Қаныққан бу және қанықпаған бу

Көшіріп алу

Пән: Физика

                                                   Қостанай облысы
                                                  Рудный қаласы
                                                            Ы.Алтынсарин
                                  атындағы
                                              Рудный әлеуметтік-гуманитарлық

   колледжі.
                                                         Физика пәнінің
                                  мұғалімі
                                                      Агындыкова Жулдызай

       Измахановна


   Сабақтың  тақырыбы:  Қаныққан  және   қанықпаған   бу.   Қайнау.   Ауаның
ылғалдылығы.
   Сабақтың мақсаты:
   Білімділік: буланудың  қасиеттері,  қайнау  процесі,  ауаның  ылғалдылығы
ұғымдармен таныстыру.
   Дамытушылық:  оқушылардың  ойлау,   бақылау,   зерттеу,салыстыру,   құрал
жабдықтарды пайдалану қабілеттерін дамыту.
   Тәрбиелік:  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыру,табиғатты    аялай
білуге, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштіке баулу.
   Көрнекіліктері: слайд, үлестірілмелі карточкілер, табиғат  көріністерінің
суреттері, психрометр құрылғысы.
   Сабақтың барысы:
   І.Ұйымдастыру кезеңі
   1.Оқушыларды түгендеу, тәртіпке шақыру
   2.Сабақтың барысы, жаңа сабақтың мақсаты, міндетімен таныстыру
   ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі, қайталау сұрақтары
   Сұрақтар:
   Миға шабуыл
                    1. Термодинамика нені үйретеді?
                    2. Энергияның сақталу және айналу заңы.
                    3. Термодинамиканың бірінші заңын түсіндіру
                    4. Термодинамиканың екінші заңын тұжырымда
                    5. Жылу қозғалтқыштары және оның жұмыс принципі.
   Жазба жұмысы:
   Физикалық диктант. Термодинамика негіздері.
   1. Жұмыс атқармай,  энергияның  бір  денеден  екінші  бір  денеге  берілу
      процесін ...алмасу немесе жылудың берілуі деп аталады.(жылу)
   2. Тұрақты температурада 1  кг  сұйықты  буға  айналдыруға  кететін  жылу
      мөлшерін...жылуы деп атайды.(меншікті булану)
   3. Массасы 1 кг заттың температурасы 1К-ге тең өзгергенде  алатын  немесе
      беретін жылу мөлшерінің формуласы? (Q=cm(t2 - t1)=cm[pic]t)
   4. Балқу температурасы 1 кг  кристалл  затты  сол  температурада  сұйыққа
      айналдыруға кететін 1 кг жылу мөлшерін меншікті ... деп атайды. (балқу
      жылуы.)
   5. Тек белгілі бір бағытта ғана өз-өзімен жүре  алатын  процесті  ..  деп
      атайды (қайтымсыз)
   6. Жылу қозғалтқыштың негізгі түрлері: бу турбиналары, іштен жану..  және
      реактивті ...(қозғалтқыштар)
   7. Жылу алмасуда ... 1 түрден 2-ші түрге айналуы болмайды, ыстық денедегі
       ішкі.... біразы суық денеге беріледі.(энергияның)
   8. Жылудан оқшауланған жүйедегі процесс....деп аталады.(адиабаталық)
   9. Ішкі энергияның белгіленуі мынаған тең...?   (U)
  10. Неміс ғалымы..... термодинамиканың 2-ші заңын былай тұжырымдады.
Екі жүйеде  немесе  қоршаған  денелерде  бір  мезгілде  басқадай  өзгерістер
болмаған жағдайда, суығырақ жүйеден ыстығырақ  жүйеге  жылу  берілуі  мүмкін
емес. (Р.Клаузиус)
  11. Газ ұлғайғанда...жұмыс жасайды (оң)
  12.  Жылу әрқашанда  ыстық денелерден суыққа беріледі,  ал  макроскопиялық
      денелердің механикалық энергиясы  - ... айналады. (ішкі энергия)
   ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
   1.Проблемалық сұрақтар:
   1.Судың немесе кез келген басқа  сұйықтықтың  мөлшері  беті  ашық  ыдыста
біртіндеп азая түседі. Су буланады. Булану неліктен пайда болады?
   2.Өзенге шомылып шыққан бала күн ыстық болғанның  өзінде  тоңып  дірілдеп
тұрады. Денесінің температурасы төмендейді.
   3. Терлеп ыстықтаған кісі желпуішпен желпінгенде салқындап қалады.
   4.  Қақпағы  жабылған  ыдыстың  ішінде  су  болса  қақпақтың  бетінде  су
      тамшылары пайда болады. Күз айларында таңертен ағаштың жапырақтары  су
      тамшылары пайда болады. Неге?
   Жауаптары:
     1. Егер ыдыстың беті ашық болса сұйықтан шығып кеткен молекулалар қайта
        оралмауы мүмкін. Бұл жағдайда сұйық пен  конденсация  теңгерілмейді.
        Сондықтан сұйық мөлшері азаяды
     2. Кебу кезінде бет терісінің энергиясы ортаға  тарап,  ішкі  энергиясы
        азайып суынады.
     3. Желпіген кезде ауаның тербелісі кептіру процесін жылдамдатады.
     4. Буланумен бірге оған кері процесс жүреді. Бейберекет қозғалыстағы бу
        молекулаларының  белгілі  бір   бөлігінің   сұйыққа   көшу   процесі
        конденсация деп аталады.
   1. Қаныққан және қанықпаған бу. Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз  жабатын
      болсақ, онда сұйықтың азаюы тез арада тоқтайды. Температура өзгермеген
      жағдайда буланумен қатар конденсация  жүріп  отырады  және  бірін-бірі
      теңгереді. Алғашқы кезде  сұйық  буланады  да,  оның  үстіндегі  будың
      тығыздығы арта бастайды. Ал сұйыққа қайта оралатын молекулалардың саны
      да артады. Сұйық бетінен шығып кеткен молекулалар санымен,  сол  уақыт
      ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының саны тең болдаы.  өз
      сұйығымен динамикалық  тепе-теңдікте  болатын  буды  қаныққан  бу  деп
      атайды.
    Қаныққан будың қысымы.  Температура  тұрақты  болған  жағдайда  қаныққан
будың қысымы оның алатын көлемі байланысты  болмайды.  Сұйық  өзінің  буымен
тепе-теңдікте болған  жағдайда,  көлемге  тәуелсіз  бу  қысымы  қаныққан  бу
қысымы  делінеді.  Қаныққан  будың  қысымы  көлемге  тәуелсіз   болғандықтан
температураға  тәуелді  болады.  Қаныққан  будың  қысымы  тек  температураға
тәуелді емес, бу молекулаларының шоғырына(тығыздығына)  да  тәуелді  болады.
Сұйық  түгел  буланып   болғанда,   одан   әрі   қыздырғанда   қаныққан   бу
температураға тура пропорционал болып өседі.
   2. Қайнау
   2-Проблемалық сұрақтар:
   1. Шәугімнің қақпағын ашқанда үстіңгі жағынан нені байқадың?
   2. Көпіршіктер қайдан пайда болды?
   3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?
   4. Ызыл неге естіледі?
   5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады?
   Жауаптары:
   1. Құтының үстіңгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы  сұйықтың
      бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы  салқын
      ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.
   2. Бұлар – судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.
   3. Ауа  көпіршіктерінің  іші  су  буымен  толады  да,  олардың  өлшемдері
      біртіндеп үлкейе береді.
   4. Су қызған сайын көпіршіктер үлкейе береді. Көпіршіктер үлкеюмен  қатар
      оларды судан ығыстырып шығаратын Архимед күші де артады  да,  олар  су
      бетіне қалқып шығып жарылады да, ызылдаған дыбыс естіледі.
   5. Көпіршіктер ішіндегі  қаныққан  будың  қысымы  атмосфералық  қысымынан
      жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.
   Ауаның ылғалдылығы
   3. Проблемалық сұрақтар:
   1.Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?
   2.Ауадағы су буы қаныққан ба, әлде қанықпаған ба?
   3.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
   4. Ауа ылғалдылығын өлщейтін құрал?
   5. Ауадағы су буының маңызы қандай?
   6. Ауа ылғалдылығының маңызы туралы не білеміз?
       Жауаптары:
  1. Жер бетінің [pic] бөлігін су алып жатыр.
  2. Атмосфералық ауаның өзі түрлі газдардың және су  буының  қоспасы  болып
     саналады. Ауадағы су буының қанығудан қаншалықты алыс екенін көрсететін
     шама салыстырмалы ылғалдылық. Ауадағы су буы қаныққан буға жатпайды.
  3. Берілген температурада ауа құрамындағы су буы  парциал  қысымының,  сол
     температурадағы қаныққан будың  қысымына,пайызбен  өрнектеліп  алынған,
     қатынасы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады.
                                               [pic]
  4. Гигрометр, психрометр құрылғыларымен өлшейді.
  5. Су буы қаныққан буға айналатын температура шық  нүктесі  делінеді.  Ауа
     шық нүктесіне дейін салқындағанда будың конденсациясы басталады;  тұман
     пайда болады, щық түседі. Шық   нүктесі  су  буының   парциал  қысымын,
     салыстырмалы ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді.
  6. Адам терісінің бетіндегі ылғалдың буланып кебу шамасы ауаға  байланысты
     болады. Адам денесінің температурасын тұрақты ұстап тұру үшін  ылғалдың
     булануының маңызы өте  зор.  Ауа  райын  күні  бұрын  болжауға  болады.
     Атмосферадағы су буының мөлшері  1  %-ке  жуық,  бұл  шама  атмосферада
     құбылыстарда  айтарлықтай  өзгерістер  тудырады.  Бұйымды  сақтауда  да
     ылғалдылықты білу маңызды.




   Бекіту:
        1. Есеп шығару
   Массасы  1,2 кг  суды  қайнату  үшін  қанша  жылу  мөлшері  қажет.  Судың
бастапқы температурасы  [pic]С. Судың менікті жылу сыйымдылығы 4200 [pic].
        2. Осындай энергияны бөліп щығару үшін қанша  ағащ отын жағу керек?
           Жылу мөлшері 4,1 * [pic] Дж.  Ағащ  отынның  меншіктіжану  жылуы
           [pic]Дж/кг.
        3. Су қандай қысымда 190 С – де қайнайды?
        4. 160 С температурада 4 м3 ауада 40 г  су  буы  бар.  Салыстырмалы
           ылғалдылықты табыңдар.
        5. 150  С  темперадурада,  көлемі  120  м3  бөлмедегі  салыстырмалы
           ылғалдылық 60 %. Бөлме ауасындағы су  буының  массасы  табыңдар.
           Қаныққан будың қысымы 12,8 мм.сын.бағ.тең
   2.Қызықты сұрақтар
   1.Көсеу ұзын болса қол күймес – қандай физикалық құбылыс жасырылған?
    ( жылу өтгізгіштік)
   2.Темірді қызғанда соқ – мақалында қандай физикалық  құбылыс  көрсетілген
(қатты дененің балқуы)
   3.Тоңған тонын мақтайды – неліктен (тон жылуды  нашар өткізеді)
   4.Уайым түбі теңіз батасыңда  кетесің,  тәуекел  түбі  қайық  мінесің  де
кетесің – қандай физикалық құбылыс (Архимед заңы)
   5.Жақсы кісінің ашуы шайы орамал кепкенше – (кебу)
     6.Терек қисайған жағына жығылады (күштің әсері)
     7. Қазан  отпен,  адал  әрекетпен  қызады  –  (жылулық  қозғалыс,  ішкі
энергияның өгеруі)
    8.Тонның жылуы тігісінен емес жүнінен  (жылу өткізгіштік)
    9.Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш – (жылу берілу)
     10. Қармен бір жүргенде неге сықырлайды? (Қар қатты дене. сынады)
     11.Шындықты іздеген табады (отын энергиясы)
     12.Азықсыз адам алысқа бармас (энергияның сақталу заңы)
     Қорытынды: (педагогикалық талдау жасау, үйге  тапсырма  беру,оқушыларды
бағалау)
   Үйге тапсырма: «Табиғаттың тосын мінезі»  тақырыбына  байланысты  қосымша
деректер жазу және тақырыпты оқу.
















































                         Ыбырай Алтынсарин атындағы
                   Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі






                                 Ашық сабақ








                                  Тақырыбы:


          Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы.
































                                                   Физика пәнінің оқытушысы:
                                                             Ағындықова Ж.І.












                                   2011ж.
Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек