Ондық бөлшектерді қосу.

Көшіріп алу

Пән: Математика



                   Батыс  Қазақстан  облысы,  Орал қаласы,
          №20 жалпы орта  білім беретін мектептің  математика  пәні
                   мұғалімі  Мутиева  Светлана  Тантаевна

        Сабақтың тақырыбы:  Ондық бөлшектерді қосу.
       Сабақтың мақсаты:
        1) Білімділік: Оқушыларға аралас сандарды қосу жолдарын түсіндіру
және үйрету.
      2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық тілін
дамыту, электрондық      оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, шыдамдылыққа өз бетінше
ізденуге тарбиелеу.
Сабақтың түрі:  Есептер шығарту сабағы.
Оқыту әдістері: Сұрақ – жауап, есептер шығару, дидактикалық материалдарын
пайдалану, деңгейлеп оқыту техникасынан пайдалану, электронды оқулықпен
жұмыс орындау.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивтік тақта, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
  І.Ұйымдастыру.
   Үй тапсырмасын тексеру.
  Өткенді қайталау.
Есептер шығарту.
Тест тапсырмасы
Үйге  тапсырма.
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын
тексеру, оқұшылардың зейіндерін ұйымдастыру.

II.  Үй тапсырмасын тексеру.
                                    №963.
Шаңғышы 1-ші сағатта – 13,09 км
2-ші сағатта  - 13,96 км
2 сағатта - ? км
Шешуі:
13,09+13,96=27,05 (км)
Жауабы:
2 сағатта 27,05 км сырғанады.
III. Өткенді қайталау.
• Ондық бөлшектер
• Жазу
• Оқу
• Координаталық сәуледе
• Салыстыру
• Қосу
Ондық  бөлшектерді    қосу   үшін:
    • Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына
      үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
    • Разрядтар бойынша қосу керек;
    • Қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек;
IV.Есептер шығарту.
[pic]


Жердің қандай бөлігіне үйлер салынған?

1. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр.
    2,7= [pic]
     0,8= [pic]
    3,54= 3[pic]
    121,27= [pic]
Кестені толтыр!
[pic]
Оқулықпен жұмыс
№954
[pic]
Кім жылдам?
1. Теңдік тура болатындай етіп тиісті жеріне үтір қой:
    ← 5 2 + 0 7 = 5 9
    ← 5 + 7 7 7 = 1 2 7 7
    ← 2 7 + 3 6 8 = 6 3 8
2. Тиісті цифрларды тауып, орнына қой:
[pic][pic]
3. Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар.
Сонда  XV ғасырда ондық бөлшектерді енгізген  Самарқандтық ғалымның атын
оқисыңдар:
0,17+1,32                    И
13,12+5,024                Ә
  38,4+2,06                    А
0,83+1,607                   -
6,57+0,117                  Л
9,04+13,8                    К
0,231+31,25                Ш


18,144  |6,687  |2,437  |22,84  |40,46  |31,481  |1,49  | | | | | | | | | |
V.Тест тапсырмасы
[pic]
VI.Үйге  тапсырма
№970,971,974.





Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек