Инерция соты
Пән: Физика
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ [pic] Физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара Дайындаған: Физика пәнінің мұғалімі Жуманбаева М.М. 2013-2014 оқу-жылы «Инерция соты» Басты рөлдерде: Сот төрағасы: Мақсат Мемлекеттік айыптаушы: Арсен Инерция: Назгүл Жәбірленуші: Жанар Қорғаушы: Әділет Куігерлер: Гүлім, Дарын, Нұрқыз. Конвой: Қуаныш Хатшы: Нұрсая Хатшы Нұрсая: Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! Сот отырысын ашық деп жариялаймын! Сот төрағасы. Мақсат: Бүгін «Инерцияны» айыптау бойынша №1 іс қаралады. Олимпиада ойындарында велосипедшілер қақтығысы үшін және т.б қылмыстары үшін «инерция» айыпталып отыр. Біз бұл істі егжей-тегжейлі қарап, куәларды тыңдап, әділ үкім шығаруға тиіспіз. Хатшы, Нұрсая: Айыпталушы кірсін! (Қолына кісен тағылған инерция кіріп отырады) Сот төрағасы. Мақсат: Айыпталушының жеке басымен танысайық. Айыпталушы, сіздің толық аты-жөніңіз? Инерция, Назгүл: Физикалық инерция. Сот төрағасы. Мақсат: Сіздің ата-аналарыңыз? Инерция, Назгүл: Галилео Галилей және Исаак Ньютон. Сот төрағасы. Мақсат: Сіздің өмірбаяныңыз. Инерция, Назгүл: Ертедегі грек ғалымы Аристотельдің ойынша: «бөгде күштердің әрекетінен пайда болған дененің қозғалысы өздігінен тоқтау керек. Себебі барлық деелер тыныштық күйге ұмтылады»-деді. Ол өзінің қолынан түскен тас «неліктен қозғалысын жалғастырады?»- деп таң қалды. Бұл сұрақтың жауабын 2000 жылдан соң мен Италияда туғанда Галилео Галилей тапты. Ал оның ережесін нақтылаған Исаак Ньютон 1678 жылы. Сот төрағасы. Мақсат: Сіздің қызметіңіз? Инерция, Назгүл: Бір денеге сырттан басқа денелер әрекет етпеген жағдайда, дененің тыныштық күйдегі және бірқалыпты қозғалысы кезіндегі қасиеттерін сипаттаймын. Сот төрағасы. Мақсат: Мемлекеттік айыптаушының айыпталушыға сұрақтары бар ма? Мемлекеттік айыптаушы, Арсен: Жоқ. Сот төрағасы. Мақсат: Қорғаушының ше? Қорғаушы Әділет: Менің сотқа сұрағым бар. Айыпталушы инерцияның ата-анасы ұлы ғалымдар Галилео Галилей мен Исаак Ньютон болу фактісі сотта ескеріле ме? Сот төрағасы. Мақсат: Сот барлық фактілерді ескереді. Алқабилердің сұрақтары бар екен. 1 Алқаби, : Сіз кімге тиесілісіз? Инерция, Гүлім: Барлық денелерге. 2 Алқаби : Сіздің қызметіңіздің қолданылу аясы? Инерция, Назгүл: Физика, техника, өмір. Сот төрағасы. Мақсат: Басқа сұрақ жоқ болса, айыпталушы отыруыңызға болады. (инерция отырады) Сотқа келіп түскен арнайыхаттар оқылсын. Хатшы Нұрсая: №1 арнайыхат: Мен Аристотельмін. Ең ұлы ойшылдардың бірімін. Бұл соттарыңызды заңсыз деп есептеймін. Тағып жатқан айыптарыңыздың инерцияға еш қатысы жоқ. Денеге әрекет етуші күштер жойылғанда дене тоқтауы керек. №2 арнайыхат: Мен, Галилео Галилей ортағасырлық ұлы физикпін. Қатыгез инквизицияның кез-келген жазасына қарсы тұруға ғылым сіздерге күш берсін. Сәттілік сіздерге, достарым! №3 арнайыхат: Мен сэр Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдары сіздердің көңілдеріңізді бей-жай қалдырмағаына қуаныштымын. Дауласыңыздар. Ақиқат сонда туады. Сот төрағасы. Мақсат: Ендігі кезекте, куәгерлерді тыңдайық. Залға жәбірленуші шақырылсын: Әже. Жанар: Мен қобалжып тұрмын. Мен ешқашан сотта сөйлеп көргем жоқ. Бірақ менің басымнан өткен өте қорқынышты жағдай. Сондықтан мен айтпай тұра алмаймын. Жолдың арғы бетіне өтпек болғанымда кенет, бұрылыстан жүк машинасы шыға келіп мені қағып кетті. (жылайды) Себебі инерцияның кесірінен ол машинаны бірден тоқтату мүмкін емес. Сондықтан мен инерцияы кінәлі деп есептеймін.(жылайды) Куәгер Нұрқыз: Мен тролейбуста келе жатыр едім, ол кенет тежелді. Ал адамдар әлі қозғалып жатты, көбі жарақат алды. Ал мен алдымда тұрған адамның аяғын басып кеттім. Ал ол маған қатты ренжіді. Бірақ мен кінәлі емеспін ғой?! Куәгер Гүлім: Менің анам түскі ас кезіне үстел әзірлеуді тапсырды. Мен көже құйылған тарелкамды үстелге қойып едім инерция бойынша көже үстелге төгілді. Анам маған қатты ұрысты. Бәріне кінәлі инерция! (қолымен шошайтып инерцияны сілтейді) Сот төрағасы. Мақсат: Залға айыпталушының куәгерлері шақырылсын! №1 куә. Дарын: Инерцияның арқасында велосипедшіміз Александр Винокуров педальды үнемі айналдырмай, белгілі бір жылдамдыққа жеткенде аяғын демалдырып отырды. Ал велосипед инерция бойынша қозғалысын тоқтатпады. Қорғаушы. Айгерім: Құрметті сотқа қатысушылар, естеріңізге түсіріңіздерші инерция қаншама жақсылық жасады. Естеріңізге түсіріп ол фактілерді сотқа хабарлаңыздар. Сот төрағасы. Мақсат: Сөз мемлекеттік айыптаушыға беріледі. Мемлекеттік айыптаушы, Арсен: Құрметті сот! Құрметті сотқа қатысушылар! Біз бұнда не үшін жиналдық? Айыпталушының кінәсі айдан анық емес пе? Менің түсінбейтінім, қорғаушы сіз сияқты оқыған адам мынандай кәнігі қылмыскерді қалай қорғай аласыз? Барлығымыз да оның мазағын бастан кешірдік. Кім оның кесірінен шалынып құламады? Оның кесірінен тайғақ жолда көліктер қағысып жатыр. Ал солтүстік полюстегілерге жаңа жылдық шыршаны ұшақтан дәл лақтыру үшін штурмандар қаншама есептеулер жүргізгенін біле ме екен? Өзіне қараңыздаршы ол ұялып та отырған жоқ. Бұны тоқтатуымыз керек жолдастар! Сондықтан айыптаушы жақ сотан «инерцияны» физикалық құбылыстар қатарынан алып тастауды сұрайды. Сот: Сөз қорғаушыға беріледі. Қорғаушы, Әділет: Инерцияның бұл қылықтарын заңдық тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда оның кемшіліктерінен гөрі жағымды әрі пайдалы жақтары көбірек. Мысалға, тәжірибелі жүргізуші инерцияның арқасында қаншама литр бензинді үнемдейді. Егер жаяу жүргінші жолдың кез келген жерінен кесіп өтпек болып, жолға шыға келсе, онда ол инерцияның емес жаяу жүргіншінің кінәсі. Сол кісінің жолда жүру ережесін білмегендігі. Ал автомобильдің тежегішті басқаннан кейін де бірнеше метр жүріп тоқтауы ол заңды. Шалынған адам да инерцияны жазғырады. Ал инерция сіздерді абай болуға шақырады. Спортта да әлемдік рекордтар жасайтын –инерция. Сондықтан біз инерцияға рахмет айтуымыз керек, егер инерция болмаса онда планеталар орбиталарынан шығып, ай жерге ал жер күнге құлаушы еді ғой. Апа, Жанар: Астапыралла! (шошып айғай салады) Сот, Мақсат: Сот екі жақты да тыңдай келе, мынандай үкім шығарады: «Адамзат баласы инерцияның қолданылу аясын кеңейтіп, физика заңдарын жан- жақты зерттеп, табиғат заңдарының адам игілігіне жаратсын. Мектеп қабырғасында. ЖОО-да физика заңдылықтары тереңдетіп оқытылсын. Сот отырысы кезінде анықталғандай «инерцияға» тағылған айыптар бойынша кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылсын. Сот үкімі қайта талқылануға жатпайды.» Апа, Жанар: Физика қиын Ашиды миым Деуші едік оқып жүргенде. Жар бермей, мойын құрысып, Мұндайын оның білгенде, Оқитын едік дұрыстап. Адлет: Мен білсем Іні, бауырлар Физика сенің қолайың. Бәрі: Жақсылап оқып жүріңдер, Келтіріп бірде орайын!