Электр тогы тақырыбына арналған ойын сабағы.

Көшіріп алу

Пән: Физика

                                                                 << Тиірмен ұйғыр орта мектебі
                                                                  мектепке дейінгі шағын орталығымен>>
                                                                  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
                                                                   физика пәні мұғалімі Таипов.Р.А.

Электр тогы тақырыбына арналған ойын сабағы.
Ойыншылардың таңдау сұрақтары.
Төмендегі ток күшінің бірліктерін азынан бастап ретімен орналастыр.
1. кА       2. мкА        3. мА        4.А
  Осы сұрақты дұрыс орындаған оқушы ойынға қатысады.
Ойын ережесі бойынша шыққан оқушы өзіне мінадай көмек ала алады.
* Екі дұрыс емес сұрақты алып тастайды.
* Сенімді бір серік алады.
* Отырған оқушылардан көмек алады.  (Оқушылар ойыншыға қол көтеру арқылы көмек береді)
І бөлім. Ойыншыға бірінші сұрақ
*  Электр тогы дегеніміз не?
А) Зарятталған бөлшектердің реттелген,(бағытталған) қозғалысы.
           Б) Өткізгіш ішінде электр өрісінің болуы.
           В) Бөлшектердің оң және теріс зарядталуы.
           Г) Оң зарядтың өткізгіш ішімен қозғалысы.
* Өткізгіште электр тогы болу үшін өткізгіш ішіне не туғызу керек?
А) Ток көздерін. 
Б) Электр өрісін. 
В) Өткізгішті зарядтау.
Г) Өткізгішті қозғау.
* Өткізгіште электр өрісін туғызатын және оны ұзақ уақыт болуын қамтамасыз ететін не?
А) Ток көздері.
Б) Оң және теріс полюстер. 
В) Зарядтар 
Г) Гальванометрлер.
* Электр станцияларында электр тогын өндіру үшін қолданылатын ток көзі.
       А) Гальвани элементі. 
       Б) Аккумулятор. 
       В) Генератор. 
       Г) Фотоэлемент.
ІІ бөлім. Ойынды жалғастырушы ойыншыға 
* Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан?
      А) янтарь   
      Б) эбонит  
      В) электр  
      Г) жауабы жоқ



* Барлық еркін электрондардың теріс заряды, абсолют мәні жағынан, тордың барлық иондарының ..... тең.
     А) Теріс иондар зарядына
     Б) Оң зарядына.
     В)Оң иондардың реттелген қозғалысына. 
     Г) Иондар санына.
* Металл ішіндегі электр тогы .... реттелген бағытталған қозғалысы.
    А)Еркін электрондардың.
    Б) Еркін иондардың. 
    В) Оң және теріс бөлшектердің.
    Г) Еркін атамдардың. 

* Электр өрісінің жылдамдығы қанша?
     А) 8км/с. 
     Б) 330м/с. 
     В) 300 000км/с. 
     Г) 0,1м/с.
* Ток жүріп тұрған екі өткізгіш бір-бірін тартады немесе тебіледі- бұл электр тогының қандай әсері?
    А) Жылулық. 
    Б) Механикалық. 
    В) Химиялық. 
    Г) Магниттік.
ІІІ бөлім. Ойынды жалғастырушы ойыншыға сұрақ.
*  Токтың бағыты үшін ....өткізгіш ішімен қозғалатын бағыты алынады. 
А) теріс зарядтың
Б) оң зарядтың
В) электронның
Г) нейтронның 
* Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде өтетін электр заряды 
тізбектегі .... анықтайды.
А) кернеуді 
Б) кедергіні
В) ток күшін
   Г) электр өрісін
* Ток күшінің формуласы.
А)   I=q/t
Б)   I=qt
В)   I=t/q
Г)   I=U/R




* Ток  күшінің  ХБ  және басқа бірліктері?
А)  А және В, кВ, мА
Б)  В және А, ма, мкА, кА 
В) Ом және кА, мА, мкА 
Г) А және мА, мкА, кА.
Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек