Сұйықтар мен газдардың қозғалысы
Пән: Физика
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясының жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Мәкітайқызы Ашкербекова Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдарың қозғалысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сұйықтар мен газдарың механикалық қасиеттерін, олардың және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын жан-жақты сипаттау. Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін (тәндік, когнитивті, психо- әлеуметтік) дамыту. Тәрбиелік: Теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын, кәсіби мамандыққа икемді азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау. Түрі: Коучинг сабақ. Типі: Топпен жұмыс Оқытудың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, схемалармен жұмыс, сәйкестендіру, іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау. Сабақтың ұстанымы: «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық». М.В.Ломоносов. Пайдаланған технология: Интерактивті оқыту технологиясы – оқу-танымдық, коммуникативтік-дамытушылық, элеуметтік-бағдарланушылық міндеттерді шеше отырып, оқушы өз еңбегінің табысты болатынын сезетіндей, зияткер болатынына сенетіндей оқытуға жайлы жағдай туғызу. Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, слайдтар, сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелер қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Әуе және су көлігінің, зымыран техникасының дамуы физиканың осы бөлімімен байланысты. ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1-топ. Гидромеханика. 2-топ. Аэромеханика. 3-топ. Гидроаэростатика. ІІІ. Топтардың өзін-өзі таныстыруы. 1-топ. Гидромеханика. Армандарға қол созумен келеміз, Білім – теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, «Гидромеханика» тобына қол соғыңыз. 2-топ. Аэромеханика. «Аэромеханика» биіктерде шарықтасын, Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын. Жалын оты кеудемізде алауласын, Жеңісті бізден ешкім ала алмасын! 3-топ. Гидроаэростатика. Шығып жүрген жақсы аты, Жиналған ылғи дарындар. Жүректе от, көздерінде жалын бар «Гидроаэростатика» тобын Қол соғып қарсы алыңдар! ІҮ. «Алтын ереже» қабылдау: 1. Бірлесе жұмыс жасау; 2. Қысқа және нақты көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу; 3. Бірін – бірі сыйлау, сөздерін бөлмеу; 4. Уақытты бағалау; 5. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау. Ү. Бекітілген регламент |Тапсырмалар |Әр топқа бөлінген уақыт |Жалпы уақыт | |Таныстыру |1 минут |3 минут | |І-айналым Бағыңды сынап | | | |көр» | | | |1. Постерге дайындық |3 минут |9 минут | |2. Постерді қорғау |2 минут |6 минут | |ІІ-айналым | | | |«Сырлы сауалдар» |2 минут |6 минут | |ІІІ-айналым | | | |«Кім жүйрік» |4 минут |12 минут | |ІҮ-айналым | | | |«6 ойлау қалпағы» |2 минут |6 минут | |Қорытындылау | |3 минут | ҮІ. Әр топ белсенділерінің міндетімен таныстыру: Суретші – сурет салады. Баяндамашы – постер қорғайды. Бақылаушы – топ жұмысын бақылайды. Интервьюер – сұрақ дайындайды. Таймкипер – уақытты бақылайды. Инженер – практикалық іс-әрекетті жасаушы. ҮІІ. І-айналым «Бағыңды сынап көр» Ресурсты тарату. Әр топ өз топ аттарына байланысты тақырыптарын қорғап, постерге түсіріп,тапсырмаларды орындап, практикалық жұмыстарын қорғайды. ҮІІІ. ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» әр топ қарсы топқа қызықты сауалдарын жолдайды. ІХ. ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Әр топқа есептер: 1. Құбыр бойымен мұнай 0,8 м/с жылдамдықпен ағады. Мұнай шығыны 2·10³т/сағ-ты құрайды. Құбырдың радиусын анықта. 2. Горизонталь құбырдың кең бөлігіндегі су 1,5·10⁵ Па қысым кезінде 0,08 м/с жылдамдықпен ағады. Құбырдың тар жеріндегі қысым 1,4·10⁵Па. Құбырдың тар жеріндегі жылдамдықты табыңдар. 3. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4 есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай? Х. ІҮ – айналым. Эдвард де Боно «6 ойлау қалпағы» Ақ – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру. Қызыл – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру. Қара – негативті ойлау. Сары – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар. Көк – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды. Х. Әр топтың жұмысы бағаланады. |Топтың аты |І-айналым |ІІ-айналым |ІІІ-айналым. |Қорытынды | | |«Бағыңды сынап|«Сырлы |«Кім жүйрік» |ұпай | | |көр» |сауалдар» | | | |Гидромеханика. | | | | | |Аэромеханика. | | | | | |Гидроаэростатика. | | | | | ХІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.