жоғары/төмен,  соған/одан  және  т.б.)?  Бала   жіктей   ала   ма,   мысалы:
домаланатын нәрселерді айтып беру,  топ  затты  бір  сөзбен  айту  (орындық,
стол, шкаф, керует –  жиһаз)?  Қарапайым  тарихтың  аяғын  бала  болжай  ала
ма? Бала өз ойында, ең болмаса 3 нұсқауды сақтап және  оны  орындай  ала  ма
(шұлықты кию, ванна бөлмесіне барып, жұын, содан  кейін  маған  орамал  алып
кел)? Бала әліпбидің бас және кіші әріптердің көпшілігін айта ала ма? 
      Негізгі тәжірибені бағалау
      Бала ересектерді поштаға, дүкенге, сберкассаға шығарып  салғаны  болды
ма? Бөбек библиотекада болды  ма? Бөбек  ауылда,  зоопаркта,  музейде  болды
ма? Сізде әрдайым бөбегіңізге оқуға,  тарихтерді  айтуға  мүмкіндігіңіз  бар
ма? Бала бірдемеге аса ықылас білдіре ме? Онда хобби бар ма? 
      Тіл дамуын бағалау 
      Бала  оның  айналасыңдағы   негізгі   заттарды   белгілеп   айта   ала
ма? Ересектірдің сұрақтарына жауап беру  оған  қиын  емес  пе? Бала  әртүрлі
заттардың қандай қызмет жасайтының  түсіндіре  ала  ма,  мысалы,  шаңсорғыш,
щетка, тоңазытқыш? Бала  заттардың  қайда  орналасқанын  түсіндіре  ала  ма,
мысалы, столдың үстінде, стулдың астында және  т.б.? Бала  тарихтерды  айту,
онымен болған небір жағдайларды сипаттау жағдайында ма? Бала сөздерді  ширақ
айта ала ма? Оның тілі грамматика көзқарасынан алғанда дұрыс па? Бала  жалпы
әнгімеге қатысу, қанда да бір ситуацияны ойнау, үйдегі сауық  кешіне  қатысу
жағдайында ма? 
      Эмоциялық даму деңгейін бағалау
      Бала үйде және құрдастарының арасында көңілді болып көріне  ме? Балада
көп нәрсені жасай алатын адам  ретіндегі  бейне  қалыптасты  ма? Балаға  күн
тәртібіндегі өзгерістерге, жаңа қызметке өтуге «ауыстырылып кету» қиын  емес
па? Бала  өзбетінше  ойнауға  (ойнауға,  сабақ  оқуға),   басқа   балалармен
тапсырманы орындауға жарысуға қабілетті ме? 
      Араласу икемін бағалау
      Басқа балалардың ойына кірісе ме, олармен  бөлісе  ме? Ситуация  талап
еткен жағдайда,  ол  кезекті  сақтай  ма? Бала  басқаларды  бөлмей  тыңдауға
қабілетті ме? 
      Денелік дамуын бағалау 
      Бала жақсы ести ме? Бала жақсы көре ме? Бір шама  уақыт  ішінде  тыныш
отыруға қабілетті ме? Моторлық имкемдер координациясы дамыған ба (доп  ойнай
ала ма, секіре ала ма, сүйенішті ұстамай, ересектің көмегінсіз  баспалдақпен
төмен түсіп және көтеріле 
ала ма, ...)? Бала ширақ және әуесті болып көріне ма? Ол дені сау, тоқ,  дем
алған болып көріне ма (күннің негізгі бөлігінде)? 
      Айырманы көруді бағалау 
      Бала ұқсас немесе ұқсас емес нысанда теңдестіре ала ма (басқаға  ұқсас
емес сүретті тап)?  Бала әріп және қысқа сөздерді айыра ала  ма(  мысық/жыл,
б/п…)? 
      Көру есі 
      Егер алдымен 3 сүреті бар серияны көрсетіп, содан кейін  біреуін  алып
тастаса,  бала  сүреттің  жоқ  екендігін  байқай  ма? Бала  өз   атын   және
күнделікті өмірде кездесілетін заттарды білеме?
      Көру қабылдауы 
      Бала сүреттер сериясын жөн-жөнімен  қоюға  қабілетті  ма? Солдан  оңға
қарай оқитынды ол түсіне ма? Өз бетінше, ешкімнің көмегінсіз  15  элементтен
жұмбақ құра ала ма? Сүретті  түсіндіріп,  ол  бойынша  кішкене  әнгіме  құра
алама? 
      Есту қабілетінің деңгейі 
      Бала сөздерді ұйқастыра ала ма? Әртүрлі дыбыстарға басталатын сөздерді
ажырата ала ма, мысалы, орман/салмақ? Ересектерден кейін бірнеше сөз  немесе
цифрлар  қайтала  ала  ма? Бала  тарихтың  негізгі  ойын  және  әрекеттердің
тізбегін қайталап айтып беруге қабілетті ма? 
      Кітаптарға қатынасты бағалау 
      Баланың  кітаптарды  өз  бетінше  қарауға  ыңтасы  туындамай  ма? Оған
дауыстап оқығанда, ол зейін салып және қанағаттанып тыңдай  ма? Сөздер  және
олардың мағыналары  тұралы  сұрақ  қоя  ма? Жоғарда  көрсетілген  сұрақтарға
жауап бергеннен, қорытындыларды талдағаннан кейін,  мектепке  түсетін  кезде
балалар психологтарының пайдаланатын, бір қатар тесттерін өткізуге болады. 


      №12 Әлеуметтік  әсер  ету.  Когнитивті-бихевиориальды,  атрибуционалды
терапия
      Сұрақтары.  Тәрбиешінің  кәсіби  қызметінің  ерекшеліктері.  Тәрбиеші-
педагогтың  педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.
      Мақсаты: Студенттерге  тірбиеші  тұлға  ретінде  өзін-өзі  жетілдіруді
қалыптастыру.
      Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық  істе  де  таланттар  сирек
кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да  болады.  Алайда  ол  өз
ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
      Педагогикалық  шеберлікті  қалыптастырудың  бірнеше  жолдары  бар.  Ең
алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің  әр  саласынан  хабары  бар,  әр
түрлі жағдайда жол тауып  шыға  алатын,  мектеп  өміріне  байланысты  барлық
мәселені түсініп шеше алатын,  әр  түрлі  сұраққа  жауап  бере  алатын  адам
болуға тиіс.
      Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы  педагогтік
шеберлікті меңгеруге көбіне көп  нәрсе  әсер  етеді.  Бейімділік  балалармен
жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
      Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы  нәрсе  –  балаларға
деген  сүйіспеншілікті,  балалармен  бірге  және  балалар  үшін  еңбектенуге
ұмтылу.
      Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең  басты  құралдардың  бірі.  Егер
мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен  шындыққа  сүйеніп
дәлелдей   білсе,   оқушы   оның   мәдениеттілігін,   қамқорлығын,   сөзінің
әсерлілігін бірден сезе бастайды.
      Тәрбие беру ісіндегі  аса  маңызды  жайттардың  бірі  –  педагогикалық
такты.  Педагогикалық  такты  деп  мұғалім  бойындағы  мақсатқа  сай  жоғары
адамгершілік  сезімді  айтады.  Мұғалім   оқушыларға   педагогикалық   ықпал
жасайды.
      Сонымен, мұғалім  –  шынайы  адамгершіліктің  үлгісі.  Ол  өзінің  ана
тілінің әдеби және ғылыми сөз  байлығын  жете  меңгерген,  өз  ұлтының,  әрі
дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан  сіңірген  зиялы  адам  болуы
керек.
      Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында  –  тәрбиенің  жеке
басы болып  табылады.  Қазіргі  білім  технологиясында  жеке  тұлға  ретінде
мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық,  рухани  мәні,
ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
 - адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
 - өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
 - іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер  қызметінің  жүйесі,  мінез-
   құлық әрекетінің жиынтығы;
 - айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
 - қажеттілік жүйесі;
 - шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
 - сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).
      Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық  сапасының  үш
деңгейін көрсетеді:
      1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.
      2.  Өз  ісіне  сенімді  болу,  қиындықты  жеңудің  әдістемелік  тиімді
жолдарын іздестіре білуі керек.
      3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын
болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.
      Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен  қушының  арасындағы  дұрыс
қарым-қатынастың болуына ерекше  көңіл  бөледі.  “мұғалім  балалармен  істес
болады:  егер  олар  бір  нәрсені  түсінбесе,   онда   мұғалім   шәкірттерді
кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін  өзін-өзі  кіналауы  тиіс.
Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.
      Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау  көбіне  мұғалімге  тікелей
байланысты.  Сондықтан,  ұстаз  ізденіс  үстінде,  оқытудың  жаңа   жолдарын
еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-
қатынас  түрлері  ерекше  орын  алады,  олар  коммуникативтік,   либералдық,
демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.
      Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне  ену,
еркін сөйлесе білуге жол табу.
      Либералдық  стилінде  мұғаліммен   оқушылар   істері   мен   қылықтары
ойластырылмаған,    санасыз    іс-әрекеттерге    душар     болады,     пікір
бостандықтарының  мөлшерсіздігі  сондай,  оқушылар  дөрекі  мінез  көрсетуге
дейін барады.
      Демократиялық стилінде  оқушылар  өз  пікірлерін  ашық  айтуға,  ынта-
жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға  және  қоғамдық  жұмыстарға
белсене  қатынасын  тиянақты  орындайды.  Мұғаліммен  де,  басқа  да   үлкен
адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.
      Шабыттандырушы  стиль  көбіне  интуитивтік   мұғалімдерге   тән.   Бұл
стильдегі  сабақ  беретін  мұғалімдер  оқушылардың   әлеуметтік   күш-қуатын
пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік  қабілетін  ашуға  тырысады.
Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.
      Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен
ерекшеленеді.







3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР

      №1 Әсер ету және мінез-құлық
      1. Әлеуметтендіруді оқыту нәтижесінде мінез-құлықтың өзгеруі
      2. Әлеуметтік үйрету теориясы
      3. Үйрету және нығайту
      4. Мақұлдау және мақұлдамау


      №2 Психологиялық денсаулыққа әлеуметтік психологиялық жолдар
      1. Қоршаған орта
      2. Психологиялық қолдау формасы
      3. Массалық сенім
      4. Тұрмыстық және жеке өмірдің психологиялық негіздері


      №3 Әлеуметтендіруді оқыту нәтижесінде мінез-құлықтың өзгеруі
      1. Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
      2. Тәрбие құрал жабдығы
      3. Психологиялық-педагогикалық білім құрылымының категории, терминдері
және анықтамасы


      №4 Басшының ұжымға әсері
      1. Этика түсінігі.
      2. Түсіндіру әдістері.
      3. Этикалық сұхбат
      4. Өнеге-өрнек әдісі


      №5 Әлеуметтік әсер етудің негізі
      1. Үдерістер және орта.
      2. Әсер етудің үш көзі: мінез-құлық, когниция, құрылым.
      3. Әлеуметтік психология бағыттары


      №6 Мінез-құлықтың өзгеруі
      1. Мақұлдау және мақұлдамау.
      2. Конформизм. Беделдікке бағыну.
      3. Ішкі әлемнің ерекшелігі.


      № 7 Ішкі ықпалдың ерекшеліктері
      1. Құрылымға мінез-құлық арқылы әсер ету.
      2. Атрибуция және өзіндікатрибуция.
      3. Өзін сендіру. Өзін ақтау.


      №8  Сендіру арқылы құрылымды өзгерту
      1. Седіретін ақпарат.
      2. Сендіру процесінің кезеңдері.
      3. Зейін. Түсінік.Қабылдау.


      №9  Құрылымды өзгерту негізіндегі шарт пен мінез-құлық.
      1. Шартты құру, бекіту, мінез-құлыққа өту.
      2. Әсер етуге бағыну және қарсы шығу.
      3. Құрылымның когнитивті негіздері.
      4. Қарсыласуды жеңіп шығу. Түсініспеушіліктер
      №10 Іс-әрекеттің әртүрлі сферасында тұлғаға әсер ету:  дұрыс  шешімнің
құқықтық жүйесі.
      1. Адалды.  Шындық.  Куәгерлердің  көрсеткіштері.  Қорғаушы  жұмысының
ерекшеліктері.
      2. Ұжымды басқару. басқарушыға  деген  талап.  Басқару  стилі.  Ұжымды
жетістікпен басқару шарты.
      3.  Педагогикалық  әсер  ету.  Тұлғаға   және   оның   ерекшеліктеріне
педагогикалық әсер ету.


      №11   Тұлғаның   психикалық   денсаулығының   әлеуметтік-психологиялық
негіздері.
      1. Тұрмыстық өмір психологиясы. Жеке өмір психологиясы.
      2.  Тұлғаның  психологиялық  денсаулығы-  психосоматика   негіздерінің
психологиялық теория мәселесі ретінде. (Вайс, Инглиш).
      3.   Цивилизация   аурулары.   Денсаулық    психологиясы    мәселесіне
типологиялық бағыт.


      №12 Психотерапия. Әлеуметтік әсер ету
      1. Психотерапия сендіруші ақпарат ретінде.
      2. Когнитивті- бихевиориальды, атрибуционалды терапия.
      3. Диссонанс и психотерапия


4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)
                Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
      Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер  мен  әдебиеттерге
сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз.  Әрбір  автордың
негіздемелерін зерттеп,  танысыңыз.  Өзіңізді  осы  авторлардың  позициясына
қойып көріңіз.
      Сабақ барысы.
      Студенттер белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге
байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20  минутта  дискуссия  барысында
өздерінін  көзқарастарын  дәлелдеп  шығатын  сұрақтар  тізімін   белгілейді.
Қарсылас жақты  мұқият  тыңдап,  олардың  келтірген  дәлелдемелердін  дұрыс,
бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға  білім  беру
мен  оларды  тәрбиелеуде  алатын  орны  қандай?  Бір  проблемаға  байланысты
бірнеше көзқарастардың болуы неліктен?  т.б.  сұрақтар  төңірегінде  ойланып
көріңіз.
      Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
      Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
      1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
      Осы  кезеңде  тақырыптың  өзектілігі  айқындалып,  оның   күрделілігі,
практикамен теорияда шешілу  деңгейі  ашылуы  қажет  және  ағымдағы  өмірдің
түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен  байланысы  проблемалары  көрсетілуі
тиіс.
      2-кезең.  3- минут. Мақсат қою.
      Топ  бірнеше  шағын  топқа  бөлінеді.  Әр  топтың   тапсырма   шеңбері
анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз  көзқарасын
публикалық қорғауға даярлану),  шешім  іздеу  және  талдау  шекарасы,  өздік
жұмыс уақыты белгіленеді.
      3-кезең.  10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
      Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға  жауап  береді,
нұсқаулар береді.
      4-кезең.  15-20 минут. Топтық пікірталас.
      Шағын   топтардың   өкілдері   кезек-кезек   жұмыс   нәтижесі   туралы
хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы  жалпы  көзқараспен  таныстырып,
қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге  талдау
жасайды.
      Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен
шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу  жолын  қарастыру,,
тиімді шешімге келу.
      5-кезең.  10 минут. Қорытынды әңгіме.
      Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым  жұмысының  жақсы  нәтижесін
ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
      5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
      Студенттердің өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен  оқу
әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз  іске  асады
(немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
      Өздік  жұмысының  маңыздылығы  оқытыушының  көмегінсіз,  студенттердің
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
      БӨЖ– өзінің білімін  жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық   байланысы.   Студентөздік    жұмысы    процесінде    белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
      І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
      Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


      Студенттердің   өздік   жұмыстарды   орындауларына   жалпы    кеңестер
(нұсқаулар)
      1. Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
      2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
      3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
      4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
      5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
      6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
      7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.
      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттердің табиғат пен қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттердің оқу жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.
      5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
      БӨЖ тақырыптарының тізімі
      1. Әсер ету қаруы
      2. Өзара ауысу  (конфликтісіз қарым-қатынас негіздері )
      3. Әлеуметтік дәлел. Әлеуметтік дәлел принциптері.
      4. Сыйласымдылық және қарым-қатынас стилі.
      5. Ішкі үйлесімділік тұлға психикалық денсаулығының негізі ретінде.
      6. Ішкі әсер етудің ерекшеліктері.
      7.  Педагогикалық  әсер  ету.  Тұлғаға   және   оның   ерекшеліктеріне
педагогикалық әсер етудің негіздері.


                              Бақылау сұрақтары
      5.1. Әсер ету қаруы
      5.2. Өзара ауысу  (конфликтісіз қарым-қатынас негіздері )
      5.3. Әлеуметтік дәлел.Әлеуметтік дәлел принциптері.
      5.4. Сыйласымдылық және қарым-қатынас стилі.
      5.5. Ішкі үйлесімділік тұлға психикалық денсаулығының негізі  ретінде.

      5.6. Ішкі әсер етудің ерекшеліктері.
      5.7.  Педагогикалық  әсер  ету.  Тұлғаға  және  оның   ерекшеліктеріне
педагогикалық әсер етудің негіздері.

                       «Әсер ету психологиясы» пәнінен
              студенттердің білімін бағалауға арналған сұрақтар

1- модуль
$$$ 1 Әсер ету психологиясы-бұл зерттеумен айналысатын  психологиялық  ғылым
бөлігі ретінде:
А. құрылымныі өзгеру процесі және әлеуметтік әсер ету
В. тұлға мотивациясының өзгеруі
С. қарсыласу тәсілдері
D. барлығы дұрыс
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 2 Негізгі ұсынылатын әсер етулер:
А. орта, мотив, тәрбие
В. құрылым, мінез-құлық, когниция
С. гендер, орта, оқыту
D. орта, мінез-құлық, тәрбие
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 3 Әлеуметтік әсер ету процесін былай қарастырған жөн:
А. құрылымды өзгерту тәсілі ретінде
В. тұлғаға әсер ететін ұйымдастырылған форма ретінде
С. белгілі  бір  стимулға  байланысты  басқаның  мінез-құлқын  өзгертуді  өз
алдына мақсат етіп қойған адамның мінез-құлқы
D. тұлғаға қысымның белсенді формасы
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 4 Стимул ретінде шыға алады:
А. сөз, әрекет, мотив
В. мәселе, нәтиже, әрекет
С. талап, мотив, нәтиже
D. мәселе, мотив, сөз
Е. барлығы дұрыс
$$$ 5 Әсер етудің негізгі техникалары:
А. қалып, күй
В. иландыру
С. күлкі
D. жест
Е. Жбарлығы дұрыс
$$$ 6 Құрылымдық жүйе  әлеуметтік  мәнді  тітікендіргіштерге   неше  негізгі
реакцияны кіргізеді:
А. екі
В. үш
С. төрт
D. бес
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 7 Үйрену теориясының негізін қалаушы:
А.А.С.Макаренко
В. Ф. Зимбардо
С. С.Рубинштейн
D. Б.Ф. Скиннер
Е. Р.Чалдин
$$$ 8 Қайталауды талап ететін мінез-құлық
А. конформизм
В. үлгілі  мінез-құлық
С. құрылымдық мінез-құлық
D. мінез-құлық
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 9 "Әлеуметтік корректность" былай өлшенеді:
А. басқалар қалай ойлайды және қалай істейді
В. қоғамдағы өмір нормаларының талап етуімен
С. көпшіліктің пікірімен
D. арнайы талап жиынтығымен
Е. конфликтіні жою формасымен
$$$ 10 Конформизм дегеніміз
А. мінез-құлықтың  өзгеру  актісі  немесе  мынадай  жағдайда  топ  пікірімен
келіседі, егер топ жағынан ашық аталп болмаса.
В. мінез-құлықтың  өзгеру  актісі  немесе  мынадай  жағдайда  топ  пікірімен
келіседі, егер топ жағынан тікелей талап болса
С. мінез-құлықтың  өзгеру  актісі  немесе  мынадай  жағдайда  топ  пікірімен
келіседі, егер топ жағынан таңдау еркіндігі болса
D. мінез-құлықтың  өзгеру  актісі  немесе  мынадай  жағдайда  топ  пікірімен
келіседі, егер топ жағынан нақты аргументтер болса
Е.  барлық жауап дұрыс
$$$ 11 Конформизм себептері:
А. әрекетті мақұлдау
В. шынайылықты іздеу
С. қиыншылықтан бас тарту
D. әлеуметтік әсердің күштілігі
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 12 Бағыну деп, біреудің талабын ды айтады
А. егер адам өзінің жасағанына іштей келіспесе де
В.  үлкен беделді адамдарға бағыну
С. ситуациялы факторлардың нақты ізденістеріне
D. әлсіздіктің пайда болуымен
Е. қажетті әлеуметтік тәжірибенің болмауы
$$$ 13 Бағыну сақталып қалған әдет түрінде көрінеді
А. мадақтау
В. әлеуметтік қысым
С. мадақтауға ұсынумен
D. барлық жауап дұрыс
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 14 Эристика-бұл
А. шешімді тез қабылдау жылдамдығы
В. шындықты іздеу
С. талқылау
D. әрекетті жоспарлау
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 15 Эристка негізі....ереженің болуын талап етеді:
А. бір
В. екі
С. үш
D. төрт
Е. бес
$$$ 16 Р.Чалдиникелісудің қанша контексін және принциптерін ажыратады :
А. бір
В. екі
С. үш
D. төрт
Е. бес
$$$ 17 "Рационализация" бұл:
А. әрекеттің нақтылығы мен саналылығы
В. жағдайдан шығудың тиімді жолын іздеу
С.  жақсы әсер ету тәсілінің интеграциясы
D. өз әрекетінің дұрыс шешімін табу
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 18 Диспозициялы атрибуция бұл:
А. танымдық процесті зерттеу
В. ішкі әлемді зерттеу
С. мотивті зерттеу
D. талапты зерттеу
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 19  Жағдайлы  атрибуция  әлеуметтік  және  физикалық  орта  факторларына
итермелейді:
А) мимика және фраза жиынтығын қамтамасыздандырады
В) әрекетке сәйкес жайдайларды ұйымдастырады
С) дұрыс жауап жоқ
D) барлық жауап дұрыс
Е) басты рөлді өзгертуге көмектеседі
$$$ 20 Когнитивті диссонанс.....бұл
А. сенім мен шарттың арасындағы қарсылық
В. білім сезімнен жоғары тұрғанда
С. Қаталап барынша күшті болғанда
D. алынған ақпаратқа реакцияның әртүрлі формалары арасында таңдау болғанда
Е. әрекетті таңдау барысында ұсыныстардың болуы
$$$ 21 Өзіндікатрибуция...бұл
А. өзіміздің әрекетіміздің талдауы және оны ой  елегінен  өткізу  іскерлігі,
немесе оны ақтап алу
B. өз жетістіктерінің презентациясы
С. өзбетінше шешім қабылдау
D.өз сезімі мен пікірін дәлелдеу қабілеттілігі
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 22 өз ойынан ұайтпау және қалыптасқан пікір тәуелді:
А. ақыл-ойдың шарашу деңгейіне
В. адамның өзін жауапты сезінуіне
С. адамның өзін бағалауынан
D. барлық жауап дұрыс
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$  23  Адамдар  тоталитарлы  эгоны  меңгеретіндігін,біздің   ақыл-ойымызды
тоталитарлы мемлекетпен салыстырды және дәлелдеді
А. Энтони Гринуолд
В. Ф.Зимбардо
С. С.Л.Рубинштейн
D. Б.Ф.Скиннер
Е. Р.Чалдини
$$$ 24 Біз шындықты іздеуде және  ақпаратты  жинауда  оларды  дәлелдейтіндей
бейнеде көрсетуге қабілеттіміз
А. шындықты
В. жұмыс болжамын
С. қысымды алып тастау
D. ұсынылған идеяны дәлелдеді
Е. дұрыс екенін білу тілегі
$$$ 25  Сенім мен құрылым өз-өзін жетілдіреді деген кім:
А. Ф.Зимбардо
В. М.Ляйппе
С. Р.Чалдини
D. А.Морозов
Е. Л.Выготский
$$$ 26 Біз өз сенімімізді және құрылымызды өзгертеміз  егер:
А. түсіндіру
В. еске түсіру
С. зерттеу
D. барлық жауап дұрыс
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 27 Қарсыласудың жоғарылауы мүмкінмына негізде:
А. психологиялық сапаның дамуы және қалыптасуы
В. артық шаршаудан босату
С. қажетсіз әсерге қарсы тұрақтылық жасау
D. барлық жауап дұрыс
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 28 Өте әлсіз қарсыласу тек мынадай жағдайды мінездейді:
А. құрылым тек қалыптасу кезеңінде
В. ситуациялық күштербарынша мықты болғанда
С. индивид кризис сенімін бастан өткергенде
D. адам өте ерекшеленетін әлеуметтік ортаға түскен кезде
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 29 Тыңдаушылар беделді адамдар алдында есеп беретіндігін  сезіну  керек.
Бұл ереже:
А. қарсыласуды алып тастау
В. сенімді қамтамасыз ету
С. мінез-құлықтың өзгеруі
D. құрылымның қалыптасуы
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 30 Басқаларға қарағанда әлеуметтік әсерге тез түсетін адамдар типі:
А. өзін бағалауы төмен адамдар
В. өз сенімін қорғаудың әлсіз  мотивациясы
С. нашар түсінік
D. ұялшақ адамдар
Е. барлық жауап дұрыс

2-модуль
$$$ 1 Статус және әсер ету  үшін күрес ұжымда мына кезеңде өтуде
А. күйзеліс
В. қалыптасу
С. қалыптасқан
D. қайта қалыптастырылған топ
Е. мөлшерленген
$$$ 2 Негізгі ұсынылатын әсер етулер:
А. орта, мотив, тәрбие
В. құрылым, мінез-құлық, когниция
С. гендер, орта, оқыту
D. орта, мінез-құлық, тәрбие
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 3 Педагогикалық іс-әрекеттің қай функциясы психологиялық әсерді
анықтаушы болып табылады
А. коммуникативті
В. танымдық
С. ойын
D. басқарушылық
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 4 Эффективті педагогикалық әсер қалыптасуыға бағытталған
А. позитивті "Мен концепциясы"
В. оқушыларды өзіне деген сенімділік
С. оқушылар потенциалының дамуы
D. жағымды өзіндік бағалау
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 5 Пигмалион эффектісі қай кезде мүмкін
А. мұғалім оқушыға қабілетті ретінде қарайды
В.  мұғалім өз тілегін оқушыға арнайды
С. мұғалім оқушының жетістігіне қажетті қызығушылық көрсетпейді
D. мұғалім оқушының жеке басына кері қатынас жасайды
Е. басбарлық жауап дұрыс
$$$ 6 Мұғалім оқушыларға нәтиже жетістігінің мәнділігін хабарлайды. Бұл
қолдау:
А. мотивациялық
В. әрекеттік
С. эффективті
D. тиімсіз
Е. педагогикалық ақталмаған
$$$ 7 Мұғалім оқушылардың назарын оның оқудағы алға жылжуы мұғалімнің күш
жұмсауынан екендігіне аудартады:
А. мотивациялық
В. әрекеттік
С. эффективті
D. тиімсіз
Е. педагогикалық ақталмаған
$$$ 8 Педагогикалық қарым-қатынас бірнеше құрылымнан тұрады. Қанша екенін
айтыңыз.
А. екі
В. үш
С.төрт
D. бес
Е. сегіз
$$$ 9 Капитан феномені бұл...
А. лидерлікке үнемі құштарлық
В. капитан қателігін байқамау
С. капитан әрекетін санасыз түрде қайталау
D. беделдікке бағыну
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 10 Милграм пікірі бойынша адамдардың мойындау қабілеттілігі шақырылады
А. конфликтіге түспеу үшін
В. қажет емес әсерге қарсыласу дағдыларының болмауы
С. конформизмді
D. түсініспестік болмасын деген қорқыныш
Е. заңды беделдікке бағыну тенденциясы
$$$ 11 Беделдің негізгі символы болып есептеледі (артығын алып таста)
А.титулдар
В. билік
С. киім
D. басымдылыққа ұмтылыс
Е. автомобиль маркасы
$$$ 12 Сөздік анықтамада бедел түсінігі...
А. басшы
В. командир
С. эксперт
D. капитан
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 13 Топтық динамика күші енгізеді:
А. жеке мейірімділік
В. ізеттілік
С. назар аударушыға шынайы қызығушылық
D. тұлғаға кезеңмен әсер ету
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 14 Позитивті нығайтуға енеді (артығын алып таста)
А. назар және ықыластың пайда болуы
В. өзбетінше шешім қабылдау
С. күлкі
D. жесттер және мимика
Е.дәмді тағамды
$$$ 15 Құндылық диспозициясының қандай да бір объектіге қатынасы бойынша
А. әрекет
В. когниция
С. құрылым
D. сенім
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 16 бірінші кезекте когнитивті процес және қабылдау процесіне не
бағытталады
А. әрекет
В. когниция
С. құрылым
D. сенім
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 17 Әсер етудің әлеуметтік психологиясының ғылыми зерттеуінің басты
әдісі
А. әңгіме
В. сұхбат
С. сауалнама
D. контент-анализ
Е. эксперимент
$$$ 18 Арнайы құрылған сенім ортасы ойластырылады
А. көптеген объектілердің мәнділік әрекетін өзгертуге тырысқан бір агенттің
әсері
В. когнитивті  бағыт  негізінде  қабілетті  мамандарды  құрылым  өзгерісімен
қамтамасыздандыру
С. ғылыми-танымалы әдебиеттер
D.әдістемелік әдебиеттер
Е. кітапханалар
$$$ 19 Сенім негізі болып
А. дәлелділік
В. нақтылық
С. валидация
D. сөзді тиімді пайдалану
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 20 Қандай да бір объектіге бағалық ұсыныс құрылым жүйесі қалыптасатын
негіз бұл...
А. әрекет
В. когниция
С. сенім
D. құрылым
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 21 Көпшіліктің пікірін қолдау бұл...
А. өзінің жеңілгенін мойындау
В. жеткіліксіз ақпараттанған
С. бетін қайтарып тастайма деген қорқынышы
D. дұрыс жауап жоқ
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 22 Конформдылық бұл нәтиже...
А. әрекет
В. когниция
С. сенім
D. құрылым
Е. нормативті әсер
$$$ 23 Үлкен беделге ие адамдарға бағыну былай қорытындыланады...
А. еріксіз әрекет
В. ықпалдылық когниция
С. тұрақсыз сенім
D. ситуациялы факторларды тексеру
Е. құрылым әлсіздігі
$$$ 24 Өзара түсіну ережесі мынаған қатысты...
А. эвристикалық талқылауға
В. коммуникация ережесіне
С. этикалық принципке
D. орын берушілікке жету тәсілі
Е.барлық жауап дұрыс
$$$ 25 Рационализация көбіне мына процесте қолданылады
А. таным
В. өзін сендіру
С. өзінатрибуциялау
D. өзіндіктаным
Е. өзіндік даму
$$$ 26 Әрекеттің ситуативті және диспозициялы талдауына бейімділік мынаны
бейнелейді
А. сенім
В. бағалық талқылау
С. жеке түсініспеушіліктер
D. мәдениет деңгейі
Е. құрылым
$$$ 27 Диспозициялы атрибуцияға итермелейтін жағдай
А. әртүрлі жағдайдағы бір типті әрекет
В. бақылаусыз қалған мінез-құлық
С. агрессия
D. дұрыс жауап жоқ
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 28 Өте әлсіз қарсыласу тек мынадай жағдайды мінездейді:
А. құрылым тек қалыптасу кезеңінде
В. ситуациялық күштербарынша мықты болғанда
С. индивид кризис сенімін бастан өткергенде
D. адам өте ерекшеленетін әлеуметтік ортаға түскен кезде
Е. барлық жауап дұрыс
$$$ 29 өзіндік атрибуция процестері көбіне мынаған әсер етеді
А.құрылым
В. позицияға
С. эмоцияларды уайымдау
D. әрекет
Е. сенім
$$$ 30 Әлеуметтік ролді орындау барысында ықпал етуші фактор болып
А. өзін сендіру
В. білім
С. дағдылар
D. қабілеттілік
Е. аргументтер


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек