Мақал-мәтелдер: Төрт түлік (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)


Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Мал – баланың шашуы.

«Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты.

Семіздікті қой ғана көтереді.

Бір биеден ала да, құла да туады.

Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен.

Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.

Байтал шауып бәйге алмас.

Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.

Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.

Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше.

Арық атқа қамшы ауыр.

Адам жылқы мінезді.

Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.

Ат сүрінбей жер танымас.

Ат тұяғын тай басар.

Мал – адамның бауыр еті.

Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп.

Алып анадан туады, тұлпар биеден туады

Ат – ердің қанаты.
Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар

Жылқының сүті – шекер, еті бал.

Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

Жылқы – малдың патшасы.

Жаман атқа жал бітсе, жаныңа торсық байлатпас.

Тай тулап үйірінен кетпес.

Жылқы құлыңнан көбейер, ақша тиыннан көбейер

Тай мінген балаға жарасар.

Тұлпар болар құлын мүшесінен белгілі.

Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады.

Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.

Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.

Жүйрік атқа мінген құдайын ұмытар.

Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.

Байтал мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар,
Қыпша белді жігіттер топты бастар.

Түйе - шудасын,
Жылқы - жалын,
Сиыр – мүйізін төсейді.

Қонақ қойдан жуас...

Арық малды асырасаң, аузы-мұрның май болар,
Жаман адамды асырасаң, аузы-мұрның қан болар.

Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Шіренген жігіттің үйін көр.

Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қой еті – қоян еті.

Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.

Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.



Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек