Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көшіріп алу

Пән: Әртүрлі


                  Физика сабағында оқушылардың шығармашылық
                            қабілеттерін дамыту.


Дюсенбаева Гүлжан Амангазиевна
Физика пәнінің оқытушысы
Өзекті тақырыбы:
«Оқу-тәрбиелеу барысында жаңа технологияларды, олардың элементтерін қолдана
отырып, ойы ұщқыр, жан –жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу»




      Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі  әрбір  адамға  сапалы
және  терең  білімінің,  іскерліктің  болуын  қамтиды.  Жастардың   белсенді
шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  және  кеңінен  ойлауға   қабілетті   болуын
қамтамасыз етеді. Сондықтан да  оқу  орындарындағы  оқу  процесінің  негізгі
мақсаты – оқушыларды білім  жүйесімен,  іскерлікпен,  дағдымен  қаруландырып
қана  қоймай   физика   сабағында   олардың   танымдық   және   шығармашылық
қабілеттерін де дамыту.
       Шығармашылық  қабілетті  дамыту  тұлғалық  –   дамытушылық   оқытудың
мақсаты. Тұлғалық – дамытушылық  оқыту  теориясы  бойынша  білім   алу  жеке
тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс.  Кез  –  келген  оқыту  дамыта  алады,
бірақ оның  мазмұны  мен  әдістері  дұрыс  бағытталмағандықтан,  нәтижесінде
дамитын сапалар тар шеңберде қалады. Тұлғалық  –  дамытушылық  оқытуға  көшу
дамытушы әсерлерді арттыру, оқу ісіндегі шығармашылық  элементтерді  күшейту
дегенді білдіреді. Жеке тұлғаның  шығармашылық  жұмыстарын  да  осы  жүйемен
жоспарлаған тиімді. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында  туылғаннан
пайда болады. Ал оның дамуы өскен ортасына байланысты  болатынын  күнделікті
өмірден көріп жүрміз.
      Білім сапасын көтеруге, қабілетті  оқушыларды  шығармашылыққа  баулып,
ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге, уақытты  үнемді  пайдалануға  мүмкіндік
туғызатын Ж.  Қараевтың   «деңгейлеп  оқыту»   әдістерінің  элементтерін  іс
–тәжірибемде қолданып келемін.
       Оқушылардың  білім  деңгейін  көтеру,  өткен  тақырып  бойынша  алған
білімдерінің  тиянақтылығын   тексеру   мақсатында,   олардың   шығармашылық
қабілеттерін дамытуда қазіргі заман талабына сай  оқытудың  жаңа  технология
элементтерін физика сабағында қолдану тиімді. Осыған орай  Ж.  Қараев  оқыту
технологиясының негізгі төтр деңгейін атап кетеді:
   1. Оқушылық
   2. Алгоритмдік



   3. Эвристикалық
   4. Шығармашылық
      Мұндағы 3 деңгейді меңгерген оқушының білімі білім стандартына  сәйкес
келеді, ал 4-ші деңгейде қабілетті оқушылардың жұмысы болып табылады. Осы  4
деңгейге жекелеме түсінік бере кетейік:
     1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты  білім  негізіндегі
        тапсырмалар  беріледі.  Мұнда   тапсырмалар   оқушылардың   алдыңғы
        сабақтарда  алған  білімдеріне  және   оқулықта   бар   мәселелерге
        байланысты құрылады. Сондықтан оқушы бұл  деңгейдегі  тапсырмаларды
        орындағанда аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алуы тиіс.
     2.  Алгоритімдік  деңгей.   Мұнда   оқушы   мұғалімнің   түсіндіруімен
        қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып тапсырманы орындайды.
     3.  Эвристикалық  деңгей.  Оқушы  озі  ізденіп,  қосымша  әдебиеттерді
        қолдана отырып жауап береді. Бұл тапсырмаларды  орындауда  оқушының
        ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
     4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік  шығармашылығын  байқатады.
        Жаңа  тақырыпты  балалар  шығармашылық  ізденіс  үстінде  өздігінен
        меңгеруді қажет етеді.
      Деңгейлеп саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық  қызметін
дамытумен қатар оқушыларға  өз  білімін  жаңа  әдіспен  бағалауға  мүмкіндік
береді.  Сонымен  әр  деңгейлік  оқыту  жүйесінің  физика  пәнінің   сапасын
арттырумен  бірқатар  тиімді  жақтары  бар.   Біріншіден,   топтағы   барлық
оқушыларды  жұмыспен  қамтамасыз  етеді,  әрбір  оқушының   белсенді   түрде
қатысуын қадағалайды, белсенділігін  оятуға  түрткі  болады.  Екіншіден,  әр
оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді,  қойылған
мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден,  оқушылар
өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс  істеу
оқушылардың біліміне ғана әсер  етпей,  сонымен  қатар  тәртібі  мен  мінез-
құлқына да тигізер  ықпалы  зор.  Оқушыларды  тиянақтылыққа,  бастаған  ісін
аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
      Оқушыларды  деңгейлеп  оқыту  элементін   қолданумен   бірге   олардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да  тапсырмалар  беруге  болады.
Мысалы, әртүрлі тақырыптарда реферат беру, жылдың әр маусымындағы  физикалық
құбылыстарды  бақылап,  өзінің  ойларын  жазу  немесе  кейбір  заңдылықтарға
сүйене отырып эксперименттер  жасауды  үйрету  секілді.  Мұндай  тапсырмалар
оқушы  бойындағы  қызығушылықтарды  оятады  және  жауапкершілікке   баулиды.
Жауапкершілікті  сезіне  отырып  оқушының  ізденімпаздылығы,   шығармашылығы
дамиды. Сабақтардан да оқушыларға жаңа бағытта физика пәнін оқытудың  маңызы
зор.




Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек