Мақал-мәтелдер: Денсаулық – зор байлық


Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

Денсаулық — зор байлық.

Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.

Ауру — астан,
Дау —қарындастан.

Аурудың алдын ал.

Ауруын жасырған өледі.

Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тазалық. — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

Қыры кеткен,
Қырқында таз болады.

Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.

Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар,
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.

Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.

Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.

Керең — адамның аузына қарар,
Соқыр — кісінің дауысын бағар.

Тыймаған ауызда пәле бар.

Туа мүкіс жазылмас.

Тұмау аяғы— құрт,
Тұман аяғы— жұт.

Аш кісі— ұрысқақ,
Ауру кісі — тырысқақ.

Басы ауырып,
Балтыры сыздамағанның
Тәңіріменен ісі жоқ.

Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.

Басы аманның — малы түгел.

Демі бардың — емі бар.

Жұғын бар жерде шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.

Арық семіреді,
Ауру жазылады.

Сынықтан өзгенің бәрі жұғады.

Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.

Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.

Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

Аяншақ көзге шөп түскіш.

Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.

Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...

Жасырғанның жарасы асқынады.

Өлгенге өкпе жүрмейді.

Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.

Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.

Тіс бүлінді дегенше
Іш бүлінді десеңші,
Іш бүлінді дегенше,
Іс бүлінді десеңші.

Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт.

Өлген — моладан қорықпайды.

Қайгы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады.

Ұшқын — өртке сеп,
Достыіқ — дертке сеп.

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Ұйқыарыстанды да жығады.

Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.

Арақпен достастым дегенше,
Адамгершілікпен қоштастым де.

Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар.

Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.



Көмек
Арайлым

Біз міндетті түрде жауап береміз!

Жіберу

Рахмет!
Хабарлама жіберілді.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Email:

Phone: 777 614 50 20
Жабу
Көмек