Қазақтың ғарышкері

Көшіріп алу

Пән: Физика

Бекітемін

Мектеп директоры   Г.Беисова

Тақырыбы:  «Ғарышкері қазақтың»
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген , қос  ғарышкер
ағаларымыздың  өмір  тарихы  туралы  және  ғарыш  айлағы   Байқоңыр   туралы
мәліметтер беру.
Өз Отанын сүюге, құрметтеуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекілігі:   Тоқтар   Әубәкіров   пен   Талғат   Мұсабаевтың    суреттері,
буклеттер,слаидтар.
Жоспар
І бөлім
Ғарыш әлемі ХХІ ғасырдың жұмбағы.
ІІ бөлім
Тоқтар Әубәкіров ғұмырнама
ІІІ бөлім
Ғарышты бағындырған жануарлар
ІV бөлім
А) Байқоңыр ғарыш айлағы
Б) Шет елдердің ғарыш айлағы
V бөлім
Қорытынды
                           Барысы
І бөлім
Ғарыш әлемі ХХІ ғасырдың жұмбағы.
1-оқушы
Уа жарандар,жарандар!
Тұңғиық көкке қараңдар.
Ғарышқа сапар салғалы
52 жыл болды , санаңдар!
2-оқушы
Ал, достарым, тұрмалық,
Білімнен дода тарталық!
Әлеміне ғылымның
Самғап ұшып барайық!
1-оқушы
Адамзаттың ғарышқа жол салғанына 50 жылдан асып отыр! Құрылысы
1995  жылы  басталған  ғарыш  айлағы  1957  жылы  мамыр  айында  пайдалануға
берілді.Байқоңыр деп аты айтып  тұрғандай,  айлдақтың  айналасы  қара  қоңыр
топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр.



2-оқушы
Ғарыштық  старт  алаңына  орын  таңдауда   көптеген   жағдайлар   ескерілді.
Біріншіден , ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен  өндіріс  орталықтарынан
алыс, екіншіден, Алматы-Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін маңына  жақын
болу тиіс еді.


3-оқушы
Бұрынғы КСРО-ның, қазіргі Қазақстанның
Оңтүстігі салыстырмалы түрде экваторға  тым  қашық  емес.  Бұндай  жағдайдың
ғарыш  кемелерін  ұшыру  барысында  жердің  айналу  жылдамдығын  пайдалануға
мүмкіндік  беретіні  де  ескерілген  болатын.  Өйткені,  ғарыш   зымырандары
ұшырудың шығыс  бағытында  экватор  жазықтығына  48-ден  81  градусқа  дейін
еңкейте ұшырылып, орбитаға шығарылды. Бұл жағдайда ұшырылған дене  секундына
316 метр болатын қосымша 4 пайыз орбита жылдамдығына ие бола алады.
4-оқушы
Бүгінге  дейін  Байқоңырдан  ұшырылған  Жердің  ондаған  жасанды   серіктері
байланыс   құралдарының,    метереологияның,    биологияның,    қорғаныстың,
экономиканың, халық шаруашылығының ғарыштағы  бағдарламаларын  жүзеге  асыру
мақсатында маңызды ғылыми жұмыстар атқарды.
5-оқушы
Ия, егемендік алып, өз алдымызға  ел  болашағынан  кейін  өз  жерлеріміздегі
ғарыш айлағынан өз ғарышкерлерімізді  аспан  әлеміне  ұшыру  мәселесі  қолға
алынды.  Таңдау  екі  азаматқа  түсті.  Ғарышкерлердің  өте  білімді,  епті,
оперативті болуы шарт  еді.  Тәуелсіз  Қазақстанның  ғарыш  беттерін  тұңғыш
ашқан Тоқтар Әубәкіров  пен  Талғат  Мұсабаев  сынды  ерен  ерлеріміз  қазақ
елінің жасампаз даңқын айдай әлемге тағы бір мәрте паш етті!
1-оқушы

        Ғарышқа сәлем

Үздіксіз ізденуден жалықпаймыз,
Оқимыз, табансыз танытпаймыз.
Ержүрек  Тоқтар,Талғат, Гагариндей
Көз ілмес қия шыңға шарықтаймыз.
Қазақтың жері бар ма нәр тамбаған,
Байқоңыр, бақытыңа мың таңғалам.
Өзіңсің жер кіндігі- өзгеде жоқ,
Құшағын айқара ашқан, дархан далам.
Адамзат ақылы асқақ, дара зейін,
Шертеді жаңа ғасыр шаттық күйін.
Мерекең құтты болсын, елу жылдық,
Аспанға алғаш ұшқан Гагариннің!

 ІІ бөлім
Ұлы Отан соғысының «Қос қарлығашы» Әлия  мен  Мәншүк  болса,  аспанның  «Қос
қарлығашы» көкті бағындырған Талғат пен Тоқтар.

  Тоқтар Әубәкіров ғұмырнама
Тоқтар Әубәкіров 27.07.1946 жылы Қарағанды  облысы  Қарқаралы  ауданы  1-Май
ауылында дүниеге  келген.  Қазақтың  тұңғыш  ғарышкері,  1998  жылы  техника
ғылымдарының докторы, 1997 жылы профессор,1990  жылы  Кеңес  Одағының  еңбек
сіңірген ұшқыш-сынақшы, 1992 жылы  авиция  генерал-мойор,  1988  жылы  Кеңес
Одағының Батыры, 1995 жылы Қазақстан  Республикасының  Халық  Қаһарманы,1995
жылы  ҚазақстанРеспублмкасының  ұшқыш-ғарышкері.  1962-65  жылдары  Теміртау
құйма-механикалық зауытында токарь болды, 1964 жылы  есімі  облыстың  Құрмет
кітабына алтын әріппен  жазылды.1969  жылы  Ресей  Федерациясындағы  Армавир
жоғары әскери ұшқыш тар  училищесін  бітірген.1969-75  жылдары  Кеңес  Одағы
әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс  әскери  округінде  ұшқыш,звено  командирі,
эксадрилья  командирінің  орынбасары.1976   жылы   Мәскеу   ұшқыш-сынақшылар
мектебін , 1979 жылы Мәскеу авиация  институтын  бітірген.  1976-92  жылдары
Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы  Тәжірибелік  конструкторлық  бюроның  ұшқыш-
сынақшысы. Әубәкіров
1998 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет  әуеде  қонбай  ұшаққа  2  рет  жанармай
құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
1989  жылы  бірінші  болып  авиатасушы  крейсердің  алаңқайшасы  «МиГ   29к»
реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды.  Сондай  –ақ  ол  реактивті
ұшақтың 50-ден аса  жаңа  түрін  сынақтан  өткізді.  1990  жылы  ғарышкерлер
құрамына алынды.  1991  жылы  2  сәуірде  Кеңес  Одағы  Ғарышкерлер  даярлау
орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, солжылы 2  қазанда  Байқоңырдан
«Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі  Жер  төңірегіндегі  «Мир»
орбиталық   кешенімен   түйісті.   Онда   ол   өзге   ғарышкерлермен   бірге
биотехнология,  металургия,  медицина  салалары  және  Арал  теңізі   аймағы
бойынша  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Зерттеу  нәтижесінде   Арал
үстіндегі  тұзды  шаң   борамасының   пайда   болу   процесі,   сол   зиянды
аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына  таралуының  ғарыштық  суреті
алынды.  Сондай-ақ  Қазақстан  аумағындағы  атмосфераны   және   жер   бетін
зерттеу, жұлдызды аспанды  астрофизикалық  бақылау  жұмыстары  да  ойдағыдай
өтті. .1991 жылы 10 қазанда Жерге  оралды.Әубәкіров  Қазақстандағы  ғарыштық
зерттеулердің негізін қалауға, отандық  Қарулы  күштердің  әскери  даярлығын
жетілдіуге  ,  әскери-патрииоттық  тәрбие  жұмыстарын  жолға  қоюға  белсене
араласты.   Ол   1992-93   жылдары    Қазақстан    Республиекасы    Қорғаныс
министрлігінің 1-орынбасары, 1993-94  жылдарыҚазақстан  Республикасы  Ұлттық
Аэроғарыштық  агенттінің  бас  директоры,  Ғылым   және   жаңа   технонлогия
министрінің орынбасары, 1994-95 жылдары  Қазақстан  Республикасы  Президенті
кеңесшісі.

Суреттер бойынша слаид арқылы айтып шығу.
                          Ғарышқа ұшу дегеніміз не?

Ғарышқа ұшу ұғымы әр елде әр түрлі. Халықаралық  аэронавтика  федерациясының
бекіту бойынша 100 км биіктікке көтерілу –  космостық  ұшу  болып  саналады.
АҚШ әскери –әуе күшінің сарабы бойынша 50 мильді (80) еңсерген адам  ғарышты
еңсерді деген сөз.  Ал  Ресейде  жерді  кем  дегенде  бір  айналып  шықпаса,
ғарышқа ұшқандық болып саналмайды. 2013 жылдың 1-қаңтарындағы дерек  бойынша
жерді   орбитальды   айналған   әлем   ғарышкерлерінің   саны   527   адамға
жеткен.Тарихта 56 ғарышкер-әйелдің аты қалды.
                     Ғарышқа ұшқан адамды кім не дейді?

Американың  ғарыш  кемесімен  ұшқан  адам  «астронавт»  деп  аталады.  Қытай
кемесімен аттанса , «тайконавт» делінеді. Малайзия ғарышкері ұшқаннан  кейін
«  ангкасаван»  деген  сөз  де  пайда   болған.  Ағылшындар  астронавты  да,
космонавтты да қолданады.

       Ақ бата

Самға, самға , Тоқтар балам,
Арналы шың аспаның.
Алға шарлап, от лаулаған
Арманысың жастардың.
Ғарыш жолы басталатын
Далаң, жерің-киелің!
Ғарыш қолын басқаратын
Балам, елің сүйеді!
Қазақстан -  дәнстанда
Ерлігіміз – жалынды.
Қазақ ұшқан ғарыштан да
Елдігіміз танылды.
Айбаралы биік екпін,
Әрбір ойың ғажап тым.
Айдан әрі биіктеттің
Абыройын қазақтың!
                      Әдібай Табылдиев.


 ІІІ бөлім
Ғарышты бағындырған жануарлар.
Ғарышқа тек адам ғана ұшқан жоқ




1-оқушы          Ғарышқа шіркей де ұшқан
       1947 жылы Америка ғарышқа V-2  ракетасымен  алғашқы  тірі  ағзалар  –
жеміс шіркейлерін ұшырды.

2-оқушы               Лайка
     Лайка орбитаға жеткен ең бірінші жануар. Оны 1957 жылдың 3  қарашасында
Кеңес Одағы әлемінің екінші жасанды серігі – «Спутник -2»  бортында  ұшырды.
Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен  қысымды  өлшеу  үшін  сенсорлар
орнатылды.Сенсорлар сонымен қатар, Лайканың қан қысымын, тыныс алу  жиілігін
және жүрек соғысын өлшеп, микрогравитация  әсерін  зерттеуге  арналды.  Оның
кемесінде қону аппараты жоқ  болатын.  Сондықтан  Лайка  ғарыш  кеңістігінде
келмеске кетті.

3-оқушы          Белка мен Стрелка
     Бірінші рет  орбитаны  айналып,  Жерге  аман  оралған  иттер-Белка  мен
Стрелка (19.08.1960 ж.)

4-оқушы      ХЕМ-Астрономиялық Шимпанзе
    Хем ғарышқа ұшырылған бірінші адам тәрізді маймыл  болды.  Ол  ұшу  үшін
қысқа тізімгеенгізілген 40 шимпанзе ішінен таңдап  алынды.  1961  жылдың  31
қаңтарында ұшырылды. Ұшу  16  минут  39  секундқа  созылып,  капсула  Атлант
мұхитына құлады. Хемді  құтқару  тобы  судан  табысты  түрде  шығарып  алды.
Хемнің ұшуын кейін Енос  шемпанзе  жалғастырды.  Енос  Жерді  сәтті  айналып
шықты.

ІV бөлім
А) Байқоңыр ғарыш айлағы
Ғарыш саласы – қарапайым жұрт үшін тылсым әлем.
Жалпы,  ғарыш   әлемінің  құпиялары  ғылымның  арқасында   ашылып,   адамзат
игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы  зымырантасығыштар,  ғарыштық
аппараттар мен жасанды жер серіктері сияқты тағы да басқа күрделі, әрі  озық
ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы  да  ғылымның  жетістігі  Ғылым
адамзаттқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып  жаңалықтар  ашу
тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам  басты.Ғылымның  одан
әрі дамуымен қатар , Юрий Гагарин  ғарышқа  ұшқан  52  жылдан  бері  ғарышты
зерттеу мен қолдануды дамыту саласында зор жұмыстар жасалды.Мыңдаған  ғылыми
зерттеу жобалары жүзеге  асырылды,  оның  ішінде  қазақстандық  төрт  ғылыми
бағдарлама да бар.
  Жалпы,  әлемде  20-дан  астам  ғарыш  айлағы   бар,   бірақ   «Байқоңырда»
дүниежүзіндегі ұшырулардың үштен бір бөлігінен астам  жүзеге  асырылады.  Ол
әлемде  зымырантасығыштарды  ұшыру  саны  бойынша  және  коммерциялық  ғарыш
аппараттарын ұшыру саны бойынша бірінші орынды иеленеді.

Б) Шет елдердің ғарыш айлағы

АҚШ ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ –АҚШ  –  тың  ең  үлкен  ғарыш  айлағы  Флорида  штатындағы
Кеннеди  атындағы  мыс  Канаверал.  Мұндағы  ең  ауыр   «шаттл»   класындағы
зымырандар ұшырылады. Екінші бір ірі ғарыш айлағы Калифорния  штатында.  Бұл
ғарыш кешені зымырандық төрт полигонның басын қосқан. Сондай  –ақ  Вирджиния
штатында орналасқан Уоллопс аралындағы ғарыш  кешені.  Мұнда  көбіне  жердің
жасанды серіктері ұшырылады.

ФРАНЦИЯ ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ  –  1995  жылы  жердің  жасанды  серігін  ұшыру  арқылы
Франция үшінші болып әлемдегі ғарыштық елдердің қатарына қосылды.  Алғашында
үкіметі тыйым салған соң, 1968 жылы Франция Оңтүстік Америкада «Куру»  ғарыш
айлағын салуға кірісті. Содан бері  Франция  осы  ғарыш  кешенін  пайдаланып
келеді. Қазір мұнда ең соңғы үлгідегі «Арион-5» зымырандары ұшырылуда.

ҚЫТАЙ ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ – қазір Қытай- әлемдегі ең үздік бес ғарыштық  державаның
бірі. Бұл елде үш  ғарыш  аппараттарын  ұшыратын  кешен  бар.  Атап  айтсақ,
Цзюцюан,Сичан, және Тайюань. Сондай-ақ  зымырандарды  сынайтын  Харбин  және
Хайнань  аралындағы  полигондары  бар.  Цзюцюань  ғарыш  айлағы  1962   жылы
салынған.

БРАЗИЛИЯ  ҒАРЫШ  АЙЛАҒЫ  –  Алкантара  ғарыш  айлағы  географиялық   жағынан
әлемдегі ең тиімді қаржыны  көп  етпейтін  ғарыш  кешені  деп  есептелінеді.
Өйткені ол экваторда орналасқан. Кем дегенде  15-20  пайыз  жанар-жағармайды
үнемдеуге болады. Содан болар  Алкантара  ғарыш  кешеніне  әлемнің  көптеген
елдері қызығушылық білдіруде.

ЖАПОН  ҒАРЫШ  АЙЛАҒЫ-  Жапонның  Кагосима  ғарыш  кешені   Тынық   мұхитының
жағалауына жақын Кюсю аралында  орналасқан.  Құрылысы  1961  жылы  басталды.
1963 жылы тұңғыш рет «Карра-9 М» зымыраны ұшырылды. Ғарыш  кешенінің  аймағы
51 шаршы шақырымды құрайды.

V бөлім
Қорытынды

Ғарыш әлемі –ХХІ ғасырдың жұмбағы.  «Елу  жылда  ел  жаңа»  деп  ата-бабамыз
бекер  айтпаған.  Жерді  адамзат  игеру  бәсекелестікке   айналды.  Ғылымдар
келешекте ғарыштағы күн энергиясын пайдаланудың себептерін іздейтін болады.
 Ғарышты игеруге барлық мемлекеттер  талпынады.  Сондықтан  қазірден  бастап
ғарыш әлемін игеру орталықтарын жасап,  оған  ақшаны  аямай  құю  керек.  Өз
уақытында  Құдай  бізге   Байқоңырды   берді.   Енді   біз   соны   жақсылап
пайдалануымыз кажет.Байқоңырдың бізге әкелер пайдасы көп.


  Серік Ақсұңқарұлы, ақын:

 АЛАШЫМ МЕНІҢ – АСПАНДА.
               (Тоқтар Әубәкіровке)

Көзімді жұмып, ашқанда
Көрдім мен Күнді сүйіне:
Алашым менің –аспанда,
Астында –
Қалған дүние!

Сансыз ой тұнып санамда,
Сансыз жұлдыздың ішінде-
Осынау ғажап ғаламға
Кілеммен ұшқам- түсімде...

Жан тәнін сүйген көктен нұр
Ассалаумағалейкум, уа, Әлем!
Аспандай жаны мөп-мөлдір,
Аппақ жұрт едім туа мен.

Жер дауы,
Жесір дауынан сасқанда,
Бір-ақ сөзбен біткен онысы.
Алашым менің- аспанда,
Астында-
Азаматсоғысы...

Қазағың осы, қайтейін,
Жүрегі –ақ, қара –көздері;
Қазақша сөйлетіп Дантені,
Орысша сөйлейтін өздері ...

Көзімді жұмып, ашқанда
Көрдім мен Күнді сүйіне;
Алашым менің – аспанда,
Астында –
Қалған дүние!







 Доланалы орта мектебінің мемлекеттік мекемесі






Тақырыбы:






                        (Дөңгелек үстел)
                         8,9,10 сыныптар









    Өткізген:  физика пәні мұғалімі А.Қабылова.




                               2013 жыл
-----------------------
                             Ғарышкері қазақтың




Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек