Мақал-мәтелдер: Жақсылық пен жамандық


Жақсыдан үйрен.

Жақсыда жаттық жоқ.

Жақсының өзі өлгенмен
Сөзі өлмейді.

Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар.

Жақсының үйі мен түзі бірдей.

Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.

Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.

Жақсыда кек жоқ.

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Жақсының жаны – жаннат.

Жақсы адам жолдасынан танылғы.

Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.

Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей.

Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.

Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.

Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.

Жақсыны көрмек үшін.

Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.

Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.

Жақсы лепес –
Жарым ырыс.

Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.

Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама.

Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.

Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас.

Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.

Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.

Жақсы жатырқамайды,
Аңқау аңдамайды,
Әңгүдік тыңдамайды.

Жақсымен сөйлесең,
Көңілің ашылады.
Биік төбеге шықсаң
Көзің ашылады.

Қас жақсының белгісі
Қайғысын жұртқа білгізбес.

Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Жақсының үйі түссе,
Күйі түседі,
Жаманның үйі түссе
Миы түседі.

Жақсы келді дегенше
Жарық келді десейші.
Жақсылықтың уытын
Алып келді десейші.

Жақсы болсаң – жақын көп.

Жақсылардың үлгісі
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері
Ағып тұрған балдай.

Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.

Жарлыға қарас,
Жәрдемі тиер әр жерде,
Жақсымен жанас,
Шарапаты тиер тар жерде.

Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.

Көбенге шыққан тал жақсы,
Күміске құйған бал жақсы.
Көбелең өскен жігіттен
Көкала сақал шал жақсы.

Жақсыдан —шарапат.

Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.

Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып, өртейтін.

Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.

Бардан — пейіл,
Жақсыдан — мейір.

Біреудің өзі жақсы,
Біреудің көзі жақсы,
Біреудің сөзі жақсы.

Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың.

Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық.

Жаңбырсыз жер — жетім,
Жақсысыз ел — жетім.

Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.

Қас жақсының белгісі —
Топтан торай шалдырмас,
Жолдасын жауға алдырмас.



Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек