Үйкеліс күші 7 сынып

Көшіріп алу

Пән: Физика

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Қарағаш орта мектебі КММ

Физика пәнінің мұғалімі

Бейсенов Жанибек Қараұлы





Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Тұрмыста және күнделікті өмірдегі үйкеліс күшінің маңызын анықтау

Үйкеліс күшінің табиғатын анықтау

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын дәлелдеу

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат
заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

 ә) Дамытушылық  сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған
ақпаратты салыстыруды үйрету.

б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың техникалық құралы:  Компьютер, документ камера,   интерактивтік
тақта, экран.

Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық

                                         оқулық,  слайдтар  .

І.Ұйымдастыру   (оқушылармен амандасу, тексеру)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V.Үйге тапсырма;

VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

Күш және ауырлық  күші тақырыптарын қайталау

а) Күш дегеніміз не ?

б )Күштің өлшеу бірлігі

в ) Ауырлық күші дегенімз не ?

г)Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі

ІІІ.Жаңа сабақ



                              Сабақтың барысы:

Оқушылар  алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :

    • Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау

    • Оның пайда болу себептерін

    • Үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер

    • Үйкеліс күштерінің түрлерін

    • Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы

      Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу  конспект орындайды

















Тең  күш  түскенде   Fдомаалау< F сырғанау

Пайда болу себептері                           жанасатын беттердің тегіс
болмауы


Молекулалардың өз-ара тартылысы

Үйкеліс күштерін өзгерту  тәсілдері               Көбейту (жолдарға құм
төсеу,


доңғалақтарға шиптар орнату)


 Азайту (материалдары майлау,


  Подшипниктер пайдалану)

                IV             Эксперименттік тапсырма

Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау
керек :

    • Эксперименттік тапсырманы орындау

    • Сұрақтарға жауап беру

    • Қорытындысын дәптерге жазу

а)  Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен
кітап қозғалды?

Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен

Мұғалім : ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше
орнында қалады. Неге ?

Оқушы :      Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады

Мұғалім : Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз ,тыныштықтағы үйкеліс
күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы
бағытталған.Үйкеліс күші неге тәуелді ?

Оқушы :      1.Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.

                      2.Заттар материалының тегіне











Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі ,үш жүк қойып үйкеліс күшін  өлшеңдер

(Оқушлардың үстелінде білеуше,динамометр,жүк, трибометр және кестесі бар
бланктер)

|№  |Білеуше салмағы, Р   |Сырғанау үйкеліс күші  Fүйк  |
|   |(Н)                  |(H)                          |
|1  |                     |                             |
|2  |                     |                             |
|3  |                     |                             |


Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :

Дененің салмағы көбейген сайын , сырғанау үйкеліс күші көп болады.









                      V   БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ

Үйкеліс күші дегеніміз не ,ол қалай бағытталған ?

Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?

Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?





                              VI      РЕФЛЕКСИЯ

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым ..........

Мен сабақтан нені үйрендім ..........

Сабақтан алған білімімді пайдалана алам ..................



               VII. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.



Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек