Мақал-мәтелдер: Ұшқан құс, жүгірген аң


Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Тау мен тастысел бұзар,
Адам затты сөз бұзар.

Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін.

Ақпанда күн —
Ат адым ұзарады.

Тышқан көп жылы —
Тоқшылық,
Қоян көп жылы —
Жоқшылық.

Ай бетіндеде дақ бар.

Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жанбасқа келсе,
Жаз шықпаған несі бар?!

Құс патшасы — бүркіт,
Аң патшасы — арыстан.

Түске дейін мүйіз,
Түстен кейін киіз.

Көліне қарай — қазы,
Қысына қарай — жазы.

Арқар —
Құлжасымен,
Өзен —
Жылғасымен.

Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.

Жеті қарақшыны таныған адам,
Жетіқараңғы түнде адаспайды.

Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.

Қарға қарғаның көзін шоқымас.

Сәуірдегі жауын —
Сауып тұрған сауын.

Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар.

Сәуір болмай, тәуір болмас,
Ит балалап сауын болмас.

Қараша-қауыс,
Кәрі құртаңды тауыс.

Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.

Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ.

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

Атамекен туған жер
Кір-қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.

Екі тұйғын жабылса қаздың соры.

Атқанның құсын
Жатқан байланар.

Балық жаны суда.

Аң таппаған,
Атынан көреді,
Ата алмаған
Мылтығынан көреді.

Ажалды киік адырға қашады.

Бөлтірікті қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды.

Қоян көлеңкесінен қорқады.

Қағынан жеріген құлан
Қаңғырып жүріп шөлден өлер.

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан түңіл.

Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің.

Борсық ұрған сайын семіреді.

Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.

Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.

Қасқыр жүйрік — жылыс жоқ.
Түлкі жүйрік — дыбыс жоқ,
Қоян жүйрік — тыныс жоқ.

Сақ қарға сағағынан ілінер.

Түлкі жатарында
Жер таңдамайды...

Жар құласа жайын өледі.

Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.

Сұмырай келсе су құрыр.

Құстың алғанынан,
Салғаны қызық.

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.

Арыстанның ойнынан
Түлкінің мойны үзіледі.

Құзғын ас таңдамайды.

Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды.

Алса — құсым,
Алмаса — желпуішім.

Балықшы суда жүрсе де
Сусап жүреді.



Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек