Етістіктің жіктелуі. 4-сынып

Көшіріп алу

Пән: Әртүрлі



               Ашық сабақ.   Қазақ тілі  4 сынып

Сабақтың тақырыбы:    Етістіктің жіктелуі

Сабақтың  білімділік мақсаты:  Сөз таптары тақырыбынан алған білімдерін
тиянақтау.   Етістіктің жекеше және көпше жіктелуі  туралы түсінік беру .
Жаттығу жұмыстарын орындату  арқылы білімдерін бекіту.  Сөздік қорын
молайту.

Дамытушылығы:  Білім алуға қызығушылығын ояту. Шығармашылық тапсырмалар
арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,   есте сақтау, жаттай білу
қабілетін   жетілдіру. Оқушылардың  бір-бірін бағалауын ұйымдастыру.

Тәрбиелік мақсаты:  Туыстық қарым- қатынасты ажырата білуге,, адамгершілік
қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны, тірі табиғатты сүюге
ынталандыру.

 Сабақтың әдісі:   Дамыта отырып оқыту. (сыни тұрғыдан ойлау  стратегиясы)

Пәнаралық  байланыс: математика, дүниетану, өзін-өзінтану пәні

Сабақтың көрнекілігі:

а) «Сыйқырлы текше»  тапсырмалары ( слайдта  көрсетілген.)

ә) «Құндыз- бағалы аң» тақырыбындағы ғаламтор материалы

б)  Әр оқушыға арналған үлестірмелі қағаздар

                              Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру ( өзін таныстыру, сабақтың мақсатын айту)



2. Қызығушылығын ояту   ( текше туралы білетіндерін естеріне түсіру)

   (Математика пәнімен байланыстыру)

- Мынау қандай фигура?

-  Текше  (куб)

- Оның неше жағы бар?



3. Өткен тақырыптардан   алған білімдерін  тексеру

 «Сыйқырлы текше»  бойынша  (баладағы бар ақпаратты алу)





Слайд №1   (  текшенің  І жағының тапсырмасы)

ІІ     Үй тапсырмасын тексеру

-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

 - Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп
атаймыз.

- Етістік неше жақта жіктеледі?

- Етістік үш жақта жіктеледі.

-Жіктік жалғаулы етістіктер қандай сөйлем мүшесі болады?

- Баяндауыш

                                   Қорытындылау

ІІІ    Жаңа сабақ.  ( күннің жадын,  сабақтың тақырыбын жазу)

Слайд  №2   (текшенгің ІІ жағы)

     13-жаттығудың  (ауызша)

 Мақсаты:

а)   етістікті табу

ә)   қай жақта тұрғанын айту

 б)  1-ші және екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру ( жекеше, көпше түрде
жіктелетіндігін айту)

д)  III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Айтылуына қарай қандай сөйлемдер?

а) сөйлем мүшелеріне талдату арқылы  жай сөйлем, жалаң сөйлем екеніне көз
жеткізу

ә ) жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратын
дығын ескерту

б)  III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Слайд № 3    (Текшенің үшінші жағы)

14-жаттығу    Дәптермен жұмыс   Жаңылтпашты жатқа жазу

 ( жазу каллиграфиясына көңіл бөлу,  есте сақтау қабілетін жетілдіру)

                                           Үш егізбіз, үш егізбіз,

                                           Асты бірге ішеміз  біз.

 Тапсырмасы:  жіктелген етістікті табу, астын сызу,   етістікті сөз
құрамына талдау,   ішеміз-көпше түрде  3-жақта жіктелген,  егізбіз - 3 -ші
жақта жіктелген зат есімдер

Егіз дегеніміз не?  Үш егізді тағы қалай атауға болады?

 ( туыстық қарым- қатынас туралы, адамгершілік туралы   мағұлматтар беру)

Сергіту сәті:  Отбасы мүшелері бір- бірінің  қимыл-қозғалысынан, бет
әлпетіндегі ым- жымынан  еркін түсініседі. Олай болса ,

    « Пантамимикалық »  ойын ( оқушының зеректігін жетілдіру)

Ойынның шарты:   (әр қатардан 1 оқушы шығып бетшеге жазылған тапсырманы
іштей оқып,   оны қимымен көрсетеді, қалған оқушылар қимылды  мұқият
қайталап, кімнің?ненің? қимылы екенін тауып айтады.)

 Құс  аспандап ұшты.    Бала доп ойнады.       Жүргізуші көлікті жүргізді.



Слайд № 4   (Текшенің ІҮ жағы)

15-жаттығу  (ауызша)

  Мақсаты: Берілген сөздерге сөйлем құрау, жіктік жалғаулы сөздердің
баяндауыш қызметін атқаратындығына көз жеткізу.

                                 Тазалаймын,  үйренесің,  біледі.



 Слайд № 5    (Текшенің Ү  жағы )

16-жаттығу  Әр  бағандарды салыстыру  ( ВЕНН диаграммасы)

1-ші жақта жіктелген етістіктер:            2-жақта жіктелген   етістіктер:




[pic]













                       (оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту)



17- жаттығу   Мәтінді түсініп оқу.Ат қою. Мәтін туралы білімдерін
толықтыру. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын табу.

 Дүниетану пәнімен байланыстыру

 Грамматикалық талдау (Мәтіндегі  1-ші сөйлемді сөз құрамына талдау)

 Құндыз-ақылды жануар.

 Теориялық білінің маңыздылығы  (Ғаламтор материалдары)

   «Құндыз – бағалы аң»    (қоршаған орта мен табиғатты сүюге тәрбиелеу)



          Слайд № 6      (Текшенің ҮІ жағы)      Жинақтау әдісі.



                                   Семантикалық карта

|Тапсырманың         |         Даладан  |       Жүрдің     |    Оқушымын      |
|түрі                |                  |                  |                  |
|Зат есімнің септелуі|                  |                  |                  |
|Зат есімнің жіктелуі|                  |                  |                  |
|Етістіктің жіктелуі |                  |                  |                  |


( Бірін-бірін бағалау әдісі  арқылы жауаптарды тексеру)


4.Қорыту



5.Бағалау   («Жүректен  жүрекке» тәсілі бойынша оқушыларды тілек жазылған
текшелер беру арқылы бағалап,оқушылардың болашақтарына жақсы ғұмыр тілеу)

Өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру

6.Үйге тапсырма беру



                           -----------------------
                                   тұрмын

                                   оқимын

                                   оқыдым

                                   көрдім

                                   оқысам

                                   көрсем





                                      о





                                   тұрсың

                                   оқисың

                                   көресің

                                   оқысаң

                                   көрсең





                                                         Етістіктің жіктелуі





Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек