Мақал-мәтелдер: Қорқақтық, жасқаншақтық
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.
Жау жоқта жарақ коп,
Жау келгенде таяқ та табылмас.
Жау келгенде таяқ та табылмас.
У ішкен бір өледі,
Ант ішкен мың өледі.
Ант ішкен мың өледі.
Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа.
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Қашқан жауға қатын да ер.
Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі.
Ез мың рет өледі.
Қоян көлеңкесінен қорқады.
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.
Шегірткеден қорыққан егін екпес.
Ешкі қырыққан сайын бір өледі.
Сойылды соға білмеген, езіне тигізеді.
Сасқан үйрек артымен сүңгір.
Өлі бөріні ит аттамас.
Үргедек бұрын өледі.