Физикадан ҰБТ есептерінің шығарылу жолдары
Пән: Физика
51612804254500Физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира Тулегеновна Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы № 20 жалпы орта білім беретін мектеп Физика пәнінене ҰБТ - де кездесетін кейбір есептердің шығару жолдары: Есеп шығару - ой жұмысы. Физикалық есеп - физикадағы заңдылықтар, ережелер, формулаларды меңгеруге, оларды қолдана білуге дағдыландаруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жағдаят. Қиындығы жоғары есептерді шығару үшін жан - жақты жүйелі білім қажет. Кейбір тараулардағы осындай есептердің шығарылу жолдарын қарастырайық. №1 Доп көкжиекке 300 бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Лақтырылған соң 0,8 с уақыт ішіндегі доп жылдамдығының модулі ( cos 300 = 0,87 ; sin 300 = 0,5 ; g = 10 м/с2 ) А) ≈2 м/с В) ≈ 8,3 м/с С) ≈ 8,7 м/с Д) ≈ 9,2 м/с Е) ≈ 12,8 м/с Шығарылуы: Берілгені : ϑ0 = 10 м/с ; t = 0,8 c ; α = 30[0] . Табу керек: ϑ Шешуі : Жылдамдықтың Х осіндегі проекциясы : ϑх= ϑ0∙cosα = 10 м/с ∙ 0,87 = 8, 7 м/с Жылдамдықтың У осіндегі проекциясы : ϑу= ϑ0∙sinα -gt = 10 м/с ∙ 0,5 - 10 м/с2∙ 0,8 = - 3 м/с ϑ= ϑх2 + ϑу2 = 75,69+9= 84,69 ≈9,2 м/с Дұрыс жауап : Д № 2 Ауырлық күші оның Жер бетіндегі мәнінің 36% - ін құрайды. Оның Жер бетінен биіктігі : (Жер радиусы 6300 км) А) 5000 км В) 4000 км С) 3600 км Д) 4200 км Е) 4600 км Шығарылуы : Берілгені : F=0,36 Fж ; Rж =6300 км Табу керек : һ Шешуі: Жер бетіндегі тарту күші : Fж =G M mRж2 (1 ) һ биіктіктегі тарту күші : F=G M m ( Rж+һ )2 (2) (1) және (2) формулалардың қатынасын алатын болсақ: FжҒ = (Rж+һ)2R2 ⇒ Fж0,36 ∙Fж = (Rж+һ)2R2 ⇒ 10,36 = (Rж+һ)2R2 ⇒ ( 10,6 )2 = (Rж+hRж )2 ⇒ 10,6 = Rж+hRж ⇒ h = Rж0,6 - Rж = 4200 км №3. Массасы 1,5 т автомобиль көлбеулік бұрышы 300 жолмен жоғары қарай 15 кН тарту күші әрекетінен 0,5 м/с2 үдеумен жоғары көтеріледі. Автомобиль дөңгелегінің жолмен үйкеліс коэффициенті: ( cos 300 = 0,87 ; sin 300 = 0,5 ; g = 10 м/с2 ) А) 0,45 В) 0,3 С) 0,52 Д) 0,2 Е) 0,1 Шығарылуы: Берілгені : m = 1,5 т = 1,5 ∙103 кг ; α = 300 ;a=0,5 м/с 2 ; Ғт = 15 ∙ 103 H . Табу керек: μ Шешуі: Ньютонның ІІ заңын пайдаланып: ma= Fт-mgsinα- μmgcosα Осыдан, μ= Fт -mgsinα-ma mgcosα = 15 ∙ 103-1,5 ∙ 103∙10 ∙0,5 -1,5 ∙ 103 ∙0,5 1,5 ∙ 103∙10 ∙0,87=0,52 Дұрыс жауап : С №4. 3 моль біратомды идеал газға изохоралық процесте 10 кДж жылу бергенде , газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса , газдың соңғы температурасы: А) ≈500 К В) ≈100 К С) ≈ 300 К Д) ≈400 К Е) ≈200 К Шығарылуы: Берілгені: V = const ; v=3 моль ; Q = 104 Дж ; ϑ2=3∙ϑ1 Табу керек : Т2 Шығарылуы: Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса , температура 9 есе артады , себебі мына формуладан ϑ= 3RTM ϑ2 ~ T , яғни Т2 =9T1 ⇒ T1 = T29 Изохоралық процесс кезінде газ жұмысы А/ = 0 , ∆ U=Q= 32 v R T2- T1 T1 - ді қоятын болсақ, Q = 32 v R T2- T29 = 32 v R∙ 8T29 = 43 v R T2 Осыдан Т2 - ні табатын болсақ , Т2= 3Q 4v R = 3 ∙ 1044∙3 ∙8,31 (К) ≈ 300 К Дұрыс жауап : С №5. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с , массасы 10 г. Егер траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан: А) 600 В) 300 С) 1800 Д) 450 Е) 900 Шығарылуы : Берілгені : ϑ0 = 600 м/с ; m = 10 г ; Ек = 450 Дж Табу керек: α Шешуі : Траекторияның ең жоғарғы нүктесінде ϑу=0, ал ϑх= ϑ0∙cosα Сондықтан Ek= m ϑx22 = m ∙ϑ02∙cos2α2 Бұдан, cos α = 2 Ekm ϑ02 = 9003600 = 14= 12 ; α = 600 . Дұрыс жауап : А №6. Қараңғыды кедергісі R = 25 кОм фоторезисторға кедергісі r = 5 кОм резисторды тізбектей қосты. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток күші ( ток көзінің бастапқы кернеуінде) 4 есе артты. Фоторезистор кедергісінің азаюы: А) 5 есе В) 10 есе С) 8 есе Д) 4 есе Е) 6 есе Шығарылуы: Берілгені : R = 25 кОм ; r = 5 кОм ; I2 = 4 I1 . Табу керек: R R1 Шешуі: Өткізгіштер тізбектей жалғанған . І жағдай үшін: І1= UR+r II жағдай үшін: I2= UR1+r Осы екеуінің қатынасы аламыз І2І1= R+r R1+r ⇒ 4 I1I1 = R+r R1+r ⇒ 4 R1=R-3r ⇒ R1= R-3r 4 = 25-15кОм4 = 2,5 кОм . Бұдан R R1 = 25 кОм 2,5 кОм=10 есе Дұрыс жауап : В №7. Тізбектің ішкі кедергісіндегі кернеу кедергісі 5 Ом жүктемедегі кернеуден 10 есе кем. Ток көзінің ЭҚК - і 11 В болса, тізбектегі ток күші: А) 1 А В) 5 А С ) 2 А Д) 4 А Е) 3 А Шығарылуы: Берілгені : Uжүк=10Uі ; R = 5 Ом ; E = 11 В Табу керек : І Шешуі : Ток көзінің E = Uжүк+ Uі ⇒ E = 10Uі+ Uі ⇒ E = 11 Uі ⇒ Uі = 1 В Uжүк=10Uі = 10∙ 1 В = 10 В Бұдан I= UжүкR = 10 В 5 Ом =2 А Дұрыс жауап : С №8. Орамның кедергісі 10 Ом , индуктивтілігі 2 Гн соленоид темір өзекшесімен алғашында кернеуі 20 В тұрақты ток желісіне , содан соң әсерлік мәні 20 В , жиілігі 0,4 кГц айнымалы ток желісіне қосылған соленоид арқылы өтетін ток мәні ( бірінші жағдай үшін ) ; токтың амплитудасы ( екінші жағдай үшін ): А) 2 А ; 2,4 мА В) 2 А ; 10 мА С) 2А ; 10 А Д) 2 А ; 5,6 мА Е) 2 А ; 3,4 мА Шығарылуы : 1 - жағдайда : 2) Дұрыс жауап : Д №9. Энергиясы W зарядталған кернеу көзінен ажыратылған жазық конденсатордан диэлектрик өтімділігі ε диэлектрик пластинасын суырып алу үшін жасалатын жұмыс: А) 1ε W В) ε W С) ( ε-1 )ε W Д) ε+1 ∙W Е) ( ε-1 )ε W Шығарылуы: Жұмыс А = W - W1 Кернеу көзінен ажыратылған конденсатор энергиясы, ε=1 ; W = q22C = q2d2 ε0S және диэлектрик өтімділігі ε - ге тең конденсатор энергиясы W1 = q22C = q2d2 εε0S A = q2d2 ε0S - q2d2 εε0S = q2d2 ε0S (1 - 1ε ) = ( ε-1 )ε W №10. Массасы 32 г мыс кесегінің барлық электрондарының зарядын анықтаңыз. Мыстың атомдық массасы 64 г/моль , электрон заряды 1,6 ·10 -19 Кл , мыстың Менделеев кестедегі реттік нөмірі 29 . ( NА = 6,02 ·1023 моль -1 ) А) 2,8·106 Кл В) 1,4 ·106 Кл С) 1,4·10-6 Кл Д) 4,2·106 Кл Е) 2,8·10-6 Кл Шығарылуы : q = ZeN = 1,4·106 Кл . Дұрыс жауап : В Жалғасы бар.