Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.Қорғау.(Қысқа мерзімді жоспар).4 сынып

Көшіріп алу

Пән: Әртүрлі

[pic]

      Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы             «Құрық  орта мектеп-
                               гимназиясының»
                                                                    жоғары
     санатты                                    бастауыш сынып  мұғалімі
                              Бабаева  Жібек  Шамғалиқызы

4 – сыныптың  дүниетану пәніне арналған  қысқа мерзімді жоспары

|Сабақтың тақырыбы    |Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары.Қорғау.        |
|Сабақтың мақсаты     |Білімдік: Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары және |
|                     |оларды қорғау  туралы білім алады.                     |
|                     |Дамытушылық: Сөйлеу дағдылары  дамиды.                 |
|                     |Тәрбиелік:Табиғатты қорғау қажеттігін сезінеді,топтық  |
|                     |жұмыс жасап,достық қарым-қатынаста бір-біріне          |
|                     |көмектеседі.                                           |
|Күтілетін нәтиже     |Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары және оларды    |
|                     |қорғау  туралы  түсінік қалыптасады.Тақырып бойынша өз |
|                     |білімдерін қолдана отырып,постер қорғайды..Шығармашылық|
|                     |қабілеттері дамиды,пәнге қызығушылығы артады.Кері      |
|                     |байланысқа үйренеді.                                   |
|                     |«Дүниетану»-4 сынып,«Атамұра» баспасы .Сөзжұмбақ.      |
|Сілтеме              |                                                       |
|Сабақта қолданылытын |Оқулық,стикрлер,А-3,кесте,жетондар.слайдтар,           |
|материалдар:         |                                                       |
|Сабақта қолданылатын |Топтық жұмыс,түсіндіру,АКТ,оқыту үшін бағала,СТО,жаңа  |
|әдістер:             |әдістер                                                |
|Сабақтың барысы                                                              |
|І.Ұйымдастыру бөлімі |«5» болсын алар бағамыз,     Білімнен бақыт табамыз.   |
|                     |Өнер-білім көп оқып,             Өсе берсін санамыз!   |
|                     |Топқа бөлу (су қоймасы  құстарымен)                    |
|Үй тапсырмасын       |Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау туралы   |
|тексеру              |ауызша дәлелдеп айту.1- топ:Су қоймасын жалпы қорғау   |
|                     |туралы;2-топ: Құндыз,қара күзен туралы;3-топ:Су қоймасы|
|                     |құстары,арал албырты туралы;4-топ:Жетісу   бақатісі.   |
|Жаңа сабаққа кіріспе |-Жер бетінің ерекше биік тұстарын қалай атаймыз? (тау) |
|                     |---Бүгінгі таулы жер туралы сабағымызда не туралы      |
|                     |білуге болады деп ойлайсыңдар?                         |
|                     |(өсімдіктері,жануарлары,оларды қорғау)                 |
|                     |1-топ:Таулы жер,өсімдіктері; 2-топ:Жануарлары;         |
|                     |3-топ:Құстары;  4-топ:Таулы жерді қорғау               |
|Сергіту сәті         |АКТ  қолдану                                           |
|Постер қорғау        |Әр топ постер қорғайды.Өздерінің ізденіп келген        |
|                     |материалдарын қолданады.(суреттер,рефераттар,т.б.)     |
|Сөзжұмбақ «Қорық»    |1)Ұзын аяқты жабайы қой. (арқар)                       |
|                     |2) сирек кездесетін көбелектер  (аполло)               |
|                     |3) 2011 жылғы қысқы Азиада тұмары  (барыс)             |
|                     |4) Қоянды- ........, жігітті намыс өлтіреді    (қамыс) |
|                     |5)  ..........       ойлағаны арамдық,                 |
|                     |Қойдың ойлағаны – амандық.(қасқыр)                     |
|Шығармашылық         |1-топ:Үстірт дөңесті аймағының оңтүстік батыстан       |
|тапсырма:            |солтүстік шығыс бағытта ұзындығы 550км,ені 350         |
|«Қына тасқа бітеді,  |км.Үстірт дөңесті аймағының периметрін тап?            |
|білім басқа бітеді.» |2-топ:Іле АлатауындағыТалғар шыңының биіктігі 4973     |
|                     |м.Тянь-Шань тауындағы Хан тәңірі шыңы 6995 м. Қай      |
|                     |шыңның биіктігі қанша  үлкен?                          |
|                     |3-топ:Маңғыстаудағы Қаратау аласа тау жоталары батыстан|
|                     |шығысқа қарай 110 км  ұзындыққа созылып жатыр.Ал ені 12|
|                     |км/ді алып жатыр.Қаратау аласа  тау жоталарының ауданы |
|                     |қандай?        4-топ:Маңғыстаудағы  Шерқала  тарихи    |
|                     |орнын шөлдеген жолаушыға сусын ұсынатын  кесенің       |
|                     |төңкерілген пішініне ұқсатады. Масштабын өте кішірейтіп|
|                     |алған кездегі кесенің диаметрі  6 см болса,радиусы     |
|                     |қаншаға тең?                                           |
|Тұжырымдау           |Сонымен...     Оқушылардың өз беттерімен сұрақ         |
|                     |дайындап,келесі топтарға қоюы.                         |
|Қорытындылау         |Кері байланыс.Мәтін бойынша дайындалу.Өлкеміздегі      |
|Үйге тапсырма        |таулар, олардың табиғаты,өзі көрген,үлкендерден        |
|                     |естіп-білгендерін әңгімелеуге дайындық.                |
|                     |Ғарыш туралы   іздену.                                 |
|Бағалау              |Кері байланыс.Дискуссиялық карта бойынша.Жетондар      |
|                     |арқылы.Оқушылардың бірін-бағалауы                      |




                                                               ДИСКУССИЯЛЫҚ
         КАРТА

|№    |Сұрақтар                                                    |иә    |жоқ    |
|1    |Адам бара алмайтын тік құздарда үкі ұялайды                 |      |       |
|2    |Шырша,қарағай-қылқанжапырақты орман ағашы                   |      |       |
|3    |Жапалақ едәуір ірі,түсі тас реңдес сұрғылт құс              |      |       |
|4    |Күреңот-балды көп беретін өсімдік                           |      |       |
|5    |Наурызым-таулы жер қорығы                                   |      |       |
|6    |Арыстан-биік тауды  мекендейтін ерекше сымбатты,күшті,      |      |       |
|     |епті,батыл аң.                                              |      |       |
|7    |Арқар түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп барып,түнейді.        |      |       |
|     |Ертеңгісін жайылымға түседі                                 |      |       |
|8    |Тау етегіндегі жапырақты ормандарда ұшқат,тобылғы, итмұрын  |      |       |
|     |сияқты бұталар өседі.                                       |      |       |
|9    |Іле Алатауында халық тұтынуына қажетті жеміс-жидек өседі    |      |       |
|10   |Таутекені будандастырудан меринос қойы алынады              |      |       |


        1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 |9 |10 | |   жоқ |иә |жоқ |иә |жоқ |жоқ |иә
                              |иә |иә |жоқ | |














Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек