Стиль және сөз мағынасы. Арнаулы курс 9 сынып
Пән: Қазақ тілі
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Кеңесбаев, Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі «» Алматы 1975ж 2. «Кестелі грамматика» , «Ана тілі» 1996ж С. Хасанова, Т. Әбдіғалиева 3. «Орфографиялық варианттар», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2000, 4 4. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті». 5. Қазақ диалектологиясы Ш. Сарыбаев 6. «Жай сөйлем синтаксисі» Р. Әмір, Ж. Әмірова 1998ж 7. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту Ә. Әлметова «Арыс» 2001ж 8 Алдашева А, Ахметжанова З, Қадашева Қ, Сүлейменова Ә «Ресми іс- қағаздары» А. 9.Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б «Қазақ тілінің стилистикасы» Балаларға берілетін әдебиеттер тізімі 1.Ж. Садуақасұлы «Тілдік талдау үлгілері» Қызылорда 2000ж 2.Қазақ тілінің грамматиксы 1,2 –томдары 3. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» М. Балақаев 1989ж 4. Қазақ тілінің стилистикасы Ш. Сарыбаев 1989ж 5. Дүйсенбекова Л. «Ісқағаздарын қазақша жүргізу» А. 2006 |№ |Сабақтың тақырыбы | |Сағат |Мерзімі | |1 |Стиль терминіне түсінік беру |Лекция |1 | | |2 | Тіл стилистикасы туралы ұғым |Семинар |1 | | |3 |Қазақ тілінің құрамындағы стильдер |Лекция |1 | | |4 |Ауызекі сөйлеу стилі |Семинар |1 | | |5 |Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері |Лекция |1 | | | |дидарластық, полемикалық, көпшілікке| | | | | |арналған сөз | | | | |6 |Ауызекі сөзге ерекшелік беретін |Лекция |1 | | | |түрлері, лексикалық тұлғалар | | | | |7 |Жаттығулармен жұмыс |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |8 |Көркем әдебиет стилі |Лекция |1 | | |9 |Көркем әдебиет стиліне тән |семинар |1 | | | |ерекшелікті тану | | | | |10 |Жаттығулармен жұмыс |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |11 |Ресми іс-қағаздар стилі, түрлері |Лекция |1 | | |12 |Іс-қағаздар стилінің ерекшеліктері, |Семинар |1 | | |13 |Қатынас қағаздары |Лекция |1 | | |14 |Жаттығулармен жұмыс |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |15 |Публицистикалық стиль |Лекция |1 | | |16 |Публицистикалық стильдің тіл |Лекция |1 | | | |ерекшеліктері | | | | |17 |Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер,|Семинар |1 | | | |тұрақты тіркестер, сөйлемдер | | | | |18 |Тақырыпқа сай терминдер, |Семинар |1 | | | |неологизмдер | | | | |19 |Толысыз сөйлемде, эллипс сөйлемдер |Семинар |1 | | |20 |Жаттығулармен жұмыс |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |21 |Ғылыми стиль, тілдік көріністері |Лекция |1 | | |22 |Ғылыми стильдің ерекше функционалдық|Лекция |1 | | | |қызметі | | | | |23 |Жаттығулармен жұмыс |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |24 |Кітаби тіл, оның айырым белгілері |Лекция |1 | | |25 |Монолог, оның түрлері |Семинар |1 | | |26 |Сипаттау, баяндау, пайымдау |Семинар |1 | | |27 |Орфографиялық норма |Семинар |1 | | |28 |Орфоэпиялық норма |Семинар |1 | | |29 |Шығарма жазуға машықтандыру |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |30 | «Өміріндегі қуанышты сәттер» |Практикалық|1 | | | |ой-толғау жазу |тапсырма | | | |31 |«Ана тілін құрметтей білеміз бе?» |Практикалық|1 | | | | |тапсырма | | | |32 |Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне |Семинар |1 | | | |қойылатын талаптар | | | | |33 |Тест жұмысы |Тест жұмысы|1 | | |34 |Сынақ |сынақ |1 | | Түсінік хат Тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы бұл--өнер мен тілді мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу деген сөз. Ал мұндай қамқорлыққа алынған тіл сол мемлекет иесі болған халықтың үдесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. . Жазу тілінде сөздер де, сөз тіркестері де, грамматикалық тұлғалар да, сөйлем құрамы да түрліше болып жұмсалуының белгілі бір жүйеге түсірілген, қалыптасқан заңдылықтары бар. Жазуда ой жинақы, жатық баяндалуы керектігі талап етіледі. Сонымен қатар тілінің нормаланған, бір ізге, жүйеге түсіп қалыптасқан стильдік тармақтары бар екендігі, жазба тілінің мәтіндері белгілі бір стиль негізінде жазылатындығы талап етіледі. Сондықтан қазақ тілінің қоғамдық сипатын ашып, қолданылу аясын кеңейту мақсатында еліміздің болашағы—бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпаққа қазақ тілі ретінде мемлекеттік басқару орындарына және қоғамдық ұйымдарға кеңінен еңгізіп, кез келген салада терең қолдануды міндеттеп отырғанын түсіндіру арқылы келешекте соған даяр болуға үйрету. Бағдарламаның құрылымында тіл қызметінің—сөйлеу және жазу, тыңдау және оқу түрлері өзара тығыз байланыста. Әрбір тақырыптың материалы жүйемен берілді. Сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға , айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыруды көздейді Ғылыми көпшілік әдебиеттер стилінде баяндалатын ой күрделі сөйлемдермен беріліп, нақты дәлелдемелер, анықтамалар, қорытынды тұжырымдама түрінде жазылатындығы талап етіледі. Көркем әдеби шығармаларда оқиғалар, ой желісі, түрлі сезім—күйлер көріністі баяндау, суреттеу, бейнелеу, әсірелеу, теңеу, салыстыру тәрізді көркемдігіш сөздер мен фразиологиялық қолдану арқылы өрнектелетіндігі талап етіледі. Публицистикалық стильде шешендер сөздері орфография мен орфоэпия нормалары, әдеби тіл заңдылықтары негізінде қалыптасатындығы түсіндіріліп, өмірде солай қолдану керектігі талап етіледі. Бұл бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті » стандартына сәйкес және Қазақстан Республикасының Әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып құрастырылды. Жоғары сынып оқушыларына арналған. Жалпы сағат саны -34. Аптасына 1 сағат. Бағдарламаның мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру арқылы—міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай оралымды да сұлу тіл екендігін көрсету. Бағдарламаның міндеттері: Стиль түрлерін ажырата алу, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың қызығушылығын көтеру, ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру. Дүниежүзілік халық мәдениетінің құндылығын меңгеру арқылы мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән беру. Іс қағаздарын өз өмірінде жан-жақты қолдануға үйрету Өмірдегі өзекті мәселелерге мазмұнды тақырыптар төңірегінде диалог құрастырып, ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білу Тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білу Автор сөзі, цитата, төл сөз, төлеу сөһз , диалог сөздерді шығармалардан таба білу, талдай алу, олардың өзара айырмашылықтарын түсіндіре алу Өз ойын анық, дұрыс және көркем етіп ауызша, жазбаша жеткізе алу Бағдарламаны беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер: Лекция сабақтары. Практикалық тапсырмалар Рөлдік ойындар. Ұжымдық жұмыстар Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар Өз бетімен іздену жұмыстары Бағдарламаны беруде күтілетін нәтиже: - Оқушылар іс қағаздарды күнделікті өмірінде қолдануы қажет - Әр түрлі іс қағаздарының—хат, өтініш, сенім хат ,қолхат т.б. жазылу,толтыру үлгілерін білу, ауызша және жазбаша сөйлеу, дұрыс айту дағдыларын меңгеру - Бағдарламада берілген теориялық түсініктерді білу және қолдану - Тіл ғылымы саласынан терең білімі бар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық іс- әрекетте белсенділік көрсете алатын саналы азамат тәрбиелеп шығару. : Мазмұны 1.Стиль терминіне түсінік беру. 1 сағат. Оқушыларға жалпы стиль туралы ұғымды таныстыру. 2.Тіл стилистикасы туралы ұғым. 1 сағат. Тіл стилистикасы туралы жалпы түсінік. 3.Қазақ тілінің құрамындағы стильдер. 1 сағат Жалпы қазақ тілі білімі саласындағы стильдер туралы айту. 4. Ауызекі сөйлеу стилі. 1 сағат. Ауызекі сөйлеу стилінің ережесімен танысу, қызметін ұғыну 5. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері. 1 сағат. Оқушыларға ауызекі сөйлеу стилінің түрлері: дидарластық, полемикалық, көпшілікке арналған сөз түрлерімен таныстыру. 6. Ауызекі сөзге ерекшелік беретін түрлері. 1 сағат. Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелік беретін түрлеріне тоқталу. 7. Жаттығулармен жұмыс. 1 сағат. Өткен тақырып бойынша пысықтау жаттығулары. 8. Көркем әдебиет стилі. 1 сағат. Көркем әдебиет стилінің мағынасын таныстыру. 9. Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктерін тану. 1 сағат. Көркем әдеби шығармалардағы оқиғалар, түрлі сезім, күйлер, әсірелеу, теңеу, салыстыру түрлерімен танысу. 10. Жаттығулармен жұмыс. 1 сағат. Өткен тақырыпты пысықтау жаттыңуларымен жұмыс жасау. 11. Ресми іс қағаздар стилі. 1 сағат. Ресми құжаттар стилі туралы кең мағлұмат беру. 12. Іс қағадар стилінің ерекшелігі. 1 сағат. Ресми іс қағаздар стилінің ерекшеліктерін атап көрсету. 13. Қатынас қағаздары. 1 сағат. Қызмет барысында кездесетін қатынас қағаздар туралы айту. 14. Жаттығулармен жұмыс. 1 сағат. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығулармен жұмыс жасау. 15. Публицистикалық стиль. 1 сағат. Публицистикалық стильде шешендер сөздері әдеби тіл заңдылықтары негізінде қалыптасатынын ұғындыру. 16.Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. 1 сағат. Өмірде публицистикалық стильдің қолдану аясына тоқталу. 17.Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер. 1 сағат. Экспрессивті сөздер туралы, сөйлем барысында кездесетін тапсырмалармен жұмыс. 18. Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер. 1 сағат. Тақырыпқа сай жазылған жаңа сөздер туралы мағлұмат беру. 19. Толымсыз сөйлемдер, эллипс сөйлемдер. 1 сағат. Сөйлем барысында кедесетін толымсыз сөйлемдер мен эллипс сөйлемдер туралы ұғындыру. 20. Жаттығулармен жұмыс. 1 сағат. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығулармен жұмыс жүргізу. 21. Ғылыми стиль. Тілдік көрністері. 1 сағат. Ғылыми стильде баяндалатын ой күрделі сөйлемдермен беріліп, нақты дәлелдемелер, анықтамалар, , қорытынды, тұжырымдамалар түрінде жазылатындығы талап етіледі. 22. Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі. 1 сағат. Ғылыми стильдің функционалдық қызметін ұғыну. 23. Жаттығулармен жұмыс. 1 сағат. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жаттығулармен жұмыс жасау. 24. Кітаби тіл. Оның айырым белгілері. 1 сағат. Кітаби тіл туралы оқушыларда ұғым қалыптастыру. 25. Монолог. Оның түрлері. 1 сағат. Көркем әдебиетте кездесетін монолог түрлерімен танысу. 26. Сипаттау, баяндау, пайымдау. 1 сағат. Кітаби тілдің бір түрі сипаттау, пайымдау, баяндаумен танысу. 27. Орфографиялық норма. 1 сағат. Қазақ тіл білімі саласындағы орфографиялық норма түрімен танысу. 28. Орфоэпиялық. норма түрімен танысу 1 сағат. Қазақ тіл білімі саласындағы орфоэпиялық норма түрімен танысу. 29. Шығарма жазуға машықтандыру. 1 сағат. Оқушыларға шығарма жұмысының ережесін таныстыру. 30. «Өміріндегі қуанышты сәттер» ой-толғау жазу. 1 сағат Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында ой-толғау жаздырту. 31. «Ана тілін құрметтей білеміз бе?» 1 сағат. Ана тілінің қадір-қасиеті туралы өз ой-пікірлері. 32. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. 1 сағат. Көпшілік алдында өзін өзі ұстай білуі, сөйлеу мәдениетіне машықтануды насихаттау. 33. Тест жұмысы. 1 сағат. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында тест жұмысын жүргізу. 34. Сынақ. 1 сағат. Жыл бойы алған білімдерін қорытындылау мақсатында сынақ алу.