Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Пән: Физика
Күні: 11.03.09ж
I. Сабақтың тақырыбы: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
II. Сабақтың мақстаты:
1. Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі
заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және
танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке
тәрбиелеу.
III. Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен
жұмыс.
V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар.
VI. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).
1- тірек-сызба
2- тірек-сызба
3. Жаңа сабақ:
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер,
электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б элктр құралдарын пайдаланады.
Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен,
екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей
жалғау деп атайды (1-сурет).
[pic] [pic]
1- сурет 2-сурет
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын
екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді
параллел жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызба
VII. Сабақты қорыту.
1. Есептер шығарту
1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге
тең?
Берілгені:
U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом
т/к: U2-?
Шешуі:
Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан
өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.
[pic]; [pic]. [pic] формуласынан шығатыны
[pic]
Жауабы: U2=12B
2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте
көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін
анықтаңдар.
Берілгені:
R1=R2=R3=6 Ом
т/к: Rж-?
Шешуі:
Бұл сызбада астыңғы екуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей
жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.
[pic] [pic];
[pic]
Жауабы: Rж=9 Ом
2. Тест тапсырмаларын орындату.
VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма. V тарау бойнша барлық формулаларды жаттау.
-----------------------
Электр тогын өлшейтін құрал-Ампарметр
Электр кернеуін өлшейтін құрал-Волтьметр
Ом заңы: Тізбек бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура
пропорционал да, өтеізгіштің кедергісіне кері пропорционал
[pic]
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында
тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп
атайды
Электр тогының өлшем бірлігі-Ампер (А)
[pic]
Электр кернеуінің өлшем бірлігі-вольт (В)
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің
атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады
[pic] ; [pic]
[pic]; [pic] [pic]
Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу
бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына
тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
[pic]
[pic]
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбекиегі жалпы
кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы
кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]

Арайлым