"Көңілді тапқырлар сайысы"

Көшіріп алу

Пән: Математика

Шығыс Қазақстан облысы  Семей қаласы
ММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Математика пәнінің мұғалімі Сексенбаева Бақыт Ғафуқызы
                                       " Көңілді тапқырлар сайысы"
1- жүргізуші: Атамыз білім дәнін болған екпек,
               Оқытып балаларды білім сеппек.
               Қазақтың кең даласын жарық қылған,
               Атамыз Ыбырайға мың рахмет.
2- жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз,
                Талаптыға болсын кез.
                Нұрын, сырын көруге
                Көкірегінде болсын көз.
1- жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, 8 сыныптар арасында
 өтетін " Көңілді тапқырлар сайысын" бастауға рұқсат етіңіздер! ( музыка
ойнайды)
 2- жүргізуші: " Талапты ерге нұр жауар" демекші, ортаға " Тапқырлар"
командасын шақырамыз.
            Ойла- ойла тереңнен,
                 Жақсы емес көп бөгелген,
            Формуланы білмесең,
            Өте алмайсың көпірден.
   2- жүргізуші: ( Берілген формулалардың жұптарын табу керек).
                            Көрермендерге сұрақ:
1) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі: (планиметрия)
2) Санның жүзден бір бөлігі: ( процент)
3) Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?
1- жүргізуші: 2- тур. " Тапқыр болсаң ұтып көр"
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз.
2- жүргізуші: 3 3 3 3 3 3 = 1000
(333*3+3/3) = 1000
4 4 4 4 4 4 4 4 = 500
( 444+44+4+4+4)=500
Сандардың сол жағындағы сандарға амал таңбаларын қой:
1) -2х+(-25), х= -10 өрнегінің мәні неге тең?
2)екі санның қосындысы 8-ге, көбейиіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап.
(5; 3)
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
               Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
               Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
               Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
2- жүргізуші:  Әрбір команда өзінің өнерлерін көрсетсін.
                         Көрермендерге сұрақ – есеп:
1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай
қалды? ( 10 торғай).
2) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды?
( түйеқұс ұшпайды).
1- жүргізуші: 3- тур: " Жұмбақтар"
            Өз ойыңды жүйелейтін,
            Алған білімді түйіндейтін,
            Әр нәрсенің жауабын тез
            Есте сақтап күлімдейміз.
2- жүргізуші: Олай болса кезекті жұмбаққа да берейік, шешімін кім табады.
      1- Тапқыр: Егіз туған қос жүйрік,
                 Жарыса шауып терлейді,
                 Бірін-бірі көрмейді, дамылсыз қанша шапса да,
                 Бір мәреге келмейді.
                            ( параллель түзулер).
      2- Алғыр: Математикалық таңба ол,
                    Білімің болса ашасың     .
                    Теріс сан болса астында,
                    Мағынасы жоқ деп қашасың.
                            ( квадрат түбір)
                            Көрермендерге сұрақ:
А) " Адымда- ойлан" ойыны.
      "7"- ге еселік сан.  (4)
      "4"-ке еселік сан.   (4)
Б) Санның квадратын тап.
      22,   23,   24
      32,   33,   34.
4- тур: " Бақытты сәт"
1- жүргізуші:  Әр нәрсенің бастауы
                Жетекшіге тиісті.
                Оның әрбір істері
                Өз ісінің жемісі.
2-жүргізуші: Онда неге тұрамыз
               Қолға алайын сол істі.
               Әр жетекшінің өз ісі
               Білімділігіне тиісті.
"Әр қолда өзінің ісі".
Қағаз, қалам , яғни екі қолымда қарындаш беріледі.
Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызады.
                           Викториналық сұрақтар:
1) егер 1 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минут қайнайды?
2) Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?
3) Негізгі геометриялық фигураларды ата.
4) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
5) Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. ( параллель)
6) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу. ( перпендикуляр)
7) катет пен гипотенуза туралытеорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)
8) Квадраттық функцияның графигі ( парабола).
5- тур: " Сөзжұмбақ"
Сұрақ: 1) Үлкен хорда- диаметр
         2) берілген нүкте- центр
         3) шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді- хорда.
         4) геометриялық фигура- шеңбер.
         5) Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық- радиус.
Өлең үшбұрыштар жайлы:
" Есеп туралы ой"
Қажетті сөздер:
1. " Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін - математика" (М.В.Ломоносов)
2. Білімдіден шыққан сөз,
    Білімдіге болсын кез. ( Абай)
6. Қорытынды.






Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек