Манометрлер. Сорғылар.
Пән: Физика
Физика. 7-сынып. Сабақ тақырыбы: §53. §54.Манометрлер. Сорғылар. Сабақ мақсаты: * Манометрлер, олардың түрлері, сорғының құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы ұғым қалыптастыру. * Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу. * Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, Техникалық оқыту құралдары: компьютер, экран. Демонстрациялар: шприц арқылы сұйықтықты сору. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: * Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай? * Атмосфераның негізгі қабаттарын ата. * Қалыпты атмосфералық қысым деген не? * Ол неге тең? * 760 мм.сын.бағ. қанша паскальға тең? * Альтиметр деген не? * Үйге берліген есептердің орындалуын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Атмосфералық қысымнан жоғары немес төмен қысымды өлшеу үшін қолданылатын аспап манометр деп аталады. АШЫҚ СҰЙЫҚ МАНОМЕТР МЕТАЛЛ МАНОМЕТР - газдың немес будың қысымын өлшеу үшін қолданылады * доға тәрізді иілген металл түтікше 2-меңзер 3-тісті тегершіктер 4-кран 5-иіндік Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе сфигмотанометрмен өлшенеді 1- металл манометр 2-манжет 3-үрлеуіш Сорғылар - атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі. 1-сорғы корпусы 2-саңылау 3- поршень 4-нипель Су сорғысының құрылысы: 1- цилиндр 2-поршень 3- қақпақшалар 4-құбыр 5-кран V. Пысықтау. * Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады? * Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген? * Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді? * Металл манометр қалай жұмыс істейді? * Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай? VI. Қорытындылау. VII. Бағалау. VIII. Үйге тапсырма: : §53. §54.Манометрлер. Сорғылар.27-ж. Мұғалім туралы мәлімет: Орынгалиева Сауле Утаровна Физика, информатика пәнінің мұғалімі Санаты: І Білімі: жоғары БҚО Теректі ауданы Сарыөмір аулы Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ