Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері.
Пән: Әртүрлі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінде оқылатын Баяндама Тақырыбы: Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері Дайындаған: Теректі ауданының Жайық жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика және информатика пәндерінің I санатты мұғалімі Берік Сабырғалиұлы Ғабдығалиев. Орал қаласы, 2007 жыл. Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері Мұғалімнің ізденісі мен шеберлігі – сапалы білім берудің кепілі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Еліміздің бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады” деп және “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі” деп педагогтар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Бүкіл әлемде, әсіресе соңғы он жылда экономиканың, техниканың, ғылым мен қоғамның дамуын мектептегі білім берудің мазмұны мен технологиясын өзгертумен байланыстыруға талпынуда. Бағдарлы оқыту жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мен қабілеттіліктерін есепке алып, оның және қоғамның сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей еліміздің жеке аймақтарының еңбек ресурстарына деген қажеттіліктерінің артуын есепке алу арқылы да бағдарлы оқытуды тиімді, әрі үйлесімді ұйымдастыруға болады.Сөйтіп бағдарлы оқыту арқылы жалпы орта және мамандық бойынша білім беру арасындағы сабақтастық орнайды. Бағдарлы оқыту жоғары класс (10-11 класс, ал 12 жылдық мектепте 11-12 класс) оқушыларының материалдық жағдайға тәуелсіз толыққанды сапалы білім алуларына бірдей мүмкіндік береді. Осылайша әлеуметтендіру де жүзеге асырылады. Оқушылардың икемділіктерін, қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін толық ескеру үшін оқу қызметін ұйымдастырудың бағдарлы саралап оқыту түрінің қажеттілігі анық. Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері • Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру. • Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау. • Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі. • Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру. • Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығара білуді үйрету. • Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру. Оқушыларды оқыту бағдарын таңдауға дайындау негізгі мектепте (7-9 (8-10) кластарда) жүзеге асырылады. Бұл кезде оқушылардың қызығушылықтарын, икемділіктерін, қабілеттіліктерін айқындау, олардың әр түрлі танымдық және мамандық қызмет салаларындағы практикалық тәжірибелерін қалыптастыру және еңбексүйгіштікке, жігерлілікке, жауапкершілікке, мақсаткерлікке баулу қажет. Оқушылардың оқыту бағдарын дұрыс таңдауы өте маңызды. Физика пәні күрделі пәндердің бірі болғандықтан мектеп оқушыларының көпшілігі оны жақсы оқуға талпынудан қашқақтайды. Соңғы жылдары техникалық мамандықтардың мәртебесі артты, ал физика оқушыларға алынбас қамал секілді болып көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Егер оқушылардың күшті ішкі мотивациясы болса, бағдарлы оқыту оларды барлық талаптарға сәйкес техникалық мамандық бойынша оқуға түсуге дайындайды. Сондықтан оң-солын ескеріп, барлығын таразылап, шешім қабылдаған жөн. Дұрыс таңдау жасамаса аз уақытын болса да текке өткізіп алады. Бағдаралды даярлық кезінде сауалнамалар, әңгімелесулер жүргізу арқылы оқушылардың, ата-аналардың сұраныстарын біліп, ескеру және тіркеу қажет. Оқушылар болашақ оқыту бағдарын дұрыс таңдауы үшін бағдаралды таңдау курстары, консультациялар ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың оқыту бағдарын таңдауға даярлығын сараптау, олардың таңдау курстарындағы оқу нәтижелерінің мониторингін жүргізу керек. Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек: 1. Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін: қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, қабілеттіліктерін, ағымдағы оқу үлгерімінің деңгейін, оқудағы өзекті қиыншылықтарын, білімі мен біліктілігіндегі қалыстарын және т.б. анықтап, есепке ала отырып, оның физиканы меңгеру траекториясын құру. 2. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның оқу қызметін ұйымдастыру. Өз білімі мен біліктілігін жаңа практикалық жағдайларда қолдана білуді үйрету. 3. 3. Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы жіберген қателерді талдау негізінде оның оқу қызметін түзету (коррекциялау). Жіберген қателерін оқушының өзінің түзетуін ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу. 4. Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін шараларды анықтау. 5. Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру, өзбетімен жұмыстану және 6. шығармашылық қабілеттерін дамыту. 6. Оны таңдаған бағдар бағытында баулу және еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жігерлілікке, мақсаткерлікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу. Бағдарлы оқыту үрдісіндегі физикалық қолданбалы курстардың міндеті оқушылардың физикалық білімдерін кеңейте және тереңдете отырып, оларды практикада қолданудың жолдары мен әдістерін үйрету. Қазіргі уақытта физикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі оқушыларға физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы меңгергендігін білдіреді. Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ уақыты жетпей жатады. Сондықтан физика – математика бағдарында оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курстың орны ерекше. Әрине оқушылар бірден күрделілігі жоғары есептерді шығарып кетпейді, бірақ сол жағдайға жетуді көздейміз. Бұл қолданбалы курс барысында оқушылар білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренеді, зерттеу, талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттері дамиды, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді жеке қасиеттері қалыптасады. Физиканы бағдар деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыруда негізгі роль оқушылардың өзіндік танымдық қызметтеріне беріледі. Бұл шарттың орындалуы үшін қолданбалы курстарда оқушылардан меңгерген физикалық білімдерін және біліктіліктерін әр түрлі деңгейдегі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығаруда қолдануларын талап ететін қызмет түрлерін (өзбеттерімен есеп шығару, үй тапсырмаларын орындау, бақылау жұмысы, сынақ жұмысы) ұйымдастыру керек. Физиканы оқу кезінде танымдық іс-әрекеттің дамуы ғылыми зерттеу әдістерін, әсіресе физикалық және математикалық модельдеу әдістерін меңгеру арқылы жүзеге асады. Бұл әдістер күрделік деңгейлері әр түрлі болып келетін физикалық есептерді шығару кезінде орын алады. Жоғарыда аталған қолданбалы курс бағдарламасындағы әрбір сабақ көпдеңгейлік сипатқа ие болып, оқушыларды таңдаған бағдар негізінде саралауға мүмкіндік береді. Орындалған тапсырмалардың күрделілік деңгейінің өсуіне байланысты оқушының даму қарқынын айқындауға болады. Жаратылыстану – математика бағытында физиканы бағдарлы оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курсты жүргізудің негізгі факторлары Бұл қолданбалы курс келесі схема бойынша жүргізіледі Мұғалімнің оқушымен алғаш танысуы Физиканы бағдарлы оқытуды бастамас бұрын оқушылармен терең танысып алған жөн. Мұндай танысу оқушыға физиканы өте тиімді меңгеруіне қажетті ұсыныстар айтуға, мүмкіндік береді. Болашақтағы мүмкін қиыншылықтардың себептерін айқындауға болады. Сіздің оқушымен жоғары деңгейде араласып, бірге жұмыс істеуіңізге көмектеседі. Сондықтан Сіз оқушыларыңызға бірнеше сұрақтар қоюыңыз қажет: 1. Ол немен қызығып айналысады? 2. Бағдар деңгейінде оқып, үйрену үшін физиканы неге таңдады? 3. Өзінің алдағы оқуын қандай қызмет саласымен байланыстыруды жоспарлауда? 4. Оны физиканың қандай бөлімдері ерекше қызықтырады? 5. Ол негізгі мектептің физика курсының қандай тақырыптарын жеңіл меңгерді? 6. Негізгі мектептің физика курсының қандай тақырыптары қиындықтар туғызды? 7. Ол бұл қиындықтардың себебі неде деп ойлайды? 8. Оған өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру ұнайды ма? 9. Ол өзі қандай сұрақтарды қоюды жақсы көреді? 10. Оған теориялық материалды оқу, есептер шығару, эксперименттер жасау қызметтерінің ішінен қайсысы көбірек ұнайды? 11. Оған терең ойлауды қажет ететін, ұзақ шығарылатын стандартты, жеңіл және күрделі есептердің ішінен қандайлары көбірек ұнайды? 12. Оған зерттеу жұмыстарымен айналысу ұнайды ма және ол бұндай жұмыстармен физиканы оқу үрдісінде айналысқысы келеді ме? Мұндай сұрақтарды оқушыларға бірінші сабақта немесе курсты меңгеру үрдісінде қоюға болады. Бірақ тым кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені оқушының курс барысында қиналуының себебі осы сұрақтардың бірі арқылы ашылуы мүмкін, бұл себеп неғұрлым ерте анықтамса, оқушы мен Сіздің біріккен қызметіңіз соғұрлым қолайлы және табысты болады. Курс сабақтарының мақсаттарын тұжырымдау Алға қойған мақсат орындалу үшін оны сол мақсатқа жетуі тиіс адамдар түсініп, қабылдауы қажет екендігі баршаға белгілі. Оқыту мақсатын оқушылар түсініп, қабылдау үшін ол оқушы тілінде тұжырымдалуы керек. Кейбір сабақ мақсаттарында оқушының қызметі мүлдем көрсетілмейді немесе оқушының берілген материалды енжар оқуы көрсетіледі. Оқу мақсаты оқушының тақырыпты меңгеру үрдісіндегі мақсатына жету нәтижесі арқылы өзін-өзі бағалауына, бақылауына мүмкіндік беретіндей болып тұжырымдалуы керек. Мақсатты тіке оқушыға айтылған түрде тұжырымдау қажет. Мысалы, физикалық қолданбалы курстың механика бөліміндегі “Сақталу заңдары” тақырыбын өткенде сабақтың білімдік мақсаты дәстүрлі түрде былай тұжырымдалады: Толық механикалық энергияның және импульстің сақталу заңдарын оқып үйрену. Олардың қолдану облысын анықтау. Осы тақырыпты оқып үйренуге әзірленіп отырған оқушыңыз үшін бұл мақсатты былайша тұжырымдау тиімді болады: 1. Сіздер бүгінгі сабақта мынаны білесіздер: • Толық механикалық энергия дегеніміз не. • Толық механикалық энергияның сақталу заңы дегеніміз не және оны қандай жағдайда қолдануға болады. • Импульстің сақталу заңы дегеніміз не және оны қандай жағдайда қолдануға болады. 2. Сіздер бүгінгі сабақта мынаны үйренесіздер: • Толық механикалық энергияның сақталу заңының формуласын қорытып шығаруды. • Импульстің сақталу заңының формуласын қорытып шығаруды • Толық механикалық энергияның сақталу заңын және импульстің сақталу заңын қолданып есептер шығаруды. Осы сабақ есептерін шығарып, шығару жолдарын толық талдап және үй тапсырмаларын мүдіртпей орындасаңыздар Сіздер ҰБТ тапсырмаларын қиналмай дұрыс шеше аласыздар. Есеп шығару кезінде қиындықтар туындаса теориялық материалды қайталап, есеп мәтінін тағы зейін салып оқып шығыңыз (көбіне қателіктер есеп мәтінін дұрыс оқымағандықтан болады), ал содан кейін тағы шығарып көріңіз. Енді қиналсаңыз мұғалімнен көмек сұраңыз. Осылайша оқушыға бағытталған мақсаттар оған сабақ материалының өзі үшін маңызды екендігін сезінуге және материалды табысты меңгеруге болатындығына көз жеткізуге септігін тигізеді. Мұғалімнің өз сабақтарында ақпараттық – комуникативтік оқыту технологиясын қолдана білуі - заман талабы. Бұл технологияны қолдану барысында оқушының пәнге қызығушылығы, ізденімпаздығы артады және шығармашылық, өзбетімен жұмыстану, дербес ойлау, өз ойын жүйелі түрде тұжырымдай білу қабілеттіліктері қалыптасады, әрі дамиды. Физиканы бағдарлы оқыту үшін көптеген мектептерде физикалық құрал- жабдықтар жетіспейді. Бұл өзекті мәселені шешу жолдарының бірі бағдарлы деңгейде физиканы оқытуға арналған интернет- ресурстарды қолдану. Атап айтқанда: 1. Физика: коллекция опытов. http: //experiment. edu. ru 2. Современная физика в задачах. http: // www. nsu. ru/ materials/ssl/text/metodics/ivanov.html 3. Лабораторные работы по физике. http: //phdep. Ifmo.ru/labor/common/ 4. Открытая физика http: //www.scph. mipt.ru/ 5. Сборник материалов по физике и астрономии http: //astronom-htl.narod.ru 6. Бесплатные обучающие программы по физике. http: //www.history.ru/freeph. Htm 7. Открытый колледж: Физика http: //www. college. ru/physics/index. Php 8. Анимация физических процессов http: // physics.nad. ru/ 9. Кабинет физики http: //www.edu.delfa.net/ Осы және тағы басқа сайттардың, электрондық оқулықтардың көмегімен қажетті компьютерлік физикалық көрсетімдерді, эксперименттерді, тәжірибелерді, лабораториялық жұмыстарды жүргізуге болды. Сонымен бірге әдістемелік, дидактикалық материалдарды алып пайдалануға болады. Есепті шығарудың жағымды мотивациясы Физикалық есептерді шығара білу күрделі біліктілік және ол өздігінен қалыптаспайды. Тек қана теорияны білу есептер шығарудың табысты жүруінің кепілі бола алмайды. Көптеген оқушылар мен мектеп түлектері бұл оқу қызметін өте қиын, түсініксіз және қызықты емес деп есептейді.Сондықтан бағдарлы оқыту жағдайындағы есептер шығару мотивациясы өзекті мәселелер қатарында тұр. Бұл алдымен әлі де барлық оқушылар оқыту бағдарын саналы түрде дұрыс таңдай алмауымен байланысты. Оқушылардың бір бөлігінде жағымды ішкі мотивация болса, екінші бөлігінде тек тұрақсыз сыртқы мотивация (ата- аналарының, мұғалімдердің, құрбыларының және тағы басқалардың әсерлерінен туындайтын мотивация) болады. Жағымды мотивацияны туғызу үшін оқушылардың табиғи әуестіліктеріне сүйеніп, оларды ынталандыру тәсілдерін қолдануға болады: 1. “Жаңалық эффектісі” • Әрбір физикалық есепте жаңа ақпарат болуы керек. • Егер есептегі ақпарат оқушыларға таныс болса, онда шығару әдісі, тәсілі және оқушылардың логикалық қызметтері жаңа болуы қажет. 2. “Жұмбақ эффектісі” Есеп мәтінінің берілу түрі оқушының жағымды эмоционалдық реакциясын туғызуы тиіс (проблема, жұмбақ және т.б. түрінде). 3. “Қарама-қайшылық эффектісі” Оқушылар қоршаған дүниенің мәнін түсініп, тәртіпке келтіруге тырысады, ал олардың өмірлік тәжірибесінде кездескен жағдайларды баяндайтын есептердегі қарама-қайшылықтар оларды түсіндірме іздеуге итермелейді. 4. “Тәуекелдік эффектісі” • Оқушылар тәуекел әрекеттер жасауды жақсы көреді, сондықтан есептер тым жеңіл болмауы керек. • Сонымен бірге оқушылар өздерін табысты сезінуі үшін есептер тым күрделі де болмауы қажет. Мұғалім оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес, оны оқытуды уақытылы және сауатты түзетіп (коррекциялап) жүруі тиіс. Физикалық есептерді шығару оқушыларға түсініксіз болмас үшін Сіз барлық оқушылардың бірдей физика және математика пәндері бойынша дайындығының деңгейлері бағдарламалық қажетті талаптарға және оқушылардың талаптану деңгейлеріне сәйкес келмейтіндігін ескеруіңіз керек. Сондықтан Сіз әрбір нақты жағдайда оқушылардың қажетті біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесін шешудің жолдарын іздестіріп, оқыту әдістерін таңдауыңыз қажет. Оқушыларға есептерді шығару элементтерін, таныс емес есепті шығаруда таныс әдіс-тәсілдерді тауып, қолдана білуді үйрету керек. Есептер шығару элементтерін үйретуді алгоритмдік тәсілмен жүргізу, ал оны орындау дағдысын автоматты түрге дейін жеткізу орынды. Әрбір нақты есепті дұрыс шығаруға мүмкіндік беретін алгоритм көрсетілген универсал рецепт болмайды. Дегенмен есеп шығару кезінде ұстану орынды болып келетін жалпы ұсыныс бар. Мынадай жалпы алгоритмді ұсынуға болады: 1. Алдымен есеп шартын жақсы түсініп, меңгеру керек. Есептің берілгенін қабылданған белгілеулер арқылы толық жазу және барлық шамалардың мәндерін халықаралық бірліктер жүйесінде көрсету қажет. 2. Есеп шартын талдай отырып, қандай құбылыс немесе құбылыстар жиынтығы қарастырылатындығын және әрбір құбылыс қандай заңдармен, теңдеулермен сипатталатындығын анықтау. 3. Есептің шарты және шешуі көрсетілген сурет немесе сызба салу. 4. Есепті шығару жоспарын құрып, оны жалпы түрде шешу (есепті шешу формуласын қорытып шығару). 5. Есепті шешу формуласына кіретін физикалық шамалардың белгілеулерімен операциялар орындау арқылы оның дұрыстығын тексеру. 6. Қажетті есептеулер жүргізу және алынған нәтиженің нақты жағдайға сәйкес келуін бағалау. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен операциялар орындап, дұрыстығын тексеру. 7. Есепті шығарып болған соң, оның шығарылу жолына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылау: • Есепті шығару үшін қандай білімдер қолданылды? • Есепті шығару барысында қолданылған заңдардың тұжырымдамалары мен математикалық жазылулары есіңізде ме? • Есепте қарастырылған физикалық ұғымдар мен шамалардың қасиеттері мен ерекше белгілерін айта аласыз ба? • Есепте қолданылған білімдердің дұрыстығын негіздеуге болады ма? • Осы есепті шығару үшін Сіз бұрыннан белгілі қандай әдіс - тәсілдерді қолдандыңыз? Осы жалпы алгоритмнен басқа тақырып бойынша құрылатын дербес есеп шығару алгоритмдері болады. Мысалы, толық механикалық энергияның сақталу заңына берілген есептерді шығару алгоритмі мынадай: 1. Жүйеге кіретін денелерді көрсету, қандай әсерлесу нәтижесінде энергияның айналуы болатындығын анықтау. 2. Жүйенің тұйықтылығын негіздеу. 3. Қажет болса есеп суретін салу. Өзара әсерлесудің алғашқы және соңғы мезеттерінде дене қандай энергияларға ие болғанын анықтау. Толық механикалық энергияның сақталу заңына сәйкес өзара әсерлесудің алғашқы және соңғы мезеттеріндегі энергияларды теңестіру. 4. Қажет болса қосымша теңдеулер енгізіп, теңдеулер жүйесін белгісізге қатысты шешу. Мысалы, өзім Жайық бекетіндегі мектепте жұмыс істейтін болғандықтан темір жолда жүк тасымалдау технологиясы маманы болуды армандайтын оқушыларға мына есеп іспеттес есептерді шығаруды ұсынамын: Массасы 20 т болатын темір жол вагоны 0,2 м/с жылдамдықпен қозғалып, тірекке түйісті. Сол кезде вагонның буферлік екі серіппесінің әрбіреуі 4 см- ге сығылды. Серіппе қатаңдығын анықтаңыз. Берілгені: υ = 0,2м/с m = 2т = 2 . 103 кг Δх = 4см = 4 . 10-2м Т/к: k ескермесек, жүйені тұйық жүйе деп есептеуге болады. Ауырлық күші рельстердің реакция күшімен теңгеріледі. 3. Өзара әсерлесудің алғашқы мезетінде вагон мына кинетикалық энергияға ие болады: Wк = m υ2/2 (1) Тірекке түйісу салдарынан вагон серіппелері сығыла бастайды, ал вагон жылдамдығы азаяды. Серіппелер 4 см-ге сығылғанда вагон тоқтайды, яғни оның кинетикалық энергиясы сығылған серіппелердің потенциалдық энергиясына айналады: Wп = 2 . k . Δх2/2 (2) Мұндағы 2 көбейткіші серіппелер санының екеу болуына байланысты. 4. (1) және (2) теңдеулерінің жүйесін белгісіз k-ға қатысты шешеміз. m υ2/2 = k . Δх2 k = m υ2/2 . Δх2 [pic]Жауабы: k = 2,5 . 104 Н/м Енді импульстің сақталу заңына берілген есептерді шығару алгоритмін қарастырайық: 1. Жүйенің тұйықтылығын негіздеу. 2. Тұйық жүйеге кіретін денелерді көрсету, олардың өзара әсерлескенге дейінгі және кейінгі сипаттамаларын беру. Қандай өзара әсерлесу екенін көрсету. 3. Санақ жүйесін таңдау, жылдамдықтардың бағыттарын көрсете отырып, денелердің өзара әсерлескенге дейінгі және кейінгі суреттерін сызбаға салу. 4. Өзара әсерлескенге дейінгі және кейінгі жүйе импульсін векторлық түрде жазу. 5. Өзара әсерлескенге дейінгі және кейінгі жүйе импульстерін таңдалған бағытқа проекциялап жазу және оларды импульстің сақталу заңына сәйкес теңестіру. 6. Қажет болса қосымша теңдеулер енгізіп, теңдеулер жүйесін белгісізге қатысты шешу. Мысал: Массасы 2т вагон 8 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Вагонға жоғарыдан 20т құм құйылады. Бұдан кейін вагон қандай жылдамдықпен қозғалады? Берілгені: m1 = 2т = 2 . 103кг υ1 = 20км/сағ ≈ 5,56м/с υ2 =0 m2 = 20т = 20 . 103кг Т/к: υ1' кейін құм мен вагон υ1' жылдамдықпен қозғалады. 3. Өзара әсерлескенге дейін Өзара әсерлескеннен кейін [pic]1 [pic]1' О х 4. Өзара әсерлескенге дейінгі жүйе импульсі – m1[pic]1 , әсерлескеннен кейін – (m1 + m2) [pic]1' 5. Вагон горизонтальды қозғалыста болғандықтан Ох өсіне проекциялаумен шектелеміз. υ1х = υ1, υ1х' = υ1' болғандықтан өзара әсерлескенге дейінгі жүйе импульсі – m1 υ1 (1), ал кейінгі жүйе импульсі – (m1+m2) υ1' (2). Импульстің сақталу заңына сәйкес екеуін теңестіреміз: (m1 + m2)υ1' = m1υ1 (3). 6. (3) теңдеуден шығатыны υ1' = m1υ1/(m1 + m2). [pic] Жауабы: υ1' =0,5м/с. Оқушыны өзбетімен есеп шығаруға дағдыландыру Оқушы берілген есепті өзбетімен шығара алмаған жағдайда мұғалім оған бірнеше ұқсас, бірақ қарапайым есептерді шығаруды ұсынсын. Оларды шығару барысында оқушы нашар меңгерген білім мен біліктілік элементтері анықталады. Қалыстар жойылған соң алғашқы есепті оқушы өзбетімен шығаруы мүмкін. Мұғалімнің көмегінің екінші түрі ол есепті шығару алгоритмін, яғни әрекеттердің орындалу тәртібін оқушыға айту, бірақ бұл оқушының өзбетімен жұмыстану дәрежесін төмендетеді. Сондықтан алгоритм түріндегі көмектен кейін оқушыға сәйкес есепті өзбетімен шығаруды ұсыну қажет. Мұғалім көмегінің үшінші түрі есептің шығарлуын толық түсіндіру. Бұдан кейін оқушыға сәйкес есепті өзбетімен шығаруда ұсыну керек. Оны дұрыс шығарып болған соң келесі ұқсас есепті береді. Үшінші есепті шығару оқушыны әрекеттер алгоритмінің мәнін түсінуге әкеледі. Тапсырманың орындалуын тексеру кезінде, оқушы қателерін өзі дұрыстай алатындығын білсеңіз, Сіз оған қандай тапсырмалар дұрыс орындалмағанын айтып жіберсеңіз болды. Егер сіздің оқушыңыз оған үнемі жетекшілік етуді қажет етсе, онда Сіз оған қандай тапсырмалар дұрыс орындалмағандығымен қоса, тапсырманы орындау барысында қандай қателер жібергендігін де көрсетуіңіз қажет. Сонымен бірге Сіз оған қандай тақырыптарды қайталау керектігін, қандай шығарылған есептерге және мысалдарға көңіл бөлу қажеттігін айтқаныңыз жөн. Үй тапсырмасы және қателіктермен жұмыс Үй тапсырмасының салмағы әр оқушы үшін әр түрлі болуы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, үй тапсырмасының мазмұны оқушы үлгерімінің табыстылығымен анықталады. Егер оқушы теориялық материалды нашар меңгерсе, сабақ үстінде есептерді нашар шығарса, онда үй тапсырмасы қажетті білім мен біліктіліктерді міндетті деңгейде меңгеруіне, содан кейін ғана күрделі тапсырмалар орындауға бағыталады. Егер оқушы теориялық материалды өте жақсы меңгеріп, есептердің барлығын дұрыс шығарса, онда оған жоғарыда көрсетілген үй тапсырмасының бірінші бөлігінің орнына да күрделілік деңгейі жоғары есептерді беру орынды. Бұл жағдайда үй тапсырмасының салмағы едәуір артады және 100% - ға жетуі мүмкін. Екіншіден, үй тапсырмасының мазмұны оқушының таңдаған мамандығымен байланыстырылғаны жөн. Сіз оқушыға неліктен осындай үй тапсырмасын оған беріп отырғаныңызды, оның орындалуы қалай бағалатындығын міндетті түрде айтуыңыз керек. Қателерімен жұмыс кезінде диалог ұйымдастырып, мынадай сұрақтар қою өте тиімді: • Оқушы өзі қандай есептерде қате жібергенің біледіме; • Ол осы есепті дұрыс шығармауының себептерін түсінедіме; • Ол қате нақты бір сабақ (тақырып) материалын нашар меңгергендігінен деп есептейді ме, әлде бұған алдыңғы тақырыптардағы білім қалыстары әсер етті ме; • Келесіде мұндай қателерді жібермей, есепті дұрыс шығару үшін оған қандай тақырыптарды қайталау керектігін ол біледі ме; • Оған көмек керек пе, қиындықты табысты жеңу үшін ол қандай түрде берілуі керек (қосымша түсіндіру ме, әлде басқалай ма). Портфолио Портфолио оқушыға өз оқу еңбегін рефлексиялау, өзін - өзі бағалау және өзі жеткен нәтижелерді талдау мүмкіндіктерін беретін жаңа технология. Ол белгілі бір уақыт аралығында оқушының оқудағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы құзыреттіліктерін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін жинақ. Оқушы құзыреттілігі – оқушының өз білімін, білігін және дағдысын кез келген жағдайда тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын оқу нәтижесінде алынатын жаңа сапа. Портфолио білім берудің белгілі бір кезеңінде оқушының даму траекториясын оның өзі, ата-аналары және мұғалімдері бірге отырып, объективті, әділ бағалап, реттеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге көптеген тәжірибелер көрсеткендей ол ерекше мотивациялаушы және ынталандырушы фактор болып табылады. Портфолио құрамы 1. Мазмұны. 2. Түйіндеме. 3. Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, байқаулардың, сайыстардың дипломдарының көшірмелері. 4. Құрмет грамоталары, алғыс хаттар. 5. Қосымша білім беру мекемелерінде алған сертификаттар. 6. Көркем өнер, музыка, спорт мектептерінде алған дипломдар мен грамоталар. 7. Тестілеулердің, емтихандардың қорытындылары. 8. Әр түрлі курстардан (ағылшын тілі, дербес компьютер пайдаланушысы, операторы және т.б.) өткені туралы куәліктер. 9. Дарынды балаларға арналған әр түрлі байқаулардың дипломдары, грамоталары, сертификаттары. 10. Фотосуреттер. 11. Электрондық құжаттар. 12. Бейнежазбалар. 13. Оқу пәндерінен алған тоқсандық, жылдық бағаларының жинақ тізімі. 14. Факультативтік және таңдау курстарынан өткені туралы мәліметтер. 15. Оқушының мұғалімдері, ата-анасы, құрбылары, класс жетекшісі оның әр түрлі қызмет салаларына деген көзқарастарын, қатынастарын сипаттап жазған мінездемелер. 16. Мұғалімдері, класс жетекшісі жазған пікірлер, эсселер, ұсыныс хаттар және т.б. 17. Оқушының нақты өз қызметіне және нәтижесіне жасаған жазбаша сараптамасы. 18. Оқушының өз болашағына деген көзқарасы көрсетілген мәліметтер (сауалнамалардың, әңгімелесулердің сұрақтарына жауаптары, педагог – психологтың берген жазбаша түсіндірмесі) 19. Оқушының әр түрлі шығармашылық жұмыстарының жинағы. 20. Оқушының танымдық және шығармашылық белсенділігінің жазбаша сипаттамасы. Бір папкаға сыймаған жағдайда мәтіндік құжаттарға бөлек папка арнауға болады. Оқушының портфолиодағы бағдарлық жетістіктері, яғни таңдаған оқу бағдарына сәйкес келетін салалардағы қол жеткізген нәтижелері ерекше орын алады. Портфолио бойынша қорытынды бағаны шығару үшін келесі шарттар ұсынылады: | |Құрамы |Нәтижелері (балдар) | | |Аудандық | | | |Жеңімпаз |5 | | | | | |Олимпиадалар | | | | |Жүлдегер |4 | | |Қатысушы |1-2 | | |Мектепішілік | | | |Жеңімпаз |2 | | |Жүлдегер |1 | |Білім және мәдениет |Жеңімпаз |5 | |басқармалары өткізген | | | |байқаулар | | | | |Жүлдегер |4 | | |Қатысушы |1-2 | |Басқа да сертификаттар |Пәндік курстар, ғылыми |1-2 | | |конференциялар | | Біздің өскелен ұрпағымыз әлемдік деңгейге сай білім алсын десек, осы бағдарлы оқыту үрдісін толыққанды ұйымдастыруымыз керек. Ол үшін әр мұғалім ізденіп, өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуді өз міндеті деп санауы тиіс. Жоғарыда баяндалған физиканы бағдарлы оқытудың қыр-сырлары өз тәжірибемнен және шет елдердегі тәжірибелерден алынды. Осы жұмыста көрсетілген әдістемелік ұсыныстар әріптестерімнің қажеттеріне жарап қалар деген үміттемін. Пайдаланылған әдебиеттер 1. “12 жылдық білім” атты Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал, №7 2005 ж. және №2 2006 ж. 2. “Математика және физика” ғылыми - әдістемелік журналы, №1, 2006 ж. 3. Физикадан аймақтық олимпиада. Батыс Қазақстан білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталығы. Орал, 1999 ж. 4. Новикова Т.Г. Анализ разработки портфолио на основе зарубежного опыта./Развитие образовательных систем в контексте модернизации образования. –М.:ACADEMIA, АПК и ПРО, 2003,с.70 ----------------------- Мазмұны Оқушылардың физикалық білімдері мен біліктіліктерінің және дағдаларының жүйесі. 1. Ұйымдастыру формалары: Білім тиянақтау сабақтары. Есептер шығару және шығару жолын талдау, үй тапсырмаларын орындау жұмыстары. Үйге берілген бақылау жұмыстары (әрбір бөлім соңында), қателіктермен жұмыс, оқушы жұмыстарының жинағы – портфолио, қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада), рефлексия. Білімді тиянақтау, яғни теориялық материалдарды еске түсіру (Өзбеттерімен білім алу, электрондық оқулықтар, интернет-ресурстар, компьютерлік көрсетілімдер, тәжірибелер, эксперименттер, лабораториялық жұмыстар, оқушылардың алдын ала дайындаған баяндамалары және т.б.). Міндеттері: 1. Оқушыларды терең ойлауға және өзбеттерімен білім алуға үйрету. 2. Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік, логикалық қабілеттерін және құзыреттіліктерін дамыту. 3. Физикалық есептерді ең тиімді тәсілмен шығаруға дағдыландыру. 4. Шәкірттерді мақсаткерлікке, еңбекқорлыққа, ізденімпаздылыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, жігерлілікке баулу. 5. Курс нәтижесі: Оқушылардың жоғары деңгейлі физикалық құзыреттіліктерінің қалыптасуы, қол жеткізген жетістіктері. Курстың мақсаты: Оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және біліктіліктерін жетілдіру. Оқушыларды қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындау. Физикалық есептерді шығару және шығару кезеңдерін, әдіс-тәсілдерін талдау. Үй тапсырмаларын орындау. Бөлім соңындағы бақылау жұмыстары. Ынталандыру. Қателіктермен жұмыс. Коррекция. Оқушылардың жұмыстарын (портфолиоларды) жинақтау. Жағымды мотивацияны қалыптастыру. Қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада). Қателіктермен жұмыс, коррекция және рефлексия. Мұғалімнің оқушылармен терең танысуы Шешуі: 1. Жүйеге вагон, серіппе және тірек кіреді. Олардың соқтығысуы салдарынан кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға айналуы орын алады. 2. Ауаның кедергі күшін және үйкеліс күшін Шешуі: 1. Ауаның кедергі күшін және үйкеліс күшін ескермесе, жүйені тұйық жүйе деп есептеуге болады. 2. Жүйеге вагон және құм кіреді. Өзара әсерлесу құмды вагонға құюдан туындайды. Әсерлескенге дейін вагон υ1 жылдамдықпен қозғалады, ал құм қозғалмайды. Әсерлескеннен