Қысым тақырыбына есептер шығару

Көшіріп алу

Пән: Физика

Пән: физика және астрономия
Сынып: 7
Сабақтың  тақырыбы: Қысым тақырыбына есептер шығару 
Мақсаты: 
1.Білімділік: Оқушылардың теориялық алған білімдерін есеп шығару арқылы бекіту; 
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығын мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқшылардын қалыптан тыс ойлауына жағдай жасау,әлем сырына үңілуге баулу, алған білімдерін пәнаралық  байланыста меңгерту.3.   Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ойын  тұжырымдай білуге, тез есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық,
    Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау
    Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар
    Құрал жабдықтар: интерактивті тақта
    Сабақ барысы: 
      I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
      ІІ.Өткенді қайталау
1. Қысымды қандай өрнекпен анықтайды?
2. Қысымның бірлігі қандай?
3. Қатты денелерде қысым қалай беріледі?
4. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
5. Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принциіпі қандай заңға негізделген?
6. Сұйықтың немесе газдың ыдыс түбіне түсіретін қысымын қандай өрнекпен анықтайды?
7. Атмосфералық қысымнан үлкен немесе кіші қысымды өлшеу үшін қандай аспап қолданылады?
8. Атмосфералық қысымды ең алғаш рет эксперимент жүзінде анықтаған ғалым?
9. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
10. Атмосфералық қысым бойынша биіктікті өлшеуге арналған құрал?
ІІІ. Суреттермен жұмыс. 
ІV. Сергіту сәті
V. Тәжірибелік есеп
1. Қысымды қандай әріппен белгілейді? Бірлігі қандай? Қандай өрнекпен өрнектеледі?
2. Күшті  қандай әріппен белгілейді? Бірлігі қандай? Қандай өрнекпен өрнектеледі?
3. Ауданды  қандай әріппен белгілейді? Бірлігі қандай? Қандай өрнекпен өрнектеледі?
VІ. Есептер шығару.
                                  Қысым.
     1. 400 см[2] ауданға түсірілген күш 100 Н-мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?  
2. Массасы 200 кг, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта
3. Бетке 30 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
4. Массасы 56 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,85 м, ал ені 0,1 м. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр?
5. Асфальт төсеуде  қолданылатын машина  каток тірегінің ауданы  1500 см2 , түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта. 
     6. Көлемі 5 м[3] гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м[2] болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?
     7. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның  бір шынжыр табанының ауданы 0,7 м[2]. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.

Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым

8. Стақандағы су бағанасының биіктігі 9 см. Су стақан түбіне қандай қысым түсіреді?
9. Теңіздің 10900 м тереңдіктегі қысымын есептеңдер.
10. Деңгейі түбінен 9,5 м мұнайдың бак түбіне түсіретін қысымын есептеңдер.
11. Судың, керосиннің, сынаптың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

                 Гидравликалық машиналар

12. Гидравликалық таптауыштың кіші поршенінің ауданы 10 см[2]. Оған әсер ететін күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 200 см[2]. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?

13.  Гидравликалық претің поршенінің ауданы 180 см[2], ол 18 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы 4 см[2]. Ол престі қандай күшпен қысады?

14. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 4 см[2], үлкенінікі 400 см[2]. Кіші поршенге 500 Н, ал үлкеніне 45 кН күш әрекет етеді. Бұл пресс күштен қанша есе ұтыс береді? Ал максимум қандай ұтыс береді?

VII. Сабақты қорытындылау. Тест. (3-5 минут)
1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы  қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылыңА) Әрі қарай жалғастыр.Б) Күші ауданға бөл.В) Креслоны мазалағанды қой2. Сыныптасыңа қысымның қандай бірлікпен өлшенетіндігі туралы ақыл берер едің?А) НьютонменБ) ПаскальменВ) килограммен3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады?А) Дененің ауданы  мен күшін өзгерт
 Б) Бетін әр түрлі маймен майла.В) Дененің түсін өзгерт.4. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді.Қандай ақыл бересің?А) Биік өкше туфли кию.Б) Шаңғы кию.В) босқа уақытыңды кетірме...5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын бар.В) Жұқа мұздың үстімен ішіңмен жылжы.

        Кілті:
1. Б
2. Б
3. А
4. А
5. В

VIІI. Оқушыларды бағалау
IX. үйге тапсырма:
ХБЖ келтіруді қайталап, анықтамаларды жаттау 












Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек