Ұлдармен жұмыс 6-сынып

Көшіріп алу

Пән: Әртүрлі

                               Ұлдарымен жұмыс

                                 6 «А» сынып


Мақсаты: Ер балалар арасында  зиянды  әдеттердің  алдын  алу,  спорттық  іс-
шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын  насихаттау,   өскелең
жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық  білім  мен  өзін-өзі  жетілдіруге  деген
құштарлық,  беріктік,  Отан  тарихына,  Тәуелсіз  Қазақстанның  бүгіні   мен
болашағына  деген  жауапкершілікті  қалыптастыру,  отбасында  да,   қоғамдық
ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос  отыра  алмайтындай
сезімге тәрбиелеу.


Міндеттері:


- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде  өскелең  жас
ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;


- ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  


- танымдық жұмыстарды ынталандыру;


- жасөспірімдердің зияткерлік,  шығармашылық  және  әлеуметтік   дамуы  үшін
қолайлы жағдай жасау;


-  жауапкершілік  мен  еңбексүйгіштікті  қалыптастыруға,  көшбасшылық   және
ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке  тұлғалық
қасиеттерін дамыту.

    Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi,  күйшi,
аңшы, құсбегi — бесаспап азамат  етiп  тәрбиелеудi  мақсат  еткен.  Жiгiттiң
бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.   Ер
баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн  мал  бағу
мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден,  темiрден  түрлi
тұрмысқа  қажеттi  бұйымдар  жасауға,  яғни  қолөнер  шеберлiгiне  баулыған.


Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың  рөлi  ерекше.  Әке  үйелменнiң
басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап  сақтаушысы,  қамқоршысы.  Әкенiң
мiнез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы,  өнер-бiлiмi  —  ұл  баланың   көз
алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы.  Қазақта  бiреудiң
баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның  әкесi  немесе  атасы  жақсы  кiсi
едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан.  “Әкеге   қарап 
ұл  өседi,  шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”,  “Жас
– кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы”  мақалдары да  осы
пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.



                                Ұлдар тізімі

|№      |Аты-жөні             |Туған күні, айы,|Мекен-жайы                  |
|       |                     |жылы            |                            |
|       |Батырбеков  Ануар    |30.11.99        |Қаратал көшесі, 143-үй,     |
|       |                     |                |2-пәтер                     |
|       |Зиядан Рахат         |31.01.99        |Кивилев көшесі, 4-үй,       |
|       |                     |                |6-пәтер                     |
|       |Марат Әділ           |03.04.00        |Кивилев көшесі,7-үй,        |
|       |                     |                |21-пәтер                    |
|       |Рахимжанов Ержан     |16.02.99        |Пушкин көшесі, 228-үй       |
|       |Саулетов Сайын       |05.12.99        |О-Шығыс тұрғын ауданы, 28-үй|
|       |Сейтнұр Бауыржан     |18.12.99        |Рылеев кшесі, 27-үй, 1-пәтер|
|       |Сейтал Досжан        |10.07.00        |Пушкин көшесі, 241 «А»      |






                           Ұлдармен жұмыс жоспары

                             2011-2012 оқу жылы

|№  |Мерзімі    |Жұмыстың мазмұны                |Жұмыс түрі        |Жауапты        |
|1  |Қыркүйек   | «Ұл бала мен қыз бала          |Сынып сағаты      |Сынып жетекшісі|
|   |           |сыйластығы»                     |                  |               |
|   |           |                                |                  |               |
|2  |Қазан      |Ұлдарға өсиет                   |Қарттармен кездесу|Сынып жетекшісі|
|   |           |«Маған өмір керек, мен өмірге   |Сынып сағаты      |Сынып жетекшісі|
|   |           |керекпін»                       |                  |               |
|3  |Қараша     |Мектептің кәсіптік бағдар       |Өндіріске саяхат  |Сынып жетекшісі|
|   |           |жұмыстарына қатысу (еңбек       |                  |               |
|   |           |адамдарымен кездесу, өндіріске  |                  |               |
|   |           |саяхат).                        |                  |               |
|4  |Желтоқсан  |«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»|Интеллект. ойын   |Сынып          |
|   |           |                                |                  |жетекшісі      |
|5  |Қаңтар     |«Толағай»                       |Отбасылар сайысы  |Сынып          |
|   |           |                                |                  |жетекшісі, дене|
|   |           |                                |                  |шынықтыру      |
|   |           |                                |                  |пәнінің        |
|   |           |                                |                  |мұғалімі       |
|6  |Ақпан      |«Ұлдарға кеңес»                 |Пікір алмасу      |Медбике,       |
|   |           |                                |                  |психолог,      |
|   |           |                                |                  |сынып жетекшісі|
|7  |Наурыз     |«Ұл бала» туралы мақал          |Кітапша жасау     |Сынып          |
|   |           |–мәтелдер, өлеңдер,  нақыл      |                  |жетекшісі,     |
|   |           |сөздер жинау                    |                  |сынып ұлдары   |
|8  |Сәуір      |Дене шынықтыру пәніне, спорттық |Бақылау           |Сынып          |
|   |           |үйірмелерге  қатысуларын, аула  |                  |жетекшісі      |
|   |           |клубтарында футбол ойнауларын   |                  |               |
|   |           |бақылау                         |                  |               |
|9  |Мамыр      |Ұлы Отан соғысы жайлы           |Пікір алмасу      |Сынып          |
|   |           |кинофильмдер, диафильмдер       |                  |жетекшісі,     |
|   |           |көрсетіп, оны талқылау          |                  |әскери жетекші |
|   |           |                                |                  |               |


               Сынып жетекшісі:                 Ж.К.Акмолдаева

Көшіріп алу


Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек