Мақал-мәтелдер: Ақыл-ой, ғылым-білім


Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

Білім – арзан, білу - қымбат.

Оқу – білім азығы,
Білім – өмір шырағы.

Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Алтын алма, білім ал.

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Кітап – алтын қазына.

Өмір – үлкен мектеп.

Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

Тура тілді тия алмадым,
Туғаныма сия алмадым.

Білгеніңді сөйлеме,
Не сөйлегеніңді біл.

"Кіш" деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр.

Тәттіден де тәтті тіл,
Ащыдан да ащы тіл.

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.

Ақыл — дос, ашу — дұшпан.

Дана,
Дананы да туған ана.

Кең ойлаған,
Кем ойламас.

Ғылым — теңіз, білім — қайық.

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.

Ой ойласаң, кең ойла,
Алды, артын тең ойла.

Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.

Ақымақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Саудыраған сөз бітер.

Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу.

Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.

Ағайынға менменсу —
Ағат емей немене!?
Ақылдылар айтқан сөз —
Сағат емей немене?!

Алыстағыны — ақыл болжар,
Жақындағыны — пақыр болжар.

Алтын алма, ақыл ал.

Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.

Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды.

Ашу — шабыстырады,
Ақыл — табыстырады.

Шам жарығы түбіне түспейді.

Әдемілік —ақылдынысынды қылады,
Ақылсызды жынды қылады.

Ақылды адам ашықса,
Ақылымен тоғаяр.
Ақылсыз адам ашықса,
Аз ақылы жоғалар.

Ақылды ойланғанша,
Ақымақ суға кетеді.

Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.

Ақыл — ауыздан,
Мерей — көзден.

Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.

Ақылдасқан азбас,
Жақындасқан тозбас.

Ақылды кісі — азбайды,
Асыл бұйым тозбайды.

Есті кісі елінен кетпес,
Есті егінші жерінен кетпес.

Ақылды адам,
Ақымақтан дабірдеңе үйренеді.

Ақылды — ойлап, түйгенін айтады,
Ақылсыз — шала-пұла білгенін айтады.

Ақылдыға — жан қымбат,
Ақылсызға — мал қымбат.

Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.

Ашу — садақ,
Ақыл — таяқ.

Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.



Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек