ҚБН-дан 9 сыныптарға арналған жылдық сабақ жоспары

Көшіріп алу

Пән: Құқық негіздері

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 1            |  Күні:                     |


                 Тақырыбы: Кіріспе Адам, қоғам, құқық туралы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам, құқық  және қоғам туралы жұйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:
1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:
1)сұрақ - жауап;
2)баяндау;
3)әңгімелесу;
4)ізденіс;
5)топпен  жұмыс;
 6)проблемалық;
7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
   "Қоғам" ұғымы дүниежүзілік және Қазақстан қоғамына  ажыратылып,  қоғамның
негізгі даму бағыты:
    - экономикалық
    - әлеуметтік
    - саяси-қүқықтық
    - мәдени-рухани өмір аяларына жіктеліп қарастырылады.
  Адамның өмірі мен қызметіне  қатысты  материалдар  —  оқулықта  қамтылған
білім мазмұнының бастыларының бірі. Қоғам мен  табиғат  туралы  мәселелердің
қайсысында болса да, олардағы негізгі ұғым  ретінде  адам  мәселесі  көрініс
беріп отырады.
   Қоғамның  мәдени-рухани  аясы  тақырыбында  жас  ұрпақтың  тұлға  ретінде
қалыптасуына  мәдениеттің  әсері  мен  мораль  туралы  мәселелер  қамтылған.
Адамның қоғамдык қызметінде  және  отбасында  қажет  болатын  тәртіптер  мен
қалыптар да аталған тарауда берілген.
  Ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны барған сайын үдей түсуде. Дүние
жүзінің әрбір түкпірінен шығып жатқан ақпараттар ағынына ілесе  білу,  заман
қарқынынан  қалыспау  үшін  сіздерге  сапалы  білім  беретін,   сара   бағыт
көрсететін, ақыл қосатын, сындарлы әрекетке бастайтын  оқулық  материалдарын
жете меңгеруге тиіссіздер.
Сабақты қорытындылау: Қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың
тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер
қамтылған.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: 3-5 б

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 2            |  Күні:                     |


                          Тақырыбы: Адам проблемасы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, аданың сипаты туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында  оқушылардың  тарихи  танымдық  ойлау,  талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ  -  жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   1. Адам мәселесі
   2. "Адам" ұғымы
   3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
|Аданың даму сатысы     |Өмір сүрген уақыты        |Табылған жері                   |
|Епті адам              |1 млн 750 мың жыл бұрын   |Африка Кения жеріндегі Олдувайда|
|Питекантроп адам       |1 млн жыл бұрын           |Ява аралы                       |
|Синантроп адам         |500-200 мың жыл бұрын     |Қытайда                         |
|Неандерталь адам       |100-35 мың жыл бұрын      |Германияда                      |
|Саналы адам            |40-35 мың жыл бұрын       |Европада                        |


  Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40  мың  жыл  бұрын  Жер
бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens  ("Саналы  адам")  пайда  болған.
Сол дәуірден қазірге  дейінгі  аралықта  адамның  Адам  туралы,  оның  тегі,
қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар.  Кез
келген саналы, зиялы қауым  өкілінің  де  адам,  қоғам  және  қоршаған  орта
туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі  ғүламалардың
арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз  тұжырымын  айтпай  кеткені
жоқ деуге болады.
  Адам  мәселесімен:  антропология,  социология,   этнология,   педагогика,
анатомия,физиология,  психология  ғылымдары  айналысады.  Соның  нәтижесінде
адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама  толық  зерттелген  тақырып
деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат  және  олардың  өзара  байланысы
мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін  екінші  кыры
көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең  тартылатын,
сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге  сапарымызды  адамның  табиғаты
туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.
  Адам туралы  барлық  ғылыми  ұғымдар  мен  пайымдаулардың  жиынтығы  адам
мәселесін  құрайды.  Олардың  қатарында  адамның  табиғаты,  адамның  өмірі,
адамды өзге  жануарлар  дүниесінен  өзгешелейтін  факторлар,  адамның  тәні,
жаны, рухани дүниесі  және  олардың  арасындагы  байланыстар,  адамның  шығу
тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар  мен  түсініктер
бар.

  "Адам" үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын  зерттеушілер  адамды  өзге
тіршілік иелерімен —  жануарлармен  (соның  ішінде,  маймылмен)  генетикалық
байланыста   қарастырады.   Адам   жануарлардан   еңбек   құралдарын   жасай
алатындығымен,   сөйлеу   және   ойлау   қабілетімен   жөне    саналылығымен
ерекшеленеді.
  Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда  дамыған  тірі,
қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам  бойындағы  табиғи  және  әлеуметтік  нышандар.  Адам   ғасырлар   бойы
адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз  бойына  дарыта  алады.  Бұл  дарыту
мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне  тарту  тетіктері  арқылы
жүзеге асырылады. Бала  генетикалық  ақпарат  қорларын  ми  құрылымы,  жүйке
жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.
  Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби  мәдениеттің  болмысымен  қауышады.
Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен  дүниеге  қатынастары  —  көру,  есту,
иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу,  тілек,  қызмет,  махаббат,
бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.
  Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол —  әлеуметтік  жаратылыс.  Адамды  адам
ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.
   Сабақты қорытындылау: Адамзат  қаншалықты  жетік  дамыған  сайын,  білім,
тәрбие  беру  және  адамды  тұлға  ретінде  қалыптастыру   проблемалары   да
күрделілене  береді.  Құқықтың,  моральдың,  тұрмыстың  тарихи   қалыптаскан
нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б.  адамның
тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке  адамнан  белгілі  бір  өмір  салтының,
мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 1
|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 3-4          |  Күні:                     |


                          Тақырыбы: Адамның қызметі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында  оқушылардың  тарихи  танымдық  ойлау,  талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
  Сабақтың  түрі:1)жаңа  материалды   меңгеру;2)   біліктерін,іскерлік   пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ  -  жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың  барысы:І.  Ұйымдастыру   кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың   сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Даралықтың сипаты.
  Жеке адам ұғымы.
  Тұлға.  Даралық   (лат.   individuum   —   бөлінбейтін)   den   абсолютті
қайталанбайтын, кеңктіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетіиде ғана  өмір
суретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар  іштей  шексіздікті
айтамыз.
  Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен  айнымайтын
адамдар  да  болмайды.  Тіпті  егіздердің  өздері  бір-біріне  ұқсас   болып
көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
  Жеке  адам  үғымы.  Жеке  адам  туралы  ғылыми  түсінік  адамды  қоғамдық
қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде  қарастыратын  биопсихоәлеуметтік
10  организм  деген  түсінікке  негізделеді.  Жеке  адам  деп  белгілі   бір
әлеуметтік ортаның өкілін,  қоғам  мүшесін  айтамыз.  Жеке  адам  өзгелермен
салыстырмалы   нақты   антропологиялық   және   әлеуметтік    ұқсастықтарына
қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.
  Сәби —жеке адам. Дегенмен, ол —әзірше дара тұлға емес. Жеке адам  қоғамда
өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады.
  Әр жеке адам — қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен  белгілі  бір
тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік  санасы  кемелденгенде,  өзінің  әлеуметтік
міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде,  ол
тұлға ретінде алға шығады.
Тұлғ (лат. personalitas) ұғымы  жеке  адамды  белгілі  бір  қоғамның  немесе
қауымдастықтың  мүшесі  ретінде   сипаттайтын,   оның   әлеуметтік   маңызды
нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады/ Мысалы, педагог  оқушы-
жасөспірімнің  тұлғасы  туралы;  әлеуметтанушы  жұмысшының  тұлғасы  туралы;
криминалист  қылмыскердің  тұлғасы  туралы;  психиатр  холериктің   тұл-ғасы
туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды  —  оқушы-жасөспірім,
жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп  тұрған,  солар  үшін  түрпатты  және
мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды  меңзеп  отыр  деп
түсіну керек.
  Философияда тұлға—қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық  сапасындағы
адам,  қоғамдық  қатынастардық  жиынтығы  айқындап   тұратын   биоәлеуметтік
мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанныц  барлығын  жинақтап,  өз  бойына
сіңіріп алып жүрген адам.
   Қызметтің сипаты:
   Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Бұл сөздің негізгі  мәні  жан  иесі
ретінде тіршілік етуді,  өмір  сүруді  білдіреді.  Тіршілік  жасап  жатырмыз
деген сөз еңбек  етіп  жатырмыз,  бір  пайдалы  іспен  шұғылданудамыз  деген
ұғымды білдіреді.
   Адам өмірі тұтастай қызметпен,  белгілі  бір  іспен  шұғылданумен  өтеді.
Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет  те  бар.  Өйткені  қызмет  –
адамның өмір сүруінің формасы.
   Қызмет  деп  қоршаған  дүниені   мақсатты   өзгертуге   және   жаңғыртуға
бағытталған,  онымен  белснді  қатынас  жасаудың  тек  адамға  тән   формасы
айтамыз.
   Қызметтің   көптеген   тұрапттары   мен   түрлері   бар.   Қызмет-рухани,
материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді.
    Адамның қызметінің мақсаты:
   Мақсат – қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және  белгілі  бір
   құралдары  пайдалана  отырып,  оған  жету  жолдары  сипатталатын  адамның
   тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.
    Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар:
   Мотив (франц motif – себеп, себепке итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған  әрекетке  қосылуы;  субъектіні
белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын  айқындайтын  сыртқы  немесе
ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі  және  себебі.


   Бекіту кезеңі:
1. Даралыкка сипаттама беріңіздер.
 2. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес  екендігін
    негіздеңіздер.
3. Жеке адамның калыптасуына қандай факторлар өсер етеді?
Сабақты қорытындылау: Тұлғаның қалыптасу  шегін  айкындау  мүмкін  емес.  Ол
үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке  басының  бакыты  мен  қоғамның
мүддесі үшін белсенді әрекет ете  бастаса,  сол  кезден  бастап  оның  тұлға
ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §3, жағдаят талдау

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 5            |  Күні:                     |


                         Тақырыбы: Адамның қабілеті

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі, түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында  оқушылардың  тарихи  танымдық  ойлау,  талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ  -  жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   1. Қызметтің сипаты
   2. Адамның қызметінің мақсаты
   3. Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
   "Қабілет" дегеніміз  —  тұлғаның  қызмет  түрлерін  атқару  амалдары  мен
   тәсілдерін тез, терең және орнықты меңгеруінен көрініс  табатын,  адамның
   оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын ішкі психологиялық, реттеуші қыз-
   метін атқару мүмкіндіктерін көрсететін дара-психология-лық ерекшелігі.
   Қабілет жеке  адамның  өзгелермен  арақатынастарының  күрделі  жүйесінде,
   түрлі қызметтер атқару үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің  кейбір  нақты
   түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің  түрлі  құрауыштардан  тұратын
   кешенді құрылымы болады.  Бұл  кең  таралған  есе  қайтару  (компенсация)
   құбылысымен байланысты: іс-әрекеттің  кейбір  түрлерін  атқаруға  қажетті
   жоғары қабілеттілікке  кейбір  құрауыштардың  салыстырмалы  әлсіз  немесе
   мүлдем болмауы жағдайында өзге құрауыштарды дамыту арқылы  қол  жеткізуге
   болады.
   Дарынның сипаттамасы. Қабілетті  дамытудың  сапалык  деңгейі  дарын  және
   даналық үғымдарымен беріледі. Дарын дen жаңалығымен, жоғары  жетістігімен
   және қоғамдың  маңыздылығымен  ерекшеленетін  іс-әрекеттің  өңімін  алуға
   мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.
   Дарынның жүздеген типтері мен түрлері болады. Адамзат үшін  олардың  бәрі
   қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушішк  (құрылым
   жасай алу, құрастырғыштық), найзағайдың жарқылындай жылдам реакция немесе
   көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік  болуы  мүмкін.  Мақсат  осындай
   дарындарды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай  әуестікті  дарытуда
   болса керек.
   Көптеген  зерттеушілер  дарынның  балаға  ата  тегі  арқылы   берілетінін
   қуаттайды. Олардың тұжырым-дауынша, белгісіз  бір  тылсым  күш  жоғалмай,
   ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын сияқты. Мұны куәландыратын  айғақтар  да
   аз емес.
   Бүған қарсы айғақтар да жоқ емес. Ата тегінде көрнекті тұлғалар  болмаған
   қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті.
   Адамның  зияттық  (интеллектуалдық)  ресурстары.  Канадалық  патофизиолог
   Г.Селъе ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру  туралы  кітабында  атом  ядросында
   қаншалықты физикалық  энергия  болса,  адамның  миында  соншалықты  ойлау
   энергиясы бар деген тұжырымға  келген  екен.  Демек,  теориялық  тұрғыдан
   қарағанда адамның мүмкіндігі шексіз.
   Физиологтардың жорамалдауынша, адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан  —
   нейрондардан тұрады. Алайда адамдар ойлау қуатының  осындай  мол  қорының
   өте аз мөлшерін ғана пайдаланады.
   Жад және оның  мүмкіндігі.  Жад—іс-әрекет  барысында  қайтадан  пайдалану
   мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта  жаңғыртатын  бұрынғы
   тәжірибені ұымдастыру және сақтау үдерісі.
   Жад субъектінің өткенін  қазіргісімен  және  келешегімен  байланыстырады,
   дамыту мен оқытуга негіз болатын аса маңызды танымдық  функция  атқарады.
   Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық
   (лат.  sensus  —  сезім,  сезіну)  деп  аталатын  гипотетикалық  жүйешеге
   бөлінеді.
   Мысалы, Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир  30  мыңдай
   жауынгерлерін атымен атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистокл  грек
   астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап, түстерінен  тани  білген.
   А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан сол ретпен  айтып
   бере алған. Математик Леонард Эйлер жүзге дейінгі барлық  санның  алғашқы
   алты дәрежесін жатқа білген. Академик С.А. Чаплыгин жене  шахматшы  Гарри
   Каспаров бес  жыл  бұрын  кездейсоқ  бір  рет  қоңыраулатқан  телефонный,
   нөмірін есінде сақтай алған.
   Зият (интеллект; лат. intellectus—тану, түсіну, талқы) — адамның ойлауға,
   тануға рационалды қабілеттілігі: Жалпылама  алғанда,  бұл  ұғым  тұлғаның
   ақылы мен ойын дамытуға  қатысты  қолданылады.  Зияттың  табиғаты  сезім,
   ерік, түйсік, елестету сияқты рухани қабілеттерден өзгеше болады.
   Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның  жеке-типология
   лық даму  ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зиятты-
   лығын  айқындайтын  ұғым   бар.   Ол   зияттылық   коэффициенті   (ағылш.
   Intellectual quotent, қысқаша — IQ) делінеді.
   Сабақты қорытындылау: IQ — түрлі тестілерді негізге ала  отырып  жасалған
   ақылды  дамыту  көрсеткіші,  жеке  адамда  бар  білім  мен  мағлұматтылық
   деңгейі. Көпшілік психологтардың пайымдауы бойынша,  негізінен,  IQ  жеке
   адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
   Оқушыларды бағалау:
   Үйге тапсырма беру: §4, Ой толғау
|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 6-7          |  Күні:                     |


                        Тақырыбы: Адам өмірінің  мәні
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Өмір және оның мәні туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында  оқушылардың  тарихи  танымдық  ойлау,  талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ  -  жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   1. Өмірдің мәні
   2. "Бақыт" түсінігі
   3. Адасу
  Өмірдің мәні. "Өмірдің  мәні  туралы  ойланбайтын  адам  бар  ма?"  деген
сұраққа  кім  болса  да:  "Жоқ,  өз  өмірінің   мәні   туралы   ойланбайтын,
толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам  болмайды",
— деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің  мәні
туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
  Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы  бол"  деп  өсиет
қалдырғаны белгілі.
  Адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мрратынан
турады  деген  қағидаға  ден  қойып  келгені  мәлім.  Бұдан  дүниені  рухани
құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар  өмірдің
мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдык  нормаларды
бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің  мәнін
белгілі бір тұтынушылық  стандарттар  мен  жеке  бастың  қамтамасыз  болуына
жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.
  "Бақыт" түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын
бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы 22 ұғым.  "Өмірдің  мәні  оны  бақытты  етіп
өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі  жылы  естіретіні
содан болса керек.
  Бақыт дегеніміз  —аданың  өзінің  болмысының  шарттары  мен  адамның  кең
ауқымды ішкі қанағаттанушылығына  сәйкес  келетін,  өмірінің  толыққандылығы
мен маңыздылығын, өзінің адамдың мұратына  жету  үйін  көрсететін  моральдық
сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялық формасы болып табылады.  Бақыт
ұғымы белгілі бір  нақты  объективті  жағдайды  немесе  адамның  субъективті
күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің калай болуы  керек
екендігі, ол  үшін  ненің  игілікті  бола  алатыны  туралы  түсініктерді  де
саралайды. Осыған байланысты бақыт  ұғымы  нормативті-бағалык  сипат  алады.
Бақыттың  мазмұны  әр  адамның  өз  өмірінің  мұраты  мен  мағынасын   қалай
түсінуіне байланысты.
Еңбек  еткеннен  кейін,  оның  зейнеті  болады.  Адал  еңбек  еш   кетпейді.
Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша  еңбек
етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе  де,  Отанының
аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті  өмір  сүріп  жүргенін
бақыт санайтындар толып жатыр.
  Көптеген адамдар бақытты  махаббатпен  байланыстырады.  Махаббат  жолында
бүкіл өмірін, байлығын,  мансабын  сарп  еткендер  де  аз  емес.  Осы  жерде
қазақтың  батырлық   жырлары   мен   лиро-эпостарының   кейіпкерлерін   еске
түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын  сұлу  үшін  Алпамыс,  Қыз
Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үіпін Қозы Көрпеш өздері  сүйген  арулар  үшін
өмірлерін қиюға да дайына еді.
  Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған,  белгісіз  бір  күштердің
сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған  үлес
немесе тағдырына алдын ала жазылып  қойылған  бағдарлама  да  емес.  Бақытты
болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
   Адасу.  Еңбектен,  махаббаттан,  табиғаттың  сұлулығынан  немесе   достар
арасындағы толық түсіністікті сыр  шертісулерден  тыс  калган  адам  бақытты
өзге  жактан  іздейді.  Адасу  осыдан  басталады.  Алдымен  шылым   шегуден,
спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін  есірткі  қабылдауға  үласуы  әбден
мүмкін. Уландырғыш заттар  бастағы  бар  ауыртпалықты  белгілі  бір  мезетке
ысырып тастағандай  әсер  етіп,  көңілдің  хошын  келтіретіні  рас.  Есірткі
қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып,  қайғы  мен  мүң
ұмытылып, көңілі көтеріліп,  айналасы  қызылды-жасылды  түске  енеді.  Бірақ
жасанды  бақыт  ұзаққа  бармайды.  Есірткі   денеге   жайылып,   оның   уыты
тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да  қатты
қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың  жолы
біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса,  бәрі  сонымен  шешілетіндей
көрінеді. Адам қайтадан есірткі  іздейді.  Осылай  жалғаса  береді.  Адамның
өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.
  Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог
ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың
бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі —
қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен
жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге
итермелейді.
   Бекіту кезеңі:
1. Өмірдің мөні неде?
2. Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
Сабақты қорытындылау: Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам  ақылдың,  ойдың,
сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол  төзімнің  де  кеніші.  Адамның  бойында
керемет тәни күш пен  қуат  та  бар.  Адам  рухани  қиындықпен  қатар,  тәни
ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады.
  Адамға еркіндік, демократия, материалдык және рухани байлық керек.  Бірақ
оларды жасау әркімнің өз қолында.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §5-6, Еркін жазу
|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ:  8           |  Күні:                     |


                            Тақырыбы: Қоғам ұғымы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қоғам ұғымы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында  оқушылардың  тарихи  танымдық  ойлау,  талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ  -  жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   1. Қоғамды құраушы бөліктер.
   2. Қоғамдық қатынастар.
   3. Қоғамдық қатынастардың мазмұны
  Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды "адамзат  қоғамы"  деп
айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның "Жер"  деп
аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір  сүруін,
өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.
  Қоғам дегеніміз — материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың
табиғатпен бір-бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып
шығады.
   Қоғамды құраушы бөліктер.
  Қоғамдар қызметіне қарай толып  жатқан  өрекет  түрлерімен  —  саясатпен,
шаруашылықтың белгілі бір түрімен,  саудамен,  табиғатты  қорғаумен,  мәдени
және рухани шаралармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік  негізі,
түпкілікті ұясы — отбасы болып табылады.
  Қоғамдық қатынастар.
Әлеуметтік топтасулар арасындағы  немесе  адамдар  арасындағы  экономикалық,
саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп  аталады.

   Қоғамдық  қатынастардың  мазмұны.  Мазмұнына  қарай  коғамдық  қатынастар
материалдық  және   рухани   қатынастарға   жіктеледі.   Қоғам   тіршілігіне
қажеттінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған  ортамен  тығыз
байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер  өндіру  адам  қоғамының  өмір
сүруі мен дамуының негізі болып табылады.  Сондықтан  өндірістік  қатынастар
саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың  сипатына  тура
әсер етіп отырады.
  Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:
  а) адам мен адам арасындағы;
  ө) қоғам мен жеке адам арасындағы;
  б)  қоғам мен коғам арасындағы;
  в)  қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп
қарастыруға болады.
  Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа  дейінгі  формалары.  Қоғам  көп  қырлы,
күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу  әдістері  де  алуан  түрлі.  Солардық
бірі-адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.
  Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын:  ұлтқа  дейінгі  және
ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Ұлтқа  дейінгі  қауымдастықтарға
ру, тайпа, ұлыс жатады.
  Ру—туыстық   байланыстар   арқылы   топтасқан   адамдар   қауымдастығының
өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол  ежелгі
адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.
  Тайпа — адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның  түзілуіне
рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да  көсемдері,  ақсақалдары  басқарды,
белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ  тілі,
дәстүрлері  болды.  Мүліктік   теңсіздіктің   шығуы,   ақсүйектердің   халық
бұқарасынан ажырауы,  қолбасылар  рөлінің  артуы  тайпаның  ыдырауына  себеп
болды.
  Ұлыс  —адамдар  қауымдастығының  тайпадан  кейінгі   ұлттың   түзілімінің
алдындағы баспалдақта турған сатысы.
  Ұлт — белгілі бір аумақты  мекен  еткен,  өзіне  тән  шаруашылық  жүргізу
ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрлері қалыптасқан, тілі,  мәдениеті,
ұттық  психологиясы  айшықтана  көрініс  беретін   адамдар   қауымдастығының
орнықты формасы
  Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын  мекен
еткен қазақ ұлтының және одан  өзге  этностар  мен  диаспоралар  өкілдерінің
жиынтығы оралады.
  Халық  деп  белгілі  бір   географиялық   ортаға   (әкімшілік   бірлікте,
мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде)  тұрып,  әлеуметтік  белсенді  және
жүйелі  әрекет  ете  алатын,  азаматтығы  бар  қоғам  мүшелерінің  жиынтығын
айтамыз.
   Бекіту кезеңі:
 1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп
    ойлайсыздар?
 2. Қоғам  жөне  оның  құраушы  бөліктері  туралы  түсініктеріңізді  қысқаша
    тұжырымдаңыздар.


  Сабақты қорытындылау: Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл  ұғымды
"адамзат  қоғамы"  деп   айтамыз.   Бұл   жердегі   жүздеген   мемлекеттерде
миллиардтаған адамның "Жер" деп аталатын  аспан  денесінде,  бір  планетаның
өкілі ретінде  бірігіп  өмір  сүруін,  өзгелермен  санасып  тіршілік  етуін,
өзіндік өркениет жасауын білдіреді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §7, 3-6 тапсырма

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 9            |  Күні:                     |


                             Тақырыбы: Мемлекет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға мемлекет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
    - Мемлекет деген не? Мемлекеттің түрлері, Тарихи тұрпаттары. Қоғамдық
      өмір аялары.
   Мемлекет ұғымы. Мемлекет  саяси-құқықтық  ғылымдардың  зерттеу  объектісі
болып табылады. Мемлекет  өзінің  мыңдаған  жылдарға  созылған  тарихи  даму
үрдісінде  саясатшылар  тарапынан  түрліше  бағаланып  келеді.   Мемлекеттің
анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
  Ежелгі грек  философы  Демокрит:  "Мемлекет  жалпыға  бірдей  игілік  пен
әділеттілік әкелуі керек", — деп есептеген екен. Оның  пайымдауынша:  "Жақсы
басқарылатын мемлекет — үлкен тірек, ол  сақталып  тұрғанда,  онда  бәрі  де
болады — бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі".
  Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет
—  қоғамныц  саяси-экономикалық,  мәдени-әлеуметтік   жүйесін   бірізділікке
түсіретін,  қоғамды  басқаратын  және  сақтайтын  негізгі   институт   болып
табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
мемлекеттің орталық және жергілікті  билік  органдары  жүйесі  болады,  оған
заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің  тұрғындары  әкімшілік-аумақтық  бірлестіктерге  (облыс,  аудан,
ауыл...) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
   —  мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің ең маңызды белгісі  —  оның  өзге  мемлекеттерден  тәуелсіздігі,
егемендігі;
мемлекет ескерді, полицияны, сотты,  басқа  мемлекеттік  мекемелерде  қызмет
істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  —   мемлекет заңдар жене  басқа  нормативтік-құқықтық  актілер  шығарады,
солардың көмегімен қоғамда тертіп орнатады.
  Мемлекеттің түрлері. Мемлекеттер иелік етіп  отырған  жер  көлеміне  және
тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.
  Аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет —  Ресей  Федерациясы  (17
млн км2-ден астам), одан кейінгі  орындарды  тиісінше  Канада  (10  млн  км2
шамасында), Қытай (9,6 млн км2), АҚШ (9,4 млн км2), Бразилия (8,5 млн  км2),
Аустралия (7,7 млн км2), Үндістан (3,3 млн км2), Аргентина  (2,8  млн  км2),
Қазақстан (2,7 млн км2) иеленеді.
  Дүние жүзіндегі  жоғары  дамыған,  экономикасы  қуатты  елдердің  көбінің
иемденіп отырған жерлерінің көлемі,  салыстырмалы  түрде  алғанда,  жоғарыда
аталған елдердікінен едәуір аз.
   Тұрғындарының саны жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекетке  Қытай  (1,3
млрд адам) жатады. Үндістан (1 млрд), АҚШ (272  млн),  Бразилия  (161  млн),
Ресей  Федерациясы  (147  млн),  Пекстан  (140  млн),  Жапония  (122   млн),
Бангладеш (120 млн), Нигерия  (111  млн)  орналасады.  Батые  Еуропаның  ірі
елдерінде тұрғындар саны 20 млн-нан 81 млн-ға дейін  ауытқып  отырады  (1999
жылдың меліметтері).
  Мемлекеттің   типтері.   Мемлекеттер   типі   жағынан:   аграрлық    жөне
индустриалдық болып бөлінеді. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде  құлиеленуші
және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
  Құлиеленуншгік    құрылыс    орнағаннан    бастап,    мемлекет    адамдар
қауымдастықтарын  бір  орталыққа  бағындырып,  басқарып   отыратын   жоғарғы
билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет  тұсындағы  негізгі
билік жүргізуші тап — құл иелері,  ал  өндіргіш  күш  ретінде  көрінген  тап
—құлдар  болды.  Құлиеленуші  мемлекеттерге  Ежелгі  Египет,  Грекия,   Рим,
Урарту, Үнді, Қытай мемлекеттері жатады.
  Қоғамдық  өмір  аялары.  Қоғамдык  өмір  аяларын  тұтас  жүйені  құрайтын
жүйешелер  ретінде  қарастыруға  болады.  Әдетте,  қоғамдык  өмір   аяларын:
экономикалық, әлеуметтік, саяси  және  мәдени  деп  төртке  бөліп  қарастыру
қабылданған.  Өйткені  адамның  кез  келген  әрекетінің,   санасының,   өзге
дүниемен қатынасының мәнін жоғарыда аталған төрт аяның  шеңберіне  сыйғызуға
болады.
  Қоғам өмірінің экономикалық  аясы  шеңберінде  белгілі  бір  экономикалық
уклад  негізінде  өндірісті  ұйымдастыру,  өндірістік  қатынастар,   адамның
еңбегі, соған тиісті алатын материалдық игіліктері — тұрғын үймен,  киіммен,
тамақпен,  көлікпен,  тағы  басқа  заттармен  қамтамасыз  етілу   мәселелері
қарастырылады.
  Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро  және
микротоптарға бөлінуін, сондай-ақ топ пен топ, топ пен тұтас қоғам, топ  пен
жеке адам, жеке адам мен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды
  Қоғам өмірінің саяси аясына  мемлекет  және  мемлекетті  басқару,  билік,
саяси құрылым, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың  қызметі,
мемлекетті басқару органдары (парламент, үкімет, сот  билігі),  сайлау  жөне
референдум өткізу мәселелері қамтылады.
  Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы қоғамдық сана формаларының —  ғылымның,
білімнің, өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды.
   Бекіту кезеңі:
  1.  Мемлекет деп нені айтамыз?
 2. Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
3. Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Сондықтан әр зерттеуші қоғамды  белгілі  бір  деңгейде
ғана алып қарастырады. Біреулер қоғамды мемлекет, діни жүйе, мекеме  ретінде
қарастырса, енді біреулер оны түрлі әлеуметтік қауымдастықтар мен  таптардың
өзара әрекеттесуі түрғысынан зерттейді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §8, 30-32 б.б.

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 10-11        |  Күні:                     |


                     Тақырыбы: Өркениет туралы түсінік.
                                           Шығыс және Батыс өркениеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Өркениет туралы түсінік, Шығыс және Батыс
өркениеттері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқул
ық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
    - Өркениет туралы түсінік.
    - Шығыс өркениеті.
    -  Батыс өркениеті.
    - Көшпенділер өркениеті.
  "Өркениет" ұғымы. Өркениет дегенде, алдымен "мәдениет" ұғымы ойға
оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан
көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді.
Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет— айналадағы нағыздықты жаңартуға,
адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың
шығармашылық қызметі болып табылады.
  Өркениетті дүниежүзілік тарихи үрдіске талдау жасай  отырып,  мәдениеттен
бөле  қарастыру  жаңа  дәуір  зерттеушілерінен  басталды.  Қазіргі  замандык
әлеуметтанушылар, тарихшылар мен философтар  қоғамның  өркениеттілігін  оның
үш айқындаушы өлшемі — техниканың жетістігі,  қоғамның  әлеуметтік  түзілімі
және қоғамның  ішкі  ұйымдасуы  мен  негізделуі  тұрғысынан  бағалайды.  Осы
тұрғыдан  алып   топшылағанда,   өркениет   (лат.   civilis   —   азаматтық,
мемлекеттік) деп белгілі бір елдер мен халықтардыц  тарихи  дамудың  белгілі
бір кезеңіндегі материалдық,  рухани  және  әлеуметтік  өмірінің  өзіне  тән
сапалық ерекшеліктерін айтамыз.
  Шығыс өркениеті. Өркениеттер арасынан  тарихшылар  әлемнің  әр  өңірінде,
дамудың түрлі кезеңдерінде өмір сүрген елдерді немесе елдер  топтарын  бөліп
алып қарастырады. Олардың ішінде айрықша маңызы бар өркениеттер тобы  ежелгі
Үндістанды, Қытайды, Вавилонды (Бабыл),  Египетті  және  Шығыстағы  мұсылман
мемлекеттерін құрайтын топтар жатады.
   Мәдени қызмет саласында Шығыс өркениеті бір кезде іргесі қаланған  мәдени
үлгілердің, ғұрыптардың, әрекет тәсілдерінің, еңбек машықтарының  алдын  ала
қалыптасқан сүрлеуімен жүрді, шығармашылықтың жеке сипатына  жол  берілмеді.
Адамдарға  жеке  еркіндік  жағдайы  жасалмады,  оларды  сословиелік   немесе
касталық бекітуге тартатын тұрақты еңбек бөлінісіне қатыстылық орын алды.
  Дүние жүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Жаңа тарихқа  дейінгі
кезеңдегі ғылым  мен  өндіріс  технологиясының  теңдесі  жоқ  жаңалықтарының
басым көпшілігі Шығыста  пайда  болды.  Индустриалдық  өркениеттің  суырылып
алға шығуына, кейіннен ғылым мен техниканың қарыштап дамуына кең  жол  аршып
берген төрт ұлы жаңалық —  қағаз,  компас,  оқ-дәрі,  әлемнің  гелиоцентрлік
жүйесі — алдымен Шығыста пайда болды.
  Батыс  өркениеті.  Біздің  заманымызға  дейінгі  VIII—  VI   ғасырлардағы
Грекияда өзгеше ақша айналысы жүйесі, нарық және саяси  ұйымдасудың  негізгі
формасы  —  полис  қалыптасты.  Халықтардың   егемендігі   мен   бостандығы,
демократиялық формалары туралы идеялар көтерілді.
  Ежелгі Рим өркениеті Батыс өркениетінің ішінде ерекше орын  алады.  Римде
қазіргі заманғы құқықтың негізі қаланды және  ол  бірнеше  ғасырға  созылған
уақыт  ішінде  орнықты.  Римдегі  құқық  жүйесі  мүліктік  және   шаруашылық
қатынастарды реттейтін, меншікпен  байланысты  құқыктық  нормалар  жүйесінің
шартты міндеткерлік пен жауапкершілікті  қамтамасыз  ету  ережесін,  мүлікті
мирасқа қалдырудың жетілген нормаларын  қамтыды.  Римдік  заңгерлер  құқықты
жеке  адамдардың  пайдасын  көздейтін  жеке  құқық  және  Рим   мемлекетінің
жағдаятына қатысты жамиғаттық құқық деп екіге бөлді.  Римде  императорлардың
заң шығарушы қызметі үлкен  маңызға  ие  болды.  "Конституция"  деген  жалпы
атпен эдикттер, декреттер жарияланды, рескрипттер, мандаттар таратылды.
   Жердегі адамзат қоғамының прогресі үшін теңдесі  жоқ  ұлы  күш  пен  жаңа
серпін бергендері — еркіндік пен теңдік  идеяларының  көтерілуі  болды.  Бұл
идеялар  туралы  түсініктер  өзін-өзі  басқару  —  коммуна  үшін  ғасырларға
созылған күрес үрдісінде қалыптасты. Парламенттік басқарудың қайнар көзі  де
осы идеялардан басталды.
  Көшпенділер  өркениеті.  Қазіргі  қазақтардың  жөне  Орталық   Азия   мен
Еуропаның шығысын мекен еткен өзге түркі тілді халықтардың бірқатарының ата-
бабалары — қыпшақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі.  Бұл
көсіпті қыпшақтар өздерінен бұрын өмір сүрген сақ, ғүн  тайпаларынан,  кейін
түрлі аттармен түрлі тармақтарға  ыдырап,  жеке  ұлттардың  негізін  құраған
түркі тайпаларынан мұра ретінде қабылдаған.
  Көшпенділер өркениетін қоғамда орын алған рухани құндылықтар мен  идеялар
жүйесі  тұрғысынан  бағалау  нағыз  адами  қасиеттер  молшылығына   бастады.
Көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақтардың өмірлік  қызметі,  әлеуметтік
қатынастары, рухани өмірі  ізгілікке,  мейірімділікке,  парасаттылыққа  және
басқа адамгершілік нышандарға толы. Оларды көшпенділердің  әрбір  әрекетінен
де, сөзінен де көруге болады.
  Көшпенділерде қылмыстың аз болуынан (жесір дауы, жер дауы немесе мүліктік
қақтығыстар,   барымта,   төбелес   сияқтылардан   басқа,   құқықтық    жаза
қолданылатын  қылмыстардың  болмауынан)  мемлекеттік  жазалаушы  органдардың
жұмысы  жетілмеді.  Бұқара  тұрмысының   қанағаттанарлық   деңгейден   төмен
түспеуінен  жергілікті   билік   иелеріне   қарсы   наразылык   актілері   —
көтерілістер, толқулар, революциялар болмады.
   Көшпенділерде  қатыгездіктен  гөрі  мейірімділік,  әділетсіздіктен   бәрі
әділеттілік, ездіктен бәрі ерлік, қайыршылықтан бәрі мырзалық,  жұпынылықтан
бәрі сәндік, мұңнан бәрі жайдарылық басым болды. Өмір сән-салтанатқа,  толып
жатқан мерейлі мерекелерге толы болды. Көшпенділер  аштық,  көтеріліс,  сот,
абақты, қайыршылық дегенді білген жоқ.
Сабақты қорытындылау: Көшпенділер  өркениеті  адами  құндылықтар  тұрғысьшан
қарағанда  бұқараның  әлеуметтік-тұрмыстық  мүдделерін  бірқатар   толығырақ
қанағаттандыратын,  қоғамда   жайлы   адамгершілік-моральдық   ахуал   жасап
отыратын болды.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру: § 10

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 12-13        |  Күні:                     |


                    Тақырыбы: Қазіргі замандық өркениет.
                            Ғаламдық проблемалар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы
өркениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Дәстүрлі және индустриалдық қоғамдар. Адамзат өркениеттері  тарихи  дамуы
жағынан  алып  қарағанда:  дәстүрлі,  индустриалдық  және  постиндустриалдық
қоғамдар болып бөлінеді.
  Жоғары құрылымдық орнықтылығы және  әлеуметтік-мәдени  реттелуі  дәстүрге
негізделгендіктен, Шығыс өркениеттері дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
  Индустриалдық қоғам  дегеніміз—  қазіргі  замандағы  дамыған  Қоғамдардың
шығуын және сипатын айқындауда  қолданылатын,  оларды  дәстүрлі  қоғамдардан
бөліп  көрсететін,  капиталисты  қоғаммен   қатар   аталатын   екі   негізгі
категорияның бірі—өнеркәсіпті қоғам деген ұғымды білдіреді.
   XV ғасырда адамзат тарихында түбегейлі бетбұрыстар  жасалды.  Осы  кезден
бастап Еуропа суырылып алға шықты. Еуропалықтар Шығыстың қағаз жасау  өнерін
пайдалана отырып, кітап басу, ақпарат сақтау және  оны  тез  таратуды  жолға
қойды. Шығыстың компасын пайдаланып, теңіздерде жүзді, жаңа құрлықтар  ашты,
оқ-дерісін пайдаланып, отарлар басып алды.
   XVIII ғасырда құқықтық мемлекет  құру  және  қоғамда  құқықтық  жағдайлар
қалыптастыру негізінде экономикалық  және  саяси  биліктерді  бөлісу  үрдісі
басталды.
   Қазіргі заманғы өркениет. Қазіргі заманғы өркениет  XX  ғасырдың  соңы  —
XXI ғасырдың бас кезіндегі Жер планетасын мекендеген  күллі  адамзат  қоғамы
жасаған өркениетті айтамыз
  Жердегі адамзат өркениеті саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар  Ұйымына
(БҰҰ) мүше болып  енген  191  федерациялық  және  унитарлық  мемлекеттерден,
олардың кейбіреулерін  біріктіретін  конфедерациялардан,  экономикалық  және
әскери одақтардан,  сондай-ақ  ұлттық-мемлекеттік  құрылуы  анықталмаған  60
шақты аумақтан тұрады.
   Қоғам және табиғат. Қоғам — дүниенің табиғаттан ерекшеленген  бөлігі.  Ол
ерекшеленудің  негізі  қоғамның  даму  еркіндігінде,  оның  саналы,   ерікті
адамдардан құралуында.
  Демек, бұл жерде ерекшелену туралы айту қоғамды табиғаттан  мүлдем  бөліп
алып қарастыру дегенге саймаса керек:
  1. Табиғат адам мен қоғамның заңдарынан тәуелсіз, стихиялы дамиды.
  2. Адам қоғамы жасампаз, түрлеңдіруші, мәдениет жасаушы сапасында  әрекет
     етеді. /Ерекшеленудің мәні осында. Солай болса да,  адам  мен  қоғамды
     ешқашан табиғатқа қарсы қоюға болмайды.") Адам қоғамы  мен  табиғаттың
     арасындағы қатынастардың басты ұстанымы осымен айқындалуы керек.  Адам
     табиғатты  жаулап  алушы,  бағындырушы  ретінде  емес,  оны  қорғаушы,
     сақтаушы, табиғатты аялай отырып, оның ресурстарын пайдаланушы ретінде
     әрекет етуге міндетті.
   Экология (грек, oikos — мекен, logos — ілім, сөз) —  организмдердің  бір-
бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
  Биосфера  (грек,  bios—  өмір,  sphaira  —  таралу  аясы)  —  жер   шарын
мекендейтін барлық тірі  организмдердің  таралу  аясы.  Терминді  1875  жылы
неміс ғалымы Э.Зюсс енгізген.)
  Тіршілік бар  жерде  тұтыну  бар.  Тұтыну  бар  жерде  таусылу,  ластану,
жарамсыздану бар. Тұтынудың қай түрі  болсын,  ерте  ме,  кеш  пе,  ресурсты
үнемдеу мәселесін алға тартпай  қоймайды.  Ал  жердегі  табиғи  ресурстардың
бәрі таусылмайтын, шексіз еместігін, адамзаттың кейбір  параметрлер  бойынша
апаттық жағдайға таяп келе жатқандығын ескерсек, экологиялық  проблемалардың
қазіргі  заманғы  өркениеттің  ғаламдық  проблемаларының  бастысына  айналып
отырғанын түсінуге болады.
Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын ұйымдар.
Адамдар  табиғи   ресурстарды   үнемдеп   пайдалану   және   оларды   сақтау
мәселелерімен айналыспай отырған жоқ. Жетпісінші жылдардан  бастап  экология
мәселелері  түрлі  халықаралық  кеңестер  мен  мәжілістерде  күн   тәртібіне
белсенді қойылып келеді. Әсіресе Римдік клуб деп аталатын  халықаралық  ұйым
мен  ЮНЕСКО-ның  ынтасы  бойынша  экология   тақырыбына   түрлі   семинарлар
өткізіліп жүр.
  ЮНЕСКО  (ағылш.  United  Nations  Educational,  Scientific  and  Cultural
Organization)  —  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  білім,  ғылым  жене   мәдениет
жөніндегі ұйымы.
  Қазақстанда Семей атом полигонында болған жарылыстардың  зардаптарын  жою
мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жұмыстарымен белсенді  айналысып  жүрген
"Невада—Семей",  Арал  теңізінің  тартылуынан  болып   отырған   кеселдердің
салдарын жою және теңіз суын қалпына  келтіру   бағытында   жұмыс   істейтін
комитет бар.
   Бекіту кезеңі:
   1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар
      деп ойлайсыздар?
   2. Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
 3. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы
    байланыстардың мәні неде?
  4.  Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға
    салыңыздар.
Сабақты  қорытындылау:  Соңғы  жылдары  экология  мәселелерімен   республика
үкіметі қарамағындағы кейбір ведомстволар арнайы айналысады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §11,47-48 б.б.











|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 14           |  Күні:                     |


         Тақырыбы: Адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты  өмір  сүру  және  даму
үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет. Олардың қатарына: азық,  киім,
баспана, көлік тағы басқалар жатады.  Сонымен  қатар  адамның  қоғамнан  тыс
өмір сүре алмайтыны белгілі. Оған өзге адамдармен жүздесу, танысу,  сыйласу,
сүйіспеншілік  сезімдері  де  тән.  Осының  бәрін  біз  қажеттілік   дейміз.
Қажеттіліктер адамның тілек-қалауын, эмоциясын, ойы мен  еркінің  бағыттарын
айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.
Қажеттілік —  организмнің  қалыпты  өмірлік  қызметін  қамтамасыз  ету  үшін
керекті   талаптарының   қанағат-таңдырылмауымен   шартталған    және    сол
қажеттілікті  өтеуге  бағытталеан.  Адамзаттың   тарихи   дамуының   алғашқы
кезеңінде адамдардың қажеттіліктері   орай  адамның  қажеттіліктерін  өтеуге
бағытталған материалдық игіліктерді: күнделікті тұтынатын заттар  және  ұзақ
мерзім бойы оларсыз күн көре алатын заттар деп белуге болады. Бұлардың
біріншісіне — тамақ, ауыз су, киім, баспана және сол сияқтылар жатады.
екіншісіне  —  қымбат  және  сәнді  бұйымдар,  көпшіліктің  қолы   жетпейтін
автомобиль маркалары, виллалар жатады.
  Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды.
Қоғамның  дамуы  адамның  әлеуметтік  қажеттіліктерін  үнемі   алға   тартып
отырады.  Белгілі  америкалық  ғалым  А.Маслоу   адамның   қажеттіліктерінің
құрылымын мейлінше айшықты анықтап берді. Ол ұсынған  жүйе  бойынша  адамның
кажеттіліктері бес топқа бөлінеді  және  маңыздылығының  өсуіне  сай  ретпен
орналасады. Олар мыналар:
1) физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл, демалыс);
2) өзін қорғау қажеттілігі (қауіпсіздік, қорғану);
  3)  әлеуметтік қажеттіліктер (адамдармен қарым-
қатынас, билік, махаббат);
  4)  тұлға ретінде танылу қажеттілігі (мәртебе, бедел);
  5)  өзін көрсету қажеттілігі (өзін-өзі дамыту, ойы мен санасындагыны
жүзеге асыру).
   Экономика. Экономика (грек, oikonomia — шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы
алғашында үй шаруашылығын жүргізу  туралы  заң  дегенді  білдірген.  Қазіргі
кезде бұл ұғым одан әлдеқайда  кең  мағынада  қолданылады.  Экономика  ұғымы
материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және  тұтыну  үрдісі  кезінде
адамдар  арасында  пайда   болатын   өндірістік   қатынастарды   сипаттайды.
Экономикалық қатынастар  өзге  қоғамдық  қаты-настарды  айқындайды,  олардың
базисі болып табылады.
  Еңбек бөлісі мен маманданудың пайда болып,  дамуымен  материалдық  игілік
өндірушілер  бір-біріне   тәуелділікке   түседі.   Еңбек   бөлісінің   дамуы
жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күшейе  түседі.  Олардың
әрекеттерін үйлестіру қажеттігі  артады.  Тауар  өндірушілердің  кызметтерін
үйлестіру әдістерінің жиынтығы  экономикалық  жүйені  құрайды.  Экономикалық
жүйе  қарастырылып  отырған  қоғамда  қалыптасқан  шаруа-шылық   тетіктерін,
заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.
  Өндіріс  және  өндіріс  факторлары.  Өндіріс  —  өзінің  өміріне  қажетті
материалдық  жағдайларды  жасау  мақсатымен   адамның   табиғатты   белсенді
жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент  керек.  Олардың
біріншісі — сол өнімді  дайындайтын  табиғи  зат;  екіншісі—өнімді  дайындау
үрдісінде  пайдаланылатъш  еңбек  құралы;  үшіншісі  —  адам  еңбегі,   оның
мақсатты бағытталған қызметі; төртіншісі —  аталған  үш  элементі  өндіріске
қосатын ұйымдастырушы. Экономика тілнде өндіріс факторлары деп аталатын  бұл
төрт элемент, тиісінше: жер, капитал,  еңбек  жэне  кәсіпкерлік  ұғымдарымен
белгіленеді.
  Жер ұғымы бұл жерде кәдуілгі біз аяқ басып жүрген жерден басқа  өндірісте
қолданылатын табиғи ресурстардың бәрін сыйғызады.
  Капитал—өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның  қолымен  өндірілген
материалдық  игіліктер  мен  өндіріс  құралдарының  жиынтығы.  Капитал  ақша
қаражаты ретінде қолданылуы мүмкін. Еңбек дегеніміз — адам ресурсы,  былайша
айтқанда, жұмысшылар  мен  қызметкерлер,  олардың  білімі  және  тәжірибесі.
Кәсіпкерлік-өндірісті ұйымдастыру қабілеті.
   Бекіту кезеңі:
1. Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңыздар.
2. Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?
 3. Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіздер? Экономикалық жүйелердің
    негізгі тұрпаттарын атаңыздар.
  5. Өндіріске   анықтама   беріңіздер,   өндіріс   факторларын атаңыздар.
   Сабақты  қорытындылау:  Өндіріс  әрқашанда  қоғамдық  сипатқа   ие   және
қатынастардың екі түрін  қамтиды.  Олардың  біріншісі  өндіргіш  күштер  деп
аталады.  Ол  адамдардың  табиғатқа  қатынасын   білдіреді   де,   табиғатты
өзгертуге бағытталған адамның дене және рухани күші ретінде көрініс  береді.
Екіншісі өндірістік қатынастар деген ұғыммен сипатталатын  адамдардың  өзара
қатынастары болып табылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §12, 51-55 б.б.












|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 15           |  Күні:                     |


                    Тақырыбы: Тауар. Ақша. Тауар өндіру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Нарық және нарықтық қатынастар туралы жүйелі білім
беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
    - Тауар.
    - Нарық.
    - Ақша.
    - Құн және баға.
    - Сұраныс және ұсыныс заңы.
    - Бәсеке және монополия.
  Тауар.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  еңбек  бөлінісінің   дамуы   тауар
өндірісінің пайда  болуына  алып  келді.  Еңбек  бөлінісі  жағдайында  әркім
өзінің қолынан келгенін өндірді. Өндіруші  өнімін  келешекте  өзіне  қажетті
өзге өнімге айырбастау ниетімен өндірді.  Айырбас  үшін  арнайы  өндірілетін
өнім тауар деп аталады.
  Нарықтық  экономикада  тауар  ұғымы  орталық  ұғым.  Нарықтың  өзі  тауар
өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келді.  Тауар  —  өндіруші  өзге
тауарға айырбастауға арналған өнім.
  Нарық. Нарық ұғымының бірнеше анықтамасы  бар.  Батыстан  келген  "рынок"
сөзі әуел баста сатушы мен сатып алушы кездесетін "орын"  ұғымын  білдірген.
Қазіргі кезде "рыноктың" қазақша  баламасы  ретінде  алынып  жүрген  "нарық"
ұғымы кең  мағынада  қолданылады.   Нарық  -  тауар  өндірісі  мен  айналымы
заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар  қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда,
   нарық дегеніміз—нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың  басын
қосатын кез келген институт немесе механизм
  Алғашында  тауар  айырбастау  қарапайым  формада,  негізінен,   баспа-бас
(бартер) түрінде жүзеге асырылды. Мұндайда  "сатушы"  мен  "сатып  алушының"
мүдделері үйлесе бермейтін. Кейде адамдарға  өздеріне  қажетті  тауарды  алу
үшін бірнеше айырбас жасауларына тура келетін. Сонымен қатар  ұтылып  қалмау
жағын ойластыру тағы керек. Мысалы, қой иесіне балта керек болды дейік.  Бір
қойды үш балтаға айырбастауға болады. Ал қой иесіне бір  ғана  балта  керек.
Бір балта үшін ол койын бере салмайтыны  белгілі.  Мұндай  тығырықтан  қалай
шығуға болады? Оның бір-ақ жолы бар:  өзге  тауарлардың  бәріне  өлшем  бола
алатындай және сатушының бәрі  кедергісіз  қабылдайтын  бір  тауарды  бекіту
керек. Осылай ақша  пайда болды.
  Ақша. Ақша экономиканың даму тарихында "ерекше текті тауар" болып  келді.
Ақшаның  ерекшелігі  оның  әмбебаптығынан,  жалпыға  танымал  және   нарыққа
қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс  береді.
Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үрдісінде делдал-тауар  қызметін
атқарды.
 Сонымен ақша дегенміз—жалпыға бірдей балама ретінде қызмет  ететін  ерекше
тауар.  Ақшаның  мәні  оның  атқаратын  қызметінен  көрініс  береді.   Ақша,
негізінен, үш түрлі қызмет атқарады: 1) айналыс құралы ретінде  қолданылады,
ақшаға кез  келген  тауарды  сатып  алуға  болады;  2)  құн  өлшемі  ретінде
қолданылады, ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген  тауардың  құны  өлшенеді;
3) қорлану қоры қызметін атқарады, егер  тауар  өндіруші  тауарды  сатқаннан
түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға  ұзақ  уақыт  пайдаланбаса,  ондай
ақша қазына құрау қызметін атқарады.)
   Құн және тауардың бағасы. Әр тауардың өз бағасы болады. Тауарды сатып ала
отырып, біз оның сол  үшін  төленген  белгілі  бір  ақша  сомасындағы  құнын
танимыз. Міне, ақшамен бейнеленген осы құн оның бағасы болып шығады.
 / Келесі тұжырымдама бойынша, тауардың құы оны өндірушінің өндіріе
факторлары ),(еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының
жиынтығымен айқындалады. Мұндайда тауардың бағасы оның құнымен арадағы
байланысын жояды, сатып алушының субъективті бағасымен айқындалады. Нарықта
тауар сатып алушы адам өндірушінің шығындарын ескермейді, ол тек тауардың
пайдалылығына мүдделі. Бұл жерде сатып алушының бағасы өндірушінің
шығындарына қараганда әлдекайда маңызды болып шығады.
  Ұсыныс және сұраныс заңы. Нарықтық  баға  құрылу  үрдісінде  сұраныс  пен
үұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс -  деп сатып алушылардың  уақыттың  сол
мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін  айтамыз.
Бұл жерде қажеттіліктің  бәрі  сұраныс  бола  бермейтінін,  тек  оның  сатып
алушының ақша қаражатымен  қамтамасыз  ете  алатын  бөлігінің  ғана  сұраныс
болып табылатынын ескеру керек.
 {Монополия—кәсіпорынның   немесе   кәсіпорындар   тобыныц   нарықта   билік
жүргізуге, боғат бақылай жасай  алатын  және  оны  айқындайтын  жагдайға  ие
болды.
   Бекіту кезеңі:
1. Ақша қандай кызмет атқарады?
 2. Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
3. Үсыныс пен сүраныс заңын түжырымдаңыздар.
4. Монополия мен бөсекенің айырмашылығы неде?
Сабақты қорытындылау:  табиғи  монополиялар  мемлекеттің  меншігінде  болады
немесе  оның  бақылауымен  әрекет  етеді.   Табиғи   монополиялардың   болуы
өндірістің   ауқымымен   байланысты,   өндірісті   ірілендіру    нәтижесінде
ресурстарды   үнемдеу   үрдісінде   қол    жететін    ерекше    тиімділікпен
шарттандырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §13, 55-61 б.б.












|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 16-17        |  Күні:                     |


                    Тақырыбы: Меншік және меншік түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Меншік және жекешелендіру туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Меншік. Бүкіл экономикалық жүйенің және экономика тетіктерінің қызмет ету
заңдылықтарын түсінуде меншік қатынастары ерекше маңызга ие.  Нарықтық  және
нарықтық емес экономикалық жүйелердегі меншіктік  қатынастардың  бір-бірінен
түбегейлі айырмашылығы  бар.  Орталықтандырылған,  нарықтық  емес  экономика
мемлекеттік немесе  қоғамдық  меншікке  негізделеді,  ал  нарықтық  бәсекеге
құрылған экономика, ең алдымен, жеке меншікке негізделеді.
   Жеке меншікке  тек  мүлік  қана  емес  (киім,  үй,  автомобиль),  адамдар
арасындагы экономикалық қатынастар да жатады. Жеке меншік мүліктің  (өндіріс
құралдары, тұтыну  заттары,  ақша)  белгілі  бір  субъектіге  тән  екендігін
көрсетеді.  Демек,  ол  сол  мүліктің  қожасы,  иесі  немесе   толық   билік
жүргізушісі болып табылады. меншік — жеке  адамдар  мен  фирмалардың  жерді,
капиталдық басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға  қалдыру
құқығы.  Өндіріс  факторларына   (құрал,   еңбек   заты,   ақпараттық   және
интеллектуалдық  ресурстар,  жер  және  басқалар)  жеке   меншік   жөніндегі
қатынастар  әрқашанда  өндірісті  ұйымдастыруда  айтарлықтай  рөл  атқарған.
Меншіктік экономикалық қатынастар өндіріс  факторларын  пайдалану  жөніндегі
өндіріске   қатысушылар   арасындагы   қатынастармен   сипатталады.   Демек,
меншіктік экономикалық қатынастар  тек  меншік  кіріс  көзі  ретінде  қызмет
ететін жағдайда ғана пайда болады.
   Түрлі  меншік   нысандарындағы  кәсіпорындар.
Кәсіпорын  дегеніміз—қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру   мен   түсім
түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және  қызмет  көрсететін,  өнім  өндіру
үшін  құрылған,  өздігінен  шаруашылық  жүргізетін   субъект.   Кәсіпорындар
қызметін өзінше жүргізеді, шығарған өнімін, түсірген пайдасын өзі жұмсайды.
Жалгерлік кәсіпорындар—мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы
арасындагы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады. Мемлекеттік
кәсіпорындар мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылады. Мемлекеттік
көсіпорындардың мүлкі бюджеттік қаражат есебінен құрылады. Акционерлік
қоғамдар — заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері — меншіктің
аралас нысанындағы кәсіпорындардың бір түрі болып табылады. Акционерлік
қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан акционерлердің
салымдарынан құрылады. Әр акционер өз салымының мөлшерінде ғана тәуекелге
барады және акционерлік қоғамның алан міндеттемелері бойынша жауап бермейді
  Жекешелендіру.  Жетпіс  жылдан  астам  Қазақстанда  әміршіл  -  әкімшілік
экономика  үстемдік  жүргізді.  80-жылдардың  басында  Кеңес  Одағын   түгел
қамтыған дағдарыс экономиканы реттеуді, мемлекеттік деңгейде  қайта  құруды,
нарық қатынастарына өту қажеттігін алға тартты.
  Нарыққа өту шаруашылық жүргізудің ескі жүйесін түбірімен қиратуды,  соның
ішінде, ең алдымен, меншік  қатынастарын  қайта  қарауды  көздейді.  Өндіріс
құрал-жабдықтарына  монополиялық  мемлекеттік  меншік  экономиканың   дамуын
тежейтін,   өзінің   әрекетімен    шаруашылық    жүргізуші    субъектілердің
мүдделілігін төмендететін негізгі факторға айналды.
  Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік меншікті
беру немесе сату арқылы меншік қатынастарын  қайта  құру  жекешелендіру  деп
аталады. Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен  кезде  меншікті
мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.
Бекіту кезеңі:
1. Меншіктің қандай түрлері болады?
2. Кәсіпорындардың түрлерін атаңызда?
  Сабақты қорытындылау: Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға  өткен
кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §14, 61-64 б.б.

|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 18           |  Күні:                     |


                    Тақырыбы: Экономикадағы адам факторы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адам және нарық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  1. Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
  2. Еңбек нарқы, жалақы.
  3. Бизнес және кәсіпкерлік
  Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты. Адам әрқашанда  дамудың  және
өндірісті жетілдірудің  басты  факторы  болтан  және  бола  береді.  Ғылыми-
техникалық прогрестің жетілуімен қоғамдық  өндірістегі  адамның  орны,  оның
атқаратын қызметі үлкен өзгерістерге ұшырауда.
  Адамның  рөлі  мен  мәні  оның  өндірістегі  дара   фактор   екендігімен,
өндірістік және  барлық  өзге  қоғамдық  қатынастардың  субъектісі  болуымен
айқындалады. Адам өндіріс құрал-жабдықтарын жасайды және сол  арқылы  оларды
өндіргіш күштердің элементтеріне айналдырады. Сондықтан жұмыс күші  өндіргіш
күштердің ең бастысы болып қала береді.
  Еңбек нарқы, жалақы. Нарық дегеніміз — сатушылар  мен  сатып  алушылардың
өзара әрекеттестігі.  Егер  еңбек  деп  аталатын  арнайы  тауар  туралы  сөз
қозғасақ,  нарықтың  бұл  анықтамасына  өзгеріс  енгізуге  болар  еді.   Бұл
жұмысшының толып жатқан қасиеттеріне —  еңбекке  белгілі  деңгейде  қабілеті
болуына,   ынтасына,   өмірлік   тәжірибесіне,   психо    -    физиологиялық
ерекшеліктеріне,  сондай-ақ  бірегей   адамдық   тұлға   ретінде   көрінуіне
байланысты.
  Еңбек аясы — қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды  және
көп қырлы саласы. Ол жұмыс күші нарығын  да  және  оның  қоғамдык  өндірісте
пайдаланылуын  да  қамтиды.  Еңбек  нарығында  жұмыс   күші   өзінің   құнын
айқындайды, сонымен қатар, оның  жалдану  шарттары,  соның  ішінде  еңбекақы
көлемі,  еңбек  жағдайлары,   білім   алу   мүмкіндігі,   кәсіпқойлық   өсу,
шұғылданушылық кепілдік т.б. айқындалады.
  Еңбекақы дегеніміз—кәсіпорын ұжымы кызметінің нәтижелеріне тәуелді  болып
келетін, жұмысшының сіңірген еңбегінің саны мен сапасына сай алатын сыйы.
  Жалақының екі түрі бар: мерзімді және кесімді. Мерзімді  жалақы  тиісінше
екі түрге бөлінеді. Олардың біріншісі — жай мерзімді жалақы.  Жалақының  бұл
түрі белгілі бір мерзім ішінде жұмыс атқарғаны үшін айлықақы (оклад)  немесе
тарифтік  ставка  түрінде  төленеді.  Жалақы   төлеудің   бұл   жүйесі   кең
таралмаған. Екіншісі — мерзімдік-сыйақы  түріндегі  жалақы.  Бұл  —  жұмыста
жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізгені  үшін   сыйақы   ретінде   төленеді.
Жалақының бұл түрі еңбек өнімділігін,  өндіріс  тиімділігін,  жұмыстың  және
өнімнің сапасын арттыруга септігін тигізеді.
Жұмыссыздық.  Жұмыссыздық  нарықтық  экономиканың  ажырамас   нышаны   болып
табылады.  Жұмыс-сыздык  деп  экономикалық  белсенді  тұрғындардың   уақытша
жұмыспен шұғылданбауын айтамыз. Бұл құбылыстың себептері көп.
  Біріншіден,   жаңа   технологиялар   мен   жабдықтарды   енгізу    сияқты
экономикадағы құрылымдық жылжулар артық жұмыс күшін қысқартуға  итермелейді.

  Екіншіден, экономикалық тоқырау немесе депрессия жұмыс берушілерді барлық
ресурстарға, соның ішінде жұмыс күшіне де, қажеттілікті  төмендетуге  мәжбүр
етеді.
  Үшіншіден, еңбекке  ақы  төлеу  жөніндегі  мемлекет  пен  кәсіподақтардың
жалақының төменгі деңгейін көтеруді  талап  еткен  саясаты  өндіріс  шығынын
арттырады және сонысымен жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.
  Төртіншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы маусымдық өзгерістер.
  Бизнес  және  кәсіпкерлік.  Бизнестің  ең  қарапайым   айқындамасын   осы
терминнің өзінің этимологиясынан туындатуға болады.  "Бизнес"  сөзі  ағылшын
тілінен (business) аударғанда "іс" деген ұғымды білдіреді.
  Алайда бизнес тек іс  қана  емес,  бұл  адамдар  арасындагы  немесе  іске
қатысушылар арасындагы іскерлік  қатынастар.  Іске  қатыса  отырып,  адамдар
іскер, екінші сөзбен айтқанда, бизнесші болып шығады.
  Бизнес  іскер  адамдардың  бәрін  тартатын,   олардың   қызметтерін   бір
тұтастықка кіріктіретін жүйе ретінде көрініс береді.
  Бизнес субъектілері:
өзінің тәуекелшілдігімен,  экономикалық  және  заңды  жауапкершілігімен  іс-
әрекетті бар ынтасымен жүзеге асырушы кәсіпкерлер;
кәсіпкерлер ұжымдары және кәсіпкерлер ассоциациялары;
жеке  және  ұжымдық  тұтынушылар  (кәсіпкерлер  ұсынатын  өнімді,   жұмысты,
қызметті), сонымен қоса, тұтынушылар одақтары мен ассоциациялары;
келісіммен немесе өзге негізде жалдану арқылы еңбек қызметін  іске  асыратын
жұмыскерлер.
   Бекіту кезеңі:
1. Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
2. Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
3. Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
 1. Жұмыссыздық  деген  не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Кәсіпкерлік деп кейбір адамдардың қоғамға қажетті
тауарлар өндіру үрдісінде жерді, еңбекті және капиталды оңтайлы ұштастыра
отырып, коммерциялық кәсіпорындар ұйымдастыру қабілеттерін айтамыз.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §15, 64-69 б.б.














|Пән: Адам. Қоғам. Құқық                                                 |
|Сынып: 9               |Сабақ: 14           |  Күні:                     |


Тақырыбы: Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  16
         Күні:
Тақырыбы: _Қайталау «Адам және экономика»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың меңгеруге тиісті  білім білік деңгейлерін тексеру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Қайталауға арналған сұрақтар:
   1. Даралыққа сипаттама беріңіздер.
   2. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін
      негіздеңіздер.
   3. Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
   4. Қызметтің тұрапттары мен түрлері қандай?
   5. Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңыз?
   6. Өмірдің мәні неде?
   7. Бақыт дегенді қалай түсінеміз?
   8. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын  қандай  факторлар
      деп ойлайсыздар?
   9. Қоғам және оның  құраушы  бөліктері  туралы  түсініктеріңізді  қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
  10. Адамдар  қауымдастықтарының ұлтқа  дейінгі  формалары мен ұлт
      арасындагы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?
  11. "Халық" және "тұрғын" ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңіздер.
  12. Мемлекет деп нені айтамыз?
  13. Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
  14. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар
      деп ойлайсыздар?
  15. Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
  16. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы
      байланыстардың мәні неде?
  17. Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға
      салыңыздар.
  18. Ақша қандай кызмет атқарады?
  19. Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
  20. Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыздар.
  21. Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
  22. Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
  23. Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
  24. Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
  25. Жұмыссыздық  деген  не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Адам және экономика тараулары бойынша біз сіздермен
қарастырдық
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § өткенді қайталау










Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  17
         Күні:
Тақырыбы: _Тоқсандық сынақ «Адам және экономика»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың меңгеруге тиісті  білім білік деңгейлерін тексеру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Тоқсандық арналған сұрақтар:
   1. Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
   2.    Өмірдің мәні неде?
   3. "Халық" және "тұрғын" ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңіздер.
   4. Мемлекет деп нені айтамыз?
   5. Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
   6. Ақша қандай кызмет атқарады?
   7. Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
   8. Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
   9. Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
  10. Жұмыссыздық  деген  не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.
  11. Ақша қандай кызмет атқарады?
  12. Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
  13. Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыздар.
  14. Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
  15. Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
  16. Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
  17. Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
  18. Жұмыссыздық  деген  не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.
  19. Қоғам жөне оның  құраушы  бөліктері  туралы  түсініктеріңізді  қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
  20. Адамдар  қауымдастықтарының ұлтқа  дейінгі  формалары мен ұлт
      арасындагы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?



Сабақты қорытындылау: Адам және экономика тараулары бойынша біз сіздермен
қарастырдық
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § өткенді қайталау















Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  18
         Күні:
Тақырыбы: _Қорытынды қайталау «Адам және экономика»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың меңгеруге тиісті  білім білік деңгейлерін тексеру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Қайталауға арналған сұрақтар:
   1. Даралыққа сипаттама беріңіздер.
   2. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін
      негіздеңіздер.
   3. Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
   4. Қызметтің тұрапттары мен түрлері қандай?
   5. Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңыз?
   6. Өмірдің мәні неде?
   7. Бақыт дегенді қалай түсінеміз?
   8. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын  қандай  факторлар
      деп ойлайсыздар?
   9. Қоғам жөне оның  құраушы  бөліктері  туралы  түсініктеріңізді  қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
  10. Адамдар  қауымдастықтарының ұлтқа  дейінгі  формалары мен ұлт
      арасындагы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?
  11. "Халық" және "тұрғын" ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңіздер.
  12. Мемлекет деп нені айтамыз?
  13. Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
  14. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар
      деп ойлайсыздар?
  15. Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша
      тұжырымдаңыздар.
  16. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы
      байланыстардың мәні неде?
  17. Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға
      салыңыздар.
  18. Ақша қандай кызмет атқарады?
  19. Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
  20. Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыздар.
  21. Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
  22. Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
  23. Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
  24. Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
  25. Жұмыссыздық  деген  не,   оның  пайда   болу  себептерін атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Адам және экономика тараулары бойынша біз сіздермен
қарастырдық
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § өткенді қайталау












Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 19
         Күні:
Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жүйелі білім
беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Құрылым (лат. structurи— құрылу) — жүйені құрайтын элементтердің реттілік
формасы. Тұтастықтың қандайы болса да, белгілі бір  құрауыштардан  құралады.
Ол құрауыштар бір-бірімен органикалық байланыста,  тұрақты  қатынаста  болып
отырады. Ал  құрылым  сол  байланыстар  мен  қатынастардың  бірлігі  ретінде
көрініс береді. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы деп бүкіл ел  азаматтарының
түрлі белгілеріне қарай,  бір-бірімен  тұрақты  қатынаста  болатын  топтарға
жіктелуін айтамыз.
Қоғамды құрайтын әлеуметті тұрған жеріне қарай — қалалықтар және
ауылдықтар; жасына қарай — балалар, жастар, орта жастағылар, кәрілер;
жынысына қарай—ерлер, әйелдер; меншікке қатынасына қарай — байлар,
кедейлер; кәсібіне қарай — фермерлер, жұмысшылар, кәсіпкерлер; біліміне
қарай — зиялылар, жұмысшылар, шаруалар ("ақ жағалылар", "көк жағалылар");
  Ұлтына  қарай  —  қазақтар,  орыстар,  украиндар,   немістер,   ұйғырлар,
корейлер, өзбектер, поляктар, түріктер т.б. толып жатқан  топтарға  жіктеуге
болады.
Топтар өздерін құраған адамдардың сандық мөлшеріне қарай — макротоптар және
микротоптар болып бөлінеді. Макротоптареа (грек, makros — үлкен) — бүкіл
қоғам, өркениет, ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер жатады.
Қазақстан халқы немесе қазақ ұлты макротоптардың мысалы бола алады.
Микротоптарға (грек, mikros — кіші) — адамдардың бірігіп өмір сүруі мен
еңбек ету үрдісінде құрылатын шағын топтар кіреді.
  Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазіргі Қазақстан қоғамын құрайтын
адамдар топтарын өзге өркениетті елдердегідей негізінен үш тапқа — жоғары
тап, орта тап, төменгі тап деп бөліп қарастыру қабылданған. Оларға аса ірі
меншік иелері, табысы мол мемлекеттік шенеуніктер кіреді.
  Орта тап өкілдері қоғамдағы орны мен қызметінің  алуан  түрлілігіне  орай
қанағаттанарлық материал-дық деңгейде өмір сүреді. Ел тұрғындары  арасындағы
сандық үлесінің басымдығына, құрылымының  күрделілігіне  орай,  орта  таптың
өзі: жоғары орта тап, ортаңғы орта  тап  және  төменгі  орта  тап  болып  үш
қабатқа жіктеледі.
  Төменгі тап деп табыстары "тұтыну себеті" көрсет-кішінен көп аса
қоймайтын, көпшілік жағдайда ол кемерден олқы түсіп жататын адамдардан
тұратын әлеуметтік топтың айтамыз. Олардың арасында баспанасы бар не жоқ,
түрлі төлемдерді әрең өтеп немесе өтей алмай жүрген, табыстары отбасы
мүшелерін киіммен, тамақпен қамтамасыз етуге әрең жететін немесе жетпейтін
азаматтар басым болады.
  Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз  етілуі.  Әлеу-меттік  өмір  аясы  деп
материалдық игіліктерді болу жолымен мемлекеттің әлеуметтік  саясаты  жүзеге
асырылатын адамдар қауымының өмірлік  қызмет  аренасын  айтамыз.  Адамдардың
материалдық-тұрмыстық  мәселелеріне  қатыстының  бәрі  қоғам  өмірінің   осы
аясында  шешіледі.  Мемлекет  қоғамның  еңбекке   қабілетсіз   мүшелерін   —
жалғызбасты,   ауру   адамдарды,   тағдырдың   тауқыметімен    асыраушысынан
айырылғандарды, жетімдер  мен  мүгедектерді  баспанамен,  тамақпен,  киіммен
қамтамасыз етеді, медициналық және қызметтің басқа түрлерін  көрсетеді,  осы
мәселелерді өз міндетіне алып, шешіп отырады. Қазіргі Қазақстан  қоғамындагы
әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең күрделісі — зейнеткерлерді  зейнетақымен
қамтамасыз ету болып отыр.
   1998 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында  жаңа  зейнет  заңын
енгізуге алып келді. Бұл заң бойынша жұмыс істейтін  әр  адам  өзінің  айлык
жалақысының 10%-ын жеке зейнет қорына аударып отырады.  Зейнет  қоры  азамат
зейнетке шыққан кезге дейін жиналады. Жаңа заң  бойынша  зейнет  жасы  ерлер
үшін — 63, әйелдер үшін 58 жас болып белгіленген.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 16

Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  20
         Күні:
Тақырыбы: Орта тапты қоғам
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Орта тапты қоғам туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   Әлеуметтік саясаттың мақсаты.  Мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  басты
мақсаты — қоғамның әр мүшесін материалдық жағынан  алаңсыз  өмір  сүретіндей
деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір  сүруі
мен денінің саулығына қажеттінің бәріне ие болуы керек. Олардың  бастыларына
жеткілікті  мөлшердегі  және  жоғары  кенеулі  тамақ,  замандастарынан   кем
түспейтін киім, жайлы баспана, жеке көлік, зиялы болса,  шығармашылык  жұмыс
істеуге қажетті жабдықтар жатады.
  Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты — орта
тапты қоғам құру. Республика экономикасы  дағдарыстан  шығып,  орнықты  даму
жолына түскеннен бастап, орта тап  өкілдерінің  саны  да  артып,  кірісі  де
молая беруі тиіс.
  Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым  көпшілігі  белгілі  бір  деңгейде
материалдық және рухани  қамтамасыз  етілген  қоғамды  айтамыз.  Орта  тапты
қоғам құруды әлеуметтік нысана етіп алудың қисыны осыдан  туындайды.  Демек,
ондай қоғамның әлеуметтік құрылымына  қатысты  басты  шарт  —  орта  тап  ел
тұрғындарының басым көпшілігін құрайтындай болуы керек.  Таңдаған  кәсібімен
айналысуға, шығармашылық жұмыс  істеуге,  отбасымен  бірге  жоғары  деңгейде
өмір сүруге мүмкіндігі бар адам  қоғамның  іргетасын  шайқалтатын  бұқаралық
наразылықтарға қосылмайды.
  Орта тапты қоғам құрудың кепілі — шағын және орта  кәсіпкерлікті  дамыту.
Өйткені орта және шағын  кәсіпкерлік  мемлекет  экономикасының  негізі  ғана
емес, халықтың басым көпшілігін құрайтын ең  қалың  әлеуметтік  қабат  болып
табылады.
  Әлеуметтік мобилъділік ұғымы адамдардың қоғамда  қалыптасқан  таптар  мен
қабаттар жүйесінде еркін орын ауыстыруын білдіреді. Адамдар  өмір  бойы  бір
таптың немесе топтың тұрақты өкілі  болып  қала  алмайды.  Адамдар  өмірінің
өзгеруіне  толып  жатқан  факторлар  әсер  етеді.   Адамдар   білім   алады,
мамандықтарын  өзгертеді,  мемлекеттік   лауазымдарға   ие   болады.   Соның
нәтижесінде адамдардың әлеуметтік ортадағы мәртебесі өзгеріп отырады.
  Әлеуметтік мобильділіктің тік  (вертикаль)  және  көлденең  (горизонталь)
қозғалу  бағыттары  болады.  Кедей  адамның  байып   кетуі   немесе   байдың
кедейленіп қалуы; жұмысшының оку орнын бітіріп, дипломды маман болуы,  сонан
кейін  өкілетті  органдардың  депутаттығына  сайлануы;   лауазымды   адамның
жауапқа тартылып, істі болуы — мобильділіктің  тігінен  қозғалу  бағыттарына
жатады. Көлденең қозғалу  бағытына  белгілі  бір  тап  немесе  топ  өкілінің
бұрынғы табыс көлемін  сақтап,  сол  әлеуметтік  мәртебесінде  қала  отырып,
мамандыгын немесе кәсібін өзгертуі жатады.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 17





Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 21
         Күні:
Тақырыбы: Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы туралы
жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:Автохтонды ұлт және диаспоралар. Саяси құрылуы
жағынан унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан аумағында жүзден астам
ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып, еңбек етеді. Солардың ішінде
мемлекеттің ұйытқысы, елді біріктіруші және оның саяси-әлеуметтік
мәртебесін айқындаушы фактор ретінде көрінетіні — қазақ халқы.
  Қазақстан үшін қазақтар — автохтонды ұлт.  Өйткені  олар  этногенетикалық
аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында  тұрып,  өмір  сүріп
келе жатқан халық.
   Кеңес билігі жылдарында өз жерінде ұлттық азшылық жағдайына ұшырап,  "мың
өліп, мың тірілген" қазақ халқы  мемлекеттік  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі
кезде республика  тұрғындарының  ішінде  үлестік  басымдыкка  қол  жеткізді.
Қазіргі  кездегі  (2005  ж.)  деректер  бойынша,  Қазақстанда  тұратын   Бұл
бағытта мемлекет тарапынан бірнеше рет шағын несие таратылды.
  Ұлтаралық  қатынастар.   Қазақстан   мен   Ресей   арасындағы   ұлтаралық
қатынастарға  Қазақстандағы   орыс   және   Ресейдегі   қазақ   диаспоралары
мәселелері — олардың азаматтық құқықтарын тең қорғау,  ұлттык  мәдениеттерін
өркендету,  тілдерін  дамыту,  дәстүрлері  мен  ғұрыптарын   сақтау,   қажет
еткендеріне ерікті түрде тарихи отандарына оралуына жағдай жасау  мәселелері
кіреді.
  Ұлт пен мемлекет сөздерінің  көпшілік  жағдайда  бір  ұғымды  білдіруі  —
дүниежүзілік беталыс. Бұл өте дұрыс және болашақтық бағыт.  Қазақстандағыдай
көп ұлттылық  жағдайында   ешкімді  ұлтына,   ұлысына  қарап  алаламай,  иық
тіресе еңбек етіп,  демократиялы,  құқықты  қоғам  құруға  жұмыла  кірісудің
маңызы  зор.  Кейінгі  жылдарда  Қазақстанда  тұрған   орыстар,   украиндар,
немістер, поляктар өз тарихи отандарына көшіп кете  бастады.  Бұл  —  ұлттық
мемлекеттің келешегі үшін өте тиімсіз  құбылыс.  Өйткені  тарихи  отандарына
қайтып кеткендер арасында  ғалымдар,  жоғары  білікті  мамандар,  өз  ісінің
нағыз шеберлері, кәсіпқойлар көп еді.
  Этносаралық   қатынастар.   Әлеуметтік   мәселелерді   қозғаған   ғылыми-
публицистикалық әдебиеттерде этнос  (грек,  ethnos—топ,  тайпа)  термит  жиі
қолданылады. Ол баста  адамдар  қауымдастығының  тұрақсыз  формалары  —  ру,
тайпа, ұлыстарды білдірген бұл сөз,  кейінірек  ұлт  ұғымында  да  қолданыла
бастады.  Отандык  әлеумет-танушы  ғалымдардың  дені  қазір  этнос   ұғымына
республикада  тұратын   автохтонды   ұлттан   өзге   этностық   топтар   мен
диаспоралардың жиынтығын сыйғызады. Сонда этносаралық  қатынастар  дегеніміз
— осылардың өзара қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкіл-дерініц ел ішіндегі өзара
байланыстары жатады. Қазір Қазақстанда украиндардың, татарлардың,
түріктердің, немістердің, шешендердің, ингуштердің т.б. ұлт диаспораларының
ұлттық-мәдени және тарихи ұйымдары мен орталықтары жұмыс.
  Қазақстандық отаншылдық. Қазақстан Республикасы —  өз  аумағында  тұратын
барлық азаматтардың ортақ  Отаны.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы
Қазакстанды өз Отаным деп есептейтін барлық  азаматтарды  ұлтына,  нәсіліне,
тұрған жеріне, кызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына  қарамастан,
заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды.
   Қазақстан   Республикасының    Президенті    Н.Назарбаев:    "Тәуелсіздік
жағдайындағы   Қазақстан   мемлекетінің   көз-деп   отырған   аса    маңызды
идеологиялық міндеті — қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір  азаматтың
өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру" деп жариялаган болатын.
  Жалпықазақстандық   отаншылдық   дегеніміз   —   шын   мәніндегі   ұлттық
сүйіспеншілікке қайшы  келмейтін  түрлі  ұлт  адамдарының  республика  жерін
мекендеген  этностар  тағдырының  тұтастығын,  гүлдену   мүмкіндігін   терең
ұғынуы.
  Бекіту кезеңі:
 1.  Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
 2. Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына
    көңіл аударыңыздар.
 3. Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын
    дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Сабақты  қорытындылау:  Жалпықазақстандық   отаншылдық   дегеніміз   —   шын
мәніндегі ұлттық  сүйіспеншілікке  қайшы  келмейтін  түрлі  ұлт  адамдарының
республика  жерін  мекендеген  этностар   тағдырының   тұтастығын,   гүлдену
мүмкіндігін терең ұғынуы.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 18

Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 22
         Күні:
Тақырыбы: Отбасы және жастар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Отбасы және жастар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   Халық санының табиғи өсімін қамтамасыз етуші құрам — жастар. Қазақстанның
азаматы болып табылатын әр жас адам дер кезінде отбасын құрып,  өмірге  бала
әкелуді ең асқақ,  барынша  ізгі,  мейлінше  қасиетті  борышы  деп  есептеуі
керек. Біздің жас мемлекетіміз  үшін  әрбір  адам  мен  азамат  ел  тағдырын
шешуші айқындаушы фактор. Қазақстан Республикасы  үшін  басты  байлық  —оның
жерінің кеңдігі мен табиғи ресурстарының  молдығы  ғана  емес,  ең  алдымен,
оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.
  Отбасы. Отбасы — ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа
туыстардың   ара-қатынасын   реттейтін   нормалардың,   тәртіп   үлгілерінің
жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік  институт.  Отбасы  —  қоғамның  тірегі,
оның алғашқы ұясы.  Адам   өмірінің  мәні,  алдымен,  оның  отбасының  болуы
немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.
  Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар  отбасы  толық
деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар  болса,  ол  толық  емес  отбасына
жатады. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары косылып өмір  сүріп  жаткан
отбасын күрделі отбасы деп атайды.
  Неке. Неке — отбасын құру мацсатын көздеген ер мен  әйелдің  ерікті  және
тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің  алдында  белгілі  бір
құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды.
  Неке міндетті түрде тіркелуі керек.  Тек  тіркелген  некеде  тұрғандардың
ғана әрекеттері заңды болады. Өмірде  тіркелмей-ақ  ерлі-зайыптыларша  бірге
тұратындар    кездесе    береді.    Оларды     әлеуметтанушылық-философиялық
әдебиеттерде эксперименте отбасылар деп саралау қабылданған.
  Халық арасында оны "азаматтық неке" деп атау бар. Азаматтық  хал  актісін
тіркеу органында белгіленбегендіктен, "азаматтық некедегі" отбасы заңды  деп
танылмайды. Олардың ерлі-зайыптылық қатынастарына мемлекет араласпайды.  Бар
мәселесін олар өздерінің адамгершілігі тұрғысынан шешеді.
  Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке  жасы
еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.
   Отбасын құру қағидалары. Отбасын құру  белгілі  бір  қағидалар  негізінде
жүзеге асырылады. Олардың бастылары мыналар:
* еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
* отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары  мен
мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу
отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
* отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
  —   отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.
  Отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары. Отбасы  жағдайында  бала
ерекше құқықтарға ие. Балалар құқықтары туралы конвенция  бойынша  он  сегіз
жасқа (кәмелетке) толмаған  азаматтар  бала  болып  есептеледі.  Әр  баланың
отбасында өмір сүруге  және  тәрбиеленуге  құқығы  бар.  Бала  отбасында  өз
мүддесін қозғайтын кез келген мәселені  талқылауға  қатысуы  керек.  Соттасу
кезінде он жасқа толған баланың пікірі ескеріледі.
  Ата-ананың балалар алдындағы құқыктары  мен  міндеттері  тең.  Ата-аналар
балаларының денсаулығын қадағалауға, оларды тәрбиелеуге,  орта  білім  алуын
қамтамасыз етуге міндетті.
  Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының түрлі
тұрпаттары бар. Олардың ішінде қазіргі заманғы қоғамда кең таралғаны  кіндік
отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік  отбасының  екі
нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан  ғана  тұратын
отбасылар.
   Жыныстық  байланыстарына  қарай  отбасылар,  негізінен,  моногамды   жөне
полигамды болып бөлінеді.
   Бір әйел мен бір еркектің некелік одааы моногамды отбасы делінеді. Бұл  —
некелік формалардың ішіндегі ең кең таралған түрі.
  Екі немесе одан көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі  де
өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерде жиі ұшырасады. Кейбір  ислам
елдерінде  полигамияға  ресми  рұқсат  етілген.  Көпшілік  дамыған  елдердің
азаматтары некенің бұл формасын құптамайды.
  Отбасының атқаратын функциясы. Отбасы мынадай функциялар атқарады:
  —   бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам
үнемі өзінің демографиялық өсуін қамтамасыз етуі керек.  Әсіресе  жері  көп,
халқы аз Қазақстан  қоғамы  үшін  бүл  өте  өзекті  мәселе  болып  табылады.
Өйткені қазақ жерінің  мол  табиғи  байлығын  игеру,  орасан  үлкен  аумақты
қорғау, дүние жүзіндегі қуатты елге  айналу  үшін  Қазақстан  Республикасына
адам керек. Келешекте Қазақстан 50 млн тұрғыны бар ірі елге  айналуы  керек.
Сондықтан мемлекет жастардың дер  кезінде  отбасын  құруына,  бала  өсіруіне
мүдделі;
баланы әлеуметтенуге, екінші сөзбен айтқанда, қоғамда өмір сүруге  дайындау.
Баланың қоғамда бағаланатын  құндылықтарды  меңгеруін,  білім  алуын,  кәсіп
таңдауын, өзінің кабілеттерін пайдаланып еңбек етуін,  қоғамда  өмір  сүруге
үйренуін, алдымен, отбасы қамтамасыз етеді;
отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен,  киіммен,  тамақпен,  үй  заттарымен,
оқуға,  еңбек  етуге  қажетті  жабдықтармен,  тағы  да   басқа   материалдық
құндылықтармен қамтамасыз ету.
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 19-20
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  23
         Күні:
Тақырыбы: Саясат және билік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Саясат және билік жүйесі туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары: Саясат. Саясат (грек,
politika—мемлекеттік, қоғамдык іс)—адамдардың бұқарамен, қоғамдың
бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты
мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі. Мемлекеттік деңгейде шешілуге,
билік жүргізуге қатысы бар істердің, халық бұқарасының немесе белгілі бір
әлеуметтік топтардың. Мүдделерін қозғайтын өрекеттердің бәрі саяси сипат
алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе
болып табылады.
  Саяси жүйе деп шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік  билік
жүзеге асырылатын мемлекеттік  мекемелерден,  саяси  партиялардан,  қоғамдың
бірлестіктерден  тұратын  институттар  жүйесін  айтамыз.  Саяси  жүйе  саяси
билікке  қатыстының  бәрін   —   саяси   ұйымдасуларды,   саяси   нормаларды
біріктіреді,    саяси    көзқарастарды,    тұжырымдамаларды,     дәстүрлерді
қалыптастырады.
Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға президент, парламент,
үкімет, сот органдары жатады.
  Билік деп адамдар арасындагы еріктік қатынастардың формасын  айтамыз.  Ол
адамдардыц, әлеуметтік  топтардың  тәртібіне,  олардыц  қоғамдың  қызметінің
сипаты мен бағытына әсер ете  алуынан  көрініс  береді.  Адамдар  арасындағы
еріктік қатынастар әлеуметтік қатынастарды  да  айқындайды.  Бұдан  биліктің
әлеуметтік қатынастар формасы ретінде де қызмет ететіні  көрінеді.  Билік  —
басқаруға  келген  адамның  немесе  адамдар  тобының  өз  еркін  іске  асыру
қабілеті. Билікке қол жеткізуші өзгелердің әрекеттерін өз еркіне  бағындыру,
басқару және жұмсау мүмкіндігіне ие болады.
  Билік бөлісу тек қана жоғары биліктің заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот
билігі тармақтарына, олардың өзара әрекеттесуі мен  бірін-бірі  "тежеу  және
қарсы  салмақ"  жүйесін  пайдалана  отырып  бөлісу  қағидаларына  негізделіп
жүзеге  асырылады.  Бұл  қағида  биліктің   толық   бір   органның   қолында
шоғырлануына жол бермейді.  Ол  мемлекеттік  билік  ағашының  заң  шығарушы,
атқарушы және сот бұтақтарының арасында тұруы керек.
Халық —билік қайнары. Демократиялық қағидаларды жүзеге асырудың басты
кепілі — халықтың саяси сауаттылыц деңгейі болып табылады. Бұқара өзі өмір
сүретін қоғамға лайықты, өзінің тағдырына тура әсер ететін заңдардың
жазылып, талқыланып, қабылданып жатуына енжар қарамай, осы үрдістерге
белсене ат салысуы керек. Сонда ғана әділетті заңдар дүниеге келеді.
"Халық" ұғымына қатысты қарама-қарсы екі көзқарас бар. Оның біріншісі —
халықтың қасиеттілігін, асқақтығын дәріптейді. Халықты жеңу, жойып жіберу
мүмкін емес, ол бәрібір түбінде әр нәрсені өз орнына қоятын фактор деп
қарайды.
    Бекіту кезеңі:
 1. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік
    жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
 2. Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына
    қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
 3. Қайткенде  халық  өзінің  қуатын  сақтап  қалады,  өзін-өзі қорғай
    алатын күшке айналады?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 21

Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:24
         Күні:
Тақырыбы: Демократия – халық билігі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Демократия – халық билігі  туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   1. Демократия
   2. Халық еркінің байқалу тетіктері
   3. Демократияның қозғаушы күштері
   4. Демократиялық емес режімдер
  Демократия  деген   сөздің   мәні   мен   оның   түсіндірілуіне   қатысты
бірмағыналылық жоқ. Төтелей аударғанда бұл сөз (грек, demos — халық,  kratos
— билік) халық билігі немесе халықтың басқаруы дегенді білдіреді.
  Ежелгі  грек  философы  Демокрит   (б.з.д.   460—370   жж.):   "Құлдықтан
бостандықтың артықшылығы қандай болса,  монархиядағы  бақытты  өмірден  гөрі
демократиялық мемлекеттегі кедейліктің артықтығы соншама", —  деп  есептеген
екен.  Соңғы  ғасырларда  демократиялық   ұстанымдарды   орнатудың   үлгісін
көрсетіп келген АҚШ президенттерінің бірі  Авраам  Линкольн:  "Демократия  —
халық үшін, халықтың өзі іске асыратын халық билігі", — деген екен.
  Демократия — халықтың  билік  қайнары  ретіндегі  танылуын  негіз  еткен,
қоғамның саяси қауымдасу формасы. Демократиялы  қоғамда  азаматтарға  шынайы
құқықтар   мен   еркіндіктер,   мемлекеттік   мәселелерді   шешуге    қатысу
мүмкіндіктері беріледі. Демократияның мәні  мен  маңызды  нышаны  —  тұлғаға
еркін құқық беру, адамның жеке басын қадірлеу болып табылады. Демократия  әр
елде әр түрлі  деңгейде  қабылданған  тетіктер  арқылы  қоғамның  өзгелермен
терезесі  тең  мүшесі  болып,  өз  тұрғысын  білдіру,  өз  дауысын   естірту
мүмкіндігін алған адамның мемлекетті  басқаруға  қатысу  құқығы.  Демократия
нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанатын дініне,  әлеуметтік  тегіне,  мүліктік
жағдайларына,  көзқарастарына  қарамастан,  барлық   азаматтардың   теңдігін
қалайды.
  Халық еркінің байқалу тетіктері. Сонымен  демократия  дегеніміз  —  халық
еркі немесе билігі екен. Бұдан: "Халық өзінің  еркін  қалай  көрсетеді  жөне
билігін қалай жүзеге асырады?"  —  деген  сұрақтар  туады.  Бұл  сұрақтардың
алғашқысына: "Халық өзінің еркін өзі шығарған заңдар  арқылы  білдіреді",  —
деп, екіншісіне: "Халық  билікті  өзі  сайлаған  депутаттары  арқылы  жүзеге
асырады", — деп жауап беруге болады.
   Заңдарды халық сайлаған қалаулылар жасайды. Олардың ішіндегі ең негізгісі
— конституция.
Демократияның қозғаушы күштері. Демократия өзінен-өзі немесе уақыты
жеткенде орнай қалмайды. Өзге демократиялық елдерде жасалып жатқанның бәрін
көшіріп әкеліп те демократия іргетасын қалауға болмайды. Демократиялық
ұстанымдардың қоғам өміріне нық орнығуы үшін бірқатар жағдайлар керек.
Олардың бастылары ретінде мыналарды атауға болады:
    - экономикада нарықтық қатынастардың орнығуы;
    - отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасау;
    - кәсіпкерлер мен бизнесшілерді түрлі салықтармен немесе қолдан жасап
      алған заңдармен тұншықтыратын сыбайлас жемқорлардан корғау;
демократияның бірден-бір шарты болып табылады.
Мұны таратып айтқанда былай болып шығады:
  —   азаматтардың тең  дәрежеде  билікке  араласуын  қамтамасыз  ету  үшін
ерікті және әділ сайлау жүйіесі болуы;
 _— мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты дұрыс болуы және сауатты басқарылуы
үшін балама идеяларымен билік басындағылардың қателерін түзеп, дұрысын
қолдап, қоғамды прогресс жолына түсірудің барлық тетіктерін қозғап отыратын
қоғамдық бірлестіктердің, солардың ішінде саяси партиялардың белсенді
әрекет етуі;
бұқараны дұрыс бағыттап, саяси ақпаратпен  қамтамасыз  етіп,  олардың  дұрыс
шешім қабылдауына, саяси сауатын арттыруына  көмектесетін  ерікті  бұқаралық
ақпарат құралдарының болуы;
адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот  билігінің  болуы
шарт.
  Демократиялық емес режімдер. Демократия болмаған елде өзге  демократиялық
  емес режімдер орнайды.
   Демократияға қарама-қарсы тұрған саяси жүйе — тоталитаризм.  Тоталитаризм
(лат. totalitas — тұтастық,  толықтық)  —  қоғам  өмірінің  барлық  аяларына
бақылау жасайтын,  демократиялық  ұйымдарға  тыйым  салатын,  конституциялық
құқықтар мен еркіндіктерді аяққа таптап, прогресшіл  күштерге  қарсы  қуғын-
сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §22



























Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 25
         Күні:
Тақырыбы: Мемлекет фунциялары, құрылымы мен басқарылуы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мемлекет фунциялары, құрылымы мен басқарылуы
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
  Мемлекеттің функциялары. Мемлекет бірқатар маңызды  функциялар  атқарады.
Бұдан екі  ғасыр  бұрын  98  өмір  сүрген  ағылшын  экономисі  Адам  Смиттің
тұжырымдауы бойынша, "табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса  маңызды
да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек.
  1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың  басып  кіруінен
     корғау;
  2. Мүмкіндігіне қарай,  қоғамның  әр  мүшесін  әділетсіздіктен  және  сол
     қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
  3. Жекелеген адамдар мен шағын  топтардың  мүдделеріне  қызмет  етпейтін,
     белгілі бір қоғамдық  мекемелер  ұстау  міндеттілігі".  Үкімет  ерікті
     қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар жүргізуі керек.
  Аталған  функцияларды  орындау  үшін  мемлекетке  билік  органы,  басқару
органы, күштеп бағындыру органы және сот керек.
  Мемлекетті басқару формалары  билікке  келудің  екі  түрлі  заңды  жолына
сәйкес монархия (грек, monarchia — өзі билейді) және республика (res  —  іс,
publicus — қоғамдық, жалпыхалықтық) болып  бөлінеді.  Билік  үшінші,  заңсыз
жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.
Монархия — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік
монархия деп мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен
шектелусіз, өз қалауынша дара билік жургізуін айтамыз.
  Конституциялық  монархия  деп  аталатын  басқару  формасындағы   елдердің
алдыңғы елдегінде қазір Англия, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.
Республикалық басқару екіге бөлінеді:
   1. Парламенттік;
   2. Президенттік;
   Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесін қабылдап алған елдерде
парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе
партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Парламенттік басқару
жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады.
  Диктатура  (лат.  dictare—нұсқау  беру)  —  бір  қолға  шексіз   биліктің
жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы  мемлекет  басқаруды
жүзеге асыру.
  Негізгі билік орталық үкіметтің  уысына  шоғырланған,  орталыққа  тәуелді
және оған есеп беретін,  өңірлік  және  жергілікті  органдарға,  заңға  сай,
белгілі  мөлшерде  билік  берілген  құрылды  мемлекетті  унитарлы   мемлекет
дейміз. Биліктің бұлай бөлінуінде орталық үкімет толығымен  егеменді  әрекет
етеді, халықаралық және ішкі істерде  конституцияға  сай,  толыққанды  билік
жүргізеді. Бірақ ол билікті асыра қолдануға апарып соқпауы керек.
  Дүние жүзіндегі  унитарлы  мемлекеттер  қатарында  Ұлыбритания,  Франция,
Жапония, Түркия, Польша, Иордания, Уругвай т.б. бар. Бұлар,  негізінен,  бір
ұлтты  мемлекеттер.  Ұлттық  азшылық  өкілдерінің   сол   елдер   тұрғындары
арасындағы үлестері аз.
  Федерация (лат. foedaratio  —  одақ,  бірлестік)  —  бірнеше  мемлекеттік
түзілімдердің бірігіп, бір одақтың тұтастықты құрауынан тұратын  мемлекеттік
құрылым формасы. Федерацияның аумағы  оған  кіретін  мемлекеттік  түзілімдер
аумақтарының жиынтығынан тұрады.  Федерациялық  мемлекетте  егемендік  жалпы
ұлттық және жергілікті үкіметтерге бөлініп беріледі,  орталық  және  өңірлік
билік  иелерінің  өкілеттіктері  федералдық  (одактық)  конституцияда  нақты
көрсетіледі.

Аумақтык ұстанымдар бойынша бөлінген федерациялық мемлекеттерге — Америка
Құрама Штаттары, Мексика, Канада сияқты елдер жатады. Федерациялық
мемлекеттердің үлкен бір тобы ұлттық-
аумақтық ұстаным бойынша құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі және
көрнектісі — Ресей Федерациясы. Ресей Федерациясында аумақтық-әкімшілік
бірліктерден басқа, ұлттық белгілері бойынша түзілген 21 республика, 1
автономиялық облыс, 10 автономиялық округ бар.
Конфедерация (лат. confoederare — шартпен байланысқан, біріккен) —
тәуелсіздігін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін
біріккен мемлекеттердің жеке одағы. Конфедерациялық одаққа біріккен елдер,
әдетте, сыртқы саясатты бірігіп жүргізеді, көбіне әскери одақтар құрады.
Конфедерацияның құрамына кемінде екі, кейде ондаған елдер кіруі мүмкін.
Дүние жүзіндегі ең ірі конфедерацияның мысалы ретінде Ұлыбритания
Достастығын алуға болады. Бұл саяси-экономикалық бірлестікке 49 тәуелсіз
мемлекет және Ұлыбританияға, Аустралия мен Жаңа Зеландияға тәуелді аумақтар
кіреді. Достастықтың орталығы — Ұлыбритания.

Бекіту кезеңі:
 1. Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша  тұжырымдап,
    дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
 2. Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары
    арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 23










Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  26
Күні:
Тақырыбы: Демократияның басты құралы,
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Демократияның басты құралы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Сайлау. Демократиялық ұстанымдарды  өмірге  енгізу  жалпыға  бірдей  ашық
сайлау өткізу арқылы жүзеге асырылады.
  Демократиялық жолмен сайлау өткізу деп  үкіметтің  әрекетіне  сын  көзбен
қарауға,  онысын  жариялауға  және  балама  ұсыныстар  енгізуге   еркі   бар
азаматтардың мемлекет  басқарушыларды  мейлінше  әділ  жолмен  таңдап  алуын
айтамыз.  Сайлау  әділеттілігінің   өлшемі   —   бәсекелестік,   кезеңділік,
өкілеттілік және түпкілікті сайлау жүйелерінің болуымен айқындалады.
  Сайлау жүргізу үрдісінде бәсекелестік, ең алдымен, оппозицияның  сайлауға
қатысуға мүмкіндік алуынан  көрініс  береді.  Сайлауды  шын  бәсекелестікпен
өткізу жағдайында оппозиция өкілдерінің баспасөзге, эфирге шығуы  қамтамасыз
етіледі, ашық сөйлеуге, жиналыстар  өткізуге  еркіндік  беріледі.  Оппозиция
пікірі қосымша  цензураға  ұшырамауы  керек.  Әділетті  сайлау  өткізу  үшін
сайлауға түсетін кандидаттардың бірнешеу болуы шарт.
  Оппозиция (лат. oppositio — қарсы қою) —
  1)   өз   көзқарасын,   ұстанатын    саясатын    билік    басындағылардың
көзқарастарына, саясатына қарсы қоя отырып, әрекет ету;
  2) көпшіліктің немесе билік иелерінің  пікірлеріне  қарсы  шығушы  партия
немесе жеке  адамдар  тобы.  Парламентте  үкіметтің  құрамына  еңбей  қалған
белгілі бір  партия  жігін  құрайтын  депутаттар  тобы  да  оппозиция  болуы
мүмкін. Оппозиция саяси партиялардың өз ішінде де  болады.  Кейде  жекелеген
адамдар  тобы  партияның  белгілі  бір  ұстанымды  қағидаларымен   келіспеуі
мүмкін.
  Фракция (лат. fradio — ұсақтап  бөлу)  —  парламентте,  жергілікті  билік
органдарында  немесе  өзге  ұйымдарда  өзінің  саясатын   жүргізетін   саяси
партияның ұйымдасқан тобы. Фракция саяси  партияның  өз  ішінде  де  болады.
Партияның өз ішіндегі фракцияны құрушылар оның  басты  бағытымен  келіспеуі,
жарғылық қағидаларының кейбіреулеріне қарсы болуы мүмкін.

  Сайлаудың кезеңділігі, конституцияда көрсетілгендей, белгілі  бір  мерзім
өткен сайын қайта жүргізіліп  отырылуынан  көрінеді.  Демократиялық  қоғамда
кез келген жетекшінің сайланбай қалуы немесе қайта сай-лануы  әбден  мүмкін.
Көптеген елдерде  кесімді  мерзімге  сайлаудың  соттарға  қатысы  жоқ.  Оның
өзіндік қисыны бар.
   Өкілеттілік өлшемі  түрлі  ұлттық,  діни,  нәсілдік  азшылық  өкілдерінің
үкімет құрамына енуін қамтамасыз етуден көрінеді.
  Демократиялық сайлау жүргізу арқылы  билік  тұтқасына  келген  жетекшілер
конституцияға сүйене отырып, іс жүзінде өздерінің биліктік  құзырын  көрсете
алуы сайлаудың тіршілік екендігінің көрінісі.
   Сайлау жүйесі.  Сайлау  дегеніміз  —  әр  азаматтың  —  тұлғаның  өмірлік
қызметіндегі қажетті, кепілдікті конституциялық минимум болып табылады.  Бір
жағынан алып қарағанда, азаматтың  сайлауға  және  сайлануға  қатысу  құқығы
болса,  екінші  жағынан,  бұл  демократиялық  ұстанымдарды  өмірге  ендіруге
мүмкіндік беретін, әр азамат орындауға тиісті міндет.
  Мажоритарлық  (франц.  majorite  —  көпшілік)  жүйе  бойынша   өткізілген
сайлауда округ бойынша көп дауыс алған кандидат  сайланған  болып  саналады.
Бұл  жүйенің  абсолютті   көпшілік   дауысты   жеңіп   алу   (сайлану   үшін
сайлаушылардың 50%-нан астамының дауысын жинау) және  салыстырмалы  көпшілік
дауысты жеңіп  алу  (өзге  кандидаттармен  салыстырғанда  көп  дауыс  жинау)
сияқты түрлері болады. Мажоритарлық жүйемен сайланған өкімет орнықты  болып,
байсалды жұмыс  жасайды.  Депутаттар  мен  сайлаушылар  арасындағы  байланыс
жақсы жолға қойылады. Елде саяси жанжалдар мен дағдарыстар аз болады.
  Абсолютті көпшілік дауыс алу жүйесі бойынша сайлау екі турмен өткізіледі.
Алғашқы турда сайлаушылардың жарымынан  астанымының  дауысын  жинай  алмаған
кандидаттардың салыстырмалы көп  дауыс  алған  екеуі  келесі  турда  дауысқа
түсуге құқық алады. Партиялар сайлау барысында ымыраға келеді. Келесі  турға
өте  алмаған   кандидаттардың   сайлаушылары   енді   екінші   турға   өткен
кандидаттардың  бірін  таңдайды.  Мұндайда  бірінші  турда  жеңіске   жеткен
кандидаттың екінші турда жеңіліп қалуы әбден мүмкін.
  Шектеуші  шарттар.   Дүниежүзілік   практикада   сайлауға   қатысушыларды
шектейтін шарттар да қол-данылады. Олардың түрлері, мөлшері  мен  сипаты  әр
елде  әрқалай.  Шектеуші  шарттар  жасқа,  азаматтыққа,  кейде  белгілі  бір
моральдық нормаларға байланысты алынуы мүмкін.

  Кейбір елдерде шектеу жасы  сайлаушы  мен  сайланушы  үшін  бірдей  болып
келеді. Мысалы, Қазақстанда – 18 жас, Швейцарияда  —  20  жас,  Аустралияда,
Ұлыбританияда, Ирландияда, Норвегияда — 21 жас, Данияда — 23  жас.  Көптеген
мемлекеттерде жоғары заңды органдарға үлкен өмірлік тәжірибесі  бар  адамдар
сайлануы керек деген тұрғы ұсталады. Бұл меже де әр  елде  әрқалай:  АҚШ-та,
Үндістанда, Жапонияда — 30 жас, Бразилияда, Францияда — 35  жас,  Бельгияда,
Ливияда, Түркияда — 40 жас.

  Сайлау цензі (лат. census — тізім жасау, санау) —  конституциямен  немесе
сайлау туралы заңмен бекітілген, азаматқа сайлауға қатысуға  және  сайлануға
дауысқа түсуге құқық жағдайлар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §24









Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:    27
         Күні:
Тақырыбы: Сайлау үрдісі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Сайлау үрдісі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
   Легитимация.   Саяси   аренада   билікке   таласушы    күштер    арасында
қақтығыстардың болып жатуы заңды. Кейде екі жақ бір-бірінің  қадамын  аңдып,
қарсыласының ісін  жоққа  шығару  мақсатында  түрлі  амал  қолдануы  мүмкін.
Бұқара  алдында  қарсыласының  беделін  түсіретін  материалдар  жариялау  да
осыған жатады. Кандидаттары сайлауда жеңіліске ұшыраған жақ  ондайда  сайлау
үрдісінде   жіберілген   қателіктер   мен   заңсыздықтарды   алға    тартып,
қарсыласының  сайлануын  заңсыз  деп  таныту  бағытында  әрекеттер  жасайды.
Адамның билік  тұтқа-сынакелуінің  заңдылық  деңгейін  айқындауда  легитимді
немесе легитимді емес деген терминдер қолданылады.
  Легитимация (лат. legitimus — заңды) —  белгілі  бір  әрекетті,  оқиғаны,
айғақты немесе лауазымды тұлғаны қоғамның тануы.
  Мынадай:
    - оппозициялық күштерге әкімшілік қысым көрсету;
    - сайлаушылардың тізімін жасаудағы бұрмалаушылықтар;
    - сайлауға қатыспаған азаматтардың дауыстарын пайдалану;
    - оппозициялық партиядан түскен кандидаттардың соңынан түсіп,  қылмыстық
      іс қозғау;
    - қарсыласына күйе жағып, жалған ақпарат тарату.
    - Мұны қара күйе дейді (черный пиар ағылш. pullig relation —  әлеуметпен
      байланыс);
    - электронды дауыс беру жүйесіне байланысты бұрмалаушылықтар;
    - болымсыз немесе ойдан шығарылған себептермен  бақылаушыларды  тіркемей
      қою.
  Сайлауға  қатысу  шарттары.  Демократиялық  елдердің   бәрінде   сайлауға
қатысатын партиялар мен блоктар үшін белгілі бір шарттар  қойылады.  Олардың
негізгілері:
  1) ақшалай кепіл;
  2) партияның жарғысы мен бағдарламасы туралы мәлімет;
  3) кандидаттың үкіметпен байланысы болмауы (үкіметтік мекемелерден  түсім
түсіріп тұратын жағдайы болмауы керек).
   Сайлау  алдындағы  үгіт.  Демократиялық  елдерде  мемлекет   азаматтарға,
қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты,  саяси  партияны  жақтап  не
қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт  жүргізу  құқығына  кепілдік  береді.
"Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының"  28-бабының
6-тармағында былай делінген: "Жергілікті  атқарушы  органдар  тиісті  сайлау
комиссияларымен   бірлесіп,   барлық   кандидаттар   үшін   үгіттік    баспа
материалдарын  орналастыратын  орын  белгілейді  және  оларды  стенділермен,
тақталармен,  тұғырлықтармен  жарақтандырады.  Үгіттік  баспа   материалдары
барлық  кандидаттар  үшін  құқықтарын   тең   қамтамасыз   ететін   жағдайда
орналастырылады.  Кандидаттар  үгіттік  баспа  материалдарын  тиісті  объект
иесінің рұқсатымен өзге орындарға іліп қоюға құқылы".
   "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы бойынша бұқаралық  ақпарат
құралдары кандидаттардың, саяси  партиялардың,  сайлау  науқанын  объективті
ашып  көрсетуге,  кандидаттың  немесе  саяси  партияның  іскерлік  абыройына
нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге ақпараттарды жариялаудан  аулақ
болуға міндетті. Алайда демократиялық институттары әлі  жетілмеген,  билікте
авторитарлық басқару амалдарын  қолданатын  адамдар  отырған  елдерде  саяси
қарсыласына қара күйе жағу  құбылысы  жиі  ұшырасады.  Мұндай  құбылыстардың
биліктің жоғары органдарын сайлау үрдісінде орын  алатын  жағдайлары  да  аз
емес.
   Сайлауды қаржыландыру. Сайлау үрдісін  қаржыландырудың  бірнеше  арналары
бар. Олардың ішіндегі бастылары:
    - партия кассасы,
    - мемлекет тарапынан қаржыландыру,
    - демеушілер қаражаты,
    - кандидаттың өз қаржысы.
   Құжаттар  дайындауға,  теле-радиохабарларға  шыққан   шығындар   мемлекет
тарапынан  бөлінген  қаржымен   жабылады.   Әдетте,   мемлекеттің   қаржысын
парламенттік партия пайдаланады. Жәрдем ақша мөлшері  парламенттегі  орындар
санына тәуелді болады.
  Дауысты санау. Сайлау үрдісіндегі ең  жауапты  мезеттің  бірі  —  дауысты
санау болып табылады.  Белгілі  бір  кандидатқа  берілген  дауыстарды  санау
барысында  неше  түрлі  бұрмалаушылықтар  кездесіп   жатады.   Дауыс   санау
үрдісінде бұрмалаушылықтарды болдырмау  үшін  қолданылып  жүрген  екі  ереже
бар.  Оның  біріншісі  —  дауыс  қағаздарымен   жүргізілетін   операцияларды
орындаудың заңда көрсетілген тетіктерін қатаң сақтау; екіншісі — урнаны  ашу
мен дауысты санауды бақылауға сенім білдірілген  адамдарды,  кандидаттардың,
партиялардың  және  халықаралық  ұйымдардың  бақылаушыларын,  БАҚ  өкілдерін
қатыстыру.
   Әр азаматтың дауысының маңызы.  Азаматтың  өз  елін  тікелей  өзі  немесе
сайланған  өкілдер  арқылы  басқаруға  қатысу  құқығы  аса   маңызды   саяси
құқықтардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы  әр
азаматқа  мемлекеттік  және  жергілікті  басқару  органдарына  сайлау   және
сайлану құқығын береді.
Неміс философы К Ясперс былай деген екен: "Келешек — адамдардың таңдау
жауапкершілігімен және тәртібімен, түптеп келгенде, өмір сүріп жатқан
миллиардтардың ішіндегі әр адамның жауапкершілігімен айқындалады.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 25













Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  28
         Күні:
Тақырыбы: Қоғамдық бірлестіктер
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қоғамдық бірлестіктер туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қоғамдық бірлестіктер. Өркениетті қоғамда мемлекеттік саясатқа ықпал етіп
отыратын толып  жатқан  күштер  —  қоғамдық  бірлестіктер,  әскери-өнеркәсіп
кешені,
   Коалиция (лат. coalitio — бірігу) — мемлекеттердің,  саяси  партиялардың,
өзге қоғамдық  бірлестіктердің  бәріне  ортақ  саяси,  әскери,  экономикалық
мақсаттарды көздей отырып бірігуі.
  Саяси партиялар дегеніміз — уақыт өткен сайын елдегі және дүние жүзіндегі
даму үрдістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын,  қоғамдағы  саяси  белсенді
адамдардың динамикалық ұйымы болып табылады. Қазіргі  демократиялық  қоғамды
саяси партияларсыз немесе "бір партиялы" құрылыммен  көзге  елестету  мүмкін
емес.
  Биліктік құрылымдағы орнына қарай партиялар:  билеуші  және  оппозициялық
болып бөлінеді.
  Билеуші партия деп сайлауда көпшілік дауысты жеңіп алып, үкіметті  құруға
мандат  (лат.  mandatum  —  өкілет-тікті  куәландыратын  құжат)  алған,  заң
шығарудың, басқарудың (кейбір елдерде сот билігінің де)  барлық  органдарына
өз адамдарын  отырғызып,  мемлекеттік  билікті  толық  немесе  басым  жүзеге
асырып отырған партияны айтады.
Оппозициялыц партиялар үкіметтің қызметіне сыни көзқарас танытып, оның
кемшіліктері мен қателіктерін көрсетіп отырады.
  Саяси партиялардың атқаратын негізгі міндеттері:
қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың арасында делдалдық қызмет атқарады;
сайлау науқанын идеялық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етеді;
  —   депутаттыққа кандидаттар ұсынады.
Қоғамдық ұйымдар. Түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне
қарай бірігуінің формалары мен түрлері қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олар
—одақ, ұйым, қоғам, қозғалыс, ассоциация, комитет, гильдия т.б. аталады.
Көпшілік жағдайда олардың қызметтерінің сипаты "халықтық", "азаматтық",
"бұқаралық" деген анықтаушы сөздермен айқындалады
Қоғамдық ұйымдар халық бұқарасының саяси белсенділігін арттыруға, қоғамдық
прогрестен туындаған мәселелерді шешуге көпшілікті жұмылдыруға, өзекті
әлеуметтік мәселелерге үкіметтің назарын аудартуға ықпал ете отырып, үлкен
істер атқара алады.
Бекіту кезеңі:
 1. Саяси партия мен  қоғамдық  ұйымдардың  арасындағы  ұстанымды  айырманы
    атаңыздар.
 2. Қазақстанның саяси сахнасында әрекет ететін саяси партияларды атаңыздар
    және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша  саралаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 26


Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 29
         Күні:
Тақырыбы: Саяси мәдениет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Саяси мәдениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Саяси мәдениет деп азаматтардың саяси білімінің, баеаларының және
әрекеттерінің деңгейі мен сипатын, сонымен қоса, саяси қатынастарды ретке
келтіретін әлеуметтік   құндылықтардың,   дәстурлердің нормалардың мазмұны
мен сапасын айтамыз.
  Саяси мәдениеттің негізінде қоғам мүшелерінің саяси құндылықтарды игеруін
қамтамасыз етуге бағытталған қызметі — саяси тәрбие жүзеге  асырылады.  Жеке
адам  өзінің  азаматтық  сапалық   қасиеттерін,   саяси   ынтасын,   белгілі
мәселелерді шешу белсенділігін көрсетеді,  өзінің  тәртібін  саяси  нормалар
мен демократиялық институттарға саналы және ерікті түрде бағындырады.
Діл (орыс. менталитет, лат. mens—ақыл, ойлау, ой бейнесі, жан құрылымы) —
ұжымдық және жеке сана тереңдігінің деңгейі, жеке адамның немесе әлеуметтік
топтың әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау мен сезінуге
дайындығының, құлшынысы мен зауқының жиынтығы.
Саяси  мәдениет  дегеніміз  —  қоғамның  саяси  өміріндегі   факторлар   мен
құбылыстарды үнемі саралап, ой елегінен өткізіп отыру деген сөз.
  Популизм (лат. pcpuu—халықтың, бұқараның  құқықтары  мен  мүдделері  үшін
күрес) —  бұқараға  негізсіз  уәделер  беру  арқылы  танымал  болуға  тырысу
әрекеті. Популистер қашанда, қай елде болмасын, аз болмаған.  Олардың  саяси
мәдениеті төмен елдерде тіпті көп болуы заңды. Үйіп-төгіп  берген  уәдесінен
сайланып алғаннан кейін  айнып  кете  беретін  саясатшылар  қай  заманда  да
болған.

  Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — халық бұқарасына  ақпарат  жеткізудің
қазіргі замандық арналары — баспасөз, теледидар, радио, өзге де дыбыс  бейне
тарату құралдарының жиынтығы.
  БАҚ-тың қайсысы болса да бұқараны  елде  және  одан  тыс  жерлерде  болып
жатқан саяси және өзге оқиғалармен таныстыра отырып,  ақпараттық-ағартушылық
қызмет атқарады. Демократиялық қоғамда дұрыс шешім қабылдау  үшін  адамдарды
жан-жақты ақпаратпен  қамтамасыз  ету  бағытындағы  БАҚ-тың  қызметі  ерекше
мәнге  ие.  Баспа  өнімдері,  теледидар  мен  радио  бағдарламалары  қоғамға
қажетті өнім болып табылады.
Бекіту кезеңі:
 1. Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.
 2. Бұқаралық ақпарат құралдарын,  әдетте,  "төртінші билік" деп атайды.
    Оның мәні неде деп ойлайсыздар?

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 27






Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:30
        Күні:
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы саяси сипаттама
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы саяси сипаттама туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Егемендік (орыс. суверенитет, франц.  souverainete  —  жоғарғы  билік)  —
мемлекеттік биліктің  бірлігін,  жоғарылығын  және  дербестігін  айқындайтын
мемлекеттің мәні. Бұл ұғым мемлекеттің өз билігін өз  қолына  алуын,  өзінің
жер аумағына, жер қойнауындағы қазба байлықтарына, суға,  аспан  кеңістігіне
иелік етуін, экономикасын басқаруын білдіреді.
Мемлекеттік биліктің бірлігі қазіргі Қазақстанда тек бір ғана мемлекеттік
биліктің болу мүмкіндігінен және бар екендігінен, оның тәуелсіз толыққанды
биліктерге бөлінбейтінінен көрінеді.
  Егемендік пен тәуелсіздік — бір тарихи оқиғаныц екі сатысы.  Бұл  тұжырым
бүкіл  дүниежүзілік   тарихи   үрдістегі   заңдылықты   түсіндіру   құқығына
ұмтылмайды,  қазіргі  Қазақстанның  егемендігі  мен   тәуелсіздігін   алуына
қатысты алғанда ғана объективті болады.
Қазақстан   Республикасының   1995    жылғы    Конституциясында    Қазақстан
Республикасына  саяси  сипаттама  берілген.  Ол  сипаттаманың  аса   маңызды
қағидаларының бірі, Конституцияның  1-бабының  1-тармағында  көрсетілгендей,
"Қазақстан  Республикасы  өзін   демократиялық,   зайырлы,   құқықтық   және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны" болып  табылады.  Бұл  ашық  және
азаматтық қоғам құрудың бастамасын көрсетеді.
Демократиялық мемлекет ұғымы — алдымен конституция қабылдап, тікелей
мемлекет басшысын және парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң
оларды ауыстыруға болатынын білдіретін жөне халықтың құрылтайшылык билігі
үстемдік ететін, мемлекетті республикалық құрылыстағы құрылым ретінде
танытатын ұғым.
  Зайырлы  мемлекет  —  азаматтардың  дін  ұстануы  мен  діни  мекемелердің
мемлекеттен бөлектігін білдіреді.  Дін  мемлекеттік  идеологияға  ықпал  ете
алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін  жоқ.  Бұл  Қазақстанда
кең таралған екі әлемдік дін —  ислам  мен  православиелік  діндерге  бірдей
қатысты. Дін негізінде  саяси  партия  құруға  жол  берілмейді.  Мемлекеттік
органдар тек конституция және  соның  негізінде  жасалған  салалық  заңдарды
басшылыққа алып жұмыс істейді.
Конститу циялыц мемлекет — құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның
негізгі ұстанымдары, азаматтар үшін: "Заңда тыйым салынбағанның бәріне
рұқсат", мемлекеттік лауазым иелері үшін: "Заңда нақты не көрсетілсе, соған
ғана рұқсат" деп тұжырымдалады.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты өз азаматтарына конституция бойынша кепілдік
берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетті дамыту,
тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік
қамсыздандыру және табысы аз тұрғындар тобын қорғау сияқты әлеуметтік
шараларды жүзеге асыруынан көрінеді.
  Әлеуметтік мемлекет — социалистік мемлекет емес.  Ол  нақты  экономикалық
мүмкіндіктерге сай, жүзеге асыруға болатын  әлеуметтік  қамқорлықтарды  ғана
міндетіне   алады.   Ал   азаматтардың   өздері   еңбекпен,   кәсіпкерлікпен
айналыспаса,  олардың  санасын   масылдық   пен   теңгермешілік   психология
меңдегенде, әлеуметтік мемлекет оларды  тұңғиықтан  сүйреп  шығара  алмайды.
Сондықтан  адам  мен   адам   құқығын,   бостандығын   бекіте   отырып,   ҚР
Конституциясы (II бөлім) жеке адамның лайықты  өмірін  және  еркін  жетілуін
қамтамасыз ету тек мемлекеттің ісі емес,  алдымен,  оның  өзінің,  адам  мен
азаматтың санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін көрсетеді.
Бекіту кезеңі:
   1. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген
      ұғымдар нені білдіреді?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 28



Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ:  31
         Күні:
Тақырыбы: І жартыжылдық сынақ «Әлеуметтік, қоғам саясаты»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
   1. Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
   2. Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына
      көңіл аударыңыздар.
   3. Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын
      дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
   4. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік
      жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
   5. Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық
      үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
   6. Қайткенде  халық  өзінің  қуатын  сақтап  қалады,  өзін-өзі қорғай
      алатын күшке айналады?
   7.  Мемлекеттің   атқаратын   функцияларын   өз   сөздеріңізбен   қысқаша
      тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
   8.  Басқарудың  президенттік  республика  мен   парламенттік   республика
      формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
   9. Саяси партия мен қоғамдық  ұйымдардың  арасындағы  ұстанымды  айырманы
      атаңыздар.
  10.  Қазақстанның  саяси  сахнасында  әрекет  ететін   саяси   партияларды
      атаңыздар және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша  саралаңыздар.
  11. Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген
      ұғымдар нені білдіреді?
  12. Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.
  13. Бұқаралық ақпарат құралдарын,  әдетте,  "төртінші билік" деп атайды.
      Оның мәні неде деп ойлайсыздар?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер




Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 32
         Күні:
Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Қоғам саясаты»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
   1. Құрылым деген не?
   2. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы қандай?
   3. Қазақстан Республикасының Зейнет ақы туралы не білесің?
   4. Орта тап қоғамы деген не?
   5. Ұлт және диаспора деген не?
   6. Ұлтаралық қатынастар деген не?
   7. Этноаралық қатынастар деген не?
   8. Отбасы басты мақсаты қандай?
   9. Неке туралы не білесің?
  10. Моногамды және полигамия отбасы деген не?
  11. Отбасының атқаратын функциясы қандай?
  12. Саясат деген не?
  13. Саяси жүйе деген не?
  14. Демократия ұғымы
  15. Мемлекеттік функциялары қандай?
  16. Мемлекетті басқару формасы қандай?
  17. Унитарлы мемлекет
  18. Саяси партиялар туралы не білесің?
  19. Саяси партиялардың атқаратын қызметі қандай?
  20. Саяси мәдениет деген не?
  21. Егемендік  және тәуелсіздік дегенді қалай түсіненсің?
  22. Құқықтық мемлекет
  23. Әлеуметтік мемлекет
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер








Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 33
         Күні:
Тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқық туралы жалпы түсінік туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қоғамда өмір сүретін  адамдардың  өздерін  ұстау  ережелерінің  жиынтығын
әлеуметтік нормалар дейміз (грек. socitas  —  қоғам,  лат.  norma  —  ереже,
үлгі).
  Құқықтық  нормалар.  Құқыктың  пайда  болуы  мемлекеттің  пайда  болуымен
тікелей  байланысты.  Мемлекет  тарапынан  бақылауға  алынған,   нормативтік
актілерде   нақтыланған,   орындалу   тетігі    қалыптастырылған    нормалар
болғандықтан, құқық ережелерін сақтау  мемлекеттің  барлық  азаматтары  үшін
міндетті   болып   табылады.   Құқұық   дегеніміз   —   мемлекет   тарапынан
заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
  Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы — Конституциясы, салалық
заңдары және басқа  құқық  нормалары  тұжырымдалған  мемлекеттік  нормативті
актілері жатады. Құқықтың мазмұны құқықтык нормалардың жиынтығынан тұрады.
  Құқықтың ерекшелігі — оның нормалары бұзылған  жағдайда  кінәлінің  заңды
жауапқа тартылатынында.  Ал  моральдық  тәртіпті  бұзғаны  үшін  адам  заңды
жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді,  айналасына
жағымсыз пікір туғызады.
  Діни нормалар. Түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері,
салттары болады. Діни нормалардың
қайнарлары — Құран,  Библия басқа  қасиетті кітаптар. Кейбір елдерде діни
нормалардың заңды күші бар.
  Ғұрып нормалары деп  ұзақ  уақыт  бойы  адамдар  арасындағы  қатынастарды
реттеу  үшін  қолданылып   келген   ұстану   ережелерін   айтамыз.   Олардың
кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда  қалыптасып  кеткен.  Мұндайда
ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекеттік  органдар  тарапынан
да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.
  Кортюративтік нормалар қоғамдык  ұйымдардың  жарғыларымен,  ережелерімен,
басқа актілерімен орнатылады. Корпоративтік нормалар тек  олардың  өздерінің
құқықтарын,  міндеттерін,   жауапкершіліктерін   айқындайды.   Корпоративтік
нормалар саяси партиялардың, кәсіподак және жастар мен балалар  ұйымдарының,
әскердің, полицияның жарғыларында жазылады.
Мемлекет  пен  оның  органдары тарапынан құқыктық нормалардың орындалуы,
заңдардың бұзылмауы қадағаланды. Құқыктық тәртіпті қорғайтын, заңды
бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар — полиция, сот, прокуратура,
әскер құрылды.
  Құқық  жүйесі  үш  құрауыштан  —  құқықтан,  құқыктық  идеологиядан  және
құқықтық мекемелердің қызметінен тұрады. Құқық — мемлекет тағайындаған  және
мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі.  Құқықтық  нормалар  тек
заңдардан  ғана  тұрмайды,   басқа   нормативтік   құқыктық   актілерде   де
көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік  құқыктық  актілер  қабылдау
құқығы берілген. Президент — нормативтік  жарлықтар,  Үкімет  —  нормативтік
қаулылар, министрліктер  —  нормативтік  бұйрықтар,  жергілікті  мемлекеттік
органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
  Құқық  және  заң.  Құқық  жүйесінде  заңдар  ерекше  орын  алады.   Заңға
мемлекеттік  биліктің  жоғары  органы  —  парламент  қабылдаған  нормативтік
актілер жатады. Заң — ең жоғары юрисдикциялық күш. Заңдар  адамның  құқықтық
мәртебесін анықтайды.
  Капитализм тұсында ғана жұмысшылар мен шаруалар  азаматтық  мәртебеге  ие
болды, бірақ өмір сүру үшін олар жеке кәсіпкерлерге жалданды.
Француз революциясының негізгі құжаты — "Адам мен азамат құқықтарының
декларациясы" (1789) тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы
теңдігін, жеке адамның бас бостандығын жариялады


Бекіту кезеңі:
Әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарының арасын ажыратып
көрсетіңіздер.
Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?
Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 29





Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып:    9 б                                 Сабақ: 34
         Күні:
Тақырыбы: Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан туралы
жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Түркі құқықтық жүйесінің негіздері. Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық
жүйесі  Қазақстанның  ұлан-ғайыр  өлкесін  мекендеген  көшпелі  тайпалар   —
сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың  қоғамдық  құрылысындағы
әскери демократиялық үрдістерден бастау алады. Мысалы,  біздің  заманымыздың
бас кезінде Қазақстан жерін  қоныстанған  ғұндардың  жоғарғы  өкімет  билігі
рубасылар кеңесінде болды. Кеңес патшаға бағынды. Мемлекет белгілі  деңгейде
қалыптасқан құқықтық нормаларға сүйеніп жұмыс істеді.
   "Төру" ұғымы XVI ғасырға дейін қолданылып келді де, соның негізінде "Төре
бітігі" деп аталатын заңдар  жинағы  қабылданды.  Бұл  жинақ  армян  әрпімен
жазылған. Құқықтық  акт  мағынасындағы  "төру"  ұғымы  осман  түріктері  мен
Венгриядағы мадиярларда сақталып қалған.
  Түрік  қағанатында  экономика  мен  сауданың  дамығандығы  "тауар"  деген
ұғымның   қалыптасуынан   көрінеді.   Бұл   сөз   XIII    ғасырдағы    түркі
ескерткіштерінде кездеседі. Қазір де  "тауар",  "табыс"  дегенді  білдіретін
бұл  сөз  М.Қашқаридың  сөздігінде  "мал-мүлік",  "өндірілген  өнім"   деген
ұғымдарды  білдіретіні  айтылады.  Тауарға  байланысты   қатынастар   заңмен
реттеліп отырды. Тауарды сатуға, сатып алуға, біреуге  мұра  етіп  қалдыруға
болатын еді.
  1206 жылы тарихқа танымал заңдар жинағы — "Шыңгыс  ханның  жасасы"  пайда
болды. Бұл заң жаулап алынған елдердің  бәріне  қолданылып,  олардың  саяси,
экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді. Әр өлкеде  хан  тұқымынан
шыққандар  билейтін  ұлыстар  құрылды.  "Жаса"  бойынша  басыбайлық   тәртіп
орнатылды.  Әскери  және   құқықтық   тәртіпті   бұзушыларга   өлім   жазасы
қолданылды. Біртұтас салық жүйесі белгіленді.
Ұлттық құқықтық жүйенің орнығуы. Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің
қалыптасуы XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын
қалаушылардың бірі Жәнібектің — баласы Қасым хан есімімен байланысты.
Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды.
  "Қасым ханның қасқа жолы" бес  бөлімнен  тұрды.  Бірінші  бөлімде  малға,
мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.  Екінші  бөлімде  түрлі
қылмыстар мен оларға қолданылатын  жазалар  тұжырымдалған.  Үшінші  бөлім  —
әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін  бұзушыларға  берілетін
жазаларға  арналған.  Төртінші  бөлімге   елшілік   қатынастарды   реттейтін
нормалар — елшілерді тағайындау,  басқа  елдердің  елшілерін  қабылдау,  шет
мемлекеттер өкілдерімен  келіссөз  жүргізу  рәсімдері  енгізілген.  Соңғы  —
бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру,  түрлі  той-думандар,  тағы  басқа
дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
  Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқыктық жүйесін дамытуға  айтарлықтай
үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару  ережелерін  күшейтті,
әскер тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны  қатайтты.  Бұл  жоңғарлардың
шапқыншылық  әрекеттерінен  қорғану  қажеттігінен  туындаған   еді.   Қалған
мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғүрыптар мен  заңдарды  сақтап  қалды.
Сондықтан оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.
  Қазақтың құқық жүйесіне  келесі  елеулі  өзгерістер  енгізген  Тәуке  хан
(1680—1715)  болды.  Ол  "Жеті  жарғы"  деп  аталған,  өзіндік  бір   кодекс
пішініндегі  құқықтық  нормалардың  сындарлы  тұжырымдарын   жасады.   "Жеті
жарғыда" бірсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.
  Кек алудың "қанға — қан" деген түріне тыйым салынды. Кісі өлтірген немесе
соққыға жығып, денеге жарақат түсірген  жағдайда  төленетін  күнның  мөлшері
нақтыланды.  Билік  басындағы  сұлтандар  мен  билердің  өктемдігіне  шектеу
қойылды. Қоғамның кедей топтарының әлеуметтік жағынан  қорғалуын  қамтамасыз
ететін құқыктық нормалар енгізілді. Байлар кедей  туыстарына  сауын  беруге,
көші-кон кезінде көлік жағынан көмектесуге  тиісті  болды.  Апатты  жағдайға
ұшырап, күйзеліп қалған адамдарға көмектесу міндеттелді.
 1. Құқықтың  ұлттық  нышандарының  қандай  элементтерін қазіргі құқық
    жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіздер?
 2. Қазіргі ұлттық құқықтық жүйеден орын алған мұсылмандық, монғолдық және
    қазақы элементтерді атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 30


|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  35        |Күні:                |


Тақырыбы: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және
олардың қорғалуы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халық-аралық-құқықтық құжаттар
жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық
құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын
өз аумағында бұлжыт-пай орындап отыруға міндетті. Қазақстан Республикасы
Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты сақтау
ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын
талаптарды орындап отырады.
  Қазақстан Республикасында адам құқыктары мен бостандықтарын айқындайтын
құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқыктың құрамдас бөлігі болып
табылады. БҰҰ-ның Жарғысында "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің қүұметті борышы мен міндеті болып
табылады" деп жарияланған. Осы Жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында
тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандыктарының жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуге, адамды кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.
  Халықаралық құқықтың актілер Қазақстан Республикасындағы заң шығарудың
қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық
қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын іс
жүзінде басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің
мемлекетіміздің құқықтық жүйесін алықаралық құқыктық жүйенің құрамдас
бөлігі деп таниды.
  "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы". БҰҰ-ның Бас ассамблеясы
1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын" қабылдаған
болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам
атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған,
адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
  Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топка
жіктеуге болады. Бірінші топка адамдардың табиғи және тумысынан жазылған
құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы,
құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан
пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқыктарына ешкімнің қол сұғуға
қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе
оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға
тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын
орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
  Екінші топқа азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады.
Бұлар — адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу,
некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге
қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
  Үшінші топка — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады.
Бұлар — адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы
алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің
жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру  құқықтары.
   1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар
туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың
кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын
арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің
өкілдері сайланатын болды. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам
құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен
бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын
өз тарапынан тексеріп отырады.
Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.
Конституцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары оларға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге
асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның
қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда
көрсетілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады.
  Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық
пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік
қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдіктері.
Азаматтардың құқықтары мен бостандыктарына ең негізгі кепілдік — оның
құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен
бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана конституцияда
көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру
немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.
  Азаматтардың құқығы мен бостандығына негізгі кепілдік беретіндер —
өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзіне асыратын
мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық
мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына
жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі мұратының өзі сол —
азаматтардың заңды құқыктарын қорғау үшін қызмет ету.
  Бекіту кезеңі:

   1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?
   2. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай
      жетілдіруге болады?
   3. Қазақстанда  адам  құқықтарының  қорғалуын  қамтамасыз ететін
      органдарды атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §31

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:   36       |Күні:                |


Тақырыбы:
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Азаматтық туралы жалпы түсінік. Азаматтық туралы мәселе — адам мен  қоғам
арасындағы қатынастарда ежелден  маңызды  орын  алатын,  әр  елде  әр  түрлі
көрініс  беретін,  үнемі   құбылтуларға   ұшырап   отыратын,   түрлі   саяси
жанжалдардың да  ұйытқысы  болып  келген,  аса  күрделі  мәселелердің  бірі.
Азаматтыққа қатысты мәселелер  үнемі  қақтығысқан  жақтардың  негізгі  талас
объектісі  болып  отырады.  Мемлекеттің  федерациялы  немесе  конфедерациялы
құрылымдары үрдісінде азаматтыққа байланысты туындайтын шектесулер  өте  жиі
ұшырасып отырады.
  Азаматтық  деп  белгілі  бір  мемлекеттің  заңдылықтарымен  орнықтырылған
құқықтарды  пайдаланып,  міндеттерді  атқаратын,  сондықтан   да   құқықтары
мемлекет тарапынан қорғалатын адамның  сол  мемлекетке  тәнділігін  айтамыз.
Басқарудың  монархиялық  формасындағы   мемлекеттерде   "азаматтық"   орнына
"бодандық" термині қолданылады.
  Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің  заңдарымен  реттеледі.
Түрлі мемлекеттерде адамның  дүниеге  келе  сала  азаматтық  алуы  табиғилау
немесе  тамырландыру  қағидаларымен  жүзеге  асырылады.  Әдетте,   тұмысынан
азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін.  Оның  біріншісі
— ұлттық  немесе  "қан  құқығы"  (jus  sanguinis)  деп  аталынған  қағидамен
азаматтық  алу.  Мұндайда  баланың   азаматтығы,   өзге   жерде   туылғанына
қарамастан, оның  ата-анасының  азаматтығынан  туындайды.  Азаматтық  алудың
екінші түрі — аумақтык немесе "топырақ құқығы" (jus soli) делінетін  ұстаным
бойынша анықталады. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата-анасының  азамат-
тығымен емес, туған жеріне (еліне) байланысты айқындалады.
  Қазақстан Республикасындағы  азаматтық  —  мемлекет  ретіндегі  Қазақстан
Республикасы мен адам  арасындағы олардың өзара құқықтары мен  міндеттерінің
жиынтығын білдіретін  саяси-құқықтық  байланысы  болып  табылады.  Азаматтық
мемлекет пен жеке адамның өзара тұракты қарым-қатынасы ретінде  сипатталады.
Азамат дегеніміз — мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды  тұлға.  Соған
орай  Қазақстан  Республикасы  адам  алдында   жауапты,   оның   ел   ішінде
белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мойындайды әрі  оны  қорғайды  және
республикадан  тыс  жерлерде  де  оны  қорғап,  қамқорлық  жасауға  кепілдік
береді.
  Қос азаматтық. Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізін  онымен  тұрақты
саяси  және  құқықтық  байланысы  бар   азаматтар   құрайды.   Белгілі   бір
жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтыгын  қатар  алуы
мүмкін.  Адамның  мұндай  жағдайы  қос  азаматтық  деп  аталады.   Қазақстан
Республикасының Конституциясы республика  азаматының  басқа  бір  мемлекетке
азамат болғанын мойындамайды. Соған  қарамастан,  азаматтықтың  пайда  болуы
жөніндегі  өзге  мемлекеттердің  заңдарынан  туындап   жататын   жағдайларға
байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін.
  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алу  және   азаматтықтан   шығу.
"Қазақстан Республикасының азаматтық туралы" Заңы бойынша:  осы  заң  күшіне
енген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында  тұрақты  тұратын
адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.
  Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішті  президент
қарайды.
  Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш мынадай жағдайларда
қабылданбайды:
    * халықаралық құқықта қаралған, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар;
    * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар;
    * Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар;
    * халықтың  денсаулығынына,  мемлекеттің  қауіпсіздігіне  қатысты  заңды
      бұзғандар;
    * мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;
    * Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы
      шыққандар;
    * террорлық әрекеті үшін сотталғандар;
    * сот ерекше қауіпті деп таныған ауыр қылмыстылар;
  —   басқа мемлекетте азаматтығы барлар.
  Азаматтықты куәландыратын құжат — куәлікпен төлқұжат болып табылады. Адам
  16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы  әкесі  мен  шешесінің  біреуінің
  төлқұжатымен және өзінің тууы туралы куәлігімен расталады.
Бекіту кезеңі:
 1. Азаматтық алу үрдісіндегі "қан құқығы" және "топырақ
    құқығы" ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер?
2. Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
 3.  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын   алу   үшін   өтініш   қандай
    жағдайларда  қабылданбайды?
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 32



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:    37      |Күні:                |


Тақырыбы: Құқықтық мемлекет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқықтық мемлекет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Құқықтық мемлекет дегеніміз  -  құқық  жүйесі  қалыптасқан,  заң  бәрінен
жоғары  туратын,  заң   талаптарының   барлық   субъектілерге   міндеттілігі
қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі  тугелдей
қабылданған заңдарға негізделіп жургізілетін мемлекет.
  Құқықтық мемлекеттің белгілері. Құқыктық мем-лекеттің ең басты және айқын
белгісі — заң бәрінен де  жоғары  тұрып,  қоғамдық  өмірде  үстемдік  етеді.
Қоғамдық  өмірдің  барлық  маңызды  жақтары  заң  арқылы  реттеліп  отырады.
Конституция бойынша заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.
  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  Қазақстан   Республикасының
Парламенті қызметінің заң шығарушылық және оны жүзеге  асырушылық  сипаттары
айқындалған. Парламент аса маңызды  қоғамдык  қатынастарды  реттейтін,  жеке
және  заңды  тұлғалардың  құқық  субъектілігін   айқындайтын,   азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепілдік  бола  алатын,  мемлекеттік  органдар
мен жергілікті өзін-өзі  басқару  органдарының  ұйымдастырылуы  мен  олардың
қызметінің сипатын көрсететін,  мемлекеттік  және  әскери  қызметтің  мәніне
қатысты қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруы керек.
  Заң шығару — парламенттің төл қызметі. Бұл миссиясын Парламент ешбір өзге
органға  бермеуі  керек  және  өзінің   шығарған   заңдарымен,   нормативтік
актілерімен қоғам өмірінің негізгі жақтарын тегіс қамтуы керек.
  Кейде заң шығару  құқығының  ел  Президентіне  уақытша  берілуі  құқықтык
мемлекетте де болуы мүмкін. Қоғам өмірі өте күрделі,  онда  да  түрлі  алдын
ала қарастырылмаған жағдайларға ұшырасып отырады. Саяси дағдарыстар  кезінде
парламент таратылып жіберілетін  жағдайлар  болады  немесе  парламент  толық
құраммен кезекті демалысқа шығарылады.
  Құқыктық мемлекеттің тағы  бір  маңызды  қағидасы  —  барлық  мемлекеттік
органдарға, лауазымды тұлғаларға  заң  талаптарының  орындалуын  міндеттеуі.
Заңдардың өзін қабылдайтын мемлекет пен  оның  органдары  болғандықтан,  заң
талаптарын орындаттыру міндеттерін де, алдымен, сол мемлекеттің өзі  мойнына
алуы керек.
  Бұқараның құқықтық мәдениеті. Құқықтык мемлекеттің  маңызды  белгілерінің
бірі — азаматтардың заңдарды мүлтіксіз  сақтауы.  Азаматтар  өз  құқықтарын,
бостандықтары  мен  міндеттерін,  заңдарды,  басқа  да  нормативтік-құқықтық
актілерді  жақсы  білуі   қажет.   Ол   үшін   Конституцияны,   азаматтардың
құқықтарына, бостандықтары мен  міндеттеріне  қатысы  бар  заңдарды,  барлық
нормативтік-құқықтың   актілерді    баспасөз    бетінде    жариялап    отыру
қарастырылған.  Заңдарды  баспасөз  бетінде   жариялау   оларды   қолданудың
алғышарты болып табылады. Мұның азаматтарды  құқықтық  жағынан  сауаттандыру
үрдісіндегі маңызы зор.  Конституциялық  ереже  азаматтардың  құқықтары  мен
міндеттері   нақты-ланған   салалық   актілердің   мазмұнының    жұртшылыққа
жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етеді.
  Соттардың тәуелсіздігі. Құқықтық мемлекеттің келесі маңызды қағидаларының
бірі — соттардың тәуелсіздігінің  баянды  етілуі  болып  табылады.  Құқықтық
мемлекетте сот мемлекеттік биліктің үш тармағының біреуі болып саналады.
  Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай, "судья сот төрелігін
іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана  бағынады".  Сот
төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да  болсын  араласуға
жол  берілмейді.  Соттың  ісіне  қол  сұғу,  билігіне  араласу  заң  бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 33







|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:   38       |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы
ме мазмұны туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Конституция — мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз  өмір  сүре
алмайтыны белгілі. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар  мыңдап
саналады. Сол заңдардың бәрінің  бастау  алар  негізі  —  Конституция  болып
табылады.
  Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет
түрлері көп болса да, олардың бәріне ортақ белгілері  болады.  Конституцияда
мемлекеттік құрылым  түрлері  (унитарлык,  федерация  немесе  конфедерация),
мемлекетті  басқарудың  (монархия  елде  республика)  формалары  анықталады,
мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы,  азаматтардың  негізгі  құқыктары,
бостандықтары мен міндеттері  көрсетіледі.  Мемлекет  пен  қоғамның  Негізгі
заңы  ретінде  Конституция  бүкіл  заң  шығару  ісінің  қайнар  көзі   болып
табылады.
  Конституция (лат. constitutio—құрылу, өкім) — қоғамдың  және  мемлекеттік
құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың  түзілу  реттілігі
мен   қызметін,   азаматтардың   құқықтары   мен   міндеттерін   айқындайтын
мемлекеттің Негізгі заңы.
  Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың,
құқықтанушылардың,  мәдениеттанушылардың,   тарихшылардың,   экономистердің,
өзге де мамандық иелерінің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы  қатысады.
Оның  жасалу  үрдісі  кейде  ондаған  жылдарға  созылуы  мүмкін.   Сондықтан
мемлекеттік   даналықтың   жинақталған    нышанының    көрінісі    ретіндегі
Конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді.  Бүкіл  қоғамның
тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгеріс  енгізу
реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі  қайталана  бермейді.  Батыстың
классикалық   демократиялы    кейбір    елдері    жүздеген    жылдар    бойы
конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
  1993 жылғы  Конституцияның  қабылдануы  және  оның  мәні.  1991  жылы  16
желтоксанда    Қазақстан    Республикасы    Жоғарғы    Кеңесі     "Қазақстан
Республикасының  мемлекеттік   тәуелсіздігі   туралы"   Конституциялық   заң
қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық  субъект  ретінде  жария  етілуі
елдің  тәуелсіздік  мәртебесіне  сай   заңын   —   Конституциясын   қабылдау
қажеттігін   туғызды.   1993   жылы   28   каңтарда    тәуелсіз    Қазақстан
Республикасының Негізгі заңы — Конституциясы қабылданды.
  1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын  қабылдады.  Онда  мемлекеттік
және қоғамдык құрылыстың ұйымдастырылуы жөне болашаққа бағдар  ұстай  отырып
қызмет  ету  ұстанымдары  белгіленген.  Адамның   азаматтың   конституциялық
мәртебесі, бүкіл  халықтың  мәртебесі,  мемлекеттік  билік  пен  мемлекеттің
әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі  адам  мен  азаматтың  құқықтары,
бостандықтары және міндеттері баян етілген.
  Көп ұлтты Қазақстан  қоғамының  жағдайында  "халық"  деген  ұғымға  қазақ
ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен  этностар  өкілдері  де  кіреді.
Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың  әлеуметтік  базасының  үйытқысы
болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  немесе
мәдени артықшылықтар берілмейді.
  Қазақ тілінің мемлекеттік мертебесін  артықшылық  деп  санауға  болмайды.
Өйткені,  ол  қазақ  тілінің  табиғи  құқығы.  Егер   Қазақстанның   байырғы
тұрғындары қазақтар бола тұра, ол  халықтың  тілінің  мемлекеттік  мәртебесі
болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып  шығар
еді.
  Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп  танылуы  оның
мазмұндык мәнін ашып береді. Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының  1995
жылғы  Конституциясы:   "Біз...   Қазақстан   халқы...   осы   Конституцияны
қабылдаймыз" деген сөздермен басталады.  Қазақстан  халқы  оны  референдумда
қабылдады.
  Қазақстан Республикасының  Конституциясына  өзгерістер  мен  толыктырулар
республикалык референдум аркылы енгізілуі мүмкін.  Былайша  айтқанда,  халык
Конституцияны кабылдап  кана  коймайды,  ол  Консти-туцияға  өзгерістер  мен
толықтырулар енгізу туралы мәселені де  шешеді.  Референдум  өткізу  жөнінде
шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент  Конституцияға  өзгертулер  мен
түзетулер  енгізу  мәселесін  Парламенттің  қарауына   беру   туралы   шешім
қабылдаса,  онда  референдум  өткізілмейді.  1998  жылы   және   2007   жылы
Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
  Конституцияның   құрылымы   және   мазмүны.   Қазақстан   Республикасының
Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан. Бөлімдер:
   1. I бөлім "Жалпы ережелер"
   2. IІ бөлім "Адам және азамат"
   3. III бөлімде Президенттің,
   4. IV бөлімде Парламенттің,
   5. V бөлімде Үкімет
   6. VI бөлімде Конституциялық Кеңес
   7. VII бөлімде соттар мен сот төрелігі
   8. VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
   9. IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер
  Конституцияның маңызды ерекшелігі  —  ол  бір  жағынан,  мемлекеттің,  ал
екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі  мемлекеттік
биліктің қайнар көзі ретіндегі және  қоғамның  әлеуметтік  базасы  ретіндегі
халыктың мәртебесімен байланысты.
  Конституцияның    жоғары    заңдық    күші.    Қазакстан     Республикасы
Конституциясының жоғары заңдык күші бар. Мүның мәні —  мемлекеттік  органдар
кабылдайтын заңдар мен нормативтік  актілер  Конституцияға  кайшы  келмейтін
болуға тиіс дегенді білдіреді.  Мемлекеттік  органның  қандайы  болса  да  —
жергілікті органдар да, орталык органдар да,  кез  келген  лауазымды  түлға,
барлық азаматтар,  олардың  бірлестіктері  Конституция  қағидаларын  сақтауы
керек.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 34

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  39        |Күні:                |


Тақырыбы: Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы туралы
жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның жеке бас бостандығы мен өмірі. Адамның басының қоғамдағы  жағдайы  —
мемлекеттің даму деңгейін білдіретін  көрсеткіш.  Қазақстан  Республикасының
Конституциясында басқа  заңдарында азаматтардың бас  бостандығын  қамтамасыз
етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне,  денсаулығына,  қадіріне
нұсқан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс  іздеуге,
заң  бойынша  көмек  сұрауға,  президенттің  өзіне  шағым   етуіне   құқылы.
Мемлекеттік  органдар,  лауазымды  адамдар  азаматтың  құқығына  заңсыз  қол
сұғылуына жол бермеу шараларын қарастыруға міндетті.
Адамның ең қарапайым да табиғи қүқьны — өмір сүру күқығы болып табылады.  ҚР
Конституциясы бойынша ешкімнің  өз  бетінше  азаматты  өмір  сүру  құқығынан
айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ.
  Лауазымды адам — сот,  тергеуші  өзінің  қызмет  бабын  пайдаланып,  адам
бостандығына заңсыз қол сүқса, ол өзінің өкілеттігін заңсыз қолданғаны  үшін
жауапқа тартылады. Айыпталушыдан күш жұмсау арқылы  алынған  айғақтың  заңды
күші болмайды.
Сот және  тергеу  жұмыстарында  куәгердің  көрсетуінің  маңызы  зор.  Куәгер
тергеу үрдісінде, сотта айғақ болудан бас тарта алады.
  Ұждан бостандығының негізгі кепілдігі — діни бірлестіктердің  мемлекеттен
ажыратылуы. Мемлекет, оның органдары, лауазым  иелері  діни  бірлестіктердің
қызметіне  араласпайды,  нендей  бір  дінге   немесе   дінге   сенбеушілерге
артықшылық  бермейді.  Сонымен  бірге  Конституция  діннің  қоғамдағы  орнын
анықтап  береді.  ҚР  Конституциясы  бойынша  республикада  діни   негіздегі
партиялар құруға жол берілмеуі түрлі дінге  сенушілердің  өзара  тыныштықта,
татулықта болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Адамның ары мен абыройы. Конституция адамныц өнегелі сапасы — оныц  ары  мен
абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абырой  кісінің  жоғары
бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының "малым  —  жанымның
садағасы, жаным — арымның садағасы" деген мақалы да арды  аса  қастерлеуінің
көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген  қоғамда  ар  мен  намыс
заң жүзінде қорғалады.
  Заң бойынша, біреуді қорлау — қылмыс деп танылады.  Тіл  тигізу  —  жалпы
адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау  болып
табылады. Заң жеке адамның арын,  ұжданын  және  абыройын  қорғаумен  бірге,
оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
  Тұрғын үйге полиция қызметкері  "қылмыс  жасады"  деген  күдікті  адамның
ізіне түскенде және  қылмыскер  қоғамдық  тәртіпке,  адамның  қауіпсіздігіне
қатер төндіретін жағдайда ғана кіре алады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 35





|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 40         |Күні:                |


Тақырыбы: Саяси құқықтар мен бостандықтар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға саяси құқықтар мен бостандықтар туралы жүйелі білім
беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Азаматтардың сайлау және сайлану  құқықтары.  Азаматтардың  саяси  құқықтары
мен   бостандықтарына   азамат   пен   мемлекет   арасындағы   қатынастардан
туындайтын, азаматтың билікке  қатысу  жағдайларының  айқындалуынан  көрініс
беретін құқықтар мен  бостандықтар  жатады.  Олар  басқару  және  демократия
мәселелерімен тығыз байланысты. Азаматтардың ауыл, аудан, облыс,  республика
көлеміндегі  саяси   оқиғаларға   араласу,   мемлекетті   басқаруға   қатысу
мүмкіндіктері  неғұрлым  мол  болса,  қоғамның  демократиялану   ауқымы   да
соғұрлым кең деп санауға  болады.  Демократиялық  мемлекет  құру  мақсатымен
Қазақстан   азаматтарының   саяси   маңыздағы   кең   көлемдегі    құқығына,
бостандықтарына кепілдік берілген.
Мемлекетті ұйымдастырудың ең маңызды мәселесі —  өкілетті  органдарды  құру.
Төменнен жоғарыға дейін қалыптасатын  өкілдік  органдарды  құруға  азаматтар
көбіне тікелей, кейде жанама  қатысады.  Өкілетті  органдарды  сайлау  жалпы
азаматтарга бірдей болып табылады.
Саясатты жасайтын саясаткерлер  —  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асырушылар,
демек, президент, парламент пен жергілікті билік  органдарының  депутаттары,
үкімет  және  сот  органдарының  басшы  және  жауапты  қызметкерлері,  түрлі
деңгейлердегі өкімдер.
Азаматтардың саяси құқығына мемлекеттік органдарда қызмет ету мүмкіндігі  де
жатады. Мемлекеттік қызмет туралы мәселе конституциялық деңгейде  алғаш  рет
көтеріліп отыр.
Мемлекеттік қызмет,  оған  кадр  ұсыну  және  орналастыру  құқықтарын  билік
басындағы  адамдардың,  топтардың  иеленіп  алуына  жол   беруге   болмайды.
Кадрларды таңдау және іріктеу  олардың  іскерлігіне,  саланың  технологиясын
жете  меңгергендігіне,  қабілеттілігіне,  кәсіпқойлығына,  мәдениеттілігіне,
адамдарды басқара білу өнеріне, өзіне жүктелген  міндетті  абыроймен  атқара
алатындығына қарай жүргізілуі керек.
  Қоғамдық бірлестіктер өздерінің  жарғылары  бойынша  жұмыс  істеп  жатса,
заңды бұзбаса, онда ешбір мемлекеттік орган  олардың  жұмысына  бөгет  жасай
алмайды.  Егер  қоғамдық  бірлестік,  оның   басшылары   өзінің   жарғысында
көрсетілген қызметтерінен тыс шаралармен айналысса  немесе  заң  қағидаларын
бұзса,  онда  құқық  қорғау  органдары  оларды  қылмыстық,  әкімшілік   және
материалдық жауапқа тартады.
  Саяси мақсаттар көздеп құрылған қоғамдық бірлестіктер  (саяси  партиялар,
қозғалыстар т.б.) — прокуратуралар  мен  соттардың  жанында,  қарулы  күштер
бөлімшелерінде,  мемлекеттік  кәсіпорындарда,   мекемелер   мен   ұйымдардың
жанында өздерінің бастауыш ұйымдарын құра алмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтардың құқығы  мен
бостандығын жариялай отырып, оларды іс жүзіне асыруды да қарастырады.  Құқық
пен  бостандықтың  кепілдіктері  түрлі  шектеулерді  жою  арқылы   жасалады.
Азаматтың құқығы мен бостандығына шек қою тек заңда көрсетілген  жағдайларда
ғана,  оған  өкілеттігі   бар   органдар   арқылы   жүзеге   асырылады.   ҚР
Конституциясы  бойынша  азаматтардың   құқығы   мен   бостандығына   мынадай
жағдайларда шек қойылуы мүмкін:
а) азамат басқа азаматтың құқығы мен  бостандығына  нұқсан  келтірсе,  құқық
тәртібін бұзғандығы үшін жауапқа тартылады.
ә) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан  жүргізіліп
жатқан шаралардың іске асырылуы барысында азаматтардың кейбір қүқықтары  мен
бостандықтарына уақытша шек қойылуы мүмкін
б) заңға сәйкес конституциялық құрылысты, азаматтықты  немесе  мемлекеттікті
қорғау  мақсатымен,  әскери   құпияны   сақтау   үшін   кейбір   жағдайларда
азаматтардың кейбір құқыгы мен бостандығы шектеледі.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §36



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 41         |Күні:                |


Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен
бостандықтар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары: Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуіне орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының
негізгі бағыттары мыналар:
қоғамның  қажетін  қанағаттандыру  үшін  мемлекеттік  және   жеке   меншікке
негізделген экономика құру;
кәсіпкерліктің  кез  келген   түрін   қолдау,   солардың   ішінде,   әсіресе
материалдық игіліктерді өндіретін салаларына, құрылыс, тасымал,  жеке  сауда
салаларына артықшылық  беру.  Нарықтық  экономика  меншік  иелерін,  өндіріс
құралдарына жеке меншікті қалыптастырады.
Меншік  иесінің  құқықтары.   Меншік   құқығын   төмендегідей   үшке   бөліп
қарастыруға болады:
а) ие болу құқығы;
ә) пайдалану құқығы;
б) өкімдік құқығы.
Ие болу құқығы деп азаматтың жылжымалы  және  жылжымайтын  мүліктерге  заңды
түрде  ие  болуын  айтамыз.  Оған  азаматтың  жеке  меншік   үйі,   саяжайы,
автомобилі, ақшасы, түрлі заттары т.б. жатады.
Пайдалану құқығына жеке өндіріс  құралдарын  пайдаланып,  меншік  объектіден
түсім түсіру, техника мен технологияны пайдалану құқығы жатады.
Өкімдік құқығы азаматтың өз меншігіндегі мүлікті сатуы,  жалға  беруі,  мұра
етіп қалдыруы, әлдекімге қайтарымсыз сыйлауы түрінде көрініс береді.
Азаматтың жеке меншігі  ата-бабаларынан  мұра  ретінде  қалған  мүліктерден,
түрлі  жолдармен   алынған   рухани   байлықтардан,   сыйлықтардан,   бағалы
қағаздардан т.б. құралады.
  Кәсіпкерлікпен айналысу. Азаматтардың  жеке  кәсіпкерлікпен  айналысуы  —
экономикалық бостандыкты іске асырудың  бір  формасы,  нарықтық  экономикаға
көшуді қамтамасыз етудің негізі  шартының  бірі.  Қазақстан  Республикасының
жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөнінде  арнайы  заңы  бар.  "Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне,  өз  мүлкін  кез  келген  заңды  кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін  пайдалануға  құқығы  бар..."  деп  көрсетілген  Қазақстан
Республикасьшьщ Конституциясыннда.
Кәсіпкерлік  дегеніміз  —  түрлі  тауарларға,  қызмет  көрсетуге   сұранымды
қанағаттандыруға     бағытталған     азаматтардың     қызметі.     Қазақстан
Республикасының кез келген азаматы өзіне ұнаған, өзінің қолынан келетін  кез
келген кәсіппен шұғылдана алады. Азаматтардан тек қоршаған ортаны  —  жерді,
суды, ауаны, өсімдіктерді басқа табиғи игіліктерді бүлдірмеу талап  етіледі.
Керісінше болған жағдайда — қоғамға, табиғатқа зиян келтіріліп жатса,  ондай
кәсіпкерлік қызмет заңды түрде тоқтатылады.
  Еркін еңбек ету құқығы.  Еркін  еңбек  ету  құқығы  азаматтардың  негізгі
құқықтарының бірі болып табылады.  Еңбек ету  құқығы  деп  еңбекке  қабілеті
бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып,  өз  еңбегінің  жемісін  көріп,
өмір сүруге қажетті табыс табу  құқығын  айтады.  Қазақстан  Республикасының
Конституциясы бойынша "әркімнің еңбек ету  бостандығына,  қызмет  пен  кәсіп
түрін еркін таңдауына құқығы бар".
Азаматтардың демалу құқығы. Қазақстан Республикасының еңбек  туралы  заңдары
бойынша жұмыстан бос  уақыты  адамның  өз  еркімен  демалатын  уақыты  болып
саналады. Демалыс уақыты — жұмыс аяқталғаннан келесі жұмыс күні  басталғанға
дейінгі уақыт, апталық  демалыс  күндері,  Конституция  бойынша  белгіленген
мейрам күндері, жылдық кезекті еңбек демалысы жатады.
Азаматтардың  тұрғын  үй  алу  құқығы.  Қазақстан  Республикасының   заңдары
бойынша  азаматтар  баспана  салуға,  сатып  алуға,  белгіленген   тәртіптер
бойынша мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алуға  құқылы.  Кімді  болса  да
баспанасынан шығарып тастауға тыйым салынады.
  Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Азаматтардың  денсаулығын  сақтау
құқығы олардың өмір сүру құқығымен сабақтасып жатыр. Адам дені сау  болғанда
ғана толыққанды бақытты өмір  сүре  алады.  Денсаулық  адамға  еңбек  етуге,
табыс тауып,  материалдық  жағдайын  қамтамасыздандыруға,  Отанын  қорғауға,
отбасын  құрып,  ұрпақ  өсіруге  мүмкіндік   береді.   Сондықтан   Қазақстан
Республикасының Конституциясы "адамның өмір сүруі мен  денсаулығына  қолайлы
айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды".
Азаматтардың  денсаулынын  сақтаудың  негізі  —   қоршаған   табиғи   ортаны
ластанудан қорғау,  халыққа  медициналық  қызмет  көрсетуді  жақсарту  болып
табылады.
  Азаматтардың білім алуға құқығы.  Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта
білім алуға барлық азаматтар міндетті. Сонымен қоса, азамат  кәсіптік  білім
беретін оқу орындарында — училищелерде, колледждерде, лицейлерде  өз  қалауы
бойынша  мамандық  ала  алады.  Азаматтың  жоғары  оқу  орындарында  білімін
жалғастыруына да ешкім бөгет жасамайды.
  Әрине, білім алудың негізгі бір шарты бар. Білім алу құқығын  іске  асыру
үшін азамат оқу орнына түсу емтихандарын  тапсырып,  конкурста  жеңіп  шығуы
керек. Мемлекет қарамағындағы оқу орындарында азаматтар тегін  білім  алады.
Жақсы  оқығандарға  стипендия  төленеді,   қалада   тұрмайтын   студенттерге
жатақханадан орын беріледі. Конституция  мемлекеттік  білім  жүйесімен  қоса
жеке меншікті білім мекемелерінің  —  мектептердің,  орта  және  жоғары  оқу
орындарының болуын қуаттайды.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 37

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:42          |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Азаматқа көптеген  құқыктық  міндеттер  жүктеледі.  Оларды  Конституцияда
көрсетілген және Конституциядан  туындайтын  міндеттер  деп  бөлуге  болады.
Конституциялық міндеттер негізгі болып  есептеледі  де,  оған  Конституцияны
сайлау және онда  тұжырымдалған  қағидаларды  бұлжытпай  орындау  міндеттері
жатады.
  Конституциялық нормаларды сақтамау дегеніміз — мемлекеттің дербестігі мен
тәуелсіздігіне қол сұғу, мемлекеттік  органдардың  қалыпты  жұмыс  істеуіне,
оның  халықаралық  беделіне  және  ішкі-сыртқы  байланыс  қызметіне   нұқсан
келтіру  болып  табылады.  Сондықтан  Конституцияны  құрметтеу   және   оның
қағидаларын сөзсіз сақтау — әр азаматтың қасиетті борышы болып есептеледі.
  Азаматтың  конституциялык  міндеті  —  біріншіден,  республиканың   заңын
сақтаудан, екіншіден, оның өзіне жүктелген міндетті  орындаудан  туады.  Заң
талаптарын қанағаттандыру үшін азамат заңның өзін білуі  қажет.  Іс  жүзінде
көптеген азаматтар ол заңдарды біле бермейді. Азаматтардың әрқайсысы  өзіне,
өзінің атқарып жүрген жұмысына байланысты заңдарды оқып-біліп, оны  сақтауға
тиіс.
  Қоғамның өзге мүшелерінің құқығын, бостандығын сыйлау, ары  мен  абыройын
құрметтеу. Азаматтың  конституциялық  міндеттерінің  бірі  —  басқа  адамдар
құқығын, бостандығын, ары мен  абыройын  құрметтеуден  тұрады.  Азаматтардың
құқығы, бостандығы,  абыройы,  ар-ұжданы  оның  баға  жетпес  байлығы  болып
табылады. Адамның өмірінен, денсаулығына, жеке басының бостан-дығынан  асқан
құндылық жоқ. Сондықтан басқаның  құқығы  мен  бостандығын  құрметтеу  қажет
және ол адамның өзі тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті және  әрбір  адам  заңмен
қорғалатындығын терең түсінуі тиіс.
Салық  төлеушілердің  міндеттері.  Салық,   алым,   баж   салығы   —   салық
төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат.  Салық  жинау
жұмысымен республикалық  және  жергілікті  мекемелер  айналысады.  Төленетін
салықтың  мөлшерін  және  оны  жинау  ережелерін  Қазақстан  Республикасының
Парламенті белгілейді және оған өзгерістер енгізе алады.  Оның  мөлшері  мен
төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталады. Салықтар, алымдар мен  баж
салығын жеке адамдар да, мекемелер де,  сол  сияқты  шетелден  келгендер  де
толеуге міндетті.
Азаматтардың Отан қорғау міндеті. Халқымыздың ежелден келе  жатқан  дәстүрлі
түсінігі бойынша — Отан қорғау ең қасиетті борыш болып табылады. Ал  қазіргі
заң тұрғысынан келгенде  де  Қазақстан  Республикасын  қорғау  —  республика
азаматтарының конституциялық міндеті екендігі айтылған.

  Әскери қызметтің түрлері төмендегідей:
солдаттардың, матростардың, сержанттар мен  старшиналардың  мерзімді  әскери
қызметі;
солдат, матрос, сержант, старшина лауазымында шарт бойынша атқаратын  әскери
қызмет;
* шарт бойынша әйелдердің атқаратын әскери қызметі;
* әскери оқу орындарындағы курсанттардың әскери қызметі;
* прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі;
* офицерлер құрамының әскери қызметі.
  Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының  азаматы
болып  табылатын  әр  адам  әскери  міндетін  атқаруы   керек.   Қалыптасқан
жағдайларға байланысты және түрлі себептермен  азаматтың  әскери  міндетінен
босатылу мүмкіндіктері де бар. Олар мыналар:

* 16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ерлер;
* 18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйелдер;
  —   денсаулығының нашар болуынан әскери қызмет атқаруға жарамайтындар.
  Қазақстан мемлекеті —  ұлтына,  жынысына,  дініне,  әлеуметтік  жағдайына
қарамастан, барлық азаматтардың ортақ және өз Отаны.


Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 38



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:   43       |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  1990  жылғы  сәуірдегі  сессиясының  ұйғаруымен
Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң  қабылданды.  Осы  заң
бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек болды.
   Президент (лат. praesidens — алда отырған, бастаушы)
   а)  басқарудың  республикалық  формасындағы  елдердің  сайланып  қойылған
мемлекет басшысы. Парламенттік республикаларда президентті парламент  немесе
оның ерекше алқасы сайлайды, президенттік республикаларда тура  жене  жанама
сайлау арқылы халық сайлайды;
   ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің  жетекшісі.
Президенттің   билік   органдарымен   байланысы.  Қазақстан  Республикасының
1995  жылғы  Конституциясы  елімізді   президенттік   басқару   формасындағы
мемлекет  деп,  Президентті  мемлекет  басшысы  деп  жариялады.  Дүние  жүзі
елдерінің   көпшілігінде   қабылданғандай,   біздің    республикамызда    да
мемлекеттік билік  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  тармақтарына  бөліну
ұстанымына негізделіп құрылды.
  Президент заң күші бар жарлық  қабылдай  алады.  Егер  Парламент  қалыпты
жұмыс   істей   алмайтын   болса   немесе    Үкіметпен,    Жоғарғы    сотпен
келіспеушіліктер болса, онда Президент Парламентті таратып жібере алады.
   Вето  (лат.  veto  —  тыйым  саламын)  —  ежелгі  Рим  империясында   Рим
магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тыйым  салуы,
мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан  бас
тарту құқығы. Мұндай ерекше құқық, әдетте, мемлекет басшысына беріледі. БҰҰ-
ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері вето құқығын пайдалана алады.
  Президент Парламенттің келісімімен премьер-министрді:
   - Республикалық банктің төрағасын тағайындайды.
   -  Президент  Парламент   Сенатының   келісі-мімен   республиканың   Бас
     прокурорын
   - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды.
  Президенттің   халықаралық   қызмет   аясы.   Президенттің    халықаралық
келіссөздер жүргізетін және халықаралық шарттарға қол қоятын құқығы бар.  Ол
шарттар Парламент  бекіткеннен  кейін  заң  күшіне  енеді.  Бұл  халықаралық
шарттарға заңды күш беру (ратификация) деп аталады.
  Парламенттің қызметіне Президент, Президенттің қызметіне  Парламент  әсер
етіп отырады.
  Президенттің құзыреті.  Президент  атқарушы  билік  тармағына:  Үкіметке,
жергілікті атқару органдарына тікелей ыкпал етеді. Президент:
* премьер-министр лауазымына адам ұсынады;
* Үкіметтің құрылымын анықтайды;
* министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
  —   Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды;
  —   Үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі  отырыстарына  төрағалық
етеді;
Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
Үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады.
  Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді.  Ол
облыстық  әкімдерді  тағайындайды  және  жұмысынан  босатады.  Қажет  болған
жағдайда   әкімдердің   шешімін   тоқтата   тұрады.   Әкімдер   Президенттің
облыстардағы  тікелей   өкілі   болғандықтан,   өздерінің   жұмыстары   үшін
Президенттің алдында жауапты. Президент әкімдермен кеңес  өткізеді,  олардың
жергілікті жердегі жұмысы туралы, заңдарды  қалай  орындап,  өз  міндеттерін
қалай атқарып жатқандары жайлы есептерін тыңдайды.
  Президенттің сот билігіне де қатысы бар: ол  Жоғары  Сот  кеңесін  құрып,
оның төрағасы болады. Жоғары Сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасын  тағайындайды.
Жоғарғы   соттың   алқа   төрағалары   мен    Жоғарғы    сот    судьяларының
кандидатураларын қарап,  оларды  Сенаттың  сайлауына  ұсынады.  Ал  облыстык
соттардың  төрағаларын,  облыстық  сот  алқаларының  төрағаларын   Президент
Жоғары  Сот  кеңесінің  ұсынысымен   бекітеді.   Алайда   Президенттің   сот
органдарын  жасақтауға  тікелей  қатысы  оның  судьялардың  қылмыстык   және
азаматтық істерді қарауына әсер ете алмайды. Судьялар  сот  істерін  қараған
кезде ешкімге тәуелді болмай, тек қана заңға бағынады.
  Президенттің басқа да өкілеттіктері  болады.  Солардың  бірі  —  мемлекет
өмірінің аса маңызды  мәселелері  бойынша  референдум  (бүкілхалықтық  дауыс
беру) өткізу күкығы. Референдум — халықтың мемлекетті басқару ісіне  тікелей
қатысуының бір түрі.
   Референдум (лат. referendum — хабарлауға  тиістінің  бәрі)  —  мемлекетте
құқықта сайлаушылар  корпусының  конституциялык,  заңдық  және  басқа  ішкі-
сыртқы  мәселелер  бойынша  түпкілікті   шешім   қабылдауы.   Конституциялық
болғанда  конституция  немесе  оған  енгізілген   өзгерістер   бүкілхалықтық
дауысқа салынады.
  Өзінің өкілеттігін пайдалана  отырып,  Президент  жарлықтар  мен  өкімдер
шығарады. Президент  шығарған  жарлықтарының  нормативтік  және  нормативтік
емес түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық   нормалары,
  яғни   мемлекеттік   органдардың  өкілеттігін,  азаматтардың   құқықтарын,
бостандықтары мен міндеттерін айқындайтын ережелер жинақталады.
  Президент мемлекет басшысы болғандықтан,  елдің  ішінде  де,  халықаралық
қатынастарда да  халық  пен  мемлекет  атынан  сөйлеуге  құқықты.  Сондықтан
Президенттің абыройы, ары,  қадірі  қорғалады.  Халықтың  қалаулысы  ретінде
Президент халық мүддесіне қызмет етеді. Сол  себептен  де,  ол  сайланғаннан
кейін, қызметіне кіріспестен бұрын халыққа ант береді.
  Бекіту кезеңі:
 1.  Президенттің  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  орны,  рөлі,  атқаратын
    функциясы қандай?
 2. Президенттің атқарушы  билік  тармағына:  Үкіметке,  жергілікті  атқару
    органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
 3.  Бүкілхалықтық  референдумның  шешімі  ең  әділ  және  халықтың  өзінің
    түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 39























|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:   44       |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Парламент     жене     оның     құрамы.     Қазақстан     Республикасының
Парламенті—Қазақстан Республикасьшдағы заң шығару қызметін  жүзеге  асыратын
ең жоғары өкілді орган. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
  Парламент (франц. parler, parlement, ағылш. parliament — сөйлеу) — жоғары
өкілетті орган. Парламенттің екі  палаталы  жене  бір  палаталы  құрылымдары
болуы  мүмкін.  Әдетте,  құрылымы  федерациялық  нысандағы  мемлекеттер  екі
палаталы парламент құрады. Төменгі палата-лар және бір палаталы  парламентер
төте дауыс беру мен сайланады.
  Сенат жене оның құрамы.  Сенат  —  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің
жоғарғы палатасы.
Сенат (лат. senatus, түбірі senex—қария) — Ежелгі Римде  мемлекеттің  жоғары
органдарының бірі. Сенат патрицийлер тұқымынан шыққан  ақсақалдар  кеңесінен
бастау алады.  Қазір  көптеген  елдер  парламенттерінің  жоғарғы  палаталары
осылай аталады. Сенат кейбір елдерде төте (АҚШ, Италия)  немесе  көп  сатылы
(Франция) дауыс берумен сайланады. Кейбір елдерде Сенаттың құрамын  жартылай
немесе тұтасымен мемлекет басшысы тағайындайды.
  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады.
   - Әр облыстан,  республикалық  маңызы  бар  қаладан  және  республиканың
     астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық  маңызы  бар
     қаланың  және   республика   астанасының   барлық   өкілді   органдары
     депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан;
   - Сенат өкілеттігі мерзіміне  Республика  Президенті  тағайындаган  жеті
     депутаттан түрады.
  Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, 30 жасқа  толған,
жоғары білімі және кемінде 5 жыл стажы бар, тиісті  облыстың,  республикалық
маңызы бар қаланың немесе республика астанасының  аумағында  кемінде  3  жыл
тұрақты тұрған азамат Сенатқа депутат бола алады.
  Мәжілістің қазіргі  құрамы  бір  мандатты  аумақтық  сайлау  округтерінен
сайланатын  67  депутаттан  және  партиялық  тізім  бойынша  сайланатын   10
депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма  25-ке  толған  республика  азаматы
депутат бола алады.
  Парламенттің  алғашқы  сессиясында  палаталардың   бірлескен   отырысында
депутаттар Қазақстан халқына ант береді.
  Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына
осы органның немее   сол  лауазымды  адамның  құзыретіне  кіретін  мәселелер
жөнінде Парламент сессиясында түсініктеме беруін  немесе  өзінің  көзқарасын
баяндауын ресми түрде сұраған талабы болып табылады.
  Парламент депутаты премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттык  банктің
төрағасына,  Орталық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  мен  мүшелеріне,  Бас
прокурорға,  Ұлттық  қауіпсіздік   комитетінің   төрағасына,   Республикалық
бюджеттің  атқарылуын  тексеру  жөніндегі  Есеп  комитетінің  төрағасы   мен
мүшелеріне депутаттық сүрау салуға құқылы.
  Лауазымды адам сұрауға жауапты Парламенттің  немесе  палатаның  пленарлық
отырысында береді.  Депутаттың  сұрау  салуына  қайтарылған  жауап  пен  оны
талқылаудың  қорытындысы  бойынша  Парламент  немесе  оның  палатасы   қаулы
қабылдайды.
  Депутаттардың топтарға бірігіп  жұмыс  жүргізуі.  Депутаттар  Парламентте
мынадай бірлестіктер құра алады:
  Фракция—депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси  партияның  немесе  өзге
қоғамдық бірлестіктің  атынан  құрылып,  заңда  белгіленген  тәртіп  бойынша
тіркелген топ болуы мүмкін.  Ол  Парламентте  саяси  партияның  немесе  өзге
қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады;
  Депутаттық  топ—депутаттардьщ  өз  өкілеттігін   жүзеге   асыру,   сайлау
округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.
  Депутат  өз  жүмысында  ешкімге  де  тәуелді  болмауы  керек.  Депутаттык
міндеттерді орындауға кедергі жасау мақсатымен депутатка немесе  оның  жақын
туыстарына кай  түрде  де  ықпал  жасау  әрекеті  заңды  түрде  айып-талады.
Депутаттар алдындағы  өз  міндеттерін  орында-майтын,  оған  көрінеу  жалған
ақпарат беретін, депутат кызметінің кепілдігін бүзатын мемлекеттік  органдар
мен қоғамдык  бірлестіктердің,  жергілікті  өзін-өзі  баскару  органдарының,
үйымдарының лауазымды адамдары жауапка тартылады.
  Парламенттің жүмыс тәртібі. Парламент өзінің  жұмысын  сессия  тәртібімен
жүргізеді. Сессия палата-лардың біріккен және  оңаша  Палаталарынан,  Палата
бюроларынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен  комиссияларынан
тұрады.   Жаңадан   сайланған   Парламенттің   бірінші   сессиясын    сайлау
корытындылары жарияланғаннан  және  әр  палата  депутаттарының  үштен  екісі
сайланғаннан кейін  отыз  күннен  асырмай  Республика  Президенті  шақырады.
Парламент сессиясы Сенат  пен  Мәжілістің  бірлескен  отырыстарында  ашылып,
сондай отырыста жабылады.
  Мәжіліс пен Сенат бірлескен отырыста басқа да маңызды мәселелерді шешеді.
  Заң жобаларының даярлануы және қабылдануы.
  Мәжіліс заң жобасын мұқият қарайды. Жобаның  әрбір  бабы,  әрбір  ережесі
жеке талқыланады. Сонан соң дауысқа салынады.  Егер  Мәжіліс  депутаттарының
жартысынан астамы  заң  жобасын  қуаттап  дауыс  берсе,  ол  қабылданды  деп
саналады. Содан кейін заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі. Онда  да  заң
жобасы түбегейлі  талқыланудан  өтіп,  одан  әрі  жобаның  қабылдану  немесе
қабылданбау мәселесі дауысқа қою арқылы шешіледі. Егер Сенат  депутаттарының
жартысынан  көбі  заң  жобасын  жақтап  дауыс  берсе,  ол   қабылданды   деп
есептеледі. Осыдан кейін  заңға  Президент  қол  қояды,  сонда  жоба  заңдық
күшіне енеді.
  Конституция  да  былай  деп   жазылған:   зандар   азаматтардың   құқығы,
бостандыктары мен міндеттері, меншік, салык  салу,  мемлекеттік  органдардың
ұйымдастырылуы мен кызмет істеуі,  мемлекеттік  және  әскери  кызмет,  білім
беру, денсаулық  сактау,  қоршаған  ортаны  сақтау,  қорғаныс  пен  мемлекет
қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. мәселелері бойынша қабылданады.
Парламент жұмысы демократиялық негізде жүргізіледі. Заң жобаларын  өзірлеуге
кәсіпқой заңгерлер, экономистер, социологтар,  инженерлер,  дәрігерлер  т.б.
қатыстырылады.  Мәселені  алдын  ала  талқылау  үшін   Мәжіліс   пен   Сенат
парламенттік  тыңдаулар  өткізеді,  оған  ғалымдар,   мемлекеттік   органдар
қызметкерлері, жұртшылық, радио, теледидар, газет өкілдері шақырылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 40









|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  45        |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қазақстан Республикасының үкіметі.  Үкімет  —  атқарушы  биліктің  жоғары
органы. Ол орталық және  жергілікті  атқарушы  органдар  жүйесін  басқарады,
солардың қызметіне басшылық етеді. Үкіметті Президент құрады,  құрылымы  мен
құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның  халқы  мен  Президентше  ант
береді. Атқарушы органдарының бірыңғай  жүйесіне  Республика  министрліктері
мен комитеттері, жергілікті —  облыстық,  аудандық,  қалалық  және  қалалық-
аудандык әкімшіліктер кіреді.
  Атқарушы  биліктің  жоғары  органы  ретінде  Үкіметке  кең   өкілеттіктер
берілген. Олар ҚР Конституциясында және Президенттің 1995  жылгы  "Қазақстан
Республикасының үкіметі  туралы"  конституциялық  заң  күші  бар  жарлынында
бекітілген. Экономика саласында Үкімет мемлекеттің  экономикалық  саясатының
негізгі  бағыттарын,  оны  жүзеге  асырудың  стратегиялық  және   тактикалық
бағдарларын    айқындайды;    экономикалық    бағдарламаларды     әзірлейді,
республикалық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз етеді;  республиканың
қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды белгілеп, жүзеге асырады.
  Әлеуметтік  салада  Үкімет  еңбекке  ақы  төлеу,  азаматтарды  әлеуметтік
жағынан  қорғау,  мемлекеттің  әлеуметтік  қамсыздандыру   саясатын   жүзеге
асырады;  аймақтардың  әлеуметтік  даму  мәселелерінің  шешілуін  қамтамасыз
етеді; жастар,  дене  тәрбиесі  мен  спорт,  туризм,  әлеуметтік  әріптестік
проблемаларының шешілуіне ықпал етеді.
  Ғылым, техника, білім жөне мәдениет  саласында  Үкімет  ғылыми-техникалық
даму жоспарларын жасап, жүзеге асырады;  ғылым  мен  техниканы,  мәдениетті,
білімді дамыту, жаңа  технологияны  енгізу  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты
анықтап, жүзеге асырады.
  Әкімшілік-саяси  басқару  саласында   Үкімет   консультативтік-кеңесшілік
органдарды   құрады    және    таратады;    министрліктердің,    мемлекеттік
комитеттердің,  орталық  атқарушы  органдардың  қызметіне  басшылық   етеді;
олардың  Президент  пен  Үкімет  заңдарын,  актілерін   орындауына   бақылау
жасайды;  министрлердің  орынбасарларын  лауазымға  тағайындайды  және  одан
босатады; жергілікті атқарушы  органдардың  мемлекеттік  басқару  мәселелері
жөніндегі қызметіне басшылық жасайды, олардың заңдарды атқаруын бақылайды.
  Үкімет  Президенттің  және  Үкіметтің   өзінің   шығарған   заңдары   мен
актілерінің  орындалуын  бақылайды,  министрліктер,  мемлекеттік  комитеттер
және  Үкіметке  кірмейтін  орталық  органдар  туралы   ережелерді,   олардың
құрылымын,   орталық   аппараттары   мен   жергілікті   органдарын   ұстауға
республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін бекітеді.
  Бұған жатпайтын тек Қаржы салымы комитеті  ғана.  Ол  Үкіметке  кірмейді.
Оның мәртебесін Үкімет  емес,  заң  қабылдау  жолымен  Парламент  анықтайды.
Мұндай  ерекшелік  экономиканы   өркендетудегі   қаржы   салымының   айрықша
маңызымен  және  қаржыны  бір  органның  қолында  шоғырландыру  қажеттігімен
байланысты.
  Министрліктерден,  мемлекеттік  комитеттерден  және  Үкіметке   кірмейтін
орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады.  Олар
ведомстволар   деп   аталады.   Үкімет   ведомстволардың   қызмет   саласын,
өкілеттігін   және   жауапкершілігін   айқындайтын    нормативтік    актілер
қабылдайды:  ведомстволарды  ұстауға   республикалық   бюджеттен   бөлінетін
қаржының   мөлшерін   анықтайды;   ведомстволардың   басшыларын    лауазымға
тағайындайды және одан босатады.
  Сыртқы саясат саласында  Үкімет  келіссөздер  жүргізу  және  үкіметаралық
келісімдерге қол қою  туралы  шешімдер  қабылдайды;  республиканың  шетелдік
мемлекеттермен, халыкаралық және  өңірлік  ұйымдармен  өзара  қатынастарының
дамытылуын қамтамасыз  етеді;  сыртқы  экономикалық  саясатты  жүзеге  асыру
жөніндегі шараларды талдап жасайды; сыртқы сауданы  дамыту  жөнінде  шаралар
қолданады; халықаралық  қаржы  ұйымдарымен  арадағы  ынтымақтастыкты  жүзеге
асырады.
  Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламент пен Президент жүзеге асыратын
заң шығарушылық  үрдіске  қатынасады,  өз  құзыретінің  шеңберінде  шешімдер
қабылдайды,  министрліктер  мен  ведомстволардың  және   атқарушы   биліктің
жергілікті органдарының қызметін бақылайды.
  Үкіметтің заң шығаруға қатысуы.  Үкіметте  заң  шығарушылық  ынта  құқығы
болады. Ол өзінің құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша заң  жобаларын
жасап, оларды Мәжілістің қарауына енгізуге құқылы.
  Үкіметті басқару және  жауаптылық.  Үкіметті  премьер-министр  басқарады.
Оның өкілеттіктері Конституцияда және Президенттің Үкімет туралы  Жарлығында
бекітілген. Премьер-министрдің мынадай өкілет-тіктері бар:
  — Үкіметтің  жұмысын  басқарады  және  өзінің  орынбасарлары  мен  Үкімет
мүшелері арасында қызметтік міндеттерді бөліп береді;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық  Кеңеспен,  Жоғарғы  сотпен,  Бас
прокуратурамен,  басқа  да  мемлекеттік  органдармен  арадағы   қатынастарда
үкімет атынан өкілдік етеді немесе үкімет өкілдігін тапсырады;
халықаралық  қатынастарда  Үкімет  атынан  өкілдік  етеді   немесе   өкілдік
тапсырады және үкіметаралык шарттар мен келісімдерге қол қояды;
министрліктерді,  мемлекеттік  комитеттерді,   Үкімет   құрамына   кірмейтін
орталық атқарушы органдарды  құру,  қайта  құру,  тарату  туралы  Республика
Президентше ұсыныстар енгізеді;
Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы және аса маңызды шешімдер  туралы
Президентке баяндайды;
  —   Үкімет мүшелерінің,  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың
есептерін тыңдайды. Премьер-министр өзіне заң  бойынша  жүктелген  басқа  да
өкілеттіктерді орындайды.
  Үкіметтің  Президентпен  қатынасы.   Үкімет   өзінің   бүкіл   қызметінде
Республика Президентінің алдында жауапты болады. Үкімет өз  бағдарламасының,
Президент  тапсырмаларының  орындалуы  туралы,  өз   қызметінің   басқа   да
бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады.
  Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң  шығару  құқығы  Парламент
Мәжілісінде жүзеге асырылады. Үкімет  заң  жобасын  Мәжіліске  тиісті  қаулы
арқылы   енгізеді.   Үкімет   өзінің   жұмысын    Парламентте    қабылданған
конституциялык және жай заңдарға сүйеніп құрады.
  Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен қатынасы. Үкіметтің  жергілікті
атқарушы органдармен: аудандық, қалалық  және  облыстық  әкімдермен  белгілі
бір  қатынастары  қалыптасады.  Үкімет  атқарушы   биліктің   жоғары   буыны
болғандықтан,  оның  жергілікті  атқарушы  органдармен  арадағы  қатынастары
"билік — бағыну" ұстанымы бойынша құрылады.
  Жергілікті билік органдары. Жергілікті мемлекеттік басқаруды Мәслихат деп
аталатын  жергілікті  өкілді   және   атқару   органдары   жүзеге   асырады.
Мәслихаттар  астана,  ерекше  мәртебелі  қала,  облыс,   аудан   және   қала
аумақтарында құрылады. Мәслихат депутаттарын азаматтар жалпыға  бірдей  тең,
төте және жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.
Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20  жасқа  толған  азаматы
сайлана алады.
  Мәслихат аумақты  дамытудың  жоспарларын,  экономикалық  және  әлеуметтік
бағдарламаларды бекітеді; өкімдердің, жергілікті атқару  органдарының  басқа
да басшыларының есептерін қарайды;  жергілікті  заемдар  мен  облигацияларды
шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды. Жергілікті атқарушы  органның
ұсынысы бойынша түрлі комиссиялардың құрамын  жасақтап,  бекітеді.  Қаралған
мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
  Мәслихат өз аумағындағы жерді, орманды, су қорларын,  жануарлар  дүниесін
қорғау; сауданы ұйымдастыру, сауда тәртібін сақтау; қоғамдық  төртіпті,  өрт
және  жол  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету;  аумақта  санитариялық  тазалықты
сақтау; қоғамдық көлікті пайдалану; үй хайуандарын  ұстау  шараларын  жүзеге
асыруга тікелей араласады.
  Мәслихат жылына кемінде торт рет сессияға жиналады.
  Жергілікті  атқарушы   орган   —   әкімшіліктің   құрамына   әкім,   оның
орынбасарлары,  әкімнің  аппараты,  басқар-малары  мен   бөлімдері   кіреді.
Жергілікті атқарушы  органдар  Қазақстан  Республикасы  атқару  органдарының
бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 41

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып:  9 б       |Сабақ: 46         |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сот билігі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3)Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау;
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ-жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;
7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:Сот билігі. Сот билігі
мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Оны республика атынан
сот кана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін және Конституцияның,
заңдардың, өзге де нормативтік-құқыктық актілердің, халықаралық шарттардың
орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
  Сот  билігінің   азаматтыққа   қатыстылығы.   Қазақстан   Республикасының
Конституциясы  бойынша  адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  сот   арқылы
қорғалуы Қазақстан азаматтығына байланысты емес. Егер Конституцияда,  заңдар
мен халықаралық шарттарда өзге бір ескерту  айтылмаган  болса,  республикада
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар  да  республика  азаматтарына
тиесілі  құқықтар  мен  бостандықтарды  пайдаланады,   соларға   белгіленген
міндеттерді атқарады.
  Сот жүйесінің  құрылымы.  Конституция  мемлекеттің  бірыңғай  сот  жүйесі
болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы  сот  жүйесі  Жоғарғы  сот  пен
жергілікті  соттардан  құралады.  Жергілікті  соттарға  жата-тындар:  заңмен
құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар:
   - Астана қалалық
   -  Алматы қалалық соттары,
   - Әскери трибунал
   - аудандық (қалалық) соттар.
  Жеке адамға немесе белгілі бір әлеуметтік топтар өкілдеріне қарсы  қуғын-
сүргін жүргізу құбылыстарын болдырмау үшін қандай атаумен болса  да  арнаулы
және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады.
  Соттың мақсаты мен міндеттері. Азаматтар, шетелдік азаматтар, мемлекеттік
органдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан  басқа  азаматтардың,  мемлекеттік
органдардың,  қоғамдық  бірлестіктердің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің
бұзылуы жағдайында оларды соттар қорғайды.
  Конституция  сотқа  өз   нормаларының,   өзге   де   нормативтік-құқықтық
актілердің,  халықаралық  шарттардың  орындалуын  қамтамасыз  ету   міндетін
жүктейді. Сот, ең алдымен, Конституцияның орындалуын қамта-масыз етуі  тиіс.
Бұл  міндетті  сот  түрлі  тәсілдермен  жүзеге  асырады.  Солардың  ішіндегі
маңыздыларының бірі — нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді  қараған
кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады.  Сот  төрелігін
жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқык нормаларының мәніне  баға  береді.
Бұл конституциялық жағдай соттарды іске қатысушы адамдардың өтініші  бойынша
олар  мәлімдемелер  жасағанда,  түсініктер  мен  куәліктер  бергенде,  сотта
сөйлегенде өз ана тілін пайдалана алуын қамтамасыз етуге міндеттейді.
  Сот билігі азаматтық, қылмыстық және  сот  жүргізудің  заңда  белгіленген
өзге де нысандары,  мысалы,  әкімшілік  істер  бойынша  сот  жүргізу  арқылы
жүзеге асырылады.  Кейбір  әкімшілік  құқықтардың  бұзылуы  сотта  қаралады.
Соттың  шешімдері,  үкімдері,  қаулылары,   заңды   бұйрықтары,   талаптары,
тапсырмалары барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар,  шетелдік  азаматтар  мен
азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік  және  мемлекеттік
емес  ұйымдар  үшін  орындауга  міндетті  болып  саналады.  Сот   шешімдерін
орындамау  заңды  бұзушылық  және  сотты  құрметтемеушілік   деп   саналады.
Қазақстан   Республикасының   Қылмыстық   кодексінде   мемлекеттік    немесе
мемлекеттік емес ұйымның лауазымды  тұлғасы  соттың  үкімін  немесе  шешімін
орындаудан бас тартқан жағдайда оған қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
  Соттың  тәуелсіздігі.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  бойынша
судьялар  тәуелсіз  және  ауысты-рылмайды.  Судьялардың   тәуелсіздігі   мен
ауыстырыл-майтындығы  сот  төрелігін  жүзеге  асырғанда,   істер   қараганда
олардың  қызметіне  ешкімнің  араласа  алмай-тындығынан,  лауазымды  орнынан
ешкімнің босатып жібере алмайтындығынан және шешімді тек заңға сүйеніп  қана
шығаратындығынан көрінуі тиіс. Судья-лардың тек қана Конституция мен  заңның
ережелеріне  бағынуы  —  олардың  әрі  кәсіби,  әрі  қасиетті  парызы.  Өзін
өркениетті, салауатты  деп  есептейтін  қоғам  соттардың  ісіне  қол  сұғуға
ешқашан жол бермейді.
  Конституция судьялар ісіне ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді.
Судьяны қамауға, әкімшілік орындарына алып барып,  одан  жауап  алуға,  оған
сот   тәртібімен   істелетін   әкімшілік   шараларды   қолдануға   болмайды.
Президенттің  келісімінсіз   судьяны   қылмыстық   жауапкершілікке   тартуға
болмайды.  Жоғарғы  соттың  төрағасы  мен  судьялары   Парламент   Сенатының
келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке  тартылмайды.  Судьялар  ауыр  қылмыс
жасаған болса немесе қылмыс үстінде ұсталған  жағдайда  ғана  Президент  пен
Сенаттың келісімшсіз қылмыстық жауапкершілікке  тартылады.  Судья  жөніндегі
қылмыстық істі тек қана республиканың Бас прокуроры қозғай алады.
  Судья лауазымын алғаш  иеленгендер,  қолдарын  Қазақстан  Республикасының
Конституциясына қойып тұрып ант береді. Жоғарғы соттың  судьялары,  облыстық
соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрагалары антты  Жоғарғы  соттың
пленумында береді. Қалған  судьялар  судьялардың  тиісті  конференцияларында
ант береді.
  Сот төрелігі. Сот төрелігін заңдарға сәйкес және заңдардың негізінде  тек
соттар жүзеге асырады.  Ешқан-дай  басқа  орган,  ешқандай  басқа  лауазымды
тұлға  соттың  қызметін  өз  міндетіне  ала  алмайды.   Сондай-ақ   әркімнің
өздігінен  билік  жүргізуіне,  өздігінен  жаза   қолдануына   заңмен   тыйым
салынады. Сот лауазымына талапкер азаматтардың абыройы мінсіз болуға тиіс.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру:   § 42

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  47        |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Кеңестің құрылымы және құрамы. Конституциялык Кеңес 7 адамнан тұрады.
Қазақстан аумағында туылған, жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар, кемінде
5 жыл заңгерлік қызмет стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары
Конституциялык Кеңестің мүшелері бола алады. Конституциялык Кеңестің
мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыс-тырылмайды.
  Конституциялык Кеңестің төрағасы мен мүшелерін Парламент палаталары
тағайындайды. Конституциялық Кеңестің тағайындалған құрамы Қазақстан
Республикасының Президентше ант береді.
  Конституциялык Кеңестің тәуелсіздігі. Конституциялық Кеңестің төрағасы
мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып есептеледі, Конституция
мен Конституциялық Кеңес туралы Президенттің жар-лықтарын орындайды. Олар
өздерінің міндеттерін билік тармақтарынан тәуелсіз атқарады. Конституциялық
Кеңестің қызметіне араласушылыққа, оның мүшелеріне қысым жасауға немесе
басқаша түрде ықпал етуге жол берілмейді. Ондай әрекеттер көрініс бере
қалса, кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Конституциялық Кеңес те,
оның мүшелері де ешқандай органның алдында жауап бермейді.
  Конституциялык Кеңес ел ішіндегі конституциялық заңдылықтардың іске асу
жағдайы туралы жыл сайын парламентке хат жолдап отырады. Бірақ ол арнайы
есеп беру емес. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы жарлығында
Конституциялық Кеңестен өз өкілеттігін жүзеге асыру турасында ешбір
мемлекеттік орган немесе лауазымды адам есеп беруді талап ете алмайтыны
көрсетілген.
  Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің иммунитеті (қол
сұқпаушылық) болады — оларға ешкім қысым жасай алмайды, билігіне
араласпайды, тәуелсіздігіне қол сұқпайды.
Конституциялық Кеңестің атқаратын функциялары. Мемлекеттік орган ретінде
Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары мәртебесін қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес
өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
  —   конституциялық нормаларды сақтай отырып, олардың бұлжымастығын, яғни
жоғары мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілер қабылдағанда,
ұйымдастыру шараларын жүзеге асырғанда, конституциялық нормалардың
орындалуын қадағалайды;
мемлекеттің тұтастығын, саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін конституциялық
ережелердің қатаң сақ-талуын бақылайды;
конституциялық идеялар мен қағидаларды — әлеуметтік мемлекет, құқықтық
қоғам, азаматтық қоғам, қазақстандық отаншылық идеяларын ұстанады.
  Конституциялық  Кеңес өкілеттігінің үш бағыты:
   - конституциялық нормаларда кездесетін түсініксіз баптарға түсінік беру.
     Оларға ресми түсінік беру тек Конституциялық Кеңестің құзыреті болып
     табылады. Конституциялық Кеңестің берген түсінігі бұл норманы
     қолданғанда жұрттың бәріне бірдей міндетті деп есептеледі.
Конституцияльщ іс жүріізу және оның ерекшеліктері. Конституциялық Кеңес сот
органы болып есептелмейді.
Ол — Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарылығын сотсыз әдістермен
қамтамасыз ететін орган. Конституциялық Кеңес өзінің құзыретін
конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады.
  Конституциялық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері Конституциялық
Кеңестің сот жүйесіне жатпайтынды-ғынан, мемлекеттік органдар жүйесіндегі
ерекшелігінен және мемлекеттің дұрыс басқарылуына қызмет ете тұрып,
мемлекеттік биліктің де тармағына жатпайтындығынан көрініс береді.
Конституциялық іс қозғау жөнінде өзінің талаптарын білдіретін субъектілер
саны да шектеулі. Ондай субъектілер конституциялық істі жүргізуге
қатысушылар болып есептеледі. Оған жататындар:
   - Республика Президенті,
   - Сенат төрагасы,
   -  Мәжіліс төрағасы,
   - Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем
     болмайтын тобы, премьер-министр, республика соттары, кабылданған
     актілерінің Конституцияға сөйкестілігі тексерілетін мемлекеттік
     органдар мен лауазымды тұлғалар.
  Конституциялық Кеңес іс жүргізу жөнінде өтініш түскен күннен бастап бір
айдың ішінде қабылданған өтініш бойынша қорытынды шешім шығарады.
Конституциялық іс мына жағдайларда шешім қабылдамай тұрып тоқтатылады: егер
субъект өзі берген өтінішінен бас тартатын болса; конституцияға сәйкестігі
жөнінде талас туғызып отырған актінің заңдык күші бұзылса немесе өздігінен
жойылса; егер өтініш Конституциялык Кеңестің қарауына жатпайтын болса.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 43



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 48         |Күні:                |


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын,  мемлекет  басшысы
тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа  нормативтік  актілері  талаптарының
орындалуын қамтамасыз етуге тиісті  құқық  қорғау  органдары  болады.  Құқық
қорғау органдарына жататындар:
   - прокуратура,
   - ішкі істер органдары,
   - ұлттық қауіпсіздік органдары.
  Прокуратура.  Прокуратура  —  мемлекет  атынан  әрекет  ететін,  мемлекет
аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың, өзге  нормативтік-
құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын  қадағалайтын,  іздестіру
қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін  жүргізудің
заңдылығын  бақылауды  жүзеге  асыратын   мемлекеттік   орган.   Прокуратура
Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.
  Прокуратура (латын. ргосиго — қамын ойлаймын, басқарамын)  —  заңның  дәл
орындалуын жоғарыдан бақылауды іске асыратын орган. Кейбір елдерде  қылмысты
істерді тергеу жумыстарын  кадағалайтын  орган.  Алғаш  XIII—XIV  ғасырларда
Францияда пайда болған.
  Қазақстан  Республикасьшдағы  прокуратура  органдары   жүйесін   ҚР   Бас
прокуроры   басқарады.   Жергішкті   жерлерде    облыстардың,    қалалардың,
аудандардың прокурорлары  болады.  Прокуратураның  басты  мақсаты  —  барлық
мемлекеттік  органдардың,  мемлекеттік  жөне  мемлекеттік  емес   ұйымдардың
заңдар  мен  басқа  да  нормативтік  актілер  ережелерін  бұрмалаусыз,   дәл
орындауын  бақылап   отыру.   Сондықтан   прокуратура   барлық   мемлекеттік
органдардың,  ұйымдардың,  мекемелердің,  кәсіпорындардың  жұмысын   мынадай
бағыттарда қадағалайды:
                         а) прокуратура азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының сақталуын қадағалайды.
  ө)  прокуратура  әкімшіліктегі  іс   жүргізудің   заңдылығын   бақылайды.
Әкімшілік жолмен  азаматтардың  құқығы  бұзылатын  болса,  оған  жол  берген
әкімшіліктегі азаматтардың құқығы  бұзылу  жағдайларын  тексереді,  кінәліні
тауып, жауапқа тартады, одан құқық бұзушылық әрекетін дереу тоқтатуды  талап
етеді;
  б)  прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын
қадагалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы
мақсатпен дәлелдер жинастырады, күдікті адамдардан, куәлардан,
жәбірлеушілерден жауап алады. Ал прокуратура осындай жұмыстардың үстінде
тергеу органдарының
құқык бұзушылық жағдайларын, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының
бұзылуын, тергеудің тыйым
салынған әдістерінің қолданылуын болдырмау жағдайларын бакылайды.
  Ол үшін  прокуратура  тергеу  орындарына  тексеру  жүмыстарын  жүргізеді.
Тексеру заңдардың  бүзылуын  немесе  өзге  де  қиянатты  жагдайлардың  болып
жатқанын  көрсетіп  азаматтар  тарапынан  жазылган   шағымдарға   байланысты
жүргізілуі мүмкін. Өйткені, прокуратура  органдары  мемлекеттің  гана  емес,
алдымен өрбір азаматтың мүддесін қорғайды.
  Ішкі істер органдары.  Ішкі  істер  министрлігі  республика  аумағындағы,
облыстардағы,  қалалардағы  ішкі  істер  басқармаларының  бірыңғай  жүйесін,
көлік жүйесін, қалалык, аудандық, қалалардагы аудандық  түзету  меке-мелерін
— абақтыларды, лагерьлерді,  өрттен  қорғау  бөлімшелерін,  ішкі  әскерлерді
баскарады.
  Азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау  үшін  құқық
қорғау органдарының алдына қойылатын ерекше міндеттер және оларга  берілетін
ерекше құқықтар болады.
  Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
   - қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
   - қылмыстардың және құқык бұзушылықтың басқа да  түрлерінің  алдын  алу,
     оларды анықтап, жолын кесу;
   - анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік
     шараларды орындау;
   -  кәмелетке  толмаған   балалардың   қараусыз   қалуын   және   олардың
     құқықтарының бұзылуын немесе  өздерінің  құқық  бұзушылық  әрекеттерін
     анықтау және болғызбау;
   - шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің  сақталуына
     бақылау жасау;
   - мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.б.
  Аталған  міндеттерді  орындау  үшін  ішкі  істер   органдарына,   олардың
қызметкерлеріне мынадай ерекше құқықтар беріледі:
    *  азаматтардан  олардың  қоғамдық  тәртіпті,   қоғамдық   қауіпсіздікті
      сақтауын, құқық  бұзушылық  әрекеттерді  тоқтатуын  талап  етеді.  Бұл
      талаптар орындалмаған жағдайда, күштеу шараларын қолдануға құқылы;
    * адамның қылмыс жасағаны  немесе  әкімтттілік  құқықты  бұзғаны  туралы
      күдік пайда болса, оның кім екендігін  анықтау  мақсатымен  құжаттарын
      тексереді, күдікті айқындайды;
    * жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері  туралы  түскен
      арыздарды  қарайды,  хабарларды  тексереді,  оларды  тіркейді,   ондай
      әрекеттердің алдын алу, ашу, құқық бұзушыларды ұстау үшін дер  кезінде
      шаралар қолданады;
    *  органдарда  қылмыстық  және  басқа  әрекеттер  жөніндегі  материалдар
      бойынша  іс  жүргізіліп  жатқанда,  солар-ға  байланысты   түсініктер,
      құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған
      адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі;
    * құқық бұзған әскери қызметкерлерді ұстап, оларды  әскери  комендатура,
      әскери комиссариатка тапсырады;
    * кәмелетке толмаған, бірақ құқық  бұзған  жасөспірімдер  мен  балаларды
      ұстап, оларды қабылдайтын  және  орналастыратын  орындарға  жеткізеді.
      Қараусыз  қалган  балалар  мен   жасөсігірімдерді   қамқоршылық   және
      қайырымдылыкпен айналысушы органдарға жеткізіп отырады;
    * айналадағы адамдарға нұқсан келтіруі немесе  қоғамдық  тәртіпті  бұзуы
      ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;
    * "қылмыс жасады" деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен  жағдайда
      орган қызметкерлері  азаматтардың  тұрғын  үйлері  мен  басқа  да  үй-
      жайларына тежеусіз
      кіріп, оларды тексереді;
  —   көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауга
құқық беретін құжаттарын тексереді. Көлік жүргізу, жүк тасымалдау  ережелері
бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады:
Ішкі  істер  органдарының   қызметкерлеріне   мына   жағдайларда   оқ-дәрілі
қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:
   * азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін  және  кепілдіктегі
     адамдарды босату үшін;
   *  ішкі  істер   органдарьшың   қызметкерлеріне,   олардың   отбасындағы
     адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару  үшін;  азаматтардың
     тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңселеріне жасалған  шабуылды
     тойтару үшін.
  Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел  іздестіру
жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер  өкілдері  қылмыс  жасаған  немесе  "қылмыс
жасауға әзірленіп  жүр"  деген  күдік  туғызған  адамдарды  ұстайды.  Тергеу
жұмыстарының суретке түсіру, дыбыс жазу,  кино-теледидар  бейнелерін  жасау,
көтерілген қылмыстық  істер  бойынша  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардан
кідіріссіз және қайтарусыз материалдар  алу,  азаматтарды  шақырып,  олардан
түсінік сұрау, құжаттар талап ету,  жауап  алу,  қылмыстың  қандай  жағдайда
жасалғанын  анықтау  максатымен  жұртшылыққа  хабар  тарату,  оларды  осыған
жұмылдыру үшін мемлекеттік бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалану  сияқты
түрлерін жүргізеді. Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп,  оларды  қылмыстық
жауапқа тарту үшін басқа да әрекеттер жасайды.
  Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   қауіпсіздік   органдары.    Ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының  тәуелсіз  мемлекет
ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік,  әскери
қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық  және
экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.
  Ұлттык  қауіпсіздік  объектілеріне  жеке   адам,   оның   құқықтары   мен
бостандықтары, қоғам және  оның  материалдық-рухани  құндылықтары,  мемлекет
және оның  конституциялық  құрылысы,  тәуелсіздігі  мен  аумақтық  тұтастығы
жатады.
  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін  күштер
бар. Оларға:
   -  ҚР Қарулы Күштері,
   - ұлттық қауіпсіздік,
   - ішкі істер,
   - сыртқы барлау,
   - әскери және салық полициясы органдары,
   - ҚР Президентінің күзет қызметі,
   - салық және кеден қызметтері,
   -  төтенше  жағдайлардың   зардаптарын   жою   қызметтері   жатады.   ҚР
     Президентінің жанынан құрылған кеңесші орган — Қауіпсіздік Кеңесі бар.
  Ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету   жүйесі   төмендегідей   негізгі
міндеттерді атқарады:
   - ұлттық мемлекетке төнуі мүмкін қауіпті болжайды және анықтайды;
   - олардың алдын алу және залалсыздандыру шараларын жасайды;
   - ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерді  құрып,  оларды  үнемі
     әзірлікте ұстайды;
   - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бірдей
     және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 44













|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 49         |Күні:                |


Тақырыбы: Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Құқық  бұзушылық.  Адамдар  арасындағы  қатынастар,  олардың   әрекеттері
жалпыға  ортақ  және  баршаға  түсінікті  әлеуметтік  нормалармен   реттеліп
отырады.  Адамгершілік  ұстанымдар  мен  қағидалар,  салт,   дәстүр,   құқық
ережелері барлық әлеуметтік нормалардың негізі болып саналады.  Адамдар  заң
нормаларын үнемі сақтап жүрсе,  онда  қоғам  қалыпты  өмір  сүретін  болады.
Ондай қоғамда адам өзінің денсаулығы, мүлкі, келешегі жөнінде  алаң  болмай,
мамыражай өмір сүреді,
  Мүшелері  заңды  және  адамгершілік  нормаларын  сақтамай,  толып  жатқан
жолсыздықтарға мүмкіндік беретін қоғамның болашағы жоқ.  Сондықтан  қоғамның
құқықтық  мәдениетін  арттырудың   өзектілігін   ешқашан   естен   шығармай,
адамдардың санасына заң ережелерін сақтау міндетін  үнемі  орнықтырып  отыру
қажет. Адамдардың өздерін құқық өлшеміне лайық  ұстауы  дегеннің  не  екенін
әркім білуі керек. Заң талабы іс  жүзіне  асырылып  жатқан  қоғам  мүшесінің
құқық өлшеміне лайық болуы төмендегілерден көрінеді:
  1. Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
  2. Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген
     құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
  Азаматтарға берілген құқықтар мен бостандықтар— олардың материалдық  және
рухани  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  үшін  берілген  мүмкіндіктер.   Ол
мүмкіндіктерді пайдалану  немесе  пайдаланбау  олардың  өз  ер-кінде.  Солай
болса  да,  мемлекет  азаматтардың  құқықтары   мен   бостандықтарын   толық
пайдалануына  мүдделі.  Өйткені,  білім  туралы  заң  бойынша   азаматтардың
бәрінің толық орта білім  алуы,  кәпшілігінің  жоғары  білімді  болуы  бүкіл
қоғамның білім деңгейі жоғарыльнының көрсеткіші болар  еді.  Ондай  қоғамның
келешегі жарқын болмак.  Ал  азаматтардың  сайлау  және  сайлану  құқықтарын
толық пайдалануы — сайлауға жаппай қатысуы,  кандидаттардың  бағдарламаларын
зерттеп,  ішінен  тиімдісін  таңдай  алуы,   қоғамның   келешегіне   пайдалы
бағдарламаларды іріктей білуі, сондай бағдарламаларды жасаған  кандидаттарға
дауыс беріп, кейін олардың әр қадамын қадағалап  отыруы,  сонысымен  қоғамда
заңдылықтарды орнатуға ат  салысуы  құқықтық  қоғам  құру  үшін  ең  қажетті
шарттар болып табылады.
  3. Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
  Заң адамдардың қоғамға қауіпті,- зиянды әрекеттер істеуіне тыйым  салады.
Азаматтар заңды түрде тыйым салынған әрекеттерді істемеуі керек.
  4. Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
  Азаматтарға толып жатқан міндеттер жүктелген. Қоғамның алға жылжуы  қоғам
мүшелерінің өз міндеттерін орындап отыруына  тікелей  байланысты.  Азаматтық
міндеттердің   орындалуы   —   азаматтардың    өздерінің    құқықтары    мен
бостандықтарының кепілі. Сондықтан міндеттердің орындалуы  құқықтық  өлшемге
лайықтылықтың басты өлшемдерінің бірі болып табылады.
  Азаматтық  құқық  ұғымы.  Қоғам  мүшелерін  әрекетінің  сипатына   қарай:
материалдық игілік ондірушілер және материалдық емес салада  істеушілер  деп
екіге бөліп карастыру қалыптаскан.  Қоғам  мүшелерінің  белгілі  бір  бөлігі
материалдық игіліктер өндірумен тікелей айналысады.  Ал  материалдық  игілік
өндірмейтін  салаларда  істейтін  адамдар  еңбегінің  маңызын  да   кемітуге
болмайды. Қоғамның материалдык  игіліктерін  оның  мүшелерінің  бәрі,  бүкіл
қоғам тұтынады. Соның нәтижесінде өндіруші  мен  тұтынушы  арасында  белгілі
бір қатынас қалыптасады.  Мүліктік  қатынастардың  қоғамдық  маңызына  қарай
мемлекет бұған қатынасушылардың құқық-тары мен міндеттерін белгілейді.
      Материалдық  игіліктерге  адамның  өмірлік   қызметінде   пайдаланатын
мүліктік және табиғи құндылықтар — үй, киім, көлік,  еңбек  құралдары,  жер,
су, қазба байлықтар, өсімдіктер  дүниесі  т.б.  жатады.  Осылардың  ішіндегі
азаматтардың  меншігіндегі  мүліктік   құндылықтар   азаматтардың   құқықтық
объектісі  болып  табылады.  Мемлекеттік  меншіктегі  объектілер  —  жолдар,
өзендер, көлдер, ұлттық кітапханалар, жабайы аңдар дүниесі т.б.
  Мүліктік емес  құндылықтарға  адамның  өмірі,  денсаулығы,  жеке  адамның
қадірі, ары,  атағы,  абыройы,  іскерлігі,  жеке  және  отбасы  құпиясы,  өз
есіміне құқығы, авторлық құқығы және басқалар жатады.
  Азаматтық-құқықтық қатынастар. Материалдық  объектілер  адамдар  арасында
туатын  азаматтық-құқықтық  қатынастардың  қайнары  ретінде  қызмет   етеді.
Адамдар өздеріне  міндеттер  ала  отырып,  азаматтық  құқықтық  қатынастарға
түседі.
  Мәміле — адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға,
өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
  Меміле ауызша немесе жазбаша түрде жасалуы мүмкін. Мемілеге  келушілердің
қағаз жүзінде міндеттеме алысулары немесе мәмілелерін нотариалды  куәландыру
жазбаша  мәміле  түрінде  жасалады.  Куәлан-дырусыз  жазбаша   мәміле,   кем
дегенде, 25 еңбекақы мөлшеріндегі бағалыктарға жасалады. Келісуші  жақтардың
бірі 14 жасқа толмаған болса,  меміленің күші болмайды.
  Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін мынадай шарттар болуы керек:
  а)  құқыққа қарсы әрекет;
  ә) жауапкердің кінәсі;
  б) шьнын келтірілуі;
  в) құқыққа қарсы әрекеттің жауапкері  мен  келтірілген  шығын  арасындагы
себептік байланыс.
  Азаматтық құқық субъектілері. Азаматтық-құқықтық  байланыстың  субъектісі
жеке адам  ғана  емес,  адамдар  ұжымы  да  болуы  мүмкін.  Азаматтық  құқық
субъектісі  болатын  ұйымдар  мен  кәсіпорындар  заңды  тұлға  деп  аталады.
Азаматтық құқықтық байланыстың  субъектісі  болуға  азаматтьны  жоқ  адамдар
немесе шетелдіктер де құқылы.
  Заң кәмелеттік жасқа толмағандар белгілі жасқа жеткенде құқығын кеңейтуді
қарастырады.   Олардың   атынан   келісімді   ата-анасы   немесе   асыраған,
қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жастан  18  жасқа  дейінгі  жасөспірімдер
өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай  алады.
14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара  әрекет  қабілеттілігі  пайда  болады
және өзіне алған міндетті орындау  қабілеті  де  көрініс  береді.  18  жасқа
толғаннан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді.
  Бекіту кезеңі:
   1.  Құқық  бұзушылықтың  мәніне  тереңірек  үңіліп,   қысқаша   сипаттама
      беріңіздер.
   2.  Азаматтық-құқықтық  қатынастар  аясында  қарастырылатын  объектілерге
      нелер жатады?

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 45







|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 50         |Күні:                |


Тақырыбы: Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік
туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Еңбек және тәртіп жауапкершілігі. Еңбекке қабілетті әр  адам  қайда  және
қандай жұмыспен шұғылданатының  өзі  шешеді.  Мемлекеттік,  қоғамдық  немесе
жеке  меншік  мекемелерде  жұмысшының  құқық  мен  міндеттері  еңбек  туралы
зандарға сай шешіледі. Конституция азаматқа еңбек бостандьның,  мамандықтың,
кәсіптің түрін таңдауға еркіндік құқығы береді. Азаматтар заңды түрде  тыйым
салынбаған еңбектің кез келген түрімен шұғылдана алады.
  Заң еңбекпен байланысты салада  алалаушылыққа  тыйым  салады.  Әр  азамат
өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен  тең  пайдалана  алады.  Ешкімнің
еңбек туралы құқығына шек  келтірілмейді,  жұмысқа  орналасу  кезінде  ешкім
өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және  басқа  да  жағдайына
қарай артықшылықты пайдалана алмайды.
  Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру  деп  саналмайтын  жағдайлар  да
бар. Жұмысқа  қабылданарда  адамның  мамандығы,  кәсіпті  меңгеру  шеберлігі
ескеріледі. Жұмыс үрдісінде азаматтың іскерлігі, жұмысының сапасы,  нәтижесі
есепке алынуы мүмкін.
  Адам жұмысқа қабылданарда  немесе  жұмыс  үрдісінде  алалаушылыққа  душар
болса, онда ол сотқа шағынуға құқылы.  Сот  алалаушылық  фактісін  тапқанда,
азаматты  арашалайтын  шешім  қабылдайды,  кінәліден  жапа  шегушінің  зияны
өндіріліп алынады.
  Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен  гигиеналық  талаптарға  сай  болуы  керек.
Еңбектің бір түрін атқарған адамдар бірдей  еңбекақы  алуы  керек.  Еңбекақы
мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс. Жұмыс уақытының  ұзақтығы
заңмен белгіленеді, жұмыс беруші оны  өз  еркімен  ұзарта  алмайды.  Жұмысшы
демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы  кезінде
демалуға құқылы. Жұмысшының өз қалауынша мамандығын өзгертуге,  біліктілігін
көтеруге құқығы бар.
  Заңда белгіленгеніндей, азамат 15 жасқа толған соң еңбек ету туралы жұмыс
берушімен шарт жасасуға құқығы бар. 14 жасқа толғандар еңбек  туралы  шартты
ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімімен жасаса алады.
  Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қысқарған  жұмыс  уақыты  бойынша
еңбек ете алады және еңбек ақысы қысқартылмайды.  15-тен  16  жасқа  дейінгі
жұмысшылар, сондай-ақ 14-тен 15 жасқа дейінгі оқушылар  үшін  апталық  еңбек
уақытының ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс. 16 жастан 18 жасқа  дейінгілерге
апталық жұмыс уақытының ұзақтығы — 36 сағат. 18 жасқа толмаған  жұмысшыларды
түнгі жұмысқа және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа пайдалануға болмайды.
  Жүмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:
   —  заңға сәйкес еңбек шартын жасасуға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;
  —    ұжымдық шарт жасасуға;
  —    еңбек шарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуын талап етуге;
    * өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге.
  Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:
    * жұмысшыға қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
еңбекті қорғаудың нормасы мен  ережесін  орындап  отыру,  өрт  қауіпсіздігі,
қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтау;
жұмысшыны ұжымдық шартпен, еңбек туралы нормативтік актімен таныстыру.
  Әр жұмысшы өзінің:
   -  еңбек міндетін сапалы және адал орындауға;
   - еңбек тәртібін сақтауға;
   - жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға;
   - еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі,  қауіпсіздік  техникасы,  өндірістік
     санитария талаптарын орындауга міндетті.
    Жұмыс тәртпібін бұзушылықтың мынадай белгілері бар:
  —   жұмысшының еңбек тәртібі ережелерін бұзуы;
    *  өзінің  еңбек  міндетін  дәлелсіз   себептермен   орындамауы   немесе
      нормативтік актіде,  өзінің  еңбек  шартында  көрсетілген  міндеттерді
      нашар орындауы;
    * жұмыс берушіге, ұжымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі.
  Еңбек тәртібін бұзушыға жаза қолданылады. Бүл жерде бір тәртіп  бұзушылық
үшін  бір   рет   қана   шара   қолданылатынын   ескерген   жөн.   Тәртіптік
жауапкершіліктің екі түрі бар: жалпы және арнайы.
  Арнайы  тәртіптік  жауапкершілік  жұмысы  ерекше  сипаттағы   мемлекеттік
органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік  туралы  т.б.),  сондай-ақ
ерекше жұмыс санаттарын атқаратын мекемелердің жарғыларында белгіленеді.
  Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек ережелерінде белгіленеді.  Заңда
жалпы тәртіптік жазалардың сөгіс беру, айып салу  (егер  ол  еңбек  шартында
көрсетілген болса), жұмыстан  босату  түрлері  көрсетілген.  Тәртіптік  шара
тәртіп бұзушылық айғағы анықталғаннан кейін, бір ай ішінде қолданылуы тиіс.
  Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.  Заңдық  жауапкершіліктің  ерекше  түрі
әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке  әкімшілік
құқықты бұзғандар тартылады.
  Әкімшілік   құқық   бұзушылық    дегеніміз    —    мемлекеттік    басқару
институттарында,   мекемелер   мен   кәсіпорындарда,   қоғамдық    орындарда
белгіленген тәртіптерді  бұзудың  салдарынан  болатын,  адам  құқықтары  мен
бостандықтарына кесел келтіру формасында көрініс беретін құқық  бұзушылықтың
ерекше түрі.
  Әкімшілік жаза — адамның  құқығына,  мүлкіне  шектеу  жасалатын  (ақшалай
айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Заң  жүзінде  әкімшілік
жазаның төмендегідей  түрлері  қарастырылған:  ескерту;  айып  салу;  тәртіп
бұзушының айлық табысын еске ала отырып, ол келтірген шығынды  өндіріп  алу;
тәртіп бұзушыдан құндылықты қайтарып алу; тәртіп бұзушының жұмсаған  құралын
мәжбүрлеу жолымен алу; тәркілеу; тәртіп  бұзушыны  арнайы  құқығынан  айыру;
еңбекпен түзеу; әкімшілік тұтқындау (соттың шешімі бойынша).
  Әкімшілік  жазаны  арнайы  органдар,  жаза  қолдануға  құқылы   лауазымды
адамдар, жол полициясы,  санитариялық  инспекция,  балық  күзеті  және  т.б.
сондай-ақ, сот тағайындайды.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 46

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  51        |Күні:                |


Тақырыбы: ІІІ тоқсандық сынақ «Конституция»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
   1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?
   2.  Адам  құқықтары  мен  бостандықтарының   қорғалу   тетіктерін   қалай
      жетілдіруге болады?
   3.  Қазақстанда   адам   құқықтарының    қорғалуын    қамтамасыз   ететін
      органдарды атаңыздар.
   4. Азаматтық алу үрдісіндегі "қан құқығы" және "топырақ
      құқығы" ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер?
   5.   Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
   6.    Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алу  үшін  өтініш   қандай
      жағдайларда  қабылданбайды?
   7. Президенттің  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  орны,  рөлі,  атқаратын
      функциясы қандай?
   8. Президенттің атқарушы билік  тармағына:  Үкіметке,  жергілікті  атқару
      органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
   9. Бүкілхалықтық  референдумның  шешімі  ең  әділ  және  халықтың  өзінің
      түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
  10.  Құқық  бұзушылықтың  мәніне  тереңірек  үңіліп,   қысқаша   сипаттама
      беріңіздер.
  11.  Азаматтық-құқықтық  қатынастар  аясында  қарастырылатын  объектілерге
      нелер жатады?
  12. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
  13.  Палаталардың  құрамы  қандай  және  олар   қалай   сайланады   немесе
      тағайындалады?
  14. Парламенттің тәуелсіз болуының  қоғам  дамуындағы  маңызына  сипаттама
      беріңіздер.
  15. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  атқаратын  қызметін атаңыздар.
  16. Үкіметті кім басқарады, оның өкілеттіктері қандай?
  17.  Үкіметтің  өзге   де  мемлекеттік  билік  органдарымен  арақатынасына
      сипаттама беріңіздер.
  18. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
  19. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіздер?
  20. Сот төрелігі деген не?
  21. Конституциялық  Кеңес  не  үшін  қажет  және   ол   қандай  функциялар
      атқарады?
  22. Конституциялық Кеңестің  құрамын  жасақтауда  демократиялық  қағидалар
      неден көрініс береді?
  23. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды қай жылы?
  24. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан  қабылданды  және
      неше бөлімнен, баптан тұрады?
  25. Қазақстан Республикасының Конституциясына қай  жылдар  өзгерістер  мен
      толықтырулар енгізді?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 52         |Күні:                |


Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Конституция және құқық бұзушылық»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
   1.    Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алу  үшін  өтініш   қандай
      жағдайларда  қабылданбайды?
   2. Президенттің  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  орны,  рөлі,  атқаратын
      функциясы қандай?
   3. Президенттің атқарушы билік  тармағына:  Үкіметке,  жергілікті  атқару
      органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
   4. Бүкілхалықтық  референдумның  шешімі  ең  әділ  және  халықтың  өзінің
      түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
   5.  Құқық  бұзушылықтың  мәніне  тереңірек  үңіліп,   қысқаша   сипаттама
      беріңіздер.
   6.  Азаматтық-құқықтық  қатынастар  аясында  қарастырылатын  объектілерге
      нелер жатады?
   7. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
   8.  Палаталардың  құрамы  қандай  және  олар   қалай   сайланады   немесе
      тағайындалады?
   9. Парламенттің тәуелсіз болуының  қоғам  дамуындағы  маңызына  сипаттама
      беріңіздер.
  10. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  атқаратын  қызметін атаңыздар.
  11. Үкіметті кім басқарады, оның өкілеттіктері қандай?
  12.  Үкіметтің  өзге   де  мемлекеттік  билік  органдарымен  арақатынасына
      сипаттама беріңіздер.
  13. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
  14. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіздер?
  15. Сот төрелігі деген не?
  16. Конституциялық  Кеңес  не  үшін  қажет  және   ол   қандай  функциялар
      атқарады?
  17. Конституциялық Кеңестің  құрамын  жасақтауда  демократиялық  қағидалар
      неден көрініс береді?
  18. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды қай жылы?
  19. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан  қабылданды  және
      неше бөлімнен, баптан тұрады?
  20. Қазақстан Республикасының Конституциясына қай  жылдар  өзгерістер  мен
      толықтырулар енгізді?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер













|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 53         |Күні:                |


Тақырыбы: Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары туралы
жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қылмыстық құқық  деген  не?  Қылмыстық  құқық  —  адамның  құқықтары  мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан  қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы.  Қылмыстық
құқык  нормасы  арқылы  қоғамдық  қатынастардың  реттелуі   қылмыс   істеуге
байланысты,  қылмыс жасаған  адам  мен  мемлекет  арасында  көрініс  береді.
Қылмыстық  құқық  жазамен  қорқытып,  тыйым   салынуға   тиіс   әрекеттердің
істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
  Қылмыстық  құқық  нормасы  азаматтарға  қылмыстық   әрекеттермен   қиянат
келтірілгенде, олардан  адамның  қорғануына  байланысты  қатынастарды  ретке
келтіреді.
  Қылмыстық құқық — жалпы құқық жүйесінің негізгі саласы және жеке  тәртіп.
Ол  қылмыстың  не  екенін,  қылмыстық  жауапкершілікті,   жаза   және   жаза
жүйелерін,  жазаны  тағайындаудың   реттілігі   мен   шарттарын,   сондай-ақ
қылмыстық  жауапкершіліктен  және  жазадан  босатуды  белгілейтін   заңдылық
нормаларының  жиынтығы  болып  табылады.  Құқықтың  басқа  салалары   сияқты
қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылык базасы  —  Қазақстан  Республикасының
Конституциясы.
  Қылмыстық құқық қылмыс істелуіне байланысты адамдар арасында немесе  адам
мен қоғам арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды  реттейді.  Қылмыстық
құқықтық қатынастардың субъектілері болып,  бір  жағынан  —  қылмыс  істеген
адам немесе адамдар тобы, екінші жағынан —  қылмысы  үшін  соларға  мемлекет
атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қорғау және құқықтық  жаза  қолдану
органдары есептеледі. Белгілі  бір  әрекетті  немесе  әрекетсіздікті  қылмыс
қатарына  жатқызу,  оған  жаза  тағайындау,  қоғамға,   жеке   адамға   және
мемлекетке  қарсы  қылмыстық  әрекетті  болдырмау,  бола  қалса,   ол   үшін
қылмыстық жауапқа тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті.
  Қылмыстық құқықтың құрылымы. Қылмыстық құқық
   - Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым; қылмыстық заңның  түсінігі,
     міндеттері; қылмыстық жауапкершілік негізі;  қылмыстың  құрамы  туралы
     түсінік; қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші; әрекеттің
     қоғамға қауіптілігін жоятын жайлар; сондай-ақ, қылмыс істеу,  қылмысқа
     қатысу,  жазаның  мақсаты,  жүйелері,   жаза   тағайындау;   қылмыстық
     жауапкершіліктен және жазадан босату жағдайлары қарастырылады.
   - Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және олар үшін белгіленетін жаза
     түрлері көрсетіледі.
  Қылмыстық   құқықтың   функциялары.   Қылмыстық   құқық    функцияларына:
қорғаушылық,  сақтандырушылық  және  тәрбиелік  маңызы   жатады.   Қылмыстық
құқықтың негізгі функцияларына:
   -  адам  мен  азаматтың  құқықтарын,  бостандықтарын,  заңды  мүдделерін
     қорғау;
   - қоғамдық тәртіпті сақтау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
   - қоршаған ортаны бүлінуден қорғау;
   -  Қазақстан  Республикасының  конституциялық  құрылысы   мен   аумақтық
     тұтастығын сақтау;
   - қоғам мен мемлекеттің  заңды  мүдделерін  қылмыстық  қол  сұғушылықтан
     қорғау;
   -   бейбітшілік   пен   адамзаттың   қауіпсіздігін   қорғау,   сондай-ақ
     қылмыстардың алдын алу  жатады.  Бүл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін
     қылмыстық жауапкершілік негіздері белгіленеді;
   - жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті  әрекеттердің  қылмыстық
     мәні айқындалады;
   - кінәлілерге жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтың ықпал ету  шаралары
     белгіленеді.
  Қылмыстық  құқықтың  қағидалары.  Қылмыстық  құқық  өзінің  алға   қойған
функцияларын тек қана  белгілі  бір  қылмыстық-құқықтық  қағидаларды  сақтау
негізінде жүзеге асыра алады. Қылмыстық-құқықтық қағидалар  заң  шығарушыға,
құқық қорғау және қолдану органдары мен  азаматтарға  қылмысқа  қарсы  күрес
жүргізу саласындағы қажетті,  негізгі  және  міндетті  ережелердің  көрінісі
болып табылады. Олардың негізгілері мыналар:
  —   Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде халықаралық  қылмыстық
құқықтың жалпыға ортақ қағидалары мен нормаларының толық ескерілуі;
  —   қылмыстық заңның Конституцияға негізделуі;
  —   қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермеу;
  —   азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі;
* ешкімнің жауапкершіліктен құтылмайтындығы;
* әділеттілік ұстанымы;
* ізгілік ұстанымы.
  Құқықтың  салалық  жүйесі.  Өмірде  түрлі  қоғамдық  қатынастарды  заңдық
нормаларға  сәйкес  құқықтың  салалары  реттейді.  Құқықтың  салалары  өзара
байланысты,  қоғамдық  өмірде  белгілі  бір  салада  реттелетін  нормалардың
жиынтыгын құрайды.
 Тапсырмалар
 1. "Қылмыстық  құқық"  ұғымына  жазбаша сипаттама жазыңыздар.
 2. Қылмыстық  құқықтың  жалпы  және  ерекше  бөлімдерін салыстырып
    қараңыздар.
  3.  Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап
    көрсетіңіздер.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 47









|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  54        |Күні:                |


Тақырыбы: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қылмыс.   Қоғамда   қылмыстың   жасалу   себептері   ішінде   кедейшілік,
жұмыссыздық,  мәдениеттің  төмендігі,  адамгершіліктен  азғындау,  отбасылық
тәрбиенің   дәрменсіздігі,    маскүнемдіктің    етек    алуы,    нашақорлық,
порнографияның   кері   ықпалы,   құқық    қорғау    органдары    қызметінің
қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.
  Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады.  Қоғамның  өзі  жеке
адамдардан  құралатындықтан,  нақты  бір  адамға  қарсы  жасалған   қылмысты
қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.
  Қылмыс қасақана немесе  байқаусызда  жасалуы  мүмкін.  Қасақана  жасалған
қылмыс — тікелей не жанама түрде болып бөлінеді. Адам өз  әрекетінің  немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті  екенін  біле  тұра,  қылмысқа  барса,  бұл
саналы түрде, қасақана жасалған қылмыс болып саналады.
  Қылмыс дегеніміз — заң қылмыс деп  танитын  әрекет  немесе  әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз — қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы  жасаған  зиянды
қимылдарының жиынтығы.
  Әрекетсіздік дегеніміз — азаматтың қылмыстың  дайындалып  немесе  жасалып
жатқанын  біле  тұра,  оның  алдын  алу  бағытында  әрекет  жасамауы,  заңда
көрсетілген азаматтык міндетін орындамауы.
  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауапкершілігі.  Азамат  14  жастан
бастап қылмыстың  кісі  өлтіру;  денсаулығына  зиян  келтіру;  әйел  зорлау;
тонау;  ұрлау;  бұзақылықтың  ауыр  түрін  жасау;  мемлекеттік  немесе  жеке
меншіктік мүлікті жою; қаруды, әскери оқ-дәріні ұстау; адам ұрлау;  қорқыту;
терроризм; аманаттыққа тұтқындау; вандализм; уландырғып заттарды ұрлау  т.б.
түрлері үшін жауапқа тартылады.
  Кәмелеттік жасқа толмаса  да,  16  жастан  асқан  жасөспірім  кез  келген
қылмысы үшін жауапқа тартылады. Кәмелеттік жасқа  толмағандарға  айып  салу;
белгілі бір кәсіппен айналысу  еркінен  айыру;  қоғамдық  жұмыстарға  тарту;
тәртібін  түзету  жұмыстары;  тұтқындау;   еркінен   айыру   т.б.   жазалары
қолданылады.
  Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің ісіне  неғұрлым  парасатты,  байыппен,
сабырлылықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік  шараның  өзі  де
жеткілікті деп тапса, оны құқық бұзушылық жазадан босатуы да  мүмкін.  Ондай
жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін.
  Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті  әрекетінен  оның  өзіне  зардап
шектіре отырып қорғануды айтамыз.
  Қылмыс үшін жазалау. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы  үшін  белгілі  бір
жаза тартады. Жазалар алуан түрлі болады: қылмыскер бас  еркінен  айырылады,
азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза  тартуының  мәні
болмас еді.
  Жазаның мынадай түрлері бар:
* айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді);
құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);
қоғамдық жұмысқа  тарту  (сотталған  адамды  өзінің  негізгі  жұмысынан  тыс
қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);
еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам  сотта  белгіленген  мерзімде  өзінің
жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);
бас бостандығын  шектеу  (сотталушыны  арнайы  орында,  қоғамнан  оңашаламай
үстау);
* тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау);
әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады);
бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау, түзету  колониясына,
абақтыға орналастыру);
* өлім жазасы (сирек қолданылатын, ең ауыр жаза);
сотталушының мүлкін  тәркілеу  (сотталушының  мүлкін  түгелдей  немесе  оның
белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).
Қылмыскердің  кінәсін  жеңілдететін  жағдайлар.  ҚР  Қылмыстық   кодексінде,
қажетіне  қарай,  қылмыс  жасаушының  кінәсін  жеңілдететін   жағдайлар   да
қарастырылған. Олардың негізгілері мыналар:
    * кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;
    * адам қылмысқа отбасы ауырлыны жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет
      салдарынан барса;
    * қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен  —  қорқытуынан,  материалдық  жағынан
      тәуелді етуінен жасалса;
    * қылмыс жәбірленушінің шектен асқан, жөнсіз  әрекеті  салдарынан  туған
      терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;
    * адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;
    * қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау,  бұйрықты  орындау
      кезінде жасалса.
  Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар: ҚР Қылмыстық кодексінде,
қажетіне  қарай,  қылмыс  жасаушының  кінәсін   ауырлататын   жағдайлар   да
қарастырылған.
  Олардың негізгілері мыналар:
    * қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;
    * қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;
    * қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында
      жасалса;
    *  қылмыстың  арты  ауыр  зардапқа  әкеліп  соқтырса  (адам  өлімі,  көп
      мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.б.);
    * қылмыска балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса;
    * қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін,  арын
      аяққа басу әрекеттерімен жасалса;
  —   қылмыс табиғат апаты немесе басқа да  төтенше  жағдайды  бүркемеленіп
жасалса;
  —   қылмыстан қоршаған ортага зиян келтірілсе;
  —   қылмыс адамның уландырғыш  заттар  мен  ішімдікті  қолданған  күйінде
жасалса;
  —қылмыскер қылмыс үстінде ерекше белсенділік көрсетсе;
  —   қылмыс от қаруды,  жарылғыш  және  техникалық  құралдарды  пайдаланып
жасалса;
  —   қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса;
  —   қылмыс  киім  формасын  немесе  өкілеттілікті  куәландыратын  құжатты
пайдалана отырып жасалса.
  Қылмыс  тұрпаттары.  Қылмыс  сипатына  қарай   төмендегідей   тұрпаттарға
жіктеледі:
   - адамның жеке басына қарсы қылмыс;
   - адамның және азаматтың конституциялық құқығы  мен  бостандығына  қарсы
     қылмыс;
   - конституциялық құрылыстың негізі  мен  мемлекет  қауіпсіздігіне  қарсы
     қылмыс;
   - экономикалық қызмет саласындағы қылмыс;
   - меншікке қарсы қылмыс;
   - халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс;
   - әскери қылмыстар;
   - қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 48





|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 55         |Күні:                |


Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
   1.  Құқық  бұзушылықтың  мәніне  тереңірек  үңіліп,   қысқаша   сипаттама
      беріңіздер.
   2.  Азаматтық-құқықтық  қатынастар  аясында  қарастырылатын  объектілерге
      нелер жатады?
   3.   Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің еңбек жағдайларына
      қатысты талаптардың іс жүзінде қолданылу мүмкіндіктері
      туралы пікір алыңыздар.
   4.  Еңбек  туралы  заң  мен  әкімшілік  кодекстің  баптарын  оқып  шығып,
      өздеріңізге қажеттілерін жазып алыңыздар.
   5.   Болашақ   мамандықтарыңыздың   тәртіптік   және   әкімшілік-құқықтық
      жауапкершілігі туралыне білесің?
   6. Қылмыстық  құқық"  ұғымына  жете  мән  бере  отырып, жазбаша сипаттама
      жазыңыздар.
   7.  Қылмыстық   құқықтың   жалпы   және   ерекше   бөлімдерін  салыстырып
      қараңыздар.
   8.   Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап
      көрсетіңіздер.
   9. Қазақстан Республикасының  қылмысқа  қатысты  заңдарының  және  қылмыс
      жасағандарды жазалаудың негізгі қағидалары қандай?
  10. Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?

Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер











|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 56-57      |Күні:                |


Тақырыбы: Мораль және құқық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мораль және құқық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Мораль — қоғамдық сананың формасы. Адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік
нормаларға сай ұстайды.  Олардың  өзгелерге  қатынасын  айқындайтын  әдептік
сапалары болады. Ол сапалар: ізеттілік, ибалылық, мейірбандық,  әділеттілік,
ізгі  ниеттілік  сияқты  моральдық  санаттардан  көрініс  табады.   Қоғамдық
идеялардың  құрамдас  бөлігі  ретінде  көрінетін  мораль,   сонымен   бірге,
адамдардың  қызметінде  және  тұрмыстағы  өзара  қатынастарында   басшылыққа
алатын қағидалары.  Бұл  қағидалар  адамның  адамгершілікке  лайықты  немесе
лайықсыз әрекет етуін, өмірде неге ұмтылып, неден іргесін аулақ салуы  қажет
екендігін белгілеп отырады.
  Мораль (лат. moralis — әдет-ғұрып) — адамдардың бір-бірімен және қоғаммен
қатыпастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын әлеуметтік институт,  қоғамдық
сананың бір формасы.
  Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық
нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу  тетіктерін  зерттейді,  оларды
түсіндіреді,  адамның  қылығын  адамгершілік  талаптар  тұрғысынан   бағалау
өлшемдерін анықтап береді. Мораль күнделікті өмірде  болып  жататын  адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қажетті ұстанымдарды  белгілейді.  Ал
бұлар жан-жақты  және  үйлесімді  дамыған  адамды  қалыптастырудың  пәрменді
құралы.
  Моральдық  тазалық—  адамгершіліктің  ең  биік  шыңы.  Әдеп  пен   мораль
адамдардың әрекеттерінен, өзара қатынастарынан шығады. Себебі  жақсылық  пен
жамандық, ізгілік пен зұлымдық,  әділеттілік  пен  әділетсіздік,  борыш  пен
жауапсыздық, арлылық пен арсыздық, ұждандық пен ұждансыздық  адамның  мінезі
мен әрекетінен көрініс береді. Ал бұлар жеке және қоғамдық  сипатта  көрінуі
мүмкін.
  Моральдың негізгі атқаратын функциясы — адам мен адам және адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу,  осыны  өзгелерге  үлгі  етіп,  келесі  ұрпақка
тәжірибе қылып жеткізу. Адам қоғамнан  тыс  өмір  сүре  алмайтындықтан,  өзі
жинақтаған барлық рухани игіліктерін,  соның  ішінде  моральдың-адамгершілік
тәжірибелерін өзінен кейінгілерге — жас ұрпақ өкілдеріне  қалдырып  отырады.
Дүниеге келіп, өмір жолын бастаған жас адам өзіне қажетті  рухани  байлықтың
бәрін өзі жасай  алмайды,  өзгелер,  алдыңғы  ұрпақ  өкілдері  жасап  кеткен
мұраны  пайдаланады,  сонымен  қоса,  оны  сақтайды  және  үнемі  жетілдіріп
отырады. Осы тұста жеке адамның алдына тартылған  моральдық  мұрадан  таңдап
ала білу қажеттігі туады, ол моральдық мұрат іздейді.
  Моральдың қоғамдағы функциясы. Мораль қоғамда реттеушілік, танымдық  және
тәрбиелік қызмет атқарады.
  Мораль   адамның   қоғамда   өзін   ұстауын   барлық   салада   реттейді.
Адамгершілікті мұрат адамға өмір сүруде жалпы бағыт береді және  өзін  ұстау
нормасын түзуге қызмет етеді.
  Моральдың танымдық функциясының мәні  —  адамның  рухани  өлемін  зерттей
отырып,  оны  дұрыс  талғамға  және  қылыққа  үйретуінде.   Өмірдің   мәніне
моральдық  көзқарас,  адамның  өзінің  кемелдігін   және   қоғам   алдындағы
жауапкершілігін  түсінуі  тұлға  дүниетанымының  құрамдас   бөлігі   ретінде
көрінеді.
  Мораль  жене  құқық:   әрекет   аялары.   Моральдың   құқықтан   мәнділік
айырмашылығы мынада: мораль — жазылмаған  қағидалардың  жиынтығы,  сондықтан
ол қоғамдық пікірмен  реттеледі.  Құқық  мемлекеттегі  жазылып,  қабылданған
заңдылыктар жүйесін  құрайды,  сондықтан  ол  мемлекеттің  ықпалымен,  билік
орындарының араласуымен жүзеге асырылады.  Бұлардың  алдыңғысына  адамдардың
ыңғайсыз жағдайға түсіп, өз  кінәсін  мойындауы  адам  санасында  басты  рөл
атқарса, соңғысына жазалау, күштеу (айып, абақты) түрінде қол-данылатын  заң
ықпал етеді.
  Моральдың  идеялық  мазмұнының  негізі  —  "ізгілік"  немесе  "зұлымдық",
"жақсы"  немесе  "жаман"  деген  қатынастарды  көрсетуінен  туындайды.  Егер
адамның қылығы адамгершілік ұстанымдарына сәйкес  келмесе,  онда  ол  ішінен
ыңғайсызданып, өз әрекетін тез түзеуге тырысады. Бұл,  әрине,  ұятты  жоғары
қоятын адамдарға тән. Ал ұятпен  санаспайтындар  мұндай  ұстанымдарды  бұзып
жүрсе  де,  одан  ешқандай  ыңғайсызданбауы  мүмкін.  Ондай  адамның  қылығы
қоғамдық  талқылауға  ұшырап,  пікір  тудырады.  Моральдың  қоғамдық  өмірді
реттеушілігі осыдан көрініс береді. Моральдық қағидаларды  бұзған  адамдарға
қоғам қарсылық көрсетіп, оны өз ортасынан аластауға тырысады.  Ал  моральдық
норманы сақтаушы адамдарды қоғам сыйлайды, қолдайды.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 49











































|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  58        |Күні:                |


Тақырыбы: Моральдың негізгі санаттары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Моральдың негізгі санаттары туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Моральды бағалау ұғымдары. Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қатысты
мораль   санаттары   (категориялары)   деп   аталатын   бағалаушы    ұғымдар
қолданылады. Олардың негізгілеріне ізгілік, зұлымдық, парыз,  жауапкершілік,
ар-намыс, абырой жатады. Санат белгілі бір сапалық  қасиетті  білдіреді.  Ол
күптарлық (жақсы) яки келеңсіз (жаман) қасиет болуы мүмкін.
  Ізгілік пен зұлымдық— моральдың негізгі бағалаушы ұғымдары. Олардың  мәні
салыстырмалылығынан  көрі-неді.  Мысалы,  ізгілік  пен   зұлымдықтың   санат
ретіндегі мәртебесі бірдей, ал  бағалаушы  ұғым  ретіндегі  мәндері  қарама-
қарсы:  ізгілік  жақсы  қасиетті  көрсеткенде,   зұлымдық   жаман   қасиетті
көрсетеді. Осы  ұғымдар  арқылы  адамдардың  әрекеттері  не  "жақсы"  немесе
"жаман" деген баға алады.
  Жақсылық жасау — ізгілік, ал жамандық жасау — зұлымдық. Әлем халықтарының
фольклорында, көркем әдебиет шығармаларында ізгілік пен зұлымдық  арасындағы
бітіспес күрес көрсетіледі.  Адамдардың  басым  көпшілігі  ізгілік  жағында,
оның  жеңгенін  қалайды.  Оның  себебі,  ол   бастан   адам   жаратылысының,
ізгіліктілігінен болса керек. Бірақ ізгіліктің орнай қоюы  оңайға  түспейді.
Өйткені, ізгілік ашық қимылдайды, зұлымдық — өтірікті, қулықты,  сатқындықты
пайдаланады, мақсатына жету үшін құрал таңдамайды, жасырын әрекет етеді.
  Ізгілік — ешқандай марапаттауды күтпейді, ол  адалдықпен  жан  байлығының
арқасында жасалынады.
  Зұлымдық — табиғи және қоғамдық болып белінеді. Олардың біріншісіне:  жер
сілкіну, сел, дауыл, түрлі  аурулар,  табиғат  апаттары  жатады.  Адамдардың
қоғам өміріне қатысуымен жасалатын зорлық, кек,  күншілдік  сияқты  қылықтар
қоғамдық  зұлымдыққа   жатады.   Жер   бетінде   болып   жататын   соғыстар,
төңкерістер,  құлдық  миллиондаған  адамдардың  еркінен  тыс   азап   шегіп,
зұлымдықты бастарынан өткізуге мәжбүр етті. Өштесудің,  агрессияның,  жаппай
қырудың,  тонаушылықтың  қауіптілігі  сонда,  ол  отбасы,  ұлт,  халық,  ел,
мемлекет сияқты жоғары құндылықтарды жоюға бағытталады.
  Моральдық парыз. Моралъдық парыз  (немесе  борыш)  адамныц  өзгелердің  —
отбасының, ұжымның, топтың, ұлттың  және  қоғамның  алдындағы  міндеттілігін
айқындайды  және  қоғамның  объективті  дамуынан  пайда  болады.   Моральдық
парызды түсінумен, онымен есеп-тесумен, өзінің әрекетін осыған  бағындырумен
адамдардың  моральдық  санасының  деңгейі  анықталады.  Моральдық  парыз   —
адамның алдына қоғам қоятын міндет. Бұл міндет қоғамның тарихи  дамуына  сай
өзгеріп отырады.
  Өмірде адамдардың моральдык борышы мен оның  жеке  бас  мүдделері  үйлесе
бермейді. Кейде адам бір нәрсені  канша  ұнатпаса  да,  оны  істеуге  мәжбүр
болады. Адамның моральдық парызды орындауы, алдымен, өзгелер үшін керек.
  Ар — тұлғаныц  өзін-өзі  моралъдық  бақылауына  қабілеттілігініц  формасы
ретінде көрініс беретін  әдептпік  санайтын.  Парыз  бен  мотивке  қарағанда
ардың өзгешелігі адамның қоғам алдындағы  жауапкершілігін  түсіну  негізінде
істе-ген әрекеттерін өзі  бағалауды  қоса  қамтуынан  көрінеді.  Ар  адамның
намысын, абыройын кетірмеуге  тырысуы  сияқты,  адамды  өз  әрекетімен  өзін
сыйлаттыруды  көздейді,  сонымен  қоса,  тұлғаның  қоғамдық  қызметке  толық
берілуін     міндеттейді.     Қоғамның     объективті      қажеттіліктерінен
туындайтындықтан, ар адамды  өзінің  де,  өзгенің  де  пікіріне  сын  көзбен
қараттырады, адамды өз әрекетіне ғана емес, айналада болып жатқанның  бәріне
жауапкер-шілікпен қарауға итермелейді.
  Намыс — моральдық сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар  сияқты,  бұл
да  әдептік  санатқа  жатады,  жеке  адамның  өзінің  қоғамдағы   мәртебесін
тұтынуын және қоғам тарапынан оның  мойындалуын  көрсетеді.  Өзінің  мазмұны
мен сипаты жағынан намыс ұғымы абырой ұғымына  жақын.  Жеке  адамның  өзіне-
өзінің  және  қоғамның  жеке  адамға  қатынасының  формасы  ретінде  көрініс
беретін намыс, қадір сияқты адамның өзін  ұстауын  және  айналасындағылардың
оған  қатынасын  ретке  келтіреді.  Абырой  —  моральға   қатысты   алғанда,
адамдардың теңдігін негізге алса, намыстың өлшемдері өр  адамның  әлеуметтік
жағдайларына  сәйкес  ажыратылады.  Әркімнің  намысының  және   оны   қорғау
мүмкіндігінің деңгейі әр түрлі болады.
  Абырой — тұлғаның өзінің жеке басын бағалауын көрсететін,  адамның  өзіне
өзінің және қоғам жеке адамның  моралъдық  қатынасын  бейнелейтін  моральдық
сана  әдептік санат.  Адамның  өз  абыройын  тұңғыш  оның  өзіне-өзі  қоятын
талаптарына  негізделіп,  тұлғаның  өзін-өзі  бақылау   формасында   көрініс
береді. Адам өзінің абыройға кетірмеуді көздей  отырып,  бұл  тұрғыда  қоғам
жағынан қойылып отырған талаптарды тыңғылықты орындауға тырысады.
  Эгоизм (латын, ego — мен)  —  әзімшілдік,  жеке  басының  мүддесін  басқа
адамдардың мүддесінен, қозамдық мүддеден артық санайтын  қағида.  Өзімшілдік
жағымсыз  қасиет  деп  бағаланады.  Бірақ  феодалдық  қоғамның  сословиелік-
иерархиялық ұйымдарымен күресі кезінде "адам  бақытты  болуға  құқықты"  деп
ұран көтерген шақта өзімтттілдіктің белгілі рөл атқарғаны бар.
  Альтруизм  (франц.  altruisme,  латын.  alter  —  басқа,  бөтен)  —  қара
басының    қамын    ойламай,    басқаларға   қамқорлық   етуді   уағыздайтын
адамгершілікті қағида. Альтруизм —  мағынасы  жағынан  өзімшілдікке  қарама-
қарсы санат.
  Моральдық мұрат. Әр адамның көңілінде өзі  нысана  еткен,  ардақ  тұтатын
бейне болады. Әсіресе жастар жағы ондай  мұраттарға  көбірек  бой  алдырады.
Моральдық  мұрат  адамның  өзі  өмірде  көріп,   кездесіп   жүрген   қадірлі
адамдардың бейнесінде, кейде көркем шығармалардың кейіпкері, өнер  шеберлері
кейпінде болуы мүмкін.
  Моральдық  мұрат (грек, idea— түр, бейне, түсінік, ұғым) — бойына  жоғары
деңгейдегі  үлгі  боларлықтай   моральдық   қасиеттерді   жинақтаған   тұлға
бейнесінде көрініс берешін  адамгершілік  жетпілгендік  туралы  түсінік.  Ол
топтың адамгершілік өлшемдері мен қоғамдык мұрат сәйкес келеді.


  Мұрат — қоғамдық құбылыс. Қоғам өзгерген сайын  ол  да  өзгеріп  отырады.
XVIII  ғасырдың  әйел  мұратын  қазіргі  ғасыр  әйел  мүратымен  салыстыруға
болмайды. Қазіргі  әйел  —  кәсіпкер,  зиялы,  мақсаткер  адам.  Қазір  жеке
адамның қасиеттерін де басқаша бағалаймыз. Әр қоғамда бағалау  өлшемдері  әр
түрлі болған. Орта ғасырлардағы серілерге,  хандарға,  батырларға,  билерге,
шешендерге немесе  қайта  өрлеу  дәуіріндегі  ақсүйектерге  қойылатын  мұрат
талаптарын қазіргі ұрпаққа қоя алмаймыз.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 50





































|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  59        |Күні:                |


Тақырыбы: Мәдениет және оның қоғамдық ролі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мәдениет және оның қоғамдық ролі туралы жүйелі білім
беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Мәдениет деп нені айтамыз? Мәдениет  ұғымы  алғашында  адамның  табиғатқа
ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген  мақсатына  жетуін
көрсетуге  қолданылды.   Мәдениет   халықтың   мыңдаған   жылдар   бойындағы
шығармашылығын,  адамның  рухани   ізденістерін,   халықтың   даналығы   мен
адамгершілік  нышандарын  жинақтайды.  Адамзаттың   рухы,   келбеті,   еркі,
бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері,  рәміздері,  өмірлік
сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты, бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр.
  Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан  көрінетін  адамның
өмірі мен әрекетін  ұйымдас-тыру  тәсілі,  қоғам  мен  адамның  тарихи  даму
деңгейі.
  Материальдық  және  рухани  мәдениет  жетістіктерінің   жиынтығы   мәдени
игіліктерді  құрайды.  Оларға:  техника   мен   құрал-жабдықтар,   тұрмыстық
мәдениет заттары, адамдардың білімділігі,  кәсіптік  шеберлігі,  мұрағаттар,
мұражайлар,  кітапханалар,  клубтар  және  тағы  басқалар   жатады.   Мәдени
игіліктердің ішіндегі ең елеулісі —  көркемөнер.  Көркемөнер  —  мәдениеттің
алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін  факторлардың  бірі.  Көркемөнер
адамды сұлулыққа ұмтылдырады.
  Мәдени  әрекет  деп  мәдени  игіліктерді  өндіруге,  таратуға,   тұтынуға
бағытталған  әлеуметтік   шараларды   айтады.   Мұндай   игіліктерді   жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің  қайнары,
түпкі қозғаушы күші ретінде адамның  мұқтаждары  мен  мәдени  қажеттіліктері
қарастырылады. Олардың  қатарына  мыналарды  жатқызамыз:  өмірдің  мәні  мен
мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға  ұмтылу,  шығармашылыққа  талпыныс,
альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.
  Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын
белгілі бір аумақта  өмір  сүретін  әлеуметтік  топ.  Мәдени  ортаның  жалпы
мәдени  деңгейі  жалпыадамзаттық  мәдениет  жетістіктерін   пайдалану   және
өздерінің  мәдени   туындыларын   өндіру   мүмкіндігіне,   топ   мүшелерінің
материалдық  қамтамасыздығына,  тіліне,   діліне,   әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктеріне  қарай  әр  түрлі  болып  келеді.  Мәдени  орта  мәдениеттің
коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол  заттық-материалдық  игіліктермен
жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.
  Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда
қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған  адамның  биологиялық
өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек  және
қатынас құралдары т.б. жатады.
  Материалдық  мәдениетке  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер  де   кіреді.
Республикамыз тарихи ескерткіштерге өте бай.
  Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи  ескерткіш  орындары  анықталып  отыр.  Оның
ішінде 13,5 мыңы құжаттандырылып, 3,1  мыңнан  астамы  мемлекеттік  қорғауға
алынды.  205 республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар.
  Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет
Йасауи  кесенесі,  Ш.Уәлиханов  кешені,  Жидебай  әдеби-мемориалдық  корығы,
Черкасск қорғаны бар.
  Тарихи мәдени заттык мұраның  бірі  —  Түркістандағы  тайқазан.  Қазанның
сыртына араб әріптерімен үш қатар мәтін жазылған, онда Темірдің бұл  казанды
Қожа Ахметке арнағаны көрсетілген. Жазуда "Адамды сыйла,  адамгершілікті  әз
тұт" деген сөздер бар. Шеберлік пен бейнелеу өнерінің  үлгісі  ретінде  1935
жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған  қазан  54  жылдан  кейін,  1989
жылы қайта құтты орнына қайтарылды. Алты  ғасыр  жасаған  тайқазанды  құйған
адамдардың астрономия, математика, физика, химия дан мол хабары  болғандығы,
металл өңдеу технологиясын жетік білгендігі көрінеді.
  Рухани мәдениет. Рухани мәдениет белгілі бір қоғамда  өмір  сүріп  жатқан
адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі  білімінен,
білігінен,  кәсіпқойлығынан,  қадірінен,   адамшылығынан,   тәрбиелілігінен,
зиялылығынан, қарапайымдылығынан көрініс береді.  Сонымен  бірге  адамдардың
сезім  дүниесі,  демократиялылығы,  жүздесу  мәдениеті  рухани   мәдениеттің
элементтері болып табылады.
  Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын,  ақылын,
ойлау тәсілін, көркемөнерді игеруін, әлеуметтік- психологиялық  біліктілігін
айтамыз. Көркем әдебиет пен өнерді  меңгеру,  сұлулықты  ажырата  алу  —жеке
адамның  руханилығының  өлшемдері.  Көркем   әдебиет   адамның   эстетикалық
талғамын, рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастырады.
  Мәдениеттің атқаратын негізгі функциялары. Қоғамда мәдениет  төмендегідей
маңызды функциялар атқарады:
  Мәдениет адамды рухани қалыптастырады.  Мәдениеттің  бұл  функциясы  оның
негізгі мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам —  өзі  өмір  сүріп  жатқан
қоғамның, нақтылай айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы.
  Мәдениет сабақтастырушы функция  атқарады.  Қоғамда  ұрпақтар  жалғастығы
мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту  арқылы  жүзеге
асады.
  Мәдениеттің танымдық функциясы, негізінен, оның  біліммен  арақатынасынан
туындайды. Білімділік — мәдениеттіліктің  маңызды  алғышарты.  Дегенмен  бұл
екі ұғымның арасында белгілі алшақтык  та  бар.  Ғылымның  бет  алды  дамуы,
шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
  Мәдениеттің  реттеуші  функциясы  оның  адамның  бойында  болуға   тиісті
сапалықтарды барлық жағынан  реттей  алуынан  көрінеді.  Мәдениетті  адам  —
білімі өз заманының деңгейіне, киімі сол кездегі сән  үлгісіне,  мінезі  сол
қоғамның адамгершілік талаптарына сай келетін адам.
  Мәдениеттің  коммуиикативтік  функциясы  мәдениеттің  қоғамда   атқаратын
негізгі функцияларьшың бірі. Мәдени туынды қанша асыл  болғанымен,  егер  ол
рухани азық дәрежесіне белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол  мәдени
айналыстан шығып қалады. Адам мекен етпеген үй  қаңырап  бос  тұрады,  пойыз
жүрмейтін жол — жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап —  шаң
басып жатқан қағаз.
  "мәдениет дегеніміз — адамзат баласының ақыл-ойы,  маңдай  тері,  қажырлы
еңбегі, мұның  бәрі  зор  қоғамдық  сипатта  көрінеді".  Мәдениет  —  рухани
байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес.
  Сұрақтар
1. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?
 2. Мәдениеттің  атқаратын  функцияларының  қайсысы  өте маңызды деп
    ойлайсыздар?
 3. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп
    ойлайсыздар?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 51



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 60         |Күні:                |


Тақырыбы: Жастар  және мәдениет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Жастар  және мәдениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Жастар  мәдениеті.  "Жастар  мәдениеті"  деген  ұғымның  даусыз,  бірізді
айқындамасы жоқ. Әдетте, біз жастар мәдениеті  дегенге  демографиялық  санат
ретінде жас деп аталынатын  адамдар  тобыныц  басым  көпшілігінің  тұтынатын
және әуестенетін  мәдени  туындыларының  жиынтығын  сыйдырамыз.  Демек,  бұл
жерде сөз 16 мен 30 жас аралығындағылардың  мәдениет  туындыларына  сұранысы
мен олардың қанағаттандырылуы туралы болып отыр деп түсіну керек.
  Жастар мәдениеті мәселелерінің басын  ашып  алу  үшін  кейде  субмәдениет
деген ұғым қолданылады.
   Субмәдениет  (латын.  sub  —  астында,  төменде)  —  екі  түрлі  мағынада
қолданылады
   а) белгілі бір әлеуметтік, демографиялық топтың мәдениеті;
   ә) тұтас ұлттық мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік  қауымдастықтың  шектеулі
мәдениеті, сол топтағылардың өмір салты жене ойлау стилі.
  Қазіргі жастар  талғамдары  жағынан  өзіндік  стильдерімен  ерекшеленеді.
Стильдің үш негізгі элементі бар:
  1) Сыртқы ұсқын (бұған киіну стилі, шаш қою, әшекейлер, бояну жатады);
  2) Өзін ұстауы, мәнері, жүздесу ұстанымдары (бейнелілік, қимылы, ымишара,
жүрісі);
  3) Сөйлеу ерекшелігі (арнайы сөздік қоры).
  Жастардың  өзіндік  мәдениеті  деп   макромәдениет   ішіндегі   жастардың
өздерінің бейнесі, қылықтары, стильдері көрініс  беретін;  олардың  санасына
сыйымды,  қабылдауына  жақын;  моральдық,  көркемдік-эстетикалық  талаптарын
қанағаттандыратын   микромәдениетті   айтамыз.   Екінші   сөзбен   айтқанда,
жастардың өзіндік мәдениеті (субмәдениет) дегеніміз  —  олардың  эстетикалық
талғамдарына   сай    келетін,    мәдени    сұранысын    белгілі    деңгейде
қанағаттандыратын, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің  құрамдас  бөлігі
болып табылады.
  Жастар — мәдени дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушылар.  Жастар
қашанда  жалпы  мәдениеттің  ішінен  қүрып  алады.   Олардың   кей-біреулері
мәдениетті  мектеп  бітіру,  жоғары  оқу  орнында  оқу,  бірнеше  тіл  білу,
дискотека мен түнгі клубтарға бару деп түсінеді.
  Жастардың тиянақты, сапалы білім алуы. "Адамды білім сақтайды", — деп  А.
Йүгінеки айтқандай, білім — мәдениеттің маңызды бөлшегін  құрайды.  Білімсіз
ұрпақ — келешегі  жарқын  қоғамды  құра  алмайды.  Жастар  өздерінің  рухани
байлығына ерекше көңіл бөлуі керек.
   "Адамның бойындағының бері — оның келбеті де, киімі де, жан  дүниесі  де,
ойы да сұлу болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарағанда көз  сүйсіндіріп,
бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан  дүниесіне  үңілсең  —  құдаи
сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны  сонша,
оны ештеңемен жуып кетіре ал-майсың", —  деген  екен  орыстың  ұлы  жазушысы
А.Чехов.
  Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық.  Мәдениеттің  даму
үрдісінің екі жағы болады. Бірі —  тұрақты,  екіншісі  —  дамушы,  жаңалыққа
толы жағы. Тұрақты жағы —  тарихи  даму  үрдісіндегі  адамзаттың  жинақтаған
тәжірибесі. Бұл — мәдени дәстүр. Жаңа ұрпақ сол  тәжірибеге  сүйене  отырып,
оны  кеңей-теді,  дамытады.  Мәдени  сабақтастық  —  қоғам  дамуының  барлық
сатыларында  кездесетін  заңды   құбылыс.   Өйткені,   ол   ұрпақтан-ұрпаққа
жетістіктер мен құндылықтарды, тәжірибе  мен  дағдыны  жалғастырып  отырады.
Ата-бабаларымыздан  қалған  тарихи  мәдени  ескерткіштер  қазіргі  кезде  де
өзінің рухани, ізгілік қызметін көрсетіп келеді.  Мәдени  мұралар  әрқашанда
ұрпактың  рухани  азығының  негізі  болған.  Дүниежүзілік  мәдениеттің  озық
туындылары,   сонау  антикалық   дәуірден   сақталған   ескерткіштер   талай
мыңжылдықтар  өтсе  де,  өзінің  тарихи  маңызын  жойған   жоқ.   Әр   ұрпақ
жинақталған тәжірибе мен игерілген жетістіктерді қабылдап,  өрі  карай  оған
жаңа қүндылықтар қосып отырады. Тарихи мұралар, аңыздар,  жырлар  мәтін  мен
бейне арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі. Түрлі  ұрпақ  өкілдерінің
арасындағы мәдени сабақтастыктың  жарқын  мысалдары  қазақ  халқының  ұлттық
мәдениетінің даму үрдісінде аз болмаған.
  Мысал
  1841 жылы Орда жерінде алғашқы  орыс-қазақ  мектебін  әйгілі  Жәңгір  хан
ашқан болатын. Жетісу өлкесінде Есенқұл  мен  Сейітбаттал  Мамановтар  ашқан
мектеп "Мамания" мектебі деген атпен белгілі болды.  Маман  ұрпақтары  мешіт
салдырды, қазақ әдебиетінің  көсегесін  көгерту  үшін,  бәйге  тігіп,  қазақ
топырағында тұңғыш роман жарысын өткізді,  өз  мектептерінен  шыққан  ынталы
оқушылардың  қаражатын  көтеріп,  ірі  шаһарларға  оқуға  жіберді.   "Қазақ"
газетіне қиындық туғанда да баспахана ашу үшін  қаражат  аударды.  "Мамания"
мектебінде Білел Сүлеев, Ілияс Жансүгіров,  Мұхамеджан  Тынышбаевтар  оқыды.
"Мамания" мектебін 200-ге жуық шекірт бітірді.
  Мәдени дәстүрлер және жастардың  талғамы.  Мәдени  дәстүр  —  мәдениеттің
дамуындағы тұрақты жағы. Адамдар мәдениетке қандай да бір жаңалық  енгізетін
болса, сол дәстүр көлемінде енгізеді.
  Мәдени дәстүрлер адамдарды өз  халқын,  Отанын  сезінуге,  оларды  мақтан
тұтуға,  құрметтеуге  тәрбиеледі.  Отбасында  мейірімділік   пен   ізгілікке
баулуды,  үлкендердің  кішіге,  кішінің  үлкендерге  ілтипатын,  еңбек   ету
дағдыларын  қадір  тұту,  ұлттық  мәдениетке  үйрету,   тарихын   құрметтеу,
жастарды жігерлілікке  тәрбиелеу,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілік,  оны
қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың  бәрі
мәдени дәстүрлер негізінде орнайды.  Әр  кезеңде  қоғам  алға  басқан  сайын
мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.
 Сұрақтар
1. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
2. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
3. Мәдени дәстүрлерге не жатады?
4. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 52





















|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 61         |Күні:                |


Тақырыбы: Руханият
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Руханият туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Руханияттың қоғам дамуымен байланысы.  Адамдарды  моральдық  азғындықтан,
сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар.  Оның  аты  —  руханият.  Керек
десеңіз,  руханият  қоғамды  әлеуметтік-экономикалық  құлдыраудан  да   алып
шығады. Руханият — адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының  нәзіктігінен,
сана-сыныц  жоғарылығынан,  әділеттілік  үшін   белсенділігінен,   өзгелерге
қайырымдылығы мен  ізгі  ниеттілігінен  көрініс  беретін  оның  ішкі  әлемі.
Адамның руханилығы жалпы-адамзаттық  құндылықтарды  құрметтеуінен,  игілікті
құндылықтарды  көздеуінен де  көрінеді.
  Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы,  салт,  мәдени  дәстүрлер,
ғылым, білім арқылы келеді. Рухани қоры мол адам күнделікті  қызмет  соңында
тіршілік күйбеңімен жүрген адамдардан өзгешеленіп  тұрады.  Рухани  байлыққа
ұмтылатын  адам  күнделікті  өмірде  ұшырасатын  небір  кесапаттарды   жеңіп
отырады, қоғаммен және табиғатпен үндес өмір сүреді.
  Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі.
  Жеке адамның рухани  дамуы  халықтың  санасымен,  психологиясымен,  саяси
белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның  қалыпты  рухани  дамуы  әлеуметтік
құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың  әрекет  аясына  өзгерістер  енгізеді.
Мәдениетті адам рухани  бастаулардан  нәр  алатын  қоғамда  ғана  қалыптасуы
мүмкін. Рухани байлығы мол адам  ғана  шын  мәдениеттің  дамуына  үлес  қоса
алады.
  Тіл — аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі ролі үлкен.  Қазіргі
жастар ана тілін білу, өзгелердің  тілдерін  құрметтеу  парыз  екенін  қатты
ескеруі керек.
  Көркемөнердің рухани  жетілуге  ықпалы.  Өнер  —  әмбебап,  бүкілхалықтық
әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.
  Өнердің  тамаша  туындыларын  көрген  сәтте  бізді  әсемдікке  күштарлық,
ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер  орындалған
шығармалар  шын  мәнінде  терең  эстетикалық  ләззат  бере   алады.   Мұндай
шығармалар жаңа мағлұмат көзі бола тұрып және  рухани  дүниені  байытатындай
әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді.
  Әдеби шығармалар адам өмірінің сырлы, белгісіз  жақтарымен,  белгілі  бір
дәуірдегі ой және  сезімдер  дүниесімен  таныстырады.  Нағыз  музыка  өзінің
әсемдігімен эмоциялық шабыт беріп, біздің көнішмізді көтеріп, жаңа ой,  жаңа
сезім  тудырады.  Өнер  туындысы  арқылы  берілген  халық  өмірі   жайындағы
білімдердің  маңызы  өте  зор.   Бұл   білімдер   тарихшылар,   экономистер,
саясатшылар  мен  заңгерлердің  еңбектеріндегі  білімдерден   бейнелілігімен
өзгеше.  Өнердің  бейнелеу  объектісі  алуан  түрлі  және  өте   бай.   Өнер
адамдардың ойын, сезімін,  қуанышы  мен  ренішін,  өзара  қатынастарын  ашып
көрсетеді. Сонымен  бірге  біз  өзімізден  де  қандай  болсын  жаңа  қасиет,
ерекшелік тауып, өзіміздің жеке басымызды терең түсіне бастаймыз. Адам  және
оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдык  қатынастар  —  өнердің  басты
объектілері. Шын суреткердің шығармаларынан  адамның  мінезі,  әрекеті  және
өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастарынан,  олардың
моральдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды  кейіпкерлермен
бірге  жағымсыз  кейіпкерлерді  де  көреміз.  Жақсыдан  үйренеміз,  жаманнан
жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы  шеберлер  жасаған  кейіпкерлер  адамгершілік
дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып  отырады.
Олар қаншалықты көп қырлы, типті, мінезді болып келсе, біз  үшін  соншалықты
қызықты.
 Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.
2. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
3. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
4. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 53

|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  62        |Күні:                |


Тақырыбы: Мәдениеттілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Мәдениеттілік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Мәдениеттілік—қоғамдық құрылыс,  ас  ішер  алдында,  қол  жуудан  бастап,
адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын кең ұғым.
  Мәдениетті болу — ең алдымен, адам қоғамы жасаған рухани байлық  —  ғылым
негізін игерумен тыныз байланысты.
  Мәдениеттілік  адамның  қоғамдық  ортада  өзін   ұстауынан,   әрекетінен,
тәрбиесінен көрініп тұрады. Мәдениетті адамның жақсы  қасиеттерінің  бірі  —
сыпайылық. Сыпайылық — адамдарды  құрметтеуден,  адамгершілік  қатынастардан
тұрады. Өзгелерді сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдіру  өзін  мәдениеттімін
деп есептейтін әр адамға тән қасиет болуы керек. Мәдениеттіліктің  тағы  бір
белгісі   —   қарапайымдылық,   кішіпейілдік.   Мәдениетті   адам    орынсыз
мақтанбайды,  өз  қабілетін  асыра  бағалаудан  аулақ  болады,   басқалардан
үйренуге намыстанбайды.
  Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші. Адамның мәдениеттілігі — оның өзін
ұстауынан, сөзінен, әрекетінен, жүріс-тұрысынан,  затқа,  адамдарға  қатысты
көзқарастарынан көрінеді. Жеке адам мәдениетінің өлшемдеріне  адам  өмірінің
барлық жағы — еңбекке, қоғам мүддесіне қатысты  ұстанымы,  басқа  адамдармен
қарым-қатынас мәдениеті, өзін ұстауы, киінуі, жұмыстан бос  уақытында  немен
шұғылданатыны кіреді.
  Адамның жеке бас мәдениеттілігі оның өзіне қоятын талабына байланысты. Ол
адамның  қызмет  бабында  өз  ұстанымында  тұра  білуінен,  түрлі  әкімшілік
қысымға қарамастан шындықты  қорғай  білуінен,  қиын  жағдайларда  моральдық
дұрыс таңдау жасай білуінен  көрінеді.  Шыншыл  және  адал  адам  өз  арына,
намысына  нұқсан  келтіретін  әрекеттер  жасамайды.  Сондықтан   ол   барлық
жағдайда да ұстанымды, адал қалпынан айнымайды.
  Шыншылдық дегеніміз — мәдениетті адамның  ішкі  дүниесінің  әсемдігі  мен
мейірбандығының көрсеткіші  ғана  емес,  ол  философиялық  және  эстетикалык
санат. Орыс суретшісі И.Е. Репин: "Сұлулық — шындықта", — деп жазған екен.
  Мәдениетті адам біреудің киіміндегі дақты  көріп,  ол  жөнінде  жан-жаққа
естірте жариялап айтпайды, оны ешкім елемейтіндей  етіп  айтады.  Жолдасының
қандай  да  болсын  кемшіліктері  жөнінде,  оған  жеке  жерде  айтады.  Егер
мәдениетті адам көпшілік алдында біреуді  сынаса,  жолдастық  шын  пейілмен,
адамның қателігін  түзеуге  тілектестік  тұрғыдан  айтады.  Мәдениетті  адам
тәртіпті, ұйымшыл және ұстамды, оған дәлдік  және  жинақылық  сияқты  бағалы
қасиеттер де тән. Тәртіпті  адамдарға  өзін-өзі  тексеру,  ұстамдылық,  ұжым
алдындағы борыштылықты сезіну тән.  Тәкаппарлық,  атақ-құмарлық,  менмендік,
дандайсу, мақтаншақтық, өзін-өзі дәріптеуге тырысу  сияқты  дөрекі  қылықтар
мәдениетті адамға мүлдем жат.
  Сыпайы адамның жанында адам өзін ыңғайсыз сезінбейді. Олар өздерін еркін,
табиғи жағдайда ұстайды. Мәдениетті адамның  мінезіндегі  тағы  бір  маңызды
нәрсе — ол айналадағы адамдарға қайырымды келеді.
  Қоғам өмірі өте күрделі. Онда адамдар арасындағы қақтығыстар жиі ұшырасып
жатады.  Ол  қақтығыс-тардың  көбі  қоғамдық  жұмыс   бабымен,    өндірістік
мақсаттар көздеген көзқарастардың келіспеушілігінен немесе  еңбекке  қатысты
даулардан  ұшқындауы  мүмкін.  Пікірталастардың   кейбіреулері   тұлғааралық
қақтығыстарға ұласып кету жағдайлары да аз болмайды. Мұндайда  адамның  өзін
ұстай білуінің маңызы ерекше. Өйткені, жауапты қызметкерлердің бір  мәмілеге
келуі өндіріс үшін тиімді.
  Адамның мәдениеттілігі оның  сыртқы  пішінінен  де  көрінеді.  Мәдениетті
адамның киімінде аса көзге түсерліктей  огаштық  болмайды,  ол  кербездердің
киіміне де ұқсамайды. Абай Құнанбайұлы: "Адам  баласына  жыртықсыз,  кірсіз,
сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек дұрыс  іс"
деп үйреткен.
  Өздігінен білім алу.  Білім  —  таусылмайтын  байлық.  Адамның  тірнектеп
жинаған білімі — оның ешкім тартып алмайтын меншігі.
  Елімізде заманға қажетті мамандықтар беретін оқу  орындары  көп.  Дарынды
студенттердің  бірқатары  білім  алуға   шетелдерге   жіберіледі.   Біртекті
мектептердің орнына  лицей,  колледж,  гимназиялар,  жеке  меншік,  авторлық
мектептер дүниеге келді.
  Жастарда ғылымның түрлі саласына  деген  қызығушылық,  оны  терең  білуге
деген құлшыныс болуы керек.
  Адамның қабілеті білімнің бір саласын ғана емес,  оның  бірнеше  саласын,
солардың ішінде бір-бірімен байланысы жоқтарьш да меңгеріп  алуға  мүмкіндік
береді. Ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов қоғамдық, саяси, ғылыми  қызметтерін
қатар  жүргізіп,  философия  және  әдебиетпен   айналысқан.   Өзі   географ,
этнограф, тарихшы, саяхатшы, суретші бола тұра, өмірінің соңғы күніне  дейін
өздігінен  білім  алуға  деген  құштарлығын  жоймаған.  Өз  халқының  мәдени
жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазу арқылы паш еткен.
  Ғылым мен өнердің бірнеше саласын қатар меңгерген мәдениет  қайраткерлері
әрқашанда болтан, қазір де аз емес.  Қаныш  Сәтбаев,  Евней  Букетов  сияқты
қазақ   академиктері   бір-бірінен   алыс   жатқан   техникалық   ғылымдарды
гуманитарлық    салалардағы    терең    білімімен    ұштастырды.    Алашорда
қайраткерлерінің көбі жан-жақты білімді адамдар болтан.  Мысал  үшін  алсақ,
Ахмет Байтұрсыновтың өзі ақын,  аудармашы,  әдебиет  зерттеушісі,  лингвист,
педагог, саясатшы ретінде  осы  салалардың  бәрінен  айтулы  еңбектер  жазып
қалдырды.
  "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын  кез",  —  деп  Абай  айтқандай,
білімділердің айтқан ойларының, әйтеуір бір талапты жасқа  кез  боларына  еш
күмәнданбауы керек. "Білімді өлсе  —  қағазда  аты  қалады,  өнерлі  өлсе  —
істеген заты  қалады".  Қазіргі  ұрпақтың  өздігінен  білім  алуға  ұмтылысы
қуанарлық.  Олар  бірнеше  тілдерді,  компьютерді   меңгеріп,   жаңа   білім
салаларын үйренуге талпынып жүр.
  Білімді өмірлік практикада қолдана білу. Біздің қоғамымыз  тарихта  бұрын
болмаған деңгейде ғылыми білімді өрістете  түсуді,  оны  өмірлік  практикада
қолдана  білуді  талап  етеді.  Ғылым   мен   техниканы   дамытып,   олардың
жаңалықтары  мен  жетістіктерін   өндірісте   қолдану   тек   ғалымдар   мен
мамандардың үлесіндегі ғана іс емес, баршаның ісі. Бір айта  кетерлік  жайт,
тек жаратылыстану мен техникалық   ғылымдар  ғана  маңызды  деуге  болмайды.
Қоғамның даму  үрдісінде  қоғамдық  ғылымдар  да  —  саясаттану,  философия,
әлеуметтану, құқык, тарих, психология — өзіндік рөл атқарады.
  Бекіту кезеңі:
1. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?
 2. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
1. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 54





|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 63         |Күні:                |


Тақырыбы: Адамдардың қарым – қатынасы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамдардың қарым – қатынасы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қарым-қатынас. Адамдардың әлеуметтік субъект екендігі, ең  алдымен,  оның
тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатындығынан көрініс береді.  "Адамдар
арасында өмір сүру" деген  сөз:  "әрдайым  өзінің  айналасындаты  адамдармен
үнемі қарым-қатынас үстінде болу" деген сөз. Қарым-қатынас адамдар  арасында
саналы түрде, көпшілік жағдайда  міндетті  әрі  ресми,  кейде  ерікті  түрде
болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып табылады.
  Қарым-қатынас  деп  адамдардың  қызметті  бірлесіп   істеу   қажеттігінен
туындайтын, адамның өзге адаммен  немесе  адамдар  тобымен  пікір  алмасуын,
өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен  оны
қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін  және  сол  қатынастың  кері
байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.
  Адамдардың бір-бірімен "қарым-қатынасы" ұғымына мыналар жатады:
пікірлесіп отырған адамдардың кім  екендігін  танытатын,  оларды  бір-біріне
жақындастыратын (немесе алыстататын) құрал;
адамдардың органикалық және рухани қажеттерін өтейтін шарт;
* адамдардың өмір сүру формасының бірі;
* адамдардың психикалық қызметін күшейткіш құрал;
* адамды тәрбиелеу құралы.
  Қарым-қатынастың жақтары.  Қарым-қатынастың-коммуникативті,  интерактивті
және перцептивті делінетін үш жағы болады.  Қарым-қатынастың  коммушікативті
жағы (латын. communicatio  —  біріктіремін,  байланыстырамын)  —  адамдардың
танымдық-еңбек  үрдісіндегі  өзара  әрекеттесуінің  —ой,  ақпарат,   идеялар
алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.
  Қарым-қатынастың  интерактивті   жағы   (ағылш.   interaction   —   өзара
әрекеттесу,  бір-біріне  әсер  ету)  —  адамдардың   бір-біріне   әсер   ете
әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың  пайда  болуы  мен  дамуы  мәнінің
әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды  және  олардың
өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
  Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio — қабылдау) — адамның
әлеуметтік  объектілерді  (өзгелерді,  топты  т.б.)  қабылдау,  түсіну  және
бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін  көрсетеді.  Егер  сөз
сахнадағы әртістің перцепциялық  қабілеті  туралы  болса,  онда  оның  залда
отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.
  Қарым-қатынастың  түрлері.  Қарым-қатынастың  көптеген  түрлері   болады.
Адамдарды  бір-бірімен  кездестіріп,  пікірлесуге  алып   келетін   қозғаушы
күштердің (себептердің) сипатын қарай  қарым-қатынас  —ресми  және  бейресми
деп бөлінеді.
  Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар. Олардың
  1. қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы,
  2. тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.
  Қарым-қатынас үрдісінде аталған екі жағдай да  кездесіп  отырады.  Осыған
  сәйкес адамдар арасындағы  қарым-қатынастың  екі  түрі  болады.  Қоғамдык
  орындарда, қызмет бабымен қатынасқа келуді ресми қарым-қатынас дейміз.
  Ресми  қарым-қатынастың  өзіндік  бірізділікке   түсірілген   қалыптасқан
ережелері болады. Олар ресми әдеп нормалары деп аталады.
  Адамдар арасындағы қарым-қатынас  қоғамдық  орындардан  тыс  жерлерде  де
тоқтаусыз жүріп жатады. Адамдар тұрмыста туысқандарымен, көшеде,  стадионда,
парктерде т.б. өндірістен тыс пікірлеседі.  Олар  қарым-қатынастың  бейресми
түрлеріне жатады.
  Қарым-қатынастың формалары. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары
көп.  Олардың  арасында  ресми  жүздесуде  де,  бейресми  жүздесуде  де  кең
таралғаны — төте және жанамалы қарым-қатынас формалары болып табылады.  Tөme
жүздесу  бір  адамның  екінші  адаммен  бетпе-бет  кездесуі  арқылы   жүзеге
асырылады.
  Сондықтан адамдар өздерінің танысу көкжиегін жанамалау  арқылы  қалауынша
кеңейте алады.
  Жанамалы  жолмен  қарым-қатынасқа  түсу  адамдардың  өзгелермен  жанамалы
құралдардың  бірін  пайдаланып  жүзеге  асатын  формасы   жатады.   Жанамалы
құралдарға  ақпарат  тарату  немесе  байланыс  құралдары   (газет,   журнал,
теледидар, радио, кино, өзге аудиовизуальды және  басылатын  ақпарат  тарату
құралдары,  телефон,  хат,  телеграмма  т.б.),  ғылыми   немесе   көркемөнер
туындылары т.б. жатады.
  Қазіргі замандық социолог, психолог, философ ғалымдар  адамдар  қоғамының
ықпалдастында олардың бірлесіп әрекет етуінің нәтижелі  болуы  үшін  негізгі
үш шарттың болуы қажет деп есептейді. Оның біріншісі — қаражат,  екіншісі  —
иерархия, үшіншісі — адамдардың бір-бірімен мәдениетті  қарым-қатынас  жасай
білуі.
  Бекіту кезеңі:
 1.  Қарым-қатынас   мәдениеті   дегенді   қалай   түсінетіндеріңіз   туралы
    пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
 2. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың  жақтарына,  түрлеріне  сипаттама
    беріңіздер.
  3.  Қарым-қатынастың формалары қандай?


Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 55











|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 64         |Күні:                |


Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық бейімделу
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Әлеуметтік психологиялық бейімделу туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Әлеуметтік-психологиялық бейімделу.  Бейімделу  ұғымы  бізге  тосын  ұғым
емес. Ол ғылымда да, өмірлік тәжірибеде де жиі ұшырасып отырады.  Ботаниктер
белгілі бір жерде өсетін  өсімдіктің  бір  түрін  екінші  бір  жерге  апарып
егеді. Өндірістік немесе ғылыми мақсаттарды  көздеген  ондай  эксперименттер
аңдарға да, балықтарға да  жасалып  жатады.  Жаңа  жердегі  табиғи-климаттық
жағдайларға апарылған  өсімдіктер,  жануарлар  немесе  балықтар  бейімделіп,
бұрынғыша өсіп-өнуі немесе бейімделе алмай өліп қалуы мүмкін.
   Бейімделу (латын. adapto — бейімделу) — биологиядағы  орталық  ұғымдардың
бірі,  организмнің   құрылымы   мен   функциясының,   оның   органдары   мен
клеткаларының ортадағы жағдайларға бейімделуін көрсетеді.
  Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп адамның жаңа  әлеуметтік  ортадағы
жағдайлареа белсенді  бейімделуін  және  ол  үрдістің  нәтижелерін  айтамыз.
Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері, ең алдымен, адамдар  тобы
мен сол топка енетін жеке  адамның  мақсаттары  мен  құндылық  бағдарларының
жақындасуын, жеке адамның жаңа ортада қалыптасқан  дәстүрлерді,  мәдениетті,
әдеп нормаларын меңгеруін, топтың рөлдік құрылымына енуін  қарастырады.  Бұл
тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
  Қазіргі   Қазақстан   жағдайында    әлеуметтік-психологиялық    бейімделу
мәселелерінің  маңыздылығы  бұл  құбылыстың   екі   деңгейдегі   көрінісімен
айқындалады. Оның
  біріншісі — соңғы жылдары республика тұрғын-дарының,  әсіресе  жергілікті
жұрт өкілдерінің көші-қондық жылжу бағытының, көбінесе ауылдан қалаға  қарай
жедел жүріп жатуымен,
  екіншісі  —  Қазақстанның  дүниежүзілік  ықпалдастыққа  тікелей   араласа
бастауына  орай,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  игерудің   алдыңғы   лекке
шығуымен айқындалады.
  Бейімделе алмау дерті. Ауылда туып, ауылда  өскен  адам  қалаға  неғүрлым
кешірек келсе, соғұрлым оның қала жағдайына бейімделуі күрделі өтеді.
  Педагогтар мен психологтар көп қолданатын сензитивтік жас деген ұғым бар.
Бұл ұғым адамның, дәлірек айтқанда, балалардың белгілі бір жасқа дейін  ғана
рухани даму үстінде болатындығын, содан кейін  дамуы  тоқтап,  осыған  дейін
жинақтаған  білімі   мен   дағдыларының   динамикалығымен   өмір   сүретінін
білдіреді. Сензитивтік жасқа 11—12 жасқа дейінгі  кезең  жатады.  Осы  жасқа
дейінгі кезеңде адамның рухани  дамуына  қажетті  біліктер  мен  машықтардың
негізі қаланып болады.
   Әлеуметтік - психологиялық біліктілік.  Өркениетті  қоғамда  қабылданған
мақсаттар мен құндылық бағдар-ларды, әдеп нормаларын меңгеруді  және  оларды
қоғамдық  қызмет  барысында   қолданып   әрекет   ете   білуді   әлеуметтік-
психологиялық біліктілік (қысқаша — ӘПБ)  дейміз.  ӘПБ  —  қызмет  адамының,
мемлекеттік тапсырманы орындап  жатқан  мекеменің  басшылары  мен  қатардаты
қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудағы негізгі  өлшемдердің  бірі  болып
табылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 56



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 65         |Күні:                |


Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Сөйлеу мәдениеті туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Сөйлеу  мәдениеті.  Адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас   құралдарының
ішіндегі өмірде кең қолданы-латыны  және  аса  маңыздысы  —  тіл.  Сондықтан
адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөйлеу  мәдениетіне
соқпай кету мүмкін емес.
  Сөйлеу мәдениеті дегеніміз — қоғамдық даму  үрдісінде  қалыптасқан  әдеби
тілдің  ауызша  және  жазбаша   нормаларын   меңгеріп,   тілдіц   мәнерлеуші
құралдарын  пайдаланып,  дидарласудың  түрлі  жағдайларында  сөз  қолданудың
соларға сәйкес мақсаттары мен мазмұзын іріктей  ала  отырып,  ойды  тиянақты
жеткізу ережелерінің жиынтығы.
  Сөйлеу  мәдениеті,  негізінен,  ресми  келіссөздер  жүргізу,   өндірістік
мәселелерді   шешу   үрдісінде   қолданылатын    жалпыадамзаттық    деңгейде
қабылданған, қалыптасқан ережелерден тұрады.  Олардың  негізгі  қағидаларына
айтылар  ойдың  дәлдігі,  әріптестің  қабылдауына  сыйымдылығы  және  сыпайы
жеткізілуі жатады. Тіл мен ойдың, ой мен әрекеттің арасында  тығыз  байланыс
бар.
  Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл  —  ойдың  айнасы.  Тілдегі
сауатсыздық  —  адамның  жалпы   сауатсыздығының,   мәдениеті   төмендігінің
көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
  Сөз әдебі — дидарласушылардың тіл арқылы ақпарат  алмасуын  жүзеге  асыру
үшін, олардың әлеуметтік  рөлдері  мен  рөлдік  тұрғыларына  және  әңгіменің
ресми немесе ресми еместігіне сай таңдалып алынған сарында  қарым-қатынастық
тұрақты формулалар жүйесі. Сөз әдебі қоғамдық санаға  сіңісті  болып  қалған
қағидалардан тұрады және қарым-қатынасты тіркеу рөлін атқарады.
  Қоғамдық  іс  жүргізуге  ресми  қаратпа   сөздердің   коммунистік   билік
жылдарында ұмытыла бастаған,  бірақ  халықтың  ежелгі  жүздесу  үрдістерінде
болған түрлері қайта енгізіле бастады.
   Адамдардың бірлескен  қоғамдық  қызметінде  аса  жиі  ұшырасатын  қаратпа
сөздерге мыналар: ер адамға қатысты — мырза, әйел адамға  қатысты  —  ханым,
қыздарға   —   бикеш   деп   сөйлеу   қабылданған.   Дүниежүзілік    адамзат
қауымдастығында  қабылданған  қаратпа  сөздерінің   нұсқалары   ресми   әдеп
қалыптары  ретінде  қоғамдық   сипаттағы   шараларды   атқару   үрдістерінің
барлығында қолданылады.
  Өндірістік мәселелерге байланысты қарым-қатынаста дидарласушыға қарағанда
жастың үлкендігі немесе онымен бұрыннан етене таныстықтың,  тіпті  достықтың
болуы "сенге" көшіп алуға себеп бола алмайды. Егде мұғалімнің  жоғары  сынып
оқушысымен немесе қарт профессордың  төменгі  курстың  студентімен  "сен"мен
сөйлесуге қақысы жоқ.
  "Сіз"-қатынасқа себеп болатын жағдайлар мыналар:
* адресант пен адресаттың бейтаныстығы, шала таныстығы, алыстығы;
* қатынасқа өзек болып отырған әңгіменің ресми сипаты;
  —   дидарласушылардың атқаратын рөлдерінің тұрғысы.
  Тіл стильдерінің жіктелуі. Сөз жүзінде қатынас  жасаған  адам  өріптесіне
ойын белгілі бір стильді қолданып жеткізеді. Кез келген тілді қолданып  ойды
жеткізу, алдымен, екі  стильге  ажыратылады.  Олар  —  ресми  және  бейресми
стильдер.
  Ресми  стиль  дегеніміз  —  өндірістік  тапсырманы  орындауға  байланысты
қоғамдык сипаттағы қызметті атқару  үрдісінде  қарым-қатынаста  қолданылатын
сөз саптау ережелері мен реттіліктердің жиынтығы.
  Ресми стиль өз кезегінде үшке жіктеледі:
  а) саяси-публицистикалық стиль;
  ә) іс жүргізу стилі;
  б) ғылыми стиль.
  Кез келген адам, ресми  ақпаратты  соз  арқылы  бергенде,  сөз  саптаудың
аталған үш стилінің бірін ұстанады. Ақпараттың  сипатына  қарай,  ресми  сөз
саптау стилін  қатаң  сақтап  отыру  сөйлеу  мәдениетінің  көрсеткіші  болып
табылады.
  Ғылыми  шығармалар,  зерттеулер,  диссертациялар,  монографиялар,  ғылыми
журналдарда жарияланатын мақалалар  ғылыми  стильде  жазылады.  Әр  ғылымның
өзіне тән терминологиясы, сөз қолдану тәртіптері  болады.
  Бейресми  стиль.  Бейресми  стиль  деп  адамдардьщ  қоғамдык   өндірістік
еңбектен тыс, тұрмыс, демалыс  жағдай-ларында  сөз  қолдану  реттіліктерінің
жиынтьнын айтамыз.
  Ресми стильде сөйлеу мен бейресми стильде сөйлеудің айырмасы —  алдынғысы
қоғамдық бақылауда болатын болса,  кейнгісі  ресми  органдардың  бақылауынан
тыс, адамдардың өз еркімен сөз қолданысы жасалуынан көрінеді.
  Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?


2. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 57



|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ: 66         |Күні:                |


Тақырыбы: Қарым – қатынастағы демократиялық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қарым – қатынастағы демократиялық туралы жүйелі
білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
  Қарым-қатынастың  үрдісіне   қатысушылардың   теңдігі.   Қарым-қатынастың
үрдісіне қатысушылар қоғамда алатын орны  және  бір-біріне  қатысты  еріктік
қатынастары тұрғысынан алғанда екі түрлі жағдайда болып келуі мүмкін. Оның
  біріншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер;
  екіншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең емес пікірлесушілер.
  Еріктік қатынастар тұрғысынан тең  пікірлесушілер  бір-бірінен  тәуелсіз,
бір-біріне билік жүргізе алмайтын, демек, пікірлесу үрдісінде қысым  көрсете
алмайтын, еркін сөйлесіп, өз мүдделерін қорғауга екі жағының  да  мүмкіндігі
тең дидарласушылар жатады.
  Қарым-қатынас үрдісіндегі демократиялылық. Еріктік қатынастар  тұрғысынан
алғанда  тең  бола  алмайтын  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас   үрдісінде
теңсіздіктер болып отырады. Басшы  —  қызметкерге,  профессор  —  студентке,
асыраушы — асыраудағы жанға т.б. қолында тұрған еріктік  тұтканы  пайдаланып
қысым жасауы мүмкін. Қоғамдық қызмет бабында ондай  қысымдар  жасауға  себеп
те, мотив те көп.
  Қарым- қатынастағы демократиялылық деп қоғамда  аштын  орны  мен  еріктік
қатынастары тұрғысынан  алғанда  тең  бола  алмайтын  адамдардың  пікірлесуі
урдісіндегі теңдіктің қамтамасыз етілуін айтамыз.
  Қарым-қатынастағы  демократиялылықтың  өндіріс  үрдісіне  әсері.  Қазіргі
заманғы менеджмент  адамдар  ұжымының  өндірістік  қызметінің  алға  басуына
қажетті үш шартты атайды. Олардың
  1. сатылы бағыныстылық,
  2. қаражат,
  3. бірге жұмыс істейтін адамдардың қарым-қатынас мәдениеті.
  Осы үш фактордың бірі  болмаған  жағдайда,  ешқандай  материалдық  немесе
  моральдық игілікке қол жеткізу мүмкін емес.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 58





|Пән: Адам, қоғам, құқық     |Сынып: 9 б        |Сабақ:  67        |Күні:                |


Тақырыбы: жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
  26. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
  27. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  атқаратын  қызметін атаңыздар.
  28. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
  29. Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс-
      қаша  сипаттама беріңіздер.
  30.    Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?
  31. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?
  32. Мәдениеттің  атқаратын  функцияларының  қайсысы  өте маңызды деп
      ойлайсыздар?
  33. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп
      ойлайсыздар?
  34.    Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
  35.    Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
  36.    Мәдени дәстүрлерге не жатады?
  37.    Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
  38. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.
  39. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
  40. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
  41. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
  42. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?
  43. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
  44. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
  45. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
  46. Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?
  47. Қарым-қатынас  мәдениеті  дегенді  қалай  түсінетіндеріңіз туралы
      пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
  48. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама
      беріңіздер.
  49. Қарым-қатынастың формалары қандай?
  50. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?
  51. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?


Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер



|Пән: Адам, қоғам, құқық    |Сынып: 9 б        |Сабақ: 68        |Күні:                |


Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Адам, қоғам, құқық»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді
пайдалану;4)меңгерілген материалдарды
жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:  1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен
жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:  оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
   1. Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс-
      қаша  сипаттама беріңіздер.
   2.    Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?
   3. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?
   4. Мәдениеттің  атқаратын  функцияларының  қайсысы  өте маңызды деп
      ойлайсыздар?
   5. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп
      ойлайсыздар?
   6.    Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
   7.    Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
   8.    Мәдени дәстүрлерге не жатады?
   9.    Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
  10. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.
  11. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
  12. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
  13. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
  14. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?
  15. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
  16. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
  17. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
  18. Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?
  19. Қарым-қатынас  мәдениеті  дегенді  қалай  түсінетіндеріңіз туралы
      пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
  20. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама
      беріңіздер.
  21. Қарым-қатынастың формалары қандай?
  22. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?
  23. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?


Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер



Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек