Ток күші. Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңы. 10 сынып.
Пән: Физика
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы. Сабақтың мақсаты: а) білімділік Электр тогына түсініктеме беру. Тізбек бөлігі үшін және толық (тұйықталған) тізбек үшін Ом заңын сипаттау б) дамытушылық Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту в) тәрбиелілік Адамгершілікке, отан сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдістері: Жаңа материалды меңгерту, схемалармен жұмыс, кітаппен жұмыс, есептер шығару Көрнекілігі: Схемалар, карточкалар Сабақтың мазмұны және барысы: I Ұйымдастыру кезеңі II Жаңа сабақты түсіндіру Электр тогы деп электр зарядтарының кез-келген реттелген қозғалысы аталады. Ток өткізетін орталарда (өткізгіш орта) еркін зарядтардың электр өрісі әрекетінен реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіш ток деп аталады. Электр тогының пайда болу шарттары: а) берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы; б) берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы; Бұл екі шартты орындауу үшін электр тізбегін құрады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады. Токтың әрекетін бағалау үшін ток күші деп аталатын физикалық шама енгізілген. I ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады, яғни I=∆q∆t Ток күші ампермен өлшенеді I=A Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады. Тұрақты ток үшін I=qt Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің электрқозғаушы күші деп аталады және ЭҚК болып белгіленеді. Ток көзінің электр қозғаушы күшін бірлік оң зарядты тасымалдау кезінде тосын күштердің атқаратын жқмысымен өлшейді: ξ=Aбq Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ЭҚК-нің өлшем бірлігіне 1В (вольт) алынады: 1В=1ДжКл Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Георг Ом ашты. Тізбек бөлігіндегі ток күші - оcы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал: I=UR SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді: 1 Ом=1ВА 1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойынан 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына, S көлденең қимасының ауданына және жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді: R=ρlS мұндағы, ρ - өткізгіш материалының меншікті кедергісі. Меншікті кедергі өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама. left254000Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшінің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал: I=ξR+r Толық тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайын қарастырайық. * Егер R≫r --> I=ξR * Егер R=0 --> Imax=ξr . Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. III Сабақты бекіту: №19-1 Берілгені: Талдау: r= 0,25 Ом Толық тізбек бөлігі ү/н Ом заңы: l= 5 м I=ξR+r --> ξ=IR+r (1); S= 0,2 мм2= 0,2*10-6 м2 R=ρlS (2); I= 0,5 А (2) --> (1) : ξ = I(ρlS+r) ρ= 0,1 мкОм*м = 0.1*10[-6] Ом*м 22767039237т/к: ξ = ? Шешуі: ξ= 0,5(0,1*10-6*50,2*10-6+0,25)= 1,375 В Жауабы: 1,375 В IV Қорытынды: бағалау Үйге тапсырма: §9.1-§9.3, §9.5 №19(2,3)