мал - заттар - ауру - әсер - белгілері - атаңыз - қан


|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты       |ПОӘК               |                             |
|                            |                   |                             |
|                            |                   |ПОӘК 042-18-24.1.31          |
|                            |                   |/03-2013                     |
|ПОӘК                        |                   |                             |
|«Ветеринария негіздері» пәні|18.09.2013         |                             |
|бойынша оқу-әдістемелік     |№1 басылым         |                             |
|материалдар                 |                   |                             |







                      ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                           «Ветеринария негіздері»

         5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
                                мамандығы үшін


                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



















                                    Семей
                                    2013

                                   Мазмұны


|                                                             |              |
|Дәріс оқулар                                                 |3             |
|Зертханалық сабақтар                                         |33            |
|Студенттің өздік жұмысы                                      |36            |











































     1. ДӘРІС ОҚУЛАР


                      Дәрістің атауы. Дәріс 1. Кіріспе.
    Сұрақ атауы 1 Мал шаруашылығының мамандарын дайындаудағы
    Сұрақ атауы 2 Ветеринария негіздерінің маңызы  .
    ҚР мал шаруашылығын өркендетудегі ветеринариялық алдын-алу  шараларының
маңызы
      Мал  шаруашылығын  интенсивтендірудің  дәрежесі  мал  саны  мен  одан
алынатын өнімдердің артуына байланысты. Мал  басының  көбеюі  жер  көлемінің
әрбір гектарыына шаққанда келетін мал санына сай келеді.
      Мал  басының  көрсеткіштері  –  малдың  сапасы  жөніндегі  мәліметтер
(тұқымы, өнімі).
      Соңғы жылдары Республикада мал басының өсуіне  үлкен көңіл  бөлінуде.
Малға және басқада  жануарларға   ветеринарлық  жылдам  көмек  көрсетілмеген
жағдайда, олардың кенеттен өлім-жітімге  шалдыққан  уақытта   үлкен  шығынға
соқтырады.  Ал  ветеринария  негізі  пәні   мал  шаруашылығының   мамандарын
алғашқы көмек  тәуліктің кез  келген  ешқандай  жағдайға  қарамастан  сапалы
және тиімді уақытында көрсетуге үйретеді.
    Мал шаруашылығының жүйесі - өнім өндірудің жоғарғы  дәрежесі  жемшөпті,
еңбекті,  құрал-жаббықтарды  аз  жұмсау  негізінде,  интенсивтендіру  арқылы
қамтамасыз   етуге   бағытталған   экономикалық,    ұйымдастыру-шаруашылығы,
зоотехникалық,  мал  дәрігерлік  әдістердің  жиынтығы.  Міне  сол   себептен
ветеринария негіздеріні пәні мал басын көбейтіп, оның өнімділігін  арттыруға
жағдай жасайды. Жалпы биологиялық, аурутану, фармакология,  хирургия,  індет
тану, инвазиялық аурулармен  және  қоғамдық-экономикалық  ғылым  салаларымен
пәнаралық тығыз  байланыста  бола  отырып  мамандықты  қалыптастыратын  пән.
Пәннің негізін жалпы биология, физиология мен  патофизиология,  азықтандыру,
фармакология, аурутану, ішкі жұқпалы емес аурулар, хирургия  және  экономика
пәндері құрайды.
       Болашақ  мамандыққа  маңызы  зор  қоғамдық  және  арнайы  клиникалық
пәндерді міндетті түрде және терең  игерген,  шаруашылықтарда  ауруды  емдеу
әрекеттерін және олардан сақтандыру шараларын ұйымдастыруды  тиянақты  түрде
орындай алатын білімді мал дәрігері мамандарын дайыдауда бұл  пәннің  алатын
орны  ерекше.  Малшаруашылық   өнімдерін   нәтижелі   пайдалануды   малдарды
аурулардан   сақтандыру   бағытындағы   теориялық,    методологиялық    және
ұйымдастырушылық салаларының жеткен  жетістіктерін  түгелдей  дерлік  есепке
ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара  және  топтап  емдеуді  ары  қарай
дамытып жетілдіру  арқылы  іс  жүзіне  асыруға  болады.  Ол  үшін  жоспардың
негізгісі ретінде диспансеризация  жүргізу  ұсынылады.  Көптеген  аурулардан
айықтыруда азықпен емдеудің  (диетотерапия),  ветеринарлық  лабораторияларда
азықтарды тексеруді  жан-жақты,  кең  түрде  жүргізудің  сапалы  және  дұрыс
азықтандыруды қадағалау үшін маңызы зор.
               Организм – ол тірі биоұлпалық, бүтіндік,  динамикалық  жүйе.
Организм бүтіндігі ол бірігуі (интеграция)
      Организмнің  барлық бөліктерінің структуралық бірігуі  (  организмнің
барлық бөлігі біркелкі құрылымнан тұрады: жасушалар,  ұлпалар, мүшелер)
      Организмнің  барлық бөліктері  тамырларда,  қуыстарда,  кеңістіктерде
(гуморальды – humor – суық )  айналатын суықтардың көмегімен   және   барлық
органдарды реттеуші жүйке жүйесінің үрдісі арқылы  бірігеді.
       Организм  –иерархиялық  жүйе,   жалпы  құрылым  схемасынан   тұрады:
организм – органдар cистемасы – орган-  органның  функционалдық  элементі  –
ткань , ұлпа- клетка, жасуша – клеткалық құрылымдар – молекулалар.


      Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы
организмнің күй-жайын анықтайды. Ауруды  анықтау  және  болжау  үшін,  дұрыс
емдеу әдісін таңдау мақсатында  аурудың  белгілерін  тексерудің  (семиотика)
маңызы    өте   зор.   Малдарды   аурудан   сақтандыру   әрекеттерін   дұрыс
ұйымдастырып,  нәтижелі  ем  қолдану  үшін,   жалпы   табын   бойынша   ауру
белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтау қажет.
      Мал мамандарының  мал дәрігерілік жұмысын жете білуде мына шараларға
аса көңіл бөлуі қажет,  малды аурудан сақтандыру шаралары Оның негізі
ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру.
Қандай ауру  болмасын, патологиялық үрдіске жалғыз ауырған ағза ғана емес,
белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
       Ауру  малды  нәтижелі  емдеп,  ойдағыдай  сақтандыру   үшін   ауруды
белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, түп-нұсқасына жете  зерттеу
қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:
      1. Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
      2. Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін  лабораториялық
         зерттеулер жүргізу;
      3. Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);
      4. Аурудың даму үрдісіне көңіл аудару (патогенез);
      5.  Тексеру  барысында  анықталынған   ауру   белгілерін   (семиотика,
         симптомотология, синдроматика) талдау;
      6. Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
      7. Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз);
      8. Ауруға ем тағайындау (терапия);
      9. Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).
    Бұл жоспардың ішінде ауруды  дұрыс  анықтау  мен  оның  себептерін  дәл
табудың ауруды  емдеу  және  сақтандыру  шараларын  дұрыс  ұйымдастыру  үшін
маңызы өте зор.
    Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер
    1.Веиеринария негізі пәні нені уйретеді
    2. Семиотика нені білдіреді
    3. Синдроматика нені білдіреді
    4.Ауру малды нәтижелі емдеуде не кұрылуы қажет


    Дәріс №2 Ветеринария негіздерінің  қышқаша тарихы және оның өркендеуі


    Сұрақ атауы 1  Жұқпалы  емес  және  індетті  аурулардың  алдын  алудағы
ветеринарияның қазіргі өмір талабына сай жетістіктері
    Сұрақ атауы 2 ҚР Ветеринария туралы заңдары.


    Ветеринарияның алдына қойған міндеттері


    Патологияның даму тарихы өзінің түбірімен өте тереңге бойлап кетеді. Ол
адамның  дамуындағы   оның   әлеуметтік   –   экономикалық,   және   адамзат
цивилизациясы мен адамгершілік  көз  қарастың  дамуымен  байланысады.  Ғылым
тұрғысына көз қарастың болмаған кезеңінде аурудың маңызы   демоникалық  және
онтологиялық көріністер және  онтологиялық  патологияның  дамуы  мен  (грек.
Ontos – тіршілік,  pathos -  күйзелу,  лат.   logos  -  оқу),   сипатталады.
Б.э.б. 460 – 377 жж. грек дәрігері  Гиппократ  гуморальдық  (grek.  Humor  –
ылғал,  сұық,  нәр)   патологияны   дамытты,   оның   негізінде   дені   сау
организмде, организм нәрінің ара қатынасы тең болуы (қан, шырыш,  сары  және
қара өттің) жатады (эукразия), ал  дерт  олардың  өзгерісі  немесе  араласуы
(дискразия)  мен  мүшелерде  «ауру  тудыратын  материяның»   орналасуы   мен
сипатталады.
    Б.э.б. 156 - 128 жж. Асклепиад солидарлық  патологияның  негізін  салды
(лат. Solidum – тығыз) ол аурудың  мәні  организмдегі  атомдардың  орналасуы
дұрыс болмағандықтан (тығыз, сиретілген) деп түсіндірді.
       Гален  (б.э.  ІІ  ғ.)  синтетикалық    (гуморальдық   –   солидарлық
патологияны) дамытты, ол ХІІ – ХІІІ  ғасырда,  дәрігерлердің  көзқарастарына
үлкен әсер тудырды. ХІІ ғасырда  аурудың мәнін түсінудің  екі  бағыты  пайда
болды: иатрофизика (грек. іаtros – дәрігер) ол ауруды организмнің  физикалық
қасиетінің бұзылуы және иатрохимия  ол  аруды   қанның  химиялық  қасиетінің
өзгеруі, асқорыту нәрінің, тағы басқа организмнің  бөліктерінің  құрылымының
өзгеруімен түсіндірді.
      Россияда аутопсия  Петр І  ұйғаруымен 1706  ж.  енгізілді.  ХҮІІІ  ғ.
ортасында  италиалық дәрігердің Джованни Морганьи (1682-1771)  700  аутопсия
негізінде «анатомдардың анықтауындағы  аурудың  шығу  орны  және  себептері»
атты еңбектері жықты.  Онда  аурудың  клиникалық  белгілері  мен  мүшелердің
морфологиялық өзгерісінің байланысын көрсетуге тырыстып,  органопатологияның
негізі құрыла басталды.
      Алғашқы рет «патологиялық анатомия» негізін неміс  патологі  Хоффманн
1713 ж. енгізді. Одан  ары  жалпы  патология  мен  патологиялық  анатомияның
өңделуін 1855  ж.  неміс  ғылымы  Р.  Вирхов,  Шлейдан  мен  Шванн   әртүрлі
тіршілік иелері өсімдік  пен  жануарлар  жасуша  теориясын  құрлысын  ашқан,
микроскопиялық техниканың  даму  негізінің  арқасында  (1824-1902)  дамытты.
Микроскопиялық  зерттеу  нәтижесінде   зақымдалған   мүшелердің    Р.Вирхов,
аурудың материалдың  субстраты  -  ол  жасушалар  –деп  көрсетті.  Патология
тарихында микроскопиялық зерттеулер кезеңі  басталды.  Электронды  микроскоп
пайда болғаннан неміс инженері Е. Руской 1832 ж.  жасап  шығарғаннан  кейін,
ультраструктуралық патология дамыды. Ары қарай патологияның  дамуын  үдеткен
Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқада   микробиологтардың   адам  мен
малдардың індетті ауру қоздырғыштарын, И.И.  Мечников,  П.Эрлих  иммунология
саласы мен салыстырмалы патологияны ашқаннан кейін дамыды.
      ХІХ ғасырдың екінші  жартысында   Клод  Бернар,  Конгейм  және  басқа
ғалымдар ауруларды зерттеуде, тәжірибе ретінде малдарға  физиологиялық  және
биохимиялық зерттеу әдістерін  қолдана  бастады.  «Патологиялық  физиология»
терминін алғашқы рет И.Варандес ХІІ ғасырда қолданды.
      Орыс елінде  патологиялық  физиологияның  дамуы  белгілі  физиологтар
И.М.Сеченов,  С.П.Боткин   және   олардың   оқушылары   В.В.Пашутин   –Казан
университетінің (1874) жалпы және эксперименталды патология кафедрасының  ең
алғашқы   меңгерушісі    және   Петербургтегі   (1879)    Әскери-медициналық
академиясымен  байланысты.  Олар  бірінші  болып  алғашқы  оқулықты   «жалпы
патология дәрістері» жазып шығарды. Патологиялық анатомия мен  физиологияның
ары қарай дамуына үлкен әсерін тигізген  И.П.Павлов  (1852-1936)  және  оның
мектебі. Ветеринариялық   жалпы  патологияның  негізін  түзуші  И.И.  Равич,
«Жалпы зоопатология» оқулығын жазды. Патологиялық  физиологияның  ары  қарай
дамуына  үлес  қосқандар  Е.С.Лондон,  М.П.Тушнов,   Г.Н.Крыжановский   және
басқада ғалымдар.
    ХХ ғасырда патологиялық анатомия  мен  патологиялық  физиология   тығыз
байланыстағы ғылымдар ретінде, өздеріне тән және арнайы зерттеу  әдістерімен
бірге,  басқада  адам  мен  малдардың  молекулярлық  патологиясы  мен  жалпы
дамуының негізін  түзуші     биохимия,  биолфизика,  иммунология,  генетика,
молекулярлы биология,  электрондық  және  информатиканың  жетістіктерін  ары
қарай жетілдіреді




         Дәріс №3  Жануарлардың патологиялық үрдісі жөнінде түсінік.
    Сұрақ атауы 1  И.И.  Мечниковтың,  И.М.Сеченовтың,  И.П.Павловтың  ауру
туралы көз қарасына түсінік.
    Сұрақ атауы 2  Организмнің қорғаныс кедергілері (барьерлері
    Ауру туралы  ұғым  – нозология  (грек. nosos – ауру, logos - ілім-оқу)
    Организмнің   сыртқы   ортаның   өзгерістеріне    қалыптасу    касиетін
физиологиялық   реттелу деп атайды. Бүкіл  дүние  жүзілік  денсаулық  қорғау
ұйымы (ВОЗ) айтуы бойынша  адам  денсаулығын  - «физикалық, психикалық  және
әлеуметтік толық жағдайы» -  ол организмнің  ауруы  жоқ  дені  сау  қалпымен
жұмысқа қабылетті жағдайы – деп көрсетсе, ал малдарға келсе   олардың   өнім
беру сапасы - деп көрсетеді.  Дені сау мал үшін анатомо-физиологиялық,  өнім
беру – репродуктивтік, және биохимиялық олардың өмір сүру жағдайына,  күтімі
мен азықтандыруына, мал басының көбейуі мен қолдану  жүйелерінің  оптималды,
санды және сапалы көрсеткішері сипатталады. Дені сау  организм  белгілі  бір
тұрғыда  төзімділік  қорын,   резервтік   күш,   генетикалық   өзгерушілікті
қалыптастыратын  сыртқы  ортаның  ауысу  жағдайына  байланысты  қабылеттілік
танытады.
    Организмнің   ішкі   ортасының    тұрақтылығы   бұзылған   кезде   оның
морфофункционалдық  аппараттары  физиологиялық  көрсеткіштері   гомеостаздың
көрсеткіштерінен асып кетеді. Осындай  организм  қалпы  ауру  деп  қаралады.
«Ауру – дегеніміз организмнің сапалы  өмірәрекетінің  жаңа  үрдісі,  төтенше
тітіркендіргіштің  әсерінен  арнайы   бір   физиологиялық   аппараттар   мен
құрылымдық элементтердің қорғаныш механизімінің қозғалуы». Кез  келген  ауру
күрделі құбылыс ретінде бір-бірімен әрекетесетін   қарапайым  компонентердің
жиынтығы немесе патологиялық үрдіс.
    Патологиялық үрдіс – ол организмдегі  өмір әрекеті бұзылғанда  бірте  -
бірте  зақымдалатын    және  қорғануға  бейімделген   құбылыс.    Қабынудағы
болатын  фагоцитоз  патологиялық  үрдістің  тұрғылықты   бір  элементі   оны
патологиялық реакция деп атайды.
    Сонымен  ауру  дегеніміз  күрделі  комплекс  бір-біріне  қарсы  келетін
реакция мен үрдістен құралған арнайы бір жерде  орналасып  уақытша  динамика
туғызады.   И.  П.  Павловтың  айтуы  бойынша  аурудың  пайда  болып   дамуы
патогендік факторлардың  әсерінен   субклеткалық,  клеткалық,  ұлпалық  және
мүше жүйелерінің  компенсаторлық,  қорғаныс-бейімдеушілік  реакциялары  ауру
үрдісін  жауып,  клиникалық  белгісі  білінбей,   жабық   латентті   түрімен
сипатталатын, аурудың белгісін зертханалық әдістерді қолданып анықтайды.
    Аурудың жасырын кезеңі егер этиологиялық фактор  ары  қарай  әсер  етсе
онда  –  продромальды  кезеңге  (тәбеттің  болмауы,  әлсіздік,   бұлшық   ет
тонусының төмендеуі) аурудың айғағы байқалмайтын кезең болады. Бірте  –бірте
ауру анықтала бастайды.  Аяққы кезең  не  жазылып  толық  жақсарады,  немесе
жақсармай, арықарай өлімге әкеледі. Толық жазылса иммунитет пайда болды.
    Дене  бітім     (лат.   constitutio   –   жағдай,   қасиет)   –   тұқым
қуалаушылықтың және  жүре  пайда  болған  қасиеттер  негізінде  қалыптасқан,
жеке  түрлердің   құрылымдық,  функциялық  және  өмір   әрекетінің    немесе
жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
    Жеке түр ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды.  Сиго
мен  Кречмердің  жіктеуінде  құрылымдық  ұстаным   жатыр.   И.П.Павлов   пен
Богомольцтің  жіктеу   негізіне   реттеуші   жүйелердің   қызметі   алынған.
Құрылымдық және қызметтік ұстаным  М.В.Черноруцкийдің  жіктеуінің  негізінде
алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі  белгілі  бір  топқа
жататын   жануарлардың   патологиясының   ерекшелігін   анықтауға    болады.
Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне,  қантты  диабет  ауруына
бейім, катехоламиндер әсері  күшейген.  Астениктер  анемияға,  гипотензиялық
жағдайларға бейім, туберкулез,  жиі кездеседі.


    Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер
    1. Ауру туралы ұғымды қалай түсінесіз

    2. Патологиялық үрдіс нені білдіреді

    3. Дене бітім – дегеніміз нені білдіреді

    Дәріс №4  . Аурудың этиологиясы, патогенезы, клиникалық белгілеріне
түсінік
    Қарастырылатын сұрақтар:
    Сұрақ атауы 1. Аурудың патогенезы.


    Сұрақ атауы 2  2.Аурудың этиологиясы


    Сұрақ атауы 3  Жалпы этиология - ауру тудырғыш факторлардың  организмге
әсері


    Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму
тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
    Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен
зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
    Патогенез - патологиялық  физиологиядағы   ауыл  шаруашылық  малдарының
ауруының желісі,  даму ерекшеліктері,  сипаты  және  механизімі  мен  таралу
жолы  туралы  оқытады.
    Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің
дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
    Патогенездегі  кері  айналып  соғу  шеңбері   (circulus   vitiosus)   –
патогенездің  тізбектерінің  арасында  соңғы   тізбек   алдыңғысын   күшейте
түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың  тұйықталуына  әкелетін
және салдар себептің әсерін күшейтетін оң  кері байланыстың түзілуі.
    Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – ауруды  себебін
аластатуға   және    организмнің    төзімділігін    арттыруға    бағытталған
шаралар
    Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін  жоюға
бағытталған шаралар.
    Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім)  -   аурулардың  себептері
мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
    Себеп  – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
    Себепке жетектеуші немесе тән жәйіттар:
 • Ауру дамуының алдында әсер етеді
 • Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы  арасында
   тепе-теңдік бар
 •  Ауру  туындатқан  жайтты  аластатқанда  ауру  белгілері  жойылады   және
   науқастың сауығуы дамиды
    Жағдай  – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жәйіттар
Жалпы  этиология.  Сыртқы   ортаның   тітіркендіргіштері   өмір   әрекетінің
үрдісінен  байланысадыда,     олар   ары   қарай   организмде   патологиялық
үрдістерді  дамытады.  Ауру  тудыратын   сыртқы   факторларға   механикалық,
физикалық, химиялық және  биологиялық   организмге әсер етушілер  жатады.
    Механикалық факторлардың әсері. Әртүрлі механикалық агенттер  әсер  ету
арқасында  организмде  ұлпаларды,  мүшелерді,  зақымдап   жарақат   туғызып,
функцияларын  бұзуға   әкеп   тірейді.    Механикалық   жарақаттарға   турлі
зақымданулар,  үшкір  немесе  топас  заттар,  атылатын  қарулар,   қысылудан
зақымдалған жаралар  жатады. Жабық зақымдалған жарақаттарға (тері  жабынының
  бүтіндігінің  бұзылуы)  ұлпалардың  қысылуы  (ісінген,  домбыққан),  топас
заттармен  зақымдалған,  сіңірі  созылған,  буыны  шыққан,  сүйегінің   жігі
ашылған немесе жарықжақталып сынған, жабық сынықтар   жатады.  Морфологиялық
ерекшеліктері  мен  шығу  тегі  бойынша  жараланған  затқа   және   зақымдау
механизміне байланысты кесілген , шабылған, атылған, пісілген,  жаншылған  ,
жырылған, тесілген  және  уланған  деп  бөлінеді  Механикалық   факторлардың
организмге әсер етуіне байланысты  олардың  күші  мен  тітіркендіргіш  әсері
және  зардабы зақымдау дәрежесіне байланысты болып келеді.
      Физикалық факторлардың әсері. Ауру тудыратын  физикалық   факторларға
жоғарғы немесе төменгі температуралар, сәулелі энергия, электр тоғы,  дыбыс,
барометрлік қысымның өзгеруі жатады.    Жоғарғы    температура әсер  еткенде
организмде  жергілікті және жалпы   патологиялық  өзгерітер  пайда  болуымен
сипатталады. Ыстық заттар мен организм ұлпаларының  жанасуы (металл,  әйнек,
су,  май,  бу  т.б.)  жергілікті   өзіне  тән  зақымдалулар  туындап  күюмен
сипатталады. Сондай жағдайда ұлпалардың  зақымдалу  дәрежесін  еске  аламыз.
Күйіктер  көмірсу,  белок,  май,  басқада  зат   алмасу   түрлерін   бұзады.
Ұлпалардың оттегін қолдануы бұзылады, сондықтан организмде тотықтану  үдрісі
төмендеп тотығуға жатпаған  алмасу  заттары  пайда  болады.  Қанда  жиналған
токсинді заттар организмнің улануын тудырады. Қан  мен  несепте  улы  заттар
пайда. Міне осының салдарынан  күйік ошағында нерв   тежелуінің  нәтижесінде
қан  құрамы  өзгеріп  және  организм  заттары  уланғандықтан  өлімге  әкеліп
тірейді.  Жалпы  жоғарғы  температураның  әсерінен  организм  ысынып,  ыстық
соққсынын тудырады.
    Организмге төменгі температуралардың әсері.  Төменгі  температуралардың
әсер ету нәтижесінде организмде жалпы және жергілікті өзгерістер  туындайды.
Жергілікті температуралардың әсерінен перифериялық  тамырлардың  қабырғалары
қысылып (спазм) тері ақшылтым болады.    Одан  кейін  парез  немесе  паралич
нәтижесінде ұлпалардың тамыр тарылтарын  жуйке  аяқшаларының  сезімталдылығы
жоғалып,   тамыр   тонусы   төмендеп,   кеңейедіде,   тамыр   қабырғаларының
өткізгіштігі  жоғарлап  қан  сұйығы  зақымдалған  ұлпаға  жайылады.  Төменгі
температуралардың әсер ету нәтижесінде зақымдалған ұлпа  интенсивтілігі  бір
қатар  жағдайларға  байланысты.  Сыртқы  ортаның  температурасының  төмендеу
дәрежесі, әсер ету ұзақтығы, атмосфералық  құбылыстарға  байланысты.  Желмен
бірге  болған   ылғалды  суық  қатты  әсер  етеді  .  Әсіресе    организмнің
перифериялық  бөлімдері  қатты  әсер   алады:    құлактар,желін   ұштары   ;
жылқыларда  — тұяқ негізі, айшығы, аяқтың  тұсамыс  салатын  жерлері.   ума.
препуция.
     Бүкіл  организмнің немесе оның бөліктерінің жаурауы  суық тиіп  ауруға
ұшырайды.    Мысалы  терлеген малдар өтпе  желде  көп  уақыт   болса  немесе
суық суға түссе тыныс алу жолдары, өкпелері  буындары,  бүйректері  ауырады.
  Денесі тоңазыса  организмнің иммунобиологиялық қасиеті азайып   (фагоцитоз
және   антиденелердің   түзілуі   төмендейді),организмнің    резистенттілігі
төмендеуіне  әкеледіде  әртүрлі   микроорганизмдер  әсер   етіп   ұлпалардың
коллоидты құрылымы бұзылады. Организмнің канмен қамтасасыз  етілуі  бұзылады
(мидың,  тыныс  алу  жолждарының  кілегейлі  қабатарының    т.б.).   Сонымен
жергілікті  және  жалпы  дененің  сууы  ауруға   жағдай   туғызушы   ретінде
қарастыруға болады, малдарды  суықта  тоңдырмау  үшін  алдын  алу  шараларын
қарастыру қажет.
    Сәулелі энергия әсері.  Сәулелі  энергияның  патологиялық   әсері  оның
түріне байланысты,   сәулелендіру интенсивтілігіне ,   әсер  ету  ұзақтығына
байланысты,  организмнің  реактивтілігін   қасиетіне   байланысты.   Сәулелі
энергия   организм  ұлпаларына   жұтылып,    жылу   энергиясына   айналадыда
организмнің температурасын көтереді, қан айналу процесін   жылдамдатып   зат
алмасу  процесін   күшейтеді.      Ультракүлгін   сәулелерінің     спектріде
организмдегі  патологиялық  процестің   дамуында    үлкен   роль   атқарады.
Ультракүлгін  сәулелерінің   спектрі қысқа болса,  сәуле әсері жіті  келеді.
Ультракүлгін  сәулелерінің   жіті  әсері  тері  капиллярлары  субкапиллярлар
торы кеңейтіп ұлпаларда қабыну тудырады.  Бұл  құбылыстар  тамыр  қозғалтқыш
нервісінің реттелуі  төмендегендіктен,  тамыр  тонусы  төмендеу  нәтижесінде
жасушаның зат алмасуы мен ферменттерінің   әрекеті өзгеруі  туындайды.   Күн
сәулесі  спектірінің  ұзын  толқындары,  қызыл  және   инфрақызыл   сәулелер
организм ұлпасына жылу береді.  Мысалы ұзақ уақыт кұн астында  болса  бастан
күн  өту.  Сол  уақытта  патологиялық  өзгерістер  организмде  орталық  нерв
жұйесін қоздырады, ыстық көтеріліп, тыныс  алу,  жүрек   ритімі    жиілейді,
қан айналымы бұзылады. Күн өткенде жалпы дене қызуының  қөтерілуі,   Орталық
нерв жүйесінің қызуды реттеу орталығының     шарттылығына  байланысты,   күн
өткенде жалпы дене қызуының  қөтерілуі   екінші  реттікке  жатады.  Көбінесе
орталық жүйке жүйесiнiң салдануынан мал өлімге ұшырайды.


    Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
                              Бақылау сұрақтары
    Патогенезді қалай түсінесіз
    Этиологияны қалай түсінесіз
    Этиологиялық факторларға нелер жатады
    Организмге механикалық факторлардың ісері
    Организмге физикалық факторлардың әсері
    Организмге төменгі температуралардың әсері
    Организмге сәулелі энергияның  әсері
    Организмге иондаушы сәуленің әсері
    Организмге электр тоғының  әсері
    Организмге атмосфералық қысымның әсері
    Организмге химиялық  факторлаодың әсері


    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер


    Дәріс №5.   Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы Реактивтілік
               түрлері. Патологияның дамуындағы стресстың ролі


    Сұрақ  атауы.  Организм  реактивтілігі,  анықтамасы.   Тітіркендіргішке
организм жауабының түрлері.
    2  Сұрақ  атауы.  Организмнің  төзімділігі,  анықтамасы,  төзімділіктің
түрлері.
  1. Сұрақ атауы Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.


      Сұрақ атауы еактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм
конституциясының маңызы


    Реактивтілік (Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне
организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).
          Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының  әсерлеріне  организмнің,
оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін  өзгертіп  жауап  қайтару
қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).
           Реактивтілік   белгілі   бір    тітіркендіргішке    (жылдамдығы,
қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.
    Организм  реактивтілігі  –  ол  организм  бір  тұтас  құрылым   ретінде
қоршаған орта  әсеріне  тіршілікке тән қасиет зат  алмасу,  даму,  өсу  т.б.
ретінде өзгеруі арқылы жауап беруі.
    Реактивтіліктің көріністері:
    Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда
нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
    Патергия- қалыптан тыс жауап:
 • гиперергия – реактивтіліктің жоғарылауы
 • гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері
   айқын болмай өтеді) (мал қәрілігің реактивтілігі)
 •  анергия  -  реактивтіліктің  мүлде  болмауы  (өзі  ауырмай  микробтардың
   тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
 •  дизергия  -   қалыптан  тыс,  бұрмаланған  жауап  (төмен   температураға
   тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
    Организм  төзімділігі   –   ауру   тудыратын   ықпалдарға   организмнің
тұрақтылығы  (resisteo-қарсы  тұру).   Төзімділік   белсенді   және   енжар,
біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
    Белсенді  төзімділік:   гипоксия   кезінде   эритропоэздің   әсерленуі,
қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
    Енжар төзімділік:  тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан  сөлінің
тұз қышқылы.


                           Реактивтіліктің түрлері
 • Түрлік – реактивтіліктің жалпы  түрі,  бүкіл  бір  түрдің  жауап  қайтару
   ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің  қысқы  ұйқысы,
   түрлік иммунитет)
 • Топтық   - түрдің ішіндегі  кейбір  топтардың  жауап  қайтару  ерекшелігі
   (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)
 • Даралық  - жеке тұлғалардың реактивтілігі, әр  мал  қайталанбайтын  тұлға
   екендігін көрсетеді.
 • Реактивтілік физиологиялық  (организмнің қалыпты жауабы)
          және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып
бөлінеді.
          Арнайыланған  немесе  иммунологиялық  реактивтілік  –  антигеннің
әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық)  түзіп
жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік –  иммунитеттің  ақаулары
(аллергия,   иммунодепрессивті,   иммуннотапшылықты   жағдайлар).   Бейнақты
реактивтілік  –  сыртқы  орта  ықпалдарына  организмдегі  иммундық  жауаппен
байланыссыз өзгерістер.
    Нормостениктерде  артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
    малдың  жасы  жауап  қайтару  серпілістерін  анықтайды.  Жас  малдардың
реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
 •  Жүйке  және  эндокрин  жүйесінің  құрылымдық   және   функциялық   дамуы
   аяқталмағандығымен.
 • Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен
 • Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.
       Қәрі малдарда  патологияның келесі ерекшеліктері тән:
 • Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).
 • Аурулардың созылмалы түрде өтуі.
 • Патологияның көптігі
 • Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы
 • Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, ауруларының жиі кездесуі.
    Жыныс ерекшеліктері   жауап  қайтару  серпілістерін  анықтайды.  Аналық
малдар  қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары  жиі
кездеседі. Аталық малдар    стрессорлардың  әсеріне  төзімсіз,  дезадаптация
аурулары: жүректің ишемиялық ауруы, асқазанның ойық жара  ауруы,  артериялық
гипертензия жиі кездеседі.
    Реактивтілік барлық тірі организмге тән касиет. Эволюция  процессесінде
тірі  организмнің   барлық  күрделілігіне  сай,  реактивтіліктің   түрі  мен
механизміде  күрделенеді.  Егер жануар құрылысы қарапайым болса,  онда  оның
жүйке  жүйесіде  толық  дамымайды,  сондықтан   түрі   мен   реактивтілігіде
қарапайым. Қарапаймдар  мен  көптеген  омыртқасыз  жануарлар   реактивтілігі
оларға жағымсыз сыртқы ортада өмір  сүруде,  тек  зат  алмасудың  өзгеруімен
шектеледі.  Төменгі  сатылы  жануарлардың  реактивтілігінің  ерекшелігі  зат
алмасу процесінің интенсивтілігін өзгеруі, сыртқы  ортаның  температурасының
төмендеуі,  онда  оттегінің  азаюына  төзімділік   көрсетумен   сипатталады.
Жануарлардың даму сатысы неғұрлым жоғарырақ болса  соғұрлым  сыртқы  ортаның
зиянды заттарының әртүрлі әсерінін  белсенді түрде сезінеді.
    Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер
    Реактивтілікті қалай түсінесіз
    Реактивтілік көріністерін атаңыз
    Реактивтіліктің түрлерін атаңыз

Дәріс №6    Организмның иммунологиялық реактивтілігі  (иммунитет,  аллергия,
анофилаксия) Гипо; Гипербиотикалық үрдістер


    Сұрақ атауы 1 Организмның иммунологиялық реактивтілігі
     Сұрақ атауы 2 ; Гипербиотикалық үрдістер
    Гипербиотикалық процесстер


            Организмнің  иммунологиялық  реактивтілігі  –  дененіміз,   бір
бірімен  тығыз  байланысатын  құбылыс  ретін   түзуші   организмнің   ерекше
реактивтілігі.  Осы  тараптан  қарағанда  иммунитет  –   індетті   ауруларды
қабылдамайтын,  жоғарғы немесе төменгі  организм  сезімталдылығының   өзгеру
реакциясы (анафилаксия, аллергия), мен уларға қалыптасуы.  Жоғарыда  аталған
түрлі  құбылыстарды  иммунологиялық  реативлік    деп,    аталып,     келесі
белгілермен  сипатталады:  біріншіден,  бұл  құбылыстар   организмнің   ішкі
ортасына   түскен   тітіркендіргіштер   мен    «    бөгде»    тіршіліктердің
(микроорганизмдер),  ұлпалардың   патологиялық   өзгерулері,   денатурленген
белоктар,  әртүрлі   антигендер,   токсиндер,   алколоидтар   т.б.   әсеріне
организмнің  жауабы ; екіншіден, олар қорғаныш қызметін атқаратын және  ішкі
ортаның тепетеңдігін  сақтаушысы  (гомеостаз);  үшіншіден  бұл  реакцияларда
антиденелер мен антигендердің әрекеттесетін үрдістерін байқауға болады.
    Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу,  құтылу),  Иммунитет
дегеніміз  -   Организмнің,   азаның  кез  келген  ауруға  төтеп  бере   алу
қабілеті.
    Иммунитет - ауру тудыратын агентердің  әсеріне,  оның  ішінде  инфекция
қоздырғыштарына  қарсы тұратын организимдегі жиі байқалатын  резистенттілік.

      Организмнің иммундық  жасушалары  ауру тудырғыш  «бөтен»  микробтарды
өлтіретін  бактериялардан   тұрады.  Бұл   бактериялар   ағзадағы   иммундық
жасушыларды қолдап отырады және  аминқышқылдар  мен  витаминдерді  өндіреді.
Егер организмде  бұл микроорганизмдер аз  болса,  онда  «бөтен»  бактериялар
үстемдік алып, ауырта бастайды.
    Иммунитет түрі көп олар:  шығу тегі бойынша, белсенділік танытуы
бойынша, түзілу механизмі бойынша басқада ерекшеліктеріне байланысты
сипатталады.
    Иммунитет түрлері.
    Туа біткен иммунитет тұқым қуалаушылық  арқылы   берілетін  организмнің
арнайы түрлік қасиеті, мысалы  ірі қараның  ала  өкпе  ауруына,  шошқа,  құс
обасына және т.б.  жылқы иммунитеті жоғары болады.
    Түр аралық иммунитет дегеніміз жануарлар түрінің   белгілі бір  індетке
қарсы   тұруы,  мысалы  алжир тұқымды қойлар топалаң ауруына (сібір  жарасы)
төзімді келеді, иоркшир тұқымды шошка түрі  тілме  (рожа)  ауруына  төзімді,
монғол тұқымды ірі қара малдар оба індетіне  төзімді  болғанымен,   жоғарыда
аталған түрлердің тұқымдастары осы ауруларға төзімсіз  ауырғыш  келеді.  Туа
біткен түр аралық иммунитет  індетке  ғана  емес  токсиндергеде  төтеп  бере
алады,  мысалы  тасбақалар  мен  кірпілер  рицин  мен   абрин   токсиндеріне
сезімталдығы басқа жануарларға қарағанда байқалмайды.
    Кейбір  жануарлар  мен  адамның  қанында  организмді  жұқпалы   аурудан
қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда  болған
иммунитет деп атайды. Бұл  қасиет  тұқым  қуалайды.  Туған  күнінен  бастап,
өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде  түзілетін  организмнің  қарсы  тұру
қабілеттілігін жүре пайда болатын  иммунитет  деп  атайды.  Ол  табиғи  және
жасанды  деп  екіге  бөлінеді  (екеуі   де   белсенді   және   енжар   болып
ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі  жұқпалы
аурулармен  науқастанып  тұрғаннан  кейін  пайда  болады.  Әдетте,  ол  ұзақ
мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына  сақталады.  Мысалы,  адамдар
шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет  ауырып  тұрса,  екінші  рет
қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің  енжар  түрі  нәрестеге  құрсақта
жатқанда  шу   (плацента)  арқылы,  ал  туғаннан  кейін   анасының   сүтімен
беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа  созылмайды,  төл  белгілі  бір  мезгіліне
жеткен уақытқа  келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау  үшін  алдын  ала  егудің  немесе  биологиялық  препараттар
енгізудің нәтижесінде түзілген  иммунитет  жасанды  иммунитет  деп  аталады.
Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін  пайда  болса  –  белсенді,  ал
дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса  –  енжар  иммунитет  дейді.
Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған  белсенді  иммунитет  енжар
түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады.  Мысалы,
шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы  егу.
Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 –  3  аптадан
1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы,  сіреспе,  ауруларына,  ботулизмге
қарсы иммунды қан сарысуларын егу.  Иммунитеттің  түзілуіне  бүкіл  организм
қатысады. Басқарушы және бағыттаушы  орган  –  орталық  жүйке  жүйесі  болып
табылады. Жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға  болады.  Оны  –
иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және  енжар  болып  екіге  бөлінеді.
Белсенді   иммунитеттеу   антигендерде   –   вакцина   препараттарын   (тірі
микроорганизмдерден алынған) егу (теріге  жағу,  тері  астына,  ет  арасына,
мұрынға, ауызға, көзге  тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет  күші,  қасиеті
иммунитет туғызған  вакциналық  препараттың  мөлшеріне,  сапасына,  дайындық
мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2  жетіде  қайталап
егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан  кейін  егілген
иммунитет. Енжар иммунитеттеуде  қан  не  қан  сары  суына  қосылған  арнайы
препараттарды  тері  астына,  ет  арасына  егеді.  Бұлар  дайын  антиденелер
болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан  қызылша,  күл,
сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға  арналған  иммунитеттеуді  қайталап
егеді.  Иммунитеттеу  ветеринарияда  да  жиі  қолданылады.  Әсіресе,  аусыл,
жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға  қарсы  жүргізіледі.  Адам
иммунитеті сыртқы орта және  әлеуметтік  жағдайларға,  адамның  жасына  және
жынысына  байланысты  болады.  Адамның  дене   қызуы   көтерілуі,   салқынға
шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы,  ауыр  жарақат
алуы,   әр   түрлі   ауруларға   (әсіресе,   эндокринді)   шалдығуы,   дұрыс
тамақтанбауы, витаминдер және кейбір  химиялық  микроэлементтердің,  фосфор,
кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің  жақсы  түзілуін
тежейді.
    Иммунитет   реакциясындағы   жасушалық   құбылыстар.     Иммунологиялық
реакциялар  организмнің  физиологиялық  жүйесінің    арқасында   атқарылады,
әсіресе   ол  ішкі   ортаның   салыстырылмалы   тепетеңдігінің   (гомеостаз)
бұзылуында   әсер етуші ретінде әрекетке кіредіде
    ретикулоэндотелиальды    немесе  фагоцитарлы  жүйенің  реакциясында  ең
маңызды рөлді атқарады.
    И.И.Мечниковтың фагоцитоз жайында ілімі.  Алғашқы  иммунитеттің  ғылыми
теориялық  негізін  қалаушы   И.И.Мечников.  Организмнің  зиянды   микробтар
енуіне  қарсы  тұра  алатын  ерекше  бейімделушілігін   организмнің   табиғи
төзімділігі (резистенттілігі)  деп  атайды.  Бұған  организмнің  кез  келген
бөгде  заттарға  қарсы  тұрып  оларды  жоюға  қатысатын  тері   эпителийінің
механикалық  қасиеті,  сонымен  бірге  ауру  қоздыратын  микробтарды   жойып
жіберетін  бактериоцидтік  заттар  бөлуі,  асқазан  сөлінің  микроб   жойғыш
қасиеті,  шырышты  қабаттардың,  лимфобездердің   қорғаныс   қабілеті,   көз
жасының, сілекейдің микробтарға  қарсы  әсер  ету  қасиеті,  қан  сарысуының
құрамында болатын қорғаушы  заттар  –  фагоциттер,  лизоцим,  бактериолизин,
т.б. жатады.  Бұлар  иммунитеттің  жалпы  әсер  етуші  факторларына  жатады.
Өйткені олар дені сау жануарлардың  барлығында  әр  түрлі  мөлшерде  тұрақты
түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары)  түскенде
оларды  тікелей  жоюға   қатысатын   белок,   яғни   табиғаты,   қорғаушылық
қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер  (иммундық  глобулиндер)
түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б.  ұлпаларында  өндіріліп,
қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа  қарсы
пайда  болса,  соны  ғана  жоюға   қатысады.   Олар   иммунитеттің   арнаулы
факторларына жатады.

    Аллергия  –  организмнің  өз  тіндерінің   зақымдануымен   қабаттасатын
иммундық әсерленістер

                 Реактивтіліктің   қалыпты   жағдайынан   жоғары    болуына
байланысты    аллергенге   әсерін    -   гиперегия   деп   атаса,    төменгі
реактивтілігін  -гепергия немесе анергия көрінісінде  байқалады.
    Аллергиялық реакцияның  парадоксальдылығы  кейде  организм   токсикалық
емес агентке өте қатты, ал токсикалық агентке   баяу  -  сылбыр  әсерленеді.
Мысалы сау жылқылардың  конъюнктивасына   бір  неше  тамшы  маллеин  тамызса
ешкандай  реакция  байкалмайды,  ал   маңқамен   ауырған   жылқыда   маллеин
тамшысынан кейін іріңді конъюнктивит пайда  болады.   Сонымен  қатар   шешек
вакцинасын иммунды  малдың  терісіне  жіберсе  ешкандай  жергілікті  өзгеріс
танытпайды, иммунитеті жок малда айқын қабыну үрдісі байқалады.
    Аллергияның себептері – аллергендер.
    Аллерген:  микробтар  (туберкулез,  бруцеллез,   лепра   қоздырғыштары,
пневмококтар,   стрептококтар),   вирустар,   паразиттер,   саңырауқұлақтар,
құрттар, әлсіз иммундық  қасиеті  бар,  молекулалық   массасы  төмен  тіндік
нәруыздар, вирусы бар жасушалар.
      Иммундық  сатысы:  Аллергенмен   қайтадан   түйіскенде   сезімталдығы
жоғарылаған    Т-лимфоциттердің (с-Тл)  түзілуі,  с-Тл  нысана  жасушалармен
өзара әрекеттесуі.

     Патохимиялық сатысы:  с-Т-  лимфоциттердің  лимфокиндерді  түзуі  және
босатып шығаруы

    Патофизиологиялық     сатысы       лимфокиндермен,      Т-жендеттермен,
макрофагтардың   лизосомалық  ферменттерімен  тін  жасушаларының  зақымдануы
аллергиялық қабынудың (гранулематозды) дамуы.
    Гипосенсибилизация   организмнің аллергенге сезімталдығының  төмендеуі.
Оның  арнайыланған  (аллергияны  туындатқан  аллергенді  енгізу  арқылы  қол
жеткізіледі: А.М.Безредка әдісі бойынша  сарысу  енгізу,  атопиялар  кезінде
аллергеннің   аз   мөлшерін   енгізу)   және   арнайыланбаған   (организмнің
реактивтілігін өзгерту арқылы) түрлерін ажыратады.



                      Ұлпадағы патологиялық өзгерістер
    Ұлпалардың өсуі мен дамуы бірінші жағынан, және екінші жағынан  тозығуы
мен өлуі бір процесс болып саналады. Ұлпалардың дамуы мен тозығуы
ассимиляция мен диссимиляция қызметін атқарып зат алмасудың  екі жағын
айқындайды. Бұл процесс қалыпты организмде қатаң координалды түрде өтеді.
Ал патологиялық жағдайларда   ұлпалардың дамуы мен тозығуы  маңызды түрде
бұзылады да  әртүрлі санды және сапалы жағынан, сонымен қатар функциясы
мен   морфологиялық құрылымы жағынанда ұлпалар өзгерістерге ұшырайды.
Әртүрлі өзгерістер ішінде негізінен екі түрі жақсы байқалады: функциясы
мен   морфологиялық құрылымының әлсіреуі – гипобиоз және олардың күшеюі –
гипербиоз .


                           Гипобиотикалық үрдістер


    Атрофия –  ұлпалардың немесе мүшелердің  ұлпалық алмасудың сапалық
бұзылуы болмағанмен,  функциясының   әлсіреуі мен  көлемінің кішіреюі.
Экспериментте әртүрлі әдіс қолданып байқауға болады мысалы тамырды немесе
нервті байлап көруге болады. Иттің бір бүйрегінің тамырын байлау арқылы,
бір айдан кейін  оның көлемі кішірейеді, ал бес –айда атрофияға айналады.
Егер сан артериясын байласа онда сан бұлшық еттері атрофияға айналады.
Атрофияның бірнеше түрі болады.
       Физиологиялық  атрофия  -  организмнің  өмір  сүру  денгейі  қалыпты
болғанмен кейбір органдардың функциялары мен көлемі  кішірейіп  төмендеуімен
сипаталады  мысалы зоб безінің атрофиясы,   немесе   туғанан  кейінгі  жатыр
инволюциясы,  ауысатын сүт тістерінің пульпасы.
            Кәріліктен болған атрофия -  организмдегі  барлық   үрдістердің
функциялары  бірте – бірде зақымдалып ондағы негізгі өмір қасиеттерінің  зат
алмасуы  төмендеп,  әлсіреумен   сипатталатын     атрофия.   Ондай   атрофия
малдарда ми жағынан болады. Кәрі малдардың жоғарғы  жүйке  әрекеті  төмендеп
шартты рефлексінің сакталуы үлкен еңбек арқылы боладыда,  сырқы орта мен  ми
қыртысының байланысы әлсірейді ,  Соның салдарынан  бүкіл  организмнің  өмір
әрекеті төмендейді. Мысалы жыныс бездерінің сөнуі, аналық  безде  фолликулар
дамуы бәсеңдеп бір-бірте мүлдем болмауы,  ал  аталықтарда  ұрық  –  шәуеттің
болмауы. Суйек  бұлшық  ет  систмасының  әлсіреп  сүйектің  сыңғыштығы.  Мал
өнімділігінің азаюы.
    Алиментарлы  атрофия   -  азызтың  жетіспеуінен,   жалпы   ұзақ   уақыт
ашыққаннан, азық сіңірілмеу салдарынан азық  қорту  мүшелерінің  бұзылуымен,
кейбір мүшелер  мен жүйелерде жергілікті өзгеріс  байқалып  қан  айналымының
бұзылуымен сипатталатын атрофия. Мал арып жүдеп азып көтеремге айналады.
    Функционалдық  атрофия - Мүшелер немесе жасушалардағы функцияның  толық
тоқтауы немесе әлсіреуінен пайда болатын атрофия. Жүйке жүйесінің  трофикасы
төмендегеннен салданып, зат алмасуы нашарлап мүшелер мен   ұлпаларда  қанмен
толық қамтамасыз етілмейді
    Қысымнан болатын  атрофия  Мүшелерді  немесе  жасушаларды   механикалық
заттармен,  ісіктермен,  бөгде  заттармен,  сүйектермен  жаншылудан  болатын
атрофия. Бұл атрофияда   зат алмасуы нашарлап мүшелер мен  ұлпаларда  қанмен
 толық қамтамасыз етілуі бәсеңдейді.
    Эндокринды   атрофия  Организмдегі  ішкі  секреция   бездері   гипофиз,
қалқанша  безі,  қалқанша  маңы  безінің  қызыметінің   бұзылуынан   болатын
атрофия.
           Кахексия – атрофия бүкіл организмді жайлап мал арып  жүдеп  азып
көтеремге айналады, физиологиялық тонусы нашарлайды (  жылқының  инфекциялық
анемиясы,  ірі  қара  туберкулезі),  созылмалы  уланулар  (сынап,  қорғасын)
эндокринді бездердің бұзылуы, зілді ісіктерде болады.
           Дистрофия  немесе  сапалы  атрофия  ол   -   жасуша   алмасуының
бұзылуындағы  протоплазыманың  физикалық,  және  химиялық  аздап  өзгеруінің
салдарынан  жасуша және оның  құрлымының  өмір  әрекетінің  төмендеуі  болып
есептеледі. Аталған үрдісті дегенерация немесе ұлпалық  элементтердің  қайта
тууы деп атайды.
    Қарапайым   атрофия  жасуша  көлемі  кішірейіп,  жасушаға  тән  қасиеті
сақталып, жасушадағы зат алмасу үрдістері  бұзылғандықтан  ,  кейбір  заттар
сорылмай  ассимиляцияға  жатпаған  өнім  рет  інде  шоғырланып,    жасушаның
инфильтрациялық патологиясы қалыптасады.
    Егер жасушадағы бұзылу құбылысы кайта қалпына келмей, одан  сайын  үдей
түссе, өмір әрекеті одан сайын  бұзылса,  соның  нәтижесінде  жасуша  өлетін
болса онда некрозға айналғаны.
      Дегенарациялық  үрдістер  әртүрлі  болғандықтан   түзілген  заттардың
химиялық табиғаты бойынша жіктеледі.
    Белoкты  денерация  дегеніміз -  ол жасуша  және  оның  сыртындағы  тыс
элементердегі қалдықтардың пайда  болуымен  сипатталатын,   гомегенді  масса
түзуші немесе түйіршікті құрлымға айналушы дегенерация
    Лайлы домбығу – ол жасуша көлемі  үлкейген  оның  цитоплазмасында  ұсақ
және ірі түйіршіктер бар, ядросы толық бойалмаған шаң басқан тәрізді
    Гиалинді кездемелердiң қайта тууы  –  ол  тамыр  қабырғаларының,  лимфа
түйіндерінің  дәнекерлі  негізінде  бұлшық  ет  аралық  дәнекер  ұлпаларында
әйнек тәрізді құрлымсыз белокты заттың шеміршек сияқты затқа айналуы
       Амилоидты кездемелердiң қайта тууы -  ол мүшелердің  дәнекер  тканді
стромаларында және тамыр қабырғаларында  иодпен  реакция  беруші   гомогенді
әйнекті массаға айналуы
    Кілегейлі   кездемелердiң қайта тууы – ол жасуша мен ұлпаларда  муцинан
тұратын кілегейлі өспелі затқа айналады.
    Мүйізді  кездемелердiң  қайта  тууы  –  ол  кератин  –терінің  мальпиги
қабатының эпителинда немесе кілегейлі  қабаттарда  түзілетін  мүйізді  затқа
айналуы


                         Гипербиотикалық процесстер
    Гипертрофия  жасуша элементерінің көлемі мен  санының  өсу  нәтижесінде
мүшелермен ұлпалардың шамадан тыс өсуі
    Шынайы  гипертрофия  мүше  немесе  ұлпалардың  негізін  түзуші   арнайы
элементердің күшейтіліп дамуымен сипатталатын гипертрафия
    Жалған   гипертрофия  мүше  негізін   түзуші   строма   немесе   қызмет
атқармайтын ұлпаның өсуінің нәтижесінде туындайды
    Физиологиялық гипертрофия организімнің қалыпты жағдайында кез –  келген
органның  үлкеюі мен және функциясының нығаюымен сипатталатын – гипертрофия
      Жұмыстық ұзақ және  шамадан  тыс  жүктемелеумен  қатар  азықтандыруды
күшейтудегі гипертрофия


    Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    {Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}
    Организмнің иммунологиялық реактивтілігі  дененіміз не
    Иммунитет  дегеніміз не
    Иммунитет түрле рін атаңыз
    Иммунитет реакциясындағы жасушалық құбылыстарын атаңыз
    Аллергия дегенеміз нені білдіреді
    Аллергияның себептері – аллергендерді атаңыз
    Ұлпадағы патологиялық өзгерістерді атаңыз
    Гипобиотикалық үрдістерді атаңыз
    Гипербиотикалық процесстер атаңыз




    Дәріс №7. ҚАБЫНУ


    Сұрақ атауы Қабыну, анықтамасы, этиологиясы.
    Сұрақ  атауы  Алтерация  туралы  түсінік.  Біріншілік  және   салдарлық
алтерация.
1. Сұрақ атауы 3  Қабыну  ошағында  зат  алмасуларының  өзгерістері.  Қабыну
   ошағында физико-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.
2. Сұрақ атауы Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тектер,  қабыну  дамуындағы
   маңызы.


    ҚАБЫНУ –(грекше phlogosis, лат. inflamatio)  -  алтерация,  экссудация,
пролиферациямен қабаттасатын біртектес ауру  үрдісі.
    Қабынудың себептері – флогогендер:

    Экзогенді (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік)
    Эндогенді (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы  метаболиттер,  тұздар
жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)
    Қабынудың компоненттері:
    1. Алтерация
    2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін
микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері
    3. Пролиферация
    Алтерация – зақымдану -  жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв
аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық
бүлінулері
    Алғашқы алтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.
    Салдарлық алтерация – алғашқы алтерацияның зардабы, зат алмасу
өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.
    Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері
    Зат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:
Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы (
лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы
Түзілу үрдістерінің төмендеуі
Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2  және  Н2О  (митохондрий
мембранасы  зақымдануы  әсерінен)  (   тыныстық  коэффициенттің(   (  ТК   =
бөлінген СО2/қабылданған О2).
    Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер
 • Гипер H+иония  → ацидоз (зат  алмасуының  тотықпаған  соңғы   өнімдерінің
   артуынан)
 • Гипер К+ иония зақымданған жасушалардан калийдің шығуынан
 • Гиперосмия,  тұздар диссоциациясы артуы (( Na+, Cl-) және зақымданған
   жасушалардан жасушаішілік иондардың шығуы салдарынан
 • Гиперонкия, полипептидтер мен аминқышқылдары санының артуынан,  нәруыздық
   молекулалардың  дисперстігі  артуынан  және  тамырлардан  қабыну  ошағына
   нәруыздардың шығуынан
    Қабыну дәнекерлері жасушалық және гуморалдық болып жіктеледі.
    Жасушалық дәнекерлер:
 • гистамин (мес жасушалары, базофил, тромбоциттерден)
 • серотонин ( тромбоциттерден)
 • лизосомалық ферменттер  ( нейтрофил, макрофагтардан)
 • простагландиндер (лейкоциттерден, эндотелиалий жасушаларынан,
   тромбоциттерден)
 • лейкотриендер (лейкоциттерден)
 • тромбоциттерді әсерлеуші факторлар (лейкоциттер, эндотелиоциттерден)
 • оттегінің белсенді радикалдары ( лейкоциттерден)
 • азот тотығы (макрофагтардан)
 • цитокиндер ИЛ-1, ИЛ-6, ӨТЖФ
    Гуморалды дәнекерлер:
    • комплемент жүйесі бөлшектері
    • С3а, С5а, С3в,  С5в-С9 кешендері
    • Кининдер (брадикинин, каллидин)
    • Қанның ұйытушы және фибринолиздік жүйелері
    Қабыну дәнекерлері салдарлық әлтерацияны тудырады, тамырлық серпілістер
түзеді, прлиферацияны реттейді, қабынудың жергілікті және жалпы
белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқарады.
    Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі.
    1. Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы – ишемия
    2. Артериялық  гиперемия
    3. Веналық гиперемия.
    4. Стаз.
    Экссудация  –  қанның  нәруызы  бар  сұйық  бөлігінің   және   формалық
элементтерінің қабыну ошағына шығуы
    Экссудацияның патогенезі:
    • Тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы
    • Қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы
    • Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның артуы
    Қабыну ошағына шыққан сұйықтық экссудат деп аталады.
    Экссудаттың түрлері:
 • Сары сулық
 • Фибринді
 • Геморрагиялық
 • Іріңді
 • Шірулік
 • Аралас
    Лейкоциттер эмиграциясы – қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы
    Эмиграция сатылары:
1. лейкоциттердің тамырдың ішкі қабырғасына кемерленіп  тұруы  және  роллинг
   (тербелу)
2. лейкоциттердің тамыр қабырғасы арқылы шығуы
3. лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы
    Фагоцитоз –микроорганизмдерді жұтып, қорыту үрдісі. Фагоцитоз сатылары:
жақындасу, жабысу, жұту, қорыту.
    Фагоцитоздың жеткіліксіздігі (жұқпалардың жайылуы
 •  тұқымқуалаушылық  (лейкоциттер  адгезиясының  ақаулары  (ЛАА-1,  ЛАА-2),
   хемотаксистің ақаулары,  фагоциттердің бактерицидтік жүйесінің ақаулары)
 • жүре пайда болған (қантты диабетте, ауыр металл тұздарымен уыттану,
   сәулесоқ ауруы, нәруыздық ашығу, стероидты гормондармен ұзақ емделгенде,
   қарттық шақта)
    Пролиферация ( лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер  тіндердіңжасушалық
бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөл макрофагтарда.
    Қауырт қабынудың жергілікті белгілері
    Қызару - rubor  артериялық гиперемия дамуы салдарынан
    Ісіну - tumor  экссудация мен қабынулық  инфильтраттың әсерінен
    Қызу  - calor жылы артериялық қанның көп келуінен және зат алмасу
қарқынының артуынан
    Ауыру – dolor нерв  аяқшаларының,тітіркенуі;   экссудатпен  механикалық
қысылуы.
    Ағза қызметінің бұзылуы - functio  laesa  ауыру сезімі, жасушалар
зақымдануы салдарынан
    Қабынудың жалпы белгілері: қызба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы,  бұлшық
еттердің ауыруы – миалгия, буындардың  ауыруы-артралгия,  бауырда  «жауаптың
жедел  кезеңі»  нәруыздарының  түзілуі  (С  –  реактивті  нәруыз,  сарысулық
амилоид  А,  фибриноген,  церуллоплазмин,  гаптоглобин,   антиферменттер   -
антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз,  иммундық  жүйе
жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер   (ИЛ-1,  ИЛ-6);  ӨТЖФ
әсерлерінің нәтижесі
    Созылмалы қабыну
 • ұзақ өтуімен және әлсіз айқындығымен сипатталады
 • әсерленген макрофагтардың санының артуымен басталады
 • негізгі жасушалары макрофагтар мен лимфоциттер.
 • пролиферация басым болады.
 • Тіндердің құрылымы бұзылуы мен айқын пролиферацияның қатарласа кездесуі
    Қабынудың жағымды жақтары:
 • Қабыну ошағын орнықтырып, сау тіндерден шектеуі
 • Патогенді жайтты бір жерде ұстап, оның жойылуы
 • Ыдырау өнімдерін жойып, тіндердің біртұтастығын  қалыптастыру
 • Иммунитеттің түзілуі


    Қабынудың жағымсыз жақтары:
 • Тіндердің зақымдануы
 • Аурулардың  (энцефалит, менингит, мый абсцесі, миокардит) негізін құрайды


    Қабынудың этиотропты емі
    • Себепкер ықпалға әсер ету
    Бактериостатикалық және бактерицидті әсер ететін  дәрілер
    Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
    • Организм төзімділігін арттыру
    Қабынудың патогенездік емі
 •  Жасуша  мембранасын  тұрақтандыратын  дәрілер  (дәнекерлердің   бөлінуін
   азайту, салдарлық әлтерация мен тамырлық серпілістерді азайту)
 • Антиоксиданттар  (салдарлық әлтерацияны азайту)
 • Дәнекерлерге қарсы дәрілер   (салдарлық әлтерацияны азайту)
 • Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер
 • Пролиферацияның көрсеткіштері




    Дәріс №7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
                             Бақылау сұрақтары.
 • Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.
 • Экссудация,  анықтамасы,  даму  тетіктері.  Экссудаттың  түрлері.  Іріңді
   экссудаттың құрамы мен қасиеті.
 • Лейкоциттер  эмиграциясы, анықтамасы,  сатылары,  патогенезі.  Фагоцитоз,
   сатылары.  Фагоцитоздың жеткіліксіздігі және олардың қабынудағы маңызы.
 •   Пролиферация,  олардың  тетіктері.  Пролиферацияның  күшейткіштері  мен
   тежегіштері.
 •  Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.
 •    Созылмалы   қабыну,   этиологиясы,   патогенезі,   қауырт    қабынудан
   айырмашылығы.
 •  Қабынудың организм үшін маңызы.
 • Қабынулық үрдістің алдын алу мен емдеудің жалпы ұстанымдары.


    Бақылау сұрақтары:


    Дәріс №8 Фармакология негіздері


    Сұрақ атауы1 Фармокологияға түсінік

    Сұрақ атауы 2 Дәрілердің әсер ету ерекшеліктері
    Сұрақ атауы 3Дәрілік заттардың мөлшері – дозасы
    2 Сұрақ атауы4 дәрілік заттарды енгізу жолдары.


    Фармакология (грекше рharmakon – дәрі, logos – ғылым) –дәрілік  заттар,
және олардың қасиеті, сау және ауру организмге әсері  туралы ғылым.
    Ветеринариялық фармакология дәрілік  заттардың  физико–  химиялық  және
емдік– физиологиялық қасиетін, сонымен катар ауру  малдарды  емдеуде,  емдік
тәжірибе ретінде және ауруды алдын алуда жанжақты қолдануды оқытады.
      Дәрі немесе дәрілік зат деп ауруды емдеуге тағайындалған арнайы затты
айтады. Дәрі  ретінде  зияансыз сонымен қатар улы  заттарды  қолданады.  Улы
зат пен дәрі  арасындағы   ешқандай  айырмасы  зор  емес,  анықтауда  оңайға
түспейді. Мысалы ас тұзын шамадан көп колданса  уландырады.   Сонымен  қатар
қүшті уларды (стрихнин, мышьяк, атропин) дұрыс қолдана  білсе   жақсы  емдік
нәтиже алуға болады.  У  мен  дәрі  жөніндегі  түсінік   біркелкі  мәлімдеме
береді. Сонымен  көптеген  дәрілік  препараттардың  улылық  қасиеттері  бар,
оларды дұрыс  қолдана  білмесе,  сақтық  танытпаса   жануарларды  уландыруға
болады.
    Ветеринариялық тәжірибеде дәрілік заттардың әртүрлі  түрі  қолданылады,
олар минералды, органикалық, өсімдік  және  жануар  тектес  пен  синтеткалық
жолдармен  алынған.   Бұл   емдік   және   ауруды   алдын   алуға   арналған
медикаментозды заттар, химиялық құрамы, құрылымы, физико –химиялық  қасиеті,
биологиялық  белсенділігі   және   организмге  физиологиялық  әсер   етуімен
сипатталады.
    Дәрілердің әсер ету ерекшеліктері  Дәрілердің   организмге  әсер  етуін
күрделі  биологиялық  үрдіс  ретінде  қарастырып,  олардың  сипатын,  заттың
физико–  химиялық   қасиетіне,   организмнің   қалпына,   қоршаған   ортаның
жағдайына  байланысты  анықтайды.    Организмдегі  ең  байыпты   өзгерулерді
анықтаудағы ең бір тиімді жолы, ол дәрілік  заттың  негізгі  емдік  қасиеті,
бірақ көптеген заттар маңыздылық танытпайды, организмде шамалы ғана  өзгеріс
туғызады.
           Дәрілік заттың әсері олар   жалпы,  таңдамалы,  тікелей,  жанама
әсері - деп айырады.
      Тікелей әсер ету эффектісі  -  ол   дәрілердің  алғашқы   әсер  етуне
ұлпалардың тиімді жауап қайтаруы. Бірақ   организмдегі  барлық  ұлпалар  мен
мүшелер  нейрогуморальды байланыста  және  функционалдық  ара  тәуельділікте
болады, сондықтан бір жерге берілген  эффект  басқа  мүшелердеде  байқалады.
Дәрілік туғызу нәтижесін жанама әсер етуі  деп сипатталады.  Дәрілік  заттың
тек бір орталыққа немесе бір мүшеге ғана әсер  етуі  таңдамалы  әсері  болып
саналады. Мысалы апоморфин тек  құсу  орталығына.  Гликозиттер  тек  жүрекке
әсер етеді.  Әртүрлі  мүше  мен  жүйелердің  жасушаларына  біркелкі  өзгеріс
туғызатын  биохимиялық  үрдістерді   дәрілік  заттың   жалпы   әсері     деп
аталады..
    Дәрілік  заттардың  әсерінен   организмде  туындайтын  өзгеріс  кешенін
фармакодинамика    деп    аталады.      Фармакодинамиканы     қарастырғанда,
фармакология,   академик    И.П.Павловтың    физиологиядағы    жетістіктері,
организмнің  өмірәрекетінің барлық үрдістері рефлекторлық   реттелу  іліміне
сүйенеді.  Осы  ілім  тұрғысынан  қарастырылатын  болса,    дәрілік   заттар
рефлекторлық аппараттың тітіркендіруші ретінде  қаралады,  ал   қоздырушыға,
физиологиялық  әсерін,  ми  қыртысы   мен    басқада   рефлекторлық   тізбек
түйіндеріне  қоздырушы  мен   тежеуші   ретінде    сипатталады.    Қоздырғыш
химиялық  дәнекерлердің  ролі,   мен   жүйкелік   импульстарды   берушілерге
нейромедиаторларға тиесілі (биогенді амин адреналин  тәріздес,  ацетилхолин,
дафамин).  Олар жүйке  жүйесі  жоғарғы  сатылы  жануарлардың  орталық  жүйке
жүйесіне байланысты  мүшелердің қызметін  келістіре  отырып,   ынталандырушы
және жабырқандырушы икемділігін арттырушы болып есептеледі.  Дәрілік  заттар
жіберген жерге немесе, ол сорылғаннан кейін жүйке жүйесіне,  тікелей  немесе
рефлекторлы  түрде  жүйке аяқшаларына (рецепторларға) әсер етеді.
    Ауруды емдеу үшін,  дәрілік заттарды, аурудың патогенетикалық  негізіне
байланысты  тағайындайды.   Егер   жануалардыің   функцияларының   әлсіреуі,
жабырқауы байқалса  онда   организмнің  күш-қуатын  көтеруші,  белсенділігін
арттырушы,   қалыпты   ғана   ындаландырушы   дәрілік   заттар   қолдаланып,
физиологиялық деңгейге жеткізіледі. Ауру  организмнің  функциясының  қалпына
келтіруде,  патогениткалық  емдік   дәрілер   қолданылады.   Олар   нервтік-
эндокриндік,  ферментативтілік,   генетикалық   және   басқада   организмнің
реттеуші  механизмініне әсер ете алады.
      Патологиялық рефлекстер туындауы шамадан  тыс  функцияның  қарқындауы
мен   қозуда   (жөтель,   шаншу),   стресстік   реакция    ретінде    ауруға
тыныштандырушы,   ауруды   басушы,   стресске   қарсы,   седативті    заттар
тағайындайды.
    Фармакологиялық  эффектінің  байқалу  ерекшелігіне  байланысты  дәрілік
заттарды жалпы,  жергілікті, рефлекторлық әсерлі деп  айырады.  Рефлекторлық
аймактардың  тітіркенуімен   туындайтын  эффектіні  рефлекторлы   әсер   деп
атайды.
    Дәрінің жергілікті әсері деп -  дәрілік  заттың  қанға  тарамай  тұрып,
ұлпалармен (тері, кілегейлі  қабаттар)  тікелей  әсерлесуіндегі,  организмде
туындайтын  өзгеріс кешені.
      Жалпы немесе резорбтикалық  деп  –  дәрілік  заттың  қанға  сінгеннен
кейінгі  әсері.  Резорбтикалық   әсердің   сипаты,   оны   енгізу   әдісіне,
жылдамдылығына,   санына,   сіңу   жылдамдылығына,    қан    мен    ұлпадағы
концентрациясына  байланысты.
    Жанама әсері  деп  -  дәрілік  затқа   организм  реакциясының  жағымсыз
жауабын айтамыз. Ол органдардың  морфологиялық  өзгерісі  мен  функционалдық
бұзылуымен айқындалады.
       Дәрілік  заттардың  мөлшері  –  дозасы.  Доза  дегеніміз  -   ағзаға
физиологиялық әсер ете алатын дәрілік заттың нақты  мөлшері.    Заттың  саны
таразылық немесе көлемдік бірлікте көрсетіледі (грамм, миллилитр).
    Дозаларды емдік немесе терапевтикалық, токсикалық  немесе  өлім  дозасы
летальды деп айырады. Тәжірибеде қолданылатын  дозалар  терапевтикалық  және
профилактикалықтар. Олады бір реттік қолдану бір  тәулікке,  немесе  аурудың
емдік  курсына. Емдік дозалар минималды, орташа, максималды болады.
    Дозаны  малдың  түрін,  жынысын,  жасын,  салмағын  еске   ала   отырып
тағайындайды.
    Дәрілік заттарды ұластыра (комбинирование) қолдану. Егер организмге бір
уақытта екі немесе оданда көп дәрілік заттар қолданылса  онда  оны  уластыра
әсер етуі деп аталады. Кейбір жағдайларда бір  дәрінің  әсері  екінші  затқа
әсер етпейдіде, өзара әсер етеді синергизм не антогонизм түрінде байқалады.
    Синергизм екі немесе бірнеше дәрілік заттың бір  физиологиялық  бағытта
әсер етуі. Осындай уақытта әсер ету эффелтісі қосылады.
    Антогонизм  бір  дәрілік  заттың  әсерін  екнші  затпен  түсіру  немесе
төмендету. Антогонизм химиялық мысалы қышқылдарды  сілтілермен  бейтараптау.
Физиологиялық ұйықтатқыш препараттар  мен   қоздыру  препараттарын   орталық
жүйке  жүйесіне  қолдану.  Физиологиялық  антогонизм  тікелей  және   жанама
түрлерге бөлінеді. Тікелей ол бір физиологиялық жүйеге екі зат карама  қарсы
әсер береді  (мысалы, атропин  жабырқатады, ареколин парасимпатикалық  жүйке
жүйесінің қоздырады, соның нәтижесінде  алғашқысы  басымшылық  көрсетсе,  ал
екіншісі  ішектің  жиырылуын  –перистальтикасын  жылдамдатады).   Антогонизм
көбінесе  уланулармен  күрескенде   пайдалынады.   Улануларда   қолданылатын
химиялық антогонистерді андитот – деп атайды.
    Дәрілік заттарды қайталау машықтану  және куммуляция.
             Кумуляция  дәрілік  заттың  организм  мүшелерінде   шоғырлануы
немесе организмнен дәрілік заттың  бірте - бірте шығуы мен   оның  ақырындап
бұзылуы.
             Машықтану дәрілік  затты  қайталап  берген  кезде  организмнің
сезімталдылығының төмендеуі
     Дәрілік заттарды  енгізу  жолдары.  Жануарларға  дәрілік  заттар  ауыз
арқылы ішке, клизма арқылы тік ішекке,  ингаляциялық  тыныс  алу  жолдарына,
майлы  заттар  мен  линименттерді  теріге  жағып  сіңіру  арқылы,   асқорыту
трактысын өтіп кету арқылы ғ инъекция ретінде   тері  астына,  бұлшық  етке,
вена,  артерия  тамырларына   жұлын   каналына   кеуде   құрсақ   қуыстарына
жіберіледі.
      Дәрілік заттар түрлері  сұйықтар (ерітінділер, тұнбалар.  эмульсиялар
микстуралар) ,  жұмсақ түрге  жататындар (майлар ботқалар, пасталар),  тығыз
массалар  (болюс,   пилюлялар),   қатты   конситенциядағылар   (таблеткалар,
ұнтақтар).  Профилактикалық   өңдеу   кезінде   аэрозольдар   ұшқыш   заттар
қолданылады.
                           Дәрілік заттар түрлері
    Микробтарға   қарсы   және   паразитерге   қарсы    препараттар    олар
антисептикалық заттар, дезинфекциялық заттар;
    Формальдегид тобының препараттры:
    Формальдегид, немесе құмысқа қышқылының альдегиды, 40% формалин
    Фенол тобының препараттары;
    Фенол, карбол қышқылы, крезол, кразот, лизол, креолин, деготь
    Хлор препараттары;
    Хлорлы әк немесе кальций гипохлорид, хлорамин Б, хлорлы су
    Қышқылдар;
    Хлорлы оттегі немесе тұз, күкірт,  сіркесу қышқылдары
    Сілтілер;
    Натрий гидроокисі немесе  күйдіргіш  натрий,  калий  гидроокисі  немесе
күйдіргіш калий, кальций гидроокисі  немесе  қорытылған  әк,  құрғақ  натрий
гидрокарбонаты, калия карбонаты   немесе  поташ,  натрия  тетраборат  немесе
бура, магний окисі немесе күйдірілген магнезия,
    Антибиотиктер
    Сульфаниламид препараттары;
    Стрептоцид норсульфазол, сульфамедизин, сульфазин, фталазол, этазол
    Нитрофуран туындылары;
    Фурациллин, фуразолидон, фуродонин, фуразол
    Оттегін беруші заттар;
    Оттегі асқыны, калий перманганаты
    Тотықтырушы заттар;
    Антисептик ретінде  хлор препараттары,  иод, дәрілік бояулар;  риванол,
пиоктанин, хинозол, бриллиант жасылы
    Жергілікті қолданылатын түршіктіргіш заттар;
    Аммияк, скипидар  меңдуана  майы,  горчица,  бұрыш,  қызыл  сары  сынап
майлары
    Кілегейлі жараны тез бітіргіш заттар;
    Крахмал, алтей түбірі, лень ұрықтары, жануар майлары,  өсімдк  майлары,
вазилин, вазоген, парафин
    Уылдырғыш заттар;
    Танин, емен қабығы, висмут препараттары, алюмин квасылары,
    Диеталық және емдік профилактикалық заттар;
    Сүтқышқылының өнімдері, ацидофильды сүт, лизоцим, жасанды уыз
    Ас қорытуды жақсартқыш заттар;
    Эфир майлары, жусан, түймегүл, үш жапырақ т.б.
    Іш айдағыш заттар;
    Магний  натрия  сульфаты,  өсімдік  майлары,   рәуағаш    түбірі,сабур,
ареколин, пилокарпин, карбохолин, кастор майы
    Қақырық түсіргіш заттар;
    Аммоний хлориды, анис ұрығы, натрий би  карбонаты-  ас  содасы,карловал
тұзы,сурьма, скипидар
    Құстырғыш  заттар;
    Апоморфин, вератрин,
    Несеп айдағыш заттар;
    Уротропин,   меркузал,   теофилин,   темисал,   калий     жіне    калий
ацетаты,толокнянка жапырағы
     Жүйке жүйесіне әсер етуші заттар;
    Седативтик  тежелу  үрдісін  күшейткіш  және  ауырсындырмаушы   заттар;
құстырғыш  заттар
    Бром препараттары; калий бромид, натрия бромид,кальция бромид,  аммония
бромид. Валериан препараты. Наркоздық препараттар
    Журек препараттары;
    Кофеин салицилат, жүрек гликозидтері,  май  лалагүлі, камфора, стрихнин
    Зат алмасуға әсер етуші заттар;
    витаминды препараттар
    Биогенді стимуляторлар;
    Гормондар, тканьды препараттар, қанның нәрлі сұйығы
    Тканді терапия;
    АСД. АЦС


    ...
    Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    {Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
    Фармакология дегенді қалай түсінесіз
    Дәрілердің  организмге әсер етуін қалай ттүсінесіз
    Доза дегеніміз не
    Синергизмді қалай түсінесіз
    Антогонизмді қалай түсінесіз
    Кумуляцияны қалай түсінесіз
    Дәрілік заттарды енгізу жолдарын атаңыз
    Дәрілік заттар қандай түрлерге бөлінеді




      Дәріс №9.  Мал шаруашылығындағы жұқпалы емес аурулары мен олардан
                      туындайтын экономикалық шығындар
Сұрақ атауы1 Мал шаруашылығындағы жұқпалы емес аурулары мен олардан
туындайтын экономикалық шығындар






Сұрақ атауы 2  Жұқпалы емес аурулар  мен  күресудегі  ветеринария  ғылымының
жетістіктері


    Сұрақ атауы 3  Диспансеризация


      Ауыл шаруашылық  малдарының  ішкі  жұқпалы  емес  ауруларын  оқытатын
ғылымы, арнайы  патлология  және  терапия  деп  аталады.  Жалпы  патологияға
қарағанда арнайы патологоия объективтік заңдылықта  (жағдайы  мен  себебін),
дамуы мен  ауру  барысын  (патогенезін),   көрініс  белгілерін   және  жүрек
тамыр, тыныс алу, азық қорыту, жүйке   және  организмнің  басқада  жүйелерін
анықтап    –тану    (диагностикасы),    емдеуі    (терапиясы),    сақтандыру
(профилактикасы)  оқытатын  ғылым.
      Бұл ғылымның дамуына үлкен  ықпал  ететін  химия,  физика,  биология,
анатомия, физиология жетістіктері. Ішкі  жұқпалы  емес  ауруларының  негізгі
ірге  тасын  қалаушы  ғылымдар   олар:   жалпы   патолология,   диагностика,
фармакология.  Өсіп  өнуі,  азықтандыру  технологиясы,  күтімі,   зоогигина,
зоотехниямен тығыз байланыста.   Жануалардың  ішкі  жұқпалы  емес  ауруларын
қарастырғанда,  қоршаған   ортамен    организмнің   бір   тұтастығы,   жалпы
биологиялық,  философиялық   ұғым  -  ол  біртұтастық  заңы,  сонымен  қатар
И.П.Павловтың   организмдегі  барлық  өмір  үрдісі   нервтік   жүйе   арқылы
реттелуіне  ғылым   сүйенеді.
      Жұқпалы емес аурулар өте жиі кесдеседі, барлық ауруларға шаққанда  ол
жылына 85 – 90%  құрайды, оның ішінде бірінші орында  тұратыны  азық  қорыту
жүйесінің аурулары  (65-70%)  ,  тыныс  алу  жүйесі  (35%  жоғары).  Кейінгі
жылдарда зат алмасу жүйесінің аурулары жиілеуде.  Экономикалық  шығын,  ішкі
жұқпалы емес  аураларынан  туындайтын  шығындарға  қарағанда,    инфекциялық
және инвазиалық аурулардан  жоғарылауда.  Мал  өлімінен  туындайтын  тікелей
шығынмен,  ал мал өнімінің төмендеуі және  өнім сапасының төмендеуі   жанама
шығындар болып түзіледі. Ішкі жұкпалы аурулар буаз малдардың аборттына,  мал
бедеуліне,  әлсіз, өмір сүруге икемсіз төлдің  тууына,  басты  себеп   болып
табылады. Сонымен қатар ішкі жұқпалы емес аурулар  мал  табындарының  өсуіне
және тұқымды асылдандыруға  кедергі келтіреді ол  шаруащылықтың  құндылығына
әсер етеді, себебі малды қолдану мерзімі  азайады,  ерте  бракка  шығарылып,
жоғарғы өнімді малдар амалсыздан сойылады.
      Бұл ауруларды алдын  алудың  тиімділігі,  мал  шаруашылығының  өнімін
өндіруді көбейтудің  маңызды резерві мен  олардың  өзіндік  құнын  төмендету
болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғылым мен үздік тәжірбеге   үлген  роль
беріледі.
      Малдардың ішкі  жұкпалы  емес  алулармен  күресуде  бірінші  дәрежелі
маңызы, ол жалпы профилактикаға орын  береді. Кейбір ауруладың  алдын  алуда
 мал  басының  жеке  профилактикасыда  орын  алады.  Инфекциялық  аурулардың
профилактикасы спецификалық арнайы, себебі  онда  әрбір  індетті  аурулардың
қоздырғыштарына   қарсы  арнайы   дәрілер  биопрепараттар  (ваксиналар,  қан
сұйының нәрі қолданылады).  Ал  ішкі  жұқпалы  емес  аурулар  профилактикасы
спецификалық емес (арнайы емес) болып сипатталады.


                 Мал шаруашылығында диспансеризация  жүргізу
    Диспансеризация —  дегеніміз мал  шарушылығындағы  әртүрлі    аулардыды
болдырмауға,  олардың  шаруашылықтық-тиімді  сапасы   мен   сыртқы   ортаның
қолайсыз жағдайларына тұрақтылығына  бағытталған шаралар жиынтығы.
     Мал шаруашылығында диспансеризацианың алдына  қойылатын  мақсат  –  ол
малдардың анемиялық  және гиповитаминдік жағдайын, зат алмасуының  бұзылуын,
созылмалы  індетті  ауруларға  емдік  және  алдын  алу  шараларын   өткізіп,
денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
    Кешенді   түрде   өткізілетін   шаралардың   ішінде    ерекше   көңілді
аударылатын жай – ол азық цехі, онда қолданылатын азықтың  сапасы  мен  азық
қоспасының әзірлеу технологиясы.  Етті балықты  азықтар  тек  ветеринариялық
сараптаудан кейңн ғана рационға енгізіледі.  Шартты түрде  жарамды  азықтар,
қой  басы  және  шошқа  еті  термикалық  өңдеуден  кейін  ғана  қолданылады.
Дайындалып  араластырылған  азық  қоспасына  витаминдер,  балық  майы   және
микроэлементтер барлық азық көлеміне біркелкі бөлінуі қажет.
    Диспанцеризацияны ветеринариялық мамандар жіргізеді күзде  малды  қолда
қорада  ұстаған  кезде,  және  көктеде   жайылымға   шығар   алдында.   Онда
диагностикалық, профилактикалық және емдеп-сауықтыру шаралары жүргізіледі.
    Диагностиқалық  шаралар  олар  :  малды  шаруашылықта  қолдану  анализі
(өнімділігі, тұқымы, жасы, қонымдылығы т.б.),  азықтандыру  (типі,  деңгейі,
санитарлық және  азықтың  өнімділік  сапасы,  рацион  құрылымы,  азықтандыру
режимі, т.б.),  күтім  жаңдайы  (мал  тұратын  орынның  тиі.  Сырт  бейнесі.
Микроклиматы,  моцион  –  серуен  сипаты  т.б.).  Клинико  –   физиологиялық
зерттеулер мал басының бәрін қамтиды, табын синдроматикасын зертегенде  (сүт
өнімінің деңгейін,  жасы үлкен малдардың тірі массасының бірқалыптылығы  мен
туылған  өнімін,  акушерлік-гинекологиялық   ауруларын,   табындағы   аналық
бастардың бедеулігін,  жаңа  туған  малдардың  ауруларын,  ақырғы  үш  жылда
браққа шыққын малдардың себебін анықтайды  т.б.).  Сиырларды,  құнажындарды,
бұқаларды клиникалық зерттеуден өткізгенде  олардың  жалпы  жағдайына  көңіл
аударады:   мінез  құлқына,  салмағына,  қоңдылыңына  және  тері   жабынына,
тұяқтары  мен  сүйектерінің   деменерилизация   болу   мүмкіндігіне    көңіл
аударылады.  Қажеттілік туындайтын болса организм  жүйелері  мен  мүшелеріне
толық зеттеуден өткізеді  Өткен мерзімдегі  өлім жітімге  анализ  жүргізеді.
Індетті созылмалы аурулар  диагностикасын  (туберкулез,  бруцеелез)  және  и
инвазиялық (токсаскаридоз,  дифилло-ботриоз,  токсоплазмоз  т.б.)  ауруларын
жайсыз шаруашылықтарда тазарту мен табынды аурудан  сауықтандыру,   жоспарлы
түрде жасалған шараларға сәйкес өткізіледі.
    Жануарлардың зат алмасуының субклиникалық өзгерістерінде   қан,  несеп,
нәжіс, сүт сынамалын алып жерттейді. Клиникалық белгілері  айқын  байқалатын
организмің зат алмасуының  бұзылуында,  бедеулікте  малдарды  ерекше  есепке
алып    бағадыда,     нақтылы   клиникалық,   лабораториялық   зерттеулерден
өткізіп, ем тағайындады. Қанындағы белок, каротин, қальций  фосфор  тұздары,
сілтілік  резервтілікке,  кетонды   денелерге   ж.т.б.   зерттеледі.   Сүтте
қышқылдық  және кетон денелеріне  анықтайды.  Несеп  сынамасын  инструкцияда
қаралған көрсеткіштерге тексереді.
    Ферментті және  иммунды   тесттерде  өзіне  тән  қатаңдық  байқалмайды,
көптеген  патологиялық  жағдайларда  қалпы  өзгеріп  тұрады  —  инфекциялық,
инвазиялық  және  жұқпалы  емес  ауруларда  белсенділіктің  жоғарғы   немесе
төменгі фонын ұстап тұрадыда, оң нәтиже беретін тиімділікті  байқатып  дамып
келе жатқан сәтсіздкті  білдіреді.  Малдардың  витаминаминдермен  қамтамасыз
екендіктерін олардың жиналатын –  деполы  мүшелерінен  білуге  болады   (жиі
бауырда).
    Лабораториялық анализ жұргізу үшін мал   ішінен таңдап (әрбір  түліктің
ішінде, кем дегенде алтауынан түрі түсіне байланысты) қан  алынады.  Тексеру
кезінде малдар ауырсынатын болса, онда тексеріс алдында новокаин  блокадасын
қолдануға болады.

    Оранизм  жағдайының   информативтік  ең   негізгі    көрсеткіші   болып
ферменттер — лактатдегидрогеназа  (ЛДГ),  аспартатаминотрансфераза   (АСАТ),
сілтілі фосфатаза (ЩФ), табиғи факторлардың гуморальды   резистенттілігі   —
компонент, лизоцим, бетализиндер, қан  белоктары,  ағын  қандағы  гемоглобин
мен эритроцит саны қағаздағы  электрофорез әдісі арқылы анықталады.

      Клиникалық –  лабораториялық  зерттеулер  бүкіл  табындағы  малдардың
зат алмасуының бұзылуы  сипатталатын  синдромы,  себептері,  олардан  айығуы
айқындалады.    Лабораториялық   анализдер   мен   клиникалық   зертеулердің
нәтижелерін, қалыпты физиологиялық көрсеткіштер салыстырады.   Ол  табындағы
малдардың  қаншасының   биохимиялық   көрсеткіштерінің   өзгеруі   мен   зат
алмасуының бұзылу дәрежесін анықтайды. Егер  лабораториялық  зерттеулер  мен
мал   ауларының    анализдерінің   көптеген   көрсеткіштерін   салыстырғанда
өзгерістерін  анықтау  қиынырақ  және  көбірек  болса,  онда   статистикалық
анықтау  әдістері  арқылы   байланысын   немесе   корреляциясын   қолданады.
Байланыстарды табу үшін корреляция коэффициентін  формула  -  өрнек   арқылы
анықтайды:

                                                           ad - bc

                                                   Р = -------------,
                                                      Ad +bc


    Онда  р -  корреляция коэффициенті; а. b, c,  d   берілген  анализдерге
сай көрсеткіштері.
    Мысалы шаруашылықта  200  сиыр  зерттелсе,  оның  120  –сының   қанында
коротинының құрамы қалыптан төмен болса  (сәтсіз  топ  болып  табылса).  Осы
топтан туған  120  бұзаудың  80-ні  диспепсия  мен  ауырды.  Ал  80  сиырдың
қанында  каротині қалыпты, 10 бұзау   ғана  диспепсиямен ауырды.
    Осы мысалда берілген көрсеткіштер кесте түрінде көрсетілген


    |каротин бойынша   |мал саны       |ауырған бұзау саны|ауырмаған бұзау   |
|зат алмасудың     |               |                  |сан               |
|жағдайы           |               |                  |                  |
|Бұзылғаны         |120            |80 а              |40 b              |
|Қалпы             | 80            |10 с              |70 d              |



                                                         80 х 70 - 40 х 10

                                               Р = ---------------------  =
0,87.
                                                      80 х 70 + 40 +10


    Биологиядағы  математикалық  статистика   ережесіне   сай,   ең   мықты
корреляция коэффициентінің  байланысы 0,7 - 1.0 тең  болса.   орташасы  0,3-
0,7 тең, ал әлсізі 0,3 төмен болып саналады.  0,87  корреляция  коэффициенті
сиырлардың  қанындағы   каротин   көрсеткіші   мен   диспепсияға   шалдыққан
бұзаулардың байланысы мықты екенін көрсетеді. Сондықтан, бұзаулардың  ауруын
алдын алуда, сиырлардың рационындағы    қаротинды  теңдестіру  мен,  ауырған
бұзауларды емдеу үшін витамин А концентратын қолдану керек.  Диспансеризация
нәтижелі  болу  үшін  нақтылы  шара   қолдану   қажет.   Мал   шарушылығының
жетіспеушіліктерін жоюда, азық  базасын  нығайту,  азықты  рационалды  түрде
колдану, шаруашылықта  технологиялық  үрдістерді   жетілдіру,   малды  күтіп
бағуда  зоогигиеналық   және   ветеринариялық   –   санитарлық   жағдайларын
кемелдендіру керек.


    Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер
     Бақылау сұрақтары.
    Мал шаруашылығындағы жұқпалы емес ауруларының  экономикалық  шығындарға
нелер жатады
    Қандай аурулар шығынға әкеліп тірейді
    Диспансеризация —  дегеніміз нені білдіреді
    Диспансеризация жылына неше рет өткізіледі
    Диспансеризация жүргізу үшін қандай шаралар жасалады






                Дәріс №10  Қан айналу мүшелерінің патологиясы


    1 Қан айналу мүшелеріің патологиясы.
    .2 Сұрақ атауы Жүрек аурулары.
              Сұрақ атауы Тамыр аурулары (белгілері, анықтау, емддеу, алдын-
алу)
    Қан айналу мүшелерінің  жүйесі  организмдегі үздіксіз қан циркуляциясын
және мүшелер мен ұлпаларды  оттегі  мен    қалыпты  зат  алмасудағы  қоректі
материалдарды   қамтамасыз  ету   функциясын   атады.   Қанмен   ұлпалардағы
көміртегі  мен  алмасу  өнімдері  тазартылады.   Қан  циркуляциясы  жүректің
үздіксіз қызметі мен қан  тамырларының  тонусының  арқасында  жүреді.  Мұнда
үлкен рольді ұсақ артериялар (артериоларды),   капилляр  мен  веналар   және
қан депосын құраушы мүшелер (көк бауыр,  бауыр,  қақпа  венасының  тамырлары
т.б.).  Қан  айналуының   реттелуі   нейрогуморальдық   механизм   арқасында
атқарылады.  Қан айналу  жүйесі  (жүрек,  артериялар,  веналар,  капиллярлар
т.б.)  ми қыртысының бақылауымен қызмет  жасайды.    Жүректің  жиырылу  оның
автоматикалы    түрде   туындайтын    нервтік    импульстарының     әсерінен
туындауындайды.  Жүрек  бұлшық  етінің   негізгі   қызметіде    (автоматизм,
қоздырғыштық,   өткізгіштік,   жиырлушылық)    ми    және   оған   бағынышты
симпатикалық, парасимпатикалық нерв жүйесінің  бақылауында  болады.  Қозудың
біріншісі  жүрек  бұлшық  етінің  күшеюімен    жүрек   жұмысының   ритімінің
жылдамдауына  әкелсе,  ал  қозудың  екіншісі  жүрек   ритімнің   жиырылуының
байаулатуына  әкеледі.  Қан  тамырларының  тонусы   сопақша   мидағы   тамыр
козғалтқыш   орталығымен  реттеледі.  Жүрек,  артерия,   вена,   қылтамырлар
рефлекс   арқылы   бір-бірімен   тығыз   байланысады.   Жүрек-тамыр   жүйесі
нейрогуморальдық  рефлдекс  арқылы  барлық    мүшелермен   және   үлпалармен
байланысадыда, соның арқасында ол организммен  және  оны  қоршаған  ортадағы
өзгерістерді  жылдам сезінеді.  Жүрек  пен  тамырлар   зақымдалған  уақытта,
және  реттеушілік механизмінің бұзылуында, қан  айналымының  декомпенсациясы
туындап, жүректің және жүрек – тамыр  жетіспеушілігік  белгілері  туындайды.
Ол миокард, эндокард, перикард, инфекциялық –инвазиялық  ауруларда,  іріңді-
септикалық үрдістерде, улануларда, бауыр,  бүйрек,    өкпе  т.б.  мүшелердің
қабынуларында  байқалады.   Қан айналуының ауыр жарақаттарында  шок    пайда
болып, немесе уақытша есеңгіреуде, есінен айрылады.
    Жүрек тамыр жүйесінің ауруларын диагностикалау қиынға түседі, сондықтан
ауырған малдарды зерттегенде  белгілі тәртіпке сүйену  қажет,  ең  маңыздысы
қан айналуының  бұзылуының  жалпы  белгілеріне  көңіл  аудару  керек   олар:
жылдам қажу, әлсіз қозғалу,  демігу,  қілегейлі қабаттардың ақшылтым  немесе
көкшіл тартуы, тершеңдік,  симметриялық ісінулердің болуы  ж.т.б.  Зерттеуді
қарау, жүрек аймағының пальпациясы, ауырсынуына көңіл қою,  жүрек  түрткісің
күші,  локализациясын  анықтау  бастайды.  Перкуссия  әдісі   арқылы   жүрек
шекарасын, оның аумағының,  көлемінің өзгеруі мен көкірек куысында  ауытқуын
анықтайды.  Аускультация  әдісі   арқылы   физиологиялық   журек   сарынының
кәдімгі  сипатын  және  оның  гемодинамикасының  бұзылуы  мен  патологиясына
байланысты  өзгерісінің  байланысың  анықтайды.
      Диагнозын анықтау үшін маңыздысы пульсын зерттеу. Онда бір  минуттағы
жүрек   соғысының  санына,  сапасына  және  ритміне  көңіл   аудару   кажет.
Мойынтұрық венасыннан вена соғысын анықтауға  болады.  Артериальды  пульстың
соғу саны сау малдарда  тербеліс шегімен    анықталады.  Ірі қарада 50  -80,
жылқыда 24 -42, түйеде 32 -52,  шошқада 60-90, қой,  ешкіде  70-80,   есекте
40-56,  итте 70-120,   мысықта110  –  130.  Пульс  соғысының  санының  азаюы
(брадикардия), бір минутта көбеюі (тахикардия) жүрек  әрекетінің  бұзылуының
белгісі   ретінде  қарайды.   Диагнозын  анықтау  үшін    арнайы   әдістерді
қолданады   –электрокардиография,   рентгенография,    артериялды,   венозды
қысымды анықтау.  Функционалды сынамадан бағалы қортынды алу  үшін    дозалы
физикалық үстемелеу арқылы жүректің жауапты  реакциясын    анықтайды,  малды
адымдатып  10 – 15 минут жүргізу арқылы.  Ірі  қара  малды  жүргізу  алдында
мұрын тесігін ылғалды орамалмен тынындайды. Алдын ала пульсын,  тынысын  бір
минутта  анықтайды.  Сау  малда  жүктемеден  кейін  пульсы  мен  тыныс  алуы
жылдамдайды, ал жетіспеушілікте  пульстың  ерекшелігі біраз ғана болады.
                      Қан айналу органдарының аурулары
    Травматикалық  перикардит  –  ол,  күйіс  қайыратын  малдардың  алдыңғы
қарындарынан   инфицирленген  үшкір  заттың   перикард   қабаттарына   өтіп,
механикалық    зақымдауынан     жүрек    қабының    қабынуының     туындауы.
Перикардиттер өзінің пайда болу тегі  бойынша  алғашқы  және  екінші  реттік
болады. Екіншісі реттік травматикалық емес, індетті ауырладан,  асқынулардан
(пастереллез, туберкулез, аусыл,  тілме,  шошқа  обасы,  ит  обасы  т.б.)  ,
іріңді – cептикалық үрдістерден,  флегмонадан, остеомилиттен, қабынулар  мен
  өкпе  гангренасынан,  плевриттен  және  басқада  аурулардан  кейін   пайда
болады.
    Бірінші  реттік перикардит  жиі  жасы үлкен   ірі  қара  малдарда,   ал
сирек   кедесетіні жас  қой мен ешкіде кездеседі.
    Екінші реттік перикардит жіті, созылмалы,  ошақты,  диффузды,  серозды,
фибринозды, гемморагиялық іріңді, шірікті, құрғақ және экссудативті  болады.
 Ауру перикард куысында фибрин жиналып, жіктердің пайда болуынан  басталады.
Құрғақ  перикардит  экссудативті  түрге  айналады.  Паренхиматозды   мүшелер
ісінеді.   Перкардит   асқынып   миокардитке   айналады.   Организм   қабыну
өнімдерінің арқасында ұзақ интоксикацияға айналады.
              Этиологиясы  мен  патогенезі.  Сиыр  перикардитінің   негізгі
себебі тақия қарыннан   диафрагма  арқылы  үшкір  заттың   перикардқа  өтуі.
Бөгде заттар  (  сым  темір,  шеге,  әйнек  ұшқыны,  сүйек)   азықпен  бірге
жұтылады.  Жұтылған  заттар   бірінші   тақия   қарынның   шырышты   қабығын
жарақаттайдыда  қабыну  (ретикулит)  тудырады.  Алдыңғы  қарындар  жиырылған
кезде бөгде зат  қарынды,  көк  етті  тесіп  жүрек  қабына  кіредіде  қабыну
тудырады.  Бөгде  заттар  мен  бірге  алдыңғы  қарындардан  микрофлора  еніп
іріңді-шірікті қабынумен сипатталады.
      Бөгде  зат  және қабыну өнімімен рецепторлар  тітіркеніп  рефлекторлы
түрде  жүректің ісәрекеті жиілейді, ауру  синдромы  пайда  болады,  жиналған
экссудат  жүректің  жұмысы  мен  қан   айналымын   қиындатады,   тері   асты
клетчаткасында сұйық  жиналып   ісінеді.  Жиналған  организмге  азық  қорыту
мүшелері мен жүрек тамыр жүйесінің   комплексі  сорылып,  соның  нятижесінде
организм  уланады,  организмнің жалпы  жағдайы өзгереді.
      Клиникалық белгілері . тақия   –жұмыршақ  қарынның   қабынуынан  азық
қорыту жүйесі бұзылып, жүрек қабының  зақымдалуына  әкеліп  тірейді.  Тәбеті
жоғалып, әлсін-әлсін атония, күйіс қайтару  бұзылады,   құсады,  іші  кебуі,
өтумен ауысады.  Мал  әлсіреп  жалпы  жағдайы  төмендейді,   мал   жанжағына
бұрылудан  қорқақтайды,  бұлшық еті  дірілдейді,  бүкірейіп  басын  түсіріп,
мойын созып тұрады.  Бірте –  бірте  артқы  аяқтарын  ішіне  бүгіп  сүйеніп,
алдыңғы аяқтары шынтақ буынын созып жібередіде,  әлсін  -  әлсін  күрсінеді.
Жірек соғысы 90-ға дейін барады. Мойынтұрық венасында кан  ұйыды.   Веналары
домбығып   жібшеленіп  кетеді.  Тері  асты  клетчаткасы,  жақ   аралығындағы
кеңістік, төс аймағы, құрсақ маңы, желіннің алдыңғы  жартысы  ісінеді.  Ауру
дамыған сайын жалпы  жағдайы  төмендеп,  ауырлайды  дене  қызуы  0,5   -1  (
оданда  жоғары,тәбеті  жоғалады,  күйіс  қайыру   бүзылады   немесе   мүлдем
болмайды, мал мүлдем төмендеп көтерем  болады.  Ауру  2-3  аптаға  созылады,
бірақ бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Ауруға  тәжірибелік  көзғарастармен
қарасақ  емдеуге келмейді.
      Ауруды  алдын  алуда  малды  азықтандырудың  санитарлық  –  гигиналық
талаптарына сай жүргізу қажет.
     Miocarditis  –  миокардит  жүрек  бұлшық  етінің  қабынуы.  Жіті  және
созылмалы түрде өтеді. Алғашқы реттік ауру түрінде  және   басқа  аурулардың
әсіресе инфекциялық ( сепсис,  уремия,  панкреатит),  уланулардан,  аллергия
ауруларынан кейін пайда болатын   екінші  реттік  түрде  кездеседі.  Ошақтық
және диффузды түрлері болады.
      Аурудың желісі сипатына, ауырлығына  байланысты, бір неше күннен, бір
неше аптаға дейін созылады. Ауыр жағдайларда  жүрек  тоқтауынан  мал  өледі.
Созылмалы түрінде миокардиофиброз,миокардиосклероз аурулары туындайды.
      Симптомдары Негізгі  аурудың  желісінің  ауырлығына  және  миокардтың
өзгеру  дәрежесіне   байланысты.  Температура  көтеріліп,  тәбеті  төмендеп,
жабырқаулы. Басында жүрек соғысы қүшейедіде тахисистолия туындайды.  Аурудың
екінші кезеңінде жүрек соғысы әлсіреп. Жүрек ақауларының белгіледі  ұлғаяды.
Жүрек саздары күгірт естіледі,  әлсіз,  эндокардиалды  шулар  болады.  Жүрек
саздарының  күнгірт  аумағы  ұлғаяды,  жүрек   сазы   әлсіреген,   диффузды.
Нейтрофильды  лейкоцитоз,  эозинофилия  байқалады.   Болжамы   абай   болуды
қалайды.
      Диагноз  симтомдарының  жинағы  бойынша  қояды.Дифферециалды  диагноз
қоярда перикардит, эндокардит, және миокардозы еске ала отырып  қоюды  талап
етеді.
      Емі  Малға тыныштық беру. Бірінші кезеңде кардиологиялық препараттары
қолдануды тоқтату.   Ауыр  жағдайда  ингаляция  тағайындау,  тері  астына  –
камфораның  майлы ерітіндісін, ішке- каптоприл, капотен, рамиприл,  коразол,
кордиамин, корватон, синофарм. Оймақ  гүл  препараттары  қарсы  көрсетілген.
Антиаллергенді заттар ретінде   димедрол,  амидопирин.  Фенкарол,  супростин
қолданылады.  Курантил, кокарбоксилаза, интеркордин, обзидан, фенокаберан.
        Проилактикасы     алғашқы     зақымдаушы    ауруларды     токсикоз,
десенсибилизацияларды  ескерту.
             Myocardosis   –   Миокардоз    –    миокардиодистрофия    және
миокардиодегенерация түрінде өтетін  ауру.  Аурудың  себептері  алуан  түрлі
болады (індетті, метаболитикалық аурулар,  күтім мен   гигиенаның  бұзылуы).
Миокард  трофикасы, оның материалдық және энергетикалық алмасуы  бұзыладыда,
 деструктивтік  өзгерістерге,  қан  алмасуының  жетіспеушілігіне,  цианозға,
ісінуге,    паренхиматозды    ағзалардың    функцональдық,    одан     кейін
морфологиялық өзгеруіне әкеледі.
       Симптомдары  Аурудың  белгілері  түріне,   кезеңіне   және   аурудың
ұзақтығына байланысты.   Жалпы  әлсіреуі,  тәбетінің  төмендеуі,  миотонусы,
перифериялық қаналмасуының бұзылуы, ісіну, аритмия,  жүректің  жиырылу  күші
мен соғысының әліреуі.
       Диагнозды  симптом   жиындығын  сараптап  барып  қояды.   Диагнозыды
дифференциалдауда  –  ажыратуда,  миокардтың  екінші  стадиялы  миокардиттен
ажырату қажет.
      Болжам абай болуды қалайды.
       Емі   Ауру  басталысымен  емдеу  өте  тиімді  болар  еді.    Аурудың
себептерін жойып, көмірсу диетасы мен  микроэлементтерді  тағайындау.  Жүрек
гликозидтері, камфора, кордиамин,  корваион,  сиднофам,  коринфар,  коразол,
празорин, пратенол,  адверзутен,  нипрутон,  эризин,  гитален,  дигален-нео,
лактозид, целанид, изоланид,  анаболдитикалық  заттар  (витамин  С,  тиамин,
рибофлавин, пиридоксин  және  басқа  В  тобың   витаминдері,  калия  оратат,
кокарбоксилаза, симптоматикалық емдеулер)
               Проилактикасы   интоксикациядан   сақтау   және   гигиеналық
шараларды ұйымдастыру .
      Endocarditis – Энтокардит жүректің ішкі қабатының  қабынуы.  Ол  жіті
түрде,  созылмалы,  қақпақты,  қабырғалы,   сүйелді   (веррукозды)    жаралы
(ульцерозды) түрлерде өтеді.  Эндокардит  миокардиттің  асқынуынан,  індетті
     токсикалық   зақымдалу  нәтижесі  ретінде  байқалады.  Қанның   ағысына
бағытталған   жүрек   қақпақшаларындағы   асқынулар,   дегенеративті    және
некротикалық өзгерістерге айналадыда,   папиллярлық байланыстары мен  бұлшық
етіне ауысады. Веррукозды зақымдалғанда қақпашаларда сұрғылт және  қызыл-сұр
өскіндер пайда болады,   ал  жаралы  эндокардитте  ульцерозды  зақымдалулар,
борпылдақ фиброзды массамен көмкеріледі;  клапандар  перфорациясы,  эмболия,
септико-пиэмикалық синдромдар  туындайуы мүмкін
    Жіті эндокардит бірнеше  күннен,  бірнеше  аптаға  созылады,  созылмалы
түрге өтуі мүмкін, кей жағдайда миокардитке асқынады.
    Симптомдары Аурудың белгілері оның түріне, ұзақтығына,  аурудың алғашқы
сипатына байланысты. Мал жылдам жабырқап,   анорексия,  ауыспалы  лихорадка,
жүректің  жетіспеушілігі,   саздарының    топасталуы,   шу   пайда   болады,
нейтрофилия.
    Диагнозды клиникалық және арнаулы  зерттеулердің  жиынтығы   байланысты
қояды. Эндокардитті, миокардиттерден және  құрғақ  перикардиттерден  ажырату
керек.
    Болжамы ыңғайсыз,  витальды  және  функционалды  жағынан   абай  болуды
қалайды.
    Емі  алғашқы ауруларды жоюды талап етеді. Тыныштық, жүрек маңына  суық,
антибиотиктер,  сульфанил,   салицилаттар,  аллергияга  қарсы   препараттар,
оттегі  ингаляциясы.  Ары  қарай  майлы   камфора,   глюкоза,   изотоникалық
электролиттер ерітіндісі, жүрек гликозидтері, рамиприл, каптоприл,  капотен,
празорин, сиднофарм, гидралазин, миретилан, эндралазин.
      Проилактикасы  індетті  ауруларды  болдырмау  үшін  сақтық  шараларын
жасау,  интоксикацияның   алдын  алу,   организм  резистенттілігін   көтеру,
гигиеналық шараларды жақсарту.


                               Тамыр аурулары


    Arteriosclerosis – Артериосклероз  атеро -  склероздың  асқынуы  (тамыр
интимасында холестерин  жиналып  қабығасы  тығыздалып,  өзгеруі),  сондықтан
тамыр қабырғаларында дәнекер ұлпасының қалыңдап, жайылып өсуі.
    Этиопатогезі Ауру  ұзақ  дамиды.  Басында  майлы  гиалинді  дегенерация
туындайдыда, одан кейін  интима некрозы  (атероматоз), тамыр  қабырғаларында
дәнекер  ұлпасының   қалыңдап,   жайылып   өсуі   (артериосклероз).    Тамыр
қабырғалары   әк  жиналудан  асқынады,  тамырдың   эалыстикалығы   бұзылады.
Тамырдың  аяқасты  бөлінуі   мүмкін,  өлімге  тіреледі,   (инфаркт  миокады,
инсульт) немесе парез, салдану айналады.
    Кәрі иттер мен мысықтарда көп қозғалыссыз, белсенді өмірдің болмауынан,
қатты семіруден болады. Екінші реттік  артериосклероз  індетті,  инвазиялық,
жұқпалы   емес   және   метаболитикалық   аурулардан   кейін,   ұзақ   уақыт
интоксикацияның созылуынан туындайды.
    Симптомдары Ауру өте баяу дамидыда, оған ден қоймайды,  жуйкелік-бқлшық
еттік тонусы нашарлайды, тері жабыны ағарадығ әсіресе  басының,  бірте-бірте
дамыған мінез құлық стереотипі, ориентациялық дағдысы  сөне бастайды.
    Емі Тиімділігі аз. Поливитаминдер, серуен,   ангиоприл,  жеңіл  сіңетін
диета.  Симтоматикалық  терапия.   Холистеринді   азайту   үшін   диоспонин,
клофебрайд,  литенол,  арахиден,  пармидин,   бета-ситостерин,   полиспонин.
Цетамифен.






    Дәріс №10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер
                     1. Перикардит түрлері

                     2. Клиникалық белгілері

                     3. Емі

                     4. Миокардит туралы түсінік

                     5. Белгілері

                     6. Диагноз қою

                     7. Миакардоз белгілері

                     8. Диагнозы

                     9. Эндокардитке түсінік

                    10. Артериосклероз ге түсінік



             Дәріс №11. Дәрістің атауы. Тыныс алу жүйесінің патологиясы


    {Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
    Сұрақ  атауы  1   Жоғарғы  тыныс  жолдарының   аурулары   (симптомдары,
диагнозы, емі, профилактикасы)
    .2  Сұрақ  атауы  2  Өкпе   аурулары   (симптомдары,   диагнозы,   емі,
профилактикасы)
    Тыныс алу органдары  жоғарғы тыныс жолдары мен қосымша қуыстар синустар
тыныс алу ағзалары көмекей, кеңірдек, өкпеледен тұрады, Организмнің  маңызды
қызметі  өкпе мен сыртқы ортада газ  алмасу  қызметін  атқарушы,  тыныс  алу
мүшелері болып есептеледі. Сонымен қатар бүкіл организмді қан арқылы  оттегі
мен қамтамасыз етеді. Бұл күрделі  қызмет  нейрогуморальды  механизм  арқылы
реттеледі. Маңызды рольды ми қыртысы және сопақша мида орналасқан тыныс  алу
орталығы  атқарады.
                      Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары
    Rinitis – Ринит мұрын куысының  кілегейлі  қабатының  қабынуы.  Бірінші
реттік  (механикалық  зақымдалулардан),  екінші  реттік  (вирусты  гепатит);
жіті, созылмалы, катаральды, крупозды,(фибринозды) және фолликулярлы.
    Этиопатогезі Алғашқы реттік ринит  суықтан қатты тоңғаннан шаң жұтудан,
ауаның ластануынан, түтіннен  т.б. Ит  пен  мысықтарда  екіші  реттік  ринит
кездеседі, көбінесе созылмалы түрі.
    Ринит пен ауырған малдардың   кілегейлі  қабықтары  ісініп  тыныс  алуы
қиындайды. Қабыну өнімдері  интоксикация туғызады,  мал  жабырқайды,  ыстығы
бірде қатты жоғарылап бірде  түсіп  –  лихорадкаға  айналады.  Қабыну  мұрын
қуыстарына, көмекей, жұтқыншаққа ауысады.
    Симптомдары Жіті ринитте  түшкіре береді. Мұрыннан серозды,  одан кейін
кілегейлі, кілегейлі-іріңді, кейде гемморагиялық сұйық ағады. Танау  маңында
қабыршақтар  пайда  болады.  Тыныс  алған  кезде   пысылдап  дем  алып,   ал
кілегейлі қабаттары тым қатты ісінсе, мал ауыз арқылы дем  алады.  Созылмалы
катаральды ринитке  айналатын  болса,   ұзаққа  созылады,  Мұрынның  шырышты
қабатында атрофия белгілері пайда болады. Эрозиялар –  бөртпелер,   қабыршақ
қотырларға айналады. Крупозды және фолликулярлы  ренитте  организмнің  жалпы
жабырқауы,  лихорадка, аралас тұншықпа; шырышты қабатында  - фибринозды қат-
қабатталулар,  жұлынып түскеннен кейін қанды эрозиялар байқалады.
    Диагнозды  анамнез негізінде және ауру симптомдарына  сүйеніп қояды.
    Емі аурудың себептерін жоюға бағытталған. Мұрын қуысының ауа  жолдарына
туалет  жасайды,  уылдырғыш  ерітінділермен  жаю  (танин,  квасцы),  шырышты
қабаттарға антисептикалық майлар, антибиотиктер, сульфаниламидтер  ұнтағымен
ингаляция тайғайындау.
    Профилактикасы    риниттің   асқынуынан    жалпы   сақтандыру,    жалпы
гигиеналалық шараларды ұйымдастыру, резистенттілігін күшейту.
    Laringitis – Ларингит  көмекейдің шырышты  қабатының  қабынуы.  Алғашқы
реттік.    Екінші    реттік,    жіті     және     созылмалы,     катаральды,
крупозды(фибринозды) ларингиттер, ларингофарингиттер деп айырады.
    Этиологиялық  факторлары  рениттегі  сияқты  .  Суық  өту,  механикалық
жарақаттар,    алдыңғы    қарындарға    зонт     өткізгенде     ларингиттер,
ларингофарингиттер туындайды.
    Симптомдары  көмекей аймағының ауырсынуы,   жөтелу  дауысының  өзгеруі,
диагноз қоюға негіз береді. Егер уақытында себептерін жойса онда ауру  10-15
күн ішінде жазылып кетеді.  Ал  созылмалы  түрінде  жақсарған  түрі  ушыққан
түрімен ауысып отырады.
    Емі Аурудың себептерін жойып, ызрығыктардан желден қорғайды  ,  қоздыру
тудыратын стресстерден сақтайды. Жергілікті жылыны қолданып,  емдәмге  көңіл
бөледі. Көмекейді өсімдік майларымен уылдырғыш заттармен  өңдеп,  жергілікті
ем ретінде антибиотиктер, сульфаниламидтер қолданады. УФ –cәулелерімен, УВЧ-
 емі қолданылады. Аллергиялық жағдайларда фенкарол,  преднизалон,  дипразин,
диазолин, супрастин, тавигил, кромо- нарий, интал беріледі.
    Bronchitis Бронхит  -  бронхтардың қабынуы. Бүкіл  өкпенің бронх бұтағы
  қабынса (диффузды бронхит ), ірі бронхтар қабынса (макробронхит), тек
ұсақ бронхтар қабынса (микробронхит) Бронхит алғашқы реттік. Екінші реттік
, жіті және созылмалы, катаральды, іріңді, гемморагиялық және фибринозды
болып айырады.
    Этиопатогезі Алғашқы реттік  бронхит   суықтан,  қатты  тоңғаннан,  шаң
жұтудан,  ауаның  ластануынан,   кеңірдекке  кездейсоқ   дәрінің   түсуінен,
аллергиялық  жағдайларға   байланысты.    Екіші   реттік   қабыну   жалғасып
таралуынан,  туберкулезде,  паразитоздарда,  екінші   реттік   инфекцияларда
(клебсиелларда,эшерихияларда,протейлерде)  кездеседі.  Бронхтарда   экссудат
жиналып,  бронх  саңлаулары  кішірейіп  ателектаза  тудырып  ,  газ  алмасуы
бұзылады, Ұзақ ауырса перибронхит, ошақты пневмония, эмфиземаға айналады.
    Симптомдары  Жөтел,  полипное,  субфибильды  лихорадка.  Аускультацияда
күркілдер,  қатаң  везикулярлы тыныс алу естіледі. Егер  жіті  түрде  өтетін
болса 1-2 апта ішінде жазылып кетеді.  Жағымсыз  жағдайда  созылмалы  түріне
ауысып, жүдеу, экспираторлы демікпе мен жөтелге айналады. Созылмалы  бронхит
  бронхоэктазия,  ателектаза,  эмфизема  және  катаральды  бронхопневмонияға
асқынады.
    Диагноз    клиникалық   зерттеулер   мен   анамнез   негізіне   сүйеніп
қойылады.Рентгенограммада созылмалы бронхитте перибронхит эмфизема  ошақтары
байқалады.
    Емі  Анықталған себептерін жою. Экссудатты кетіру үшін  бронхолитиктер,
қақырық түсіруші заттар (термопсис шөбі, алтей, солодка, өгей  шөп,  чабрец,
натрия бензоат). Жөтелге қарсы кодеин, дионин. Иодты препараттар күніне  2-3
рет 1.5  –  2  апта  бойы,  кең  таралған  антибиотиктер,  сульфаниламидтер.
Аллергиялық реактивтілікте имуран,  фенкарол,  кортикостероидтар,  мукалтин,
эуфиллин,  интал,  ломудал,  беротек,  астматол,  метилксантин,   плаквенил,
дипразин, диазолин, сустанол,   ноксирон,  дроперидол  беріледі.   Жаксы  да
тиімді ем ол физиотерапия (УФ –cәулелерімен, УВЧ, солюкс инфраруж).
    Профилактикасы     жалпы    гигиеналалық     шараларды     ұйымдастыру,
резистенттілігін күшейту бронхитке бағыттаушы факторларды   жою.
    Өкпе аурулары


    Pneumonia crouposa – крупозды пневмония  өкпенің лобарлы үлкен  ошақты,
жіті фибринозды қабынуы.
       Аурудың туындауына  үлкен  екі  фактор  әсер  етеді:   а)  патогенді
микрофлора  (пневмококктер,  диплококктер,  стафилоккоктер,  стрептоккоктер,
вирустар   т.б.)   және   б)   организмнің   аллергиялық   сенсибилизациясы.
Итермелеуші фактор ол организмге   қатты суық өтуден болады.
      Этиопатогезі  Ауру жылдам дамып кезеңді  түрде  өтеді.  Құйылу  (қан)
кезеңі (белсенді гиперемия) бірнеше сағаттан, екі тәулікке  дейін  созылады,
өкпе капилярлары толып, альвеолалар эпителиясы  ісініп,  алвеолаларға  қанды
экссудаттың ағумен аяқталады.  Бұл  кезеңде  аускультация  арқылы  қатқылтым
везикулярлы тыныс байқалады, перкуссияда – тимпаникалық  дыбыс.  Альвеолалар
толған толған кезде екінші кезеңге ауысады,  қызыл  гипатизация.  Экссудатта
(нәрлі сұйық) лейкоциттер, эритроциттер, фибрин көбейіп кетеді.  Перкуссияда
топас дыбыс естіледі,  везикулярлы  шулар  жойылып  кетеді.  Бұл  кезең  2-3
тәулікке созылады. Үшінші кезең – cұр гепатизация   ұзақтығы  2-5  тәулік  .
Альвеола ішіндегі нәруыз сорылып, үрдіс төртінші кезеңге ауру райынан  қайту
кезеңіне  айналады.   Соның нәтижесінде фибринозды  экссудат  тыныс  жолдары
арқылы  жөтелмен,  сорылу  мен  альвеолалар  босап,  тыныс  қызметі  қалпына
келеді. Бұл кезеңде 2-5 тәулік созылады.
    Симптомдары Мал жылдам жабырқайды,  гиперемия,  гипертермия,  кілегейлі
қабықтар  сарғыш  тартқан,   полипное,   тахисистолия.   Қызыл   гипатизация
кезеңінде – мұрыннан қоңыр-құба, тот  тәрізді  сұйық  ағады;
    гиперемия кезеңі  мен     ауру  райынан  қайту  кезеңіне  -   қатқылтым
везикулярлы немесе бронховезикулярлы тыныс, крепитация  (кіркілдеуік),  ұсақ
және ірі  көпіршік тәрізді   пысыл  білінеді;  қызыл  және  сұр  гепатизация
кезеңінде  - құрғақ  пысыл,   зақымдалған  ошақта  брохиальды  тыныс  немесе
тыныс шуларының жоғалуы байқалады. Егер ауру жағымды аяқталса  7-8  тәулікте
малдың жалпы жағдайы жақсарады, лихор лихорадкасы әлсірейді,  жүрек  қызметы
мен тыныс алуы қалпына келеді.  Аурудың алғашқы күндерінде  терапиясы  жедел
жәрдемді болатын болса  онда қалыпты  (атипично)  өтеді,  температурасы  3-4
күнде түсіп, ауру белгілері жойылады. Егер малдың гипертермиясы шамадан  тым
үлкен болса,  онда  қанңың  ұюынан  өледі,  немесе  ауру  шыңына  көтерілген
уақытта, температура қалыптан тым төмендеуден коллапс  туғызып  өлім-жітімге
әкеліп тірейді.
      Диагноз  клиникалық зерттеулер  мен  анамнез  негізіне  сүйеніп  және
рентгенограммадағы  берілген зерттеулер арқылы қойылады.
      Емі Тыныштық, жиі суғару,  алғашқы 3-4  күн  патогенетикалық  терапия
(бір жақты жұлдызша ганглиясына блокада оң және  сол  жақты  алма  кезек  ).
Миарсенол, антибиотиктер, сульфаниламидтер,  сустанол,  курантил,  тахистин,
метилксантил, асматол,  атровент.  Аллергияға  қарсы   фенкарол,  супрастин,
пипольфен препараттарын қолданады.  Кардиотоник ретінде   (камфораның  майлы
ерітіндісі, жүрек гликозидтері,  кордиамин,  коринфар,  празорин,  рамиприн,
корватон, сиднофарм) көрсетілген. Ауру райынан қайту кезеңіне   физиотерапия
  (УВЧ,  солюкс),  салуретик  ретінде   верошпирон,  гипотиазид,   триампур,
фуросемид.
    Bronchopneumonia   –   Бронхопневмония     -    катаральды    лобулярлы
брохопневмония, ошақты пневмония - өкпе  бөліктері  мен  бронхтардың  ошақты
қабынулары.  Қабынған  ошақтар    катаральды   экссудаттпен   толуы   арқылы
жалғасады. Кәрі және арыған малдарда кездеседі.
    Этиопатогезі  Ауру  полиэтиологиялы,  табиғаттың   жағымсыз   гигеналық
жағдайларынан, стресстерден, тағы басқа резистентлікті  жоятын  факторлардың
салдарынан, бронхиттің асқынуынан пайда болады. Дәрілердің, бөгде  заттардың
өкпеге  түсіп  кетуінен,  ауада  газдың   шамадан   көп   болуынан,   аралас
инфекцияларда маңызы басым келеді.
      Ауру тудырғыш факторлардың әсерінен организм сенсибиляцияланып
    аллергиялық фон пайда болады, ол нейрогуморальдық  реакцияны  өзгертіп,
өкпе бөлігінің  және  брохиолалардың  қабынуына,  ісінуіне,  венозды  қанның
ұюына әкеледі. Безді, кірпікті эпителиялардың тосқауылдық қызметі  төмендеп,
шартты  -  патогенді  микрофлораның   контаминациясына   жағдай   туындайды.
Бронхтер мен альвеоларда экссудат жиналып  ателектаза және абсцесстер  пайда
болады. Ауруға  тән  үрдіс  бөлшектік,  лобулярлы  таралыс.  Созылып  кеткен
уақытта ауру үрдісі лобулярлы  дан  лобарлыға   (шашырыған  түрі)  айналады.
Ошақтары әкке айналып,  іріңді  –  некротикалық  ұлпаның  ыдырауы,  организм
интоксикациясы, көтерем, жүрек –тамыр, азық қорыту,  тыныс  алу  жүйелерінің
бұзылуна   айналады.
      Симптомдары бронхит белгілері, субфебрильды ремитирленген  лихорадка,
жабырқау, тәбетінің нашарлауы, көтеремге айналу, жөтел,  тынысының  жиілеуі,
басында құрғақ артынан ылғалды пысыл, мұрыннан іріңді – катаральды  сұйықтың
бөлінуі, жүрек –тамыр жүйесінің жетіспеушілігі, азық қорыту жүйесі  бұзылып,
бауырдың ісінуі.
    Диагноз   клиникалық  зерттеулер  мен  анамнез  негізіне  сүйеніп  және
рентгеноскопия және гематологиялық  зерттеулер арқылы қойылады.
    Емі  Жақсы  күтім,  антибиотиктер,  сульфаниламидтер,   поливитаминдер,
физиотерапия,      симптоматикалық    терапия,    бронхолитиктер,    қақырық
түсіргіштер  (  мукалтин,   теофиллин,   ликвиритон,глицирам,   пантаглюцид,
пертуссин,  терпингидрат,  натрия  бензоаты),   ингаляциялық   –   савентол,
сальбуматол, травентол, пульмикорт, теопек  беріледі.
    Pleuritis    -  Плеврит – плевраның қабынуы Алғашқы және екінші реттік,
бір жақты немесе екі  жақты,  құрғақ  және  ылғалды  (құйылулаp-  жайылулар)
серозды, серозды-фибринозды, іріңді және шірікті түрлері кездеседі.  Алғашқы
реттік плеврит малдың  жүдеп  көтеремге  айналуда,  қатты  суық  өтсе,  кәрі
малдарда   және   пневмоторакстың   асқынуынан,   пнвмония,    туберкулезбен
ауырғаннан пайда болады.
    Этиопатогенезі  Организм   резистентілігі   төмендегеннен,   патогендік
бастамасының вируленттілігі (пневмоккоктар,  стрептококктар,  стафилоккоктар
т.б.) күшейгеннен,  инфект  гематогенді,  лимфагенді  түрде    немесе  кеуде
клеткасының  өтпелі  жарасынан,  қабырға   кариесінде   туындайды.    Құрғақ
плевритте плеврада фибрин қатқабаталып, кейде  висцеральды  және  париеталды
плевра беттері  бірігіп  кетеді  (адгезивті  плеврит).  Ылғалды  (құйылулаp-
жайылулар)  плевритте  плевралық  қуыста  басында  серозды  немесе  серозды-
катаральды   нәруыз-экссудат  жиналып,  соңынан   іріңді,   шірікті   түріне
айналады.  Тыныс  алу  және  жүрек  функияларының  қиындауынан  мал   өлімге
ұшырайды.
    Симптомдары Аурудың белгілері сипаты мен дәрежесіне байланысты.
    Мал жабырқайды, анорексия,  тұрақсыз  лихорадка   демікпе,  тыныс  алуы
беткейлік, абдоминалды, полипноэ Құрғақ плевритте қабырға арасында  ауырсыну
байқалады, шулар, тербелісті үйкелу кеуде  клеткасының  экскурсиясымен   дәл
келеді.  Ылғалды  (құйылулаp-  жайылулар)  плевриттің  аускултациясында   су
сыбдырының шулары байқалады.  Пульсы  толыңқырамын  толқын  тәріздес,  жүрек
соғысы әлсіз, сазы  топас,  тахисистолия  (жүрек  жетіспеушілігінің   жетілу
белгілері).
           Аурудың ағысы түрі мен ауырлық  үрдісіне  байланысты.  Плевритті
дұрыс, уақытында емдесе тез,   2-3  аптада   айығып  кетеді.  Екінші  реттік
плевриттер айлап, жылдап  (туберкулез)  өтеді.  Іріңді,  шірікті  плевриттер
аурудың  бірінші  декадасында   гипертермия  және  жабырқаулы   белгілерімен
летальды аяқталады.
    Диагнозды  клиникалық зерттеулер мен анамнез негізіне сүйеніп және ауру
симптомдары, пункция сынамасына байланысты,   рентгенологиялық  зерттеуледің
қортындысы бойынша. Ауруды гидроторакс пен пневмониядан айыру қажет.
    Емі.   Комплексті  шара  қолданылады.  Гигиеналық   тәртіп,   тыныштық.
Жеңілсіңірілетін  диета,  поливитаминдер,  антибиотиктер,  сульфаниламидтер,
кеуде  клеткасына  жылу  УВЧ,   солюкс,   УФ-сәулелендіру.   Несеп   айдағыш
салицилаттар,  йодидтер.  Іріңді,  шірікті  плевриттерде   плевралық  қуысты
тесу,  ішіндегіні  сору  және  антисептиктер  ерітінділерін  (антибиотиктер,
сульфаниламидтер норсульфазол, этакридин) жіберу қажет.
    Emphysema – Эмфизема – өкпе көлемінің патологиялық үлкеюі.  Альвеоларлы
эмфизема  альвеоланың  көлемінің  үлкеюіне  байланысты   ал   интерстициалды
альвеола бөльшек аралық дәнекер ұлпа араларына ауа кіру  салдарынан   бронх,
каверналарының жарылуы. Эмфизамалар жіті, созылмалы, диффузды және  локальды
(викарлы) болады.
      Жіті  альвеоларлы  эмфизема  диффузды  микробронхитпен  ауырған  кәрі
малдарда    кездеседі.   Викарлы   (компенсаторлы)   эмфизема    бір   жақты
пневмоторакс,  плеврит,  бронхопневмониядан   кейін   тыныс   алу   саутының
кішіреюнде, өкпенің бөлек  бөлшектерінде  кездеседі.  Созылмалы  альвеоларлы
эмфизема, жіті эмфиземаның  жалғасы  ретінде   астмадан,  бронхоспазмнаннан,
перибронхиттан,  плевриттан,  пневмониядан   кейін   дамиды.   Өкпе   көлемі
үлкейгенмен тыныс алу беткейі азайады, бірақ  тыныс  алу  мен  жүрек  соғысы
жылдамдағаннан, қанда гемоглобин көбейіп   жетіспегенді  толықтырады.  Бірақ
тыныс алудың жетіспеушілі  дамыған  сайын,  үрдіс  қалпына  келмейтін  сипат
алады.
    Интерстициалды   эмфиземада   ауа  ортаңғы  қабат  арқылы   тері   асты
клетчаткасына еніп, альвеолаларды қысып, тыныс алу  жетіспеушілігіне  әкеліп
тірейді.
      Симптомдары. Экспираторлық  демікпе,  тахисистолия,  жүректің  екінші
сазының акценті,  жөтель,  өкпе  алаңының  каудовентральды  бағытта  үлкеуі.
Аускультацияда пысыл  естіледі,Кеуде  клеткасы  дөңгеленеді,  Тыныс  алғанда
қабырға аралары ішіне кіріп, дем шығарғанда үлкейеді.
    Диагнозды    симптомдардың    жиынтығынан    қояды,    тыныс     алудың
жетіспеушілігінің   өсуіне   байланысты,    анамнез     негізіне    сүйеніп,
рентгенологиялық зерттеуледің қортындысы бойынша.
    Емі. Гигиеналық тәртіп,  тыныштық.  Жеңілсіңірілетін  диета,  витаминді
жеңіл сіңірілетін  диета.  Тері  астына  атропин,  эфидрин,  ішке  эуфиллин.
Аллергияға қарсы  беротек, фенкарол, атровент, левамизол,  интал,  ноксирон,
аминазин, димедрол, супрастин, пипольфен. Кардиотоникалық заттар,  (камфора,
коринфар,  жүрек  гликозидтері,  кордиамин,  коринфар,  празорин,  рамиприн,
рамиприл, ангиоприл, пратенол, адверзутен, жүрек  гликозидтері).  Бронхиттің
асқынуларында қақырық түсіргіштер, иодидтер.
    Созылмалы альвеолярлы  эмфиземада жазылуы мүмкін емес.  Ауру  басымырақ
болған кезде  симптоматикалық     терапия,  физиотерапия  УВЧ,  солюкс,  УФ-
сәулелендіру.
    Профилактикасы  күтімді  жақсарту,   азықты  жақсарту,  резистентілікті
жоғарлату, бронхитті болдырмау, аллергендердің әсерінен сақтау.


    Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1.Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын ата4ыз
    2.Олардың түрлері
    3.Клиникалық белгілері
       4.Емі
    5.  Өкпе аурулары туралы түсінік
    6.Белгілері
    7.Диагноз қою
       8.Плеврит  белгілері
    9.Диагнозы
    10.Эмфизема түсінік






    Дәріс №12. Дәрістің атауы. Азық қорыту мүшелерінің патологиясы
    Сұрақ атауы 1  Азық қорыту мүшелерінің патологиясы }
      Сұрақ атауы 2 Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек аурулар


      Ауыз қуысының кілегейлі қабығының қабынуы. Көбінесе катаралды түрінде
болып  келеді.  Сирек  везикуларлы,  жаралы,  афтозды,  дифтеритикалық  және
флегмондық  стоматит  кездеседі.  Аурудың  жайылған  түрі-  ұрттың,  тілдің,
таңдайдын,  еріннің  қабаттаса  жарақаттанулары  және  жеке-жеке   қабынулар
болады. Тілдің қабынуы- лингивинит, таңдайдың-  палантинит,  тіс  еттінің  –
гингивит.
             Аурудың барысы бойынша  –  жіті  және  созылмалы,  себептеріне
қарай бірінші реттік -  басалқы  және   екінші  реттік  -  қосалқы  түрлерін
ажыратуға болады.
              Себептері.  Басалқы   түріндегі   стоматиттің   пайда   болуы
механикалық,  физикалық,  биологиялық  және  химиялық  фактарлардын   әсері.
Тікенекті азықтар, құрғақ сабан шөп, селеу  шөп,  қатты  ұшкір  заттар,  тіс
аурулары, улы өсімдіктер, миенералдды улар, дәріні  бұрыс  бермеулерде  және
т.б.
             Қосалқы стоматит инфекциялық және паразиттік  аурулар  кезінде
көруге болады. Стоматиттің жаралы- некротикалық формасында байқалады  көбіне
солтүстік бұғылардың некробактериозында, қой және т.б. жануарларда.
             Қосалқы стоматит кей  кезде  фарингите,  гастритте,  гепатитте
алдынғы  қарыншалардың созылмалы ауруларында кездеседі.  Созылмалы  стоматит
жиі әлсіз  және  арық  жануарларда  олардың  организмінің  резистентілігінің
төмендеуінде болады.
      Аурудың клиникалық белгілері. Стоматиттің  барлық  формасында  шайнау
бұзылады. Ауру малдың азықты қабылдағанда жеңіл  азықты  таңдауға  ұмтылады.
Ақырын шайнайды, тоқтап аурудың ауыр түрінде аузына азық түсіп жатады.
      Стоматиттің алғашқы кезінде клегейлі  қабығы  құрғақ,  қызарған  және
ісінген. Ауру малдың таңдайы  ісінген,  ол  ісінгендіктен  салбырап  тұрады.
Ауыздан   көпіршіктенген   сілекей   ағады.   Клегейлі   қабықтың    бездері
жарақаттанады.
       Стоматиттің  қосалқы  түрінде  инфекциялық  ауру  формасында  өтеді.
Клегейлі қабықтың  катаралды  өзгерісі  барлық  формадағы  стоматиттің  басы
болып табылады. Клегейлі қабықта жараның, күлдіреуіктің,  везикуланың  пайда
болулары аурудың қосалқы түріне тән белгілері.
      Аурудың барысы. Жіті басалқы катаралды стоматит түрі жеңіл өтеді 6-10
күнде жазылыпкетуі мүмкін.  Жіті  қосалқы  афтозды,  везикулді  және  жаралы
стоматит түрінде ауыршандықпен жазылып кетуі 15-20 күнге созылуы мүмкін.  Ең
ауыр түрлерінде  клегей  қабықтары  некроздық  өзгерістерге  ұшырап,  қабыну
терең қабаттаса түседі.
      Созылмалы стоматит көп уақытқа созылады, ауыздың клегейлі қабығындағы
өзгерістер көп жағдайда қарау қорқынышты болады.
        Емі.   Стоматиттердің   барлық   формаларында   клегейлі   қабықтың
механикалық, физикалық және  де  басқа  да  тітіркендіретін  себептерін  жою
керек. Ауру малға берілетін азық құрамына көңіл  аудару  керек.  Жануарларды
таза  сумен  қамтамасыз  етеді.  Аурудың  жеңіл   түрінде   диеталық   тағам
тағайындап, ауыз қуысын 2 %-ті натри  хлорлы  ерітіндісімен,  3  %-ті  натри
гидро  карбанатымен  шайады  және  залалсыздандыратын  ерітіндімен   шайады.
Стоматиттің   катаралды   ауыр   түрінде   клегейлі    қабықты    3-4    рет
азықтандырғаннан кейін 1:10000  калий  перманганат  ерітіндісімен,  риваноло
1:1000, фурацилин 1:5000, 3% бор қышқыл ерітіндісімен және  тағы  басқаларды
қолданады.  Дифтерикалық  және   жаралы   стоматитте   антимикробты   заттар
ерітіндісімен және  иод  глицеринмен  шайады.  Бактериалды  емес  стоматитте
пеницеллинді ұсынады.
      Сақтандыру. Азықты дайындаған уақытта  оның  ұсақ  екеніне  мән  беру
керек жәнеде дұрыс дайындалғаның қадағалау.   Жануарлардың  терісін  өңдеген
кезде  және  әртүрлі  емдік  сақтандыру  заттарын  дайындалған  ex  tempore,
өсімдік майын қолданбау керек, өйткені жануар оны сүйсіне жалауы мүмкін.

                               Ішектің бітелуі


    Бұл  ішектің бөгде заттармен бітеліп,жіңішкеруінен туатын ауру.
    Себептері  мен  дамуы.Ішектің  бітелуі  көбінесе   шар   тәріздес   жүн
талшықтарынан ( аналық малдарда сүтею және  одан  кейінгі  уақытта,ал  басқа
жануарларда қырықтық кезінде),резеңке бөліктері және  гельминттардан  болады
(аскаридалар ).Бөгде заттар ішектегі астың  жылжуына  кедергі  жасап,кілегей
қабықтардың қабынуы мен асқорытудың бұзылуына әкеледі.
    Клиникалық белгілері.Асқа тәбеттің жоғалуы,арықтау,сілекейдің ағуы және
лоқсу белгілері байқалады.
    Өлекседегі өзгерістер. Ішекті ашып қарағанда бөгде заттар табылады және
кілегейлі қабықтардың қабынуы( әдетте геморрагиялық ), перитонит болады.
    Анықтау.Құрсақ  қуысының  қабырғасын  сипалау  (  пальпация  )   арқылы
анықтауға  болды.
    Емі.Зондтың көмегімен асқазанға дене температурасына дейін  қыздырылған
100-150 мл вазелин майын  құямыз.Осылай  аңның  тәбеті  пайда  болғанша  2-4
күндей қайталаймыз.



    Құрсақ қуысының шемені


    Бұл ауру құрсақ қуысында транссудаттың жиналуынан болады.
    Себептері мен дамуы.Құрсақ қуысына транссудаттың жиналуы  көбінесе  қан
айналым жүйесінде қан ұйып қалған жағдайда болады.
    Клиникалық белгілері. Іштің көлемінің ұлғаюы.Егер аңның  денесін  ұстау
бағыты өзгерсе, онда ішінің  конфигурациясы да өзгереді.
    Өлекседегі өзгерістер.Құрсақ қуысындағы  көп  көлемдегі  сұйықтық  ашық
сарғыш түсті болады.
    Анықтау.  Ішті  саусақпен  сипалау  арқылы   немесе   құрсақ   қуысының
қабырғасын тесу арқылы анықтаймыз.
    Емі.  Шприц  арқылы  құрсақ  қуысынан  экссудатты  сорып  шығарамыз.Зәр
айдағыш заттар береміз.
    Перитонит Бұл ауруда құрсақ қуысының сірі қабығы қабынады. Ол жіті және
созылмалы,шектелген ( ошақтық  )  және  құйылған  (  диффуздық  ),  серозды-
фибринозды,іріңді,іріңді-шірікті және геморрагиялық болады.
    Себептері мен дамуы. Перитонит көбінесе  құрсақ  қуысында  және  жамбас
қуысында  орналасқан  ағзалардың   ауруларының   асқынуынан   болады,мысалға
инвагинация  және  ішектің  бітелуі,  жіті   гастроэнтерит,асқазанның   және
ішектің жыртылуы,нефролитиазис,жатырдың тесілуі (буаз  кезіндегі  токсикоз),
сонымен қатар жарақаттың құрсақ  қабырғасына  түскенде  (өзін  өзі  тістеген
кезде ) және  инфекциялық  ауруларында  (псевдомоноз,  стрептококкалық  және
стафилакоккалық       инфекцияда,    диплококкалық     септицемияда     және
т.б.)кездеседі.Құрсақ  қуысында  жиналған   қабыну   заттары   мен   өміршең
микробтар қанға,лимфаға өтіп,интоксикация тудырады.
    Клиникалық белгілері.Аңдардың қозғалысы шектеулі және зорыққан, абайлап
қозғалады. Құрсақ бөлігі  ауырсынады,егер  құрсақ  қуысына  сұйықтық  көптеп
жиналса,салбырап  кетеді.Соңғы  жағдайда  саусақпен   сипалайтын   болсақ,іш
бөлігі бүлкілдейді ( флюктуация ),ал аускультация  жасаса  шұрылдаған  дыбыс
естіледі  (  құрсақ  қуысында  экссудат  пен  газ  жиналса   ).Жиі   аңдарда
диспепсиялық  өзгерістер  кездеседі  –  іштің  қатуы,немесе  керісінше,іштің
өтуі,лоқсу.Дене  температурасы  көтеріледі,тамыр  соғысы  мен   тыныс   алуы
жиілейді.Қанды  тексергенде   ядросы  солға  жылжыған  жоғары   нейтрофильді
лейкоцитоз анықталады.
    Өлекседегі өзгерістер.Құрсақ қуысында қабынудың түріне байланысты түрлі
сұйықтықтар жиналады (іріңді,фибринозды және т.б.)Жатыр жыртылған кезде  қан
қою қызыл түсті болады және құрамында плацента  бөлшектері  кездеседі.Құрсақ
қуысын қаптап тұрған кілегейлі қабығында қан көбейеді  (гиперемия),  ноқатты
қан  құйылулар  болады,фибринді  қабықпен  қапталған.Ауру   созылмалы   өтсе
ағзалар бір-біріне жабысып қалады ( спайка).
    Анықтау. Клиникалық жағдайына  қарап  қойылады,ақ  қан  түйіршіктерінің
морфологиялық құрамын зерттеу  арқылы  қояды  және  ішке  сынамалық  пункция
жасайды.Перитонит болғанда пунктатта өте көп лейкоциттер,іріңді  заттар  мен
микробтар( боялған жағындыда),жатыр  жыртылса  –  қан  немесе  оның  дақтары
кездеседі.
    Емі.  Пенициллин,синтомицин,тетрациклин  тобындағы  антибиотиктер  және
сульфаниламид препараттары, жүрекке арналған кофеин,камфора,ыстық  түсіретін
заттар қолданылады. В.В.Мосин  әдісі  бойынша  новокаин  блокадасымен  бірге
лапаротомия жасаймыз.
    Диспепсия Асқазан-ішек жолдарының жұмысының, зат алмасудың  бұзылуымен,
   сонымен қатар ағзаның сусызданып, улануымен сипатталатын ауру.
    Себептері мен дамуы.Жаңа туған күшіктердің бұл  ауруға  шалдығу  себебі
аналық малдың буаздық мерзімінде дұрыс азықтанбауы,құнарсыз  және  құрамында
патогенді  микроорганизмдері  бар  азық  бергеннен  болады.Азық    құрамында
витаминдердің жеткіліксіздігі, әсірісе А, Е, Д витаминдерінің,белоктың  амин
қышқылдық  құрамының  жеткіліксіздігі  іштөлге  кері  әсерін   тигізіп,әлсіз
төлдің тууы мен асқазан-ішек жолдарының аурулары  және  басқа  да  ауруларға
шалдығу мүмкіндігі жоғары болады.
    Аналық   малдарды   сүтею   кезеңінде   құнарсыз,дұрыс   емес   азықпен
азықтандырғанда сүтпен бірге улы заттар бөлініп, жаңа туған  күшіктердің  ас
қорытуының бұзылуына апарады.
    Аурудың споралық түрі аналық малдардың сүт бездерінің қабынуында немесе
асқазан-іщек жолдарының жұмысы бұзылғанда болады.
    Нутридің ішегінің кілегей қабығының  қабынуы  инвазиялық  (  кокцидиоз,
стронгилидоз) ауруларда, ал шиншилла лямблиозбен ауырғанда болады.
    Күшіктердің ас қорыту жүйесінде өзгерістер болған кезде қоректік заттар
дұрыс сіңбейді де әлсіреп, сирегірек өлімге ұшырайды.
    Клиникалық   белгілері.   Күшіктер   әлсіз,активтілігі   төмен,   әлсіз
қыңсылаған дыбыс шығарады. Үрпіні  сору рефлексі  төмен.  Нәжіс  су  сияқты,
сарғыш   түсті,көпіршікті   және   қортылмаған   сүттің   қою    ірімтіктері
болады.Құрсақ бөлігін саусақпен сипаса ауырсынады.
    Улану  күшейген  сайын  жағдайы  нашарлап,күшіктер  кематозды  жағдайға
түседі, керіліп  жатады,көзі  көз  шарасына  кіріп  шүңірейіп  кеткен,нәжісі
еріксіз бөлінеді.Ауру 2-3, сирегірек 6-7 күнге созылады;  созылмалы  түрінде
гастроэнтеритке ауысады.
    Өлекседегі өзгерістері. Өлексе өте арық,жүні  ұйпаланған,  артқы  тесік
маңайы нәжіспен былғанған.Асқазанында  қоюланған  сүт  бар,  ал  ішегі  бос.
Асқазан мен ішектің кілегей қабықтары ісінген, жалқаяқпен қапталған.  Бауыры
босаңсыған,сарғыш түсті.
    Анықтау.   Клиникалық   белгілерін   ескере   отырып,   азық    құрамын
бактериологиялық зерттеу қою арқылы анықтауға болады. Аналықтың  денсаулығын
тексереміз - ас қорыту ағзаларының жағдайын,сүт  бездерін,  зәр  және  жыныс
ағзаларын тексереміз.
    Емдеу және алдын алу. Егер жаппай  ауыратын  жағдай  болса,аналықтардың
азығын алмастырып,құнарсыз азықты  алып  тастаймыз.Жеке  жағдайларда  барлық
дүниеге мән береміз, аналықтың денсаулығы мен үйшіктегі тазалыққа да.
    Ауру  төлдерге   асқазан  сөлін  береміз,  АБК,  ПАБК,  лизоцим,белокты
гидролизаттар 1-2 тамшы көлемінде 2-3 мл жасы мен  түріне  байланысты.  Ауру
төлдердің  аналықтарына  хлортетрациклин,  окситетрациклин,  м   синтомицин,
пропомициллин,   биомицин,   левомицин,   тилон,    геомицин,    ампициллин,
эриприм,пушбрисен және тағы басқа  да  заттар  аналықтың  ағзасынан  бөлініп
күшікке сүт арқылы емдік мақсатта беріледі.
    Диспепсияның алдын алу үшін буаз немесе сүттену  кезіндегі  аналықтарға
ет-балық,сүт және витаминдерге  толы  көкеніс  азықтарын  реттілікті  сақтай
отырып,сапасына тексеріп барып беру керек. Егер азық  құрамында  ұзақ  уақыт
тоңазытқышта сақталған ет немесе балық болса, оған Е,  А  витаминдерін,  көп
мөлшерде  сүт,  қажет  болса  антибиотиктер  мен  сульфаниламидтерді   қосып
береді.
    Сұрғылт диарея.    Күзендердің майды қорытуының бұзылып,арықтауымен
жүретін ауруы.
    Себептері мен дамуы. Майдың сіңірілуінің  бұзылуы  қарын  асты  безінің
жұмысын  дұрыс  атқармаудан  болады  деген   болжам   бар.   Сонымен   қатар
генетикалық тұрғыдан осы ауруға бейімделушілік болады деген ой да бар.
    Ауру   күзендерде   азық   құрамындағы   май    арнайы    ферменттермен
ыдырамайды.Өзгермеген күйдегі май асқазан-ішек жолдары  арқылы  өтіп,кілегей
қабықтарына әсер етеді және оны өзгеріке ұшыратады.Әдетте бір  жастан  асқан
күзендер ауырады.
    Белгілері.Іш  өту,нәжісі  сұйық,сұр  түсті,құрамында   ыдырамаған   май
болады,одан нәжіс иістенеді.
    Күшті тәбет пен шөліркеуге қарамастан   күзендер  ұсақ,қоңдылығы  төмен
әрі жүн  талшықтары  жетілмеген  болады.Анемия  байқалады,эритроциттер  саны
азаяды.Суық түсісімен күзендер қосарланған аурулардан өлімге ұшырайды.
    Өлекседегі өзгерістер.Өлексе семген. Жүн  талшықтары  жетілмеген.Сойған
кезде терісінің сапасы өте нашар.
    Асқазан мен ішектегі бұзылыстар бірдей болмайды.Жиірек ішектің  жіңішке
бөлігі қабынуға бейім,кілегей қабықтар гиперемия  және  гипертрофия  іспетті
өзгеріске   ұшыраған.Микроскопиялық   зерттеу   кезінде   жасушалық   жалқақ
табылады,кілегей   қабықтарды   өзгеріске   ұшыратып,түлетеді.Ал   асқазанда
микроскопиялық өзгерістер болмайды.
    Анықтау.Клиникалық көріністеріне  қарап  анықтаймыз,  ол  диареяға  тән
екені күмәнсіз.Нәжісі жұмсақ,сұр түсті,иістенген жаман иісі бар.Азықты  және
суды пайдалануы өте жоғры мөлшерде,бойының өспеуі және арықтау.
    Емі мен алдын  алу  шаралары.Нитрафуран  тобындағы  дәрі-дәрмектерді  (
нитрофурзон,т.б.) азықпен бірге 21 күн көлемінде береміз.
    Алдын алу  шаралары  қарастырылмаған.Сұр  диареямен  ауырған  жануардың
төлін қалдырмаған дұрыс.



    Майлы гепатоз. Ауруға зат алмасудың бұзылуы,бауырда мөлшерден тыс
майдың жиналуы тән.Семірудің алиментарлық,токсикалық,гипоксемиялық және
дистрофиялық түрлерін ажыратамыз.
    Себептері   мен   дамуы.Етқоректі   терісі   бағалы    аңдарда    дұрыс
азықтандырғанда   бауырда   май   қараша-ақпан   айларында   жиналады   және
физиологиялық  құбылыс  боып  табылады.Құрамында  жоғары   калориялы   майлы
азықпен  осы немесе басқа периодта  азықтандырғанда  бауырдың  жасушаларында
шамадан тыс май жиналып,оның қызметінің бұзылуына әкеледі.
    Ағзаның майлы дистрофиясы сонымен қатар белок  жетіспеушілігі  болғанда
(лактация  кезеңінде  ағзаның  азғындалуы,күшіктердің  гипотрофиясы  )  және
азық құрамында күкірт құрамдас  амин  қышқылдары  болғанда  (  көп  мөлшерде
сүйектен жасалған азықпен азықтандырғанда),бактериялардың улы өнімдерінен  (
Cl. Perfringens ) және саңырауқұлақтармен  (Aspergillus  ulger,  Aspergillus
flavus) аң шаруашылығында қолданылатын азықтар зақымданғанда болады.
    Бауырдың уланудан май басуы ағзаға құрамында фосфоры  бар  препараттар,
сынап,егеуқұйрыққа  қарсы  уы,қорғасын  және  т.б.   улы   заттар   түскенде
болады.Улану    және    күзендердің    бауырының     зақымдалуы     балықпен
азықтандырғанда,  консерві  және  көп  мөлшерде  натрий  нитратын   бергенде
болады.Соның салдарынан болатын диметилнитрозаминнің  улы  қасиеті  бар.Жіті
майлы цистрофия салдарынан гипоксия қалыптасады, мысалға аңдарды  тасымалдау
техникасы бұзылғанда.
    Белгілі бір сатыдағы аурудың өршуі ағзаға витамин жетіспегенде болады (
Е,В12,К,холин, фоли қышқылы).
    Белгілері. Ауру басталған кезде  белгілері айқын емес.Жануарлар азықтан
бас тартады, суды көп  ішеді,жүн  талшықтары  жылтырлығын  жоғалтады,  ұйпа-
тұйпасы шығады. Кілегей қабаттары ағарып, тіпті сарғыш тартады.Өлер  алдында
 жүрісі қиқалақтанып, артқы аяқтары салданады.  Ірі  аналықтарда  іш  тастау
байқалады.
    Анықтау.Қан    мен    несепті    зерттейді.Тимол    сынамасын     алған
дұрыс,белоктарды  электрофоретикалық   бөлшектеу   жасаймыз   және   несепті
билирубинге зерттейміз.
    Емі мен алдын алу.Ең бірінші диеталық азық,липотроптық препараттар  мен
витаминдерді тағайындаймыз. Белок гидролизаттарын  бос  аминқышқылы  ретінде
пайдаланамыз  (  аминопептид-2,  гидролизин  Л  –  103  )  оны   жануарларға
парентеральді немесе азыққа 5-10 мл  қосу  арқылы  береміз.Липотропты  әсері
бар препараттардан метионин, липокаин, В6, В12, С,  Е  витаминдерін,  холин,
фолий қышқылын қолданамыз.Ағзадағы улану мен зат  алмасуды  қалпына  келтіру
үшін  электролиттердің ертінділерін  қолданамыз.Және  де  глюкоза  (  натрий
хлориді  9  г  ,калий  хлориді  0,2  г,  кальций  хлориді  0,2   г,   натрий
гидрокарбонаты 0,2 г,глюкоза 1 г,  су  дистилденген  1000  г.)  Азыққа  шикі
бауырды қосамыз,10-15 г  ,балық,  жаңа  тоңазытылған  субазықтар,  көк  сүт,
ірімшік, жасыл шөп, жартылай витаминдер ( пушновит және т.б. ), Е, В6,  В12,
В15 витаминдері.


    Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


               Дәріс №13. Дәрістің атауы. Хирургиялық аурулар
    Сұрақ атауы 1  Хирургия жөнінде түсінік


    {Дәріс конспекті}
    Сұрақ атауы 2 Жарақат және жарақаттану туралы түсінік.
    {Дәріс конспекті}
    .3   Сұрақ  атауы  3  Мал   шаруашылығындағы   жарақаттануды   алын-алу
шараларының мен принциптері.

    «Ветеринариялық  хирургия»  -  хирургиялық  операцияның  тәсілдері  мен
ережелерін, хирургиялық ауруларды емдеу әдістері  мен  алдын  алу  шараларын
оқытатын  ғылым.   Бұл  пән  келешек  мал  дәрігерлері  мен  мал  мамандарын
дайындауда  кәсіби  пәндерге  жататы,  себебі   хаирургиялық   операцияларды
меңгермей  кәсіби іскерлігі  дамымайды.  Көптеген  операциялар  мал  өмірін,
атқаратын  қызметі  мен  өнімділігін   сақтап  қалудың  жалғыз  жолы   болып
табылады.  Операцияның жетістігі көптеген жаңдайда оны  орындау  шеберлігіне
байланысты. Сонымен қатар  хирургиялық операцияны   жасау  кезінде  оны  тек
жасаған  жермен  байланыстыруға  келмейді,  ол  бүкіл  организмді   қамтиды.
Хирургия оқу  жүйесінде  дербес  үш  бөлімге  бөлінеді:  оперативті,  жалпы,
аймақтық.
             Оперативті  хирургия   топографиялық    анатомияны,   операция
ережелері мен тәсілдерін оқытады.
    Жалпы хирургия  барлық  хирургиялық  пәндердің  негізі  ретінде,  жалпы
организмдегі, мүшелер тобында немесе ұлпа жүйесіндегі хирургиялық  патология
ны болдырмау және емдеу әдістерін оқытады.
     Аймақтық  хирургия мал тұлғасының кейбір аймақтары  мен  мүшелеріндегі
хирургиялық ауруларды оқытады.
    Антисептика жөніндегі жалпы түсінік.
    1867 ж. Листер бір қатар  тәжрибе  жасап,  хирургтің  басты  міндетіне—
жараға түсіп үлгірген, шіруге себепкер болып тұрған ұрықтарды жою  және  сол
жараға  ұрыктардың  жаңадан  тусуіне  жол  бермеу  шаралары  саналады  деген
кортынды  жариялады.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  ол  3-5  проценттік  карбол
қышкылының ертіндісін ұсынды. Емнің мұндай  әдісі  антисептикалық  әдіс  деп
аталды.
     Антисептика – жараны  және  оған   байланысқан  ұлпаларды  операциялық
алаңды химиялық заразсыздандырушы заттар арқылы  заразсыздандыру әдісі.
     Антисептика (грек тілінен аnti – қарсы және septikos –  шірік)  жараны
залалдандыру әдісі.
      Антисептиканың төрт түрі болады – олар:
    Механикалық антисептика  –  бірінші  балауса  жараны  1,5  –  3  тәулік
берілген алғашқы хирургиялық өңдеу.
       Физикалық  антисептика.   Оған:   орташатұздар,   пудра   және   т.б
гигроскопиялық ұнтақтарды пайдалану; ашық  емдеуде  жараны  ауамен  кептіру;
жара үлкен әкссудат сарғыш қасиеті бар марлі байлағышты тану; орташа  тұздар
гипертониялық ертіндіні 10–20%   қолдану;  тар  марлі  жолағын  немесе  толы
резеңкелі түтікше қолдану жатады.
       Химиялық  антисептика.  Органикалық   және   бейорганикалық   заттар
көмегімен қоздырғыштардың өмір тіршілігін және вируленттілігін  төмендетеді,
жарадағы   жасушаның   реактивтілігін   күшейтеді,   операциялық    алаңның,
хирургиялық   қолының   терісін,   тігетін   затты,   қолғапты,   құралдарды
залалсыздандыру.
      Биологиялық антисептикті антибиотиктермен, вакциналармен, спецификлық
сарысулармен,   антивирустармен,   бактериофактармен   жүзеге   асады.   Бұл
антисептик ағзаның  қорғаныш  күштерін  жоғарылатады,  микробтар  өсуі  үшін
қолайсыз орта тудырады немесе оларды жояды.
      Асептик (грек тілінен – А теріс бөлігі жоқ дегенді  білдіреді    және
septikos – шірік)  –  жараның  асқынуының  ескерту  әдісі  барлық  заттардың
физикалық    заттармен     залалсыздардыру    әдісімен.    Бұл     заттардың
залалсыздандырылуы қайнаған немесе автокловтаға қысыммен буымен жүреді.
       Қазіргі  кездегі  асептика  түсінігін  антисептиктен   бөліп   алуға
болмайды. Сондықтан жалғыз кешенді асептикті–антисептикті хирургиялық  жұмыс
әдісі бар, сол кезде есептік кең ауқымды көлемде осы  сөздің  антисептикалық
заттарды қолдануымен қатар, антибиотиктер  және  биологиялық  препараттармен
жүреді.
      Ветеринарлы хирургиялық жұмыстың  асептикті  –  антисептикті  шаралар
көлеміне: 1)  операция  орындалатын  бөлмеде  ауалы  және  тамшылы  инфекция
профилактикасы; 2) операцияға хирург қолының  дайындығы;  3)  жануарды  және
операция орнын операцияға дайындау; 4) құралдар стерилизациясы;  5)  танығыш
материал  және  шүберек  стерилизациясы;  6)  тігу  үшін  арналған  материал
стерилизациясы;  7)  қолғап  стерилизациясы;  8)  шірік  операциялы  жараның
қосымша профилактика шаралары.
    Тамшылы инфекцияны болдырмау шаралары Ауыз қуысы  мен  мұрын  жұтқыншақ
әртүрлі микроб қойнауы болып есептеледі (гемолитикалық стрептококк)


                                  Кастрация


    Кастрацияның маңызы. Аталық пен аналықтарды ұрық  бездері  екі  негізді
қызмет атқарады: олар жыныстық клеткалар түзеді және гормон бөледі.
    Гормондар,  қанға  түскеннен  кейін  жүйке  жүйесі  арқылы  организмнің
жағдайына үлкен ықпал етеді.   бөліктерінің экстерьерлік түрі,   мал  түріне
тән сай,  ерекшеліктері, сонымен  қатар  мінез-құлқы,  тағы  басқа  жыныстық
қасиеттері ерекшеленеді.     Кастрация  зат  алмасуды  түбірімен  өзгертеді;
осы тұрғыда организмде жаңа физиологиялық  жағдайлар  туындап,  мүшелер  мен
ұлпаларға және мінез құлқынына әсер етеді.
    Кастрация   жас   малдарға   ертерек   жасалғанда     организм    толық
жетілмегендіктен,  органдар  дамып  болмағандықтан  үлкен  әсерін  тигізеді.
Ондай аталықтар, әлсіз болып, азыққа тойымсыз  азық  түріне  қарамастан  жей
беретін  қомағай келеді. Эксплуатацияға төзімді де ыңғайлы  келеді.  Текелер
мен  қабандардың  өздеріне  тән  иісі  жолалады,  еттінің   дәмі   өзгереді,
жақсарады.
      Жыныстық іс – әрекеті  жойылғандықтан энергия бөліну үрдісі төмендеп,
организм семіруге бейімделеді, пішілген қойлардың тек еті  ғана  көбеймейді,
жүн сапасыда өзгеріп жақсарады.
    Кастрацияның оң және теріс көрсеткіштері.  Сонымен  аталық  пен  аналық
организмдерінде май ресурстарының  деңгейін  көбейтіп  халықтың  азық  қорын
арттырады. Уақытында   өткізілген  кастрация   мал  жайлымына  жайлы    және
туыстық   будандастыруды  азайтады .
    Асыл тұқымды аталық малдарды ғана ұрық алу мақсатында және сапалы ұрпақ
алу мақсатында ғана қалдыру керек. Аталық малдарды  18  айлығында  пішіледі.
Аталық малдардың жыныс мүшелерінің қабынумен өтетін ауруларының алдын  алуда
– пішудің маңызы зор.
        Еркек малды түріне, тұқымына, тез жетілуіне, пішу  мақсаттары  және
орындалатын операцияның тәсіліне тәуелді  оларды  әр  түрлі  жасында  пішуге
болады. Жұмысқа пайдаланатын айғырларды  5  жастан  асқан  мерзімде  пішеді.
Сонымен  қатар  ауыл шаруашылық  малдарының  ішінде  еркек  малдар  арасында
аталық малдардың жыныс мүшелерінің  аурулары   көптеп  кездеседі;олар  жыныс
бездерінің  жарақаттары,  олардың   фистулалары,  үлкен   абсцесстерде  және
созылмалы қабынуларда, ішкі жыныстық бөліктерінің  катерлі  ісіктерінде,  ал
аналықтарда   –   бір  аналық  бездегі  тоқталған  сары   дененің   кистозды
жарақаттануында.
    Кастрацияның кері әсері  олар;  инфекциялық  ауруларда,  көтерем  болып
арықтауда,  инфекцияның бір белгісі ретінде дене қызуының көтерілуі.
    Анатомотопографиялық  деректері
    Шап аймағы алды мен артынан байланыс арқылы медиалды сыртқы шеті құрсақ
бұлшық еті алдыңғы жағы мұрын төмпешігінен  өтетін   вертикалды  сызық.  Шап
аймағының  латералды және құрсақ қабырғаларына санның  жалпақ  қатайтқышының
фасциялары бекиді.
    Құрсақтың қиғаш бұлшық еті шап аймағында жұқа болып  келедіде  каудалды
шетінде шап байланысына жетпейді осы аралықта жіңішке немесе  жалпақ  саңлау
қалады.  Бұл   бұлшық  етсіз  бөлшекті    апоневротикалық  шап  аралығы  деп
атайды. Оның сырт жағы құрсақтың тік б/  еті  мен  артқы  жағы  іштің  қиғаш
б/еті мен шап байламдарымен және шат тарамыстары бөлшектеледі.
    Шап каналы – canalis ungulnalis  құрсақ  қуысында  басталады  ішкі  шап
сақинасы – аnulus  ungulnalis  abdominalis  s,  internus  cыртқы  тері  асты
сақинасы мен аяқталады. Ен қабаттары:  ума  ен  қабы  ,  б/етті  эластикалық
қабы, фасция, жалпы қынаптық қабы,арнайы қынаптық қабы, ақтық қабат,ен  және
ен қосалқысы,үрық жолы
      Ұма (scrotum) теріден, серпімді мускул қаптан және  купер  шандырынан
құралады. Ұманың терісі (cutis scroti) жұқалау  болады;  иттерде  мысықтарда
және ұсақ күйістерлерде жүндес болады; жылқылардың, ірі  қарамалдардың  және
шошқалардың ұмасындағы түгі аз және майда болады.  Ұмасының  дәл  ортасында,
оңға және солға екі бөліп тұратын көзге айқын түсетін жігі болады.
    Серпімді мускул қабығы (tunica dartos) тері астылық қабат пен шандырдан
құрылады; оның толып жатқан бірі  мен  бірі  айқасқан,  беті  тегіс,  талшық
байланысып тұрады,  сондықтан  мускулдардың  талшықтары  жыйырылған  кезінде
ұмасы да жыйырылады, бетін ажым басады.Сонымен қатар серпімді қабығы  ұманың
қабырғасын жасайды, сөйтіп ол ұманы оң және сол жақ екіге бөліп, ұма  қуысын
жасайды.
    Купер шандыры (Fascia ubdartoica) өте тығыз фибриозды тақташық  тәрізді
болады, ол серпімді мускул қабықпен тығыз қосылған және астыңғы  ткандарымен
қопсық бірігеді.
    Мускул-ең көтергіш (сырты) –musclus  cremaster-  кесе  жолақ  мускулдан
құралады да, жалпы қынап  қабығын  сырт  жағынан  жауып,  онымен  өте  тыңыз
байланысады. Ен  көтергішін  сыртқы  беткейінен  жұқа  шандыр  қаптайды,  ол
ұманың  ішкі  жақ  қабырғасымен  біріктіргіш  тканьдай   қопсық   жалғасады.
Мускулдары жыйырылған кезінде ен жоғары тартылады.
    Еннің қынаптық қабығы (tunica vaginalis). Әрбір ұма  қуысының  ішіндегі
еннің көтергіші жағынан  екі  қабығы  болады;  1)  өзара  берік  қосақталған
(tunica vaginalis commununis)екі тақтадан құрылатын (сыртқы  тыңыз  талшықты
және ішкісі серозды-іштің жапырағы) және соның болуы арқасында  қынап  қуысы
құрылатын, өзі қынап қапшығы  сияқты  келетін  жаллпы  қынап  қабығы  болады
(cavum vaginalis); 2) арнаулы не  өзіндік  қынап  қабығы  (tunica  vaginalis
propria) болады, ол іштің сыртқы жапырақшасы.  Ол  ен  мен  сағақты  тікелей
және берік қоршап  тұрады,  салбырай  түскен  кезінде  ілесе  жүреді.Әлгідей
арнаулы қабықпен, сондай-ақ тамырлар мен  нервтері  де  қоршалған,  олар  ен
бауын құрастырады.
    Үй  жануарларының  қынап  қуыстарында  еннің  тұратын  жағдайы  әртүрлі
болады. Жылқылар мен етқоректілердің  ендері  ұзын  болады  да,  горизонталь
бағытта тұрады. Олардың бүйірлік  беткейінде  басымен  қосылған  сағағы  арт
жағына қарай созыла жатады.
    Күйістілердің ендері тіке бағытта болады,  ал  талғаусыздардікі  қыйғаш
жатады.  Сағақтары  ендерінің  алдыңғы  жағында  басы   төмен   қарай   алға
бағытталған, ал құйрығы  жоғары қарай артқа бағытталған.
    Қынап дорбасындағыдай-ақ қынап каналынждағы ішкі жапырақшасы яғни қынап
қабығының серозды тақташық қынап  қабығына  ауысады.  Ол  қабық  жылқылардың
ішінде, ал күйісті жануарларда астыңғы жағында,  етқоректілерде,  шошқаларда
үстіңгі жағында орналасады да, ауыспалы тарамыс құрастырады.
    Ауырлау келетін сол жақ ені, оң жақ енінен төменірек  салбырап  тұрады,
кезінде санының ішкі жағынан, қақтығып, қыстырылып қалудан аман болады.
    Бұқаларды кастрациялау
    Бұқаларды шаруашылық мақсатта кестіреді. Кастрациядан  жануар сүйегінің
недәуір артық  өсетіндігі  айқындалған.  Кестірілмеген  бұқаларға  қарағанда
өгіздердің салмағы анағұрлым артады.
    Олар әрқашан жуас болады, жұмысқа  пайдаланылады,  семіртуге  де  жақсы
болады, олардың еті жұмсақ  және  дәмді  келеді.  Семіртуге  қойылған  еркек
бұзауларды 2 – 3 айлығында, ал жұмысқа пайдаланылатындарын – біржарым –  екі
жасында кестірген жақсы болады. Жылдың ыстық және салқын  кезінде  кестірген
жақсы болмайды.
    Жас бұқашықтарды жатқызбастан кестіруге  де  болады.  Бұқашықты  мықтап
мүйізінен байлайды,   көмекшінің  бірі  танауының  шеміршегінен  басады,  ал
екіншісі мықынына  тірей басып, оны қабырғаға қысады.
    Кестіру  әдістері  ішінде  көбірек  қолданылып  жүргендері:  1)  байлап
кестіру, 2) қысқыш салып кестіру, 3) жіппен қыйып кестіру.
    Байлап кестіру. байлап кестіру. Ол үшін бұқаны сол жақ бүйіріне жығады.
Тиісті шарасы жасалып болған ұманы ұстап, қатпарлары әбден жазылғанға  дейін
тартады. Содан кейін  2  –  3  см  шамасы  кең  алып,  ұмасының  дәл  ұшасын
скальпелмен  кеседі.  Кесілген  ұмадағы  тесігінен  жалпы  қынап   қабығымен
қоршалған екі ені бірден шығады. Енді тартып  ұмасынан  шығарып  алады,  сол
кезде екінші қолымен терісін ішке қарай жылжытады,  онда  тіпті  ен  бауына,
өзінің үстіңгі жағынан 3 – 5 см жоғары салуға келетіндей етіп жылжытады.
    Жалпы қабығын ішке қарай жылжытып болғаннан кейін,  жәрдемші  адам  бір
қолындағы  қысқышпен  енді  ұстайды,  ал   саусағының   арасында   ен   бауы
қыстырылған екінші қолымен терісін ішке қарай жылжытады.  Сол  уақытта  Б.М.
Обухов ұсынған әдіс бойынша, кестіру түйіні тәрізді  етіп  дайындаған  жіпті
танады.  Кестіру  түйінінің  жібі  тканіне  терең  сіңіп   кететіндей   етіп
байлайды, әйтпесе ол түсіп қалады.
     Профессор Студенцов ірі бұқаларға екінші қайтара таңу әдісін қолдануды
ұсынады, оның үшін жалпы қынап қабығы алдын ала айналдыра кесілгеннен  кейін
бірінші таңуының 1,5 – 2  см  төмен  алып,  беті  ашылған  ен  бауын  екінші
қайтара буады. Ен бауының  жоғары  қарай  жылжып  кетпеуі  үшін  әр  жерінен
таңылған екі жіптің басын бірге қосып өзара байлап тастайды.  Осы  тәртіппен
екінші ені де алынады.
     Кестірілген  жануарлар  2  –  3  күндей  бақылауда  болады.  Жарасының
ернеулеріне креолин, йодоформ не лизол майын жағуға  да  болады.  Исі  күшті
майлар жылдың ыстық кезінде жағылады сонда жарасына шыбын  үймелемейді.  Екі
күннен  кейін  күніне  екі  қайтара  20  –  30  минуттан  серуендету  қажет,
азықтандыру мен операция жасалған мүшесін бақылап отыру керек.
    Қысқышпен кестіру. Бұл әдіс әсіресе жас бұқашықтарды кестіруге  қолайлы
болады. Кестіруді ұмасының бір жақ бүйірін ала тілу жолымен орындалады.
    Операцияға  дайын  ұмасын  хирург  сол  қолымен  айқара   ұстайды   да,
саусақтарымен операция жасалатын жерінің терісін кереді. Содан  кейін  қынап
қабының тереңдігіне жеткізе бүйір жағынан ұзыншалап тіледі  де,  сол  тесігі
арқылы енін суырып алып, аралық тарамысын  жыратып  жібереді.  Жалаңаштанған
ен бауына, көмекші адам қысқыш  салады  да,  оны  қысқышпен  езіп  жібереді,
содан кейін хирург енді бұрап алады. Осы  әдіспен  екінші  ені  де  аланады.
Эмаскулятор қолдануға да болады.
    Буу әдісі. Кестіруден қан  шықпайды.  Ұманың  жіңішке  мойындағы  жүнін
айналдыра қырқып алады, спирт сүртеді және қазық бау шалып жәппен  байлайды.
Қатты таңылып, ендерінің ажыратылуын қамтамасыз ету  үшін,  жіптің  ұштарына
байланған ағаштармен бұрап, мықтап буады. Кейде әлгәндей етәп  жіппен  бумас
бұрын, ұмасының жіңішке мойынына қысқыш салады да,  бес  минут  бойы  тканын
қысып тұрады. Содан  кейін  қысқышты  басады  да,  қысудан  оясталып  қалған
жерінен, қазық  бау  шалады,  оның  босап  кетпеуі  үшін,  үстінен  ілмектеп
байлайды. Бірнеще күннен соң ені ұмасымен және ондағы жібі де бірге  түседі.



                      Кастрациядан  кейінгі асқынулар.


    Қан ағу. Ұмасының артериясы мен венасынан және көп мөлшерде ен  бауының
тамырлы бөлігінен қан ағатындығы байқалады.
    Себептері. Дұрыс буылмағандықтан жібінің шешіліп кетуінен болады.  Ішке
қарай тартқан кезінде, жалпы қынап қабығының  тілігі  арқылы  енінің  күшпен
түсіп кететіндігінен болады, бұл жағдайлар  ен  бауы  тамырларының  үзілуіне
әкеліп соқтарады, ен бауы тканьдарының тұрақты  болмауына  (борпылдақтығына)
байланысты болады.
    Клиникалық белгілері. Қанның операциядан кейін іле – шала  да,  бірнеше
уақыт өткізіп барып та,  ағуы  мүмкін.  Ұма  тамырының  қаны  тамшылап  қана
ағады, ал ен бауының тамырларынан созылып, шапшып ағады.
    Емдеу. Ұмасынан ағып тұрған қаны көп ұзамай – ақ тыйылады, ал  егер  де
ол  көпке  созылып  бара  жатса,  онда  тікелей  ұмасының  қан  ағып  тұрған
тамырлары  орналасқан  жерін  қан  тоқтатқыш  пинцетпен  қысады.   Ен   бауы
тамырларынан қанының ағуы тыйыла қоймаса, жіппен тіккен  сенімдірек  болады.
Кестірілген қуысына қайнатылған, кейде  зиянсызданған  марлядан  тампон,  не
барлығынан да жақсысы кальцилі плазма құю әдісін де  қолданады.  Тампон  бір
күннен кейін алнады.
    Сақтық шарасы. Ашық әдіспен кестіргенде  жалпы  қынап  қабағының  қуысы
ішінен енді тек аралық тарамыстың арғы жағынан  ғана   суыру  керек.  Аралық
тарамысты жалпы қынап қабығымен қосылған жеріне жақын кеседі.
    Шарбы түсуі. Шарбының операция жасап жатқан кезде және  одан  кейін  де
түсетіндігі байқалады.
    Себептері.  Шап  шеңберлерінің  кеңдігіне  және  шап  тесіктері   дұрыс
малдардың операция кезінде өте мазасызданып, бұлқынуына  байланысты  болады.
Шарбы  кесу  жарасы  арқылы  түседі.  Кейде  ол   қынап   каналының   ішінде
қыстырылады да, шамалы ғана түседі, ал  кей жағдайда салбырап  кеткен  шарбы
жерге де жетеді. Ондай кезінде жануар тынышсызданбайды, тамыры  өз  қалпынша
соғады.  Түсіп  кеткен  шарбы  ластанады,  инфекция  түседі  және   жабысқақ
геперимия салдарынан ісініп кетеді.
    Емдеу. Шарбының түсіп кеткен бөлігін зиянсызданған марля салфеткамен не
орамалмен  оқшаулайды.  Кестіру  жарасының  шетіне  йод   тұнбасын   жағады,
ластанған жерлерін жалаңаштау үшін, оларды жоғары  қарай  ауыстырады.  Содан
кейін қынап каналынан шығарылған шарбыны жіппен буады да, буылған жерінен  1
– 2 см төменірек  кесіп  алады.  Шарбының  қалған  жерін  ішқуысына  салады,
жарасын ашық қалдырады. Түсіп кеткен шарбыны салу  үшін  ірі  малды  жығудан
аулақ  болу  керек,  өйткені  жығамын  деп  жүргенде,  шарбысы  түсіп,  тағы
ластануы мүмкін.
    Сақтық шарасы. Ішек ілмектері мен шарбысы түсіп кетуге  бейім  жануарды
кестірер алдында,  шап  тесіктерін  мұқият  байқайды,  оларды  ашық  әдіспен
кестірмейді.
    Қабынған ісіну.  Ол  жарасына  инфекция  түсуден  және  жануардың  дене
құрылысына байланысты болады. Ісіну қабығының дамуына, сондай – ақ  операция
кезінде  болатын  дөрекі  істер,  қатты  тітіргендіргіш  химиялық  заттардың
қолданылуы мен жануардың серуенге шығарылмай, бір орында  үнемі  тұра  беруі
нашар жағдай тудырады. Ісінулердің шектелген (тек ұмасы ғана  ісінеді)  және
жайылған түрде (ұмасы, күпегі және тіпті іш қабы да іседі) болады.
    Клиникалық  белгілері.  Тканьдары  ісінеді,   ауырымпаз   температурасы
көтеріңкі келеді. Саусақпен басып  байқағанда  шұңқырайып  қалады  да,  оның
орны баяу толады. Терісі  тырсиып тұрады. Денсінің жалпы температурасы  2  –
3 градусқа артады.
    Емдеу. Кестіру жарасының жабысып қалған жерін, йод  жағылған  саусақпен
бұзады, ұмасының ішіне жиналған қабыну сұйығы мен  қойыртпақталған  фибринді
алып тастайды. Бұрынғы сыншы қайтадан жабысуының бетін қайыру үшін,  кестіру
жарасының қуысына 5 проценттік бор майын, вазелин  майы  араласқан  йодоформ
(1: 1000)не қабынуын бәсеңдеткіш басқа бір  май  жаққан  жөн.  Температурасы
көтеріліп,  ісігі  зорайып  кетсе,   профессор   Оливков   мынадай   құрамды
ерітіндіге малынған  марлядан  дренажды  салуды  ұсынады:  Jodoformii  10,0;
Aetheris aethylici 20,0; ol. Vaselini medicinalis 70,0.
    Егер де терісі тым көтеріңкі болса, онда оның қансызданып қалмауы  және
бұзылған тканьдарыныңқабыну сұйықтарының шығуына жағдай жасау  үшін,  ісігін
вертикаль бағытқа тілген  дұрыс.  Тіліктерін  «екі  жағынан  бірдей,  сыртқы
күпек тесігінен бастап, артына қарай 3 – 4 см ұзындыққа және 2  см  аспайтын
тереңдікке  тілу  әдісі»  ұсынылады  (Оливков).  Егер  де  жануар  денесінің
температурасы көтеріңкі күйінде қала берсе, онда  оған  қызуын  төмендететін
дәрі береді.
    Сақтық  шарасы.  Операцияны  дөрекі  жасауға  жарамды,   кестірілгеннің
артынан 15 – 20 минуттан кейін, серуендетіп жүргізу керек. Серуенге  желден,
тозаңнан, ластан қорғалған аулаға ғана  шығару  керек,  өте  сақтық  шарасын
қолдану қажет.
    Вагиналит. Әдетте 5 -6  күнге  қарай  өршиді.  Ол  жалпы  қынап  қабығы
ернеулерінің ерте жабысып кетуінен болады, соның салдарынан  кестіру  жарасы
құм сағатының түріне айналады. Шығар  тесігі  болмағандықтан  қабыну  сұйығы
жалпы қынап  қабығы қуысының ішіне жиналады.
    Клиникалық белгілері. Кестірілген жерінің жарасы беріштеніп, бітіп келе
жатқан кезінде (5 – 6 күндерінде және одан да кейінірек) ұмасында  ауырымпаз
ісік пайда болады, ол үлкейіп кетеді де,  жайылма  ісік  өршиді.  Сол  кезде
жануардың температурасы көтеріледі, жалпы халі төмендейді,  жүріс  –  тұрысы
қиынға айналады. Шаншу тәрізді аурулар мен іш қабырғасы  ауырымпаз  жағдайға
ұшырауы мүмкін.
    Прогнозы. Сақтық тілейді, перитонитқа айналып кетуі де мүмкін.
    Емдеу. Кестіру жарасының ішіне, түбіне  жеткізе  саусақ  тығады,  жалпы
қынап қабығына жеткізе беріштеніп келе жатқан ткаының қабатын ірейді.  Содан
кейін, іле – шала, ұысым күшімен қабыну сұйығы жасалған канал арқылы  сыртқа
шығуға  тырысады,  соның  нәтижесінде  жануардың  температурасы  төмендейді,
ісігі қайта бастайды да, жайылма ісігі жоғалып кетеді. Екінші  қайтара  тағы
да жабысып қалмауы үшін, профессор Оливков кестіру жарасын тығындап  (дренаж
салып) қоюды ұсынады.


                     Жарақат және жарақаттану факторлары


     Жарақаттанудың этиологиялық факторларын анықтау.
    Жарақаттану кезінде нейрогуморальды реакциялар


    Жарақаттар және жарқаттаушы факторлар –  деп  айыруға  болады.  Жарақат
–травма (trauma) грек тілінен аударғанда жара, зақымдалу дегенді  білдіреді.

    Жарқаттаушы факторлар экзогенді сыртқы ортаның әсерінен туындайтын және
эндогенді ішкі ортада витаминді - минералды  заттардың  бұзылуынан,  басқада
алмасулардың,  қан  айналымының   бұзылуынан   аутоиммундық   реакциялардан,
аутотоксикациялардан   басқада   ішкі   құбылыстардың   өзгерулерінен   және
жараақаттаушы  заттар  азық  пен  асқазан   –   ішек   трактысына   түсуінің
нәтижесінде  туындайды.  Тағыда  мұнда   зақымдаушы   заттарға   ішкі   қуыс
мүшелерге әртүрлі себептермен  және  микроозганизмнің  әсерінен  тас  тұзуші
әрекеттердіде жатқызуға болады.
      Зақымдаушы факторлардың ерекшеліктеріне байланысты жарақатты  негізгі
бес түрге бөлуге болады.
    Механикалық жарақат немесе ашық және жабық   жара  тері  мен  кілегейлі
қабаттардың бүтіндігі бұзылады. Жарақат нәтижесінде  туындайдын  жарақаттар,
контузия, (соntusio), созылу (distorsio) , шығу (luxatio), сыну  (fractura),
шайқалу (commotio), қысылу (compressio)
    Физикалық жарақат  жоғарғы және төменгі  температурадың   сәулелі  және
радиациялық, электр тоғының және табиғи тоғ (найзазай) әсерінің  нәтижесінде
туындайтын жарақаттар
    Химиялық жарақат күшті қышқылдар  мен  сілтілердің  әсерініңнәтижесінде
туындайтын жарақаттар
    Биологиялық жарақаттар патогенді микроб, вирустардың     макропарзиттер
мен  олардың  токсиндерінің  әсерінен    және   өсімдікпен   жануар   тектес
туындылардың уынан туындайтын жарақаттар
    Жүйкелік  –  стресстік   жарақаттар   малшаруашылығының   өнеркәсібінің
технологиясының  даму  деңгейі  толық  еместігінен   өнімі   көп   малдардың
физиологиялық және атаптациалық  мүмкіншілігіне  жауап  бере  алмайтындықтан
пайда болады. Бұл жарақаттар әсер  еткеннен  кейін  функционалдық  бұзылулар
туындайды, соның арқасында ұлпалардың, жасушалардың,  мүше  және  жүйелердің
реактивті зақымдалуы болып ол өте ауыр  немесе  жеңіл  ауру  ретінде  өтетін
ауруларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жарақаттар   ұзақ  және  қатты
өтетін акустикалық  (акустикалық  жарақат),  сәулелік  әсер  ету  (оптикалық
жарақат), эпизоотияға қарсы  шаралар жүргізуден,  өндірістік  –технологиялық
шулар нерв – жүйке жүйесіне  жағымсыз  әсер  етеді.  Әсер  ету  күшіне  және
уақытына байланысты жіті және созылмалы жарақаттану  факторлары  да  болады.
Екі немесе бірнеше жарақаттаушы факторлар әсерін тигізсе онда  ол  топтасқан
(комбирленген) жарақат болып саналады.
    Тікелей жарақат -  зақымдаушы фактор әсер еткен жерде болады.
    Тікелей емес жарақат - зақымдаушы фактор әсер еткен  жерден  тыс  жерде
болады, яғни биіктен құлағанда, аяқтан тартқанда,  сіңірдің  созылуы,  басқа
бір буынның шығып кетуі, сынуын тағы басқа жарақаттар.
    Бір ғана  жарақат  монотравма,  немесе  бірнеше  жарақат  политравма  –
бірнеше   мүшелердің жарақаттануы болуы мүмкін.
      Травматизм – бірыңғай немесе әртүрлі жарақаттардың жиынтығы.
    Жарақаттанудың  алдын  алу  мал  шаруашылығында  әрбір  қызмет   ететін
мамандардың басты міндеті болып танылады. Егер  мал  мен  жануарлар  жарақат
алатын болса, онда оның өнімі,  етінің,  сүтінің,  күйінің,  жүнінің  сапасы
төмен болады.
      Жарақат түрлері: өнеркәсіптік – технологиялық, азықтық, пайдаланудан,
жылқы-спортының  жарақаты,  жыныстық  жарақат,   тасымалдау,   әскери,   улы
жыландардың, шаян,  бүйі  уының  әсерінен  болатын  жарақаттар.      Сәулелі
жарақат  деп  -мал  организіміне  иондаушы  радияцианың  әсерін    тындайтын
жарақатты айтады.Бұл сәуле ауруының дамуына ,  не  болмаса  сәулелі  күйікке
әкеледі . Альфа және  бета  бөлшектерінің  сырттан  сәулеленуі  ,  клеткалар
ішіне  кіредіде терінің  зақымдануына әкеледі  .  Ал   рентген  және  гамма-
сәулесі немесе неитрондар сәулесіне түскенде , ішке кіру қабілеті  жоғары  ,
көбінесе ағзаның толықтай жаралануына әкеледі,оны- сәулелі ауру деп атайды.
    Жарақаттар және хирургиялық инфекциялар малдардың  резистенттілігі  мен
иммунитетін төмендетеді.
         Жарақат   кезіндегі   нейрогумаральдық   жауап.    Қалыпты    және
патологиялық     жағдайдағы    қорғаныштық    –    бейімделу    реакциясының
нейрогумаральдық реттелуін түсінбей  жарақат пен басқа да аурулардың  дамуын
  түсіну  қиын.  Жануарлардың   организмі  өз  -  өзін   реттейтін   күрделі
биологиялық  жүйе  болғандықтан  тікелей  және  қайтымды  байланыс  принципі
бойынша  реттеледі. Бұл кезде  жүйке  жүйесі  қорғаныштық  –  бейімделушілік
қызметті атқара отырып, аурудың даму  барысында  организмге  керісінше  әсер
етіп, кейде патогенетикалық әсер етуі  мүмкін.
    Организмнің  жеке  торшалары  мен  барлық жүйесінің  морфофункционалдық
бүтіндігі мен  қарсы тұру қабілеті  сыртқы  ортаның  әсерінде    және  жүйке
жүйесінің  жағдайына, , сондай – ақ, өзара  байланысты   эндокринді  жүйенің
қызметінің толықтығына  байланысты  болады. Жүйкелік -  эндокринді   жүйенің
координациялық  бейімдеуші   қызметінің  нашарлауы  периферия   торшаларының
физиологиялық және   күресу   қызметтерін  әлсіретеді.  Осының  нәтижесінде,
әдетте  торшаларды  бүлдірмейтін    сыртқы   орта   факторлары   олар   үшін
жарақаттаушы болып табылады.
    Осылайша, организмнің кез келген бөлігіндегі  торшалардың  өміршеңдігі,
физиологиялық  жағдайы  бүкіл  ороганизмнің  функционалдық  жағдайына,  оның
нейрогуморальдық реттелуіне байланысты болады.
    Эволюциялық даму  және қалыптасу процессінде жануарлардың орталық жүйке
жүйесі мен оның шеткі тармақтары арқылы ұлпалық  торшалар өздерінің  тікелей
тітіркендіруге жауап беру қасиетін  сақтап  қалған  (жара,  күйік,  инфекция
және  т.б.).Сондықтан  олар  тітіркендірулер  мен  зақымдардарға   өздігінше
өздеріне тән  нақты  қорғаныс  реакциясымен  жауап  береді.  Бұл  кезде  тек
зақымдалған емес, маңындағы  торшалардың да реактивтілігі өзгереді.
    Зақымдану  аймағында  пайда  болған   күшті   тітіркенулер    сигналдық
импульстер   ретінде    симпатикалық   тізбектің    афференттік   жолдарымен
(перифериялық   талшықтармен)   ретикулярлы   түзілістер    пен   қыртысасты
орталықтарға жетеді, олардың  әсерінен  ол  жерде  қозу  пайда  болады.  Бұл
жерден ол эфферентті жолдармен үлкен ми жарты  шарының  қыртысына  беріледі,
ол жерде қозу  ошағы  түзіледі.  Соңғысы  қозған  қыртысқа  оның  функциясын
реттей  отырып  жауапты  импульстер  жібереді.  Қозған   қыртыс   эфферентті
жолдармен барлық  мүшелерге,  әсіресе,  зақымдалған  аймаққа  бүкіл  ағзаның
қорғаныштық-бейімделу және өзге реакциясын басқарушы трофикалық  және  басқа
да импульстерді жібереді. Осымен біруақытта бас ми қыртысының қозу  ошағынан
импульстер эфферентті өткізуші жолдарға да  түсіп,  сол  арқылы  зақымдалған
ошақтарға жетеді. Соңғысынан ми қыртысы  зақымдалған  аймақтарда  жіберілген
импульстердің әсерінен өзгерген сигналды қайтадан алады.
    Зақымдалған аймақтарда пайда болған  тітіркендіруші  импульстер,  үлкен
ми жартышарының қыртысы мен  қыртысасты  орталықтарға  жетпей,  шеткі  жүйке
тармақтарында, параганглийлер не симпатикалық  ганглийлерде,  жұлында  қалып
қоюы  мүмкін.  Дегенмен,  зақым  неғұрлым  үлкен  болса,   соғұрлым    жүйке
жүйесінің жоғарғы  сатылары  қорғаныштық-бейімделу  реакциясының  реттелуіне
қатысады.  Бас  миы  тарапынан  бейімделу  жауабы  жүйке  жүйесінің  төменгі
сатыларының функционалдық мүмкіндігі жеткіліксіз  болған  жағдайда  бұзылған
тепе-теңдікті  қалпына  келтіру  үшін  түзіледі.   Ми   қыртысының   қалыпты
функционалдық  жағдайында  жарақаттанудың  әсерінен   оларда  пайда   болған
қозудан зақымдану аймағында пайда болған  зақымдануларды  қалпына  келтіруге
бағытталған   нормергиялық   қорғаныштық-бейімделу   реакциясы   ұйымдасады.
Жарақаттану аймағынан не ішкі мүшелердің   функционалды  бүлінуінен  келетін
күшті тітіркендіргіштердің ұзақ, кенеттен әсер етуінің  нәтижесінде  бас  ми
қыртысындағы тітіркену  біртіндеп  жинала күшейіп, торшаларының  азғындауына
әкеледі.  Осының  нәтижесінде   қозу  ошағы  тежеу  ошағына  айналады.  Егер
механикалық, термиялық  және  химиялық   немесе  гематоэнцефалитикалық  және
басқа да кедергілермен сипатталатын  инфекция,  интоксикация  секілді    өте
күшті тітіркендірулерден болса  бұл құбылыстар  тез дамиды.
    Шамадан тыс тежелуден  бас  миының  координациялық  және  интеграциялық
қызметі   бұзылады.   Осыған   байланысты   қыртыстан   босаған   қыртысасты
орталықтарда  оң  индукция  түзіледі.   Ол   қыртысастының   қозуымен   және
хаотикалық қызметімен  байқалады,  ол  ең  алдымен  қозудың  «іркілу»  ошағы
түзілетін   таламогипоталамикалық  аймақтың  функционалдық  жағдайына   әсер
етеді.
    Осындай  «іркілу»  ошағының    әсерінен   қыртысасты   орталықта   және
периферияда  жүйкелік дистрофиялық құбылыстар пайда  болады  және    дамиды.
Олар кез келген перифериялық жүйкеде түзілген  «іркілген»  қозу  кезінде  де
байқалады. Бұл  кезде  жүйкелік  орталықтар  тарапынан  трофикалық  реттелуі
бұзылады,  нәтижесінде  клетканың  ішікі  зат   алмасуы    нашарлайды   және
торшалардың, жеке мүшелер  мен бүкіл ағзаның  өмірәрекеті   төмендейді.
    Жануарлардың  ағзасына  күшті  жарақаттаушы  әсерлер,   олар   тудырған
зақымдар  секілді  ең  алдымен  зақымданған  жердің   трофикалық   реттелуін
нашарлатады және зат  алмасуын  бұзады,  ол  жерде  кейін  нейродистрофиялық
құбылыстар  пайда болады.
      Малдардың  жарақаттанған  уақытында  олардың   патогенезін   қорғаныс
–бейімделу  реакциясының  қалыпты   және   патологиядағы    нейрогуморальдық
реттелуін  негізгі  жағдайын   дұрыс  түсіну  мүмкін  емес.  Жоғарғы  сатыда
дамыған  малдардың  организмін  есепке  алсақ  ол  өте  күрделі  биологиялық
өздігінен реттелуші жүйе, олар тікелей және керісінше байланысады.  Жүйкелік
жүйе қорғанысы – бейімделу  ролін  атқарады,  сондықтан  организмге  маңызды
патогенетикалық фактор ретінде  кері әсер тудырады.




    Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Дәріс №14. Дәрістің атауы. Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық
процесс...
      Сұрақ атауы 1  Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс.
   1. Сұрақ атауы 2
   2. Жалпы және арнайы алдын алу шаралары
   1. Сұрақ атауы 3 Инфекциялық аурулардың экономикалық зияны




    Ері -грекше арасында
    Эпизоотология - эпизотологиялық процестердің заңдылығын (себебін, пайда
болу  жағдайын  және  инфекциялық  аурулардың   таралуын)   және   осылардың
негізінде алдын алу шаралары мен күресу шараларын оқытатын ғылым.
    Эпизоoтология  ғылым  ретінде  жалпы   және  жеке-жеке  ауру   түрлерін
қарастырушы  болып бөлінеді.
    Жалпы эпизоoтология эпизоотияның дамуы мен сөнуі, сонымен  қатар  пайда
болу заңдылығы және  инфекциялық  ауруладан  сақтандыру  мен  жою  әдістерін
оқытады.
    Жеке эпизоотолгия әрбір инфекциялық  ауруларды,  олардың  пайда  болуын
себебін,  клиникалық,  патологиялық   белгілерін   cипаттайды.   Инфекциялық
ауруладың көбі жойылған,  қазіргі кезде  жалпы  ауруларға  шаққанда   оладың
проценті төмен. Бірақ осы кейінгі кезде  мал  шаруашылығында  зияны  көбірек
болып келеді. Олар мал басының   төлінің  аздығы,  жанама  шығындар-істелген
шаралардың төлем ақысы   малдарды  карантинде  ұстау,  ауруды  жою,  емдеуге
кеткен қаражаттар.
    Эпизоотологиялық  аурулар тек экономикалық  шығынмен  есептелмейді,  ол
аурулар адам денсаулығына да қауіп туғызады.
    Күрделі бір биологиялық процесс,  патогенді микроб  -  ауру  қоздырғышы
мен  мал  организмнің  арасындағы  белгілі   бір   сыртқы   орта   жағдайына
байланыстың  даму арақатынасын  инфекция - деп атайды.
    Организм мен микробатың айқын байланыс  формасы  инфекциялық  ауру  деп
аталады.
    Ол  қоздырғыштың әсерінен айқын патологиялық  процесстің  шығу  жауабын
организм қалпын көрсетеді.
    Инфекциялық  процестің  ағысы  қоздырғыштың   қасиетімен,   организмнің
реактивтілігімен айқындалады.   Инфекциялық  процесске  үлкен  ықпал  ететін
сыртқы факторлар (азықпен, күтім).
    Жұққан аурудың бәрін ауыру туғызады деп есептуге  болмайды,  себебі  ол
жасырын  өтіп  организмде  өзгеріс  білдірмейды.  Аурудың  дамуына   қосымша
жағдайлар  болуы  керек.  Кейбір  қоздырғыштар  жыл  бойы  организмге   өтіп
клиникалық өзгеістер туғызбайды, туберкулез, паратиф  микробтары.
    Ол қоздырғыштың қасиетімен, вирулентілік дәрежесіне байланысты. Азықтың
 шіруі, ылғалдылығы, суық, шектен шыға мал күшін жұмсау.  Рацион  балансының
дұрыс  болмауы,  әсіресе  витаминдердің  аз   болуы.   Ретинол   витамин   А
антиинфекциялық. В  тобының  аз  болуы,  фагоциттердің  әлсіреуне,  микробқа
организм қарсылығы азаяды.  Пневмония,  энтероколиттер  аскорбин  қышқылының
аздығынан болады.
    Микробтың патогендік әсері оранизмге биологиялық қасиеттерге байланысты
патогендік дәрежесіне, реакциясына  организмге енген  мөлшеріне  байланысты.
Микроорганизмнің  әсері микробтардан бөлінген токсин арқылы  анықталады.
    Инфекция түрлері.
    Инфекциялық аурулардың барысына байланысты жіті, созылмалы.  Шығу  тегі
бойынша-экзогенді, эндогенді.  Қоздырғышпен  организм  қатынасының  сипатына
байланысты инфекциялар әртүрлі болады. Ауырғанан  кейін  иммунитет  болмаса,
ондай  организм  қайталап  аурыады,   ондай   құбылысты   реинфекция     деп
аталынады.
    Кейбір жағдайда организм мен қоздырғыш арасында тепетеңдік болады, одан
кейін инфекция организмге  қайта  еніп,  ауру  күшейеді  онда  суперинфекция
дейді. Тағы  бір  құбылыс  ол  организмде   клиникалылық  белгілері  жоғалып
кейбір  жағдайлардың  болмаунан  қанда  қозып,  клиникалық  белгілері  пайда
болады онда да рецидив  - деп аталады.
    Инфекцияның организмге енген мөлшеріне байланысты қарапaйым және аралас
инфекция  деп бөледі.
    Қарапайым инфекция- қоздырғыштың бір түрі  ғана .
    Аралас-екі түрі және одан да  көп  болады.  Туберкулез  және  бруцеллез
екеуінде енсе организмге, аралас инфекция ол ауыр түрде өтеді.
    Инфекциялық аурулардың  ерекшелігі  олардың  өзіне  тәндігінің  циклдық
дамуында.
    Организмде инфекциялық процесстің дамуының алғашқы  кезеңі-инкубациялық
кезең. Ол микробтың енген  уақытынан  алғашқы  немесе  бірнеше  жылға  дейін
болуы.
    Организм   резистенттілігі,   қоздырғыш    вируленттілігі,    мөлшеріне
байланысты.
    Екінші кезеңі-продрональдық кезең аурудың басталу  кезеңі.  Ол  аурудың
өзіне  тән  емес,  жалпы  аурудың  белгісі  біліне  бастайды,   дене  қызуы,
аппетитінің  болмауы,  өнімділігінің  азайюы,  жабырқауы.  Барлық  ауруларда
кездесетін жағдайлар.
    Анық аурудың клиникалық белгілері-стадиясы білінеді-аурудың өзіне  ғана
тән касиеті анықталады.
    Келесі кезең –сөну кезеңі. Клиникалық  белгілері  бірте-бірте  әлсіреп,
функциялары бұзылуы жоғалады.
    Ақырғы кезең-жазылу және реконвалисценция. Эволюция процессінде  кейбір
малдарға қалыптасып алады сондықтан: зооноздар-малдарға тән,  адамдарға  тән
антропоноздар.   Малдарды   зақымдап-адамдарға   берілсе   зооантропоноздар.
Адамнан-малға,    малдан-адамға    берілсе    антропозооноздар.     Организм
резистенттілігі-жануарларда патогенді микроорганизмнен қорғайтын  өзіне  тән
қорғаныш анықтайтын организм резистенттілігі.
    Ол организм мен тек тері арқылы ғана  байланысты, ең  бірінші  қорғаныс
механикалық барьер өткізбейтін тері мен  кілегейілі  қабықтар.  Организмнене
бөлінетін  секреттер,   сілекей,  көз   жасы   бактериоцидті   қасиеті   бар
(лизоцим).
    Тітіркендіргіш эпителий тыныс алу  мүшелерін  жауып  тұрған  (10микроб)
дейінгі бөгде затқа әлі жетеді.
    Азық қорыту  сөлі, лимфалық жүйесі,  фагоциттер,  гуморальды  факторлар
лизоцим, пропердин, комплементарлық байланыстырғыш антиденелер т. б.
    Арнайы заразды-індетті аурулардан қорғайтын, тұрақтылық ол иммунитет.
    Аурудың  түріне байланысты  иммунитет  мысалы  күйіс  қайыратын  малдар
сақау мен, бір тұяқтылар аусылмен ауырмайды.
    Иммунитет түрін білесіңдер.
    Эпизоотологиялық процесс.
    Инфекциялық аурулардың жайылмауы оның қоздырғышы ауру малдан сау  малға
ретімен  беріліп  отыру  нәтижесінде  болады.  Қоздырғыштың  сыртқы   ортаға
бөлініп щеңбер ретінде жұқтыруын - эпизоотологиялық процесс деп атайды.
    Эпизоотологиялық процессті түсіну үшін   белгілі  биоценоздағы  аурудың
шығуы мен таралуын микробтың  паразит түрімен мал  түрінің  қатынасын   оқып
тану  керек.  Эпизоотологиялық  процесспен   оған  тән  заңдылықтар    жалпы
эпизоотология пәнін  анықтайды.
    Эпизоотологиялық процесстің тығыз  байланысы  белгілі  бір  қоздырғышты
жұқтырған мал түрі  (инфекция  қоздырғышының  қайнар  көзі),  беру  механизм
және қабылдағыш мал.
    Инфекция қайнар көзі  ол  адам  және мал қоздырғыштарының даму орны.
    Қалғандары резервтер және инфекция қоздырғышын таратушы.
    Инфекция резервуары дегеніміз-жануар әлемнің әр түрі, өсімдік, топырақ,
су, онда  қоздырғыш  өсіп  өніп  дамып  қабылдағыш  малға  беріледі.  Мысалы
лептоспироз резервуары кеміргіштер, риккетсид-кенелер.
    Эпизоотолгиялық  ошақ  -  ауырған  мал   орны,   территория,   індетті,
бастаманың сау малға берілуі.
    Инфекцияның  берілуі  механизм  және  таралу   жолы.   Беру   механизмі
инфекцияны-эволюциялы  түрде  қоздырғыштар  бір  организмнен   екінші   көшу
қабілеттілігін айтады.  Бірінен-біріне  беру  факторлары  олар  сыртқы  орта
элементтер қайнар көзінен сау малдарға тарататын. Қоздырғышты  беру  жолдары
сыртқы ортаның белгілі бір элементтер және олардың бірігіп індетті енуі.
    Қоздырғыштың физиологиялық процестерде организмнің заттардың шығуы  мен
болады-дефикация, несеп бөлу,  тыныс  алу,  сүт  сілекей,  жас  патологиялық
жағдайда  –жөтел,  құсу,  түшкіру,  ашық   патологиялық   процестерді-қотыр,
абсцесс, эрозия, насекомдар арқылы қан сорғыш.
    Беру жолы әртүрлі. 2 түрге бөлінеді тікелей және жан-жағына.
    Тікелей немесе вертикальды берілуі-қоздырғыштар ата-енесінен ұрпағына.
    Жан-жақты (көлденең және горизонтальды берілуі бір малдан екінші  малға
берілуі.  Тікелей  кейде  аталық-аналық  ұрық   клеткасы   арқылы   беріледі
(трансвариальды) берілу дейді. Кейде буаз  малдар  ішіндегі  төліне  берілуі
плацента  арқылы   (транспланцентарлы).   Жыныс   клеткалар   арқылы-леикоз.
Плацента  арқылы  бруцеллез.   Ауру  қоздырғыштарының  жан  жағына   берілуі
контактылық,   аэрогендік,   алиментарлық   және   трансмиссивтік   жолдарға
бөлінеді.
    Контактілік (жанусу арқылы) құтырық ауруы (тістегенде).
    Аэрогендік   (ауа  арқылы)  щаң   тозаң,   тамшы-тозаңды,   туберкулез,
аспергилез респитаторлық микроплазмоз,паригрипп.
    Алиментарлық (қореқтік)-топырақ  арқылы  (топаңмен  қарасан,  братазот,
тілме) су арқылы лептоспироз, листериоз, сақау.
    Трансмиссивтік-тірі тасмалдауышылар арқылы (маса, сона, кене)
    Індеттің аз қарқыны және статистикалық көрсеикіші.-аурудың  бір  малдан
басқа малға таралуы  әртүрлі  болады,  бір  жағдайда  бірең-сараң  ғана  мал
ауырса,екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады.
    Сондықтан да қарқыны (таралу екпіні) жайылу ауқымына  байланысты  індет
процессі үш түрлі болып кездеседі.
    Аурудың  бірең-сараң  білінуі   (спорадия)   індет   (эпизоотия),   лаң
панзоотия.
    Спорадия (грекше sporadikos –бірең-сараң  кездейсоқ).  Бұл  инфекцияның
дәрежесідегі қарқыны (сіреспе,  зілді қатаральді қызба).
    Індет  (эпизоотия,  латынша  ері-арасында  зоопоозтия   жануар  )-індет
процессінің орташа дәрежесіндегі қарқынмаен дамуы. Індет кезінде жаңа  індет
ошақтары  пайда  болады.   Мұндай   дисперсиябельдік-жұқпалы   аурудың   кең
таралуына ықпал жасайды.
    Індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар  ауруға  шалдығады-індеттің
лапылы (эпизоотолгическая вспышка) аусыл, топалаң  құс  пастерелледі,  шошқа
обасы т.б.).
    Лаң панзоотия рап-тұтас жалпы індет процесінің ең жоғарғы қарқыны.  Кең
территорияда жайылып  кетеді.
              Энзоотия-індеттің қарқынының көрсеткіші емес оның бір  ортаға
тұрақтануы,  жұқпалы   ауырудың   бір   жерде   үздіксіз   қайталануы,   сол
территориямен дөп келуі. (территоряльная приуроченность)
    Қарқындықты анықтау үшін сандық баға бере бастады. Ауру  көрсеткіші  ол
проценті  немесе өлшем бірлігі көрсетіледі.-бірлік көрсеткіші.
                          А/Б*100(1000,10000,100000)
    А- бір кезеңдегі ауырған мал
    Б-сол кезеңдегі жалпы мал саны




    Өлім көрсеткіші:
                                    С/Б*100
        С-өлген мал саны
        Б-сол кезеңдегі мал саны
       Летальдық-өлім көрсеткіші:


                                С/А*100
    С-өлген мал саны
    А-ауырған мал саны


                  Эпизоотияға қарсы алдын алу шаралары


    Жалпы шаралар Қазақстан Республикасы территориясын  індетті  аурулардан
сақтап басқа   мелекеттен  кіргізбеу  ветеринарлық  қызметкерлердің  негізгі
міндетті.
    2.  Індет  жоқ  шаруашылықты  –  індетт  қоздырғышын   енгізбеу   басқа
шаруашылықтан
    3. Ветеринарлық-санитарлық  қадағаоау  малды  тасымалдаумен,  өнімдерін
тасымалдағанда.
    4. Ветеринарлық өндеу жүргізгенде ветеринарлық санитарлық бақылау
    5. Жеке шаруашылықта алдын алу шарасын жүргізу
    6. Қамсыздандыру малды
    Азыққа көңіл аудару, кеміргіштерге көңіл аудару киіліне  көңіл  аудару.
Малмен  байланыста  болған   адам   медициналық   тексеруден   өтіп   отыру.
Транспортпен, өңген малмен, (ит, мысық, құс)  індетті  аурулардың  таралуына
көңіл болып өңдеу жүргізу. Дезинфекция жүргізу.
    Арнайы шаралар-қоздырғыш түріне байланысты. Ауруға қарсы туралатын  мал
асырау.2. ауру  малдарды  тауп  жою,  ол  үшін  жылдам  тауып  диагноз  қою,
эпизоотия ошақты-карантин (купирование).
    Депутаттар шешімі арқылы қойылады.
   2. ошақтың ішіндегі ауруды жою
   3. алдын алу шараларын жүргізу.


    Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Инфекцияны қалай түсінесіз
    Эпизоотологиялық процессті қалай түсінесіз
    Эпизоотологиялық процесс неше бөлімнен тұрады
    Қоздырғыштардың берілу жолдары
    Эпизоотиялық шығын қалай есептеледі
    Алдын алу шаралары қандай бөлімдерден тұрады


    Дәріс  №15.  Дәрістің  атауы.   Биологиялық   жүйедегі    және   арнайы
мамандықтардық ішіндегі паразитологияның орны
    Дәрісте қозғайтын сұрақтар




    Сұрақ  атауы  1   Биологиялық  жүйедегі   және  арнайы   мамандықтардық
ішіндегі паразитологияның орны


    {Дәріс конспекті}
    Сұрақ  атауы  2  Жануарларды   инвазиялық   аурулардан   сақтандырудағы
шаралардың  ерекшеліктері мен емдеу принциптері.






    Паразитология»  пәні  тоғышарларды  және  олар  туғызатын  паразитарлық
немесе инвазиялық ауруларды  оқытады.  Пән  төрт  бөлімнен  тұрады.  Бірінші
бөлім – гельминтология,  жануарларда,  құстарда  және  адамдарда  тоғышарлық
ететін құрттар (гельминттер), олар тудыратын гельминтоздар  (құрт  аурулары)
жайындағы паразитология ғылымының бір саласы. Екінші бөлім –  протозоология,
жануарлардың,   құстардың,   адамдардың    денесінде    тоғышарлық    ететін
қарапайымдылар   тудыратын   протозойлық   (протозооз)   аурулар   жайындағы
паразитологияның бір саласы. Үшінші бөлім – энтомология,  әр  түрлі  тоғышар
жәндіктердің құрылысын, дамып –  көбеюін  және  және  жәндіктердің,  олардың
личинкаларының тудыратын энтомоз аурулары жайындағы паразитологияның  ғылыми
саласы.  Төртінші  бөлім  –  арахнология,  әр  түрлі  кенелердің  құрылысын,
дамуын, олар тудыратын  –  арахноздар  (әсәресе  қотыр  аурулары)  жайындағы
паразитологияның бір  ғылыми  саласы.  Инвазиялық  ауруларды  кешенді  түрде
анықтау (балау) әдістерін үйрету,  анықталған  ауруларға  бірден  ең  тиімді
емдеу әдістерін қолдану, ауруды тудырмау үшін  алдын  ала  сақтық  шараларын
ұйымдастыру. Инвазиялық ауруларды  емдеу  және  алдын  алуында  студенттерді
эпизоотологияны,   өз   еліміздің   және   шет    елдердің    ветеринариялық
фармакологияның жетістіктерін ескере отырып ең  тиімді  әдістерді  қолдануға
үйретеді. Осы пәннің негізгі мақсаты –  әр  түрлі  шаруашылықтарда  жанурлар
мен құстарды инвазиялық аурулардан сауықтыру  болып келеді.
    Мәселер өзекті  жаңалығымен айқындалуы керек. Соған  байланысты  пәннің
алдына келесі міндеттер қойылады:
    •  Жануарлар,  құстардың,  антропозооноздардың  инвазиялық  ауруларының
      жіктелуін,  морфологиясын,  қоздырғышының  биологиясын  зерттеу  және
      инвазиялық аурулар туралы жалпы түсінік беру
    •   Гельминтозды  инвазиясының  таралуы   маусымдығын,   жас   шамасына
      байланысты   инвазияның   экстенсивтілігін   және    интенсивтілігін,
      гельминттің иесінің организіміне тигізетін патогенді әсерін,  кешенді
      диагностиканың   әдістерін   зерттеп,   кең   спектрлі   әсері    бар
      антигельминтиктерді қолдана отырып емдеу  және  алдын  алу  шараларын
      ұйымдастыру.
    • Протозоилық аурулар  кезінде  қоздырғыштардың  жаңа  систематикасына,
      электронды микроскоп  деңгейінде  құрылымының  ерекшеліктеріне  көңіл
      аудару. Ерекше көңіл бөлетін  жайт  қарапайымдылардың  көбейіп-дамуы,
      олардың эпизоотологиялық аймақтарға әсері,  патогенезінің  ерекшелігі
      және инвазияның дамуы, қазіргі таңдағы емдеу мен  алдын  алудың  жаңа
      тәсілдері. Өз еліміздің  (профессор  Сабаншиев  М.С.,  Искаков  М.М.,
      Дзержинский В.А, т.б.)  және шет елдердің ғылыми жетістіктеріне көңіл
      бөлу қажет.
    •  Энтомология  бойынша  жіктелуін,  жәндіктедің  биологиясын,  олардың
      эктопаразит  ретінде   және   жануарлар,   құстар   және   адамдардың
      трансмиссивті ауруларының қоздырғышы ретінде  қарап  зерттеу.  Ерекше
      көңіл бөлетін жайт қан сорғыш қос қанатты жәндіктер,  энтомоз  ауруын
      тудыратын  қос  қанатты  жәндіктер.  Студенттерді  жоғарғы   дәрежелі
      жергілікті (прфессор  Ж.М.Исимбековтың  мектебі)  және  шет  елдердің
      энтомологтармен таныстыру.
    • Арахнология бойынша өрмекші тәрізділердің  жіктелуін,  паразитоформды
      және   акариформды   кенелердің   морфологиялық   және    биологиялық
      ерекшеліктерін, табиғаттағы орнын зерттеу. Ерекше көңілді акариформды
      кенелер туғызатын акаразға  қарсы  емдік  және  алдын  алу  шараларды
      ұйымдастыру, студенттерді өз және шет елдердің ғылыми жетістіктерімен
      таныстыру.
    •  Паразитологияның  жаңа  бағыттары   бойынша,   паразитоценология   –
      паразитоценоз құбылысына және олар  туғызатын  ассоциативті  (аралас)
      инвазиясына   толық    түсінік    беру.    Ассоциативті    инвазияның
      моноинвазиямен салыстырмалы түрде патогенезіне көңіл аудару.
    Арахнология негіздері. Өрмекші тәрізділер туралы ғылым. Буынаяқтылардың
симетриялы денесі буылтықтардан тұрады. Басы кеуде бөлімімен қосылып, бас
кеуде бөлімін түзейді. Ал кенелердің денесі біртұтас, бөлімдерге
жіктелмеген. Ересек буынаяқтылардың аяқ сагы әр түрлі, осы белгісіне қарап,
олардың қай топқа жататынын айыруға болады. Буынаяқтылар дара жыныстыларға
жатады. Олар біртіндеп сатылап өседі. Балапан құрт түлеп нимфа, ал нимфадан
имаго түзіледі. Ветеринариялық арахнология. Parasitiformes-паразитоформдық
кенелерді және Acariformes-акариформдық кенелерді зерттейді.
    Акариформды кенелер. Acariformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын
инвазиялық аурулар малдың барлық түрінде кездеседі. Бұл ауруларды қотыр  деп
атайды.  Кенелердің  ұзындығы   0,1-3мм,   денесі   екі   бөліктен   тұрады:
протеросома – ауыз қуысы және алдыңғы екі аяқ; гистеросома – екінші,  үшінші
жұп аяқ және жыныс қуысы.  Дамуы  жұмыртқадан,  балаңқұрттан,  протонимфдан,
телеонимфадан және имагодан тұрады.  Қотырды  болдырмас  үшін  малдарлы  екі
рет: жазғытұрым және күзде тоғыту қажет.
    Энтомология негіздері –  шыбын-  шіркейлер  немесе  жәндіктер  дүниесін
зерттейтін ғылым. Жануарлар денсаулығына жәндіктер  өз  зиянын  бір  жағынан
эктопаразиттер   ретінде   тигізсе,   екінші   жағынан    жұқпалы    аурулар
қоздырғыштарын  тасымалдайды.  Жазда  үй  жануарларын  қосқанатты  қансорғыш
насекомдар:  маса,  сона,  шіркей,   құмыты,   шыбындар   қатты   мазалайды.
Қосқанатты   қансорғыштар   ішіндегі   ең   ірісі   сона   болып   саналады.
Қансорғыштарлың денесі бас, кеуде және құрсақ  бөліктерінен  тұрады.  Барлық
табиғи аймақтарда кең таралған.  Сазды-батпақты,  көкалды-шалғынды,  орманды
жерлерде ашық жылы күндері ұзақ уақыт жаппай ұшады. Зиянды жәндіктерді  және
олардың мал денесіндегі  балаң  сатысын  жою  үшін  инсектицид  препараттары
қолданылады.
    Жәндіктер-тұрақты   эктопаразиттер.   Оларға   мелафагоз,    маллофагоз
сифункулятоз, биттер, т.б. жатады. Ұсақ, сары, ақшыл-қоңыр,  қанатсыз,  1,5-
5мм  насекомдар.  Тұмсығы  кеміргіш,  басының   астыңғы   жағында.   Көздері
жетілмеген. Кеудесі қысқа, үш буынтықты. Оған бір немесе екі тұяқты  үш  жұп
аяқтары бекіген.  Насекомдар  жұмыртқа  салып  көбейеді.  Одан  ересектеріне
ұқсас личинка шығады да,  екі  рет  түлеп,  ересек  жүн-қауырсын  жегіштерге
айналады. Жүн-қауырсын жегіштер ауру мал  мен  құстардан  таралады,  әсіресе
жылы қорада мал тығыз ұсталса, күтімімен  азықтандырылуы  нашарласа.  Бұндай
жағдайда жәндіктердің өсіп-өнуіне мүмкіндік туады.
    Жануарлардың  сифункулятозы.  Siphunculata  отрядына  жататын  қанатсыз
қансорғыш  насекомдар.  Денесі  жайпақ,  сопақ,  1,5-5мм,  сұрғылт  қанатсыз
насеком. Дене түктері  белгілі  бір  тәртіппен  орналасқан.  Тұмсығы  істік,
тесіп соруға бейімделген. Аяқтары жақсы жетілген. Жазда 10-14,  қыста  14-20
күннен кейін жұмыртқадан личинка шығады. Личинка ересек  битке  ұқсас  болып
келеді.   Барлық   табиғи   аймақтарда   сифункулятоз   қыста    қора-жайдың
жайсыздығымен  мал  күтімінің  нашарлап,  азық  тапшылығы  байқалған   кезде
өршиді. Мал қорада тығыз  тұрса  биттер  бірінен  екіншісіне  еркін  өрмелеп
ауысады. Биттер күтім құрал-жабдықтары  және  төсеніш  арқылы  да  таралады.
Жазда бит саны азаяды, бірақ мал денесінде сақталады.
    Ірі қараның гиподерматозы.  Hypoderma bovis тері асты оқырасының  балаң
құрттары туғызады. Қоздырғышының ұзындығы 15мм, денесі қалың  түкті  бөгелек
шыбыны. Арқасында ұзынынан орналасқан  қара  жолақтары  бар.  Аяқтары  жақсы
жетілген.  Қанаттары  қоңыр  түсті.  Бөгелектің  ұрғашысы  мал  жүнінің   әр
талшығына жапсырып 800-дей жұмыртқа салады. Жұмыртқасын салу үшін  жайылымда
бөгелек шыбыны ірі  қараны  іздеп  8-10  шақырымға  дейін  ұшады.  Жайылымда
барлық  мал  басы,  әсіресе  бұзау-тайыншалар  тері  асты  оқырасының  балаң
құртымен зақымдалады. Гиподерматозбен буйвол,  қодас,  өркешті  сиыр,  кейде
жылқы мен адам ауырады.
      Қой эстрозы. Бұл  ауруды  қойдың  танау,  кеңсірік,  мандай  қуысында
дамитын Oestrus ovis личинкалары туғызады. Қой бөгелегінің ересек  шыбындары
сарғыш-қоңыр, денесінің ұзындығы 10-12мм. Денесін  сирек  түк  басқан.  Басы
үлкен, сарғыш  түсті,  домалақ.  Қанаттары  ірі,  олардың  жүйкелері  ақшыл,
қоңыр,  аяқтары  қысқа,  қоңыр,  сирағы  санынан  қысқа,  тырнақтары   жақсы
дамыған. Жетілген личинканың арқасында қара жолақтары  болады.  Қазақстанның
далалық және шөлейт аймақтарында кең  таралған.  Таулы  аймақтарда  сиректеу
кездеседі. Эстрозбен көбінесе қозы-тоқтылар залалданады.
      Протозоология негіздері. Денесі  бір  торшалы  қарапайымдылар  туралы
ғылым.  Ветеринариялық  протозоология  жануарлар   денесінде   өмір   сүріп,
протозооз  ауруларын  тудыратын  бірторшалыларды  зерттейді.  Оның  мақсаты:
паразиттің дене құрылысын,
    Саркоцистоз   жануарлар   мен   адамдарда   кездесетін   бір    торшалы
қарапайымдылар  қоздыратын,  бұлшық   еті   трофозоитқа   толы   цисталармен
зақымдалатын  инвазиялық   антропозооноздық   ауру.   Ол   ауыл   шаруашылық
жануарлардың барлық түлігінде, бағалы терілі аңдарда, құстарда  және  адамда
кездеседі. Саркоцисталар тұрақты иелерінің, яғни  мысық  пен  ит  және  адам
ішегін мекендеп, онда ооцисталар  түзейді.  Организмге  енген  саркоцисталар
қан  тамырларының  эндотелий  торшаларында  көп  ядролы  дөңгелек  не  сопақ
шизонтқа айналады. Аралық иелеріне  түскен  паразиттер  33-45  күннен  кейін
жүрек еті  мен  басқа  да  бұлшық  еттерде  ұсақ  цисталар  түзей  бастайды.
Саркоцистоз жер шарының барлық құрлықтарында кездеседі. Ауру 3-6  айлық,  ал
кейде одан да үлкен мал  төлінде  болады.  Саркоцисталардың  тұрақты  иелері
саркоцистозбен ауырған малдың етін жеп зақымданады.
    Жылқының  трипоносомозы (су-ауру) Ауруды бір жіпшелі паразит  тудырады.
Ұзындығы 20-32мкм, ені 1,4-2,8мкм. Қанның плазмасында, сөл бездерінде,  ішкі
органдарда, жүйке жүйесінде тоғышарлық  етеді.  Трипоносомдар  2,4  кейде  6
бөлікке бөліну арқылы дамиды. Олар жіпшесі,  толқынды  жарғағы  арқылы  және
денесінің жиырылуымен  қозғалады.  Трипоносомдармен  жылқыдан  басқа,  түйе,
сиыр, ит, есек, қасқыр, қоян және зертханалық  ұсақ  жануарлар  зақымданады.
Су-ауру трансмиссивті, табиғи ошағы бар ауруларға жатады.
    Ірі қара трихомонозы ауруын бір жіпшелі паразит тудырады. Түрі сопақша,
дөңгелек, ұзындығы 3-30мкм,  ені  3-15мкм.  Алдыңғы  жағында  3,  артында  1
жіпшелері  бар.  Ыңғайсыз  жағдайда   трихомонадтар   жіпшелерін,   толқынды
жарғағын  жоғалтып,  кішірейіп  дөңгелек  цистаға  айналады.   Трихомонадтар
сиырдың қынабының, жатырының, кілегей қабықтарында, іштегі  төлде  және  төл
айналасындағы  сұйықта,  бұқалардың  күпегінде,   т.б.   тоғышарлық   етеді.
Трихомонадтар  екіге  қарапайым  бөліну  монотомия,  кейде  көп  бөлшектерге
бөліну арқылы көбейеді.  Табиғи  жағдайда  ересек  ірі  қара  малы  ауырады.
Аурудың нақтылы маусымдығы жоқ. Көбінесе күйек кезінде ауруды  трихомонозбен
ауырған мал таратады.
    Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    Паразитология нені оқытатын ғылым
    Паразитология қандай бөлімдерге бөлінеді
    Гельмитология нені қарастырады
    Энтомология нені қарастырады
    Арахнология нені қаорастырады
           Протозоология нені қарастырады


    Практикалық сабақтар


    Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
    Жұмыс  мақсаты:  Методикалық  жұмыста   берiлген   стандарттың   нұсқа-
сымен,ондағы  көрсетілген  нұсқаулардың  түрiмен   танысу.    Әр   нұсқаудың
мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.
    Оқу құрал жабдықтары:
1. Методикалық нұсқау
2. Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi
3. Жеке тапсырма.


           1.Зертханалық – тәжірителік сабақтар


    1-  ші  сабақ      Малдарды  зерттеу  кезіндегі  жалпы  тәртіптері  мен
тәсілдері
                    Малдарды  бекіту және оларға жақындау


    Сабақ мақсаты.  Студенттер ауру малмен жұмыс  жүргізген  уақытта  дұрыс
малға  жақындай  білуді,  оларды  бекіте  білуді  үйрету  мен  қауыпсыздықты
сақтауды меңгеру.
    Материалдар  мен  құралдар.  Ауыздықтар,    мұрын   қысқыштары,    ерін
бұрағыштар, танау сақыйнасы, арқан, мал жығатын заттар.
    Сабақты жүргізу тәсілі Еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi - еңбек
процессiндегi  адамның  денсаулық  және  жұмысқа   қабiлеттiлiгiн   сақтауға
бағытталған   заң   шығару,   әлеуметтiк-экономикалық    және    ұйымдастыру
шараларының  бiрыңғай   жүйесi.   Техника   қауiпсiздiгi   бойынша   жұмысты
ұйымдастыруға  жауапкершiлiк  шаруашылықтардың  жетекшiлерiне   тапсырылады,
жаттығу мал шаруашылығында жұмыс iстеуiн өткiзу -  малға  қызмет  етушi  мал
дәрiгерлiк мамандарға тапсырылады.
    Малдардың тексеруi және емдiк-алдын  алу  манипуляциялардың  өткiзуiнде
қатал ереженi сақтау керек және бекiту  үндеудiң  қабылдаулары  олардан  мал
дәрiгерлiк мамандар, қызмет көрсетушiнi  қауiпсiздiк  және  емдiк-алдын  алу
манипуляциялардың өткiзуiн жетiстiктердi қамтамасыз етедi.
    Әрбiр жеке жағдайдағы бекiту әдiсін таңдау не бiр түрден,  жас  шамасы,
әдеттері, малдың темпераментi және  жынысына  тәуелдi  болады.Сонымен  бiрге
малды бекемдеп байлаудың барлық әдiстерi үш түпкi  мақсаттарды  қудалайтынын
атап өту керек:
    1) операция жасалатын аймақа еркін кіре және еркін шыға алуы керек;
    2)  бекiту  уақытында  да  манипуляциялардың  қорғайтын   қозғалыстарын
шектеу;
    3 ) малды бекіту уақытында әр түрлі соққылырдан қорғау;
    Асау малдардың бекiту  кезінде   нейролептиялық  немесе  есiрткi  затты
орынды қолдану керек . Әсіресе жылқылардың  тістейтінін және  артқы  аяғымен
тебетінін  ескерген  жөн.  Оған  жақындау  алдында,   бiр  бүйiрден   немесе
артынын, алдынан келу керек,бiрақ ол унемі келе жаткан  адамды  көріп  тұруы
керек.
    Жылқыға  жақындар жағдайды оның құлағына мән берген жөн: егер  жылқының
құлақтары тікірейіп  тұрса, демек малдың мазасызданып тұрғаны, бұл  жағдайда
ол тістеуі  немесе алдына, артқа   қарай  тебуі  мүмкін.  Дәйектi,  байсалды
айқай  әдетте жылқыны тыныштандырады.
      Жылқыларды зерттеу барысында олардың  тістейтінін,  артқы  аяқтарымен
тебуін ескерген жөн.
      Қысылған құлақтары олардың  басқыншылық немесе  малдың  бір  нәрседен
қоpқып тұрғанының белгісі. Мұндай   жағдайда оны көтеріңкі  дауыспен  немесе
мойынынан  сипау арқылы  тыныштандыру  керек.  Жылқыға  тек  алдынан  немесе
жылқы қарап тұрған жағынан  жақындау керек.  Жылқыларды  мінгенде  мойынында
үзенгімен ұстайды және басын жоөғары котеріңкі етіп, қимылдарын бақылайды.
     Ал ірі қара малмен жұмыс  істегенде  оның  мүйізінен,артқы  аяқтарынан
абай болу керек,тіпті байқамасаңыз аяғыңызды баысп кетуі мүмкін.  Ірі  күйіс
қайыратын малдар артқы аяқтарымен алдыға  қарай,бүйір  бөлігіне  және  артқа
қарай тебеді. Бұл малдармен жұмыс жасағанда батыл  әрі  сенімді  әрекет  ету
керек және қатты дөрекілік танытпау керек.
        Ірі қараны тексеру барыснда қауіпсіздік үшін  ірі  қараның  алдыңғы
бөлігінде тұрып, мұйіздерінен ұстап тұру керек және  қажет  бола  басын  бір
жағына қарай бұрып тұру керек.
       Шошқалармен жүмыс  жасағанда  оларға  күш  көрсетпеу  керек.  Оларға
жақындау кезінде артынан немесе бүйірінен келу керек.




                  Жануарларды бекемдеу  (бекіту – фиксация)


                        Жылқыны тұрған қалыпта байлау
           Жануарды  далада   қарауға   тура   келген   жағдайда,ноқталаған
дұрыс.Зерттеу үшін атты тізгінен ұстап тұру керек болса,оған жүген не  ноқта
кейгізеді де, ауызжақтан тізгінен ұстап тұрады. Жүгенделген атты  шығыршыққа
не бағанаға байлауға болмайды.
    Ірі қара малды кавказ тәсілімен жығу үшін жуан  және  мықты  екі  арқан
керек болады.Бір арқанның ұзындығы 2,5  м  жетіп,  ұшында  жылжымалы  тузағы
болса, екінші арқанның ұзындығы 3 метрге дейін жетіп  ұшында    жәй   тұзағы
болуы керек.
    Қозғалмалы тұзағы бар арқанды оң сауырының артқы жағыан, сол  сауырының
алдыңғы жағынан қыйғаштап жамбасқа саладыда ұштарын
    тартып түйін деп байлайды. Түйін сол жақтағы сүбенің  шұңқырында  жатуы
тиіс. Екінші арқанның тұзағы сол жақтағы мүйізге кигізеді  де  жоғарғы  және
төменгі жақты қозғалмалы тұзақ  жасап  орайды.  Арқанның  ұшын  сол  жағынан
төменнен жоғары  қарай  бірінші  арқаннан  өткізіп  барып,оң  жаққа  бүйірге
лақтырылады.
    Осыдан кейін жығатын адам оңжағынан тұрып, жерге қарай  арқаннан  катты
тарткан уақытта жануар тұрақты калпынанайрылып өз ауанымен оң  жағына  қарай
жығылады. Арқанный бос жақ  ұшын,  тартылып  тұрған  күйінде,  екі  мүйізіне
байлайды.Ірі қарамалды  жығыудың  үшінші(кавказша  )жығар  алдында  арқанмен
жығу әдісі.
    Кавказша  жығу  тәсіліне  бірақ  кісі  керек;   мұнда   жануар   оншама
жарақаттана  қоймайды,  сондықтан  бұл  баска  тәсілдерден  гөрі  басымырақ,
келеді.
    Егер операция жасайтын стол болса, ол қарамалды жығуға қолайлы келеді.


    Қой және  ешкілер  мен  жұмыс  жасағанда  олардың  мойын  бөлігін  және
мүйіздерін мықтап ұстау керек.
    Құстарды үстел үстінде тексереді. Мұнда бір  қолмен  екі  қанатын  ж»не
екінші қолымен аяқтарынан мықтап ұстайды.
    Практикалық сабақ №2 Малдардың жұқпалы емес ауруларын  зерттеу
    Сабақ мақсаты.  Студенттер ауру малмен жұмыс жүргізген уақытта  жалпы
клиникалық зерттеу жүргізу тәртібін  үйрету  және оларды меңгеру.
    Материалдар   мен   құралдар.   Термометр,   стетоскоп,    фонендоскоп,
перкуссиялық балға, плессиметр,  мұрын-жұтқыншақ  зонды,  өңеш  зонды,  ауыз
кергіштер, жануарлар.
    Сабақты жүргізу тәсілі. Малды зерттеу үшін әртүрлі клиникалық  тәсілдер
қолданылады. Олардың ішінде жалпы  клиникалық  тексеру,  арнайы  тексерулер,
қосымша тексерулер деп  бөлінеді.
    Жалпы  тексерулер;  олар  қарау,  пальпация   перкуссия,   аускултация,
термометрия .
              Қарау- клиникалық зерттеулердің ең маңыздысы болып  саналады.
Табындағы жалпы малдың басын қарап тексеген кезде  оның  ішіндегі  сау  емес
малдарды бөліп алу, өнімділігі  нашар,  дұрыс  азықтанбайтын,  өзінің  мінез
құлқы пәс, арық,  жабырқау.  Ондай  малдарды  сыртқы  және  ішкі  зерттеулер
жүргізіп зерттейді.
           Сырттан қарап бақылау Онда малдың жалпы  жағдайы,  тері  жабының
қалпы.  Одан  кейін   малдың  дене  бітіміне  көшеді:  басы,  мойны,   кеуде
клеткасы,   құрсағы,  жамбас  бөлігі,   аяқтарына   көңіл   аударады.   Оның
нәтижесінде  жарақаттары болса  оның   (жара,  қотыр,  қабынулар)   көлеміне
сипатына, орналасқан жерін анықтайды.
            Ішкі зерттеулер көздің ауыз  қуысының,  мұрының,  жұтқыншақтың,
көмекейдің, қынаптың тік ішектің  кілегейлі  қабаттарын  зерттейді.  Буларға
арнай зерттейтін  рефлектометр, эндоскоп, арнайы айналар қажет.
          Пальпация   (сипалау)  патологиялық  үрдістерге   жалпы   түсінік
береді, тексеру нятижесін толықтырушы,  органдар  мен  ұлпалардың  беткейлік
сипатын,   температурасының   өзгеруі,   көлемі,    түрі,    консистенциясы,
қозғалғыштығы,  сезімталдылығын  анықталады.  Сонымен  қатар  пульсы,  күйіс
қайратын малдардың мес қарнының  жиырылуы  мен  толуы.  Пальпация  саусақтың
ұшымен, алақанмен, жұдырықпен, немесе құралдар арқылы жасалады.
           Перкуссия (ұру, нұқу) перкуссиялық балшаша мен плессиметр арқылы
немесе  қол  арқылы   тұлғаның  физикалық  қалпы   мен   8  cм.   тереңдікте
орналасқан органдардың шекараларын , олардың өзгерістерін анықтауға  болады.

    Аускультация  (тыңдау)  организмдегі  физиологиялық  және  патологиялық
дыбыс құбылыстарын анықтауға  болады.  Аускультация  стетоскоп,  фонендоскоп
құралдары,  жайма  қолданып  құлақпенде  тыңдауға  болады.  Онда  брохыладың
ысылдағанын, жүрек саздары мен шулары, көкірек шалпылын естуге болады.
           Термометрия дене температурасын өлшеу. 5-10 минут  ішінде  арнай
ветеринариялық темометр арқылы өлшейді.


    Кесте   Сау малдардың тұлға температурасы, пульсы, тыныс алуы


    |Мал түрі          |Т (С              |пулсы немесе тамыр| тыныс алуы     |
|                  |                  |соғысы            |1 мин. саны     |
|                  |                  |1 мин. саны       |                |
|Ірі қара мал      |37,5 – 39,5       |50 - 80           |10 - 30         |
|Жылқы             |37,5 - 38,5       |24 - 42           |8 -  16         |
|қой. ешкі         |38,5 - 40,0       |70 - 80           |12 - 30         |
|шошқа             |38,0 - 40,0       |          70 - 120|10 - 20         |
|коян              |38,5 – 39,5       |120-200           |12 - 30         |
|тауық             |      40,5  -     |120-150           |12 - 30         |
|                  |42,0              |                  |                |


                         Клиникалық зерттеу тәртібі
    І. Алын ала танысу а)регистрация б) анамнез
    ІІ.  Міндетті  түрде  тексеру    а)  габитусын  анықтау   б)   клегейлі
қабықтарын зерттеу в) тері жабынын зерттеу  г)  лимфатүйіндерін  зерттеу  д)
температурасын өлшеу
    ІІІ.  Ағзалар жүйелерін зерттеу
    IY. Қосымша тексерулер лабораториялық, аллергиялық,  бактериоскопиялық,
серологиялық
    Практикалық сабақ №3 Фармакология, дәрілік заттардың түрлері


    Сабақ   мақсаты.    Студенттерге   дәрілік   заттарды    таза    күйіде
тағайындалмайды олар  тиімде  түрде  қолданылатындығын  үйрету.  Дәрі  түрін
жасап үйрену   және оларды меңгеру.
    Материалдар мен құралдар. Дәрі түрлері қатты, жұмсақ,  сұйық
    Сабақты жүргізу  тәсілі.  Дәрілер  коллекциясы,  таразылар,мензуркалар,
цилиндрлер, колбалар, стакандар  су моншасы, пестик пен  ступка.  Инфундирлі
аппарат, электроплита, қайшы, воронка, әйнек таяқшалар мақта, марля, т.б.
           Фармакологияда қолданылатын  дәрілер  :  қатты,  жұмсақ,   сұйық
дәрі түрлері.
           Қатты түрі таблеткалар, ұнтақтар, болустар, капсулалар.
          Таблеткалар арнайы зауыттарда жасалады. Ішке  ауыз  қуысы  арқылы
беріледі. Кейде сыртқа пайдалану үшін ерітінді ретінде қолданылады.
         Ұнтақтар  Ішке десыртқада қолданылады Қнтақ ретінде антибиотиктер,
сульфаниламидтер, өсімдік туындылары қолданылады.
    Қарапайым ұтақтар бір заттан тұратын.  Күрделі  заттар  екі  үш  заттан
тұратын болады. Көлемін көбейту үшін индифферентті заттар бор, кражмал  т.б.
қосады.
          Болдюстер кілегейлі зат пен ұнтақты араластырып дәрілік  зат  пен
өсімдік заттарды араластырылып жаласалы. Түр нұсқаны әр түрлі  болады.   Түр
беретін  қосқыш зат ол  ұн  және  өсімдік  түбірінің  ұнтағы.  Ірі  малдарға
беріледі.
           Пилюлалар  ұсақ  малдарға  беріледі   Оларды   капсула   түрінде
қолданады.
           Сұйық түрлері  Ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар,
           Ерітінділер еріткіш арнайы затта ерітілен  ерінді  деп  аталады.
Еріткіш ретінде дистилденген су, этил спирті (70(, 90(, 95(),  немесе  сұйық
майлар, Концентрациясы 0.25, 0.5, 1% зат көлеміне байланысты.  Оларды  тамшы
ретінде, шаюға, жууға қолданады. Ампула ретінде инъекцияға.
    Қайнатпалар, тунбалар өсімдіктерден алынады. Концентрациясы 1:40, 1:30,
1:10 Ішке, жараны жууға, компресс ретінде қолданылады.
    Жұмсақ  түрлері  (майлар,  пасталар,  суппозиториялар)   Майлар   түрін
түзуші,     май    негізі    ретінде      (вазелин,     ланолин,     қсімдік
майлары)қолданылады.
             Пасталар   майдың  бір  түрі  айырмашылығы   дәрілік   заттары
ұнтақтары көбірек аз дегенде 25%, бірақ 65% көп емес.
    Линименттер суық майлар. Сұйық майларды сілтілердің сулы ерітіндісі мен
сабынды- cпиртті ерітіндісімен араластырылады.
          Суппозиториялар таяқшалар какао майы қолданылады  суықта  қатқыл,
жылыда жұмсақ болады, тығыз консистенциялы.
           Ботқалар  иленген  наннан,  сұйық  түрге  дейін  болады  өсімдік
туындыларынан алынған дәрілік заттар.


                   Дәрілерді қолдану және сақтау ережелері


    Дәрілік заттар үш топқа бөлінеді:
   1) А – тобы  улы заттар. Оларды  құлыптың астында ұстайды  мөрлеп қояды
   2) Б – тобы     қатты әсер етуші заттар. Олады бөлек шкафта қстайды.  Улы
      заттар мен  қатты  әсер  етуші  заттарды  арнаулы  журналдарға  тіркеп
      отырады нөмірлеп  шнурлап қояды
   3)  Қалғандары  ережелерге  байланысты  жарықсыз  қалыпты   температурада
      сақталады.
    Газды заттарды сорғышы бар бөлмелерде ұсталады.  (хлолы  әк,  формалин,
жанғыш заттар)




            Практикалық сабақ №4  Алғашқы көмек көрсету әдістері.
             Тыныс алу патологиясындағы терапевтикалық  техника
    Сабақ мақсаты.  Студенттерге дәрілік  заттарды  Енгізу  жолдарын  Жалпы
терапевтік процедуралар техникасын меңгеру
    Материалдар  мен  құралдар.  Эсмарх  крушкасы,  шелек,  дәрі  берілетін
резиналы бутылка. Мұрын өңеш зонды, воронка, болюс  беруші  шпатель,  инелер
шприцтер  жгут  бинттер  мақта,  малдар.   Малдар   және   зерттеу   заттары
Перкуссиялық балғалар. Аускультацияға фонендоскоп,  стетоскоп,   плессиметр,
градус, вазелин, ақ жабын, орамал
     Сабақты жүргізу тәсілі   Оқытушы дәрі беру жолдарын түсіндіріп,  қалай
беріледі дозасын үйретеді студенттер өздігінен жұмыс жасайды.


                               Енгізу жолдары
          Энтеральды енгізу жолдары
    Ауыз арқылы- перорально
    Тік ішек арқылы – ректально
    Мес қарынға  дәрі жіберу  құрсақ  қуысы  арқылы  тимпанияда,  алғашында
троакар арқылы теседі, сол жерден дәрі жіберіледі.
         Парентеральды енгізу жолдары
     тері астына
    б/етке
    тамырға  инъекционды
    тыныс алу жолына жіберілетін дәрілер ингаляционды
    Қан құю
    Аутогемотерапия өз қанын өзіне жіберу
    Компресстер
    Сәуле арқылы емдеу
    Массаж
    Тыныс жолдарын зерттеу.  Зерттеу  барысы  Мұрынның  қуысының  кілегейлі
қабықшасын зертеу және   оған  тиесілі  қуыстардың  қабынуын  тексеру.  Өкпе
шекараларын тессеру Мурын қуысының ауруы ренит. Жануарларда  алғашқы   ринит
және   қосалқы    ретіндегі  ринит  ауруын  анықтау.  Белгілері:   Кілегейлі
қабықша гиперемияланған, ісінген, мұрыннан мөлдір сұйық ағады, ол ары  қарай
сұрғылт-ақпаға немесе  іріңді  қоспаға  айналып,  мұрын  тесігі  айналасында
қатпарланып қатады.  Тыныс  алуы  қиындайды,  жануар  жиі  түшкіреді,  басын
сілкейді.
    Өкпедегі және өкпенің жеке  бөліктеріндегі  қабыну  үрдісінің  дамуымен
сипаттталатын ауру.
    Белгілері: Ауру жануарлар шаршаңқы, аз  қозғалады.  Тәбеті  төмендеген,
кейде әлсіз жөтел байқалады. Тыныс алуын тексеруде  жиі, беттік, кейде  қиын
тыныс алуы қиындайды. Мұрын қуысынан , сұрғылт – кілегейлі қоспа  ағады,  ол
мұрын  тесігі   маңында   өқатпарланып  қатады.   Көздері  жасаурайды,  дене
температурасы 1-20 С –қа көтеріледі. Мұрны  құрғақ  жарылған.  Кеуде  қуысын
аускультациядан өткізгенде дымқыл сырыл естіледі.  Тор ішінде қозғалған  соң
жануарларда  ентігу пайда болады.


    Основы ветеринарии   /под редакцией И.М.Беляков, Ф.И. Василевич  и  др.
- М.: Колос, 2004. – С.163-170
    Практикум по основам ветеринарии.  Т.Е.  Бурделев,  В.Г.  Жильцов   М.:
Агропромиздат. 1989  –С. 35-42


    Практикалық сабақ №5 Жарақаттанған малдарға емдік көмек
    Сабақ мақсаты.  Студенттерді  инструменттер  –  қолданылатын  саймандар
ментаңғыш заттар мен таныстыру.  Таңу   техникасын  меңгеру   Асептика  және
антисептиканы  меңгеру  Материалдар  мен  құралдар.  инелер  шприцтер   жгут
бинттер мақта, малдар
    Сабақты жүргізу тәсілі   Оқытушы дәрі беру жолдарын  түсңндіріп,  қалай
беріледі дозасын үйретеді студенттер өздігінен жұмыс жасайды.
    Инструменттер – қолданылатын саймандар Операция жасаған кезде жануардың
терісін және тканьдарын бұзу үшін қандай болса да құрал  керек.  Хирургиялык
құралдарға қәзіргі кезде қойылатын  негізгі  тілек:  олардың  жұмыс  істеуге
ыңғайлы және жақсы стерилизацияланатын болуы.  Құралдардың  тізімі  өте  көп
болғандықтан, қолайлы болу үшін оны екі топқа бөлуге болады:
    1) жалпы кұралдар және
    2) арнаулы құралдар.
    Жалпы құралдар деп бүл құралсыз  операцияның  көбін  жасауға  болмайтын
құралдарды айтса, ал арнаулы құралдар —  белгілі  бір  операцияны  жасағанда
ғана керек болады, мысалы, піштірген кезде эмаскулятор қолданылады.
    Скальпель  хирургияда  ең көп  қолданылатьын  құралдарға жатады, ол бір
бөлек болаттан жасалады. Скальпельдер  түрлі  типті  және  түрлі  көлемді  —
сүйір,  бауырлы  және  түймелі  болады  (90-сурет).  Олар  кесетін   негізгі
құралдар болып саналады.
           Жараны кеңейтетін ілмешектер. Әр  түрлі  көптеген  ілмешектер  —
бір, екі, үш тісті жәңе тағы басқа ілмешектер қолданылады (91-сурет).
         Пинцеттер жараны  байлағанда,  тіккен  жіпті  алғанда,  тканьдарды
операция  жасап  ұстағанда  қолданылады.  Пинцет  серпімдік   күшпен   екіге
айрылатын жұка екі болаттан тұратын. кішкене тістеуік болып табылады.
    Анотомиялық пинцеттің ұшында тістері болмайды.
    Xиругиялық пинцеттің ұшында тістері болады,  сондықтан  ол  анатомиялық
пинцеттен гөрі қатты үстайды (92 -сурет),
    Қан тоқтататын пинцеттер көбінесе қан тоқтату үшін қолданылады. Олардық
ұшында өткір тістері, кейде болып, кейде болмайды
    Қайшылар   операция   жасаған   кезінде   теренде   жатқан   тканьдарды
(апоневроздарды, шандырларды, мускулдарды және т.с.)  кесу  үшін,  сондай-ақ
жараны байлағанда және операция жасалатын  жерді  дайындағанда  қолданылады.
Хирургия  қайшыларынан  жәй  қайшының  айырмашылығы,  онда  оңай  бұзу  және
тазарту үшін мүмкіндік беретін топса болады.
    Қайшылар тік келген және иілген болады. Тік келген қайшылар ұшты, доғал
ұшты не бір ұшы түйме сыяқты,  екінші  ұшы  өткір  болады,  иілген  қайшылар
тегістігі жок мүшелерге операция жасап, жаңа шыққан  ісіктерді  алып  тастау
үшін және жүнін қырқу үшін қолдянылады


    Зондтар іріңді тесіктерді зерттеу,  тампондарды  енгізу   және   қабат-
қабатын  жекелеп кесу үшін керек. Олар түйме тәрізді  және  жырақалы  болады
(95-сурет).
    Инелер түрлі мөлшерлі болады,  олар  жараны  тігу  үшін  қол  дакылады.
Хирургиялык иненің тігіншіңің инесінен айырмашылы ғы  —  ол  кырлы,  құлақты
және имек келеді (96-сурет).
    Инеұстатқыштар түрлі құрлыста болады: олардың бір –бірінен  айырмашылық
жері –еңалдымен құлпының механизмінде болады (97 -сурет).
      Шприцтер тканьға дәрілік заттарды құю үшін колданылады.  Шприц  шыны,
пластмасс түтікпен піскектен тұрады,  Түтікке   қуысты  инені  енгізеді  де,
оны тканьға   тығып, ине арқылы оған дәрілік заттар құяды  (98-сурет)
    Аралар. Сүйекті кесу үшін әртүрлі аралар қолданылады, түрлі  енді  жұқа
араны ерекше жақтауға отырғызуға   болады  (доға сыяқты ара).  Тақта  сыяқты
тұтқалы ара өте жай   жасалған   (колара).   Кейде сымнан жасалған  араларда
колданылады. Олар мықты емес,  жиі  үзіледі,  сондыктан  олардың  бірнешеуін
жасайды. Жоғарыда айтылған араларға  ұқсас  тізбекті  ара  қолданылады  (99-
сурет).
    Қашаулар. Сүйек кашауы қолданылатын жеріне байланысты тік келген  ұзын,
жалпақ және қалың  (үлкен, орташа, кішкене және тағы басқаша)  болуы  мүмкін
(100 - сурет).
    Балғалар Қашаудың үстінен ұру үшін әртүрлі балғалар, көбінесе  металдан
жасалған балғалар колданылады, бірақ кейде ағаш балғаларда  қолданылады.
    Сүйек тістеуіктері. Кішкентай сүйектерді тістеу үшін, сондай  ақ  үлкен
суйектердің  өткір  ұштарын  тістетіп,  алып  тастау  үшін  әртүрлі    сүйек
тістеуіктерін қолданады
    Трепандар. Бас сүйегіне  операция  жасағанда,  бас  сүйегін  тесу  үшін
трепандар мен трефиндарды колданады
    Распаторлар. Сүйектің, қабығын жылжытып, оны сүйектен бөліп алу үшін
әртүрлі распаторлар қолданылады
    Элеваторлар сүйек қабығын жылжыту үшін, көбінесе олар  сүйекті   көтеру
үшін колданылады
        Таңу түрін үйрену. Мал шаруашылығында қолданылып келе  жатқан  таңу
түрлері : 1.Циркулярлы     2. Спираль тәрізді  3.Бүгіп  таңу   4.  Жылжымалы
таңу 5.Ceriз тәрізді таңу  6. Буынды таңу 7. Тұяқты  тану  алғашқы  туры  8.
Аяқталған туры .Мүйіге сегіз тәрізді таңғыштарды  салып   үйрену  мен  қатар
жараларға микроб түсірмеу  және оларды залалсыздандыру мен  құрал  саймандар
түрлерін білу мен көмек көрсете білу.
                    Таңғыш заттар, тігіс, ілмек  түрлері
    Таңғыш заттар түрлері. Таңғыш заттары емдік қасиеті  бойынша  үш  түрге
бөледі: қорғаушы , қысып тұратын, және бекітуші.
Қорғаушы.   Оларды  жараларды  емдеу  үшін  қолданады.   Таза    операциялық
жараларда асептикалық  таңғыштар  салынады   (стерилинденген   материалдарды
пайдаланады).  Ондай  таңуда  жара  ластанбайды  экссудат  сорылады   жылуды
сақтайды.  Іріңді жараларға  асептикалық  таңғыштар  салынады,  себебі  жара
жабысатын жерін антибиотикпен, сульфаниламидтер т.б. заттар мен сіңірілген.
    Қысып таңатын таңғыш .Қан тоқтату үшін қолданылады
Бекітуші –Фиксациялау  (иммобилиздеуші ) таңғыш. Сүйек сынған кезде
пайдаланады.
Таңғыш заттар мен хирургиялық киім-кешектерді зарарсыздандыру. Таңғыш
заттар мен хирургиялық киім-кешектерді автоклавта 1.5 атмосфералык кысымда
30 минут боиы немесе 2 атмосфералык кысымда 20 минут бойы
зарарсыздандырады. Шұғыл жағдайда хирургнялык киім-кешекті үтіктеп
зарасыздандыруға болады. Ол үшін кепсіген киім-кешекті ыстык ауыр үтікпеп
үтіктейді. Бірак бұл әдіс ондағыдай зарарсыздандырмайды.
    Жібек жіп пен жәй жіпті зарарсыздандыру.
            Жібек жіпті шыны (тутіктерге) бос орайды да.  24  сағатка  1  :
2000 есе етіп сұиылтылған диоцид ерітіндісіне салады  немесе  оралган  жібек
жіпті сабынды ыстық суда екі минут жуады да жаксылап шайып, шыны  шыбыктарға
орап, 15 минутка  мүсәтір  спиртінің  0,5  проценттік  ерітіндісіне  салады,
содан соң  15  минутқа  70  проценттік  спиртте  дайындалған  формалиннің  2
проценттік спирт ерітіндісіне салады.
    Мақта  және  ремиз  жіптерді  де,  жібек  жіпті  зарарсыздандыру  әдісі
колданылады немесе бұларды формалиннің 4 проценттік ерітіндісінде  24  сағат
ұстайды.  Жібек  және  ремиз  жіптерді  киім-кешек  сиякты   автоклавта   да
заразсыздандыруға болады. Капрон жіпті суда кайнатады.
    Кетгутты зарарсыздаидыру. Кетгут орамдарын 72 сагат боиы формалиннің  4
проценттік ерітіндісінде немссе 1 : 2000  есс  етіп  сұйылтылған  ан  диоцид
ерітіндісінде 24 сағат бойы ұстайды.
    Хирургиялык аспаптарды  зарарсыздандыру.  Аспаптарды  жағылған  майынан
тазартып, кесетін жерлерін  дакемен  орап,  ас  содасының  қайнап  жатқан  2
проценттік   ерітіндісіне   немесе   күйдіргіш   натрдың   0.25   проценттік
ерітіндісіне салады да 10—15 минут бойы  зарарсыздандырады.  Зарарсыздандыру
мерзімін аспаптар салынғаннан кейін ерітіндінің кайнай  бастаған  мерзімінен
санайды   Аспаптарды   ірінді   ауруларға    операция    жасағаннан    кейін
зарарсыздандырғанда  жоғарыда айтылған ерітінділерге 2 процент лизол  косады
және  оны  30  минут  кайнатады.    Шұғыл   жағдайларда   темір   аспаптарды
бөлшектеріне  ажыратып.  шылапшынға  салып,   үстіне   спирт   кұйып   өртеп
зарарсыздандырады. Бірақ бұл әдіспен зарарсыздандырылған аспаптар  бузылады,
 Шприцтерді сілті  косылмаған  суда  каинатып  зарарсыздандырады.  Бұл  үшін
шприцті бөлшектеріне ажыратып, дәкеге орап, салкын суға салады да, 30  минут
қайнатады. Инъекциялық инелерді, және  резеңке  заттарды  шприцтегідей  етіп
заразсыздандырады.
    Практикалық сабақ №6Азық қорыту мүшелерінің ауруларын зерттеу, емдеу
    Сабақ  мақсаты.   Студенттерді   aзық   қорыту    жүйесін    тәртібімен
әдістерімен  таныстыру.  Жұмыс  барысында  малға  алғашқы  көмек  көрсетудің
кейбір тәсілдерін үйрену
           Материалдар мен құралдар.  Дәрілік заттар,    ірі  қараның  өңеш
зонтдысы,  ауыз  кергіш,   жылқының  мұрынөңеш  зондысы,  Эсмарх   кружкасы,
троакар,   дәрі   ерітінділерінің   бөтелкесі,   перкуссиялық    балғашалар,
қарындарын, асқазан, ішектерін зерттеу.
           Азық қорыту ағзаларының зерттеу  тәртібі  мен  әдістері.   Малды
қарау  ды  малдың  жалпы  жағдайын  зерттеуден  бастайды.  Онда   клиникалық
зерттеудің  негізгі әдістері  –  қарау,  сипалау,  тыңдау  және  термометрия
жүргізу. Азық қорыту ағзаларының белгілі бір  рет  бойынша  тексеріледі.  Ең
бірінші  тәбетіне, азық қабылдауы мен су ішуі. Одан кейін ауыз  қуысы,  ауыз
қуысы,  жұтқыншақ,  өнеш,   қүйіс  қайтаратын  малдардың  ұлтабарын,   басқа
түліктердің  асқазанын  құрсақ  қуысының   басқада  ағзалары  мен   нәжістің
бөлінуінің   бұзылуы, нәжістің өзгеруіне көңіл болу. Керек  болса  ректалды,
және лабораториялық зерттеу жүргізу.
    Тәбеті, азық  қабылдауы мен су  ішуі  Малға  азық  беріп  оның  тәбеті,
азықты қабылдауы,  жұтынуы,   кекіруі,   күйіс  қайыруына  көңіл  бөлу.  Сау
малдарда күйіс  қайыру  азық  қабылдағаннан  кейін  30  -60  минуттан  кейін
басталадыда,  30  -40   жалғасады.Тәулігіне  4-6  рет  қайталанады.   Қорыту
жүйесі бұзылғанда
    бір қабылдағаны 30минут шайналады. Сирек қүйіс қайыру тәулігіне  3  рет
болады. Солгын – баяу, азықты  көңілсіз  шайнап;   қайта  құсып  –кекіргенде
ауырсынады,  мал  мазасыданып;  күйіс   қайыруы   жоқ    -   алдыңғы   қарын
атониясынағы байқалатын көріністер.
    Ауыз  қуысын  зерттеу  Ауыз  кергіштің  көмегімен  аузын   ашып,   ауыз
саңлауының бүйірінен еңгізіп, тіссіз  шетіне  күш  сала  отырып,  вертикалды
орналастырады. Ауыз қуысын зерттегенде  оның  шырышты  қабатына,  тістеріне,
тіліне көңіл аудару қажет  ауызда бөгде заттар  бар  жоғын  шыққан  жағымсыз
иіс барма, зақымдалулар бар жоғына,  шырышты  қабаттарынығ  қабынуына  көңіл
аудару қажет.
    Жұтқыншақты зерттеу   Қарау  және  сипалау  арқылы  зерттейді.Кілегейлі
қабаты қабынса (фарингитте) жұтыну актысы қиындап ауырсынады. Су  және  азық
қалдықтары  мұрын жолдарына түсіп, мұрын арқылы сыртқа  шығады.Толық  жұтына
алмай  сыртқа  түкіреді.  Жұтқыншақтың  қабынуы  нда  ісінеді,   ауырсынады,
жергілікті температура көтеріледі
              7 Cабақ  Коллоквиум. Тесттілеу
        Практикалық сабақ №8  Малдарды диспансеризациялау.
    Жоспарлы және алдын алу шаралары
    Малдың диспансерлік картасы
    Түрі _________________, жынысы_____________,  туған жылы_____________
    Лакап аты_____________,  инвентартарлық №    __________________________

    Түсі және  белгілері __________________________________________________

           Тұқымы (ұрпағы)
____________________________________________________
    Малдың тұрған жері__________________________________________________
Байкауға алдынды «_____»  _________________________________20_
    Байқаудан шығарылды «___»_______________________________  20_


    |                                   Шаруашылықтың  негізгі деректерінің       |
|көрсеткіштері                                                                |
|Зерт.                                                                        |
|күні                                                                         |
|зерт. Күні                        |лейкоц                                    |
|                                  |(мың/мкл 109//л)                          |
|қыш     |майлы- |кетон    |желін                         |түсі,    |салыстырма|
|        |лығы   |денелері |сауға сынама                  |иісі,    |лы        |
|        |       |         |                              |ашықтығы |тығыздығы |
микроскопиялықхимиялықмикроскопиялықпаразитологиялық434445464748495051
Практикалық сабақ №9Сабақ  Клиникалық зерттеу әдістері (туберкулинизация, маллеинизация
Сабақ мақсаты.  Студенттерді сап, туберкулез және буцеллез (көз бен тері аралық сынама  тәсілдерін қою)  жяне реакция оқу принциптерін үйрену әртүрлі аллергендерге баға беру (маллеин, туберкулин т.б.) Және ауырған малдармен жұмыс жүргізгенде жеке бас гигиенасын білуге үйрету. 
    
Материалдар мен құралдар.  Дәрілік заттар, биопринелер. Препараттар (туберкулин, алтьтуберкулин, бруцеллин, бруцелинизат, маллеин) қайшылар, шприцтер, пипеткалар, штагенциркулдер, йод тұнбалары, марля, мақта.    
Сабақты жүргізу тәртібі.  Жұмыс жасар алдында студенттер диагностикалық  биопрепараттар және құралдармен  танысады, аллергиялиялық зерттеуді өткізу мерзімімен, және асептика мен антисептика ережелерін оқып үйрену.
Туберкулезге  аллергиялиялық зерттеу арқылы туберкулездің әртүрлі түрлерін клиникалық белгілері бар немесе жоқ болсада  анықтауға болады. Тері асты және көз сынамасы арқылы анықтауға болады.  Туберкулезге диагноз қою үшін ауыл шаруашалақ малдары мен құстарға аллергиялық диагностиканы пайдаланып анықтауға болады. Туберкулин  тазартылған (ППД – протеин пурифиед дериват) сүт қоректілерге, құстарға (ППД) құстарға арналған қолданылады. Туберкулинді кептірілген түрде және стандартты ерітінді ретінде қолданылады.  Стандартты ерітінді ретінде қолданылатын тазартылған туберкулин – тұнық, ақшыл –қоныр түсті тұнбасыз, ірмексіз  ерітінді. Кептірілген түрдегі тазартылған туберкулин – аморфты  ақшыл –қоныр түсті сұрлау келген масса. Құрғақ тазартылған туберкулинге – cтерильді түссіз сұйық  еріткіш қолданылады. Оларды тығыз жабық флакондарда шығарады. Қолдану мерзімі жасалған уақыттан бастап 3 жыл. Туберкулезге зерттеу үшін сүт коректілерге тазартылған  (ППД)  сүткоректілер арналған туберкулин, ал құстар үшін,   құстарға арналған (ППД), шошқаларға сүткоректілердікіндінде, құстардыкінде  қолданады.  
Туберкулинизацияға екі айдан бастап тексеріледі. Сиырлар, құнажындар, інгендер, буйволдарды буазық мезіміне қарамастан тексереді;  ешкі, саулық, мегежін, биелерді туғаннан кейін бір – екі өткеннен кейін тексеріледі.   Малдарды тексеруге арналған туберкулин көлемі 0,2мл,  маймыл, кұс, күзендерге  0,1 мл көлемде қолданылады. 
Тері аралық сынама жасағанда ірі қара, буйвол, маралдарға мойынның ортасына, аталық бұқаларға құйыршық асты қатпарларына, інгендерге құрсақ қабырғасының тері арасына, шошқаларға  құлақтың сыртқы жағына оның негізінен  2 см аралықта, сүтқоректілер туберкулинін қолданады, ал қой, ешкі, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарға . санның ішкі беткеіне немесе шынтақ қатпарына, тауықтарғы айдарына не сақалына жіберіледі. Асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтау қажет және инені терінің қалың жеріне тері астына туберкулинің кетпеуін қатаң есте сақтау қажет. Егер тері аралыгында буршақтай төмпек пайда болса онда дұрыс жіберілгенің белгісі деп түсінуге болады. 
     Тері асты реакциясына есеп жүргізіп баға беру  ірі қара, буйвол, түйе, маралдарда 72 сағаттан кейін; ешкі мен қой, шошқа,ит, маймыл, аңдарда 48 сағаттан кейін; құстарда 30-36 сағаттан кейін жүргізеді. 
 Туберкулин жіберілген жерде иленген нан тәрісті немесе жұмсақ жайылған домбығу, қошаған ұлпалар аралығында шектеусіз,  реакциясы  байқалады.  Домбығу жергілікті температурасының көтерілуі , гиперемия, қабынған жерде  ауырсыну байқалады. Реакцияны бағалауда  жоғарыда көрсетілген өзгерісті ескере отырып, кутиметр арқылы тері қатпаларын өлшеу арқылы бағалайды.
 Ірі қара малдар, буйволдар, түйелер, маралдардың  тері қатпарлары 3 мм қалыңдаса, ал аталық бұқаларда    тері қалыңдығы 2 мм асса, ал қой, ешкі, шошқаларда, иттерде, маимылдарда, терісі бағалы аңдарда, құстарда – туберкулин жіберілген жерде ісіну байқалса    туберкулинге әсер етті деп есептеуге болады.
 Бруцеллезге, сап жылқылардың маңқа ауруына асллергиялық зерттеу әдісі қолданылады.   

Практикалық сабақ №10 Сабақ   Коллоквиум  тест

Практикалық сабақ №11 Патологоанатомиялық диагностикалық зерттеу  (өлексені сою және анықтауға жіберу)

Сабақтың тақырыбы, жоспары
Сабақ мақсаты.  Студенттерге  мал түліктеріне және құстарға қолданылатын өлексе сою әдісін үйрену мен жеке басты сақтандыру шараларын үйрету.    
Материалдар мен құралдар.  қайшылар, шприцтер, пипеткалар, штагенциркулдер, йод тұнбалары, марля, мақта.    
Сабақты жүргізу тәртібі. 
Мал өлекселерін  патолого-анатомиялық сойып қарау клиникалық диагноздың дәлдігін тексеру мақсатымен, сол сияқты малдың қай аурудан өлгенін анықтау үшін жүргізіледі.Топалаңнан, қараталақтан, жамандаттан өлген малдардың өлексесін союға рұқсат етілмейді.Егер мал жұқпалы аурудан өлді деген күдік туса, инструкцияға байланысты өлексені терісімен бірге құртады.
Тәжірибе  өту барысында малдарды сою орны және оның жағдайымен таныстым.Мал көметін орын «Ақжар» шаруа қожалығынан екі шақырым жерде жотаның басында орналасқан.Оның айналасы  - ені 1,5 метрдей және  тереңдігі мөлшермен сондай  болып  қазылған, басқадай қоршаулар жоқ.
«Ақжар» шаруа қожалығында байқағаным,өлексе соятын арнайы прозекториялар жоқ,өлексені баздан аулақ жердегі мал моласына апарып сойды. Сондай-ақ, барлық өлекселер сойылмайды және ол шаруашылық меңгерушісінің рұқсатымен іске асады. Рұқсат етілген  өлексені союға малдәрігер-лицензиатты шақыртты. Сойылған мал өлексесіне  екі данада акт толтырылды.
Біз 5 күндік бұзаудың өлексесін сойдық.Өлексені сою кезінде пышақ, қысқыш, қайшы қолдандық.
Өлексені сою хаттамасы
1.Кіріспе бөлім
Мал иесі: Садыков Әсет
Мекен-жайы: Үржар ауылы, «Ақжар»ш/қ.
Малдың түрі: ірі қара
Малдың түсі: қара көк
Жынысы: еркек
Жасы: 5 күндік
Өлген күні: 17.07.2012
Өлексе сойылған күн:19.07.2012
Өлексені сойған: малдәрігер-лицензиат – Утегенов Б.
Қатысқандар:шаруашылық бухгалтері – Сарқынбаева Н., меңгерушісі – Тоқтамысов С.
Малда әлсіздік, тәбетінің  мүлдем нашарлағаны және тышқақтағаны байқалған.

Өлексенің жалпы сипаттамасы:

1. Іші кеуіп кеткен, өлекседе сіресу белгісі артқы аяқтарынан әлсін  білінеді, шіри бастаған.
            2. Дене қалпы дұрыс, басы артқа қарай шалқайған. 
 3. Қоңдылығы  - ортадан төмен.
 4. Көз алмасы солғын, шүңірейіп кеткен.
 5. Терісі бүтін, жүні ұйпаланған, тері астындағы клетчаткадағы май аз, іш жағы көкшіл тартқан.
6.  Көзге көрінетін кілегей қабықтары көгерген.
7. Сүйектері мен буындары өзгеріссіз.
8. Беткі лимфа түйіндері солған.
9. Артқы жыныс мүшелері ашық, іскен, нәжіспен  бұлғанған.     
 Мүшелер мен қуыстарды зерттеу

10. Ауыз қуысы – кілегей қабығы  көгерген, тілі ақшыл – көк түсті
11. Жұтқыншақ – кілегей қабығы көгерген, бүтіндігі сақталған
12. Өңеш – ақшыл қызыл түсті, бүтіндігі сақталған
13. Танау қуысы – қызарған, аздаған ақшыл сұйықтық бар.
14. Көмекей, кеңірдек –  бозғылт –қызыл түсті
15. Кеуде қуысы – мүшелер дұрыс анатомиялық қалыпта.
16. Өкпесі – бетінен және кескенде ақшыл  - боз  түсті.
17. Жүрегі мен қан тамырлары – жүрек қуысы ұлғайған, қуысында көп мөлшерде ұйыған қан, қошқыл қызыл түсті, тамырлары да ұйыған қанға толы.
18. Құрсақ қуысы мен жамбас қуысы – мүшелер дұрыс қалыпта жатыр
  а) құрсақ қабырғасы – тегіс, бүтін, жылтыр емес,  бозарған
 19. Алдыңғы қарыншақтары – шіріген иісті аздаған қоймалжың сұйықтық
 20. Ұлтабар – қабырғасы жұқарған, қуысында көп мөлшерде сасық иісті, сарғыш-жасыл түсті уыз сүттің іріген қалдықтары мен тығыз түйнектері  бар, ұлтабар түбінің кілегей қабатында көптеген қанталаулар байқалады.
21. Ащы ішек – ұлтабардағыдай сасық иісті сұйық пен тығыз түйнекті уыз қалдықтарына толы.
22. Тоқ ішекте (жуан ішек) – айтарлықтай ештеңе жоқ, тек ішек қабырғасы жолақтанып қанталаған, ісінген, шыға берісі бозғылт тартқан.
23. Бауыр – көлемі кішірейгендей солғын тартады, құрғақтау, жылтырлығы жойылған,  яғни шырынды емес 
24. Көкбауыры – тығыздалған
25. Бүйректері – ақшыл сұр түсті, тығыз
26. Бездер – сыртынан қалыпты көрінгенімен, кескенде жылтыр, майдалығы, шырындылығы кеткен, қанталаған.
Патологиялық диагноз
Жіті катаральді абомазит және энтерит
Ұлтабардың кілегей қабатының қанталауы
Ұлтабар қуысында казеиннің тығыз іртіктері
Шажырқай сөл бездерінің серозды қабынуы
Бауырдың, бүйректердің және миокардтың түйіршікті дистрофиясы
Арықтау, жалпы анемия және сусыздану (эксикоз).
Қорытынды: алғашқы уызды жай әрі ашыға емгеннен бұзаудың асқорыту жүйесінің қызметі қалыптаса алмай, қатты іші өтіп, организм сусыздануынан (диспепсия) өлген. 

Практикалық сабақ №12 Мал  қораларын және алаңдарды дезинфекциялау,  дезинсекция және дератизация

Сабақтың тақырыбы, жоспары
Сабақ мақсаты.  Студенттерге өздігінен   мал тұратын қоралар мен орындарынды залалсыздандыру шараларын үйрету. Оларды залалсыздандыратын заттармен таныстыру,  ерітінділерді дайындау және құрал саймандармен таныстыру. 
Материалдар мен құралдар. Дезинфекция жасайтын ерітінділер жиыны, олардың жіктелу кестесі, лабораториялық ыдыстар, таразылар, халаттар, дезинфекция кезінде пайдаланатын құралдар, алжапқыштар, резиңке етіктер. Басқада керекті заттар.    
Сабақты жүргізу тәртібі. Жұмысты мал тұратын қораларда жүргізеді. Студенттерді 2-3адамдық топтарға бөледі. Олар ветеринариялық объектілерде  ветеринариялық – caнитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер алдын –ала залалсыздандыруға арналған орындармен, заттармен   танысады. Ерітінділер  немесе қолдануға тұратындай басқа түрлерін дайындайды. Теміржол станцияларындағы залалсыздандырып жуып – шаятын орындарымын таныстырылады.
 Дезинфекция инфекцияның ары қарай дамуын болдырмау үшін ауру малдардан  сыртқы ортаға бөлінетін қоздырғыштарды жою. Дезинфекцияның екі түрі болады:  алдын – ала ауруды болдырмау, екіншісі шарасыздан жасалатын дезинфекция. Шарасыздан жасалатын дезинфекция ол ауру пайда болған күннен бастап  (текучая) және қорытынды бөліп бөлінеді. 
 Алдын – ала ауруды болдырмау дезинфекциясын кезеңімен өткізуді қарастырады.Оны шаруашылықтарда індетті ауыруларды болдырмау үшін алдын ала жасалатын дезинфекция.
 Шарасыздан жасалатын дезинфекция Шарасыздан жасалатын дезинфекция індетті аурулар болған кезде жүргізіледі.Барлық ауыру малымен қатынаста болған заттарды,мал тұрған орынды залалсыздандырады.
 Қорытынды дезинфекциясын карантин жабылардын алдында жүргізіледі.Осы дезинфекция кезінде жануардың тері жабынын да залалсыздандырады.
 Дезинфекция жүргізуді екі кезеңге бөліп қарауға болады.Затқа механикалық залалсыздандыру жүргізу және негізгі дезинфекция.Механикалық залалсыздандыру жұқпалы ауру қоздырғыштардың санын азайтады.Ол қоқыстың,қидың, азықтың қалдығын т.б  тазартылуын қарастырады.Жинақталынған індетті заттарды далаға апрады немесе өртейді,егер ол мүмкін болмаса жерге көмеді.Малдар орналасқан жерді тазалау алдында сумен немесе дезинфекциялық ерітіндімен суландырады,осыдан кейін қи мен қоқысты шығарады.
 Механикалық тазалаудан кейін дезинфекциялық заттармен залалсыздандырады.Олар химиялық және физиклық болып бөлінеді.Физикалық заттарға күн сәулесі,жоғары температура,(от,аптап ыстық,қайнату,су пары жатады.)
 Химиялық заттар ерітінді түрінде қолданылады (ылғалды залалсыздандыру)аэрозольді немесе газды түрде.Ылғалды дезинфекцияға ауыр металдардың тұздары,сілтілер,органикалық және бейорганикалық қышқылдар,хлор туындылары,ал газды түрде қолданылатындаға формальдегид,хлор,
 Сілтілер-сүзілген вирустарға қарсы қолданылатын жақсы дезинфекционт.
Күйдіргіш натр(NaOH) 2-4 жылу судағы ерітінді ауысыл,инфекциялық анемияда,шошқа обасына қарсы қолданылады.

 
Практикалық сабақ №13 Иммунологиялық диагностика және диагностикалық дегельмитизация

Сабақтың тақырыбы, жоспары
Основы ветеринарии   /под редакцией И.М.Беляков, Ф.И. Василевич и др.   - М.: Колос, 2004. – С.163-170 
Основы ветеринарии /Т.Е. Бурделев, С.С. Руднев, Б.Б.. –    М.:   Колос, 2000.  – C. 114 -127
Практикум по основам ветеринарии. Т.Е. Бурделев, В.Г. Жильцов  М.: Агропромиздат. 1989 7 –С.249-250 Сабақ  мақсаты.  
      
Материалдар мен құралдар.  .    
Сабақты жүргізу тәртібі. 
Практикалық сабақ №14 Паразиттік кенелер және жәндіктермен күресудегі негізгі заттар және оларды қолдану

Сабақтың тақырыбы, жоспары
Основы ветеринарии   /под редакцией И.М.Беляков, Ф.И. Василевич и др.   - М.: Колос, 2004. – С.163-170 
Основы ветеринарии /Т.Е. Бурделев, С.С. Руднев, Б.Б.. –    М.:   Колос, 2000.  – C. 114 -127
Практикум по основам ветеринарии. Т.Е. Бурделев, В.Г. Жильцов  М.: Агропромиздат. 1989 7 –С.282-286 


Сабақ мақсаты.  
 Материалдар мен құралдар.  
Сабақты жүргізу тәртібі. 

        Практикалық сабақ №15 Мал шаруашылығындағы жұқпалы аурулардан болатын экономический  шығынды есептеу

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}
Жылқылардын сақаудан  емдеудің  экономикалық тиімділігін есептеу.  Жылқы сақауы ауруы  мал шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді. Әсіресе, ет, сүт өндіретін жылқы шаруашылығының экономикасы айтарлықтай шығынға ұшырайды.
Бұл аурудың  экономикалық шығынды анықтайтын көптеген тәсілдер ұсынылған. Олардың барлығының өзіндік құндылығы, ерекшеліктері және есептеу әдістері бар, бір-біріне сәйкес келе бермейді. Кейбір әдістер экономикалық шығынды толық қамтымайды. Келесілері өте көп мәліметтер жинауды талап етеді және өте күрделі формулаларды қолданып есептейді.
 Жылқы сақауынан экономикаға келтіретін зиянын есептейтін тәсілмен танысайық.
Кей  асқынған жағдайларда (жіті сепсис) жылқы  малының  өлім-жітімінен , оларды  лажсыздан союдан болатын  экономикалық шығынды (Ш') – толық қоңды  малдың орташа сатылу бағасымен алынған түсімі айырмасы ретінде келесі өрнек бойынша есептеуге  болады:
Ш' = М * С * Б; мұндағы 
М - өлген, лажсыздан сойылған не жойылған  мал саны;
С – жыныстық-жастық топтарына қарай малдың орташа тірі салмағы,кг;
Б - өнім бірлігінің  сатылу бағасы, теңге;
Мысалы, жылқының метастазды түрімен  асқынуынан орташа  салмағы  350 кг 1 жылқы өлді  деп  есептегенде, ет комбинатында тірідей  сатып  алу  бағасы  450 теңге деп  алсақ, онда
Ш' =1 * 350 * 450  = 157500
Мал өнімділігі  төмендеуінен болатын экономикалық  шығынды -    өнімдердің төмендеу  коэффициенттерін  пайдаланып немесе  сау мал мен ауру  мал  өнімділігінің  айырмасын  ескеріп, мына әдіспен анықтаймыз:
Ш″ = М * (Сс-Са) * Т * Б; мұндағы
Ма – ауырған мал саны, бас;
Сс, Са – дені сау және ауырған мал өнімділігінің  орташа  мөлшері айырмасы, кг, л, ц;
Т – малдардың өнімділігі төмендегенін бақылау мерзімінің ұзақтығы
Б - өнім  бірлігінің  сатылу бағасы, теңге;
Мысалы, ауруға шалдыққан биелерден алынатын сүт мөлшері біршама төмендейді. Мысалы, егер ауырып, бедеу қалған 6 биеден алынатын сүт мөлшері орта есеппен  23л, олар шамамаен  22 тәулік бедеу болған. Ал уақытында ұрықтанған биелердің  тәулігіне орташа 45 л сүт өндірілген. 1 л сүттің бағасы 150 тенге. 
Ш″ = М * (Сс-Са) * Т * Б
Ш″= 6* (45-23) * 22 * 150 =435600 теңге 
Енді бедеуліктің кесірінен туылмаған құлын санын анықтайық. Қалыпты жағдайда биенің буаз аралық уақыты 362 тәулік (340 тәулік буаз, 22 тәулік ішінде құлындағаннан  кейін ұрықтанып қайта буаз болу уақыты) болады. Яғни, құлындаған бие 362 тәулік ішінде ұрық тоқтатып, қайта құлындаса  мұндай биенің өсіп өнуі қалыпты, ал айтылған уақыттан асып құлындаса бедеу деп есептейді. Сауын  мерзімінде 4500-5000 л сүт сауылатын биенің 1 тәулік бедеулігінің салдарынан шаруашылық 0,003 құлын туылу мүмкіншілігінен айырылатыны дәлелденген. Онымен қоса жаңа туылған 1 құлынның бағасы 45000теңге стандарт майлылықты сүтке тең болатынын есептеп шығарған. 
 Туылмаған құлыннан шегілген экономикалық шығынды формуламен есептеп анықтайық:
Мысалы, 50 құлын алатын мүмкіншілігі болса, 30 туылған. Жаңа туылған құлынның бағасы орташа 45000 теңге болса, туылмаған құлыннан қанша шығынға ұшырағанын анықтайық:
 Ш''' = 1 * (50 - 36) * 45000 = 420000 теңге  шығын шеккен.
 Ең соңында, биенің бедеулігінен   шаруашылыққа келтірілген жалпы экономикалық шығынды анықтайық:
 ЖШ = Ш'+ Ш″+ Ш'''
 ЖШ =   157500 + 435600+900000 = 1493100теңге.
 Бұдан қарағанда, биенің  бедеулігінің салдарынан  жалпы 602500  теңге шығын шегілген.
Дәрілерге жұмсалған шығын:
Жергілікті өңдеуге кеткен спирт мөлшері
Бір басқа норма бойынша 5 грамм, ал 6 басқа30 г (6 * 5). 
2 рет өңделсе 10 күн жүргізілгендіктен жұмсалған спирт мөлшері 300 г +200 г() .. = 500 г 
1литр спирт -300 теңге болғанда, 500 грамм 150 теңге болады.
-кеткен мақта мөлшері және бағасы:
Бір басқа 2 грамм жұмсалады, 6 басқа бес рет өңдесек (6 *2)*2= 24 г мақта;  1 кг 380 теңге болса, 24г (0,024  * 380)=9,12 = 10 теңге
Норсульфазол- 30теңге 10дана 0,25г
Пенициллин- 20 тенге х 2 рет  х 14= 560 тенге
Глюкоза – 300 тенге
Айлық жалақысы 50000 теңге, бір күндік жұмыс күні (50000 / 25,6) -1953,1 теңге, ал 1 сағатына(1953,1/7) - 279 теңге
Барлық кеткен шығындарды қосқанда келесідей болады:
Эз= 1619 + 279 = 1898 теңге
 Мал дәрігерлік  шараларды жүргізгенде қосымша баға және жұмсалған еңбек пен материалдық қаражаттар, мына формуламен есептеледі:
Эв= Пш- Зв Экономикалық эффект  Пш -нақтылы шығын  Зв -төлем ақы 
Эв=  4260 теңге –279 т = 3981теңге
Білімді бақылау бөлімі
1-модуль бойынша тапсырма

 Модуль 1 бойынша  тапсырма (оқу үрдісінің 3 аптасында):
Студент жоғарыдағы қарастырылған бес практикалық тақырыптар бойынша ( бес тақырып 1 модульдің  ішіне кіреді) төмендегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау керек. 
1.1  Ауру мал мен жұмыс жүргізген уақытта дұрыс малға жақындай білуді, оларды бекіте білуді үйрену мен қауыпсыздықты сақтауды меңгеруді атаңыз.
2.1   Ауру малмен жұмыс жүргізген уақытта  жалпы клиникалық зерттеу жүргізу тәртібін  үйрену   және оларды меңгеруді атаңыз.
3.1 Дәрілік заттарды таза күйіде тағайындалмайды олар тиімді түрде қолданылатындығын атаңыз. 
        3.2. Дәрі түрін жасап үйрену   мен  оларды меңгеруді атаңыз 
4.1. Дәрілік заттарды енгізу жолдарын, және жалпы терапевтік процедуралар техникасын меңгеруді атаңыз
5.1. Инструменттер – қолданылатын саймандар  мен таңғыш заттар мен танысып,  таңу  техникасын меңгеруді атаңыз  
5.2.Асептика және антисептикаға түсінік беріңіз. 

2-модуль бойынша тапсырма
Модуль 2 бойынша  тапсырма (оқу үрдісінің 10 аптасында):
Студент жоғарыдағы қарастырылған  бес практикалық тақырыптар бойынша бес тақырып 2 модульдің  ішіне кіреді) төмендегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау керек. 
1. Азық қорыту  жүйесін  тәртібімен әдістерімен танысып. Жұмыс барысында малға алғашқы көмек көрсетудің  кейбір тәсілдерін үйрену  
2.1. Сап, туберкулез және буцеллез (көз бен тері аралық сынама  тәсілдерін қою)  жяне реакция оқу принциптерін үйрену мен  әртүрлі аллергендерге баға беру (маллеин, туберкулин т.б.) 
2.2. Ауырған малдармен жұмыс жүргізгенде жеке бас гигиенасын білу. 
2.3. Мал түліктеріне және құстарға қолданылатын өлексе сою әдісін білу 
2.4. Індетті аурулардан  экономикаға келтіретін зиянын есептейтін тәсілді білу .

1-межелік бақылау тестілері
$$$ 1 
 Ауру туралы  ұғым 
A.Нозология   
B. Этиология   
C.Гипотермия  
D.Эмболия     
E. Ишемия
$$$ 2
 ОЖЖ бұзылу әрекетінің арқасында   организмнің  барлық тіршілік қызметтерінің  терең бұзылуы 
AЛихорадка  
B.Дистрофия 
C.Аллергия
D.Агония    
 E.Аритмия
$$$ 3 
Жануарларда  аурулардың пайда болу   себебін оқытуды атаңыз   
А.Патогенез   
B.Филогенез     
C.Онтогенез   
D.Этиология  
E.Фагоцитоз
$$$ 4 
Организмдегі ұлпа функциясының төмендеуі  және мүше мен  ұлпа көлемі  кішірейгенмен ұлпа алмасуының сапалық өзгермеуі      
A. Дистрофия.  
B.Гипертрофия.  
C. Атрофия.   
D.Тромбоз    
E. Эмболия
$$$ 5 
Жасуша алмасуының бұзылуындағы протоплазыманың физикалық, және химиялық аздап өзгеруінің салдарынан  жасуша және оның құрлымының өмір әрекетінің төмендеуі:  
A. Кахексия        
B. Дистрофия    
C. Гипертрофия   
D. Регенерация  
E.Гиперемия
$$$ 6 
Аурудың биологиялық  факторларына нені  жатқызуға болмайды?
A. Патогенді микробтар    
B. Фильтрленген  вирустар          
C. Кейбір саңрауқұлақтар   
D. температура                                    
E. Протозоа
$$$  7  
Патологиялық физиологиядағы  ауыл шаруашылық малдарының ауруының желісі,  даму ерекшеліктері,  сипаты және механизімі мен таралу жолы  туралы  оқытатын бөлімді атаңыз  
A.Патогенез   
B. Филогенез     
C. Онтогенез   
D. Этиология  
E. Фагоцитоз
$$$ 8 
Жойылған және бузылған функциялардың реттелуінің қайта қалыпқа келу үрдісін қай жүйе орындайды 
A. Нерв жуйесі    
B. Тыныс алу жүйесі       
C. Жыныстық жүйесі 
D. Тамыр жүйесі                                
E. Азық қорту жүйесі
$$$ 9
Ауру тудыратын агентердің әсеріне, оның ішінде инфекция қоздырғыштарына  қарсы тұратын организимдегі жиі байқалатын резистентілік ол:
A.Иммунитет    
B. Аллергия          
C. Атрофия        
D.Дистрофия    
E.Антигендер 
$$$ 10
Алғашқы ғылыми теориялық иммунитет негізін қалаушы ғалым
A. И.М. Сеченов                 
B. И.П.Павлов                             
C. Л.С.Ценковский  
D.И.М. Садовский                                                       
E.И.И.Мечников  
$$$ 11
Жасуша элементерінің көлемі мен санының өсу нәтижесінде мүшелермен ұлпалардың шамадан тыс өсуін атаңыз
A. Гипертрофия      
B.  Атрофия      
C.Дистрофия  
D.Гиперемия  
E.Аплазия
$$$ 12         
Организімнің қалыпты жағдайында кез – келген органның  үлкеюі мен және функциясының нығаюімен сипатталатын – гипертрофия
A.Жұмыстық  
B.Жалған   
C.Физиологиялық    
D.Патологиялық      
E.Шынайы
$$$ 13 
Көбею жолының арқасында жасушаның өсуімен, ұлпа дефектілерінің қалпына келуі
А. Регенерация     
B. Трансплантация 
C. Некроз.  
D. Метастазы 
E. Гиперемия
$$$ 14
Организімнің регенерацияға икемділігі неге байланысты: 
A. Трансплантацияға                     
B. Атрофияға                 
C. Гипертрофияға
D.Қысымға                              
E.Эволюциялық даму дәрежесіне 
$$$ 15
Организімнің жалпы бұзылу нәтижесінде пайда болған, ұлпаның шамадан тыс өсуі – ол:
A. Трансплантация                        
 B.  Атрофия           
C. Гипертрофия                                                               
D.Регенерация                   
E. Ісіктер – бластома
$$$ 16
Органның бір бөлігінде қанның шамадан тыс толуы–ол: 
А. Гиперемия  
B. Анемия 
C. Ишемия  
D. Атрофия 
E   Гипертрофия
$$$ 17
Берілген органның қанмен қамтамасыз етілуінің азаюы –ол.
A.Анемия 
B.Гиперимия 
C.ишемия 
D.Атрофия 
E.Гипертрофия
$$$ 18
Жергілікті қан аздылық -ол
A.Анемия 
B.Гиперимия 
C. Ишемия 
D.Гипертония 
E.Атрофия.
$$$ 19
Ұсақ артериялардың көзінің жабылу нәтижесінде жүрек бөлігінің өлеттенуін атаңыз? 
А.Анемия             
В.Ишемия     
С.Инфаркт         
Д.Инсульт             
 Е.Тромбоз
 $$$ 20
Қоршаған  ортаға  тамырлардан  қанның талалуынан туындайтын потологиялық үрдісті анықтаңыз:
А.Қан кету   
В.Тромбоз 
 Д.Ишемия 
Е.Диарея.
$$$ 21
Қан тамырларындағы  тығыз массаны атаңыз:                                                                       
A. Қан кету 
B. Инфаркт 
C.Тромбоз 
D.Ишемия 
E.Эмболия                                          
$$$ 22                                                                                                                                                                                                                                  Қабынудың сыртқы бегілері   - олар:
А.Қызару  
B.Домбығу  
C.Ауырсыну 
D.Ыстықтың көтерілуі 
E.Аталғанның барлығы
$$$ 23
Қаның құрамында қанттың көбеюі –ол:
А. Гиперглекемия 
В. Гипертония 
С.Кетонурия 
D.Ишемия  
Е.Токсикоз
$$$ 24
Ауру мәнінің қысқаша қортындысын атаңыз.
А.Прогноз             
В.Диагноз           
С. Қарап, байқау        
Д.Пальпация   
Е.Перкуссия
$$$ 25
 Ауру желісі жөнінде алдын- ала жору.
А. Қарап, байқау                
В.Диагноз           
С.Прогноз 
Д.Пальпация          
Е. Аускультация
$$$ 26
Жылқының дене қызуы 
A.37,5-39,5 
B.38,5-40,0 
C.38,5-40 
D37,6-38,6 
E.38,0-40,0
$$$ 27
 Ірі қараның дене қызуы
A.37,5-39,5
B.38,5-40,0
 C.38,5-40 
D.37,6-38,6 
 E.38,0-40,0
$$$ 28
Шошқанаң тамыр соғысын атаңыз:
А.60 - 80             
В.26-48                
С.70- 120        
D.24-42       
E.70-80
$$$ 29 
Ірі қара малының артқы өкпе шекарасының перкуторлық қалпын атаңыз:
А.Coл жағы 11 Оң жағы10  Иық буыны8                                 
В.Сол жағы 16 Оң жағы16  Иық буыны 10                                
С.Сол жағы 11 Оң жағы11  Иық буыны 7                                
D.Сол жағы 11 Оң жағы16  Иық буыны 8                                
E.Сол жағы 11 Оң жағы16  Иық буыны 8                              
$$$ 30
Ауру мал туралы дереқтер жиынтығын  сұрау арқылы,  немесе  ветеринариялық  дәрігердің жазбалары     және зоотехникалық есеп кітабының құжаттық  жазбасынан  алу  арқылы жинауды атаңыз: 
А. Болжау         
В. Анамнез             
С. Диагноз            
D. Симптом                  
E. Қарап, байқау 



 
2-межелік бақылау тестілері 
$$$ 1
Организімнің жалпы реакцияға оның  ішінде инфекциялық агентке және зиян келтірушіге әсер еруі  -ол:
А.Лихорадка 
В.Тартылу  
С.Қабыну
D.Қызару 
Е.Ісіну. 
$$$ 2
 Қаның құрамында қанттың азаюы –ол:
А. Гипогликимия
 В. Гиперглекемия 
С.Кетонурия 
D.Ишемия  
Е.Токсикоз
 $$$ 3
 Несептің  бөлінуінің көбеюі -ол.
А.Полиурия 
В.аретмия 
С.Диарея 
Д.Водянка (бөсір) 
Е.Асцит 
$$$ 4
Малдың кеңістікте өзін – өзі ұстауын, дене бітімін, қоңдылығын, мінез құлқын сипаттайтын белгілер жиынтығын атаңыз: 
А. Габитус 
В. Прогноз
В Анамнез
С.Диагноз
D.Симптом
 $$$ 5 
Мал шаруашылығының тиімділігін арттыруда және мал денсаулығын жақсартуға  бағыталған жоспарлы, емдік, профилактикалық  шара жүйесі қалай аталады?
A.анамнез. 
B. Симптом 
C. Диагноз.    
D. Диспансеризация   
$$$ 6
Механикалық, термикалық, биологиялық тітіркендіргіштер арқылы туындайтын стоматиттерді атаңыз: 
 А. Алғашқы  
 В. Екінші   
   С. Афтозды   
   D. Везикулярлы    
   Е. Пустулезды
$$$ 7 
Жүйке жүйесінің реттелуінің бұзылуынан,  кейбір жағдайда өңештің тарылуы мен кеңеюіне келіп тірелуі – ол: 
А.фарингит 
В.Стоматит 
С.Ларингит 
D.Бітелу 
Е.Улану 
$$$ 8
Алдыңғы  қарнының моторлы функциясының сапалық және сандық өзгеруінен,  мес қарынның толық тоқталуына әкеліп тірейтін функционалды  бұзылуды атаңыз:   
А.Тимпания 
В.Сапонина 
С.Атония 
D.Гипотония 
Е. Бітелу
$$$ 9
Асказан мен ішектегі эпителиалды  жабында экссудаттың өте көп бөлінуі,  секреторлық, сіңіру, моторлық функциясының  бұзылу  дистрофиялық үрдістермен сипаталатын,  ауру түрі:   
А.Гастрит 
В.Асқазан мен ішек катары   
С.Энтерит 
D.Гастроэнтерит
 Е. Асқазан жарасы 
$$$ 10
Азық  рационында каротиннің жетіспеуімен сипаталатын ауру 
А. Авитаминоз А 
В. Авитаминоз В¹
С. Авитаминоз В²
D. Авитаминоз С
E. Авитаминоз Д
$$$ 11
Жараны зарассыздандыру тәсілін атаңыз:
А. Асептика
В. Антисептика
С. Терапия
D. Профилактика
Е. Диагностика
$$$ 12
Хирургиялық жаңа жараларды алғашқы өңдеу: 
А. Механикалық антисептика
В. Физикалық антисептика
С. Химиялық антисептика
D. Биологиялық антисептика
Е. Диагностикалық антисептика
$$$ 13
Грек тілінен аударғанда жара деп: 
А. Коллапс
В. Травматизм
С. Инфекция
D. Абсцесс 
Е. Флегмона
$$$ 14
Қатты еден, ылғал, тұрып қалған лайлысуда  мал туратын болса,  тұяқтарына суық өтіп,  зиян келтіруден тұяқ мүйізшелерінің жумсаруымен сипатталатын травматизм – ол:   
А.Азық травматизмі 
В.Транспорттық травматизм
С.Эксплуатациялық травматизм
D.Дұрыс күтімнің болмауынан болған травматизм 
Е.Спорттық  травматизм
$$$ 15  
 Малдарды тасымалдаудан туындайтын травматизм  – ол: 
А.Азық травматизмі 
В.Транспорттық травматизм
С.Эксплуатациялық травматизм
D.Дұрыс күтімнің болмауынан болған травматизм 
Е.Спорттық  травматизм 
$$$ 16
Тері жабының анатомиялық бүтіндігі бұзылмай жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің механикалық зақымдалуы 
А. Ыдырау - бөліну 
В.Созылу 
С.Жара
D.Жарақат
Е.Күйік 
$$$ 17
Аурудан кейінгі мал организмінің қайта  ауруы 
A. Реинфекция
B.Суперинфекция
C.Рецидив
D.Инфекция
E.Аралас  инфекция
$$$ 18
Ауру қоздырғыштың бір түріменғана қамтылған –ол:  
A. Реинфекция
B.Суперинфекция
C.Қарапайым инфекция
D.Инфекция
E.Аралас инфекция
$$$ 19
Қоздырғыштың екі немесе бірнеше түрі организмге енген –ол:  
A. Реинфекция
B.Суперинфекция
C.Қарапайым инфекция
D.Инфекция
E.Аралас инфекция
$$$ 20
Организмдегі инфекциялық үрдістің бірінші даму сатысы; 
A. Продромалды кезең
B. инкубациялық кезең
C. сөну кезеңі
D. реконвалисценция
E.резистенттілік
$$$ 21
Аурудың екінші сатысы  – ол аурудың бастама кезеңі 
A. Продромалды кезең
B. инкубациялық кезең
C. сөну кезеңі
D. реконвалисценция
E.резистенттілік
 $$$ 22
Ауруға тән белгілері анық байқалған сатысы
A. Продромалды кезең
B. инкубациялық кезең
C. сөну кезеңі
D. реконвалисценция  
E. клиникалық белгілері
$$$  23
Клиникалық белгілерінің бірте-бірте әлсіреп, функционалдық бұзылулардың жоғалуы 
A. Продромалды кезең
B. инкубациялық кезең
C. сөну кезеңі
D. реконвалисценция  
E. клиникалық белгілері
$$$ 24
Ақырғы жазылу сатысы немесе :
A. Продромалды кезең
B. инкубациялық кезең
C. сөну кезеңі
D. реконвалисценция  
E. клиникалық белгілері
$$$  25
Малдарға ғана тән аурулар :
A.зооноздар 
B.антропоздар
C.зооантропоздар 
D.антропозооноздар
E.инфектозооноздар 
$$$ 29
Паразиттік құрттар класы – жалпақ, сорғыш құрттар типінен:
A. Триматодтар
B.Аскаридалар
C.Дөңгелек құрттар
D.Цестодтар
E.Нематодтар
$$$30
Қүйіс қайратын малдардың бауыр  – гельментозды ауруы :
A.фасциолез
B.фараморфоз
C.дикроцелиоз
D.описторхоз
E.простогонимоз

Емтихан  сұрақтары
«Ветеринария негіздері»  пәнінен   студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
Аурудың даму кезеңдерің атаңыз
 Ауру агенттерінің таралу жолын атаңыз 
Организмнің тосқаулды әдетке айналу құрылымдарын атаңыз 
Этологиялық факторлардың класификациясы
Атрофия және оның  класификациясы
Патогенездің анықтауын атаңыз
Иммунитет және оның  түрлері
Стрессор дегеніміз не
Реактивтілік және оның  түрлері 
Артериалды гиперемия белгілері
Ишемия және оның  түрлері
Зілсіз ісіктердің негізгі қасиеттері 
Кабыну белгілері 
Аллергия және оның  классификациясы 
Организмнің сусыздануының себебін атаңыз
Лихорадканың стадияларын атаңыз 
 Қабыну тудырғыштардың себебін көрсетіңіз 
Домбығудың этиологиясы бойынша   класификациясы 
Аллерген болатын заттарды анықтаңыз 
Несеп бөлу мөлшерінің бұзылуы 
Май алмасуының бұзылуының себептерім 
Гипогликемия  және оның белгілері 
Алдыңғы қарындарың моторлық функциясының бұзылу формаларының негіздері 
Ас қорытудың ауыз қуысындағы бұзылуы 
Қан айналымының жетіспеушілігінің негізгі белгілерін атаңыз 
Жоғарғы тыныс жолдарының функциясының бұзылуы 
Асфикция және оның белгілері 
Перикардит дегеніміз не
Бруцеллездің желісі
Авитаминоз А
Сібір жарасында өлексенің қатуы қалай сипатталады
 Заразды ауруларға қандай аурулар жатады.
Ботулизмді қабылдаушы мал түрлері 
Эпизоотиялық жаға ошақ атауын атаңыз 
Қандай  инфекциялық  ауруға клиниқалық белгілері тән келеді:
Шұту, есінеуі, сілекей ағу актысы бұзылған, жұтқыншақ , астыңғы жақ, тіл  б/етінің параличі - салдануы
Карантин кезінде эпизоотиялық ошақта жүргізілетін шаралар
Дезинфекция түрлерін атаңыз
 «Сібір жарасы» ауруының анықтамасы
 Қой эстрозы 
Септицимия құбылысы  немесе әртүрлі көлемде карбункул түзуші  инфекциялық ауруды атаңыз  
Кандай жәндіктер ауру таратушы және ауру  қоздырғышы болады. 
Столбняк қоздырғышын атаңыз
Гельминтоздардың диагностикасының әдәстерін атаңыз
Трипаносомоздар  (жылқының жағылыс ауруы)
 ІҚМ трихомонозы 
 Шошқа аскаридозы 
 Жыртқыштар токсокароз  
ІҚМ  гиподерматозы 
Ауру классификациясы  
Ауру желісі
Ыстық соғудың себебін анықтаңыз 
Рециссивті жолмен тұқым қуалаушы ауруды атаңыз 
Организмде ауру тудырушы агенттердің таралу жолын атаңыз 
 Аурудың даму себебінің маңызы 
Антителалардың химиялық табиғаты 
55.температураның көтерілуіне байланысты лихорадканың классификациясы 
Лихорадка стадияларын атаңыз 
57 Атрофия және оның  классификациясы 
    58  Ишемия және оның түрлері  
    59 Қабыну белгілері 
    60  Аллергия және оның реакция жылдамдығы бойынша классификациясы       
    61  Жұректің сол жақ жартысының  жетіспеушілігін атаңыз 
    62  Морфология бойынша қабыну классификациясын атаңыз  
 Азық токсикоздары (этиология, клиника)
Асфексия және оның себептер
Остеодистрофия (этиология, клиникасы)
Жаралар  (анықтауы, түрлері 
Хирургиялық сепсис (анықтауы)
Эпизоотияға қарсы өткізілетін шаралар қандай бөлімдерден тұрады
Гастроэнтерит (этиологиясы, анықтауы 
Дезинфекцияның  мақсатын атаңыз 
 Өңештің бітелуі
Бірнеше мал түріне тән жалпы ауруды атаңыз
Лептоспироз
Ботулизмның негізгі белгілерін атаңыз
Шешек
Сібір жарасы қоздырғышының төзімділігі 
Инфекция қоздырғышының таралу жолдары 
Құс пуллорозы (анықтамасы, клиникасы)
Дезинфекция түрлері
Ценуроз (анықтамасы, клиникасы
Энзоотия анықтамасы
Күйіс қайыратын малдар монезиозы (анықтамасы)
Травматикалық перикардии
Описторхоз
Мал монезиозы (анықтамасы, клиникасы)
Двастация дененіміз не
Гастрофилездер (анықтамасы, этиологиясы)
Домбығу түрлері
әр түрлі затқа сезімталдылыңтың шамадан тыс ұлғайуынын қалай атайды     
Мочевинамен улану
Кальцеферолдың жетіспеуі  (рахит)
Жас төлдер диспепсиясы  
Фаренгит (анықтауы, клиникасы)
Фурункул (анықтауы)
Жылдың қай мезілінде сібір жарасы ауруы жиі кездеседі 
Резистентіліктің анықтауын атаңыз 
Гипертрофия және оның түрлері
Венозды  гиперемия белгілері 
Столбвняктың клиникалық белгілері 
 Қой сібір жарасы ауруының желісі 
Инфекциялық аурулардың  экономикалық шығынын анықтаңыз
 Инфекциялық аурулардың  диагностикалық әдістері. Ашығу түрлері
 Экссудат сипаты бойынша қабыну классификациясы


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек