Математика пәнінен бағдарлама

Көшіріп алу

Пән: Әртүрлі

           Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


                Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
                     №1 жалпы орта білім беретін мектеп







                      Кожагулова Жумагул Арыстанбаевна










                         Бағдарлы сыныпқа математика
                         пәнінен бағдарлама жасақтау
                               іс-тәжірибемнен


























                              2014жыл қазан айы

                               Құлсары қаласы




                      Кожагулова Жумагул Арыстанбаевна




                         Бағдарлы сыныпқа математика
                         пәнінен бағдарлама жасақтау
                               іс-тәжірибемнен


Бағдарлама бастауыш сынып бірлестігінде талқыланды
Хаттама №2 09.2014 жыл
Бағдарлама 28.08.2014 жыл Педагогикалық кеңесте талқыланып бекітілді.


                                    Пікір



Бағдарламаны қарадым, бағдарлама  бағдарлы  сыныпқа  арналған.  Бағдарламада
барлық керекті тақырыптар қамтылған.
    Әсіресе, қозғалысты, шамаларды формула құрастыру арқылы  табу,  төменнен
жоғарыға, қарапайымнан күрделіге дейінгі даму принциптің ұстанымын  ұстаған.
Жылдық бағдарламасы 1 сыныпта аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат,  2,  3,  4
сынып  34  сағаттан  қамтылған.  Бағдарлама  мектеп  бағдарламасына   сәйкес
жазылған.
      Егер, осы бағдарламамен жұмыс жасаса, нұр үстіне нұр болар еді...





















Мазмұны



Аннотация...................................................................
........4
Кіріспе.....................................................................
.......... .5
Негізгі
бөлім......................................................................
7
1сынып Тақырыпты күнтізбелік жоспар.......................  8
2сынып Тақырыпты күнтізбелік жоспар....................... .9
3сынып......................................................................
........ .10
4сынып......................................................................
.........11
Қорытынды...................................................................
.....12
Қолданылған әдебиеттер..................................................13
Қосымша
материал............................................................14
Ойнайық та,
ойлайық.........................................................20































                                  АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты:


      Біз бейбіт, тұрақты, жас және  күшті  мемлекетте  тұрамыз.  Әрқайсымыз
қазіргі
уақыттағы өзгерістерді сезінеміз. Сондықтан  білім  саласын  заман  талабына
сай дамыту керек. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты біздің Жылыой  ауданында
жалпы білім беру жүйесін қайта  құру,  ұлттық  мектептердегі  білім  сапасын
жақсарту мәселесі қолға алына бастады.

        Білім  беру  жүйесіне  енгізіліп  отырған   өзгерістерге   сай   оқу
процесінде  ұлттық  психологияға  бейімдеп  оқушының  қабілетін,   талап   –
талғамын ескере отырып, бастауыш мектепте математика пәнінен  тероиялық  әрі
практикалық жағынан тереңдетіп оқыту іске асырыла бастады.

     Математика пәнінен бағдарлап  оқыту  бұрын  ескерілмеген  белгілер  мен
ерекшеліктердің сырын ашып, оның әлеуметтік мәнін  коммуникативтік  қызметін
байқап,  шығармашылық  ізденіс,  іскерлік   дағды   қалыптастыруға   әкелді.
Математикадан тиянақты білім беру мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты  десек
те талапқа сай жазылған тұрақты бағдарлама  болмайынша,  соншалықты  жауапты
міндеттің  ойдағыдай  орындалуы  мүмкін  емес.  Тұңғыш  рет  ұсынып  отырған
бағдарламам сол мұқтаждықтан шығаруға септігін тигізеді деген ойдамын.













                                   Жоспар:





І. Кіріспе



ІІ. Негізгі бөлім: «Математика пәніне бағдарлау»
                                  атты курс бағдарламасы
                                  а) 1 сынып Тақырыпты
                                      күнтізбелік жоспар
                                  ә) 2 сынып Тақырыпты
                                      күнтізбелік жоспар
                                  б) 3 сынып Тақырыпты
                                      күнтізбелік жоспар
                                  в) 4 сынып Тақырыпты
                                      күнтізбелік жоспар


ІІІ. Қорытынды






















КІРІСПЕ


«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»
Бағдарламаның өзектілігі:


Әр  баланың  жеке  қабілетіне  қарай,  математикалық  қабілеттерін  арттыру,
математика есептерін шығару.
     Оқушылардың  математикадан  алған  білімін   шеберлікке   айналдырудағы
маңызды жолдардың бірі.
Шын мәніне келгенде  есеп  шығару  арқылы  оқушылар  математикадан  үйренген
ұғымдарды,  теорияларды,  ереже  заңдарды  және  формулаларды   іс   жүзінде
практикаға қолдана отырып жүйелейді, бекемдейді,  шеберлігін  шыңдайды  және
есте сақтайды. Сол арқылы үйрену мақсатына жетеді.
2009-2010 жылы оқу жылында математика пәнінен бағдарлы сынып ашылды.
Бірден Алматы баспасынан  шыққан  оқулықпен  жұмыс  жасадым.  Бір  жыл  оқып
шықтық. Оқу барысында  Алматы  баспасы  мен  Атамұра  баспасынан  шығарылған
оқулықтарда көп ерекшелік болды.
     1. Алматы баспасынан шыққан оқулықтар балаларға түсінікті,
           жеңіл тілмен жазылған.
     2. Балалар өздігінен жұмыстарды орындауға септігін тигізді.
     3. Көрнекі құралдар жеткілікті болды.
     4. Бағдарлы сыныпқа арнап бағдарлама жазылды.
     5. Өте жақсы нәтиже берді.
     6. Бірінші сыныпты математика пәнінен балалардың сапасы
           83,3 пайызға жетті.
      7. Қараевтың «Үш өлшеммен оқыту технологиясын»
          Қолданғанда балалар деңгейлік тапсырмаларды өздігінен орындады.
              Осыдан байқағаным, балалардың білімге деген құштарлығы артты.
Ұсынылып   отырған   бағдарлама   бастауыш   мектепте   математиканы   оқыту
бағдарламасына сәйкес құрастырылды.













НЕГІЗГІ  БӨЛІМ


«Математика пәніне бағдарлау» атты курс
Бағдарламасы.
Бағдары: Математика
Курстың мақсаты: Математикалық білімді оқушыларға
тереңдете беру.
Пайдаланған әдебиеттер:
        1. Ш.Х.Құрманшина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева
           Математикадан дидактикалық ойындар және
           қызықты тапсырмалар
           Алматы, «Атамұра», 1997 жыл
        2. Жалмағанбетов Н.Б.
           Бастауыш   мектеп   оқушыларының   математикалық   білім,   білік
           дағдыларын тексеруге арналған тест жұмыстары.
           Алматы, «Өнер», 2005 жыл
Бағадарлама бастауыш сынып бірлестігінде талқыланды.
Хаттама №2        09.2009 ж
Бағдарлама 28.08.2009 ж
Педагогикалық кеңесте талқыланып бекітілді.
























                                  І – сынып
                    Тақырыптық – күнтізбелік үлгі жоспар

|№  |Сабақтың тақырыбы                           |Сағат  |Күні      |Жұмыстың   |
|   |                                            |       |          |түрі       |
|1  |0 санының пайда болуы, орны                 |1      |          |           |
|2  |Қарапайым ұғым                              |1      |          |           |
|3  |Геометриялық фигураны ажырату               |1      |          |           |
|4  |Заттардың кеңістікте орналасуы              |1      |          |           |
|5  |Теңестіру жолы                              |1      |          |           |
|6  |Теңестірудің екі жолы                       |1      |          |           |
|7  |Көп-бір ұғым. Бір санын көптен бөліп алу    |1      |          |           |
|8  |Бүтін затты теңдей бөлу                     |1      |          |           |
|9  |Жартыны бүтіндеу                            |1      |          |           |
|10 |Жарты, ширек ұғымдарын ажырату              |1      |          |           |
|11 |Теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілі        |1      |          |           |
|12 |Ондықтар құрамы                             |1      |          |           |
|13 |Есеп шығарудың алгоритмі                    |1      |          |           |
|14 |Қосу мен азайтудың байланысы                |1      |          |           |
|15 |Әріпті өрнектер құру                        |1      |          |           |
|16 |Санды өрнектің мәнін табу                   |1      |          |           |
|17 |Қосу амалына берілген тапсырмалар           |1      |          |           |
|18 |Азайту амалына берілген тапсырмалар         |1      |          |           |
|19 |Қосудың компоненттері                       |1      |          |           |
|   |мен нәтижелерінің атауы                     |       |          |           |
|20 |Азайтудың компоненттері                     |1      |          |           |
|   |мен нәтижелерінің атауы                     |       |          |           |
|21 |Фигураларды әріппен белгілеу                |1      |          |           |
|22 |Қосу мен азайтудың арифметикалық амалдары   |1      |          |           |
|   |және олардың байланысы                      |       |          |           |
|23 |Мәтіндік есептердің негізгі компоненттері   |1      |          |           |
|24 |Сурет бойынша есеп құрастыру                |1      |          |           |
|25 |Кері есептер туралы түсінік                 |1      |          |           |
|26 |Қосудың ауыстырымдылық қасиетін тиімді      |1      |          |           |
|   |есептеуде қолдану                           |       |          |           |
|27 |Геометриялық фигураны сызу, салу            |1      |          |           |
|28 |Құрылымы күрделі теңдеуді шешу              |1      |          |           |
|29 |Құрылымы күрделі теңдеудің шешудің алгоритмі|1      |          |           |
|30 |Кері есептер құрастыру                      |1      |          |           |
|31 |Ойын сабақ                                  |1      |          |           |
|32 |Нәтижелі сабақ                              |1      |          |Сауалнама  |
|33 |Практикалық сабақ                           |1      |          |           |









                                 ІІ – сынып
                    Тақырыптық – күнтізбелік үлгі жоспар
|№  |Сабақтың тақырыбы                           |Сағат  |Күні      |Жұмыстың   |
|   |                                            |       |          |түрі       |
|1  |Тік бұрыш және тік емес бұрыш               |1      |          |           |
|2  |Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту    |1      |          |           |
|3  |Санды өрнектер құру және мәнін табу         |1      |          |           |
|4  |Әріпті өрнектер құру                        |1      |          |           |
|5  |Кестелік қосу және азайту                   |1      |          |           |
|6  |Екі амалмен шығарылатын есеп                |1      |          |           |
|7  |Тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш         |1      |          |           |
|8  |Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту      |1      |          |           |
|9  |Қосудың ауыстырымдылық қасиеті              |1      |          |           |
|10 |Қосудың терімділік қасиеті                  |1      |          |           |
|11 |Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту     |1      |          |           |
|12 |Көпбұрышты еркін өлшеммен сызу              |1      |          |           |
|   |және оның элементтерін анықтау              |       |          |           |
|13 |Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу       |1      |          |           |
|14 |Сандарды және сәйкес амалдарды жазбаша қосу |1      |          |           |
|   |және азайту                                 |       |          |           |
|15 |Теңдеуді шешудің алгоритмі                  |1      |          |           |
|16 |Құрылымы күрделі теңдеудің алгоритмі        |1      |          |           |
|17 |Жазбаша қосу мен азайтудың алгоритмі        |1      |          |           |
|18 |Құрама есептерді шығару                     |1      |          |           |
|19 |Есептер шығарудың алгаритмі                 |1      |          |           |
|20 |Көпбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу|1      |          |           |
|   |(ықшамдау)                                  |       |          |           |
|21 |Шамалар арасындағы байланыс                 |1      |          |           |
|22 |Ірі өлшемдерге айналдыру жолы               |1      |          |           |
|23 |Ұсақ өлшемдерге айналдыру жолы              |1      |          |           |
|24 |Амалдардың орындалу тәртібі                 |1      |          |           |
|25 |Есептің жаңа түрімен танысу (Баға. Құн)     |1      |          |           |
|26 |Геометриялық фигураларды ажырату            |1      |          |           |
|27 |Разрядтарды ажырату                         |1      |          |           |
|28 |Қосу амалының мән-мағынасын                 |1      |          |           |
|   |ашатын тапсырмалар                          |       |          |           |
|29 |Азайту амалының мән-мағынасын               |1      |          |           |
|   |ашатын тапсырмалар                          |       |          |           |
|30 |Қосудың компоненттері мен нәтижелерінің     |1      |          |           |
|   |атауы                                       |       |          |           |
|31 |Азайтудың компоненттері мен нәтижелерінің   |1      |          |           |
|   |атауы                                       |       |          |           |
|32 |Практикалық сабақ                           |1      |          |           |
|33 |Ойын сабақ                                  |1      |          |           |
|34 |Нәтижелі сабақ                              |       |          |Сауалнама  |










                                 ІІІ – сынып
                    Тақырыптық – күнтізбелік үлгі жоспар
|№  |Сабақтың тақырыбы                           |Сағат  |Күні      |Жұмыстың    |
|   |                                            |       |          |түрі        |
|1  |Кестеден тыс көбейту тәсілі                 |1      |          |            |
|2  |Кестеден тыс бөлу тәсілі                    |1      |          |            |
|3  |Қалдықпен бөлудің мағынасы                  |1      |          |            |
|4  |Көбейту мен бөлудің өзара байланысы         |1      |          |            |
|5  |Есептерді шығарудың әртүрлі тәсілдері       |1      |          |            |
|6  |Құрама есептерді өрнек түрінде жазу         |1      |          |            |
|7  |Сурет бойынша есеп шығару                   |1      |          |            |
|8  |Амалдардың орындалу тәртібі                 |1      |          |            |
|9  |Шамаларды санға қосу және азайту            |1      |          |            |
|10 |Шамаларды санға көбейту және бөлу           |1      |          |            |
|11 |Шаршының периметрін әртүрлі тәсілмен табу   |1      |          |            |
|12 |Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі          |1      |          |            |
|   |тәсілмен табу                               |       |          |            |
|13 |Периметрді формуламен ауыстыру              |1      |          |            |
|14 |Формуланың ара қатынасын ашу                |1      |          |            |
|15 |Тіктөртбұрыштың ауданын табуда              |1      |          |            |
|   |формула құрастыру                           |       |          |            |
|16 |Өлшем бірліктің бірін басқа бірлікке        |1      |          |            |
|   |айналдыру                                   |       |          |            |
|17 |Баға, сан, құн туралы есептер               |1      |          |            |
|18 |Бөлу амалына берілген теңдеулерді «таңдап   |1      |          |            |
|   |алу» тәсілі                                 |       |          |            |
|19 |Есепті арифметикалық тәсілмен шешу          |1      |          |            |
|20 |Схема бойынша есеп құрастыру                |1      |          |            |
|21 |Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік    |1      |          |            |
|   |қасиеті                                     |       |          |            |
|22 |Кесте бойынша есеп құрастыру                |1      |          |            |
|23 |Құрылым күрделі теңдеуді шешудің алгаритмі  |1      |          |            |
|24 |Есепті теңдеу құру арқылы шығару            |1      |          |            |
|25 |Тік төрбұрыштың қабырғасын табуда теңдеу    |1      |          |            |
|   |құру                                        |       |          |            |
|26 |Логикалық есептер                           |1      |          |            |
|27 |Танымдық есептер                            |1      |          |            |
|28 |Шамалар арасындағы байланыс                 |1      |          |            |
|29 |Есептеудің ауызша тәсілдері                 |1      |          |            |
|30 |Қалдықпен бөлуге берілген есептер           |1      |          |            |
|31 |Айырмалық және еселік салыстыруға           |1      |          |            |
|   |берілген есептер                            |       |          |            |
|32 |Қызықты есептер                             |1      |          |            |
|33 |Практикалық сабақ                           |1      |          |            |
|34 |Нәтижелі сабақ                              |       |          |Сауалнама   |








                                 ІV – сынып
                    Тақырыптық – күнтізбелік үлгі жоспар
|№  |Сабақтың тақырыбы                           |Сағат  |Күні      |Жұмыстың    |
|   |                                            |       |          |түрі        |
|1  |Қосу-екі топты біріктіру                    |1      |          |            |
|2  |Азайту-бір топты екі топқа жіктеу           |1      |          |            |
|3  |Көбейту саны бірдей топтарды біріктіру      |1      |          |            |
|4  |Бөлу-тең бөлу                               |1      |          |            |
|5  |Баға, сан, құн туралы есептерге формула     |1      |          |            |
|   |құрастыру (Б∙С=Қ, Қ:Б=С, Қ:С=Б)             |       |          |            |
|6  |Нөлмен аяқталатын санды көбейту және        |1      |          |            |
|   |бөлудің алгаритмі                           |       |          |            |
|7  |Әріпті өрнектерді ықшамдау                  |1      |          |            |
|8  |Логикалық есептер                           |1      |          |            |
|9  |Танымдық есептер                            |1      |          |            |
|10 |Бірлікке келтіруге берілген есептер         |1      |          |            |
|11 |Тура және жанама есептер                    |1      |          |            |
|12 |Қызықты есептер                             |1      |          |            |
|13 |Шамалар арасындағы байланыс                 |1      |          |            |
|14 |Формула құрастыру(V=a∙a∙a) (V=a∙в∙һ)        |1      |          |            |
|15 |Шамаларды әртүрлі тәсілмен табу             |1      |          |            |
|16 |Ұсақ шаманы ірі өлшеммен салыстыру          |1      |          |            |
|17 |Ірі өлшемді ұсақ өлшеммен салыстыру         |1      |          |            |
|18 |Шешу әдісі мен тәсілі еркін болатын         |1      |          |            |
|   |есептер жүйесі                              |       |          |            |
|19 |Есепке пропорция құру                       |1      |          |            |
|20 |Пропорционал бөліктер                       |1      |          |            |
|21 |Құрама есептерді теңдеу құру арқылы шығару  |1      |          |            |
|22 |Есепті алгебралық тәсілмен шешу             |1      |          |            |
|23 |Қозғалысқа   арналған есептер               |1      |          |            |
|   |шығарудың алгаритмі                         |       |          |            |
|24 |S=V∙t формула                               |1      |          |            |
|25 |V=S:t формула                               |1      |          |            |
|26 |t=S:V формула                               |1      |          |            |
|27 |Сурет бойынша есеп құрастыру                |1      |          |            |
|28 |Есепті схема бойынша жазу                   |1      |          |            |
|29 |Есепті кесте бойынша жазу                   |1      |          |            |
|30 |Санды тиімді тәсілмен көбейту және бөлу     |1      |          |            |
|31 |Шеңбер мен дөңгелекті салыстыру             |1      |          |            |
|32 |Транспортир және бұрышты өлшеу              |1      |          |            |
|33 |Практикалық сабақ                           |1      |          |            |
|34 |Нәтижелі сабақ                              |1      |          |Сауалнама   |



















                                  Қорытынды


   Сынып  бағдарламасына  ойын  сабақты  енгіздім.  Себебі:  бірінші   сынып
   оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі іс әрекеті – ойын. Оқытып-үйрету
   барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным  іс-әрекетін  орындауға
   бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын  дидактикалық  ойындар
   және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
   Дидактикалық  ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және  нақты   міндетті
   атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған.  Математикалық  білім,
   білім және дағдылар және қайталау және  бекіту,  қайталау  және  пысықтау
   немесе  тексеру  сипатында  болып   келеді.   Ойынның   міндеті   баланың
   қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.  1-4  сынып  аралығындағы
   бағдарламаға нәтижелі сабақты енгізіп отырмын. 4 жылғы білім  оқушылардың
   мемлекетаралық  бақылаудың  көрсеткішімен  сарапталады.   2009-2010   оқу
   жылында  №5  Абай  атындағы  орта  мектепте  мемлекеттікаралық  бақылауда
   оқушылар 99,9 пайызды ұстады. Сондықтан сауалнама жұмыстарына мән  беруде
   көзделіп отыр. Оқушылардың бастауыш математикалық білім  мазмұны  бойынша
   меңгерген білім-білік дағдыларының деңгейін анықтауда соңғы кезде бірнеше
   жауабы бар сауалнама түрі қолданылып жүр. Сауалнама жұмыстары оқушылардың
   бастауыш меңгеруіне зор ықпалын көрсетеді.  Сонымен  қатар  математикалық
   білім мазмұнын тиянақты, терең мұғалімнің оқушыны  жеке  зерттеп  білуіне
   көмегін тигізеді.
   Практикалық сабақты енгізу себебім. Оқушылар математикадан алған  білімді
   өмірде қолдана білген жағдайда ғана білімі нәтижелі болмақ.

















                       Қолданылған әдебиеттер тізімі:


     1. Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровова
                «математика», 1 сынып
     2.  Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровова
                 «математика», 2 сынып «әдістемелік құрал»
     3. Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровова
                  «Қызықты математика», 2 сынып,
              Алматыкітап баспасы 2011 ж
     4. Ә.Бидасов «Математиканы оқыту методикасы»
                  Алматы «Мектеп», 1989 ж.
     5. Бейсеков Ж., Қамбарова Ж., Исаева А.
               Математикадан бақылау жұмыстары. Шымкент, 2008ж
     6.  К.Ә.Ерешева «Математика», 3-4 сынып
                    Алматы «Атамұра», 2003ж.
     7. Ш.Күмісбайұлы Жұмбақ әңгімелер.
            Алматы: «Аруна Лтд» ЖШС, 2008ж
     8.   Л.Л. Глазырина Математика пәні бойынша бастауыш сынып
              оқушыларының   логикалық   ойлау   және   есептеу   дағдыларын


             дамытуға арналған тапсырмалар жинағы 2,3,4 сыныптар,
                    Көкшетау, 2010ж
     9.  Линник Р.Р. Сборник тестовых заданий по математике
               Көкшетау, 2008г
          10.М.И.Моро, Н.Ф.Вапняр
                   Карточки с математическими заданиями
                 3 класс Москва «Просвещение» 1981 г
              11.    Н.Б.Жалмағанбетов    Бастауыш    мектеп    оқушыларының

              математикалық білім, білік дағдыларын тексеруге арналған  тест

               жұмыстары. Алматы, «Өнер», 2005ж
             12.   Ш.Х.Құрмншина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева
                      Математикадан  дидактикалық   ойындар   және   қызықты


                     тапсырмалар
          13. Б. Ниетжан «Педагогика» Ақтөбе, 2004ж
  14.    О.В.  Узорова  Контрольные  и  олимпиадные  работы  по   математике


           1-2 класс Москва «Астрель», 2006 г
  15.  О.В. Узорова 3000 задач и примеров по математике 1-2 класс,
             Москва «Астрель», 2006 г













Математика 4 сынып
            1- қосымша


Сабақтың тақырыбы: V=S:t формула
Сабақтың дефологиясы: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Ескерткіш суреттер, слайдтар, компьютер
Сабақтың технологиясы: Ү.Ө.О.
Сабақтың техникасы: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Ақпараттандыру сабағы
Сабақтың жүрісі:


І. Ұйымдастыру
1) Сыныптың сабаққа қатысын, дайындығын бақылау
2) Психологиялық дайындық
Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады.
Қазір математика сабағы. Математика сабағына дайын болу үшін
не айтушы едік?
«Есептеуді білмейтін адам, Түк сезбейтін надан».


ІІ. Мақсат қою
    1.  Білімділігі:  Өткен  сабақтан  алған  мәліметтерді  тереңдету,  ойда
       қалғандарды нақтылау, меңгенрген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу.
       Жылдамдық туралы білімді меңгерту.
    2. Дамытушылығы: Оқу дағдыларын қалыптастыру емес,  білім  жетілдірудегі
       негізгі заңдылықтарды есте қалдыру, білімдегі оқылықтарды жою!
    3. Тәрбиелігі: Өз бетімен пайымдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бір кесіндінің ұзындығы 5 см,6мм екіншісі одан 3 есе ұзын ал үшінші  кесінді
екіншіден 3 см 5 мм қысқа.
Үшінші кесіндінің ұзындығын тап.
Шарты:      Шешуі:
Ік-5см6мм                                          5см6мм·3=16см8мм
Ік-?3есе                                                            16см8мм-
3см5мм=13см3мм
ІІІк-?3см5мм                                    Жауабы: ІІІк-13см3мм
ІІІк-?мм





                          ІV. Материалды түсіндіру


«Кеңге созған құлашын» аялдама
S-жол.                        Жылдамдық=жол:уақыт
V-жылдамдық.  V=S:t
t-уақыт

V-Жаңа сабақта түсінгенін тексеру
«Асыл қазына» аялдама

    Деңгейлік тапсырма
І-деңгей: Бөлуді орында және тексер!
     898:225=

ІІ-деңгей:
      30 км 814м:71∙15=

ІІІ-деңгей: Есеп шығар:
Қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта шыққан
екі жаяу адамның 5 сағат өткен соң ара қашықтығы 45 км
болды. Олардың бірі 4 км/сағ жылдамдықпен жүрсе,
екіншісінің жылдамдығы қандай болғаны?
Шарты:                                                   Шешуі:
t-5сағ                                                        V=S:t
S-45                                                                    V=45
км:5сағ+9км/сағ
V1-4 км/сағ                                                V2 =V-V1
V2-?  Км/сағ                                                  V2   =9км/сағ-
4км/сағ
Жауабы: V2 =4км/сағ


VІ. Бекіту
«Жұлдыздар» аялдамасы (сауалнама)
Жылдамдық табуда қайсысы дұрыс орындалған?
А) V=S·t                       V=t:S                 V=S:t

VІІ. Үйге тапсырма
«Ұрпаққа аманат» аялдама
Есеп: Жолаушылар поезы 3 сағатта 360 км жүрді.
Ол қандай жылдамдықпен жүрді?
Шарты:                                    Шешуі:
t-3сағ                                           V=360км :3сағ =120км/сағ
S-360 км
V-? Км/сағ                                  Жауабы: V = 120км/сағ

                                                                   2-қосымша
Математика 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: 37+7,44-7 түріндегі
Технология: СТО
Сабақтың әдісі: Мағынаны тану, қозғау, салу, ой қорыту
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сызба т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, ана тілі, құқық негіздері
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныптың сабаққа қатысын, дайындығын бақылау
ІІ. Мақсат қою
   1. Білімділігі: Санның құрамы, амалдардың қасиеттері, сәйкес ондықтар мен
      бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, екі  таңбалы
      сандарды  қосу  және  азайту  тәсілін  түсіндіріп  беру.  Шығармашылық
      тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру білімдерін өмірде
      қолдана алатындарын ұғындыру.
   2. Дамытушылығы: Оқушылардың  ой-өрісін  кеңейту,  еркін  сөйлеуге,  ашық
      пікір айтуға бағыттау.
   3. Тәрбиелігі: Отанды қадірлеуге, өз бетімен пайымдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Материалды түсіндіру.
   1. Мұғалімнің түсіндіруі: Құқық тарихына саяхат.
   Құқық дегеніміз не? Адамдар арасында тәртіпті реттеп отыратын ереже.
   А) Қасым ханның «Қасқа жолы»-ХІVғ.
   9 бөлім 98 баптан 30 бабы
   №1 оқулық
|Қосылғыш          |37   |34   |33    |55    |58    |57    |
|Қосылғыш          |3    |6    |7     |5     |2     |3     |
|Қосындының мәні   |40   |40   |40    |60    |60    |60    |


   керек бәрі бар.
   ә) Есімханның «ескі жолы»-ХV ғ.деген сөздің мәні  де  Есімханның  тұсында
   жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Есім  хат  заманында  адам
   өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, оның өзі ғана өлім жазасына  кесіліп
   қоймастан, жанұясы да ойрандалды.
   №2. 37+7=(37+3)+4=40+4=44
   37+7=30+(7+7)=30+14=44
   44-7=(44-4)-3=40-3=37
   44-7=30+(14-7) =30+7=37
   б) Тәуке ханның «жеті жарғысы» ХVІғ.









   ІV. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру.
   а) Ертегі «Қасқыр мен түлкі»
   Біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз ғой.
   Бір күні ол екеуі бір себет балықты бөліп жемекші болады.
   «Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасын ғой,
   Балықтарды сен бөлсейші, дейді.
   Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара
   алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті: біреуі саған,
   екеуі маған...тоғызы саған, оны маған:
   Сонда қасқырға 25 балық, түлкіге 30 балық тиген.(8,С.10)




   Бекіту:
   5 жолды өлең (34,7,44 санына)
   1. неше?
   2. қандай сан?
   3. не істейміз?
   4. не үшін?
   5. мағыналы ойды түсіндіру




   Үйге тапсырма
   №8. 62+38=100                          52+48=100
           55+45=100                          73+27=100





































     Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттап ауызша қосу.


   Сабақтың мақсаты:
   1. Ондықтан аттап қосу тәсілдерін таныстыру.
   2.  Оқушылардың   ауызша   есептеу   дағдыларын   дамыту,   пәнге   деген
      қызығушылықтарын арттыру.
   3. Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеу.


     Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
     Сабақтың типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы.
      Сабаққа  керекті  көрнекіліктер:  электрондық  оқулық,  бейнепроектор,
маркерлік тақта, дидактикалық материалдар мен ойындар, суреттер.
      Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық!

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Қызығушылықты ояту.
Бүгінгі сабақта күзгі орманға саяхатқа барамыз.  Күніміз  де  шуақты,  бізге
жылу себеді. Ойын: «қажетті  заттарды  жинау».  Саяхатқа  шығу  үшін  қандай
заттар қажет?
    - Мәні бірдей өрнектерді тауып, сөмкеге салайық. Өйткені сол өрнектердің
      астында қажетті заттар жасырынып жатыр.
   8+2                           6+4                                     4+5
     0+6             7+3
   5+5                           10+0                                    4+6
    2+8             5+4(15, С.6)


    - Біз қандай сандардың қосындыларын таптық?
    - Бұл бізге таныс бірінші ондықтағы сандарды қосу кестесіндегі өрнектер.
    - Ендеше, +2 қосу кестесін есімізге түсірейік.
   2+2=4
   3+2=5
   4+2=6
   5+2=7
   6+2=8
   7+2=9
   8+2=10
   9+2- бұл жағдайда 9-ға 1-ді қосамыз, 10 болады. 10-ға тағы бірді қосамыз,
   11 болады. Яғни, 9+2=(9+1)+1=11
    - Қосу кестесінің алғашқы  кезеңі  ондықтан  аспайтын  жағдайларын  еске
      түсірсек, санның құрамын жақсы білсек, қосу  кестесінің  2-ші  кезеңін
      түсіну үшін электрондық оқулығының  2(1)-  модуль  бастырмасын  басып,
      «Кестелік қосу» тақырыбын ашып, мұқият тыңдайық.
   2(1)- модульдегі қосу кестесін дидактикалық құрал  ретінде  пайдаланамыз.
   (тоқтату батырмасын басып, оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою).













ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру.
    - Балалар, 2-ні қосу кестесіндегі 9+2=(9+1)+1=11 екені түсінікті  болса,
      9-ға 3-ті қосуды қалай түсіндірер едіңдер?
      9+3=(9+1)+2=11
    - Ендеше, 2(2)-модульді басып, «9-ды қосу» тақырыбын тыңдайық.




   Келесі  ойынымыз  «Ойлан,  тап»  ойыны.  2(3)  –  модулдің  №4   тапсырма
   батырмасын басып, ойынның шартымен танысайық.
    -  Кезекпен  ойлаған  санды  тапқан  оқушы  тақтаға   жазып   көрсетеді.
      Қалғандары тексеріп отырады. Келесі санды келесі оқушы жазады. Сөйтіп,
      ойын жалғаса береді. Кім жылдам ойланатынын анықтаймыз.




   ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.
   Өтілген тақырыпты  бақылау  үшін,  2(3)  –  модуль  бойынша  топ  жарысын
   ұйымдастырамыз.
   бірінші топ - бірінші тапсырма
   екінші топ - екінші тапсырма
   үшінші топ - үшінші тапсырма
   Дұрыс орындаған балаларды бағалаймыз.


   V. Сабақты қорытындылау
   - Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?
   (әр бала өз ойларын айтады)
    - Күзгі орман қандай екен?
    - Не үйрендік?

     VІ. Үйге тапсырма беру
     VІІ. Бағалау






















                                                                   3-қосымша





                            Ойнайық та, ойлайық.


   Дидактикалық мақсаты. Фигураның нүктесі, нүктенің орны, олардың
   орналасу қалпы арқылы кеңестік ұғымын  қалыптастыру  және  түстер  туралы
   түсініктерін кеңейте түсу.
   Қажетті құрал-жабдықтар. Үш геометриялық фигураны біріктіріп салған
   карточкалар (оқушы санына байланысты). Түсті қарындаштар. Түсті бор.
   Көрнекі етіп салынған кесте.
   Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары тегіс қамтылады. Оқушыларға карточка
   таратылып, фигуралар туралы түсініктер, олардың орналасу тәртібі  жайында
   айтылады.
   Алғашқы тапсырманы сынып болып орындаған дұрыс. Оқушы тақтаға шақырылады.
   Тапсырманы барлық оқушылар қатар орындап отырады.
   1-тапсырма.  Қызыл  қарындаш(бор)  алыңдар.  Үш   фигураның   да   ішінде
   орналасатындай  етіп,  бір  нүкте  белгілеңдер.  Оқушылар  ілесе   отырып
   орындайды. Дұрыстығы тексеріледі.
   2-тапсырма. Орындарында отырып, сынып бойынша орындалады. Көк қарындашпен
   үшбұрыштан тыс сопақша мен шаршының ішінде орналасатындай етіп бір  нүкте
   белгілеңдер.
   3-тапсырма. Сарғыш  қарындашпен  шаршыдан  тыс,  үшбұрыш  пен  сопақшаның
   ішінде орналасатындай етіп бір нүкте белгілеңдер.
   4-тапсырма. Қоңыр қарындашпен үшбұрыш пен сопақшадан  тыс,  тек  шаршының
   ішінде орналасатындай етіп бір нүкте белгілеңдер.
   5-тапсырма. Кез келген қарындашпен (фломастермен) үш  фигурадан  тыс  бір
   нүкте белгілеңдер.
   Мұғалім тапсырманың дұрыстығын сыныппен  бірге  және  жеке  де  тексеріп,
   сәйкес қорытынды жасауына болады.
































                               Көршілерін ата.




   Дидактикалық  мақсаты.  Заттардың  кеңестікте   орналасу   қалып   туралы
   түсініктерін тиянақтау.
   Қажетті құрал-жабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер.
   Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады.  Олардың
   әрқайсысының оң жақтағы, сол жақтағы, ортадағы,  яғни  арасындағы  тұрған
   оқушының есімдері  анықталады.  Енді  бағытын  өзгертіп,  терезеге  қарап
   тұрады да,  алдындағы  жұмыс  орындалады.  Олар  орындарына  отырады  да,
   біреуінің  оң  жақтағы,  сол  жақтағы,  алдындағы,  артындағы   көршілері
   анықталады.  Осыған  ұқсас  жұмысты  заттың  суреттерімен  де   орындауға
   болады.(12, С.3)






                                 Санды тап.




   Дидактикалық мақстаы. 0-10 аралығындағы сандар ретін  ажырата  білу,  өсу
   және кему ретімен санау дағдыларын қалыптастыру.
   Қажетті жабдықтар. 0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған карточкалар.
   Ойын  мазмұны.  Қалталы  ұяшыққа  сандар   жазылған   карточкалар,   цифр
   көрінбейтіндей  етіп,  аударылып   қойылады.   Мұғалім   кез-келген   бір
   карточканы алып, қандай цифр жазылғанын көрсетеді. Әрі  қарай  сол  жақта
   және оң жақта  орналасқан  сандар  аталады  және  көрсетіледі.  Басқа  да
   карточкалар көрсетіліп, ондағы санның тікелей алдында, одан тікелей кейін
   келетін сандар аталады.
   Карточка толық ашылып, сандар тізбегі құралады.  Енді  оқушылар  сандарды
   хормен өсу және кему ретімен айтады.(12, С.5)




























                           Таныс фигураларды ата.




   Дидактикалық  мақсаты.  Оқушылардың  сан  тізбегі,  «артық»,  «кем»  және
   геометриялық фигуралар туралы алған түсініктерін бекіту.
   Қажетті құрал-жабдықтар. Көрнекі  кесте  түрінде  әр  түрлі  геометриялық
   фигуралардан  дайындалған  поезд  тізбегінің   және   желкенді   қайықтың
   суреттері.
   Ойын мазмұны. Оқушыларды жетекші сұрақтар арқылы әңгімеге  тарта  отырып,
   фигураларды атату. Оларды әр суреттегі түстеріне қарай салыстыра  отырып,
   санту. Сондай-ақ алдымен «дөңгелектерді», сонан  кейін  «төртбұрыштарды»,
   ең соңында «үшбұрыштарды» санту.
   Геометриялық фигуралардың кез келген екі тобын салыстыру.
   Мысалы: төртбұрыштар нешеу? Дөңгелектер ше? Дөңгелектердің  үшбұрыштардан
   нешеуі артық? Үшбұрыштардың дөңгелектерден қаншасы кем? Әр сурет  бойынша
   тағы   да   басқадай   сұрақтар   қоя   отырып,    ойынды    жалғастыруға
   болады.(12,С.11)






                                «Қателеспе!»


   Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттың пішінін және түсін
   Ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
   Қажетті құрал-жабдықтар. Әр  түсті  көрнекі  етіп  жасалған  жемістердің,
   көкөністердің   суреттері.   Оқушылардың   дайындаған    әртүрлі    белгі
   карточкалары.
   Ойын мазмұны. Мұғалім белгілі бір түсті заттың суретін көрсетеді.
   Көрсетілген  заттарды  қалталы   ұяшыққа   салып   санатады.   Оқушыларға
   «Қателеспе»-деген ескерту жасала отырып, ойын желісі тездете жүргізіледі.


   Мысалы: алманың суреті көрсетіледі. Оқушылар қызыл дөңгелек көрсетеді. Ал
   көрсетілген заттар қалталы ұяшыққа жинақтала береді. Заттар саналады, өсу
   және  кему  ретімен  санату  жұмысы  жүргізіледі.   Түсті   дөңгелектерді
   салыстыра отырып, әр түсті дөңгелекшелердің санын анықтайды.(12, С.15)
















Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек