Мақал-мәтелдер: Әзіл-қалжың
Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
Тентекке тіл жаңғырады.
Ойнаған бота от басар.
Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар.
Тентек - жұртқа тентек, өзіңе мақұл.
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.
Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.
Елде бір тентек жүрмей ме.
Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.
Тентектің есі-дерті - бұзу,
Текенің есі-дерті - сүзу.
Текенің есі-дерті - сүзу.
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Екі тентек елге сыймас.
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмай.
Мың теңге беріп қойдыра алмай.
Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.
Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.
Мысыққа ойын керек,
Тышқанға өлім керек.
Тышқанға өлім керек.
Жасыңда қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.
Өскенде мылжың боларсың.
Ойыннан от шығар.