ҚМЖ

Көшіріп алу

Пән: Физика


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі Тыныштыкова Жанат Шалабаевна
Күш моменті.Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар.


Сабақтың  тақырыбы: Күш моменті.Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар.
Сабақтың мақсаты: Күш моменті.Өлшем бірліктері.Иіндіктің тепе-теңдік жағдайы, бір иінді таразылардың жұмыс істеу принципіне түсінік беру.
Міндеттері : 
1. Негізгі ұғымдарын қалыптастыру, иіндік, күш иіні,тіреу нүктесі, күш моменті, ондық таразылар.Моменттер ережелері,тең иінді және ондық таразылардың жұмыс принциптерін түсінуді қалыптастыру.
2. Эксперимент ғылыми білімдердің дамуының және пайда болуының көзі бола алатынын көрсету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Алған білімдердің әртүрлі ситуацияларда пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы бойынша жұмыс істеуді жалғастыру. 
Оқытудың нәтижелері:
* Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады. 
* Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.
* Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы  орындай отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
* Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.
* Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
 2-модуль диалогтық оқыту, Блум жүйесі бойынша оқыту, Модуль: СТО. Әдіс: Ассоциация,
 3-модуль  - бағалау, 
4  - модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық), 
7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
* Үй тапсырмасын тексеру
* интерактивті тақтамен жұмыс
* Топпен жұмыс. 
* рефлексия 
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті: 
* Ұйымдастыру
* Оқушының зейінін сабаққа аудару
* Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.(3 мин)
*  Блум таксономиясы: Білу,түсіну,қолдану,анализ,синтез,бағалау.
*  Мәтінді тарату

Оқушының іс-әрекеті
І.Үй тапсырмасын тексеру.Білу
1- тапсырма. Мысалдар беріледі сол мысалдардың  өткен тақырып бойынша мағынасын ашып потерге түсіру.(8 мин)





І-топ.
  Садақ ату.
II-топ.
  Детальді соғушы  балғаның құлауы.
III-топ.
  Болат шардың болат плитаға құлауы.
IV-топ.
Автомобильді тежеу кезінде тежеуіш қалыбы, автомобиль дөңгелектері, асфальт қызады.
2-тапсырма. Модуль АКТ
Электрондық оқулықпен жұмыс


Жаңа сабақтың мағынасын ашу.Түсіну.(7 мин)


3-тапсырма. Қолдану.Деңгейлік есептер шығару.(10 мин)
 

   1.Иықтары 0,1 м және 0,3м иінтірекке екі күш әрекет етеді.Қысқа иыққа әрекет ететін күш 3Н-ға тең .Иінтірек тепе-теңдік те болу үшін ұзын иыққа әрекет ететін күш неге тең болуы керек.

   2.Иінтірекке 4Н-ға тең күш әрекет етеді.Егер күш моменті 0,8Н*м  болса,онда иық күші неге тең?

   3.Иінтірекке 3Н-ға  тең күш әрекет етеді.Егер күш иіні 15см болса,осы күштің моменті неге тең?

   4.Жұмысшы100Н күш жұмсай отырып, құмы бар арбаны жылжытады.Арбаны 20м орын ауыстырып,жұмысшы қанша жұмыс істейді?

4-тапсырма.Анализ.Тест тапсырмаларын орындау.(8 мин)
   1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез-келген дене                     а)таразы     ә)иіндік   б)күш момент
 2 .Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі                    а)таразы     ә)иіндік   б)күш моменті    3.Күш моменті қандай әріппне белгіленеді?                      а)Е        ә)А       б)М     4.Күш моментінің өлшем бірлігі.                      а)Н*м        ә)Дж       б)м    5.Иінді таразыларды дененің ......өлшеу үшін қолданады?                      а)энергиясын        ә)массасын       б)қуатын     6.Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін......деген ұғымды енгізілген.                    а)күш моменті       ә)энергия       б)иін   7.Күш моментінің формуласы.                    а)Е=mgh       ә)A=F*s       б)M=F*d   8.Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының    қосындысы...                    а)механикалық энергия       ә)ішкі энергия       б)жұмыс  9.Энергияның өлшем бірлігі.                     а)Н*м        ә)Дж       б)м   10.Массаның өлшем бірлігі.                     а)Н*м        ә)Дж       б)кг



4-тапсырма.Синтез.Бес жолды тұжырым.(6 мин)

Топтарға  Иін,Таразы,Күш,Жер деген сөздер беремін.
  
Зат есім- Кім?______
  Сын есім-Қандай?____,_____.
  Етістік-Не істеді?____,____,_____.
  Сөз тіркесі._____   ______  ______
  Синоним______________________


Рефлексия.

Бағалау . Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау(3 мин)
            
Үйге тапсырма: §58 оқу,жай механизмдер










Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек